Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың мәні


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ . . .

1 ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . .

1. 1. Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері . . .

1. 2 Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың мәні . . .

1. 3 Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделі . . .

2 ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТ ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ . . .

2. 1. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының анықтау және қалыптастыру кезеңдері . . .

2. 2. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижелері . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның әлемдегі озық отыз елдің қатарына ену мен мемлекетте бәсекеге қабілетті, интеллектуалды ұлт қалыптастыру қажеттілігі жағдайында қазіргі үздіксіз білім беру саласына, соның ішінде баланы мектепке дейінгі ұйымдарда оқыту мен тәрбиелеу мәселесіне аса мән беріліп отырғаны мәлім. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси амалы атты Қазақстан халқына Жолдауында - «Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретіндегі мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық, қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрбір балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керектігі» - көрсетілген [1] . Қазақ халық шығармашылығының құралдары бір жағынан ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін арттыруға әсер етсе, екінші жағынан олардың тұлғалық ерекшеліктерінің ұлттық негізде қалыптасуына ықпал етеді. Олай болса, қазақ халық шығармашылығының түрлерін ерте жастағы балалардың ерекшеліктеріне сәйкес саралап, жіктеп, олардың осы бағыттағы мүмкіндіктерін анықтап, пайдаланудың жолдарын айқындап практикаға енгізу қажет. Әрине баланың танымдық белсенділігін дамыту мәселелерін қарастыру бұрынғы кезеңнен-ақ, сонау ежелгі грек философтарынан (Аристотель, Платон, Сократ және т. б. ) бастау алады. Проблеманың өзектілігін талдау мектепке дейінгі ұйымдарда ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытуда қоғамның сұранысы мен педагогика ғылымында оның теориялық және тәжірибелік-эксперименттік негізделуі арасындағы қарама-қайшылықтардың бар екендігін көрсетті, атап айтқанда: - ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту қажеттігі мен оның теориялық негіздерінің зерттелмеуі; - ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытуда қазақ халық шығармашылығы мүмкіндіктерінің жоғары екендігі мен оның практикада жеткіліксіз пайдаланылатындығы; - ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытуда қазақ халық шығармашылығы құралдарын пайдалану қажеттілігі мен оны пайдалану бойынша кешенді бағдарлманың жетіспеушілігі және оны жүзеге асыру формаларының, тиімді әдіс-тәсілдерінің толық зерттелмеуі. Осықарама-қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты «Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытуды теориялық негіздеу, моделін, эксперименттік бағдарламасын жасау және оның тиімділігін тәжірибеде тексеру.

Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі ұйымдарда ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамыту үдерісі

Зерттеу пәні: ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамыту

Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың теориялық негіздері айқындалса, моделі мен оны жүзеге асырудың эксперименттік кешенді бағдарламасы жасалып, оның тиімділігі тәжірибеде тексерілсе, онда ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігі артады, өйткені қазақ халық шығармашылығының айтуға жеңіл ауыз әдебиеті үлгілері, қимыл-қозғалысқа икемді би элементтері, ойы мен денесін дамытатын ойын түрлері, дүниетанымға ықпалы мол қолөнер туындылары олардың қоршаған ортасын тануға құштарлығын арттырып, тілі мен ойын дамытуға тікелей ықпал етеді.

Зерттеудің міндеттері - «ерте жастан дамыту», «ерте жастағы баланың танымдық белсенділігі» ұғымдарының мәнін нақтылау; - қазақ халық шығармашылығының ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытудағы мүмкіндіктерін анықтау және педагогикалық жіктемесін жасау; 12 - ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығы құралдарымен танымдық белсенділігін дамытудың құрылымдық-мазмұндық моделін құру; - ерте жастағы балалардың қазақ халық шығармашылығы құралдарымен танымдық белсенділігін дамытудың кешенді бағдарламасын жасау және оның тиімділігін тәжірибелік-эксперимент жүзінде тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы: қазақ халық шығармашылығы құралдарын бүгінгі таңда ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытуда мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен өзара бірлестікте шығармашылықпен пайдалану рухани жаңғыру жағдайында балалардың тұлғасын ұлттық негізде қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері: тұлғаны дамыту, таным, танымдық белсенділікті дамыту теориясы, жалпы адамзаматтың адамгершілік пен ұлттық құндылықтардың диалектикалық бірлікте болуы туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық ғылымның қағидалары, қазақ халық педагогикасының тұжырымдамалары, мектепке дейінгі білім беру мазмұны мен әдістемесіне қатысты теориялар.

Зерттеу әдістері: теориялық әдістер - философиялық, филологиялық, өнертанушылық, этнографиялық, педагогикалық, психологиялық, ғылыми әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, ғалымдардың еңбектерімен, озық іс-тәжірибелерді жинақтау, саралау, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуге арналған бағдарламаларды талдаумен танысу. Эмпирикалық әдістер - сауалнама, бақылау, әңгімелесу, диагностикалық әдістер, педагогикалық эксперимент, жинақтау, қорыту және нәтижелерді статистикалық өңдеу.

Зерттеудің базасы:

1 ЕРТЕ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ҚҰРАЛДАРЫМЕН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1. Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері

Баланы ерте жастан дамыту мәселесі ежелгі грек философтарының еңбектерінен бастау алып күні бүгінге дейін шетелдік және отандық психология, педагогика ғылымында, соның ішінде мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу саласында өзекті зерттеу мәселесіне айналып отыр. Өйткені адамның тұлғалық дамуының бастауы, соның ішінде танымдық іс-әрекеттерінің негіздері туғаннан үш жасқа дейінгі аралықта қалыптасады. Бұл ойымызға ұсынылып отырған параграфта талдау жасалатын ұлы ойшылдардың, ғалымдардың баланың физиологиялық, психикалық дамуына қатысты айтқан ойтұжырымдары негіз болады. Платон, Аристотель балалық шақтың ерте кезеңіне басым назар аудармағанымен, қоғамда бала тәрбиелеуде осы кезеңді босқа жоғалтқан уақыт деп санайды, олар осы ойларын ерте жастағы балаларды қоғамда тәрбиелеудің жүйесі жоқ екенімен дәлелдейді. Ерте жастағы баланың денесі мен психикасының даму қарқыны жоғары, дегенмен оның барлық ағза мүшелері мен жүйке жүйелерінің құрылысы дамып аяқталған жоқ, сондықтан олардың іс-әрекеті де жетілмеген. Мысалы, жүйке жүйелерінің күші әлсіз, байсалдылығы мен ширақтығы жеткіліксіз, ішкі тежелу үрдістері де жеткілікті қалыптаспаған. Бұл баланың мінез-құлқында көрініс табады. Ол тез шаршап қалады, оның көңіл-күйі тұрақсыз, бұл қыңырлық пен жанжалға себеп болады. Белсенді сергектік ерте жаста бірте-бірте ұзарады. Бұл баланың жүйке жүйесі жетілмегендіктен тез қарқынды даму жағдайында оның шаршап қалуына жол бермейді. Жасы кіші бала тезірек дамиды, жиі әрі көп ұйықтайды. Балалардың жақсы әрі байсалды көңіл-күйі олардың дер кезінде және толыққанды дамуының бірден бір шарты. Балалардың өмірін дұрыс ұйымдастыру, қызықты әсерлер, балалар мен үлкендердің біріккен іс-әрекеті олардың көңіл-күйіне демеу болады. Ерте жаста балалардың даму қарқыны бірдей емес. Бұл салмағы, бойы, отыру мен жүрудегі алғашқы талпыныстары, тістерінің шығуы сияқты дене бітімінің көрсеткіштеріне қатысты. Бұл саладағы медициналық көрсеткіштер әрдайым өзгеріп тұрады. Аталмыш ауытқулар психикалық дамуда да байқалады. Осылайша бір жас тобындағы балалардың бірдей жағдайда тәрбиеленіп жатса да, даму көрсеткіштері жоғары да, төмен де болуы мүмкін. Балалардың дүниеге келген сәтінен бастап бойларында жүйке жүйесінің әр түрлі тұрпаттамалық ерекшеліктері немесе, басқаша айтқанда, темперамент түрлері байқалады, сондықтан бала тәрбиесіне даралық тұрғыдан келген жөн. Кейбір балалар тез елігеді, кейбіреуі баяу, ал енді біреулерінің жүйке үрдістерінің әлсіздігі әр түрлі әсерлерге деген аса сезімталдығымен ұштасады. Көптеген авторлардың зерттеулерін қорытындылай келе, жаңа туған балалардың мінезіндегі алты түрлі басты айырмашылықтарды көрсетуге болады: әртүрлі ынталандыруларға реакциялар диапазоны; жалпы белсенділігінің дәрежесі, қозуы, ұйқы кезіндегі мазасыздануы, барлық жаңалықтарға үйренуі, қолдан алуға ұмтылуы. Мінез-құлықтың бұл белгілері темпераментпен түсіндіріледі. Бұл ерекшеліктер топтамасы ерте жастағы баланың ақыл-ой дамуының тұтастығы мен әрі қарай дамуы үшін негіз ретінде маңыздылығын растайды. Осы кезеңнің сипаттамаларын егжей-тегжейлі қарастыру баланың әлеуетті қабілеттерін барынша толық ашатын болады; оның дамуы мен білімінің жеке траекториясын дұрыс және тиімді түрде қалыптастырады. Ерте дамытудың тамыры - бала өмірінің бірінші жылындағы дене қимылының белсенділігі. Туғанынан бір жасқа дейінгі өмірінде қимылдауға ынталандыру тәсілдеріне үйрету керек. Екінші баланың ой-өрісін кеңейту, тілін дамыту, ал үшінші дәл осы кезде баланы тіпті бәріне:оқуға, жазуға, есепке, шеттілдеріне, шығармашылыққа, музыкаға, гимнастикаға т. б. үйретуге болады екен. Баланың қимылдау белсенділігі оның миының, ойының дамуынан талап етіледі. Бала неғұрлым ертерек еңбектеуді, жүруді, жүгіруді үйренсе, ол ерте оқуды, санауды, ойлауды үйренеді. Соңғы он жылда ғалымдар адам миының жұмыс істеуі туралы көп нәрсе білді. Баланың психикасына ерте әсер ету негізінен балалардың қажеттіліктерін қабылдауды түбегейлі өзгертетіні туралы тұжырым жасалды. А. И. Брусиловский, Т. Н. Овчинникова және басқалар жүргізген зерттеудің нәтижесінде үш маңызды жаңалық ашылды. Біріншіден, ақыл-ой қабілеттерінің дамуы тұқым қуалаушылықтың (генетикалық тұрғыдан анықталған қабілеттердің) және қоршаған ортаның өзара әрекеттестігі арқылы жүреді. Зерттеулер көрсеткендей, гендерде интеллектуалдық қабілеттерін дамытудың күрделі бағдарламасы бар, бірақ ол қалай іске асырылатыны тәрбиелеу (қамқорлық, мадақтау, ынталандыру және оқыту) сияқты сыртқы күш-жігерге байланысты болады. Екіншіден, адамның миы өмірдің алғашқы жылдарында тиісті оқытудан және кез-келген тәжірибеден зор пайда үйренеді. Жақындардың жылы қарымқатынасы мен қамқорлығы баланың биологиялық өмірін сақтап қана қоймай, туындайтын қиындықтарды жеңуге көмектеседі, сондай-ақ адам өміріндегі соңғы стресс пен жарақаттарды сәтті еңсеруге дайындайды. Қамқорлықтың жетіспеушілігі, күтімсіздік, ерте жастағы зорлық-зомбылық болашақта баланың эмоционалдық жағдайына әсер етуі мүмкін. Үшіншіден, алғашқы жылдарда мүмкіндіктер мен тәуекелдер барынша көп болғандықтан, білім алу процесі адамның бүкіл өмірінде жүріп отырады. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту біркелкі болмайды. Адамның өмірлік циклдарын зерттеу барысында, адамның миы оқудың жекелеген түрлеріне өте сезімтал болатын кезеңдер бар екендігі анықталды. Кейбір дағдарыс кезеңдері шығармашылық қабілеттердің қарқынды дамуымен аяқталады. Мысалы, балалар үш жастан он жасқа дейін музыкамен ғана айналысумен әуестенеді. Шет тілін үйренудің ең қолайлы кезеңі туғаннан он жасқа дейін созылады. Ақыл-ой қабілеттерін дамыту спиральды толқындар ұқсайды. Осылайша, әр жас кезеңінде танымдық белсенділіктің мінез-құлық көріністерінің өзіндік формалары болады және оларды қалыптастырудың ерекше шарттары талап етіледі. Оның көзі нәрестенің жаңа эмоцияларды, әсерлерді алудан туған тілегі болып табылады. Физиологтардың, невропатологтардың, перинатологтардың, неонатологтардың зерттеулері дәм сезімі туа біткен сәттен бастап он төртінші аптадан, ал тыңдау жиырмасыншы аптадан басталатынын көрсетті (Әрине, осы тұста жүктілік кезеңінде де анасы арқылы барлық сезімталдық ағзалар дамитындығын жоққа шығаруға болмайды) . Осылайша, өмірдің алғашқы аптасынан бастап бала қоршаған ортадан шыққан әртүрлі әсерлердің (есту, көру, сезу және т. б. ) әсерін сезінеді. Жоғарыда айтылғандардың бәрі ерте жастағы баланың жаңа білімге деген қажеттілігінің бар екендігін айқын көрсетеді, Л. И. Божович өз зерттеулерінде осы мәселелерге көңіл бөле отырып, оны «жаңа әсерлерге деген мұқтаждықтың негізінде туындайтын базалық қажеттілік» деп атады. Алайда ересек адамның көмегігінсіз қоршаған ортаның өзі баланың танымдық белсенділігінің қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмайды. Бастапқыда ересек адам бала білімінің ең маңызды «тақырыбы», оның әсерленуінің ең бай көзі: бала мұқият қарайды, дауысты тыңдайды, интонация жасайды, жылуды сезеді, иіс сезеді. Танымдық белсенділіктің мәнін түсіну үшін оны екі тәсілге бөлуге болады. Бірінші тәсіл танымдық белсенділікті іс-әрекеттің ерекше түрі ретінде қарастыруға негізделген. Танымдық белсенділік іс туындаған сәттегі жеке қозғалысты қалыптастыру, іске асыру, дамыту және өзгерту қызметін қамтамасыз ету ретінде түсіндіріледі. Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін зерттеу жалпы теориялық маңызға ие, өйткені бұл проблема бағдарлық қызметтің жоғарғы түрінің негізгі көзін анықтаумен және «бізге қоршаған ортаға жоғары, шексіз бағдар беретін ғылымды қалыптастыратын» адамның танымдық белсенділігінің бейнесімен байланысты (Павлова Л. П. ) . Әр отбасы ата тегінен келе жатқан кәсібін, өнерін, атқарған еңбегін құрметтеп, оны кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге еткен, бірлесіп атқарған пайдалықоғамдық еңбек барысында адамгершілік қағидаларды қатаң сақтап, дамытып отырған, ұрпағына ақыл-кеңес беріп, ата кәсібін құрметтеп, қалыптасқан дәстүрді жетілдірген. Туыстық, отбасылық қатынастарды бала кезінен қалыптастырған. Танымдық белсенділік - қандай да бір жаңалықты білу құштарлығы - баланың өмірге табысты бейімделуін қамтамасыз ететін маңызды шарттар. Ерте жастағы балалық кезінде, әсіресе, үш жаста бұл барынша анық байқалады. Сондай-ақ баланың әлемді тануды шешудегі ересектер алдындағы міндеттер де тоқталмайды. Бір жастағы баланың танымдық белсенділігіндегі басты объектісі анасы болады. Ерте жаста негізгі іс-әрекет құралдық-амалдық қызмет болғанда, өзара қарым-қатынас үдеріснде, ересектермен біріккен іс-әрекетте танымдық белсенділік заттық әлемді үйренуге бағытталады.

1. 2 Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың мәні

Танымдық даму ерте жастағы балаларды жалпы дамытудың маңызды өлшемі болып есептеледі. Танымдық даму арқылы психикалық үдерістердің прогрессивті сапасы мен сандық өзгерістерін дәстүрлі түрде түсінеді. Ерте жастан тану танымдық белсенділік өз бетінше қалыптасатын сезімталдылықты білдірмейді, ол шарттары мен құралдарын анықтауға байланысты балалардың танымдық белсенділігін қалыптастыруға ықпал ететін, осы процестің тиімді өтуіне бағытталған арнайы ұйымдастырылған жұмысты талап етеді. Бұл жерде сөз баланың білімі туралы емес, оның танымдық дамуы туралы екенін айта кету керек. Біз ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымыен дамытудың компоненттерін үшке бөліп анықтадық: қажетсіну-құштар болу, байқап-білу, үйреніп-жасау. Қажетсіну-құштар болу компоненті балалардың танымдық қажеттіліктерін: қызығушылығын, құштар болуын, таңдамалы танымдық ісәрекетін көрсетеді. Ерте жастағы баланың танымдық қызығушылығына байланысты біз олардың жаңа нәрселерді үйренуді, түсініксіз заттарды анықтауды, шындықтың құбылыстарын, олардың мән-мағынасына тануды, олардың арасындағы байланыстарды және қарым-қатынастарды табуды қалайтынын байқаймыз. Танымдық белсенділік - адамның ең маңызды сапалары: қоршаған әлемді тек биологиялық және әлеуметтік бағдар мақсатында ғана емес, адамның әлемге елеулі қатынасы негізінде оның алуан түрлілігіне ену мақсатындағы, санасында маңызды аспектілері, себеп-салдарлық байланысы, заңдылықтары, қарама-қайшылықтары көрініс табатын жалпы белсенділік құбылысының маңызды саласы. Ерте жастағы баланың танымдық белсенділігін қазақ халқы шығармашылығы құралдарымен дамытуды тиімді жүзеге асыру үшін модель жасау қажеттілігі туындайды. Танымдық белсенділікті дамытуға әсер ететін факторлардың қатарына қазақ халық шығармашылығы құралдары арқылы баланың сенсорлық тәжірибесін кеңейту, сыртқы ортаны ұйымдастыру, ересектер ортасымен байланыс жасау; ересек ортада балаға үлгі-өнеге болуы, жеке қабілеттерге бағдар беру жатады. Ерте жастағы балалардың интеллектуалды шығармашылығы үшін жеке дамуын және алғышарттарды қалыптастыру - бұл басқарылатын үдеріс. Сондықтан, осы педагогикалық үдерісті басқару үшін біз үш кезеңді бөліп аламыз: мақсаттық, мазмұндық-іс-әрекеттік, .

1. Бірінші - мақсаттық кезеңі. Бұл кезеңнің негізгі мазмұны ерте жастағы балалардың танымдық алғышарттарын дамытуды талдау болды. Осы мақсатта біз өлшемдер мен әдістерді анықтадық, ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігінің алғышарттарын қалыптастырдық. Мақсатты белгілеу эксперименталды жұмыстың мақсатын, оның міндеттері мен сатыларын қалыптастыруды, түсінуді; педагогикалық үдерістің қатысушыларын ұйымдастыру мен үйлестіруді жетілдіру мақсатында педагогикалық әсерді жоспарлауды қамтиды.

2. Екінші басқарудың мазмұндық-іс-әрекеттік кезеңі мыналарды қамтиды: балаларды ерте дамыту орталығы жағдайында педагогтар мен балалардың, атааналардың бірлескен шығармашылық белсенділігін ұйымдастыру бағдарламасының мазмұнын енгізу; педагогикалық үдерісті басқару; «Сәби танымы» бағдарламасын меңгеру барысында педагогикалық үдеріске қатысушылар арасындағы түзету және өзара түзету; балалар мен ата-аналардың шығармашылық іс-әрекетінде белсенді жұмыс жасау - бұл үлгінің мазмұнын жүзеге асыру.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бала дамуында туындаған мәселелерді ескерту
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдарын айқындау
Дәстүрден тыс сурет салу арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Балалардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамыту әдістері
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалар
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Мектеп жасына дейінгі ересек балалардың бейнелеу өнерін дамытудың әдістері мен тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz