Өзінің құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғаның құқығы


Заң факультеті
СӨЖ
Пән: Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы
Тақырыбы: «Азаматық іс жүргізу ғылымының пәні, жүйесі, қағидалары»
Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлім
- Азаматық іс жүргізу ғылымының пәні, әдісі, жүйесі.
- Азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы қағидалары.
- Қазақстан республикасының азаматтық сот жүйесі: ұғымы мен қазіргі кездегі ерекшеліктері.
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Іс жүргізу құқығының өзі- бұл азаматтық істер мен дауларды қарау, қылмыстарды тергеу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық істерін қарау кезінде пайда болатын қатынастарды реттейтін құқық жүйесіндегі нормалардың бір бөлігі. Іс жүргізу құқығы материалдық құқықпен тығыз байланысты, өйткені оны жүзеге асыру мен қорғау қажетті іс жүргізу нысандарын бекітеді. Іс жүргізу құқығы екі түрлі болады - азаматтық іс жургізу құқығы және қылмыстық іс жүргізу құқығы. Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекшеліктерін қарастырайык.
Азаматтық іс жүргізу құқығы - азаматтық істерді сотта қараудың және шешудің тәртібін, сондай-ақ соттардың және басқа да кейбір органдардың қаулыларын орындау тәртібін реттейтін құқық саласы. Оның нормалары соттың және процестің барлық қатысушысының қызметін реттейді; сондай-ақ, олардың құқықтары мен міндеттерін анықтай отырып, сот мәжілісін жүргізудің тәртібін белгілейді. Азаматтық іс жүргізу заңдарымен бірге, бұл ұғым өзімен аттас ғылымды, әрі оқу пәнін де қамтиды. Материалдық құқық - құқықтық нормаларды белгілейтін заңды түсінік, соның көмегімен мемлекет қоғамдық қатынастарға тікелей, тура құқықтық реттеумен ықпал етуді жүзеге асырады.
Іс жүргізудің басты мақсаты - бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу (процесс) соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т. б. ) процессуалдың әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа, басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан (еңбектік және т. б. ) туып отыратын даулар қаральш, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жанжақты қорғауға мүмкіндік береді.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І. Азаматық іс жүргізу ғылымының пәні, әдісі, жүйесі. Азаматтық іс - азаматтық іс іс жүргізу заңдарында көзделген тәртіппен азаматтық сотта қаралатын іс. Азаматтық іске: жеке адамдар мен заңды тұлғалардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғайтын азаматтық құқық бойынша дау - дамайлар жөніндегі іс басқару органдарының немесе лауазымды басшылардың өз уәкілеттерін бұза отырып, азаматтардың құқыларына нұқсан келтірген іс - әрекеттеріне шағым бойынша заңды мәні бар деректерді айқындау жөніндегі іс; азаматтық құқық субъектілерінің мүліктік емес жеке құқыларын (яғни ар - намысын, абыройы мен іскерлік беделін, т. б. қорғауға байланысты іс жатады. Азаматтық іс арнаулы заңдарда көзделген қағидаларға сай жүргізіледі. Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілер: а) сот істерін қарау және шешу тәртібі алдын ала азаматтық іс жүргізу құқықтың нормаларымен белгіленген; б) істің аяқталуына мүдделі тұлғалар сот мәжілісіне іс қарауына қатысу құқығы бар және өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға; в) сот шешімі іс бойынша сот отырысында дәлелдемелер арқылы анықталған деректерге сүйенуі қажет және заңға сәйкес болу керек. ҚР АІЖК-сі соттың қарауына жататын барлық азаматтық істерді төрт түрге бөледі: бұйрық бойынша іс жүргізу істері; талап қоюмен іс жүргізу істері; ерекше талап қоюмен іс жүргізу істері; ерекше іс жүргізу істері. Азаматтық процестің сатылары бұл келесі мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттер жиынтығы: талап арызды (арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т. б.
Азаматтық іс жүргізу құқығының пәні азаматтық іс жүргізу болып табылады. Азаматтық іс жүргізу құқығы мен азаматтық іс жүргізудің пәндерін бір-бірінен ажырата білу керек. Олардың ұғымдарын айта кету керек. Азаматтық іс жүргізу құқық жүйесі екі (Жалпы және Ерекше) бөлімнен тұратынын ескерген жөн. Жалпы бөліміне: жалпы ережелер, азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері мен принциптерін, ведомстволық бағыныстылық және соттылық туралы жалпы ережелерді, іске қатысушы тұлғалар туралы жалпы ережелерді, сот хабарлаулары мен шақырулары туралы жалпы ережелерді, іс жүргізу мерзімдерінің жалпы ережелерін және т. б. жатқызуға болады. Ерекше бөліміне: бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді, бұйрық арқылы іс жүргізуді, талап қою бойынша іс жүргізуді, ерекше талап қоюмен іс жүргізуді, ерекше іс жүргізуді, сот қаулыларын қайта қарау бойынша іс жүргізуді, жойылған сот ісін немесе атқару ісін жүргізуді қалпына келтіруді, халықаралық процесс және т. б. жатқызуға болады. Процессуалдық құқықтық кепілдіктер. Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымы азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқық ғылымының пәні:
- тәжірибеде оның қолданылуымен тығыз байланыстағы азаматтық іс жүргізу құқығының өзі;
- азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары;
- азаматтық іс жүргізу құқығының тарихы;
шетел мемлекетіндегі азаматтық іс жүргізу құқығы.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық ғылыми теориялық және тәжірибелік мәні бар бірқатар жалпы мәселелерді қарастырады: құқық пәні, принциптерді (қағидаларды) оқыту туралы, іс жүргізу құқықтық қатынастары мен оның субъектілерін, талап теориясы туралы, дәлелдеу туралы және т. б. жалпы бөлімі. Азаматтық іс жүргізудің әр сатысына байланысты маңызды проблемаларды зерттеу, олардың ерекшеліктерін, мәнін қарастыру ерекше бөлім. Ғылым азаматтық іс жүргізу құқығының біртұтас және оның жеке институттарының тарихи дамуын зерттейді.
Азаматтық іс жүргізу құқығын реттеу әдісі императивтік-диспозитивтік сипатта болады. Соттың іс жүргізу әрекеттері билік сипатында жасалады, олар өздері арнап шығарылған тұлғалар үшін міндетті, өйткені оларды мемлекеттік билік органы шығарады және мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген. Іске қатысушы тұлғалар жасайтын іс жүргізу әрекеттері диспозитивтік сипатта болады. Азаматтық іс талап қоюшының талап-арыздан бас тарту туралы арызы бойынша немесе тараптардың бітісу келісімін жасауы себепті қысқартылуы мүмкін. Азаматтық істің өзіндік ерекшелігі осында.
Азаматтық іс жүргізу құқығы жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады. Жалпы бөлімге сот әділдігі принциптерін, азаматтық істердің сотқа қарастылығы, сот құрамын, қарсылық білдіруді, іске қатысушы тұлғалардың құрамын, олардың іс жүргізу құқығы мен міндеттерін дәлелдеу, талап қою және басқаларын баянды ететін нормалар енеді.
Азаматтық іс жүргізу құқығының ерекше бөлігі-құқықтың осы саласының жекелеген институттарын, сатыларын реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
Азаматтық іс жүргізу соттың, іске қатысушы тұлғалардың және процеске басқа да қатысушылардың, сондай-ақ сот қаулыларын орындайтын органдардың азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген қызметі. Азаматтық іс жүргізу дегеніміз, іс жүргізу құқық қатынастары пайда болуының, дамуының және тоқтатылуының жүйелі тәртібі болып табылады, өйткені бұл қатынастар іске мүдделі барлық тұлғалардың белсене қатысуымен азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзеге асыру жөніндегі сот қызметі процесінде пайда болады, дамиды және тоқтатылады не олар соттың істің шын мән-жайын анықтауына жәрдемдеседі.
Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексінің 5 бабында белгіленген. Сот азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында азаматтық істерді дұрыс және мерзімінде шешуі тиіс. Осы негізгі міндетті орындау арқылы азаматтық сот ісін жүргізу құқықтық мемлекетті, заңдылық пен құқық тәртібін нығайтуға, әлеуметтік әділеттілікті орнықтыруға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтарды заңдарды дәл және мүлтіксіз орындау, азаматтардың құқығы, ар-ожданы мен қадір-қасиетін, ортақ тұрмыс ережелерін құрметтеу рухында тәрбиелеуге жәрдемдесуге тиіс. Кепілдік берілген конституциялық құқықтар мен бостандықтарды пәрменді түрде қорғау соттардан сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде қолданылуға тиісті құқық нормаларының бәрін аса қатаң сақтауды талап етеді.
II. Азаматтық іс жүргізу құқығының жалпы қағидалары. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін әртүрлі үш негіздер бойынша жіктеуге болады. Құқық ғылымында мұндай жіктеудің бірқатар жеке белгілері аталған. Біріншіден, нақты принцип бекітілген нормативтік қайнар көзіне қатысты жіктеледі. Тиісінше Қазақстан Республикасының Конституциясымен немесе ҚР АІЖК-мен бекітілген азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін белгілеуге болады. Бірақ, Конституцияда бекітілмеген (конституциялық емес) принциптер өзге де принциптерден басымды болмайды, себебі оларда құқыққабылдау (заң шығару) және құқық қолдану (соттың тәжірибелік қызмет) саласында қажетті және міндетті деп танылған. Сонымен бірге, принциптерді бұлай жіктеу өзінің негізсіздігін білдіреді, яғни Конституцияның тиісті нормаларымен бекітілген (конституциялық деген) принциптер көрінісін Конституция негізінде қабылданған басқа заң нормаларында көзделген. Бұл заң нормаларында бекітілген принциптерді конституциялық емес деп атауы дұрыс емес, себебі олар Конституцияға сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер. Екіншіден, нақты принциптер бір немесе одан да көп құқық салаларында қолдануына байланысты заңтануда:
1) жалпы құқықтық,
2) салааралық,
3) салалық,
4) құқықтық институттар принциптеріне бөлінеді. Басқа ғалымдар институтаралық және салаға тәуелді принциптерді белгілейді. Принциптерді осылайша жіктеу негіздері дауласуға жатпайды және оларды орынды деуге болады. Бірақтан, жалпы құқық теориясы бойынша принциптерді жіктеу негіздерін қолданғанмен азаматтық сот ісін жүргізудің принциптер сипаты бойынша осылай жіктеу оның барлық мәнін ашпайды. Ескергеніміз жөн, «іс жүргізу құқығының принциптерін жіктеудің әрбірі шарты, себебі барлық принциптер болуында және қолдануында бір-бірімен байланысты және бір-бірін толықтыруда». Үшіншіден, көптеген ғалым-процессуалистер пікірінше іс жүргізу принциптері реттеу объектісі бойынша екі топқа бөлініп жіктеледі: ұйымдастырушылық және функционалдық. Теория бойынша барлық азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін құқықтық реттелуге жататын объектісі бойынша екі топқа бөліп қарастыруға болады: соттың және іс жүргізуге қатысушылардың іс жүргізу әрекеттерін анықтайтын (функционалдық) және сот төрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері (ұйымдастырушылық) . Осы негіздер бойынша ҚР АІЖК-нің нормаларымен белгіленген сот ісін жүргізудің принциптерін жіктеуге болады. Жоғарыда көрсетілген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін жіктеу, өзге де белгілермен жіктеулер сияқты, шартты. Ғылымда басқа да белгілер бойынша азаматтық сот ісін жүргізу принциптері жіктеледі. Азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерінің жүйесі іс жүргізу құрылымын, іс жүргізу әрекеттердің механизмін, оның мазмұнын, іс жүргізу әрекеттердің нысанын, істер бойынша қабылданатын шешімдердің заңдылығы мен әділеттігіне кепілдік етеді. Қазіргі кезеңде азаматтық сот ісін жүргізудің принциптері жүйе құрып, жетілдіру жолында екенін атау қажет. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері Азаматтық істер бойынша сот төрелегін жүзеге асыруды ұйымдастыру принциптері қатарына мыналарды жатқызуға болады: сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы (ҚР Конституциясының 75-бабы, ҚР АІЖК 7-бабы) ; адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау (ҚР Конституциясының 13-бабының 2-бөлігі, ҚР АІЖК 8-бабы) ; жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу (ҚР Конституциясының 17-бабы, ҚР АІЖК 9-бабы) ; жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысудың, телефон арқылы сөйлесудің, почта, телеграф және өзге де хабарлардың құпиясы (ҚР Конституциясының 18-бабы, ҚР АІЖК 10-бабы) ; меншікке қол сұғылмаушылық (ҚР Конституциясының 25-бабының 1-бөлігі және 26-бап, ҚР АІЖК 11-бабы) ; судъялардың тәуелсіздігі (ҚР Конституциясының 77-бабының 1-2 бөліктері және 79-бап, ҚР АІЖК 12-бабы) ; барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі (ҚР Конституциясының 14-бабы, ҚР АІЖК 13-бабы) ; азаматтық істерді сотта жеке-дара және алқа сот құрамымен қарау (ҚР АІЖК 37-бабы) ; сот ісін жүргізу тілі (ҚР Конституциясының 7-бабы, ҚР АІЖК 14-бабы) ; дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау (ҚР АІЖК 16-бабы) ; куәлік жауап беру міндетінен босату (ҚР АІЖК 17-бабы) ; білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз ету (ҚР АІЖК 18-бабы) ; сотта істі қараудың жариялылығы (ҚР АІЖК 19-бабы) ; сотта істі қарау барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету (ҚР АІЖК 20-бабы) ; сот актілерінің міндеттілігі (ҚР Конституциясының 76-бабының 3-бөлігі, ҚР АІЖК 21-бабы) ; іс жүргізу әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы (ҚР АІЖК 22-бабы) .
Міне осы жоғарыда аталған принциптерді жеке қарап, азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыруда қолдануларын көрсетейік. Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы (ҚР Конституциясының 75-бабының 1-бөлігі, ҚР сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы конституциялық заңының 1-бабының екінші бөлігінің 1) тармақшасы, ҚР АІЖК 7-бабы) . ҚР Конституциясы мен ҚР сот жүйесі мен судъялар мәртебесі туралы конституциялық заңы республикамыздың бүкіл аумағында сот билігін іске асырудың негізгі және маңызды нысаны сот төрелігін жүзеге асыру болып табылатынын бекітеді. Сот төрелігі туралы ұғымның көптеген анықтамаларын заң әдебиеттерінде оқып танысуға болады. Бірқатар авторлардың пікірінше сот төрелігі сот отырыстарында іс жүргізу тәртібімен жасалатын арнайы мемлекеттік органдардың материалдық нормаларын қолдана отырып, азаматтық, қылмыстық және өзге істерді қарау және шешу бойынша қызметі болып табылады. Сот төрелігі сот билігін жүзеге асырудың негізгі нысаны бола отырып, сот отырыстарында судьямен (сотпен) азаматтық іс жүргізу, әкімшілік іс жүргізу және қылмыстық іс жүргізу заңнамасы белгілеген тәртіппен азаматтық, әкімшілік және қылмыстық істерді сот ісін жүргізу нысанында қарауды және шешуді түсіндіреді. Солай, мұндай соттың биліктік өкілеттілігін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеліп соғады (ҚР АІЖК-нің 7-бабының 1-бөлігі) . Сәйкесінше заңнамада қандай да бір атаулармен арнайы және төтенше соттар құруға жол берілмейтіндігі көрсетілген, сондай-ақ мұндай соттар шешімінің заң күші болмайтыны және орындалуға тиісті еместігі көзделген. Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе азаматтық іс жүргізу кодексінде көзделген азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін өзгеше түрде елеулі бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуы тиіс (ҚР АІЖК-тің 7-бабының 3-бөлігі және 23-бабы) .
Азаматтық істер бойынша сот төрелігін атқару қорытындысы бойынша қабылданатын, заң әдебиеттерінде сот төрелігі актілері деп аталатын сот шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары және бұйрықтары заңнамаға сәйкес ерекше сипатта болады. Олардың барлығы - жалпыға міндетті. Азаматтық істер бойынша қабылданған және заңды күшіне енген сот актілері барлық мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, кәсіпорындар мен мекемелер, лауазымды адамдар мен азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының барлық аумағында орындауға жататынын білдіреді. Сот актілерін орындамаған немесе орындалуына кедергі жасаған кінәлі тұлға заңды жауаптылыққа тартылады. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі, мемлекеттік қызметтің бір түрі ретінде, ҚР АІЖК-мен егжей-тегжейлі регламенттелетін қатаң рәсімделуді сақтау арқылы жүзеге асырылады. Тек сот отырысында ғана сот жеке не заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, мемлекеттің, қоғамның мүддесін қорғау үшін талап бойынша шешім (қаулы, ұйғарым) қабылдауға құқылы.
Бірінші сатыдағы сотпен қабылданған шешімді апелляциялық не қадағалау тәртіптерімен жоғары тұрған сот алқасы қайта қарап оның күшін жоя алады. Республикамызда мамандырылған ауданаралық экономикалық және әкімшілік соттардың құрылғандығы белгілі. Келесі кезекте алқалы соттар құру мәселелесі тұр. Соттарда бүгінгі заман талабына сай «мамандану» процесі жүріп жатыр. Осының бәрі, түйіндегенде, сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын жоғарлатуға бағытталған шаралар екенінің белгісі. Жоғарғы соттың судьялары да бұл бағытта үлкен қызмет етіп жатқанын айтуға болады, яғни сот тәжірибесі бойынша жалпы отырыстарда қаралып, баспасөзде жарияланатын нормативтік қаулылар қабылдануы. Адамның құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау принципі ҚР Конституциясының 13-бабының 2-бөлігінде «Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар», - деп көзделіп, азаматтық сот ісін жүргізуде қолдануына маңызды екенін түсіндіреді. Өзінің құқығы мен бостандығын қорғау үшін сотқа жүгіну әрбір тұлғаның құқығы. Адамның және азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау сот билігінің өкілеттігін жүзеге асырудың басты бағыты болып табылады. Сотқа арыз (талап арыз, шағым) беріліп және оны сот қабылдаған кезде ғана сотқа жүгіну құқығы жүзеге асырылады. Әрбір азамат, заңды тұлға және мемлекеттік органдар бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін АІЖК-мен белгіленген тәртіпте сотқа арызбен (талап арызбен, шағыммен) жүгіне алады.
ІІI. Қазақстан республикасының азаматтық сот жүйесі: ұғымы мен қазіргі кездегі ерекшеліктері. Құқықтық демократиялық қоғамда барлық даулы мәселелер сот арқылы шешімін табатыны белгілі. Осыған орай, азаматтардың құқығын қорғауда сот төрелігінің атқарар міндеті мен оған жүктелер жауапкершілігі күн санап өсіп келетінін айта кету керек.
Жыл өткен сайын сот қарайтын істер қатары көбейіп, судьяларға жүктелер міндет ауырлап келе жатқанын статистикалық деректерге көз жүгіртсек анық байқаймыз. Қаралатын істер саны және судьяға жүктелер жауапкершілік те барған сайын ауырлап баратынын айта кету жөн. Осыған байланысты, судьяның қателесуге қақысы жоқ деген түсінік берік орнығып келеді. Осының барлығы судьялардың жұмысының қаншалықты ауыр екенін және жауапкершіліктің үлкендігін анық байқатады.
Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялаған күннен бастап жүзеге асырыла бастаған саяси, әлеуметтік және құқықтық өзгерістер ұлттық құқықтық жүйенің, соның ішінде сот жүйесі мен сот ісін жүргізудің қалыптасуына жол ашты. Сол уақыттан бастап сот саласында мемлекеттік биліктің өз алдына дербес бір тармағы ретінде - сот жүйесі қалыптасты.
Құқықтық мемлекеттің бірден-бір белгісі бұл - заңның үстемдік етуі. Соған орай Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтқан болатын. Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары - «100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды.
2015 жылдың 31 қазанында Елбасы Парламентпен қабылданған Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексінің жобасына қол қойған болатын. Заң 2016 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енді.
Жаңа азаматтық іс жүргізу кодексі азаматтардың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын сотпен тиімді қорғауды қамтамасыз ету үшін азаматтық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру мақсатында қабылданған. Жаңа кодекс азаматтық процестің тым қағазбастылығын алып тастауға, сотқа жүгінген тұлғалар үшін, сонымен бірге аталған заң аясында сот әділдігін жүзеге асыруды қамтамасыз ететін соттар үшін де қолдану қолайлылығына бағытталған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz