Сабақты ұйымдастыру үдерісі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ТЕОРИЯЛАР МЕН
МӘСЕЛЕЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1.1 Сабақ
ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Сабақты ұйымдастырудың
әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 6
1.3 Қазіргі сабақты ұйымдастырудың
ережесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
ІІ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ
ТӘЖІРИБЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16
2.1 Кәсіптік білім беру жүйесіндегі сабақты ұйымдастыру тәжірибесі ... ... .
16
2.2 Қазіргі кездегі сабаққа қойылатын талаптарды жүзеге асыру тәжірибесі.18
2.3 Болашақ педагог ретінде студенттің қазіргі сабақты ұйымдастыру
дайындығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 29
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. 34
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
КІРІСПЕ
Сабақ — бір пәнді оқытуға арналған оқу сағаты; мектептегі оқу жұмысын
ұйымдастырудың негізгі түрі.
Сабақ арнаулы бөлмелерде, оқу кабинеттері мен зертханаларда, оқу
шеберханалары мен мектептің оқу тәжірибе үлескілерінде өтеді. Тұрақты
оқушылар құрамы, кесімді уақыт көлемі (45 мин) және оқу кестесі бойынша
жүреді. Оқыту әдістері, ұжымдық және жеке-дара жұмыстар сабақтың негізгі
белгілері болып табылады.
Сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым
негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс
жүзінде қолдана білуге дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті
қасиеттер қалыптастыру.
Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай сабақ мынандай түрлерге бөлінеді:
оқу жылы басындағы кіріспе сабақтар; бағдарламаның күрделі тақырыптарын
оқып-үйренудегі кіріспе сабақтар; аралас сабақтар; жаңа білімді меңгеру
сабақтары; білімді іс жүзінде қолдану сабақтары; қайталау-қорытындылау
сабақтары; есепке алу-тексеру сабақтары; оқу жылын аяқтайтын қорытынды
сабақтар.
Өзектілігі. Қазіргі кезде мектеп тәжірибесінде сабақтың қалыптасқан
дәстүрлі түрлерінен басқа, дәстурсіз түрлері де пайда болуда. Ол, әрине
қоғамның жаңару, жетілдіру жағдайыңда білім беру саласын реформалаумен
тығыз байланыста іске асуда. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың мұндай дәстүрсіз
түрлері көбінесе оның жеке әдістеріне негізделіп құрылуда. Ондағы мақсат -
әрбір сабақтың оқу-тәрбиелік мүмкіндіктерінің мол екенін көрсете отыра, оны
жаңа сапалық сатыға көтеру. Олардың қаарына лекция, конференция,
пікірталас, панорама, компьютерлік сабақтарын жатқызуға болады.
Бірақ, жоғарыда аталған сабақтың дәстүрлі емес түрлері — оның жана немесе
жеке түрлеріне жатпайды. Себебі, ондай сабақтардың дидактикалық құрылымы
анықталмаған, ешбір дидактикалық қағидаларға негізделмеген.
Сабақта қолданатын дәстүрлі емес жеке тәсіл-амалдарға жататын
(конкурс, сайыс, көкпар, жарыс, бәйге, аукцион, ойын, экспедиция) -
сабақтың элементтері деп қарау керек.
Қазіргі кезде халыққа білім және тәрбие беру жүйесін қайта құру
жағдайында мектеп директорларының кәсіби құзіретті ролі кенет өзгере
бастады. Осыған орай, жұмыста ғылыми игеру оқу – тәрбие процесінің даму
жолдарын алдын – ала болжай білу, мұғалімдердің шығармашылық еңбегін ұжымда
ұйымдастыру мектеп басшыларына зор талаптар қояды. Оларды жүзеге асыру үшін
мектеп басшылары педагогикалық шеберлікті игереді, өз өнегесіне, іс –
тәжірибесіне үйретеді. Олар мұғалімдер мен оқушфлар ұжымдарының даму
жолдарын зерттейді, талдайды, бағалап, қорытынды жасайды. Осы тұрғыдан
әрбір мектеп басшысы өз іс – әрекетін мақсатқа сәйкес, шығармашылық бағытта
ұйымдастыруы қажет.
Дәстүрлі емес сабақ түрлерін жаңа сабақ ретінде ұсынып жүрген авторлар
сабақты оқу жұмысын ұйымдастырудың басқа формаларымен (экскурсия,
конференция, семинар, консультация т.б.) шатастырады. Бұлар оқу жүмысын
ұйымдастырудың қосымша формаларына жатады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазіргі сабақты ұйымдастырудың тәжірибесін
талдау.
Курстық жұмыстың міндеті:
• Сабақтарға қойылатын талаптарды айқындау;
• Қазіргі сабақты ұйымдастыру жолдарын табу.
Объектісі. Сабақты ұйымдастыру үдерісі;
Пәні. Сабақты ұйымдастырудың түрлі формаларын пайдалану нәтижесін
анықтау.
Проблемасы.
1.проблемалық жағдайда ұйымдастыру проблеманы айқындау, ынта туғызу
2.проблеманы шешу қиындықтарынан хабардар болу жеке проблемаларды
айыра білу, шешу жолдында талдау.
3.жеке проблемаларды ұжымдық, топты түрлендіру және жеке дара шешу,
нәтижелерін тексеру қатесін түзету.
Курстық жұмыстың әдістері.
- сабақты зерделеу;
- сабақты бақылау;
- сабақты талдау, салыстыру;
- сабақты ұйымдастыру тәжірибесін зерделеу және қорытындылау;
- педагогикалық эксперимент.
І. САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА ҚАТЫСТЫ ТЕОРИЯЛАР МЕН МӘСЕЛЕЛЕР
1.1 Сабақ ұғымы

белгілері болып табылады. Сабақтың негізгі міндеті
— мұғалімнің басшылығымен оқушыларға ғылым негіздерінен берілетін
мағлұматтарды саналы түрде игерту, алған білімді іс жүзінде қолдана білуге
дағдыландыру, іскерлікке үйрету, адамға қажетті қасиеттер қалыптастыру.

Ашық сабақ - басқа мұғалімдер мен шақырылған адамдар қатысатын сабақ.
Ашық сабақты оқу тәрбие жұмысының неғұрлым тиімді амалдарын көрсету және
тарату мақсатымен, әдістемеде қиын және жеткіліксіз өңделген оқу
бағдарламасының тақырыбы бойынша білікті мұғалімдер өткізеді.
Қорытынды сабақ - өткен тақырып немесе оқу пәнінің тарауы бойынша
алған білімдерін жүйелеу және бекіту мақсатымен жүргізілетін сабақ. Мұндай
сабақ, әсіресе, қорытынды қайталау кезеңінде қажет, сонымен
қатар емтиханға дайындау кезінде қажет. Қорытынды сабақтың келесі құрылысы
бар: мұғалімнің сабақтың тақырыбы мен мақсаттары туралы қысқаша кіріспе
сөзі, өткен материалды қайталау, мұғалімнің қорытындысы. сабақта қойылатын
сұрақтарды алдын ала хабарлау керек. Қорытынды сабақ, ең бастысы, әңгімелеу
түрінде өткізіледі.
Сабақтың жабдықталуы - оқу құралдарының, дидактикалық материалдардың,
аппаратураның, реактивтің және б. сабақтың тақырыбына үйлесетін және
көрсетуге қажетті немесе оқушылардың өздік жұмыстарына іріктелуі және дайын
күйге келтірілуі.
Қорыта келгенде, Сабақ – логикалық аяқталған, толық, шектеулі
бағандармен негізделіп қамтылған оқу - тәрбие үрдісі. Оның құрамында
күрделі тығыз байланыста оқу процесінің негізгі элементтері қамтылған:
мақсат, міндет, мазмұны, әдісі, тәсілі, түрі, оқушы мен оқу арасындағы іс -
әрекеттің байланысы.
Сабақ өз алдына мұғалімнің шеберлігінің айқын көрінісі болғанымен, бір
жағынан оқытудың психолого – педагогикалық заңдылықтарына, екінші жағынан
білім беру стандартының қоятын талаптарына негізделген.
1.2 Сабақты ұйымдастырудың әдістемесі
Еліміздің білім беру саласындағы түбірлі өзгерістер мектеп
мұғалімдерінің, жалпы оқытушы қауымның шығармашылықпен жұмыс істеуіне үлкен
жол ашуда. Шығармашылық еңбектің басты нышаны – сабақты типтеріне қарай
түрлендіріп өткізу. Мектепте оқытылатын барлық пәндер бойынша ұсынатын
сабақ типтері жөнінде төмендегідей мәліметтер барын алға тартамыз:
1.Оқушылардың жаңа білімді игеру сабақтары;
2.Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру және жетілдіру сабақтары;
3.Қайталау, бекіту, яғни білімді, іскерлікті және дағдыны кешенді
қолдану сабақтары;
4.Білімді, іскерлікті және дағдыны бақылау-тексеру сабақтары;
5.Аралас сабақтар – мұнда бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі
[1;288].
Енді сабақ типін әдебиет пәніне лайықтап, өзімізше жүйелеп көрелік:
1. Жаңа білім беру сабақтары;
2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары;
3. Қайталау сабақтары;
4. Білімді тексеру сабақтары;
5. Аралас сабақтар.
Осы сабақ типтері бойынша жоғарыда аталған сабақ түрлерін ажырататын
болсақ, төмендегідей мағлұмат аламыз:
1. Жаңа білім беру сабақтары(дәріс сабағы, (қос)үштік сабағы);
2. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру сабақтары(практикалық сабақ,
семинар сабақ);
3. Қайталау сабақтары(конференция, сот сабағы, концерт, әдеби монтаж
және композициялық сабақтар, дебат сабағы т.б.);
4. Білімді тексеру сабақтары(емтихан, есеп-сынақ сабақтары);
5. Аралас сабақтар.
Аталған сабақ типтерінің ішінде аралас сабақ жөнінде қандай түсінігіміз
бар? Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық
іс-әрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады[2;290]. Аралас сабақ – жиі
қолданылатын сабақ түрі. Оның құрылымы алты элементтен тұрады: ұйымдастыру
кезеңі; үй тапсырмасын сұрау; жаңа сабақ материалын түсіндіру; жаңа
материалды бекіту; үйге тапсырма беру.
Сабақ құрылымының бірінші кезеңінде оқушылар мұғалімді тыңдайды, екінші
элементінде олар бір баланың сұраққа берген жауабын тыңдайды, үшінші
элементінде мұғалімнің түсінігін тыңдайды, төртінші элементінде оқушылар
жаңа тақырып материалын бекітуге байланысты мұғалімнің сұрағына бір
оқушының берген жауабын тыңдайды, ал соңғы элемент бойынша, оқушылар үйге
берілетін тапсырманы тыңдайды. Демек оқушылар бүкіл сабақ бойында тек қана
тыңдаушылар ретінде отырады, өз беттерінше ешқандай оқу жұмысын
орындамайды. Олай болса, мұндай сабақты тыңдаушылар сабағы десек, артық
болмайды[2;292].
Бұл – кәдімгі дәстүрлі сабақтың жүйесі. Демек, дәстүрлі сабақ аралас
сабақ типіне жатады. Дәстүрлі сабақтың ерекшелігі бірнеше элементтен
тұратын құрылымының болуында. Бірнеше деп айту себебіміз, дәстүрлі сабақ
элементтері немесе кезеңдері жөнінде әр түрлі тұжырым бар. Мәселен,
сабақтың қалыптасқан құрылымына оқушы білімін бағалау да жатқызылып
жүр[3;12]. Ал Ә.Қоңыратбаев 4-7-кластарда әдебиетті оқыту методикасы оқу
құралында былай дейді: Әдебиет сабағының жоспары көбіне схемаланған 5
элементке құрылып жүр(өткен сабақты сұрау, жаңа сабақты түсіндіру, оны
бекіту, қорыту, тапсырма беру), мұның өзі сабақ сайын материалды лекция
сияқты өтуге әкеледі. Сондықтан бұл 5 элемент тіл сабағы болмаса, әдебиетке
онша қонымды емес[2;290]. Байқап отырғанымыздай, бұнда сабақтың
ұйымдастырылу кезеңі көрсетілмеген, әрі жаңа материалды қорыту бөлек
элемент ретінде берілген. Әйтсе де, Ә.Қоңыратбаев Әдебиетті оқыту
методикасының очерктері оқу құралында сабақ элементтеріне сай келетін
жоспар жөнінде Мектеп тәжірибесінде мынадай бір оңай жоспар кездеседі:
1.Ұйымдастыру жұмысы(1 мин.). 2. Өткен сабақты сұрау(10 мин.). 3. Өткен
сабақты қорыту(3 мин.). 4. Жаңа сабақты түсіндіру(15 мин.). 5.Бекіту(8
мин.). 6. Қорыту(4 мин.). 7. Тапсырма(3 мин.). Бұл – сабақ элементтеріне
сай келеді, бірақ оның мазмұны мен мақсатынан мүлдем аулақ жататын, тек
іске емес, уақытқа құрылған жоспар - дейді[3;290].
Қорыта келе, сабақты ұйымдастыру әдістемесі – оқытудың негізгі нысаны.
Сабақ уақыты қысқа, сондықтан ол күрделі және жауапты кезеғ себебі сабақтың
сапасы оқушының дайындығына тікелей әсер етеді. Сондықтан мұғалімдер
сабақтың жаңа технологиясын жасап, енгізу, қысқа мерзім ішінде оқу
міндеттерін орындау үшін жұмыс жасайды. Жақсы сапалы сабақ беру оңай жұмыс
емес. Көп нәрсе мұғалімнің сабаққа қойылатын талаптарды түсінуіне және
орындауына байланысты.
1.3 Қазіргі сабақты ұйымдастырудың ережесі
Қазіргі сабақты ұйымдастыруда Ж.Аймауытовтың мұғалімге байланысты
берген төмендегі бағалы нұсқауларын есте сақтаған жөн:
• жаңа берілетін сабақты баланың білетін мағлұматтарымен
ұштастыру;
• тиісті таныстыру арқылы сабақтың мазмұнына ынталандырып, ілтипат
аудару;
• сабақты алдын ала даярлайтын сұрақтар қою арқылы оқушының
ынтасын арттыру, ілтипатын сақтау;
• қажетсіз мағлұматтардан сақтанып, баланың ілтипатын оятатын
қызықты нәрселерді ғана сөйлеп үйрету;
• баланың ішін пыстыратын біркелкі мағлұматтардан сақтану; лайықты
салыстыру, ұқсастыру тәсілдер арқылы оңтайлы оқытуды
жандандыруға тырысу;
• алғашқы кездегі оқыту деректі, көрнекі болуы керек;
• өзгелерді ынталандыру үшін оқытушы оқытатын пәніне өзі де
ынталануы, өзі де жақсы көруі тиіс, оқытушы сүйген нәрсені
оқушылар да сүйеді.
І.Қазіргі сабаққа қойылатын дидактикалық талаптар:
• білімдік міндеттерді нақты қою, олардың дамуға және тәрбиеге
ықпалын анықтау;
• оқу бағдарламасының талабы мен сабақтың мақсатына сай,
оқушылардың білім деңгейлеріне қарап сабақты жоспарлау, оқушылар меңгерген
ғылыми білімдерді, іскерлік дағдыларды аңықтап отыру;
• оқытудың тиімдірек әдістерін, тәсілдерін және құралдарын таңдау,
оқушыларды ынталандыру, меңгеру барысын бақылау, танымдық белсенділікті
арттыру, ұжымдық және жеке жұмыс түрлерін ұштастыру, өздік жұмыстарды
ұйымдастыру;
• оқыту принциптерін қолдану;
• оқушылардың жақсы оқуына жағдай жасау.
II. Сабаққа қойылатын психологиялық талаптар:
• оқу пәні және нақты сабақ арқылы әр оқушының дамуын жобалау;
• оқушыларды дамытатын психологиялық-педагогикалық құралдарды,
әдістемелік тәсілдерді табу;
• оқушылардың репродуктивтік және шығармашылық жұмыстарының көлемін
анықтау; жұмылдыра білуі. Ақыл-ойының дамуы;
• білім деңгейлеріне сәйкес оқушыларды топтарға бөлу, олардың
әрқайсысымен жеке жұмыстар жүргізу. Жаппай жұмысты уйымдастыру.
Оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру:
• жақсы және нашар оқитын оқушылармен жұмысты жоспарлау;
• оларға жеке тапсырмалар беру;
• әрбір оқушының белсенді оқуына жағдай жасау.
III. Сабаққа қойылатын гигиеналық талаптар:
• қалыпты температуранық болуы;
• ауаны тазартып түру;
• жарықтың болуы;
• балаларды шаршатпау;
• іс-әрекетті түрлендіріп отыру. Мысалы, тыңдауды санаумен, жазба
және практикалық жұмыстарымен ауыстыруға болады;
• сергіту сәтін уақытында және сапалы өткізу;
• оқушылардың жұмыс істеген кездегі дұрыс қимыл-қозғалыстары;
• сынып жиһаздарының оқушының дене бітістеріне сәйкес келуі және
оның өсуіне ықпалы.
IV. Сабақты өткізу техникасына қойылатын талаптар:
• сабақтың әсерлілігі, оқуға қызығушылықты және білімге деген
сұранысты арттыруы;
• сабақтың қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы
жұмыстарының нәтижелілігі;
• мұғалім мен оқушы арасында жұмыс барысында пайда болатын тығыз
байланыс. Әр оқушыға сенім білдіру;
• мұғалім көңілінің көтеріңкілігі, белсенді шығармашылық жұмыс.
Тәрбиелік талаптар:
• оқу материалының, іс-әрекеттің тәрбиелік мүмкіндігін аңықтау,
орындалатын тәрбиелік мақсат қою;
• оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнынан туындайтын тәрбиелік
міндеттер қою;
• оқушылардың бойында өмірге керекті қасиеттерді, атап айтсақ:
табандылықты, орнықтылықты, ұқыптылықты, жауапкершілікті, орындаушылықты,
өздікті, жұмыс істей білушілікті, зейінділікті, адалдықты, ұжымшылдықты
тәрбиелеу;
• балалармен ынтымақтасу, олардың табысқа жетуіне көмектесу'
• ізгілендіру, әрбір баланың жеке ерекшелігіне сүйеніп тәрбиелеу.
Сабақ арқылы оқушыны дамыту талабы:
• балалардың оқу-танымдық іс-әрекетке қызығушылығын ояту,
шығармашылық бастамаларын және белсенділіктерін қолдау;
• оқушылардың даму деңгейін зерттеу және есепке алу; дамудағы
сапалы, жаңа өзгерістерді қуаттау.
Алуан түрлі сабақтардың бәріне ортаң бір белгіні табу үшін оларды
"жіктеу" керек. Сабақтарды бірінші рет топтастырған И.Н.Казанцев сабақтарды
мазмұны мен өткізу тәсілдеріне қарап топтастырды. Мазмұнына қарай
топтастырғанда бір топқа арифметика, алгебра, геометрия сабақтары, ал
олардың ішінде жекелеген тақырыптарды өтуге арналған сабақтар белгіленеді.
Оқу жұмысының тәсілдері бойынша экскурсия-сабақ, кино-сабақ, өздік жұмыс
сабағы болып бөлінеді.
Оқу жұмысының жүйесі мен оқушылардың танымдық іс-әрекетінің сипатына
қарай кіріспе, материалмен бірінші танысу, жаңа білімдерді тәжірибеде
қолдану, дағдыларды қалыптастыру, қайталау, бекіту және жинақтау, бақылау,
аралас сабақтар деп бөлінген.
Теоретиктер мен практиктердің арасында дидактикалық мақсат бойынша
топтастырылған сабақтар кең қолдау табуда.
Олар:
1) аралас сабақ;
2) жаңа материалды оқу;
3) жаңа іскерлікті қалыптастыру;
4) білім, іскерліктерді бекіту;
5) жинақтау және жүйелеу;
6) білім, іскерліктерді тәжірибеде қолдану;
7) білім, іскерліктерді бақылау және түзету.
Сабақ құрылымы – сабақтың әр бөлігінде мұғалім мен оқушылар бірге
жасайтын алуан түрлі жұмыстар. Әр сабақтың ішкі құрылымы жүйелі, сабақтың
түрін анықтайтын, жекелеген кезеңдерден тұрады. Құрылымдағы бөліктер
сабақтың түрін анықтайды. Мысалы, сабақтың мақсаты білім және іскерліктерді
бекіту болса, онда сабақтың түрі білім, іскерліктерді бекіту болады. Бұл
оқу жұмысы негізгі, мұғалім оған көп уақыт бөледі. Жаңа оқу материалын оқу
сабағы Мақсаты - оқушыларға жаңа білім беру. Мұғалім оқушыларға жаңа оқу
материалын түсіндіріп, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырып, білімдерін
тәжірибеде қолдануға үйретеді. Жаңа ұғымдар мен іс-әрекет тәсілдерін жақсы
меңгеру үшін оқушылар белсенді түрде жұмыс істеу керек. Жаңа материалды
көбірек беру үшін ірі блоктың тәсілдер қолданылады. Бір сабақта бірнеше,
мысалы, 4 сабақтың материалы оқылады, қалған 3 сабақ іскерлік пен дағдыға
машықтануға арналып, тақырыптар терең оқылады. Жаңа материалды оқу түрлі
әдістер арқылы жүзеге асады. Оқушылардың оқу жұмысына қызығушылығын ояту
үшін енжар іс-әрекет түрлері (мұғалімнің әңгімесін тыңдау, сыныптасының
жауабын тыңдау) және белсенді жұмыс түрлері (тәжірибе және зерттеу
түріндегі өздік жұмыстар) орындалады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсенді ету үшін проблемалық әдіс,
қызықты мысалдар, фактілер қолданылады, талқы ұйымдастырылады, кейбір
теориялық ережелерге оқушылар өз мысалдарын келтіреді, көрнекі және
техникалық құралдар пайдаланылып, меңгерілген білімдер ретке келтіріледі
және бекітіледі. Кейбір жаңа оқу материалын өткен оқу материалын білмей
меңгеру мүмкін емес. "Таза" күйдегі жаңа оқу материалын оқу орта және
жоғары сыныптарда қолданылады. Себебі жаңа материал көп, оқушылар белгісіз
оқу материалдарымен ұзақ жұмыс істей алады. Бастауыш мектепте тек жаңа
материалды оқыту қиын, себебі оқушылар әлі күрделі оқу жұмыстарына әзір
емес. Аралас сабақ жаңа материалдың шағын бөлігін бекітумен ұштасады.
Оқылатын материалды бекіту сабағы жекелеген тақырыптарды, бөлімдерді өткен
соң, материалды терең түсіну және меңгеру мақсатында өткізіледі. Мысалы,
қазақ тілінде "Зат есім" тақырыбына көптеген сабақтар арналып, соңғы
сабақта оқылған материал бекітіледі. Оқушылардың сабақтың өтетін уақытын
және оның негізгі міндеттерін білгені жақсы. Мұғалім бекітетін негізгі
сұрақтарды бөліп, білім тексеруді ауызша, жазбаша, тәжірибелік жұмыстармен,
өздік жұмыстармен ұштастырады. Осы жұмыстар бекіту сабақтарының құрылымына
кіреді. Ол өткен оқу материалын әрбір оқушыдан немесе бәрінен сұраудан
басталады. Содан кейін білім тексеру тақырыптың күрделі жерлерін бекіту
үшін жаттығулар жүргізумен ұштасады. Сабақ соңында шағын өздік жұмыс
өткізіледі. Математика, физика, химия сабақтарында ол есептер және мысалдар
шығарумен байланысты. Тіл сабақтарында диктанттың алуан түрлері, шығарманық
қысқаша мазмұны жазылып, оларды мұғалім тексереді және бағалайды. Әдісі:
ауызша, жазбаша жаттығу, білім тексеру, бағалау. Тәсілдер: перфокарта,
карточкалармен жұмыс, кесте жасау.
Білімді тәжірибеде қолдану
• Оның кезеңдері:
• ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• үй тапсырмасын тексеру;
• білімді еске түсіру;
• білім, іскерлік, дағдыларды тәжірибелік міндеттерді шешу үшін
қолдану;
• оқушылардың орындаған жұмыстары жөнінде есеп жазуы;
• үй тапсырмасын беру.
Оқушылар бұрынғы білімдеріне сүйеніп тәжірибелік жұмыстар жасайды,
алдымен үй тапсырмасы тексеріледі. Мысалы, экскурсия кезінде жинаған
материалдарға сүйеніп, мектеп жанындағы алаңға егілетін өсімдіктердің
сызбасын жасайды. Шет тілі сабағында түрлі тақырыптарға диалог құрастырады.
Осылайша оқытудың өмірмен байланысы жүзеге асады.
Жаппай, топтың және жеке жұмыстар жүргізіледі. 3 оқушыдан тұратын бөлім
мектеп алаңында егілетін өсімдіктердің сызбасын жасайды.
Түрлі ұжымдық жұмыстар оқушылардың арасындағы ізгі қатынастарға жақсы әсер
етіп, білімдерін жаңа жағдайда шығармашылықпен қолдану оқушыны дамытады.
Практикум мақсаты – зертханалық жұмыстар өткізу.
Кезеңдері:
• ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• білімді еске түсіру;
• нұсқау;
• құрал-жабдықтарды іске қосу;
• эксперимент және оны бақылау;
• бақылау нәтижелерін талдау және безендіру;
• есеп жазу;
• есепті мұғалімге тапсыру.
Ол жоғары сыныптарда бағдарламанық бөлімдерін, курсты оқып біткеннен
кейін өткізіледі. Бұл сабақ оқушылардан бағдарламаны жақсы білуді, дамыған
іскерлік пен дағдыларды талап етеді. Оқушылар аппараттарымен, приборлармен,
өлшеуіш техникамен жұмыс істеп, эксперимент барысын жазады, талдайды,
қорытынды жасайды, күнделік жүргізеді. Мұғалім эксперимент кезінде оқушының
білімін қолдануына көмектесіп, оқушының жұмысына бақылау жасап, керек болса
түзетеді.
Тәжірибелік сабақтар шеберханаларда, оқу цехтарында, оқу-тәжірибе
учаскелерінде өтеді.
Кезеңдері:
• ұйымдастыру;
• мақсат қою;
• білімді еске түсіру;
• нұсқау;
• тәжірибелік жұмыс;
• жұмыс нәтижесін шығару.
Сабақтың көп уақытында оқушылар тәжірибелік жұмыспен айналысады.
Мысалы, шеберханада түрлі бұйымдар жасайды.
Оқу-тәжірибе учаскесінде жерді өңдеп, өсімдік өсіреді, өнім жинайды.
Репродуктивтік және ішінара ізденіс әдістері қолданылады. Әр оқушыға
тапсырма, технологиялық карта беріледі, сол бойынша ол жұмыс істейді.
Бақылау сабақтары оқушылардың теориялық материалдарды, оқылып отырған
курстың негізгі ұғымдарын меңгеру деңгейін, іскерлік, дағдылардың, оқу-
танымдық іс-әрекет тәжірибесінің қалыптасқандығын анықтап, оқыту
технологиясына қандайда бір өзгеріс, оқушылардың білімдеріне сәйкес оқу
процесіне түзету енгізу мақсатында өткізіледі.
Бақылау және түзету сабақтарының түрлері: ауызша сұрау (жаппай, мазмұндама,
есептер және мысалдар шығару, т.б.) сынақ, тәжірибелік (зертханалық),
сынақ, практикумдар, өздік бақылау жұмыстары, емтихандар, т.б. Осы сабақ
түрлері пәннің тұтас бөлімдерін, ірі тақырыптарды өткен соң өткізіледі.
Оқушылардың білімін тексеру және бағалаудың соңғы, жоғары түрі - емтихан.
Бақылау сабақтарында оқушылардың өз білім, ісқорлік, дағдыларын танымдық-
тәжірибелік іс-әрекетте, әр түрлі оқу жағдаяттарында қолдануға дайындығы
айқынырақ көрінеді. Бақылау сабақтарын өткізгеннен кейін оқушылардың білім,
іскерлік, дағдыларындағы, оқу-танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруындағы
кемшіліктер анықталып, оларды талдап, жоятын арнайы сабақ өтеді,
оқушылардың және мұғалімдердің іс-әрекеттеріне керек болса түзетулер
енгізіледі.
Әдістері: түсіндіру, әңгіме, салыстыру, дәлелдеу, бағалау.
Тәсілдері: бақылау жұмысын жаздыру, қорыту.
Жаңа материалды оқу сабағының құрылымы:
• оқу материалын бірінші рет түсіндіргенде, таным процесінің,
заңдылықтарына сәйкес оқушылардың ақыл-ой белсенді арттыруға баса назар
аудару;
• есте сақтау керек мәліметтерді оқушыларға айту;
• есте сақтауға және ұзаң уақыт есте сақтауға ықпал ететін
жағдайларды жасау;
• оқушыларға есте сақтаудың техникасын хабарлау. Мәліметтерді еске
түсіруге тірек болатын сызбалармен жұмыс, оларды мағыналарына қарай
топтастыру;
• мұғалімнің басшылығымен қайталау, бірінші рет бекіту;
• есте сақталған мәліметтерді анықтау;
• қайталау, жеке тапсырмалар беру іштей қайталау, алған білімді,
үйренген іс-әрекетті түрлі тапсырмаларды орындағанда қолдану;
• білім, іскерлік, дағдыларды оқушылардың есінде қалдыруға
көмектесетін тірек мәліметтерді жиі қолдану.
Білімді білік және дағдыларды қолдану сабағының құрылымы:
• сабақтың басын ұйымдастыру;
• оқушыларға сабақтың тақырыбын және оның алдында тұрған
міндеттерді айту;
• іскерлікті қалыптастыруға керекті жаңа білімдерді оқып үйрену;
• біліктілікті бірнеше рет үйрету, жаттықтыру, үлгілер бойынша
жұмыс істету;
• білімді және біліктілікті шығармашылықпен қолдану;
• дағдыларды бекіту үшін жаттығулар беру;
• үйге тапсырма;
• оқушылардың жұмыстарына баға беру және сабақты қорытындалау.
Білім, іскерлік және дағдылары дамыту сабақтарының құрылымы.
• оқу жұмысының мақсатын оқушыларға хабарлау;
• оқушылардың тапсырманы орындауға керекті білім, іскерлік,
дағдыларын естеріне түсіріп қолдануы;
• оқушылардың түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды орындауы;
• олардың орындаған жұмыстарын тексеру;
• қателерді талдау және оларды түзету;
• қажет жағдайда үйге тапсырма беру;
• қайталау сабағының құрылымы;
• ұйымдастыру бөлімі;
• білімдік, тәрбиелік, дамыту міндеттерін қою;
• негізгі ұғымдарды, онымен байланысты біліктілік, дағдыларды
(тәжірибелік және ақыл-ой) қайталау үшін үйге берілген тапсырманы тексеру.
Келесі сабақтарда қайталанатын материалдарды анықтау, оларды үйге беру;
• тексерудің нәтижесін шығару, сабақ үстіндегі оқу жұмысының
нәтижелерін тексеру;
• үйге тапсырма.
Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру сабағының құрылымы:
• сабақтың мақсатын қою;
• жаңа іскерлік, дағдыларға керекті бұрынғы іскерлік, дағдыларды
қайталау;
• бұрынғы іскерлік, дағдыларды тексеру үшін оқушыларға тапсырма
беру;
• жаңа іскерлікпен таныстыру, жасап көрсету;
• жаңа іскерлікті меңгеру үшін оқушыларға түрлі жаттығулар жасату;
• іскерлікті шыңдап, бекіту үшін жаттықтыру жұмыстарын жүргізу;
• үлгі, алгоритмге, нұсқау бойынша машықтану;
• іскерлік пен дағдыны ұқсас жағдайларда қолдануға жаттығу;
• шығармашылық жаттығулары;
• сабақтың қорытындысы;
• үйге тапсырма.
Қайталау сабағы. Бұл сабақтардың мақсаты - оқушылардың білімдерін еске
түсіру және кеңейту.
Түсіндіретін бөлік мұғалім нұсқауы, оқушыларды оқу жұмыстарына
психологиялық жағынан әзірлеп, есептер шығару, шығарма, диктант,
шығармашылық жұмыстар жазу. Негізгі бөлімде оқушылардың өз күшіне сенуіне
және бірқалыпты жұмыс істеуіне мұғалім кеңес береді. Соңғы бөлімде өткелі
отырған жаңа бөлім, курс тақырыптарын оқу қай бағытта жүретіні айтылады.
Қорытынды – жинақ сабақтың құрылымы:
• ұйымдастыру бөлімі;
• тақырыптың маңызы, сабақтың мақсаты және жоспары туралы
мұғалімнің кіріспе сөзі;
• жеке оқушыларға, сыныпқа, топтарға ауызша және жазбаша түрде
орындалатын тапсырмалар беру;
• оқушылардың жұмыстарын тексеру, қажет болса түзету;
• оқылған материалды қорытындылау;
• сабақтың нәтижелеріне баға беру;
үйге тапсырма.
Қорыта келе, қазіргі сабақты ұйымдастыру - сабақты өмірлік маңызды
мазмұнмен толықтыруда, оқытуды оқушы өмірінің табиғи құрамдас бөлігі
ретінде ұйымдастыруда көрінеді. Осыған байланысты сабақ танымның арнайы
ұйымдастырылған формасы болып қана қоймайды, сондай-ақ әлеуметтік және
адамгершілік тұрғысынан алғанда толыққанды араласу болып табылады. Ол
танымдық мүддені, оқуға және дамытуға белсенді оң қатынас қалыптастыруға
бағытталған, оқу қызметінің өзгеше коммуникативтік фонын қамтамасыз ету
құралы ретінде көрінеді. Бұл тенденцияның пайда болуы оқытудың сұхбаттық
формасын (әңгіме, талқылау, пікірталас), проблемалық элементтерін, оқу
жұмыстарының фронтальды, топтық және жекелейформаларын сабақтастыруды
кеңінен пайдалану және оқытудың топтық, ұжымдық формасының үлесін кеңейту
болып табылады.
Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар: олардың
құрылымдық жағынан өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен
сабақтастығынан, ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты
мейлінше қысқартудан сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі
міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін
пайдаланудан көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өз
бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударудан байқалады.
ІІ. ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ САБАҚТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ
2.1 Кәсіптік білім беру жүйесіндегі сабақты ұйымдастыру тәжірибесі
Кәсіптік білім беру бойынша электрондық оқулықтарды құрастыру кәсіптік
жеке тұлға моделінің, әрбір жекелеген мамандықтың кәсіптік қызметінің
маңыздылығының білімін студентттердің ой елегінен өткізуі арқылы қамтамасыз
етіледі. Келешек мамандарды кәсіби дайындаудың мазмұнды жағын қарастыра
келе, авторлар электрондық оқулықтардың тиімділігі маңыздылықты ғылыми
жағынан тануға, қазіргі кездегі өндірістің дамуы мен қызмет етуінің
заңдарына байланысты деген қорытынды жасады. Электрондық оқулықтарды
құрастырудың маңызды шарттарының бірі - өндіріс туралы шашылып кеткен
білімді жүйелі білімге шоғырландыру.
Тренинг:
Бұл- мен!
Қазір сендер әрбір столда тұрған геометриялық фигураларға назар
аударыңдар,осы фигуралардың біреуіне қарап “бұл-мен!” деп айта аласыңдар
ма? Егер жауап беруге қиналсаңдар, онда осылардың ішінен қайсысы өзіңе
ұнайды, сол фигура тұрған столға барып отырыңдар!
Міне, біз 5 – топқа топталдық.
И.Панарин тесті бойынша:
- көңіл-күйі өзгермелі, өз-өзін қадағаламайды, анықталмаған,
қозғыш, көп нәрсені білгенді ұнатады, батыл, өз-
өзін төмен
бағалайды, өз-өзіне сенімсіз, сенгіш, барлық
жаңа
қозғалыстарға қызығады, жылдам, дау-дамайдан
қашады,
тиянақсыз, ізденімпаз адам.
- көшбасшы, билікке талпынғыш, тазалықты сүйгіш,
жеңіске құмар, өз-өзіне сенімді, шешім
қабылдағыш,
сезімі күшті, батыл, энергиясы жеткілікті, қауіп –
қатерге
жақын, шыдамсыз, сөз тапқыш, ортадағы қарым-
қатынасы
кең, жақын достары мен ортасы шағын, көшбасшы адам
- ұйымдастырғыш, нұсқаушы, хабаршыл, жазбаша
сөздік
ынталы, ұқыпты, тазалықты сүйгіш, үндемейтін,
қырсық,
еңбек ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz