Теодолитті тексеру және түзету


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Сәулет-құрылыс факультеті

C:\Users\User\Desktop\сабақ\logo_w — копия.png

ЕСЕП

Оқу практикасы бойынша

Орындаған: 2- бригада

Бригадир: Осатай С.

Қатысушылар: Амангелдиев С.

Айтжан А.

Айдар Р.

Неспаев А.

Болат Ғ.

Тексерген: Сариева А. С.

Нұр-Сұлтан, 2020 ж.

Мазмұны

Кіріспе . . .

  1. Практиканың өту уақыты және ұйымдастырылу шаралары . . .
  2. Теодолитті тексеру және түзету. Теодолитті жұмысқа әзірлеу . . .
  3. Тұйық теодалиттік жүріс есебі . . .
  4. Тахеометриялық журналын өңдеу; теодолиттік жүрістің планын сызу
  5. Нивелир . . .
  6. Қорытынды . . .

Кіріспе

Далалық геодезиялық практикасы - студенттерді өндірістік геодезиялық практикаға дайындаудағы маңызды кезеңі болып табылады.

Практиканың мақсаты: далалық және камералдық геодезиялық жұмыстармен танысу, «геодезия» пәнінде алған теориялық білімді одан әрі тереңдету мен қорытындылау болып табылады

Далалық геодезиялық практикасы бір жарым айға созылады. Практика барысында практика жетекшісі студенттерді бірнеше топқа, яғни бригадаға бөледі. Әрбір бригада өз ішінен бригадирді сайлайды. Бригадирдің міндетіне:

  • геодезиялық жұмысқа қажетті геодезиялық аспаптарды алу сонымен қатар олардың дұрыс сақталуын және қолданылуын қамтамасыз ету;
  • бригаданың жұмысын ұйымдастыру және сол жұмыстың орындалуын қадағалау, сонымен қатар бригаданың барлық мүшелерін жұмыстырға белсене араластыру;
  • бригаданың жұмыс күнделігін жүргізу;
  • төтенше жағдай болған кезде немесе бригаданың мүшесі ауырып қалған кезде дереу практика жетекшісіне хабар ету;

Далалық геодезиялық практика аяқталуы нәтижесінде әрбір студент төменде көрсетілген қасиеттерді игере білуім қажет:

- жеке жұмыс жасай алу;

- геодезия пәнінде алған ғылыми-теориялық білімімді іс-тәжірибе жүзінде қолдана білу;

- топпен жұмыс істей білу;

- қойылған талаптарды тиімді және уақытында орындай білу;

- белгіленген жерге топографиялық түсіріс жасай алу.

Далалық геодезиялық тәжірибенің тапсырмалары мен мақсаты: жұмыс тәртібін орындауды, курс бойынша теориялық сабақтарда пайда болған сұрақтарға жауап алу, топографиялық және геодезиялық жұмыстарды дара орындауды меңгеру, теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту және оны тереңдету болып табылады.

Тәжірибені өту барысында әр оқушы міндетті түрде геодезиялық құралдармен жұмыс істеуді топографиялық және геодезиялық жұмыстарды дара істеуді, белгілі бір жолдарды қолдануды және жұмыстарды орындау кезіндегі керекті дәлдікке қол жеткізе ауды, кәсіби құзыреттіліктерге ие болуы керек.

Студент міндетті түрде ұқыптылықты, жақсы графикаға және бақылау журналадарын көшіруге болмайтындығын, көшірілген журнал ақау екенін, бақылау және тексеру материалдары көшірілген болса еш құндылығы жоқ екенін, кәсіпорындарда көшіруге тиым салынғандығын түсіну керек. Студент бүкіл жұмысты орындау үрдісін елестете алуы, белгілі жолды қолдану маңыздылығын түсіну керек. Әр жұмыс түрін орындау барысында қандай әдістерді қолдану керектігін, қай әдіспен керекті дәлдікке жетуге болатындығын және қажетті тексерулер мен бақылауларды жүргізе алуы тиіс.

Тәжірибені өту барысында әр студент теодолитті және тахеометриялық түсірістерді, техникалық нивелирлеуді меңгеру қажет. Жұмыс барысындағы бақылау жұрналдарында жазуларды жылдам әрі таза жүргізуді және сондағы есептеулерді дұрыс есептеуді меңгеру керек және жұмыс барысын тиімді пайдалануды, бригада бойынша жұмысты әр адамға бөлу.

1. Практиканың өту уақыты және ұйымдастырылу шаралары

Далалық геодезиялық тәжірибе жұмыстары басталмас бұрын топты 2-3 адамнан бригадаларға бөлінді. Әр бригада ішінен бригадир сайланды. Оқу жоспарына байланысты әр бригадаға күн сайын тапсырмалар берілді.

Тәжірибелік жұмыстарға кіріспес бұрын бригада мүшелерінің арасында міндеттер бөлінді және ол қадағаланды.

Жұмыс түрлері:

1. Еңбек қауіпсіздігі ережелерімен таныстыру.

3. Теодолитті тексеру және оны жұмыс жағдайына келтіруді үйрену.

4. Теодолитті түсіріс жүргізу.

5. Техникалық нивелирлеу журналын өңдеу.

6. Тахеометриялық түсіріс жүргізу. Түсіріс нәтижелерін ғылыми өңдеу.

9. Тәжірибе жұмыстарын өңдеу, сынаққа дайындалу.

10. Сынақтан өту.

Еңбек қауіпсіздігі ережелері

Далалық геодезиялық жұмыстар жүргізетін адамдардың барлығы келесі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек:

1. Далада бас киім киіп жүру;

2. Трубаларға және дым жерлерге отыруға тиім салынады;

3. Қайнамаған су ішуге тиім салынады;

4. Жолдардың бойында жұмыс істеген кезде құралдарды және жұмысшыларды көлік жүріс бойында орналастыруға болмайды;

5. Штатифтарды жиналған түрде иыққа аяқтары төмен қаратылып және нивелирлі рейкаларды тік тасымалдауы тиіс;

6. Құралдардың барлық жиыны жөнделген болуы тиіс;

7. Геодезиялық құралдарды қадағалаусыз қалтыруға болмайды.

  1. Теодолитті тексеру және түзету. Теодолитті жұмысқа әзірлеу

Теодолит - жер өлшеу жұмыстарында, жерді тексеріп шолуда және ірі масштабты съемка жасауда көп пайдаланылатын бұрыш өлшейтін геодезиялық аспап. Оның ең маңызды бөліктеріне: қарау түтігі, градусталған екі-вертикальды (тік) және горизонтальды (жазық) -шеңбері жатады. Сондықтан теодолитпен горизонтальды, вертикальды бұрыштарды бірдей анықтауға болады. Бұл аспап арқылы шырақтың не жердегі нәрсенің горизонталь координаталары, яғни азимут пен биіктігі анықталады. Аспап онша үлкен емес, экспедицияға алып жүруге ыңғайлы. Қазіргі кезде қолданылып жүрген теодолиттер бұрыш өлшеу дәлдігіне, есеп алу құрылғыларының түрлеріне, горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері жүйесінің конструкциясына және атқаратын міндеттері жағынан әртүрлі болып бөлінеді. Горизонталь бұрыштарды өлшеу дәлдігіне қарай теодолиттер 3 топқа бөлінеді:

1. Техникалық Т15К, 2Т30, 2Т30М теодолиттік және тахеометриялық жүрістер мен түсірістерде, сондай-ак жер бетіндегі және жерасты қазбаларындагы маркшейдерлік жұмыстарды атқару кезінде бұрыштарды өлшеуге арналған.

2. Дәл теодолиттер 2Т2-3 және 4 кластық триангуляция мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге арналған, ал 2Т5К- триангуляциялық жүйелер мен 1 және 2 разрядтық полигонометриялық, сонымен қатар, жер беті маркшейдерлік жұмыстарда бұрыштарды өлшеуге арналған.

3. Жоғарғы дәлдікті электронды теодолиттер және тахеометрлер Та2М мен полигонометриядағы бұрыштарды өлшеуге теодолиттің негізгі бөліктеріне толығырақ арналған.

Теодолиттің шартты белгілеріндегі Т әрпі "теодолит" деген аспап атын білдірсе, сол әріптен кейінгі цифр горизонталь бұрышты өлшеудің секундтық орташа квадраттык қателігін білдіреді, мысалы Т5 теодолиті үшін mp-5, ТЗОМ үшін тр=5, ал Л/-деген әріп маркшейдерлік жұмыстарға арналгандыгын көрсетеді.

Кейінгі кезде теодолиттер жаңартылып, 2Т2, 2Т5, 2Т30 тектес болып шығарылуда. Есеп алу тетіктерінің түріне байланысты теодолиттер тағы үш топқа бөлінеді: а) бағалау микроскобы; ә) шкалалы микроскоп; б) оптикалық микрометрлер.

Горизонталь дөңгелектің вертикаль осьтері конструкциясына байланысты қайталанатын және қайталанбайтын теодолиттер болып бөлінеді. Қайталанатын теодолиттерде лимб пен алидада жеке айналады, әрқайсысының қысып коятын және жетекші бұрандалары болады. Оларға ТЗО, 2Т30 теодолиттері жатады. Ал қайталанбайтындарга 2Т30М, 2Т5, 2Т2, т. б. жатады, оларда лимб арнайы күрылғы аркылы керекті жағына бұрылады.

Өлшеудің алдында 4Т 30П теодолиттін мұқият қарап тексереді, себебі әр сериямен шығатын аспаптардың өзіндік ерекшелігі болады. Алғашқы тексерілетіні аспатың барлық бұрандаларының жұмыс істеу қабілеті. лимба мен алидаданың айналасы қажалып, тербеліп қозғалмай, бір қалыппен айналу керек.

Горизонталь және вертикаль бұрыш өлшейтін дөңгелектерде механикалық ақаулар болмау керек, шкаланы және жіптік тордың бейнесі айқын көріну керек. Дүрбі еркін, бір қалыпты айналу керек. Оптикалық тетіктерде шаң мен кір болмауын қадағалау керек. Сыртқы қараудан кейін теодолитті тексеру және түзету басталады.

Горизонтальдық бұрыштарды өлшеу принціпіне сәйкес теодолиттің құрылғысы келесі геометриялық шартты қанағаттандыру керек.

  1. Цилиндрлік деңгейлеуіштің өсі UU теодолиттің айналу өсіне ZZ перпендикуляр болу керек.
  2. Көру дүрбісінің нысаналық өсі VV теодолиттің горизонталь өсіне НН перпендикуляр болуы керек.
  3. Теодолиттің горизонталь өсі НН теодолиттің айналу өсіне ZZ перпендикуляр болу керек.

Қосымша геометриялық шарттар вертикаль бұрышты өлшеудің теориясынан шығады. Аспаптың құрылғыларына талап ететін геометриялық шарттың орындалуын қадағалап отыруға байланысты жасайтын әрекетті аспаты тексеру деп атайды. Бұзылған геометриялық шарттарды қайта орындату арқылы жасалады.

Өлшеу жұмыстарын жүргізу үшін теодолитті нүктенің үстіне қойып, оны жұмысқа әзірлейді. Аспапты толық жұмысқа әзірлеу келесі

істерден тұрады: теодолитті нүктенің үстіне центрлеу аспаты горизонтқа келтіру, дүрбіні бағдарлауға ыңғайлау.

Нүктемен центрлеу деп лимбаның центрінен өтетін теодолиттің вертикаль өсінің бұрыштың төбесімен немесе түсірілетін нүктемен бір тіктеуіш сызықта болатын жағдайды айтамыз. Нүктені центрлеу жіптік тіктеуішпен, оптикалық центрирмен орындалады.

Жіптік тіктеуішпен нүктені центрлегенде тіктеуішті нүктенің үстіне шамалап келетіндей қылып штативпен орналастырады. Одан кейін қондыру бұрандасын босатып, теодолитті штативтің қондырмасында жылжытып, тіктеуіштің үшкір ұшын нүктеге дәл келтіреді, қондыру бұрандасын бекітеді. Нүктені центрлеу дүрбі арқылы да жасалады. Ол үшін арнаулы окулярлық қондарма қолданылады. Дүрбінің обьективін центрлеу кезінде төмен қаратады да, жіптік тордың қиылысын нүктеге дәл әкеледі. Жіптік тіктеуіш ауа-райының желсіз кезінде 5 мм дәлдікпен нүктені центрлейді. Центрлеуді жоғарғы дәлдікпен жүргізу үшін оптикалық центрирлер қолданылады. Оптикалық центрирлер нүктені 0, 5 мм дәлдікпен центрлейді.

Теодолитті горизонтқа келтіру деп оның айналу өсін тік жағдайға әкелу, яғни айтқанда лимба жазықтығын горизонталь дөңгелектегі дұрысталған деңгейлеуіштің көмегімен болады. Ол үшін цилиндрлік деңгейлеуішті, екі көтеру бұрандасының бағытымен орналастырады да, бұрандаларды бір-біріне қарама-қарсы айналдырып деңгейлеуіштің көпіршігін ортаға әкеледі. Аспаптың дұрыс орналасқанын 2-3 рет тексереді, сонда горизонталь дөңгелектің көпіршігі алидаданың кез келген жағдайында дәл ортасында болу керек.

Дүрбіні бағдарлауға ыңғайлау дүрбіні және микроскопты бақылаушының көзімен қою және затпен қою, яғни айтқанда дүрбіні бағдарлайтын нысанамен фокустеу. Дүрбіні бақылаушының көзімен қою окулярлық сақинаны айналдырып, дүрбідегі жіптік торды айқын көру арқылы жасалынады. Ал затпен қою, кремальер бұрандасын бұрау арқылы алыста тұрған бақылайтын нүктені айқын көру арқылы жасалынады.

Теодалит теодалиттік және тахеометрлік жүрістерде бұрыштарды өлшеуге тағайындалған. Жұмыс істеу диапазон температурасы -40 0 тан 50 0 дейін. Теодалит екі нұсқада жасалынады: а) микроскоптын шкаласынын бөлінуі 5 / б) микроскоптын шкаласынын бөлінуі 1 /

4Т 30П теодалитінін маркировкасы:

  • аспап 4-ші жанартылған моделі,
  • Т - теодалит
  • техникалық дәлдік классы 30 секунд,
  • П - тура көру дүрбісімен жабдықталған.

Теодолит 4Т30П

4Т 30П теодалитінің техникалық сипаттамасы

Горизонталь бұрышты өлшеу дәлдігі 20 //

Көлденен бұрышты өлшеу дәлдігі 30 //

Көру дүрбісінің үлкейтілуі, крат 20х

Жіптік дальномердін коэффициенті 100

Лимбанын бөліну саны 1 0

Микроскоп шкаласынын бөліну саны 5 /

Оптикалық центрирдің үлкейтілуі, крат 1, 8х

Центрирдің бұрыштық көру дәлдігі 8 0

Футлярдағы теодалиттін салмағы, кг 3, 8

3) Тұйық теодалиттік жүріс есебі

Тұйық теодалиттік жүріс координаталарын есептеу журналы

Номера станций

Измеренные

углы, 𝛃

Исправленные

углы, 𝛃

Дирекционные углы, 𝛂

l

Длины линий, м

Приращения координат, м

Координаты, м

Вычисленные
Исправленные
º
º
º
ΔX
ΔY
ΔX
ΔY
Х
Y
Номера станций: 1
Измеренныеуглы, 𝛃: 2
Исправленныеуглы, 𝛃: 3
Дирекционные углы, 𝛂: 4
lДлины линий, м: 6
Приращения координат, м: 7
Координаты, м: 8
9
10
11
12
Номера станций: 1
Измеренныеуглы, 𝛃:

118

Исправленныеуглы, 𝛃:

+1

35, 5

Дирекционные углы, 𝛂:

118

lДлины линий, м:

35, 6

Приращения координат, м:
Координаты, м:
Номера станций: 216
Измеренныеуглы, 𝛃: 18
Исправленныеуглы, 𝛃: 108, 72
Дирекционные углы, 𝛂: -
lДлины линий, м: 87, 62
Приращения координат, м: -
Координаты, м: 64, 36
-
87, 60
-
64, 40
-138, 72
+236, 27
Номера станций: 2
Измеренныеуглы, 𝛃:

129

Исправленныеуглы, 𝛃:

+2

00, 2

Дирекционные углы, 𝛂:

129

lДлины линий, м:

00, 3

Приращения координат, м: -226, 32
Координаты, м: +171. 87
Номера станций: 267
Измеренныеуглы, 𝛃: 17’42’’
Исправленныеуглы, 𝛃: 50, 04
Дирекционные углы, 𝛂: -
lДлины линий, м: 2, 36
Приращения координат, м: -
Координаты, м: 49, 98
-
2, 34
-
50. 02
Номера станций: 3
Измеренныеуглы, 𝛃:

96

Исправленныеуглы, 𝛃:

+1

19, 7

Дирекционные углы, 𝛂:

96

lДлины линий, м:

19, 8

Приращения координат, м: -228, 66
Координаты, м: +121. 85
Номера станций: 350
Измеренныеуглы, 𝛃: 57’54’’
Исправленныеуглы, 𝛃: 148, 06
Дирекционные углы, 𝛂: +
lДлины линий, м: 146, 22
Приращения координат, м: -
Координаты, м: 23, 25
+
146, 23
-
23, 29
Номера станций: 4
Измеренныеуглы, 𝛃:

90

Исправленныеуглы, 𝛃:

+1

34, 6

Дирекционные углы, 𝛂:

90

lДлины линий, м:

34, 8

Приращения координат, м: -82, 43
Координаты, м: +98, 56
Номера станций: 80
Измеренныеуглы, 𝛃: 23’06’’
Исправленныеуглы, 𝛃: 104, 71
Дирекционные углы, 𝛂: +
lДлины линий, м: 17, 48
Приращения координат, м: +
Координаты, м: 103, 23
+
17, 49
+
103, 19
Номера станций: 5
Измеренныеуглы, 𝛃:

105

Исправленныеуглы, 𝛃:

+2

29, 3

Дирекционные углы, 𝛂:

105

lДлины линий, м:

29, 5

Приращения координат, м: -64, 94
Координаты, м: +201, 75
Номера станций: 154
Измеренныеуглы, 𝛃: 53’36’’
Исправленныеуглы, 𝛃: 81, 49
Дирекционные углы, 𝛂: -
lДлины линий, м: 73, 79
Приращения координат, м: +
Координаты, м: 34, 57
-
73, 78
+
34, 52
Номера станций:

1

Измеренныеуглы, 𝛃:

118

Исправленныеуглы, 𝛃:

35, 5

Дирекционные углы, 𝛂:

118

lДлины линий, м:

35, 6

Приращения координат, м: -138, 72
Координаты, м: +236, 27
Номера станций:
Измеренныеуглы, 𝛃: 493, 02
Исправленныеуглы, 𝛃: ΣΔX=
Дирекционные углы, 𝛂: ΣΔY=
lДлины линий, м: ΣΔX=
Приращения координат, м: ΣΔX=
Координаты, м:
Номера станций:
Измеренныеуглы, 𝛃:
Исправленныеуглы, 𝛃:

Σβ пр . =539°59, 3'

Σβ теор . =180°(n−2) =540°

fβ=Σβ пр . −Σβ теор . =−0, 7'

доп . =±1, 5tn√=±1, 5∗0, 5′∗5√=±1, 7

f∆x=0, 21f∆y=−0, 07

f абсол . =√ f∆x2+f∆y2=√0, 212+(−0, 07) 2=0, 23

Тұйық жүрісті теодолиттік түсірістің координаталарын есептеу барысы.

Бастапқы деректер үшін α = 216°18′

, X = -138, 72 м Y = +236. 27 м тұйық теодолитті жүрісті өңдеуді орындаймыз.

1. Схемадан координаттар ведомосына полигон нүктелерінің нөмірлерін, өлшенген бұрыштары мен қашықтықтарын жазамыз.

2. Өлшенген бұрыштардың қосындысын есептейдi және полигонның бұрыштарындағы бұрыштық қиыспаушылықты мына формуламен анықтайды:

fβ=Σβ пр . −Σβ теор .

мұндағы

Σβ пр .

- өлшенiлген бұрыштардың практикалық қосындысы;

Σβ теор .

- полигонның iшкi бұрыштарының теориялық қосындысы.

Тұйықталған теодолиттiк жүрicтiң бұрыштарының теориялық қосындысы мына формуламен есептеледi:

Σβ теор . =180°(n−2)

мұндағы n - көпбұрыштың iшкi бұрыштарының саны.

Біздің жағдайымызда, өлшенiлген бұрыштардың практикалық қосындысы:

Σβ пр . =118°35, 5′+129°00, 2′+96°19, 7′+90°34, 6′+105°29, 3′=539°59, 3′

;

Полигонның iшкi бұрыштарының теориялық қосындысы:

Σβ теор . =180°∗3=540°

;

Бұрыштық қиыспаушылық:

fβ=539°59, 3′−540°=−0. 7′

;

3. Определяют угловую предельно допустимую невязку:

доп . =±1, 5tn√=±1, 5∗0, 5′∗5√=±1, 7

мұндағы n - көпбұрыштың iшкi бұрыштарының саны, t - теодолиттің дәлдігі.

4. Егер бұрыштық қиыспаушылықтың шектен аспаса,

fβ≤fβ доп .

онда оны барлық бұрыштарға таңбасын теріс етіп тепе-тең үлестіреді, яғни барлық өлшенген бұрыштарға таңбасының қиыспаушылықтың таңбасы кері етіп түзетулер δ β енгізіледі.

5. Өлшенген бұрыштарды есептелiнген түзетулермен алгебралық қосып, түзетiлген бұрыштарды табамыз.

118°35, 5′+0, 1′=118°35, 6′

129°00, 2′+0, 1′=129°00, 3′

96°19, 7′+0, 1′=96°19, 8′

90°34, 6′+0, 2′=90°34, 8′

105°29, 3′+0, 2′=105°29, 5′

6. Дирекциондық бұрыштарды мына формулалармен есептейміз:

αn=αn−1+180°−β испр .

;

Біздің жағдайымызда:

α1=216°18′

α2=216°18′+180°−129°00, 3′=267°17, 42

α3=267°17, 42′+180°−96°19, 8′=350°57, 54′

α4=350°57, 54′′+180°−90°34, 8′=80°23, 06′

α5=80°23, 06′+180°−105°29, 5′=154°53, 36'

Тексеру:

α1=154°53, 36'+180°−118°35, 6′=216°18

7. Есептелген дирекциондық бұрыштары бойынша румбтарды анықтаймыз:

Біздің жағдайымызда:

r1=216°18−180°=36°18′ ( ЮЗ )

r2=267°17, 42′−180°=87°17, 25′ ( ЮЗ )

r3=360°−350°57, 54′=9°2, 27' ( СЗ )

r4=80°23, 06′ ( СВ )

r5=180°−154°53, 36′ ( ЮВ )

8. Координаталардың өсуін (приращение координат) есептейміз:

∆x=dcosα=±dcosr

∆y=dsinα=±dsinr

Біздің жағдайымызда:

∆x1=108, 72∗cos216°18′=−87, 62

∆x2=50, 04∗cos267°17, 42′=−2, 36

∆x3=148, 06∗cos350°57, 54′=+146, 22

∆x4=104, 71∗cos80°23, 06′=+17, 48

∆x5=81, 49∗cos154°53, 36′=-73, 79

∆y1=108, 72∗sin216°18′=-64, 36

∆y2=50, 04∗sin267°17, 42′′=-49, 98

∆y3=148, 06∗sin350°57, 54′=−23, 25

∆y4=104, 71∗sin80°23, 06=+103. 23

∆y5=81, 49∗sin154°53, 36′=+34. 57



Абсолютная невязка:

f абсол . =f∆x2+f∆y2√=0, 222+(−0, 07) 2√=0, 23

Относительная невязка:

f отн . =f абсол . P≤12000

мұндағы, P - теодолит периметрі;

P=108, 72+50, 04+148, 06+104, 71+81, 49=493, 02

f отн . =0, 23493, 02≤12000

10. Егер салыстырмалы ұзындық қиыспаушылық шегiнен аспаса, яғни шарт орындалатын болса, онда координаталар өсiмшелерiне теодолиттiк жүрicтiң қабырғаларының ұзындығына пропорционал етiп кepi таңбамен түзетулер енгiзiледi.

∆x1 испр . =−87. 62+0, 2=−87. 60

∆x2 испр . =−2. 36+0, 2=−2. 34

∆x3 испр . =146. 22+0, 1=146. 23

∆x4 испр . =17. 8+0, 1=17. 49

∆x5 испр . =-73. 79+0, 1=73. 78

∆y1 испр . =-64. 36-0, 4=-64. 40

∆y2 испр . =-49. 98-0. 4=-50. 02

∆y3 испр . =−23. 25-0, 4=−23. 29

∆y4 испр . =−103. 23-0, 4=−103. 19

∆y5 испр . =34. 57-0. 5=34. 52

11. Бастапқы координаталарын және түзетілген координаталарын біле отырып, мына формулалар арқылы келесі координаталарын табамыз:

Xn+1=Xn+(±∆x испр . )

Yn+1=Yn+(±∆y испр . )

Біздің бригада үшін:

X2=-138. 72−87. 60=-226. 32

X3=-226. 32−2. 34=228. 66

X4=-228. 66+146. 23=-82. 43

X5=-82. 43+17. 49=-64. 94

Y2=236. 27-64. 40=171. 87

Y3=171. 87-50. 02=121. 85

Y4=121. 85−23. 29=98. 56

Y5=98. 56+103. 19=201. 75

Тексеру:

X1=-64. 94-73. 78=-138. 72

Y1=201. 75+34. 52=236. 27

C:\Users\User\Desktop\ca73a305-1ac1-452d-bccb-a9a6681786a2.jpg

4) Тахеометриялық журналын өңдеу; теодолиттік жүрістің планын сызу

  1. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге пайдаланылатын аспап теодолит деп аталады.

Теодолиттер дәлдігі бойынша үш түрге бөлінеді: Т-1 - жоғары дәлдікті;

Т-2; Т-5 - дәл;

Т-15; Т-30; 2Т-30; 4Т-30П; Т-60 - техникалық,

Көлбеу бұрыш өлшеу формулалары:

v = К Л К П 2 v = \frac{КЛ - КП}{2}

Көлбеу бұрыш нольдік орын арқылы есептелінеді: Көздеу өсінің горизонталь жағдайдағы вертикаль дөңгелектің лимбасы және вертикаль дөңгелектің алидадасы бойынша санақтын аты - нольдік орын деп аталады.

М О = К Л К П 2 МО = \frac{КЛ - КП}{2} v = К Л М О v = КЛ - МО

v = М О К П v = МО - КП

Горизонтальдық бұрыштарды өлшеу принципіне сәйкес теодолиттің құрылғысы келесі геометриялық шартты қанағаттандыру керек:

1 Горизонталь дөңгелектің алидадасындағы цилиндрлік деңгейлеуіштің осі UU` құралдың айналу осіне II` перпендикуляр болуы керек.

2 Көру дүрбісінің көздеу осі VV` дүрбісінің HH` айналу осіне перпендикуляр болуы керек.

3 Көру дүрбісінің айналу осі HH` теодолиттің айналу осіне II` перпендикуляр болуы керек.

4 Дүрбінің жіптік торының вертикаль жібі дүрбінің айналу осіне перпендикуляр болуы тиіс.

Тахеометриялық түсіріс - жер бедері қимасы 0, 5 - 2, 0 м кезінде, әдетте 1:500 - 1:5000 масштабтарда тахеометр арқылы орындалатын топографиялық түсіріс. Тахеометриялық түсірістің пландық және биіктік негізін геодезиялық тірек жүйесі пункттерін тірек ететін теодолиттік және нивелирлік жүрістер құрады. Егжей-тегжейлі түсіру теодолиттік жүріс пункттері арасында жүргізілетін тахеометриялық жүрістер нүктелерінен жасалады. Рейкалық нүктелердің пландық орны және биіктіктері стансадан полярлық әдіспен анықталады. Қазіргі кезде автоматты және электронды тахеометрлер бар, олар горизонталь арақашықтық пен биікайырымдарды тікелей өлшеуге мүмкіндік береді. Егжей-тегжейлі түсіру кезінде әрбір стансада абрис жүргізіледі, онда стансалар, рейкалық нүктелердің нөмірлері, алқаптардың контурлары, жергілікті заттар және атаулары көрсетіледі. Өлшеулердің сандық нәтижелері тахеометриялық журналда жазылады. Стансаларда алынған мәліметтердің нәтижелері бойынша камералық жолмен түсірілген жергілікті жердің топографиялық планы жасалады. Тахеометр автоматтарды қолданғанда жергілікті жердің топографиялық планы тікелей стансада жасалады

ТАХЕОМЕТРЛІК ЖУРНАЛ

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттің практикаға тапсырмасы
Далалық геодезиялық практика
Теодолитті жұмыс қалпына келтіру
Координаталар өсімшелерінің ширектегі таңбалары
Теодолитті жұмысқа әзірлеу
Топографиялық жұмыстар
Геодезиялық құралдарды эксплутациялау ережелерімен танысу
«мақташы» мектебінің құрлыс барысы
Теодолиттің құрылымы
Теодолиттердің жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz