Студенттердің танымдық белсенділіктерінің деңгейлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Студенттердің оқу-зерттеу іс-әрекетіне сипаттама.
1. Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
2. Студенттердің танымдық іс-әрекеті
3. Студенттердің танымдық белсенділіктерінің деңгейлері

Көптеген психологтар мен педагогтардың зерттеулерінде ЖОО студенттері оқу процесіне бейімделу жағдайында өзіндік жұмыстарды орындауда, оның сан алуан түрлері мен формалары бойынша біршама қиыншылықтарға кездеседі. Соның салдарынан, оқып-үйренушілер оқу-тәрбие жұмыстарына, өзіндік жұмыстарға енжарлық танытып, оқу үлгерімдерінің төмен болуы орын алады.
Білім - қоғамның дамуы мен болашақтағы жағдайын анықтаушы болып табылады. Кез келген елдің экономикалық және саяси тәуелсіздік жағдайы халықтың жалпы білімі мен кәсіптік деңгейіне байланысты. Ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Қазіргі білім - азаматтық қоғамдағы әлеуметтік талаптарға бағытталған күрделі де жан-жақты қоғамдық құбылыс, оқыту және тәрбиелеу түріндегі педагогикалық әрекеттің тұтас жүйесі.
Қазіргі қоғамдық сұраныс - өз ісіне мығым, жұртшылықпен араласуда жеке басындағы барлық шынайы жағымды қасиеттерін байқата алатын бүгінгі студент, ертеңгі маманды тәрбиелеуді талап етеді.Адамның қоғамдық мәні - өмір сүрген ортасы, әлеуметтік жағдайы, білімі,санасының жоғары немесе төмен болуы оның жеке адамға тән қасиеттерінің қалыптасуының шарты. Ал, әлеуметтендіру тәрбие берумен тікелей байланысты. Тәрбиенің түрлері де әр алуан: жас бала өмірге келгеннен бастап, қартайып өмірінің соңына дейін тәрбиеден өтеді. Тәрбие екі жақты: жас өспірімдерге тәрбие беру, ересек адамдарға тәрбие беру, әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар.[2]
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы студенттердің іс-әрекетінің дербестігі артады. Студенттің өзіндік жұмысы- кез-келген пәнді оқуға өзіндік жұмыстың орындалу әдістерінің қалыптасуына бағытталғанымен, бұл жұмыс- студенттің ғылыми, оқу кәсіби қызметін қалыптастырып, мәселелерді өзіндік шешуіне оптималды шешімдерді қабылдауға, дағдарыстық жағдайлардан шығуға арналған. Жоғарғы мектептің орта мектептен ең басты айырмашылығы- оқыту жұмысының әдісі және оқушылардың жеке деңгейі болып табылады. Сонымен қатар, студенттердің өіндік жұмыстарының тәрбиелік мағынасы өте зор. Өйткені, бұл жұмыс студенттің білім алудағы жеке жұмысын ғана емес, қазіргі заманғы жоғарғы кәсіби маманды тұлға рентінде қалыптасуына мүмкіндік береді. Студенттің өзіндік жұмысын белсендірудің тәсілдері ұйымдастырушылық және әдістемелік болып бөлінеді. Әдістемелік жағынан белсендіру қолданылған әдіс-тәсілдерге, студенттің өзіндік жұмысының формалары мен ұйымдастыру құралдарына байланысты. Өзінідік жұмысты оқытушының дұрыс басқара білу және студенттердің дербестік әрекетінің дәрежесі артып отыруы- осы жұмыстың белгілері болып табылады.
Студенттердің қарқыны қай пәнді болсын оқу кезіндегі өздік жұмыстарының дәрежесімен сипатталады. Сонымен, студенттердің өздік жұмыстарының ішкі мазмұны - мұғалімнің қатысуынсыз немесе көмегінсіз дайындалу ғана емес, студенттің әрекеті алған ақпаратты білімге қолдана білуге айналдыру функциясы мен сол қызметті басқара білу функциясының үйлесімділігінен тұрады немесе олардың өздерінің алдарына қойған мақсаттарына жету үшін құрған амалдарын білдіреді десек те болады.
Негізінен алғанда, студенттердің өздік жұмыстарын ұйымдастыру және өткізу технологиясы мынадай элементтерден тұрады:
-- студенттердің өздік жұмыстарын жоспарлау,
-- әдістемелік қамтамасыз ету,
-- бақылау және орындалу бағасы,
-- талдау және жетілдіру.
Әр оқу пәнінің жұмыс бағдарламасының сәйкес бөлімдеріне студенттердің өздік жұмыстарының жоспарланған түрлері, олардың сағатпен көрсетілген еңбек сиымдылығы, бақылау мерзімі және коллоквиумдар, курстық, семестрлік, есепті-графикалық және басқа да жұмыстары міндетті түрде кіргізіліп көрсетілуі керек. Студенттердің өздік жұмыстарының түрлерін таңдау үшін оқу пәнінің мақсатын, оқушының дайындық сатысын, студенттердің өздік жұмыстарына бөлінген сағаттар санын ескерген жөн.
Жоғары оқу орындарында студенттердің өздік жұмыстарының қарапайым және қолайлы түрі - коллоквиумдар болып саналады, ол белгілі бір тақырыптағы баяндама немесе деректі мәселені талқыға салатын ғылыми жиналыс түрінде ұйымдастырылуы мүмкін.
Бұған мұғалімдердің де шығармашылық әдіс-амалдары қажет. Мысалы, студенттердің жазған мазмұндамасын, жасаған семестрлік, курстық жұмыстарын әдеттегідей қабылдай салмай, әр-түрлі ғылыми пікірталас ұйымдастыру арқылы қабылдаған әлдеқайда тиімді. Тәжірибе көрсеткендей, бір курстық жобаны 2-3 студент орындаса жобаның практикалық сапасын арттыруға болатындығы көрінеді, яғни, бұл топтастырған тәсіл өз бетімен жұмыс істеуге, өзара көмек көрсетуге, шығармашылығын және жауапкершілігін арттыруға себебін тигізетіндігі анық. Өйткені жобалау кезінде студенттер таңдау еркіндігін алады.Білімгерлердің өздік жұмыстарын қадағалаудың тәсілдері де үлкен нәтиже береді[3].
Өзін бағалай және қадағалай білуді, өзіне баға беруді қалыптастыру - студенттің қызығушылық көзқарасын және белсенділігін арттыратын сенімді тәсіл. Әр пәнге арналған өзіндік жұмыстар студенттердің өз күштеріне сенімділігін және жауапкершілігін арттырып, өзіндік баға беру қабілетін қалыптастырады. Өзіндік жұмыстың нәтижесін көру үшін ұйымдастыру-әдістемелік шараларының анық жоспарланған жүйесі болуы тиіс. Өзіндік жұмыстың керекті нәтижесін алу үшін қойылатын негізгі шарт - студенттерді оқу-әдістемелік және анықтама-нормативтік материалдармен толық қамтамасыз ету қажет.
Педагогикалық білім студент дамуының кешегі күніне емес, оның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс. Тек сонда ғана ол оқыту процесінде іргелес даму өрісінде жатқан даму процестерін өмірге келтіре алады.
Студент мәселені шешуге ынталанып, нақты, бірақ өзінің әлі жететін қиындықтарды қайткенмен де жеңуге құштарлана түседі. Сондықтан жалпы оқу процесін өзін ықтиярсыз мәжбүрлеу емес, еліктеу, сабақ білмеуден білуге жетелейтін жеңіс жолы ретінде басынан кешіреді.
Еліміздің болашақ мамандары қоғам талабына сай жан-жақты қарулануы үшін төмендегі міндеттерді әрбір оқытушы орындауы қажет:
1. Әрбір ұстаздың өз пәнінің білікті, білімді шебер маманы екенін көрсете білу.
2. Студенттің актуальды және іргелес даму деңгейін дәл анықтауға бағыт беріп, келешекпен байланысты сенімді қалыптастыру.
3.Студенттің әрбір пәннің мамандыққа қатысты мәселелерін ынтымақтастықпен шешу қабілеттерін дамыту.
4. Студенттің кәсіби білікті, білімді шебер тұлға қасиеттерін санасына құйып дүниетанымын кеңейту.
Қазіргі таңда өзіндік іс-әрекетін жаңа жағдайға байланысты оңтайлы ұйымдастыра білуі тиіс. Студентің өзіндік жұмысы -- болашақ мамандарды даярлаудың және білім сапасын арттырады. Осыған орай оқу орындарында әр білім алушыдан ой еңбегінің ұтымды әдістерін білуі, яғни аз уақыт кетіріп қажетті ақпаратты іздеп және меңгеріуді, фактілер, теорияны, тұжырымдамаларды жүйелеп және жіктей білуді, өз көзқарасын нақты айтып және дәлелдей білуді үйренуі талап етіледі.
Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жоғарғы оқу орындарындағы оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай студентті пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, студенттің оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастырып, жаңа технологияларды пайдалана отырып жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр. Қазіргі педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде студенттердің танымдық іс-әрекетін сабақ уақытында, сабақтан тыс уақытта және отбасы арасында қалыптастыру мәселелері көптеп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айнымалысы модуль ішіндегі теңсіздіктер
Педагогиканы оқытуды ұйымдастыру формалары
Оқытудың заңдылықтарымен принциптері
Психология пәніне арналған дәрістің негізгі қызметтері мен ережелері
Студенттердің түлғалық жэне кәсіби даярлығына психологиялық кеңес беру тәсілдерінің тиімді эсерін зерттеу
Қазіргі заманғы психологиялык білім мен оның тэжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі
Қыскарған сөздер
Студенттік шақ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқушылардың танымдық белсенділік деңгейлері
Пәндер