Шикізаттар мен дайын өнімге арналған қоймалар


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

С. АМАНЖОЛОВ АТЫНДАҒЫ ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ФАКУЛЬТЕТІ

Реферат

Тақырыбы : Шикізаттар мен дайын өнімге арналған қоймалар

Орындаған : Насыр Яссира

Қабылдаған : Қалнұр Ержанқызы

Өскемен қаласы

2020жыл

Мазмұны

Кіріспе

1. Негізгі бөлім

1. 1 Шикізаттар мен дайын өнімге арналған қоймалар

1. 2 Шикізат қоры туралы мәліметтер

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Құрама жем зауыттары үздіксіз жұмыс істеп, тұтынушыға қажет өнім түрлерін шығаруы үшін шикізаттың барлық түрлерінің белгілі қоры болуы керек, оны жүйелі түрде толтырып отырады және күнделікті жөнелтіп отыратын дайын өнімнің де қоры болуы керек.

Шикізаттардың сапа көрсеткіштері мемлекеттік стандартқа және әрекет ететін нұсқауларға сәйкес зертханаларда анықталады. Өндіріс бойынша шикізатты есепке алу ішкі операцияға және даяр өнімдерді жіберу нұсқауына сәйкес жүргізіледі; бұл жағдайда шикізаттың түсуі және даяр өнімдерді жіберу барлық өндірістерге бірдей тағайындалған 1210 формамен жүргізіледі. Шикізатты қоймадан өндірістік орынға жіберу, шикізатты қайта өңдеу және даяр өнімдерді өндіріс қоймасына жөнелту жалпыға бірдей бекітілген есептеу жүйесімен орындалады.

Шикізаттар мен дайын өнімге арналған қоймалар

Құрама жем зауыттары үздіксіз жұмыс істеп, тұтынушыға қажет өнім түрлерін шығаруы үшін шикізаттың барлық түрлерінің белгілі қоры болуы керек, оны жүйелі түрде толтырып отырады және күнделікті жөнелтіп отыратын дайын өнімнің де қоры болуы керек.

Даяр өнімдерді силос типті корпустарда және қоймаларда сақтайды. Даяр өнімдерді сақтау қоймаларының сыйымдылығы өндірісте есептелінеді, оның көлемі шамамен зауыттың 5 тәуліктік жұмысын қамтамасыз етуі қажет.

Шашыранды құрама жемді сақтауда 1-2 силос бос болуы қажет, ол профилактикалық шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.

Өнімдерді қаптап сақтауда қапты тігетін машинасы бар таразы аппараттарымен жабдықталады.

Өнімдерді қоймаға жайғастыруда, көліктерге тиеуде олардың тазалығын, жарамдылығын анықтайды, санитарлық ережеге жауаптылығын тексереді.

Әр түрлі рецеппен жасалған құрама жемді бір вагонға, кеменің жүк таситын бөліміне немесе автокөлікке шашыранды түрінде тиеуге болмайды.

Силостар және қоймалар даяр өнімді вагондарға, автокөліктерге және арнайы көліктерге тиейтін жабдықтар, қондырғылар және механизмдермен қамтамасыз етілген болуы қажет. Шашыранды құрама жемді, АВҚ және премикстерді тиеуде өзіндік сұрыпталуды болдыратын қалақты тиегіштер және басқа механизмдерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

Әр құрама жем партиясы, АВҚ және премикстердің өндірістен жөнелтілетін сапа көрсеткіші келтірілген куәлігі болуы қажет. Бұл куәлікті арнайы қағазға зертхана жұмыскері толтырады. Куәліктің бір данасы алушыға беріледі, енді біреуі ақы төленетін есеп қағазына тіркеліп, үшіншісі мекемеде қалады.

Шикізаттар құрама жем зауыттарына темір жол вагондары, автокөлік арқылы келеді. Оларды түрлеріне, физикалық қасиеттеріне байланысты силосты типті корпустарға, қапта, цистернада және контейнерде сақтайды. Осыған байланысты құрама жем өндірісінде қолданылатын барлық шикізаттар мен дайын өнімдерді 10 топқа бөледі:

  1. -дәнді дақылдарды- шашыранды күйде силосты корпустарда сақтайды;
  2. -ұншықты шикізаттарды-шашыранды күйде силосты корпустарда сақтайды;
  3. шроттар - шашыранды күйде силосты корпустарда сақтайды;
  4. тамақ өндірісінің жемдік өнімдері, шөп ұны - қапта келсе қапта сақтайды;
  5. минералды шикізаттарды- контейнерлерде сақтайды;
  6. премикстерді- қапта сақтайды;
  7. мелассаны- теміржол, сирек автокөлікпен келеді, сондықтан цистернада сақтайды;
  8. май-бөшкемен, сирек автокөлік цистерналарында келеді, сондықтан оны сақтау үшін бөшке немесе цистерна қолданылады.
  9. дайын өнімдерді- шашыранды және түйіршіктелген күйде силосты корпустарда сақтайды.

Сондықтан көптеген құрама жем құрауыштары мен дайын өнім үшін силосты корпустарды жобалау қажет, ол түсіру-тиеу жұмыстарын механикаландырады.

Дәнді дақылдар, ұншықты шикізаттар, шроттар, түйіршікті шикізаттар мен дайын өнімді сақтау үшін көп жағдайда силосты корпустарды құрастырмалы темірбетоннан жасайды. Силосты корпусты ішкі өлшемі 2900х2900 мм және биіктігі 1200 мм көлемді элементтерден құрастырады. Көлемді элементтерден басқа силос жасау үшін тегіс және бұрышты элементер қолданылады.

Пайдалы сыйымдылық көлемді элементтің ішінде де, сонымен қатар көлемді және бұрышты немесе тегіс элементтердің кеңістігінде пайда болады. Көлемді элементтерді жоспарда шахмат ретімен және қатарына байланысты орналастырады.

Бұндай корпустар силос үсті қабатынан, силос бөлігі мен силос асты қабатынан тұрады. Дәнді дақылдарға арналған силосты корпус бағанының ара қашықтығы 3х3 м бір силос асты қабаттан тұрады. Дәнді дақылдар мен ұншықты шикізаттардың силостарының биіктігін 30м дейін қабылдайды. Бензиннің қалдығы болуы мүмкін шроттарға арналған силосты корпустарды жобалағанда силостың биіктігі 18 м аспауы керек.

Шөп ұнын металды элеватордағы реттелетін газды ортада сақтау туралы тәжірибелер бар. Бұндай элеваторда шөп ұны каротиннің аз шығынымен сақталады.

Құрама жем зауытында силоста әктас ұны және кейбір сусымалдығы жақсы (көлемдік салмағы 1, 2 . . . 1, 6 т/м3) басқа шикізаттарды сақтауды қарастырады. Бұндай шикізаттармен темірбетонды силосты 8, 4 м дейін ғана толтыруға болады, өйтпесе консрукцияның беріктігі жеткіліксіз болып, ол бұзылуға әкеледі.

Дайын өнімге арналған корпусты силостан өздігінен төгілу қондырғысы немесе конвейер арқылы қосымша көтерусіз вагондар мен автокөліктерге тиеу мүмкіндігін ескеріп жобалайды. Сондықтан корпуста колоннасының ара қашықтығы 2х6 м болатын екі, кейде үш силосасты қабаттар жасайды.

28-суретте дайын өнімге арналған қоймадан бірден автокөлікке тиеуге болатын типтік силостық корпустың қимасы берілген. Силостан тиеу және жөнелту үрдістері толық механикаландырылып және автоматтандырылған.

Силосты босату үшін және оған дайын өнім мен шикізаттарды тиеу үшін шынжырлы конвейерлер қолданылады, ал конвейерден босату дистанциялық басқаратын таспалар арқылы жүзеге асады. Шикізаттарды өндіріске жібереді немесе норияға береді. Норияларды корпустың жанына орнатады. Норияларды кейде силостың құрылыстық бөлігін қолданып шахтаға да орналастырады. Бұл жағдайда шығарушы воронканың орнына тегіс еден қойылады.

28-сурет. Қоймадан бірден автокөлікке тиеуге болатын дайын өнімге арналған типтік силостық корпустың қимасы

1- бұрандалы түсіргіш; 2- теміржол вагондарына дайын өнімді тиеуге арналған конвейер.

29-суретте бұрылмалы құбыр арқылы силостан астықты шығаратын типтік силостық корпустың қимасы берілген. Әр силостың шығарушы механизмінде 2, 9х2, 9 м өлшемдегі воронкасы бар. Дәнді дақылға воронка қабырғасының еңкею бұрышы 450, ал ұншықты шикізат, шрот пен дайын өнімге 700 болып қабылданады. Астықты шығару үшін өлшемі 0, 3х0, 3 м ысырмалар орнатылған. Сусымалдығы нашар, воронкаларды бітеп тастайтын шикізаттар мен дайын өнімдер үшін силостан жақсы төгілуі үшін шығаратын қондырғылардың арнайы конструкциялары қарастырылған.

Шикізатты сақтауға арналған қоймаларды көбінесе бірқабатты, сирек екі немесе одан да көп қабатты етіп жобалайды.

Силосты корпустар мен шикізат қоймаларының сыйымдылығын өнімділігі 500 т/тәу зауыттар үшін шикізаттардың мына сақтау мерзімі (күндер) бойынша есептейді:

дәнді дақылдар- 27

ұншықты шикізаттар- 16

шроттар- 31

әктас ұны бордың орнына- 15

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау
Тауарлы - материалдық қорлар ұғымын түсіндіру, теориялық анықтауларды жүйелеп, топтастыру
Материалдық құндылықтар
ҚОРЛАРДЫҢ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тауарлық материалдық қорларды бағалау
Өндірістегі материалдар есебін жетілдіру және талдау
Салмалы қытырлақ нан өндірісіндегі технологиялық жүйе
Тауарлы-материалдық қорларды талдау
Тауарлы-материалдық құндылықтардың ішкі аудиті және талдау
Тауарлы-материалдық қорлар туралы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz