Барабанды сканер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИЗНЕС УНИВЕРСИТЕТІ АҚ колледжі

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән атауы: Графикалық дизайнда жобалау
Мамандығы: 0402000 - Дизайн
Тақырыбы: Сканер және көбейткіш техникалары

Қабылдаған: Оңал Тілеуберді
Орындаған: Қантбек Әсел

Нұр-Сұлтан қаласы
2020 жыл
Жоспар
І. Кіріспе
1.1. Компьютердің құрылғылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 бет

ІІ. Негізгі бөлім (тараулар)
2.1. Сканер тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5 бет
2.2. Сканерлердің сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6 бет
2.3. Сканерлердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 7 бет
2.4. Көбейіткіш техникалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11 бет
2.5. Ксерокопия тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14 бет

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 21 бет

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...23 бет

Кіріспе
Компьютердің құрылғылары (ағылш. hardware (́ha:dwεə), жарг. темір) -- электрондық және Есептегіш құрылғының механикалық бөліктері.
Компьютердің құрылғылары -- электрондық, электрлік және механикалық құрылғылардың кешені. Компьютердің құрылғыларының қатарына:
-- компьютерлер мен логикалық құрылғылар;
-- сыртқы құрылғылар және диагностикалық аппаратура;
-- энергетикалық қосалқылар, батареялар мен аккумуляторлар.
Жеке компьютер корпустан және мына бөлшектен тұрады:
Аналық плата, оның үстіндегі орталық процессор (CPU) оның үстінде салқындату жүйесі, амалдық жад (оперативная память) және т.б., кеңейткіш слоты:
амалдық жад құрылғысы (ОЗУ) және кэш (әдетте CPU ішінде кездеседі)
Тұрақты жад құрылғысы (ПЗУ)
Шины
PCI, PCIE, USB, FireWire, AGP (устарела), ISA (устарела), EISA (устарела)
Электр блогі (блок питания)
Сақтау құрылғыларының контроллері -- IDE, SCSI, SATA, SAS н-се аналық платада және кеңейткіш құрылғыларда орналасқан басқа түрлі контроллер. Контроллерге Қатты диск (hard disk), жұмсақ диск құрылғылары, CD-ROM т.б.
Қозғалғыш жад құрылғылары
Оптикалық дисктер құрылғысы
Жұмсақ дисктер құрылғысы
Стример
Ақпарат сақтағыш құрылғылар
Қатты диск (hard disk) (кейде RAID-массивке қосылған)
Видеоконтроллер (мониторға сигнал жіберетін графикалық плата)
Дауыс контроллері (көр Дауыс платасы)
Торлық интерфейс (көр Тор платасы)
бұдан басқа, компьютерлік құрылғыларға сыртқы компоненттер кіреді:
Кіріс құралы
Пернетақта
Тышқан, трекбол н-се тачпад
Джойстик
Сканер
Шығыс құралы
Монитор (дисплей)
Колонканаушниктер
Баспа құралдары
Принтер
Плоттер
Модем -- телефондық желімен байланысу үшін

Негізгі бөлім
2.1. Сканер тарихы.
Сканер (англ. scanner)- электронды механикалық құрылғы. Сканер (ізкешкіш) - қағазға жазылған мәліметтің кезкелген түрін (сурет, сызба, кітап мәтіні) оптикалық негізге суйене отырып компьютерге жылдам енгізе алатын құрылғы. Бірақ енгізілген информация графиктік турге айналып, оны бірден өңдеу ісін жүргізу қиынырақ болады. Ол суретгерді, сызбаларды компьютер жадына енгізе алады, мәліметтер енгізу оңай, әpi жылдам орындалады.
1857 жылы флоренциялық аббат Жованни Казелли (итал. Giovanni Caselli)суретті арақашықтыққа жіберу аспабын ойлап тапты, оны пантелеграф деп аталды. Жіберілетін сурет ток өткізетін сия мен ине көмегімен барабан бетіне жазылған.
1902 жылы неміс физигі Артур Корн (нем. Arthur Korn) фотоэлектрондық сканирлік технологиясы бойынша патент алып, кейіннен ол телефакс деп аталынды.Тасымалданатын құжат сканер түріндегі оптикалық-электрондық құрылғымен оқылады да, байланыс арналары арқылы жөнелтуге ыңғайлы сигналдық түрге келтіріледі. Мәліметтерді қабылдау нүктесінде кері түрлендіру жұмысы атқарылып, сигналдар құжаттың алғашқы нұсқасына айналады.

Ең бірінші сканер
2.2. Сканерлердің сипаттамасы.

Сканер - қағаздағы мәтін мен суретті компьютерге автоматты түрде енгізу үшін қолданылады. Сканер кескінді (суретті, т.б.) машина кодына ауыстырып, компьютердің жадына жазады. Сканердің жұмысының принципі былай: жарық сәулесі жол-жолмен жазық суретті сканерлейді, оның жұмыс принципі электрондық сәуленің дисплей экранын сканерлеуіне ұқсайды. Сканерлер қара-ақ түсті немесе түрлі түсті болады.Сканер компьютерге мәтінді немесе бейнені енгізу жиі кездеседі. Көп жағдайда мәтінді енгізу пернетақтаның көмегімен жүзеге асырылады, бірақ бұл көп еңбек пен уақытты қажет етеді. Қолданушылар қазіргі кезде сканер құрылғысын пайдаланады.
Сканер - электронды механикалық құрылғы. Сканерді планшетті, барабанды және қолмен басқарылатын деп бөлуге болады. Түпнұсқаны санмен белгілеу үшін пайдаланылған сканердің мүмкіндіктерін көбіне-көп басу кезінде алынған сапа анықтайды. Сондықтан қарапайым модельдегі планшеттік немесе аралық класты сканер жоғары сапалы жарнамаға қажетті түс диапазонын қамтамасыз ете алмайды, газеттік қағазда каталогтар жасау үшін барабанды сканерді пайдалану да - долларды сканерлеу сияқты мәнсіз іс. Бір кластағы сканерлердің өзі бірдей емес. Сканерлейтін құрылғының сапасын бағалауға мүмкіндік беретін бірқатар маңызды параметрлер бар, олар: салыстырып оқу үшін пайдаланылатын бергіштердің түрі, оптикалық шешім, өңделетін материалдардың түрі, түстің барынша қанықтығы және динамикалық диапазон.

2.3. Сканерлердің түрлері.

Графикалық ақпаратты енгізу үшін, сканерлерді. графикалық планшеттерді (дигитайзерлерді) және цифрлық фотокамераларды қолданады. Сканерлердің көмегімен таңбалық ақпаратты да енгізуге болады. Бұл жағдайда алғашқы деректер графикалық түрде енгізіледі, бейне тану бағдарламалары оны өндейді.
Планшетті сканерлер келесі принцип бойынша жұмыс істейді: арнайы элементтер материалдың бетінен шағылған жарық сәулесін белгілейді.
Қол сканерлерінің планшетті сканерден айырмашылығы, созу қолмен орындалады.Бұл жағдайда бір қалыптылығы мен дәлдігі жеткілікті дәрежеде болмайды.
Барабандық сканерлер. Бұл типті сканерлерде алғашқы материал өте жоғары жылдамдықпен айналатын барабанның цилиндр сияқты бетіне бекітіледі. Өте жоғарғы сапалы сканерлеуге жетуге болады.
Штрих-сканері. Бұл штрих-код түрінде кодталған деректерді енгізуге
арналған қол сканерінің бір түрі саудада қолданылады:
Формалар сканерлері "қолдан" толтырылған стандартты формалардан
деректерді енгізуге арналған құрылғы. Сканердің бұл түрі халық санағын жүргізгенде, сайлау нәтижелері мен анкет мәліметтерін өндеуде қажет болады.
Графикалық планшеттер (дигитайзерлер)- көркемдік графикалық
ақпараттарды енгізуге арналған.
Цифрлық фотокамералар. Олар сканерлер сияқты графикалық деректерді қағаз бетінен емес, тікелей қоршаған ортадан қабылдайды.
Коммерциялық тұрғыда пайдалануда сканерлердің үш базалық түрі бар:
барабанды сканерлер;
планшетті сканерлер;
пленка-диапозитивтерді өңдейтін сканерлер.
Барабанды сканер факсте қолданылса, ал қолмен басқарылатын сканер оригиналды кез-келген бағытқа айналдырады. Сканерді қолданушылар өз үйінде де қолдана алатын деңгейге жетті. Саудада сканерлердің түрлі модельдері кездеседі. Олар бағасымен, программамен жабдықтауымен, интерфейсімен және технологиясымен бір-бірінен айрықшаланады
Әр түрдегі сканердің жұмыс істеу саласы болады. Бірақ қазіргі кезде осы үш түрдің, әсіресе неғұрлым қымбат бағалы инструменттер арасындағы сапалық айырма білінбей барады. Сондықтан бұл орайда абай болған жөн.
Барабанды сканер

Барабанды сканерлер әрқашан жоғары дәрежелі түрлі түсті баспа өнімдері (жарнамалық материалдар, жылдық есептер, сондай-ақ, жоғары сапалы көркем көшірмелер) саласында жұмыс істеуге арналған инструменттер ретінде танылады. Олардың фотоэлектронды көбейткіштерге негізделген есептеу технологиясы кез келген түпнұсқадағы әрең көрінетін реңктердің өзін де шығаруға мүмкіндік береді; олар шағылысатын да, мөлдір де түпнұсқаларды (негативті пленкадан басқасын) бояуын қанық етіп, санмен таңбалай алады; өте жоғары шешімі шағын түпнұсқалардың сапасын төмендетпей, оларды көп есе үлкейтуге мүмкіндік береді. Барабанды сканерлердің көпшілігінде күрделі бағдарламалық басқару құралдары бар, олар жол-жөнекей, сканерлеу барысында басып шығару жағдайын ескере отырып, бейнені автоматты түрде өңдейді. Егер сендер бояуына жоғары талап қойылатын құжаттарды тұрақты басып шығарып, позитивті түпнұсқаларды көп сканерлейтін болсаңдар, барабанды сканерде сандық бейне алу турасында ойланғандарың жөн.Барабанды сканерді факс жіберу үшін қолдануға болады.

Планшетті сканер.

Планшетті сканер бейнені оригиналдан ғана сканерлейді. Планшетті сканерлерде ҚБП есептеу технологиясы пайдаланылады, оны нақты жүзеге асыру сапасы әр түрлі болуы мүмкін. Қарапайым модельді және аралық класты планшетті сканерлерде ҚБП әдетте шулы болып келеді де, сызықтар немесе қате түсті кажетсіз пиксельдер түріндегі артефактілерге апарады. Планшетті сканерлер әсіресе суреттер мен фотосуреттер түріндегі шағылысатын түпнұсқаларды санмен таңбалау кезінде өте ыңғайлы. Аралық және неғұрлым жоғары класты планшетті сканерлер сондай-ақ мөлдір түпнүскаларды да сканерлей алады, бірақ ең жоғары класты планшетті сканерлер ғана оларды барабанды сканерлер немесе пленка-диапозитивтерді өңдейтін сканерлер сияқты сапалы етіп шығара алады.

Пленкалар мен диапозитивтер өңдейтін сканерлер.
Пленкалар мен диапозитивтер өңдейтін сканерлерде, планшеттік сканерлердегідей, ҚБП-бергіштер қолданылады, тек олардың қабылдағыштығы жоғарырақ және шешу қабілеті анағұрлым жоғары -- бұл қасиеті оларды кішігірім мөлдір түпнұсқаларды санмен белгілеу үшін теңдессіз қолайлы етеді. Мұндай сканерлердің көбінің динамикалық диапазоны әжептеуір жоғары және кәдімгі мөлдір түпнұсқаға түстердің толық диапазонын енгізуге мүмкіндік береді.

2.4. Көбейіткіш техникалар
Ксерокс ретінде көбірек танымал көшіру аппараты (мұндай аппараттарды шығаруды алғашқы игерген Хеrох фирмасының атынан) әр түрлі кескіндер (мәтіңдік материалдар, иллюстрациялар және т.б.) көшірмесін көбіне қағазға шығаруды қамтамасыз етеді. Көшіру аппараттары жұмысының негізін (көптеген электрондық принтерлердің де) ксерография технологиясы құрайды. Бүріккіш көшіру аппараттары да бар, бірақ олардың көшіру жылдамдығы төмен және қолданыста қолайсыз, сондықтан таралымы төмен.
Көшіру аппараттарының негізгі техникалық сипаттамаларына мыналар жатады:
көшіру жылдамдығы -- аппаратпен бір минут ішінде жасалатын көшіремелер саны (көш.мин.);
ұсынылған көшіру көлемі (көш.ай немесе көш.күн). Бұл сипаттама материалдар қажуы түсінігімен байланысты. Көптеген көшіру аппараттарының механикалық бөлігі пластмассадан жасалған, сондықтан ұсынылған көшірме санынан асыру ксерокстардың осы бөлігінде сынықтар пайда болуына әкеледі;
масштабтау -- аппараттың көшірмені түпнұсқаға қатысты үлкейте (кішірейте) алу мүмкіндігі. Әдетте пайызбен белгіленеді;
түпнұсқа және алынатын көшірменің максимал өлшемі (егер масштабтау қолданылса, түпнұсқа және көшірменің өлшемдері бірі-біріне тәуелсіз бола береді).
Бұл сипаттамалар қағаз беті өлшемдерінің стандарттарына сәйкестендірілген (А6; А4; АЗ);
тонер-картридж қызметінің мерзімі -- картриджді бір тонермен толтырғанда алынған көшірмелер саны. Тонер таусылған соң, картриджді кезектегі тонермен толтыруға болады, бұл жаңа картридж алғаннан гөрі арзан түседі, бірақ шығарылатын көшірмелер сапасы төмендеуі мүмкін. Тонерді ауыстыру саны шектеулі (әдетте 3 ретке дейін);
көшіру барабаны қызметінің мерзімі -- бір селен барабанында жасалған көшірмелер саны. Барабанның үстін жауып тұрған селен қолданыс барысында өшеді, сондықтан барабанның да қызмет ету мерзімі көшірмелер санымен шектелген. Селен қабатын қалпына келтіруге болады. Бұл жаңа барабан сатып алғаннан шамамен екі есе арзан түседі, бірақ барабанды қалпына келтіргеннен кейін, көшірмелер сапасы әдетте нашарлайды;
қағазды автоматты түрде беру құрылғысының болуы. Егер ол бар болса, онда тағы бір сипаттама -- қағаз салатын орынның сыйымдылығы көрсетіледі. Ол парақ санымен өлшенеді, Бүгінде ұсынылатын көшіру аппараттарының спектрі барынша кең: дербес портативті аппараттардан жоғары жылдамдықтағы стационарлы аппараттарға дейін. Сондықтан аппаратты сатып алу алдында ол орындайтын жұмыс мөлшерін айқын білу қажет.

Егер көшірмеленетін жұмыс көлемі көп болмаса (15-20 көш.күн), онда арзандау модельдер жарайды. Мұндай аппараттар шағын және ыңғайлы келеді әрі көшірме сапасының жақсы болуын қамтамасыз етеді.
Егер басу көлемі 200-400 көш.күн-ге дейін баратын болса, онда қымбаттау модель алған тиімді. Мұндай аппараттар қағазды автоматты түрде беру, түпнұсқаның өлшемін анықтау және көшірме дайындау үшін тиісті пішінді автоматты түрде таңдау құрылғыларымен жабдықталған. Кейбір аппараттардың конструкциялары түпнұсқаларды автоматты түрде беру құрылғысы және көшірмелерді комплекттері бойынша іріктеп алуға арналған сұрыптау құрылғысы орнатылуын қарастырады.
Егер жұмыс мақсаты баспа өнімінің үлкен таралымдармен (10 мың данаға дейін) дайындалуы болса, онда қымбат жоғары жылдамдықтағы түрлі түсті, сенсорлы монитормен және кірістірілген микроЭЕМ-мен жабдықталған аппараттар алған тиімді. Оларда қосымша кескіндерді редакциялау (түсті өзгерту, реңін енгізу және т.б.), көшірмелерді кітапша етіп бекіту қызметтері де қарастырылған.
Ксерокс алар алдында олардың бәрі түгел отандық электрожеліге бейімделмегеніне назар аудару керек. Сипаттамаларында 220 В50 Гц деп көрсетілуі керек. Көрсету үстелі бекітілген немесе жылжымалы болуы мүмкін. Бекітілген көрсету үстелі бар аппарат жұмыс кезінде қанша орын алса, жұмысқа қосылмаған кезде де сонша орын алады. Ал жылжымалы үстел жұмыс кезінде біршама жылжиды, демек, оған қосымша жұмыс кеңістігі қажет. Аппаратта көшірмелердің қанықтылығын қолмен жәненемесе автоматты түрде реттейтін құрылғы орнатылуы мүмкін (сипаттамаларда былай көрсетіледі: қол экспозициясы жәненемесе авто-экспозиция).

2.5. Ксерокопия тарихы
Xerox сөзі біз айтатындай ксерокс деп емес, Зиэрокс болып оқылады екен. О баста гректің құрғақ (xeros) және жазу (grapho) деген сөздерінен шыққан осы сөздің қолданысқа еніп кеткені сонша, көшірмені мынау - мына құжаттың ксероксі деп түсіндіреміз. Құжатты ксероксте деп те айтамыз. Ал Монғолия тұрғындары біздің ксероксті канон дейді екен. Мына қағазды канондап әкел, құжатыңның каноны қайда? Себебі, ол жаққа алдымен Canon компаниясы шығарған көшірме құралы барған. Сол үшін олар бұл құралдың атын канон деп кетті де, бізге Xerox компаниясының өнімі келген соң, ксерокс деп атап кеттік.
1906 жылы Нью-Йорк штатындағы Рочестр қаласында The Haloid Company атты компания жұмысын бастайды. Кәсібі - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Барабанды сканерлер
Ақпаратты шығару перифериялық құрылғылары
Дербес компьютердің шығару құрылғылары
ЭЕМ құрылымы
Компьютерлік жүйелер және оны пайдалану
ЭЕМ – нің перифериялық құрылғылары
Қағаздағы ақпаратты енгізу құрылғылары
Мәтіндік физикалық файлдың атауы үшін оның заты
Visual basic отрасында скринсейвер программасын құру
Дербес компьютердің құрылысы туралы
Пәндер