ИСО халықаралық стандарттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 78 бет
Таңдаулыға:   

Отуншиева А. Е.

Лого ЮКГУ новый

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы

«Стандарттау, сертификаттау және метрология» пәнінен

дәріс жиынтығы

гл

Шымкент, 2020 ж

Ф. 7. 03-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«Стандарттау және сертификаттау» кафедрасы

«Стандарттау, сертификаттау және метрология» пәнінен

дәріс жиынтығы

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Техникалық мамандық студенттері үшін

Оқу түрі: күндізгі және қашықтықтан

Шымкент, 2020 ж

УДК 658. 562. 6

Құрастырған: Отуншиева А. Е. «Стандарттау, сертификаттау және метрология» пәнінен дәріс жиынтығы.

- Шымкент: М. Әуезов атындағы ОҚМУ; 2020 ж, бет

Әдістемелік нұсқау дәріс жиынтығын орындауға, «Стандарттау, сертификаттау және метрология» оқу жоспарына сәйкес әзірленген және дәріс жиынтығы барлық мәліметтерді қамтиды.

Әдістемелік нұсқауда «Стандарттау, сертификаттау және метрология» пәнінен дәріс жиынтығында, өлшем бірлігін қамтамасыз ету заңы қолданылған. Әр бір практикалық сабаққа қысқаша түсіндірмелер, тапсырмалар берілген. Әдістемелік нұсқаулардың студенттерді сапалы даярлауға маңызы зор, ол теориялық материалдарды терең зерделеуге мүмкіндік береді.

Рецензент: т. ғ. к. Ешанкулов А. А. - «СжС» кафедрасының кандидаты

«Стандарттау және сертификаттау кафедрасының мәжілісінде талқыланған» (хаттама №, «» ___ __2020 ж. ), «Мұнай мен мұнайгаз ісі» факультетінің әдістемелік кеңесімен талқыланған және ұсынылған (хаттама № « » _ _2020 ж. )

Баспаға М. Әуезов атындағы ОҚМУ ғылыми - әдістемелік кеңесі ұсынған хаттама №___ «»20___ж.

© М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университеті, 2020

Мазмұны

Кіріспе

Тақырып1. Стандарттау, сертификаттау және метрология саласының пайда болу тарихы.

Тақырып2. Стандарттау, сертификаттау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын заңнамалар

Тақырып 3. Стандарттардың түрлері.

Тақырып 4. Стандарттаудың саласының негізгі әдістері.

Тақырып 5. Стандарттаудың категориялары

Тақырып 6. Стандарттау саласындағы негізгі жүйе құратын беделді халықаралық ұйымдар.

Тақырып 7. Стандарттау бойынша аймақтық ұйымдар.

Стандарттаудың аймақтық ұйымдары:

Тақырып 8. Сертификаттаудың негізгі түсініктері мен мәні.

Сертификаттаудың мақсаты мен міндеттері

Тақырып 9. Өнімдерді сертификаттаудың міндетті және ерікті түрлері. Өнімді сертификаттауды өткізу тәртібі.

Тақырып 10. Шетелден әкелінген өнімдердің сәйкестігін растау

Тақырып 11. Қызметтердің сәйкестігін растау

Тақырып 12. Метрология туралы негізгі ұғымдар. Қазақстанда метрологияның даму тарихы.

Тақырып 13. Метрологиялык кызметтің кұкыктык негіздері

Тақырып 14. Өлшеу объектілері және әдістері

Тақырып 15. Өлшеулердің классификациясы.

Кіріспе

Стандарттау, метрология және сертификаттау көпжақты сауда қызметінің маңызды аспектісі - өнім, жұмыс және қызмет көрсетудің сапасын қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Сапа проблемасы нарықтық экономикасының қаншалықты жетілгеніне қарамастан барлық елдерге көкейтесті. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қираған Жапония мен Германияның өнім сапасын қамтамасыз етуге және бұл елдердегі экономиканың жаңа бастамасын беруге ықпал жасаған стандарттау және метрология әдістерін ұтымды пайдалануын еске алсақ та жеткілікті.

Бүгінде дайындаушы және оның саудалық делдалы сауда белгісінің беделін өсіруге, бәсекелестік күресте жеңуге, әлемдік нарыққа шығу мен стандарттың міндетті және ұсынылатын талаптарын орындауға қызығушылық танытуда. Бұл мағынада стандарттау осы заманғы кәсіпкерлік стратегиясының бөлігі ретінде қарастырылады. Оның әсері және талаптары қоғамдық өмірдің барлық салаларын қамтиды. Осылайша өзара тиімді мәміле жасау үшін өндіріс және сауда мамандары білуі және орындауы тиіс «ойын ережелерінен» тұрады. Осыдан шығатыны стандарттау бәсекеге қабілеттілікті қамтамасыз ететін құрал ретінде ғана емес, сонымен қатар дайындаушының, тапсырыс берушінің және саудагердің барлық басқару деңгейіндегі әсерлі серіктестігі.

Бүгін жеткізушіге прогрессивті стандарттардың қатаң талаптарын орындау жеткіліксіз, тауар шығарылымын, қауіпсіздік және сапа сертификаттарымен қызмет көрсетуді жетілдіру қажет. Тапсырыс берушілер мен тұтынушылар арасындағы көпшілік сенімді сапа жүйесіндегі сертификат тудырады. Ол сапаның тұрақтылығына, шындалған сапа көрсеткіштерінің шынайылығы мен дәлдігіне сенімділік туғызады, өнім өндіру процесіндегі және қызмет көрсетудегі жоғары мәдениеттілікті айғақтайды.

Келешекте тауар және қызмет көрсету қатары бойынша бекітілген талаптардың сәйкестігін растау тек сертификациямен ғана емес сонымен бірге өнім өндірушінің өзімен және қызмет көрсетуді орындаушымен бірге, яғни бірінші жақпен іске асырылады. Бұл жағдайларда ұйым басшыларының персоналмен стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерін ұқыпты қолдануында жауапкершілігі және ролі арта түседі.

Коммерциялық қызметтің әртүрлі салаларында (саудада, банк қызметтерінде және т. б. ) және өндірісте метрология ережелерін ұстану анықталмаған өлшем нәтижелерінен болатын материалды шығындарды минимумға әкелуге өз септігін тигізеді.

Отандық стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерінің халықаралық ережелермен үйлесімділігі алаңдатуда, себебі бұл Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне маңызды шарт болып табылады және бұл еліміздің осы ұйым шеңберіндегі одан арғы қызметі. Үйлесімділік проблемасы осы уақытта техникалық заңнама облысындағы заңдарды қабылдау жолымен шешілуде.

ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев 9 қараша 2004 жылғы №603-II Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу» заңына қол қойды. Оның қабылдануы стандарттау және сертификациялау жүйесінің қайта ұйымдастырылуына бастау болды. Ол Қазақстанның ДСҰ кіруіне және саудада техникалық кедергілерді болдырмауға қажет.

Сонымен өзіндік бәсекелестігі бар еліміздің нарықтық экономикаға өтуі, тұтынушылар сенімін иеленудегі күрес коммерция мамандарының тауарлардың, жұмыс және қызмет көрсетудің жоғарғы сапасын қамтамасыз етуі үшін стандарттау, метрология және сертификаттау ережелерін және әдістерін өз тәжірибелік қызметтерінде кеңірек қолдануларына әкеледі.

«Стандарттау, метрология және сертификаттау» пәнін оқытудағы мақсат сауда қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету үшін көрсетілген аумақтардағы студенттердің білімін, ептілігін және дағдыларын қалыптастыру.

Тақырып1. Стандарттау, сертификаттау және метрология саласының пайда болу тарихы.

Дәріс жоспары:

1 Стандарттаудың даму сатылары.

2 Ұлттық стандарттаудың пайда болуы.

3 Халықаралық стандарттаудың даму кезеңдері.

4 Қазақстан Республикасында стандарттаудың даму тарихы.

«Стандарт» деген сөз ағылшын тілінен аударғанда норма, үлгі, эталон, модель дегенді білдіреді, яғни басқа ұқсас объектілердің эталондарымен салыстыруға арналған.

Стандарттау адам қоғамының дамуы мен тығыз байланысты. Ежелгі кезде бірыңғай өлшемдер жүйесін, стандартты өлшемді құрылыс материалдарын, стандартты диаметрі бар су құбырларын қолдану - бұның бәрі сол заманда стандарттау қызметінің жұмыс істегеніне дәлел.

Сол сияқты Ежелгі Мысырда құрылыста тұрақты, «стандартты» өлшемі бар кірпіштерді қолданды, олардың өлшемдерін арнайы шенеуніктер қатаң бақылады.

Грек архитектурасының тамаша ескерткіштері - дүниежүзіне танымал болған шіркеулер, олардың бағандары шағын ғана элементтерден жасалған.

Ежелгі римляндар су құбырларын салғанда стандарттау принциптері мен әдістерін сол кезден бастап қолданған.

Орта ғасырда салалардың дамуына байланысты стандарттау әдістері жиі қолдана бастады. Сол кезде маталардың енінің өлшемдері, оның құрамындағы жіптердің бірыңғай саны орнатылды, маталар өндірісінде қолданылатын шикізатқа бірыңғай талаптар анықталды.

1785 жылы француз инженері Леблан қарулық құлыптардың партиясын - 50 данада дайындап шығарды, олардың әрбіреуі тек өздеріне тән маңызды қасиеттерге ие болды. Бұл өзара-алмастырушылық және бірегейлік қасиеттері. Осы құлыптардың әрқайсысын алдын-ала дайындамай қарудың кез-келгеніне сала берді.

Жаппай өндіріске көшу мақсатымен Германияда қарулық зауытта қаруларға стандарт орнатылды, бұл стандарт бойынша қарудың калибрі 13, 9 мм тең болды.

19 ғасырдың екінші жартысында стандарттау жөніндегі жұмыстар барлық өнеркәсіптік кәсіпорындарда жүргізілді.

Стандарттау бұл жылдары тек бөлек фирмалардың және кәсіпорындардың ішінде ғана жүргізілді. Бірақ қоғамдық еңбектің бөлінуі салдарынан стандарттау ұлттық және халықаралық маңызына ие болды.

2 1846 жылы Германияда теміржол колеясының ені мен вагондардың тізбекті құралдары бірыңғайланды.

1869 жылы мұнда алғашқы анықтамалар кітабы жарық көрді, бұл анықтамаларда темірдің стандартты профилдерінің өлшемдері берілді.

1870 жылы Еуропаның бірқатар елдерінде кірпіштердің стандартты өлшемдері орнатылды.

1891 жылы Англияда, біраз соңыра басқа мемлекеттерде Витворт атты бұрандыларды стандарттау енгізілді (ол дюйммен өлшенді), біраздан кейін елдердің көбінде ол метриялық бұрандыға ауысты.

Халықаралық стандарттаудың басталуы 1875 жылы Парижда 17 ел қатысқан Халықаралық метриялық конвенцияны кабылдауын және Халықаралық өлшемдер және таразылар бюросының орнатылуын айтуға болады. Ұлттық және халықаралық стандарттаудың бұл алғашқы жетістіктері өндірістік күштің дамуына үлкен тәжірибелік әсерін тигізді.

19 ғасырдың соңында және 20 ғасырдың басында техника, өнеркәсіп және өндірістің дамуы күшейді. Осыған байланысты экономикалық қатынастар жағынан жақсы дамыған елдерде ұлттық стандарттаудың ұйымдастырылуымен айнала бастады, солардың салдарынан бұл мемлекеттерде стандарттау жөніндегі ұлттық ұйымдар құрылды.

3 Халықаралық тауаралмасу және ғылым мен техника салаларында тығыз байланыстардың кеңейту салдарынан стандарттау жөніндегі Халықаралық ассоциация (ИСА) құрылды, бірақ оның жұмысы екінші дүниежүзілік соғыстың басталысымен тоқтатылды.

1943 жылы Біріккен ұлттар ұйымының шегінде стандарттау жөніндегі мәселелермен шұғылданатын Координационды комитет құрылды, оның бюросы Лондонда және Нью-Йоркте орналасты.

1946 жылы Лондонда стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйым (ИСО) құрылды, оның құрамына 33 ел қатысты. Қазіргі кезде ИСО ірі халықаралық техникалық ұйымдардың құрамына кіреді (оның мүшелері болып 146 ел саналады) .

ИСО басқа стандарттау жөніндегі жұмыстар көптеген халықаралық және өңірлік ұйымдарда жүргізіледі.

Мысалы, Еуропалық көмір және болат бірлестігінің шегінде 1953 жылы болат бойынша Координационды комиссия құрылды, ол бірлестіктің құрамына кіретін мүшелер үшін, яғни Германия, Франция, Бельгия, Италия, Голландия және Люксембург сияқты мемлекеттерге еуропалық стандарттарды дайындап шығаруға уәкілетті болды.

4 Қазақстандағы стандарттаудың даму тарихы Кеңес одағы кезінде басталды. 1923 жылы Семейде Омбылық өлшемдер және таразылардың салыстырып-тексеру палатасының бөлімшесі ашылды. 1925 жылы Алматыда Семейлік өлшемдер және таразылар салыстырып-тексеру палатасының Алматылық бөлімшесі ашылды.

1931 жылы Алматыда стандарттау жөніндегі Қазақ өңірлік бюросы құрылып, 1938 жылы ол өлшемдер мен өлшеу аспаптары жөніндегі жұмыстармен шұғылданатын уәкілетті комитет Басқармасына өзгертілді.

Тақырып2. Стандарттау, сертификаттау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын заңнамалар

Дәрістің жоспары:

1. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы.

2. Техникалық реттеудің мақсаттары мен принциптері.

3. Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құрылымы.

4. Стандарттау саласына байланысты уәкілетті органның функциялары.

Алғашқы рет Қазақстан Республикасының стандарттаудың құқықтық негізі 1993 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Стандарттау және сертификатау туралы» заңында бекітілді.

1993 жылы «Стандарттау және сертификатау» туралы заң қарастырылып Қазақстанның даму барысымен және нарықтық реформаның өтуімен Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» жаңа заң қабылданды, яғни 2003 жылдың маусым айының 13 - інде өзгертіліп толықтырылған заң.

2005 жылы мамыр айында Қазақстан Республикасы «Техникалық реттеу туралы» заң күшіне енді. Осы заң Қазақстан Республикасында өнімнің, көрсетілген қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттің техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді. 2006 - 2008 жылдары осы заңға өзгертулер еңгізілген.

Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» заңы өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің құқықтық негіздерін белгілейді.

Өнім, көрсетілетін қызмет, процестер техникалық реттеу объектілері болып табылады.

Мемлекеттік органдар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес техникалық реттеу объектілеріне қатысты пайдалану құқығын иеленетін жеке және заңды тұлғалар техникалық реттеу субъектілері болып табылады.

Техникалық реттеудің негізгі мақсаттары:

1) өнімнің, көрсетілетін қызметтің, процестердің адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта, соның ішінде жануарлар мен өсімдіктер дүниесі үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

3) өнімнің, көрсетілетін қызметтің қауіпсіздігіне қатысты тұтынушыларды жаңылыстыратын іс-әрекеттерді алдын алу;

4) саудадағы техникалық кедергілерді жою;

5) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

Мемлекеттік техникалық реттеу жұйесінің құрылымын:

1) Қазақстан Республикасының Үкіметі;

2) уәкілетті орган;

3} өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдар;

4) мемлекеттік органдар жанындағы техникалык реттеу саласындагы сарапшылық кеңестер;

5) Саудадағы техникалык кедергілер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар жөніндегі ақпарат орталығы (бұдан әрі - Ақпарат орталығы) ;

6) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер;

7) сәйкестікті растау жөніндегі органдар, зертханалар;

8) сәйкестікті растау, стандарттау және аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлар;

9) техникалық реттеу саласындагы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттардың мемлекеттік қоры құрайды.

Уәкілетті орган мынадай функцияларды орындайды:

Стандарттау саласында:

1) мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жіктеуіштерін әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, жоюдың және колданысқа енгізудің тәртібін белгілейді;

2) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен үйлестірілген стандарттарды талдауды және әзірлеуді ұйымдастырады;

3) халықаралык, өңірлік және ұлттык стандарттарды, шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелері мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртібін белгілейді;

4) мемлекеттік, халықаралық және өңірлік стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестікті растау және аккредиттеу жөніндегі ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;

5) мемлекеттік стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді;

6) стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі аудармаларын растауды ұйымдастырады.

Техникалық реттеу:

1) мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бірлігі мен тұтастығы;

2) бірыңғай терминологияны, өнімге, көрсетілетін қызметке, процестерге қойылатын талаптарды белгілеу ережелерін қолдану;

3) техникалық реттеу мақсаттарының орындылығы мен қолжетімді болуы, техникалық реттеу процестеріне қатысу үшін тең мүмкіндіктерді, мемлекет пен мүдделі тараптар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;

4) отандық және импортталатын өнімге, көрсетілетін қызметке және олардың белгіленген талаптарға сәйкестігін растау рәсімдеріне қойылатын талаптардың бірдей болуы;

5) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер мен стандарттарды әзірлеу кезінде ғылым мен техника жетістіктерін, халықаралық және өңірлік ұйымдардың стандарттарын басым пайдалану;

6) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарының мемлекет экономикасының дамуы, оның материалдық-техникалық базасы деңгейіне және ғылыми-техникалық даму деңгейіне сәйкестігі;

7) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, стандарттардың және олар туралы, оларды әзірлеу, бекіту, жариялау тәртібі туралы ақпараттың қолжетімділігі;

8) стандарттарды қолдану мақсатында оларды ерікті түрде таңдау;

9) сәйкестікті растаудың, бірыңғай жүйесі мен ережелері;

10) бір органның аккредиттеу және сәйкестікті растау жөніндегі өкілеттіктерді қоса атқаруын болдырмау;

11) бір мемлекеттік органда мемлекеттік бақылау мен қадағалау және сәйкестікті растау функцияларының үйлеспеушілігі;

12) сәйкестікті растау жөніндегі органдардың дайындаушылардан (орындаушылардан), сатушылардан және сатып алушылардан тәуелсіздігі;

13) сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарда бәсекелестіктің шектелуін болдырмау принциптеріне негізделеді.

Тақырып 3. Стандарттардың түрлері.

Стандарт-уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.

Негізге алынатын стандарттар -қолдану саласы кең

немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар,

а) ұйымдастыру-әдістемелік - анықталған салада жұмыстарды жүргізу бойынша ұйымдастыру-техникалық ережелерді орнатады

б) жалпытехникалық:

- ғылымда, техникада және өңдірісте қолданылатын ғылыми-техникалық терминдер;

- стандарттау объектілерінің әртүрлі белгілену шарттары - кодтар, таңбалар, белгілер, маркалар ;

- әртүрлі құжаттардың құрылуына, жазылуына, дайындалуына және мазмұнына талаптар

- техникалық қамтамасыз етуге қажет жалпытехникалық шамалар, талаптар мен нормалар ;

- сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы;

- қауіпсіздік талаптары және т. б.

Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарттар -біркелкі өнімдер топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді, біртекті өнім және қызмет топтарына немесе нақты нақты өнім және қызметке талаптар орнатады

Біртекті өнім - өнімнің негізгі көрсеткіштерінің құрылымды-технологиялық мәселелерін шешуді, қолдану саласын және жалпы мақсатын сипаттайтын өнімдер жиынтығы. а) жалпы техникалық шарттар стандарттары - біртекті өнім (қызмет) топтарына талаптардан тұрады

(мысалы, ҚР СТ 1061-2002 «Сүтқышқылды өнімдер. Жалпы техникалық шарттар»,

ҚР СТ 1040-2001 «Жолаушы тасымалы бойынша транспорттық қызметтер. Жалпы техникалық шаттар») ;

б) техникалық шарттар стандарттары - нақты өнімге (қызметке) талаптардан тұрады

(мысалы, ҚР СТ 98295 «Айран. Техникалық шарттар»)

Өнімге стандарттар бөлімдері: жіктелуі; негізгі параметрлері және өлшемдері; техникалық талаптар; қабылдау ержелері; таңбалау; транспорттау; сақтау; в) жалпы техникалық талаптар стандарттары - жалпы техникалық шарттар стандарттарының бір бөлімінен ғана тұратын стандарттар

(мысалы, ҚР СТ 37-98 «Машиналы және қолды тігулер. Жалпы техникалық талаптар») ;

г) техникалық талаптар стандарттары - техникалық шарттар стандарттар

(мысалы, МЕМСТ 20902-95) «Тамақтану столдары. Функционалдық өлшемдері».

Процесске стандарттар -әзірлеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, пайдалану, өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық үрдістерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне негізгі талаптарды белгілейді , Бақылау әдісіне стандарттар -өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынау, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді.

- сынау құралдары, қосымша тетіктер, реактивтер, материалдар;

- сынауды жүргізуге дауындау тәртібі;

- сынауды жүргізу тәртібі;

- сынау нәтижелерін өңдеу тәртібі;

- сынау нәтижелерін дайындау тәртібі;

- сынаудың мүмкін қателіктері

11. Стандарттау бойынша техникалық комитеттер .

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады. стандарттау жөніндегі техникалық комитет- бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесші орган.

1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер (бұдан әрі - ТК) мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша
салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін
экономика салаларында құрылады.
2. ТК-экономика салаларында стандарттарды әзірлеу және бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде құрылатын консультативтік-кеңесші орган.
3. ТК ғылыми-зерттеу, жобалау-құрастырушылық және технологиялық институттардың, құрастырушылық бюролардың және ұйымдардың өкілдерінен сәйкес қызмет салаларында ғылыми-техникалық әлеуеті және жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік органдарының қатысуымен (бұдан әрі-ТК мүшелері) құрылады.
4. ТК-ны құру туралы шешімді және оның құрамын техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітеді.
5. ТК орындалатын жұмыс деңгейіне байланысты, Қазақстан Республикасының техникалық комитеттеріне (ТК), мемлекетаралық техникалық комитеттерге (МТК), стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының және халықаралық электр техникалық комитеттеріне (ХЭТ, ИСО ТК) бөлінеді.

ТК құру тәртібі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИCО 9000 сериялы сапа жүйесінің халықаралық стандарттары
Кең көлемді халықаралық стандарттау
Менеджмент жүйелері
«Стандарттың ISO 9001:2015 жаңа нұсқасын ISO 9001:2008 нұсқасымен салыстыру»
Стандарттау жүйесі
Исо - стандарттары, сапа ілгіші
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
Стандарттау саласындағы негізгі түсініктемелер
Халықаралық стандарттар
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz