Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері зерттеген ғалым еңбегін ғылыми тұрғыдан зерделеу


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ

Жұмыс қорғауға жіберілді:

Тарих және қоғамдық пәндерді оқыту әдістемесі

кафедрасының меңгерушісі, т. ғ. к., профессор

Ж. Нұрманбетқызы

«» 2017 ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «Ж. Қасымбаев - тарихшы, ұстаз, ғалым»

Мамандығы: «5В011400-Тарих»

Орындаған: О. Зейнелгабдылов

Ғылыми жетекшісі:

PhD докторы, аға оқытушы К. М. Рүстем

Алматы, 2017

Логотип_дурысы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРИХ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ПӘНДЕРДІ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ

«Бекітемін»

Тарих және қоғамдық пәндерді

оқыту әдістемесі

кафедрасының меңгерушісі,

профессор

Ж. Нұрманбетқызы

«» 2017 ж.

Дипломдық жұмысқа

ТАПСЫРМА

Студент Зейнелгабдылов Олжас Ерлановичтің университет ректорының « 02» қараша 2016 ж. №03-01-01-03/18 бұйрығы бойынша « Ж. Қасымбаев - тарихшы, ұстаз, ғалым » тақырыбында дипломдық жұмысы бекітілді.

Дипломдық жұмысты аяқтау мерзімі «» 2017 ж.

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

1) Кіріспе

2) Ж. Қасымбаевтың өмір тарихы мен ғылыми-педагогикалық қызметі

3) Ұлағатты ұстаз Ж. Қасымбаевтың өмірлік тағылымы

4) Ж. Қасымбаев - педагог және ғалым

5) Қазақ тарихы және Ж. Қасымбаевтың тарихи мұрасы

6) Ж. Қасымбаевтың тұлғатануға қосқан үлесі

7) Қазақстан қалалары тарихы - Ж. Қасымбаев зерттеулерінде

8) Ж. Қасымбаев зерттеулеріндегі Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері

9) Қорытынды

Негізгі әдебиеттер тізімі:

  1. Байпақов К. М. Тарих ғылымдарының докторы Ж. Қасымбаевтың ғылыми, педагогикалық және қоғамдық қызметі туралы қысқаша очерк // Жанұзақ Қасымбаев: Биобиблиографиясына мәліметтер / Құрастырған: Г. К. Кенжебаев, Т. Т. Далаева, Б. Берлібаев. - Алматы: Издательский дом «Наш Мир», 2002. - 19 б.
  2. Омарбеков Т., Берлібаев Б. Тарихтың тамыршысы // Егемен Қазақстан, 2002. - 5 қаңтар. - №4. - 4 б.
  3. Мамыраимов С. Д. Ж. Қасымбаевтың ғылыми-педагогикалық қызметі мен тарихи мұрасы. Тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертациясы. - Алматы, 2007. - 164 б.
  4. Бакирова Ж. С. Профессор Ж. Қ. Қасымбаевтың Қазақстан тарихын оқытуда атқарған игі істері //Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы. Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар сериясы. - Алматы, 2014. - №4(43) . -158-159 б.
  5. Мамырайымов С. Д. Ж. Қасымбаев - тарихшы, педагог және ғылыми ұйымдастырушы //Қазақстан жоғары мектебі, 2006. - №1. - 194 б.
  6. Байпақов К. М. Отан тарихы ғылымындағы дара тұлға //Алаш, 2006. -№6. - 136 б.
  7. Қасымбаев Ж. Қазақстан тарихының оқыту жайы және оның қиыншылықтары // Қазақстан жоғары мектебі, 1996. - №1.
  8. Алдаберген М. Н., Бексейтова А. Т., Кушпаева А. Б. Ж. Қ. Қасымбаев - Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихын зерттеуші //«Отан тарихының әдіснамасы мен тұжырымдамасының өзекті мәселелері» атты «Қасымбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары. - Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2010. 41-43 б.
  9. Төлебаев Т. Ә. Ж. Қ. Қасымбаев ХІХ-ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы қалалар мен керуен саудасы туралы // «Өңір тарихы: Тәуелсіз Қазақстандағы зерттеудің негізгі бағыттары және тәжірибе» атты «VIII Қасымбаев оқулары»: Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. - Алматы: «Ұлағат» баспасы Абай атындағы ҚазҰПУ, 2014. - 10-15 б.
  10. Мамырайымов С. Д. Ж. Қасымбаевтың жас ұрпаққа тарихи білім беру саласындағы қызметі // Отан тарихы, 2005. - №4. - 151-164 б.
  11. Мамырайымов С. Д. Ж. Қасымбаевтың Ақмола қаласы туралы зерттеулері // Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих сериясы. -Алматы, 2006. - №2(41) . - 46-49 б.
  12. Касымбаев Ж. О книге Н. Назарбаева «В потоке истории». Необратимость истории. //Казахстанская правда, 1999 - 19 марта.
  13. Манкеев Н. Б. Ж. Қасымбаев - ұлағатты ұстаз, көрнекті ғалым //Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы. «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы. - Алматы, 2009. - №3(22) . - 15 б.

Дипломдық жұмысты орындаудың

КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ

Іс-әрекет түрлері
Мерзімі
Орындалуы туралы белгі
№: 1
Іс-әрекет түрлері: Зерттеу жұмысының өзектілігін негіздеу.
Мерзімі: Қыркүйек
Орындалуы туралы белгі:
№: 2
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысының тақырыбын бекіту
Мерзімі: Қыркүйек
Орындалуы туралы белгі:
№: 3
Іс-әрекет түрлері: Дерек көздерін жинау және әдебиеттерді іріктеу, оқу зерделеу, өңдеу
Мерзімі: Қазан
Орындалуы туралы белгі:
№: 4
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысының ғылыми аппаратын анықтау
Мерзімі: Қараша
Орындалуы туралы белгі:
№: 5
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысының теориялық бөлімін жазу
Мерзімі: Желтоқсан
Орындалуы туралы белгі:
№: 6
Іс-әрекет түрлері:

Зерттеу нәтижелерін апробациялау:

а) Студенттердің ғылыми конференциясына қатысу;

ә) зерттеу тақырыбы бойынша мақала жазу

Мерзімі: Қаңтар
Орындалуы туралы белгі:
№: 7
Іс-әрекет түрлері: Тәжірибелік-педагогикалық жұмысты ұйымдастыру және өткізу
Мерзімі: Ақпан
Орындалуы туралы белгі:
№: 8
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысының тәжірибелік бөлімін жазу
Мерзімі: Ақпан
Орындалуы туралы белгі:
№: 9
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысын алдын ала қорғау
Мерзімі: Наурыз
Орындалуы туралы белгі:
№: 10
Іс-әрекет түрлері: Баяндама, демонстрациялық материалдарды дайындау
Мерзімі: Сәуір
Орындалуы туралы белгі:
№: 11
Іс-әрекет түрлері: Диплом жұмысын қорғау
Мерзімі: Мамыр
Орындалуы туралы белгі:

Тапсырма берілген күн «» 2017 ж.

Ғылыми жетекші:

PhD докторы, аға оқытушы К. М. Рүстем

Студент: О. Е. Зейнелгабдылов

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . .
3
Кіріспе . . .: І тарау. Ж. Қасымбаевтың өмір тарихы мен ғылыми-педагогикалық қызметі . . .
3: 7
Кіріспе . . .:

1. 1. Ұлағатты ұстаз - Жанұзақ Қасымбаевтың өмірлік

тағылымы . . .

3: 7
Кіріспе . . .: 1. 2. Ж. Қасымбаев - педагог және ғалым . . .
3: 19
Кіріспе . . .:

ІІ тарау. Қазақ тарихы және Ж. Қасымбаевтың тарихи

мұрасы . . .

3: 40
Кіріспе . . .: 2. 1. Ж. Қасымбаевтың тұлғатануға қосқан үлесі . . .
3: 40
Кіріспе . . .:

2. 2. Қазақстан қалалары тарихы - Ж. Қасымбаев

зерттеулерінде . . .

3: 51
Кіріспе . . .: 2. 3. Ж. Қасымбаев зерттеулеріндегі Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері . . .
3: 64
Кіріспе . . .: Қорытынды . . .
3: 75
Кіріспе . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3: 80

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері қоғамдағы жаңа әлеуметтік-саяси және экономикалық шындықтар Қазақстан халықтарының сана-сезімін өзгертуде. Қоғамға, халықтың тарихына көзқарас өзгеріп келеді. Ұлттық сана-сезім, ал сонымен бірге Отанымыздың шыншыл да ақиқатты ғана айтатын тарихына деген, сол тарихты ұлттық мүдде тұрғысынан зерттеп, Қазақстан тарихы ғылымы мен қазақ тарихнамасының дамуына үлес қосқан ғалымдардың еңбектері мен мұраларын танып білуге деген ұмтылыс пен қызығушылық және ынта-ықылас та қауырт өсуде.

Қазіргі кезде тұлғатану ғылымының бір саласы ретінде тарих сахнасында өзіндік із қалдырған, өз мүддесін ұлт мүддесімен ұштастырған Қазақ тарихының қайраткерлерінің өмір жолын олар өмір сүрген қоғаммен байланыстыра зерттеу тарихшы-ғалымдардың арасында, ұлттық тарихқа қызығушы оқырман арасында да сұранысқа ие болып отыр.

Мәселеге осы тұрғыдан қарағанда, көрнекті тарихшы-ғалым, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, қырғыстан тарихшылары қауымдастығының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері, «Парасат» орденінің иегері, 30-ға жуық ғылыми еңбектердің авторы, 600-ден астам баспа еңбектері Қазақстанның, Ресейдің, Башқұрстанның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Қытай Халық Республикасының, Түркияның баспаларында басылып шыққан, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың өмірін, ғылыми мұрасын зерттеу қазіргі тарихи қоғам талабы болып табылады. Осының бәрі зерттеуіміздің өзекті, әрі сұранысқа ие тақырыпқа арналғандығын аңғартады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Тақырыптың басты мақсаты - Отан тарихының күрделі мәселелерін зерттеген тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбаевтың өмір жолын, ғылыми мұрасын қарастыра отырып, өзі өмір сүрген қоғамның оның шығармашылығына қалай әсер еткендігі, қоғамдық істерінің маңызы туралы, ғылыми еңбектерінің тарих ғылымындағы алған орнын, Қазақ тарихының өзекті мәселелерін зерделеген ғалымның еңбектеріне ғылыми баға беру.

Осы мақсаттан шыға отырып, алдымызға төмендегідей міндеттер қоямыз:

1. Ж. Қасымбаевтың өмір тарихы мен ғылыми-педагогикалық қызметі жүйелі зерттеу;

2. Ж. Қасымбаевтың тарихи мұрасы - өлшеусіз қазына екенін айшықтау;

3. Қазақ тарихы және Ж. Қасымбаевтың тарихи мұрасын зерделеу;

4. Отандық тарих ғылымының өзекті мәселелері зерттеген ғалым еңбегін ғылыми тұрғыдан зерделеу.

Тақырыптың деректік қоры. Тақырыптың деректік негізі ретінде мұрағат құжаттарында сақталған, мерзімді баспасөз беттері мен баспа беттерінде жарияланған ғалым-ұстаз Жанұзақ Қасымбаевтың ғылыми еңбектері жұмысымыздың негізгі дерек көзі болып табылады.

Дипломдық жұмыс жазу барысында Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде сақталған Ж. Қасымбаевтың жеке мұрағатының №1О/К қорларының құжаттары қолданылды.

Сонымен бірге ҚР ҰҒА академигі Т. С. Садықовтың бас редакторлық етуімен «Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қазақстан ғалымдары мен педагогтарының библиографиясына мәліметтер» сериясымен 2001 жылы жарық көрген «Жанұзақ Қасымбаев» атты жинақ кеңінен пайдаланылды.

Сондай-ақ, ғалымның әр жылдары Қазақстан баспаларынан басылып шыққан ғылыми-зерттеу еңбектері сарапқа салынды. Қазақ және орыс тілдерінде жарық көрген Ж. Қасымбаев еңбектері ғалымның қызметінің негізгі кезеңдерін айқындауға, автордың тарихи мұраларын тақырыптық жағынан жүйелеуге мүмкіндік берді.

Тақырыптың зерттелу деңгейі: Ғалым-ұстаз Ж. Қасымбаев туралы ғылыми-зерттеу еңбектері туралы бірқатар мақалалар жарық көргенімен, ғалымның тарихи мұралары жайында арнайы жүргізілген кешенді зерттеу жұмысы С. Д. Мамраимовтың «Тарихшы Жанұзақ Қасымбаевтың педагогтік қызметі мен ғылыми мұрасы» атты 2007 жылы қорғалған диссертациялық жұмысын айтуға болады. Дегенмен әр жылдары Ж. Қасымбаевтың еңбектері туралы өз пікірлерін ортаға салған отандық авторлар аз емес.

Атап айтқанда, Жанұзақ Қасымбаевтың мерейтой қарсаңында жарық көрген «Жанұзақ Қасымбаев» атты жинақта (бас редактор: ҚР ҰҒА акдемигі Т. С Садықов, құрастырушылар: тарих ғылымдарының кандидаттары Г. К. Кенжебаев, Т. Т. Далаева, Б. Берлібаев) Жанұзақ Қасымбаевтың тарихшы-ғалым ретіндегі қызметінің басты кезеңдері туралы мәлімет, ҚР ҰҒА академигі К. М. Байпақовтың қазақ және орыс тілдерінде жазылған Жанұзақ Қасымбаевтың ғылыми-педагогикалық қызметі туралы қысқаша очеркі, Жанұзақ Қасымбаевтың еңбектері туралы әдебиеттер тізімі, Жанұзақ Қасымбаевтың редакциясымен жарияланған еңбектер, Жанұзақ Қасымбаевтың ғылыми басшылығымен дайындалған диссертациялар және бірлесіп жазған авторлар тізімі берілген.

ҚР Мемлекеттік орталық музейі қор сақтау тобының жоғары дәріжелі қор сақтаушы маманы М. А. Әзмұханованың «Қастеев оқулары» ғылыми-практикалық конференциясында жарияланған «Биография и личный комплекс доктора исторических наук, профессора Касымбаева Ж. К., хранящийся в фондах центрального Государственного музея Республики Казахстан» атты мақаласында Жанұзақ Қасымбаевтың өмірбаяны және жеке заттары туралы, бұрын көпшілікке белгісіз болған жайттар туралы жан-жақты айтылған.

Академик К. М. Байпақов Ж. Қасымбаевтың мерейтойы қарсаңында ҚазҰУ-дың Хабаршысында жариялаған «Отан тарихы ғылымындағы дара тұлға» атты мақаласында Ж. Қасымбаев туралы, оның қоғамдағы қызу талқыға салынған еңбектері және қоғамдық істері туралы баяндайды.

2005 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеттің Тарих факультеті мен «Отан тарихы» кафедрасының бастамасымен «Отандық тарихты зерттеп, оқытудың теориялық-әдістемелік және нақты тарихи мәселелері. Қасымбаев оқулары» деген тақырыпта өткізіліп келге жатқан Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар Ж. Қасымбаев еңбектеріне қазіргі көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік берді.

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың аға оқытушысы Р. Р. Оспанованың ҚазҰПУ Хабаршысында «Ж. Қ. Қасымбаевтың Қазақстан қалалары тарихын зерттеудегі қызметі» туралы баяндай келе, Ж. Қасымбаевтың Ақмола және Семей қалаларының тарихы туралы жазған еңбектеріне жан-жақты талдау жасайды.

Профессор Ж. Қасымбаевтың 60 жасқа толу мерейтойына орай тарихшы С. З. Нарматовтың ғылыми-педагогикалық «Ар» журналында (орыс тілінде жарияланған) «Ученый и педагог» атты мақаласында ғалымның ғылыми көзқарасы мен зерттеулеріне баға берілген.

С. Д. Мамырайымовтың «Қазақ тарихы» журналында жарияланған «Қасымбаевтың Кенесары туралы зерттеулері» атты мақаласында Қасымбаевтың Тұлғатануға қосқан үлесі, Кенесары көтерілісінің Ж. Қасымбаев еңбектеріндегі сипатталуы талқыланған.

Сонымен қатар, «Отан тарихының әдіснамасы мен тұжырымдамасының өзекті мәселелері» атты «Қасымбаев оқулары» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары, «Қазақстан жоғары мектебі», «Қазақ тарихы», «Отан тарихы», «Қазақ Ұлттық университетінің хабаршысы», «Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің хабаршысы» ғылыми-әдістемелік журналдарда Ж. Қасымбаевтың тарихи мұралары туралы деректер берілген

Тақырыптың теориялық-методологиялық негізі: Тақырыптың методологиясы салыстырмалы-тарихи, логикалық талдау, мерзімдемелік, өзектілік, перспективтілік, жүйелілік және тағы да басқа ғылыми-методикалық принциптер басшылыққа алына отырып, жазылды. Әлемде қалыптасып келе жатқан тұлғатану саласының өркениеттілік ұстанымына ерекше көңіл бөлінді. Кез-келген жеке тұлғаның ғылыми мұраларын талдап, талқылау барысында оның ғылым мен мәдениетке, жалпы өркениеттің дамуына қосқан үлесі баса ескерілуі қажеттілігі басты назарға алынды. Оған қоса тақырыпта жасалған тұжырымдар мен айтылған пікірлердің бір-бірімен үйлесім тауып, логикалық жағынан байланысып тұруына айрықша мән берілді.

Тақырыптың ғылыми жаңалығы: Тақырыпта Қазақстанның XVIII ғасыр мен ХХ ғасырдың бас кезі аралығындағы, атап айтқанда, 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейінгі тарихын жан-жақты, тереңдей зерттеген көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Гуманитарлық ғылымдар академиясының акдемигі Ж. Қасымбаевтың тарих-ғалым ретінде қалыптасуы, ғылыми мұралары, тарих ғылымын дамытуға қосқан мол үлесі алғаш рет, жаңаша көзқараспен талданып, тұңғыш рет университет көлемінде арнайы ғылыми-зерттеу тақырыбына айналып отыр.

Жұмыстың құрылымы: кіріспе, 2 тарау, оның ішінде бірінші тарау екі тармақшадан, ал екінші тарау үш тармақшадан және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

І тарау. Ж. Қасымбаевтың өмір тарихы мен ғылыми-педагогикалық қызметі

1. 1. Ұлағатты ұстаз - Жанұзақ Қасымбаевтың өмірлік тағылымы

Есімдерін халқы ардақ тұтатын, ұлы даланың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жолындағы қасиетті күресте бар күш-жігерін аямаған, жандарын пида еткен қайраткерлердің ерлік істерін терең зерттеп, кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдыру жолында қалам тартқан тарихшы-ғалымдардың арасында профессор Жанұзақ Қасымбайұлының еңбектерінің маңызы ерекше, шоқтығы әрқашан биік [1] .

Көрнекті тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Жанұзақ Қасымбайұлы Қасымбаев 1941 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданында (бұрынғы Семей облысы Шұбартау ауданы Баршатас ауылы) дүниеге келген.

Ғалымның туған жері Аягөз өңірі - қазақ тарихында бұрыннан белгілі, өзіндік шежіресі мол аймақ. Жиырмасыншы ғасырдың бас кезінде атақты Құрбанғали Халид өзінің «Тауарих Хамса» («Бес тарих») атты кітабында: «Аягөз - өскен жеріміз, Найман - жүрген еліміз», - деп тіліне тиек еткен Аягөз өңірінің тарихы сонау көне замандардан басталатыны о бастан-ақ белгілі. Қазақ халқы тарихында болған айтулы оқиғалар ұштығының бұл өңірге соқпай кеткені некен-саяқ. Бүкіл еліміздің елдігі мен ерлігіне сын болған қазақ-жоңғар шайқасының шешуші ұрыстарының осы өңірде өткенін ерекше айтуға болады. Бұл аймақта қазақ халқының Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Би Боранбай, Ботақара, Жауғаш, Шыңғожа, Шақантай, Қазымбет секілді хас батырлары бастаған сарбаздар жеңіске жетіп, 1754 жылы Мамырсу өлкесінің бойында Абылай хан мен Ер Жәнібектің қатысуымен тарихта белгілі Қандыжап бітімі жасалды.

Төсіне Қозы Көрпеш - Баян сұлу күмбезін қондырып, төскейінде хас батырлар тұлпарларының тұяғы дүбірлеген Аягөздің қалыптасу кезеңі 1831 жылдан басталады. Аягөз округінің орталығы Сергиопольдің негізі 1860 жылы қаланды. Аягөз округін басқарған алғашқы аға сұлтандардың арасында Барақ төре Солтабайұлының есімі ерекше аталады [2, 159 б. ] .

Сондай-ақ, Аягөз - атақты Ф. М. Достоевский, И. П. Семенов Тянь-Шаньский, Ш. Уәлиханов, А. Янушкевич, А. Гейбович секілді ұлы тұлғалар ат басын тіреген өлке.

Осы тұрғыдан алғанда, поляк революционері А. И. Гейбовичтің бастамасымен 1859 жылы Сергиопольде орыстың ұлы жазушысы Ф. М. Достоевскийге арналған мұражайдың ашылуы - бұл өңір тарихындағы айтулы оқиғалардың бірі болып саналады.

Міне, осындай атақ-даңқымен тарихта әйгілі Аягөз өңірінің түлегі Жанұзақ Қасымбаевтың шыққан тегі Шұбартау өңірін мекендеген Абақ Керей ұрпағы.

Жанұзақ Қасымбаевтың шығу тегі Керей, оның ішінде Абақ Керейден - Жастабан, Бегімбет, Бекназар, Құбайберді, Жаушақар, Шақантай (Еңке), Құлбарақ, Кітат, Собықан, Қасымбай, одан Жанұзақ тарайды.

Әкесі Собыханов Қасымбай, стахановшыл, елді азық-түлікпен қамтамасыз етудегі ерен еңбегі үшін, 1941 жылы КСРО ет және сүт министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. 1942 жылы майданда қаза тапты. Анасы Собыханова (Рашаева) Қайшағай - өмірінің басты кезеңінде қара жұмыста еңбек етіп, зейнеткерлікке шығып 1977 жылы дүниеден озған.

Қаршадайынан өмір тауқыметін басынан кешірген Ж. Қасымбаев бес жасынан еңбекке араласып, анасымен бірге өмір мектебіне төселді.

1949-1959 жж. ол Баршатастағы С. М. Киров атындағы орта мектепте білім алды. 1928 жылы ашылған мектепте кейіннен Қазақстан Республикасының ғылымы мен мәдениетіне сүбелі үлес қосқан бірқатар абзал жандар оқыды. Олар: О. Хаймолдин, Б. Жылысбаев, Е. Рахмадиев, Т. Шойынбаев, М. Рашев, М. Мағауин, Х. Әдібаев, Н. Рымғалиев, К. Ыбраев, К. Ахманбаев, Т. Тілеуханов, т. б.

Соғыстан кейінгі жылдарда алшақ қазақ өңірлері енді ғана жоғары оқу орнын тәмамдаған оқытушылармен қамтамасыз етіле бастағанда, осы бір шалғайдағы оқу орны барлық дерлік пәндерден жоғары педагогикалық, тіпті университеттік білімі бар мұғалімдермен толықтырылған еді. Болашақ тарихшының білім деңгейіне де осы жағдайдың тікелей әсер еткені айғақ.

1959 жылы Ж. Қасымбаев Алматыдағы П. И. Чайковский атындағы музыкалық училищесінің «Баян» бөлімінде білім алды. 1959-1960 жж. талантты жастың С. М. Киров атындағы университеттің тарих факультетінде тыңғылықты білімге тартылуы, оның келешектегі ғылыми-педагогикалық деңгейінің жетіле түсуін мейлінше нығайтты [3] .

1965 жылы ол кезде С. М. Киров есімімен аталған қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің тарих факультетінің толық курсын тарих мамандығы бойынша жақсы және үздік бағалармен бітіріп шықты. Мемлекеттік емтихан комиссияның 1965 жылғы 25 маусымдағы қарары бойынша Ж. Қасымбаевқа - тарих және қоғамтану мұғалімі деген біліктілік берілді және Қазақ КСР тарихы бойынша мемлекеттік емтиханды «өте жақсы» деген бағаға тапсырып, «Семей қаласының тарихы» деген тақырыпта диплом жұмысын да үздік қорғап шықты.

Университет мұрағатында сақталған құжаттардағы тарихи деректерге қарағанда, Ж. Қасымбаев өзінің болашақ ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағыт-бағдарын студент кезінен-ақ айқындап, таңдап алғаны байқалады [2, 161 б. ] .

1964 жылы ол «Семей қаласының тарихы (Негізінің қалануы және дамуы) » атты баяндамамен Самарқанд қаласындағы Бүкілодақтық университетаралық студенттік конференцияға қатысқан болатын [4, 6 б. ] .

Қазақтың С. М. Киров атындағы мемлекеттік университеті тарих факультетінің деканы, доцент С. М. Кенжебековтың 1965 жылғы 21 қаңтарда Қазақ Мемлекеттік архивіне жолдаған сұраныс хаты, сондай-ақ, архив басшылығының тиісті құжаттармен жұмыс істеуге рұқсат беруі негізінде аталған университеттің 5-курс студенті Ж. Қасымбаев «Семей қаласының төңкеріске дейінгі тарихы» атты тақырыптағы диплом жұмысын жазып шықты.

Ж. Қасымбаев бүгінгі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті тарих факультетінің студенті болып білім алып жүрген кезінен Е. Бекмаханов, М. Ахынжанов, С. Кенжебаев, Г. И. Семенюк, М. Даришев, Ә. С. Такенов, С. К. Жақыпбеков, Т. Ә. Найзағарин және басқа тамаша педагогтардың лекцияларын тыңдап, олардан тарихи білім нәрімен сусындады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Уақыт және тарих
Сәрсен Аманжолов - әдеби тіл тарихын зерттеуші ғалым
Ұлттық мерзімді басылымдардың Қазақстан тарихының өзекті мәселелеріне жаңа көзқарасты қалыптастырудағы рөлі: тарихнамалық талдау (1985-2005 жж.)
Ресейде жарық көретін Наука Сибири мерзімді басылымының 1990 жылғы
Сәрсен аманжолов өмірі
Ұлттық тарихи білімнің даму кезеңдері мен бағыттары
Қaзaқcтaнның Ресейге қосылу тaрихының тaрихнaмacын зерттеу
Түркілер дәуіріндегі түрлі мәдени байланыстар
Қазақ фольклортану ғылымындағы «Манас» жырының зерттелу тарихы
Қазақстан тарихы ғылымы тәуелсіздік жылдарында (1991-2008 жж)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz