Күйлеген қойларды қолмен ұрықтандыру
МАЗМҰНЫ
Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2
Нормативті сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
4
1 Кәсіпорынға (шаруашылыққа) сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .
6
1.1 Орналасқан жері, ауа райы, климаттық жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6
2 Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
9
2.1 Қойдың халық шаруашылығындағы маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .
9
2.2 Қойдың шыққан тегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
10
2.3 Қой тұқымдары туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12
3 Технологиялық бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
Жеке тапсырма ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
15
3.1 Таза тұқымды қой өсіру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
15
3.2 Қолдан ұрықтандыру құралдарын дайындау және жинақтау ... ... ... ...
17
3.3 Қойды ұрықтандыруды ұйымдастыру және оны ұрықтандыру ... ... ...
19
4 Техникалық қауіпсіздік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
25
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
28
Аннотация
ЖТ-17-7тк тобының студенті Сағындыққызы Үмітайдың іс-тәжірбиелік есебінде қойды қолдан ұрықтандыру әдici нәтижесінде алынған жаңа мал тұқымы Ордабасы қойына жалпы сипаттама көрсетілген.
Cтyдeнт Сағындыққызы Үмітай Opдaбаcы қoй тұқымының өсiп - жeтiлyiн, биoлoгиялық epeкшeлiктepiн, мaлдың өнiмдiлiк cипaтын зерттeй кeлiп, олaрдың бaсқa дa бyдaн нәтижeлeрiнeн aлынғaн малдардан aйырмaшылығын анықтағанн. Яғни, қойдың мұндай жаға тұқымы ыстыққа, суыққа төзімді кедетінін, шөлге шыдамды екенін анықтaғaн.
Нормативті сілтемелер
МЕМСТ 2.701 - 84 КҚБЖ (ЕСКД). Схемалар. Түрлері мен типтері.
МЖМБС 2.301 - 65 КҚБЖ (ЕСКД). Форматтар.
МЖМБС 2.01 - 80 КҚБЖ (ЕСКД). Бұйымдар мен конструкторлық құжаттарды белгілеу.
МЕМ СТ 2.104 - 68 КҚБЖ (ЕСКД). Негізгі жазбалар.
МЖМБС 2.321 - 84 КҚБЖ (ЕСКД). Әріптік белгілеу.
МЕМ СТ 2.6304 - 81 Сызбалық шрифттер.
МЕМ СТ 2.601 - 95 (ЕСКД). Пайдалану құжаттары.
МК (ГК) Қ.Р 04 - 2003. Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімнің класифакаторы (ӘҚТБӨК).
СТ ОҚМУ 4.02-2008. Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі, құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.
СТ ОҚМУ 7.11-2008. Университет стандарттары. Оқу әдістемелік процестерді басқару.
Мал өсіру және селекциясы пәні бойынша оқу - әдістемелік кешені оқу үрдісін ұйымдастырудың тәртібін кесімді - құқықты құжаттардың талабына сай бекітіліп өңделген:
Мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартына;
- 5В080200 - мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологисы мамандығының типтік оқу бағдарламасы, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу мамандықтары бойынша типтік оқу бағдарламасына 138 қосымшасына;
М.Әуезов атындағы ОҚМУ университет стандартына Пәннің оқу әдістемелік кешенін дайындауға және өңдеуге жалпы қойылатын талаптар;
М.Әуезов атындағы ОҚМУ университет құжаттық процедураға Пәннің оқу әдістемелік кешенінің құрамы мен құрылысы сәйкес дайындалған.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Тиімді технология ең алдымен экономикалық мақсатты көздейді. Сондықтан ол қолда бар жер, материалдық-техникалық қор мен еңбек ресурстарын пәрменді және үнемді пайдалануға бағытталады. Тиімді технология әрбір гектар жерден, әр бас малдан ең көп, ең сапалы өнім алуды қамтамасыз етуі тиіс. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы қолданбалы ғылым ретінде ауыл шаруашылық жерін, малды, жемшөпті, басқа да өндіріске қатысты заттарды, адам еңбегін ең жоғары дәрежеде ұтымды пайдаланудың жолдарын іздестіреді, нәтижесінде тиімді технологияны өндіріске ұсынады.
Малды азықтандыру қайнар көзі ауыл шаруашылық жерлері. Жер ауыл шаруашылығында ең басты өндіріс құралы. Шын мәнінде де қой шаруашылығы жерменен, жйылымменен өсіріп-өндіргенде ғана басқа малдарменен өнімділігіменен пайдалылығы жөнінде бәсекелесе алады. Ал кең жайылымда, әсіресе шөл-шөлейт, құм-құмайт, таулы-қыратты жерлерде қой өсіріу экономикалық жағынан арзан да тиімді.
Басқа өндіріс құралдары ескіріп, тозып, ғалам мен техниканың дамуына сәйкес дамып, жаңарып, өзгеріп тұрса, жер өндіріс құралы ретінде ауыспай қала береді. Ол пайдалану кезінде дұрыс агротехникалық жұмыстар жүргізіліп, қажетті тыңайтқыш беріп тұрса өзінің құнарлылығын арттырмаса, кемітпейді. Өндірісте пайдалану кезінде ғылыми негізделген агротехникалық шаралар жасау арқылы жердің құнарлылығын арттырып, жайылымнан шабынға, шабыннан егін салатын судагер жерге, суландыру арқылы тәлімі жерді сулы егіс жеріне айналдыруға әбден болады. Қазақстнада солай жасалып та келеді
Қой шаруашылығында табиғи экономикалық зоналар мен аймақтарға байланысты бірнеше технологиялық жүйе қалыптасқан. Олар: жайылымда, жайылым мен жартылай қолда және қолда бағылу жүйелері. М. Н. Лущихин (1967) бұл жүйелердің ерекшеліктерін жайылым шөбімен қолдан даярлаған жемшөптің арақатынасымен анықтаған. Ол арақатынас жайылым жүйесінде 6:1; жайылым жартылай қолда бағылғанда 3:1; жайылыммен қолда тең бағылғанда 1:1; қолда бағылғанда 0:1 болады. Әрбір технологиялық жүйе жердің құнарлылығына, оны пайдалану жүйесінің тиімділігіне байланысты ендіріледі. Мысалы суармалы жерде, егін өсіретін қара топырақты жерде қойды жайып бағу экономикалық жағынан тиімсіз. Қазақстанда жер көлемі мол, әсіресе шөлді шөлейтті жайылымдар көп болғандықтан жайылымда және жайылым мен жартылай қолда бағу жүйесі кеңінен пайдаланылады. Әрине, мүмкіндік болса ең арзаны және тиімдісі жемшөпті жайылымда қойдың өзіне жегізу. Елімізде шөлді-шөлейтті аудандарда әр қойға 2-3 га, кейде 10 га берілсе, тау бөктері мен далалық жайылымдарда 1,5-3,0 га бекітіліп берілуі қажет.
Қой шаруашылығын интенсивтендіру үшін көңіл-күшті де қаражатты және жемшөп базасын нығайтуға жұмсаған жөн. Жайылымның өнімділігін, қойдың сыйымдылығын арттыру үшін шөп егіп, өнімділігін жоғарылатудың жолы баршылық. Қазіргі заманғы агротехниканы жақсы білген фермер оны жасай алады. Сонымен бірге қолдан әзірлеп берілетін жемшөптің түрі де, мүмкіндігі жоғары. Сондықтан, шаруашылық иесі ұдайы қолда бар жерін жақсартып, құнарлылығын арттырып, әр гектардан өндірілетін жем-шөпті көбейте беруге мүмкіндігі зор.
Мақсаты: Қойды қолдан ұрықтандыру технологиясын үйрену.
Міндеттері:
Қойды қолдан ұрықтандыру бөлмесін ұрықтандыру жұмыстарына дайындау.
Қошқарларға алжапқыш байлау.
Күйлеген қойларды отардан іздегіш қошқарлар арқылы іздеп, бөліп алу. Күйлеген қойларды жеке бөліп, азық беру.
Бөлмедегі ауа температурасын реттеу.
Қойды қолдан ұрықтандыру бөлмесіндегі құрал-жабдықтармен танысу және оларды жұмысқа даярлау.
Ұрық беруші қошқарлардан ұрық алу.
Күйлеген қойларды қолмен ұрықтандыру.
Ұрықтанған қойларға белгі беру.
Қойды қолмен ұрықтандыру пунктін санитариялық тазалаудан өткізу. Ұрықтандырылған қойларды белгілері бойынша жеке бөлу.
Ұрық беруші қошқарларды азықтандыру.
Ұрықтандырылған қойларды жайылымға жайып келу.
1 Кәсіпорынға (шаруашылыққа) сипаттама
1.1 Орналасқан жері, ауа райы, климаттық жағдайы
Түркістан обылысы, Ордабасы ауданында орналасқан Сералы шаруа қожалығы көп жылдардан бері қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымын, сиыр және қазақи жылқы тұқымын сұрыптап, өнімдлігін арттыру бағытында ғылыми негізде облысымыздағы ғалымдармен қоян қолтық жұмыс жасап мал өсіруге мамандандырылған.
1992 жылға дейін қазақтың қылшық жүнді құйрықты қой тұқымын өсіріп оның өнімділігін сол жылы күзден бастап еділбай қой тұқымының қошқарларымен будандастырып алынған бірінші будан ұрғашы тоқтыларды Өзбекстаннан әкелінген қисары тұқымының қошқарларымен будандастырып, үш қой тұқымынан алынған будан малдардың ұнамды түрлерін өзімен-өзін будандастырып, қатаң сұрыптау нәтижесінде ордабасы қой тұқымы 2013 жылы Мемлекеттік апробациядан өткізіліп, еліміздің түкпір-түкпіріне таратылуда. Қазір Сералы шаруашылығында 8 мың бастан астам ордабасы қой тұқымы өсірілуде, оның сыртында жыл сайын асыл тұқымды 15-айлық 500-700 бас қошқар, 700-1000 бас тұсақтарды және 300-500 бас қозыларды туылған жылы адамдар мен басқа шаруашылықтарға сатуда.
Қазіргі нарықтық экономика талабына байланысты халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында, сапалы мал өнімдерімен қамтамасыз етуге бар мүмкіндігінше үлес қосу үшін жұмыс жасауда. Сералы шаруашылығы өнімділігі жоғары да сапалы өнім беретін ірі салмақты, нарықтық бәсекеге
Сурет 1. Сералы ШҚ-ның ЗИТ су моторлары мен астау
төтеп беретін жергілікті жердің экологиясы қолайсыз шөл-шөлейтті жерлерге бейімделген ордабасы қой тұқымын өсіруге мамандандырылған.
Шаруашылықтағы малдар қыс айының қолайсыз жағдайларына арналған жылы қоралармен, аулалармен жабдықталған, барлық малқоралар шахталы құдықтармен және ЗИТ су моторлармен қамтылған.
Малшыларға жаңа үй мен моншалар, жалпы қажетті жағдайлар жасалған.Аудан, облыс орталықтарынан Бадам елді мекеніне дейін асфальт жол төселген, ал Бадам станциясынан мал қораларға және мал қоралардың арасын жай даланың топырақ жолы байланыстырады.
Сералы шаруашылығында қой, сиыр, жылқы малын емдеуге, бағалауға, сұрыптауға арналған темір раскольдары және талапқа сай қоралары, аулалары бар. Қора басында адамдар тұруға барлық жағдайлар жасалған тіпті шопандар үйі мен басқа да қажетті жабдықтармен қамтылған. Кешке 1-2 сағат қана жағатын күндіз теледидар көретін моторымен және Қытайдан әкелінген кварцты батареялармен қамтамасыз етілген.
Алдағы уақытта Сералы ШҚ-ғы сиыр мен қазақы жылқы тұқымын асыл тұқымды шаруашылықтардан сатып әкелінген бұқа, айғырларымен жұптастырып ұрпақтарында ірі салмақты жоғары сапалы өнім беретін шөл-шөлейт аймаққа бейімделген қысы-жазы дала шөбімен азықтанатын асыл тұқымды малдарды көбейту межеленіп отыр.
Сералы ШҚ-ғы Ордабасы ауданы Бадам ауылының оңтүстік-батыс жағында Еспесай елді мекенінің аймағында орналасқан. Аудан орталығынан 50 км-дей қашықтықта, Шымкент қаласының солтүстік батысында облыс орталығынан 60-70 шақырым шамасында қыстаулары орналасқан. Жазы ұзақ 7-айдан асады, ең жоғарғы ыстықтың деңгейі 450 - 500 С дейін көтеріледі, көктем айларында жаңбыр аз түсіп, ылғал тез арада кеуіп кетеді. Қыс айларында қар аз түсіп салқындық - 250С дейін төмендейді. Малдар қысы-жазы құдықтан суғарылады. Жайылым жер 1200 га, ал арендалық қосымша жайылым жер 900 га-дан астам, егістік жер 350 га. Соның ішінде жоңышқалық жер 300 га, әр түрлі дәнді дақылға 50 га бөлінген. Жайылым жерде өсетін табиғи шөптер: көктемгі раң, боз шөп, аққурай, бүрген, қурай, жантақ, аңыз және жоңышқалық. Дала шөптерін әр гектарынан 4-5 цн. жинауға болады. Суғармалы жерден 11-12цн. шөп дайындалады.
Қыстың 3 ай мерзіміне әрбір ашртты малға 2,0-2,5 кг-нан шөп және 200-500 граммнан жем қоры дайындалады. Жылдың 8-9 айында малдар жайылымда еркін қоректенеді. Тек қатты суықта, қар қалың түскенде ғана қолдан азықтандырылады.
Жер жағдайы ойлы-қырлы. (Рельеф) - аумақты жердің бедері, көлемі шөлейтті сазды топырақты, аралас құмды, биік төбелі, сай-салалы жерлер болып, кейде жыралар кездеседі.
Солтүстігі Отырар, солтүстік-батысы Арыс ауданымен, оңтүстігі Қазығұрт және Сайрам аудандарымен, шығысы Бадам ауыл округтерімен шекараласады. Ол өңірдің топырақ қабаты негізінен: сарғыш сұр, боз топырақты, оның тең жартысы орташа құмдауыт және шамалы та аралас топырақтан қалыптасқан. Кейбір жерлері сұр топырақты болады. Ауа-райы тез өзгергіш, құрғақтау болып келеді. Өсімдік қоры негізінен ерте көктемде эфимерлер, оларға: ебелек, балық көз, раң, бидайық, қызғалдақ, жауқазын, т.б. Бұл өсімдіктер балауса және құрғақ күйінде демал азығы үшін үлкен қор болып табылады.
Ауаның абсолюттік ең төменгі жылы температурасы +27,5, жоғарғысы 46 градус, орташа жылдық температурасы Цельсия бойынша +12 градус. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері - 221 мм, жылдық мөлшерін жыл мезгіліне бөлетін болсақ, оның 90 пайызы қысқы және көктемгі мерзімге тура келеді. Жазы өте ұзақ, аңызақ және құрғақ. Қыста қар мөлшері аз, жиі-жиі жылып кетеді. Қардың қалыңдығы 31 см, ал орташа 11 см. Қардың ұзақ жатуы 40 күн. Бқл үнемі бола бермейді. Қыс мезгілінде ауа ылғалдығы айына 73%, ал жазда 30% тең.
Ауа температурасында жауын-шашын мөлшеріне өсімдектердің өсуіне желдің әсері көп. Желдің орташа жылдық жылдамдығы 8мсек дейін жетеді. Солтүстік және солтүстік шығыстан шыққан желдің күштісі көктем мен жазда, яғни жауын-шашын аз кезінде тұрып, ол жел жайылым жерлердің шөптерін өте тез құрғатады. Өсімдіктер құрамы жағынан шөлейтті дала аумағына бейімделген, шөптер 50-60 күнге дейін өзінің жасыл күйін сақтап тұрады.
Негізігі өсетін шөптер жусан және жантақты жаз айынан басқа уақытта малдың көп түрлері пайдаланады, қойлар болса жыл он екі ай бойына қоректенеді. Өсімдіктер қабатының негізгі құрамы эфимерлі: шөл раңы, бидайық, арпақан, жалтырбас және басқа шөптер, яғни жасыл - құрғақ түрінде жыл бойына жақсы қоректенеді.
Сералы шаруашылығының жайлауының орташа шөп түсімі гектарынан 4,0 центнер (құрғақ күйінде). Жалпы малдарды шахталы құдықтардан суғарады. Құдықтардың тереңдігі 5-тен 56 метрге дейінгі тереңдіктен алынады, бұлардың суы ащылау. Шопандар тұщы ауыз суымен арнайы тасымалдайтын көлік арқылы қамтамасыз етіледі.
2 Аналитикалық бөлім
2.1 Қойдың халық шаруашылығындағы маңызы
Дүние жүзі халық шаруашылығында қой малының маңызы өте зор. Ол адамға аса қажетті көптеген азық-түліктер атап айтқанда ет, май, сүт, жүн, былғарылық, тоңдық терілер мен елтірі сияқты өнеркәсіптік заттарды береді. Қой сойғанда қалдық ретінде жиналатын ішек, мүйіз, сүйек, сияқты заттар да өңдеген соң өз орнын табатын байлықтар. Олардан желім, түйме, малға берілетін қан-сүйек ұны, минералдық азықтар және дәрі құрамына кіретін заттар жасалады. Қойдың қи-тезегіне дейін береке: өзіне қыста-төсеніш, жыртынды жер мен жайылымда тыңайтқыш, малшы-шопан, барлық ауыл адамдары үшін қысқы-жазғы отын.
Т. С., Садықұлов Т. К. Бексеитовтардың(3) айтуыншаҚой малы адамға осындай аса қажетті көп түрлі өнім өндіретіндігімен қандай да табиғат құбылысына және биологиялық қасиетіне байланысты дүние жүзінің барлық континентерінде және елдерінде өсіріледі. Қазіргі кезде де қой малы ғаламшарымызда ең көп тараған, көп өсірілетін үй малдарының қатарына жатады. Дүние жүзінің елдерінде үшінші мыңжылдықтың басындат 620-дан астам қой тұқымдары, 1.300 қой малы өсіріледі. Мысалы, сапалы, өнімділігі жоғары қой шаруашылығы Австралияда (169 млн.), Жаңа Зеландияда (62 млн.), Ұлыбританияда (30млн.) қалыптасқан, дегенмен соңғы он-он бес жылдың басынан ең алдыңғы қатарға Қытай (200 млн.), Үндістан (165 млн.), Аргентина, Оңтүстік Африка Республикасы, Түркия (50 млн.) шығып келеді.
К. Б. Свечин(7) былай деп пайымдайдыҚой шаруашылығының аса маңызды басты өнімдерінің бірі - жүн. Қойдан басқа да жүн беретін малдар, аңдар, жануарлар бар. Мысалы, түйе, ешкі, сиыр, жылқы, қоян т.б. Бірақ барлық өндірілетін жүннің 85-90%-ықойдан өндіріледі. Сондықтан, шұға-мата жеңіл өнеркәсібі үшін қой жүнінің маңызы зор.
Тоқыма өнеркәсібінде кездеме - мата тоқу үшін, қой жүнінен басқа шикізаттар да пайдаланылады: мысалы кендір, зығыр, жібек, мақта т.б. Соңғы жылдар химия өндірісінің дамуына байланысты жасанды және синтетикалық талшықтар көптеп өндіріліп, олардан тоқылған кездеме - маталар көбейді. Бұл талшықтарды өндіру әрі арзан, әрі олардың кейбір қажеттері табиғи талшықтан артық та жағдайлары бар.
Дегенмен, тоқыма өнеркәсібіне қажетті басқа шикізаттармен салыстырғанда қой жүнінің бірнеше артық қасиеттері бар:
- жүн мейлінше берік болады. Оның беріктігін өзінің жіңішкелігіндей сым темірдің беріктігімен салыстыруға болады;
- жүн жылылықты жақсы сақтайды;
- жүннің салмағы өте жеңіл;
- жүн созылғыш, жүннен жасалған киім ұйыспайды және иленбейді;
- жүнге бояу жақсы сіңеді және бояуы кетпейді;
- жүн денеге өте жағымды, тігілген бұйым көзге тартымды келеді.
Қой жүнінен кездемеден басқа да түрлі заттар жасалады. Кейбір қой тұқымдарының жүнінен кілем, алаша, гобелен, қолғап, байпақ, фетр сияқты қажетті заттар тоқылып жасалады. Киіз басуға тек қой жүні ғана жарайды.
Ал дүние жүзінде ет өндіруде сиыр, шошқа, құс еттерімен қатар қой етінің де өз орны бар. 2008 жылы қой еті дүние жүзінде өндірілген еттің шамамен 5%, яғни 14 млн. Тоннаға жеткен. Қой етінің ара салмағы әсіресе Азия елдерінде (Иран, Ауғаныстан, Пакистан, Түркия және Орталық Азия мемлекеттерінде) үлкен үлес алып (30-40%) құрайды. Қойдың етімен майы өте сапалы жоғары калориялы тамақ.
Сонымен қатар, қ ой сүтіненде адам тамақ өнеркәсібі үшін маңызы өте зор, ол қою және майлы болады. Дүние жүзінде 6,0 млн. тоннадан астам қой сүті өндіріледі. Одан жергілікті халық сыр, брынза, айран, сүзбе, құрт, ірімшік өндіріп, халыққа пайдаланылады. Қой сүті әсіресе Түркия, Франция, Италия, Иран, Греция, Румыния, Болгария мемлекеттерінде көптеп өндіріледі. Бұл мемлекеттерде дүние жүзіндегі қой сүтінің әрқайсысында 5-6
%-дан 15-16%-ға дейінгі үлестері өндіріледі. Олар тамаша, атақты Рокфор, Пекарин, Какавал сияқты сырлар дайындалып, халықаралық деңгейде саудаға тараған.
Қой терісінен тондық, былғарлық бұйымдар жасалады. Әдемілігі жағынан аң терілерінен қалыспайды, ал төзімділігі жөнінен олардан асып түседі. Қой терісінен жасалған былғары бұйымдары да халықтың сұранысына кеңінен ие. Қаракөл қозыларының елтірілері ішік, бас киім, әйел тоңдары сияқты сан алуан киімдер мен бұйымдар үшін жұмсалады. Қаракөл қозыларының елтірілері тек санаулы елдерде өндірілетін болғандықтан, оларға сұраныс өте жоғары.
Міне, осы айтылғандардың өзі, қой малының әлемдегі мал шаруашылығының арасында орны ерекше маңызды екенін дәлелдейді.
2.2 Қойдың шыққан тегі
Қой шаруашылығынң дамуы, қой тұқымдарын асылдандыру, оның өнімділігін жақсарту жұмысы үшін қойды қолға үйретілгеннен бастап ос ы кезге дейін орын алған өзгерістерін білу, оны ғылыми дәйектемеден өткізудің маңызы зор. Бұл жөнінде Дарвиннің Түрлердің шығуы (1859 ж.) және Қолға үйретілгеннен бастап өсімдіктер мен жануарлардың өзгеруі (1868 ж.) деген еңбектерінде көрсетілген. Жабайықойлардың үй қойларына айналу құбылысы біздің эрамызға дейінгі Неолит дәуірінен басталып, осыдан 8-10 мың жыл бұрын аяқталған. Тарихи деректер ең алдымен қолға үйретілген иттен кейін, қой мен ешкі үй жануарына айналғанын дәлелдейді.
К. С. Сабденовтың(4) пікірінше Малды қолға үйрету орталықтары жөнінде археологиялық қазбалармен ғана болжауға болады. Соло қазбалардың өзінде де малдың түгелдей денесінің (тұтастай сүйек кешені) өте сирек кездеседі. Көбіне бөлшектелген сүйектер табылады. Соның өзінде де, дөп басып айту өте қиын. Бірақ қазіргіғылыми жетістіктерін қолдана отырып, көміртек-изотропты жолдармен сүйектерді зерттеу арқылы анық білуге мүмкіндік бар. Дей тұрғанмен де, осы күнге дейін қойды қолға үйрету орталығы біреу ме, жоқ бірнеше ме деген сұраққа дәл жауап берілген жоқ.
Жинақталған ғылыми деректерге сүйенен отырып, үй жануарларын қолға үйрету үш жерде жүзеге асырылған деген болжам жасалынды.
Ең көне, ең бірінші нанымды қойды қолға үйреткен жер Оңтүстік-Батыс Азия деп танылады. Бұл тұжырымды дәлелдейтін Тигр, Ефрат өзендерінің жағалауында жасалған көне мәдени қазбалары жеткілікті.
Екінші қойды қолға үйреткен аймақ Орталық Азия. Бұл жерлерде Аргалиды пайдаланудың нәтижесінде құйрықты қойлар шығарылған деп болжанады. Ол жан-жақты талқыланғанда көңілге қонымды. Себебі бұл аймақта гиссар, жайдары, қазақы құйрықты қойлардың барлығы да өзара қатынаста болған екендігін дәлелдей түскендей.
Үшінші қойды қолға үйреткен орталық-оңтүстік Еуропа деп саналады. Бірақ бұл тұжырымға келіспейтін ғалымдар да аз емес. Олар Еуропаға қолға үйретілген үй қойын Африка, Армения, Грузия арқылы Азияда қолға үйретілген күйде әкелінген. Сондықтан қойдың қолға үйретілуі Африка континентінде, көне Египетте антилоптарды қолға үйретумен қатар, жалы бар қойлардан қолда өсірілген қойларды шығарған жеген болжам негізсіз емес. Өйткені, Сахара өлкесі құмға айналмай тұрып, керемет оазис болған кезден қалған, тасқа қашап салынған суреттер мен солтүстік Африка шығарылған ерекше қой тұқымдары соған меңзейді.
Қ.Сабденов, М. Абдуллаев, Б Құлатаевтардың(5) айтуыншаҚолда өсірілген үй қойлары жабайы қой тұқымдас малдардан үйретіліп шығарылған. Қазіргі кезде Натузус, Северцов, Насонов, Эверсам, Лейдеккер, Кюн, Неринг, Паллас, Келлер және тағы басқа ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесінде мынадай ғылыми тұжырымға тоқтады: дүние жүзіндегі барлық қойлардың шыққан тегі қазіргі кезде табиғи жағдайда өмір сүріп жатқан муфлон, арқар, арғали және жалы бар жабайы қойлар. Бұлардың бәрі де қойменен шағылысқанда жақсы ұрпақ береді.
Муфлон - бұл жабайы қойлар, қазіргікезде Жерорта теңізініңСырдария, Корсика аралдарында, күнгей Кавказдың таулы аудандарында, Иран, Түркия тауларында өмір сүреді. Муфлондар жүрдек, таудың қолайсыз жағдайына төзімді, дене бітімі берік болып келеді. Түр-түсі қызғылттау, қоңыр-қошқыл қылшық жүнді, өте қатты болып келеді, оның астында өте жіңішке түбіт жүні болады. Салмағы шағын, қошқарлары 60-70 кг тартады. Муфлоннан Доман, Шотлан т.б. қысқа құйрықты қой тұқымдары таралған деп есептелінеді.
Арқар - Арал және Каспий теңіздері аралығындағы үстіртте, Қазақстанның, Орта Азия таулы аймақтарында кездеседі. Ұзын жіңішке құйрықты және ұзын майлы құйрықты қой тұқымдарының арғы тегі осы Арқар болып есептелінеді. Арқар муфлоннан ірілеу салмағы 80-85 кг дейін тартады. Қылшық жүннің астында түбіт өседі, түр-түсі қызғылт-қошқыл болады.
Арғали - құйрықты қойлардың арғы тегі, қазіргі жабайы қой тұқымдарының ең ірісі. Тірілей салмағы 180-200 кг, ал аса ірілері 240 кг-ға дейін барады. Орталық Азия, Суібір тауларында, Сары-арқа, Ұлытау, Жоңғар тауларында кездеседі. Құлжасының мүйізі үлкен, түбі жуан, дене түсі сұр, бурыл, қылшық жүнді болып келеді.
Жалы бар жабайы қойлар - Солтүстік Африкада әлі де жабайы түрде өмір сүреді. Олар өте ірі, биік, денесі мықты, басы ұзынша, маңдайы жалпақ, мойны қысқа болып келеді. Ерекшелігі мойнының астыңғы жағында және алдыңғы аяқтарында ұзын жалы түсіп тұрады. Африкада өсірілетін қойлардың арғы тегі деп есептейді.
Ең басты биологиялық тұжырым - осы табиғатта бар жабайы қойлардың барлығы да үй қойларының қай қайсысымен шағылыстырса да өміршең ұрпақ береді. Ал, ешкі жабайы қой тегімен шағылыстырғанда ешқандай да ұрпақ бермейді.
Е. Б. Эйдегивичтің(8) сипаттауынша Қой тегінің қазіргі табиғатта бар түрлері мен нәсілдерінің барлығына тән келбетінің сұлулығы, денесінің мықтылығы, аяғының еттілігі, басының кішілігі және сүйектілігі, көзі ашық, құлағы тік, қысқа құйрығы, қысқа аталығының мүйізі үлкен және артына қайырылған. Ал аналығының ішінде мүйізсіз тоқалдары да кездеседі.
Жабайы қойдың жүндері аса терең зерттелмеген. Негізі олардың денесінде өсетін түктің екі түрі бар. Ұзын болып өсетін қылшықты және төменгі жағында өсетін түбіт жүнін ажыратады. Олардың қатынасы өзгеріп тұрады. Қыста жүндері қалыңдай түссе, жонға қарай түлейтін кездері де болады. Жүндерінің түсі мал түрі мен нәсілдеріне қарай әр түрлі яғни көбінесе қоңыр, қызғылт болып келеді. Бүйірі мен қабырғасында ақшаң, бозғылт түстілері де кездеседі. Бір қылшықтың ұзына бойы әр түрлі болып та келеді. Астыңғы жағы боз-сары және оның ұшы қара болатыны да бар. Сондықтан, қозылар қара болып туып, өсе келе қоңыр түске айналады. Бұлардың барлығы да жабайы қойлардың жаратылысынан өміршеңдігін, мықтылығын, қоршаған ортаның қатаңдығы мен шұғыл өзгеріске көнбістігін көрсететін құбылыстар.
2.3 Қой тұқымдары туралы түсінік
Басқа мал (жануар) түрлері сияқты қазіргі қолда бар қой тұқымдары жабайы қой тектерін қолға үйрету оны селекциялау арқылы шығарылған. Мал тұқымы жабайы түрлерде кездеспейді. Мал тұқымы зоологиялық емес, зоотехникалық ұғым. Жалпы, мал тұқымы деген ұғым алғаш ХІІ-ші ғасырда малдың жекелеген тобы шығарылып, соларды басқа мал тобын жақсартуға пайдалануға байланысты қалыптаса бастаған.
П.Н. Кулешов (1926) ауыл шаруашылық мал тұқымдарының дамуына байланысты тарихи шолу жасады. Д.А. Кисловский дүние жүзі мал шаруашылығының теориясы мен тәжірибесі жөніндегі кең көлемді деректерді жинақтап, қорытып және П.Н. Кулешовтың пікірлерін құптай отырып, үй малы адам еңбегінің жемісі болып табылады деген ғылыми тұжырымды жақтады. Ол тұқымдардың пайда болуына сыртқы ортаның әсер ететінін мойындаса да шешуші шарт адамның еңбегі мен техникасы деп санады.
Сонымен мал тұқымын адам өзінің белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру үшін көп жылғы ізденіс еңбегі нәтижесінде шығарады. Мал тұқымының басты қасиеттері: шыққан тегінің бірлігі, белгілі бір табиғи және технологиялық жағдайда өсіп-өнуге бейімділігі, тұқымның өзіне тән, шаруашылыққа белгілі болған тиімді қасиеттерінің болуы, сол қасиеттерінің тұқым қуалаушылығы мен белгілерінің өзгергіштігі және қажетті мөлшерде сандық құрамының болуы. Мал тұқымының бұл қасиеттері бір-бірімен тығыз байланысты және себепші, бірін-бірі толықтырып отырады. Жалпы мал тұқымының қалыптасып, талапқа сай дамып отыруының шарттары осы.
Мал тұқымы туралы ғалымдардың берген анықтамалары өте көп. Бірақ, олардың көбі мал тұқымы ұғымының мәнін толық қамтымайды. Бірі оның бірлігіне, тұрақтылығына мән берсе, екіншілері ұқсастығына, үшіншілері біртектілігіне мән беріп жатады.
Көптеген анықтамаларды негізге ала отырып, мал тұқымы деп белгілі әлеуметтік - экономикалық жағдайда адам еңбегі нәтижесінде қалыптасқан, шығу тегі мен тарихы ортақ, тіршілік ортасында талғам - талабы бір, дене құрылысы мен өнімділік ерекшеліктері ұқсас ұрпағына тұрақты түліктің үлкен тобын айтуға болады.
Анықталған тұқымға қажетті малдың саны оның құндылығына, бейімділігіне, өсімталдығына байланысты. Д. А. Кисловскийдің есептеуінше, тұқымның сандық құрамында кем дегенде 4500 аналық, 150 аталық мал басы болуы керек. Қазіргі уақытта тұқымның сандық құрамы әр түлік бойынша, жаңа мал тұқымын бекіткен нұсқауда көрсетіледі.
Тұқым малы, шаруашылықтың негізгі өндіріс құралы болып саналады. Сондықтан мал өнімін молайту, оның сапасын жақсарту қазіргі заман талабына сай озық, мал шаруашылығын ұйымдастырудың алғы шарттары оның тұқымын асылдандыру жұмысын жүйелеу және жоғары өнімді мал тұқымын өсіру болып табылады. Бұл үшін шаруашылықта селекция жұмысын ұйымдастыру тиімді мал тұқымын таңдап алу және олардың нәтижелілігін нақты мал шаруашылығының саласын жоғары дәрежеде тиімді жүргізуді жолға қою.
Қой тұқымы еңбек құралы. Басқа өндіріс салалары сияқты қой шаруашылығында да шикізат бар. Бұл салада шикізат мал азығы: дайындалған жем-шөп, жайылым шөбі, ал еңбек құралы - қой және оның нақты тұқымдары.
Қой шаруашылығында оның алдына қойылып тұрған мақсатқа сай шикізаттан қажетті өнім алу үшін қандай еңбек құралын қолдану керектігін шешу керек. Жоғары сапалы өнімді күш-қуатты, шикізатті аз жұмсай отырып, көп өнім алу үшін ең таңдаулы еңбек құралын пайдалану керек. Мысалы, ет өндіруге қойдың бір тұқымы жақсы болса, ал жүн өндіруге ол тұқым аса тиімді болмауы мүмкін. Міне, сондықтан адамзат еңбек құралдарының сан түрлерін шығарып, оларды ұдайы жетілдіре беруге тырысады. Техника, машина, өсімдік сорты, мал тұқымы болсын бәрібір, осы нәтижеде ізденіс, білім, ғылым, техника дамып, қоғам ілгері өсе береді.
С. Ш.Мырзабеков, А. Ерохиндердің (6) айтуынша Өндірістің, өнеркәсіптің дамуы қой малының әртүрлі өнімдеріне сұраныс тудырып отырады. Соның нәтижесінде жаңа тұқым шығару ізденісі басталады. Осы мақсатта жұмыстың нәтижесінде ХІХ-ХХ ғасырларда бір ғана Ұлыбританияда 30-дан астам жоғары өнімді қой тұқымдары шығарылған. Ал біздің елімізде тек қана ХХ ғасырдың 50-60-шы жылдарында 20 қой тұқымдары шығарылды. Жаңа қой тұқымын шығару жұмысы ешқашан тоқталған емес.
Жер бетіндегі әртүрлі өнімділік бағытытында 600 - ден астам қой тұқымдары өсіріледі. Экономикалық жағынан дамыған мемлекеттерде биязы, жартылай биязы және жоғары сапалы ет алынатын тұқымдар ұстайды.
Мейлінше дамыған елдерде қылшық жүнді қойлар таралған.
Еуропада әлемдік генофондтың 50% құрайтын, 300 тұқым түрі өсіріледі. Көптеген еуропа елдерінде көп тұқымдық мал өсіру өздеріне тән сипат болып табылады. Мысалы, Ұлыбританияда - 50, Италияда - 37, Францияда - 36, Грецияда - 24, Югославия мен Болгарияда - 22 тұқым өсіріледі.
Мал басы сандары тұқымдар бойынша, жартылай биязы жүнді қойлар (49,5%) қылшық жүнді қойлар (38,9%), ал биязы жүнді қойлар тек оншақты ғана елде өсіріледі (11,6%).
Азия елдерінде әлемдік қой бас саны бойынша 39 % көрсетеді. Мұнда 155 қой тұқымы өсіріледі, негізінен (77,8%) жергілікті қылшықты жүнді қойлар, биязы жүнділер 4%, жартылай биязы жүнді - 5 %, жүнсіздер - 10,1% және жартылай қылшық жүнді - 1,4%.
Африка континентінде биязы жүнді қойлар6,4%, негізгі сандық мөлшер жүнсіздер болып табылады (37,6%), қылшық жүнді (47,4%) және жартылай биязы жүнді қой тұқымдары.
Осы Америка континентінде жартылай биязы жүнді қойларды өсірумен айналысады (59,4%), сосын қылшық жүнді қойлар (21,9%), ал биязы жүнді қойлар - 12,5%. Жүнді шет елдерге шығаратын ірі елдер Аргентина, Уругвай, Бразилия және АҚШ.
Солтүстік және Оңтүстік Америкада 25 тұқым түрі оның ішінде 6 биязы жүнді, 16 жартылай биязы жүнді, 1 қылшық жүнді және 2 жүнсіз тұқым түрлері өсіріледі.
Қойдың саны жағынан ең көп өсіретін ел - Қытай (135,0 млн. бас). Онда өсірілетіндер - қылшық жүнді қой шаруашылығы мен қазақ және монғол құйрықты қойлары. Биязы жүнділерден синьцзян мериносы австралия мериносының генотипін қолдану арқылы алған.
Австралия мен Океанияда да жоғары өнімді койлардың жері.Мұнда 24 тұқым өсіріледі, оның 37% биязы жүнді, 42% жартылай биязы, 17% кілемдік бағытта өсірілетін қойлар және 4% жүнсіз тұқымдар өсіріледі.
Австралия жүн өндіруден Қытайдан кейінгі орынды алады. Мал саны 100,0 млн. бас. Мұнда сонымен бірге мериностардың 70% өсіріледі.
Жаңа Зеландия Австралия сияқты жоғары көрсеткіште тұр, себебі тез ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz