Синонимдердің мағыналық реңкі


Қазақ тіліндегі реңктік уәжділігі
Мазмұны
Кіріспе . . . 4
1 Синонимдердің мағыналық реңкі . . . 7
- Синонимдердің зерттелуі . . . 7
1. 2 Лексикалық синонимдер . . . 9
1. 3 Синтаксистік синонимдер . . . 16
1. 4 Фразеологиялық синонимдер . . . 27
2 Синонимдердің стильдік және қолданыстық реңкі . . . 35
2. 1 Синонимдердің функционалдық стильде қолданылуы . . . 35
2. 2 Көркем әдебиет стиліндегі синонимдер . . . 38
2. 3 Синонимдердің қолданыстық реңкі . . . 58
Қорытынды . . . 64
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 66
Кіріспе
Диплом жұмысының өзектілігі. Тілдегі синонимдер - қоғамдық-әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отыратын кұбылыс. Жалпы тіл білімінде синонимия құбылысына қатысты бірқатар зерттеулер бар. Оған қазақ тіл білімінде - Ә. Болғанбаев, Ғ. Мұсабаев, Ғ. Қалиев, М. Серғалиев, Ф. Оразбаева, А. Османова, орыс тіл білімінде - С. Г. Бережан, Ю. Д. Апресян, А. П. Евгеньева, В. А. Новиков, түркітануда Г. Амиров, Б. Абдуллаев, А. Ходжиев, т. б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Сондай-ақ синонимдердің жеке ақын-жазушылар тіліндегі қызметін, сөйлем жүйесінде сөз мағынасын кұбылтудағы ерекшеліктерін, жасалу жолдарын теориялық тұрғыдан саралаған ғылыми зерттеулердің де бар екендігі белгілі.
Қазақ тіл білімінде синонимдер, оның ішінде сөз мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болатын лексикалық синонимдердің жалпы мәселелері зерттеліп жүргенімен, синонимдердің мағыналық, стильдік, қолданыстық реңктері осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны болған емес. Синонимдердің басқа да тілдік құбылыстардан айырмашылығы, тіркесімділік, үйлесімділік қасиеттері олардың стильдік қызметімен тікелей қарым-қатынаста болып келеді. Сондықтан сиионимдердің мағыналық тепе-теңдік, орын ауыстырымдылық қасиеттерін саралау, мағыналық, стильдік және қолданыстық қызметін анықтау дипломдық жұмыстың өзектілігін танытады.
Диплом жұмысының нысаны. Синонимдер, олардың парадигматикасы мен синтагматикасы, көп мағыналылығы, жасалу тәсілдері, синонимдік қатардағы үйлесімділік, гипонимия, доминант мәселелері, сонымен қатар синонимдердің қолданылу ерекшеліктерін, стильдік қызметі тұрғысынан анықтау диплом жұмысының негізгі нысаны болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Лексикалық синонимдердің лингвистикалық сипатын, стильдік, қолданымдық ерекшеліктерін анықтау және тіл біліміндегі жалпы синонимияға қатысты үйлесімділік, гипонимия, полисемия тәрізді күрделі мәселелердің тілдік табиғатын ашу. Осы мақсат барысында төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
- лексикалық синонимдердің парадигматикалық және синтагматикалық ерекшеліктерін айқындау;
- синонимдердің үйлесімділік қасиеттерін, айырым белгілерін ажырату;
- көнерген сөздер мен кірме сөздерден, диалектизмдерден жасалған синонимдердің қазіргі тілдік қолданыстағы мүмкіндіктерін, үлес салмағын көрсету;
- фразеологиялық синонимдер қатарын белгілеп, олардың лексикалық және синтаксистік синонимдерден арақатынасын саралау;
- көркем шығармалардағы синонимдердің стильдік ерекшеліктерін дәйектеу;
- синонимдердің қолданыстық ерекшеліктерін зерделеу.
Диплом жұмысының дереккөздері. Тіл ғылымының іргелі зерттеулері, соны бағыттары және синонимдердің стильдік реңктерін анықтау барысында көркем туындылар дереккөз ретінде қолданылды.
Диплом жұмысының әдістері. Синонимдердің жасалу тәсілдерін, мағыналық, стильдік және қолданыстық ерекшеліктерін анықтау барысында компоненттік талдау, тарихи-салыстырмалы, сипаттама, стильдік талдау әдістері қолданылды.
Жұмыстың әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысында тіл ғылымының іргелі зерттеулері, соны бағыттары мен жаңалықтары негізге алынды. Жұмыстың ғылыми және әдіснамалық негізі ретінде жалпы тіл білімі, орыс және қазақ тіл біліміндегі синонимдерге қатысты теориялық қағидалар мен лексикология, стилистика, көркем әдебиет тілі бойынша жазылған зерттеу жұмыстарындағы ғылыми тұжырымдар басшылыққа алынды.
Диплом жұмысының теориялық және практикалық мәні. Диплом жұмысында жасалған тұжырымдар мен қорытындылар қазақ лексикологиясындағы синонимдер туралы ғылыми пікірлерді толықтырып, нақтылай түседі. Синонимдердің семалық талдау негізінде анықталған семантикалық, стильдік ерекшеліктері және жеке жазушы тіліндегі лексикалық синонимдер жөнінде айтылған ой-пікірлер негізінде жасалған зерттеу нәтижелері тілдің лингвопоэтикалық құралдарын зерттеуге, функционалды стилистиканың дамуына қосылған үлес болып табылады.
Көркем мәтін лингвистикасы, стилистикасы, когнитивтік лингвистика бойынша оқылатын дәрістер және арнайы курстар мен семинарларда, ғылыми-зерттеу жұмыстарында көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ тіл білімінде синонимдердің тіл жүйесіндегі орны, олардың семантикалық парадигматикасы мен көркем шығармадағы стильдік ерекшеліктерінің теориялық тұрғыдан зерттелуі лингвистикалық стилистикадағы маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Осының негізінде зерттеу барысында қол жеткізген ғылыми жаңалықтар қатарына мыналарды жатқызуға болады:
- синонимдердің мағыналық реңктері парадигматикалық тұрғыдан талданды;
- синонимдік қатардағы сөздердің семантикалық арақатынасы, үйлесімділік дәрежесі анықталды;
- синонимдердің тепе-теңдігі ұғым-түсініктің бірдейлігіне қатысты екендігі және сөздің семантикалық өзгеріске түсуі нәтижесінде мағына бірдейлігі алшақтай түсетіндігі дәлелденді;
- синонимдік қатардағы сөздердің байланысы мен жүйелілігі арақатынасы айқындалды;
- синонимдердің стильдік ерекшеліктері ашылды;
- синонимдердің қолданыстық реңктері айқындалды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар.
- тіл жүйесіндегі синонимдер мағыналас, мәндес болуы арқылы бір ұғым төңірегінде синонимдік қатар құрап, ортақ парадигмалық мағынаға негізделеді;
- синонимдік қатардағы сөздер үйлесімділік айырмалары арқылы түсіндіріледі;
- синонимдердің тепе-теқдік ұғымы лексемалардың мағыналық бөлшектерінің (сема) өзгешеліктерімен анықталады;
- лексикалық синонимдер ақын-жазушы стилінде ұғым-түсініктің атауын нақтылау үшін қолданылады;
- вариант сөздер мағыналық жағынан сараланып, семантикалық өзгеріске түсуі арқылы бірте-бірте синоним бола алады;
- мағынасы активтене бастаған көнерген сөздер лексикалық синонимдер жасау мүмкіндігіне ие бола алады.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.
- Синонимдердің мағыналық реңкіСинонимдердің зерттелуі
Тұлғалық жағынан әр алуан болғанымен, мағыналары бір-біріне жақын, мәндес сөздердің жүйелі тобы - синонимдік парадигманы құрайды. Синонимдердің ерекшелігі мазмұндары бір-біріне жақын, іргелес ұғымдарды анықтайды, семантикалық белгілері әр түрлі сипатта болып, сырттай дифференцияланып тұрады.
Қазақ тіл білімінде синонимдер жүйесі біршама зерттелген. Тілімізде кездесетін синонимдер толықтай жинақталып, сөздік ретінде басылып шыққан, көптеген ғылыми зерттеулерде оған анықтама беріліп, тілдік сипаты талданған.
Ең алғаш қазақ тіл білімінде Ахмет Байтұрсынов: «Тіл қисыны» атты мақаласында «синоним» деген терминді қолданбағанымен, оның қасиетін дәл тауып, айқындап айтып береді. «Біздің қазақ тіліндегі сөздердің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білу және сөздерді сөйлем ішінде орын-орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Бүтін пікірін айтып шығатын әңгіме ішінде жалғыз ауыз амандасу жүзінде әркім әр түрлі сөз қолданады. Бәрінің де ой мақсаты бір, бәрінікі амандық, бірақ, әркім әр түрлі сөз қолданып өзінше сұрайды. Әркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша тұтынған сөздер сол адамның тілі болады» [1, 14 б. ], - дейді ғалым.
Синонимдерді алғаш зерттеген ғалым - Ә. Болғанбаев. Ғалымның 1957 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі зат есімдік синонимдер» [2] атты зертттеу еңбегінен бастап, «Қазақ тіліндегі синонимдер» [3], «Қазақ тіліндегі синонимдер сөздігі» [4] . атты еңбектері жарық көрген. Етістік синонимдерді М. Серғалиев, О. Жұмашев, А. Османова, сын есім синонимдері Ф. Оразбаева сияқты ғалымдар зерттеді.
Қазақ тілі білімінде фразеологизмдердің синонимдерге қатысы жөнінде Г. Смағұлова, Ө. Айтбаев сияқты ғалымдардың еңбектерінде талданады. Синонимдердің көркем шығарма тіліндегі стильдік қызметі Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Б. Шалабай, Ф. Мұсабекова сияқты ғалымдар еңбектерінде сөз болады.
«Тіл білімінде синонимдердің белгілі бір салаларға, тіл білімінің тарауларына байланысты дараланып бөлінетіні сияқты (лексикалық синонимдер, морфологиялық синонимдер, синтаксистік синонимдер), сөздердің мағыналық айшықтарына, айтушының не жазушының сөз саптау шеберлігіне қарай, қысқасы, стилистикалық тұрғыдан синонимдердің басқа атаулармен жұмсалатын тағы түрлері бар. Авторлық, индивидуальдық немесе стилистикалық синонимдер, бір сөзбен айтқанда, контекстік синонимдер осындай қасиеттерімен, белгілерімен көрінеді» [5, 29 б. ] .
Ә. Болғанбаев: «Синоним сөздердің кез келген контексте бірінің орнына бірі жалпылама ауыстырылып қолданыла беруі шартты айырым-белгілерге міндетті заң болып енбейді» [3, 260 б. ], -дейді.
Әдебиеттанушы ғалым Қ. Жұмалиев синонимге мынадай анықтама береді: «Тілдегі айтылуы, түрі басқа болса да, мағынасы бір-біріне жақын сөздерді синоним, қазақша мәндес сөздер»-деп, ал лингвистикалық түсіндірме сөздігінде «грек сөзі «Synonymos», -аталуы бірдей - мағыналары толық не жартылай сәйкес келетін, бір сөз табына жататын сөздер» - деген анықтама берілетіндігін түсіндіреді [6, 124 б. ] .
Тілші ғалымдардың синонимдер жайлы айтқан құнды пікірлері толып жатыр. Мысалы, 18 ғасырда өмір сүрген француз ғалымы Д. Аламбер: «Түптеп келгенде, бірінің қызметін бірі мүлтіксіз орындайтын синонимдер әсте болмайды. Тілдегі әрбір екі сөз бір ұғымның мәнін толық жеткізе алады деп мойындаудың өзі бір ғана тілде екі бірдей тілдің қаз-қатар өмір сүруін мойындаумен пара-пар» деп түйген еді.
Синонимдер жайлы орыс ғалымдары да бағалы пікірлер айтқан. Д. И. Фонвизин: «Бір мағыналы сөздер өмірде тіптен кездеспейді. Егер он шақты не одан да көбірек сөздер бір ғана идеяны білдірген болса, онда одан өткен сорақы байлық болмас еді», - деген еді [7, 95 б. ] .
Профессор А. И. Ефимов: «Синонимика дегеніміз - бұл сөз жаңалаудың шексіз мүмкіншіліктерінің айналымы. Мұнымен жазу біткеннің барлығы да басын қатырып, сөз михнатын шектіретін тілдік құрал» - дейді [8, 15 б. ] .
Синонимдерді тіл білімінде терең зерттеген ғалымның бірі - Ю. Д. Апресян. Ол синонимдердің белгілерін төмендегіше топтастырады:
1) чтобы они имели полностью совпадающее толкование, т. е. переводились в одно и то же выражение семантического языка;
2) чтобы они имели одинаковое число активных семантических валентностей, причем таких, что валентности с одним и тем же номером имеют одинаковые роли;
3) чтобы они принадлежали к одной и той же части речи [9, 29 б. ] .
Синоним термині тіл білімінде кең мағынада қолданылады: морфемалардың синонимі, синтаксистік құрылымның синонимдік қолданысы, фразеологиялық бірліктердің синонимдес қолданылуы т. б.
Сөздің дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синоним омонимге қарама-қарсы тұрған лексика-семантикалық тілдік құбылыстар. Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөздер тобын білдірсе, синонимдер, керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз тобына қатысты болады.
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады:
1) сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет;
2) сөздер бір ғана ұғымды білдіруі керек;
3) сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс. Бұл үш белгі - сөздерді синоним деп танудағы басты шарт;
4) бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада келуі мен мәнмәтінде бірін-бірі алмастырған жағдайда, бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгілерін көрсетеді [10, 97-98 бб. ] .
Бұл пікірлерден шығатын қорытынды, синонимдер өзара мағынасы жуық сөздер болғанмен, оларды бірдей сөздер деп тануға болмайды, өйткені синонимдес сөздердің мағынасында ұқсастық болғанмен, стильдік реңкінде аз да болса айырмашылық міндетті түрде кездеседі.
1. 2 Лексикалық синонимдер
Зерттеушілер синонимдер түр-тұлғасы ұқсас, бір түбірден таралған немесе варианттас дублеттердің өздері де бір-бірінен сәл де болса өзгешелігі болатындығын айтады. Мысалы: садақа мен садаға, жаңқа мен жоңқа, шұқыр мен шұңқыр, қыстау мен қыстақ мағына жағынан дәл бірдей деп айтуға болмайды. Дублет пен синоним деген терминдердің бір-бірімен өте ұқсас жақтарымен қатар, әрқайсысын даралап бөлетіндей өзгешеліктер де жоқ емес. Бұл екі терминнің ұқсастығы сыртқы дыбыстық формасы мен мағыналық бірлестігінде.
Синонимдерге қойылатын басты шарт - олар дыбыстық формасы жағынан бір-бірінен дараланып, белгілі бір ұғымды білдіруі қажет. Синонимдердің сыртқы тұлғалық ерекшелігі ұқсаспай да келе береді. Азамат-жігіт, ақылды-есті, бүкіл-күллі, құмар-құштар, одыраю-адыраю т. б. Синонимдерде кездесетін осы белгілер дублеттерден де табылады. Синонимнің не екенін ажыратып білмей, дублетті түсіну мүмкін емес.
Бір ұғымды білдіретін мәндес сөздердің де бір-бірінен сәл мағыналық айырмашылығы болады. Мәселен, бір сөз бір сөзден мағына жағынан сәл жоғары немесе сәл төмен болуы мүмкін. Мысалы: алып-алпауыт, атқыш-мерген, белсену-құлшыну т. б.
Мәндес сөздердің бір сыңары көп мағыналы, қалған сыңары бір мағыналы болуы мүмкін. Мысалы: ат - есім. Синонимдердің біреуі деректі, нақтылы ұғым тудырса, екінші сыңары дерексіз жалпы ұғымда қолданылады. Мысалы: маңдай - пешене т. б.
Синонимдер түбірлері әр түрлі болғанымен, беретін мағыналары жағынан жуықтас, жақындас болып келеді. Көп жағдайда оларды өзара алмастыруға да болар еді, алайда әрдайым бұлай бола бермейді. Қалай болғанда да, мағыналық жақындық көзге түсіп тұрады. Мысалы: Әркім арманын, қиялын іске асыруға тырысады деген сөйлемде арман және қиял деген сөздердің мағыналық жуықтастығы дау туғызбаса керек.
Синонимдер дегеніміз - әр түрлі айтылғанымен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, не эмоциялық сәл ерекшеліктері бар бір сөз табынан болған сөздер. Яғни сөздер бір ғана ақиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар синоним деп танылады. Өз ара мәндес сөздерден синонимдік қатар құра алады. Мысалы: абырой - бедел - кәдір, азайту - алу - кеміту - шегеру, батыл - өжет - өткір т. б.
Синоним сөздер - әр басқа ұғымды емес, бір ұғымды әр түрлі белгілейтін атаулар. Мысалы, 1. уақыт, мезет, мезгіл. 2. Мәлімет, ақпарат т. б. синонимдік қатардың құрамындағы сөздер өзара мәндес болғанымен, олардың бір-бірінен мағыналық жағынан қалайда бір айырмашылығы болады.
«Өмір ағысының қалай тез өтетінін, қызықпен жүргенде, адам байқамай қалады екен [4, 106 б. ] . Бір жерден екінші жерге аударғанда, қой жылдам түгіл, жасамыс адамдардың өзі механизмді шапшаң үйреніп келеді [7, 95 б. ] . Болат дереу конвертті ашып, ішінен бір бет қағазды суырып алып судыратып оқи жөнелді [4, 106 б. ] . Алғашқы жауған ақша қар таңертеңгілікте еріп, лезде қатып, мұзға айналды. [4, 106 б. ] . Сөйтіп, осы заманғы паром сияқты сол қайықтар әп сәтте әзір болды [4, 106 б. ] .
Сәнменен қыз-келіншек алдан шығып,
Заматта түрге түсті ауылдары [11, 19 б. ] .
Достары да орыс, қазақ, сан ұлттар,
Кетті демде мінез-құлқы үйлесіп [11, 56 б. ] .
Бұл жұмысты шұғыл қолға алып, таяу арада аяқтап шығуымыз керек.
Зереден Әлім жол сұрасып,
Көп тұрмай жүріп кетті жедел басып [11, 28 б. ] .
Синонимдес сөздердің бір-бірінен мағыналық жағынан айырмашылығы көбінесе сәл ғана, нәзік айырмашылық түрінде болады да, мұның өзі бірден ашық айқын аңғарыла бермеуі мүмқін. Мысалы: мәлім, мағлұм, аян, белгілі . Осы ерекшелігіне қарап, синоним сөздерге мынадай да анықтама беріліп жүр. Синоним деп - әр түрлі айтылғанмен, мағынасы жақын, бірақ әрқайсысының өздеріне тән не мағыналық, не стильдік, эмоциялық сәл ерекшеліктері бар, бір сөз табынан болған сөздерді айтады».
Тіл-тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік құрамының бай екендігін көрсетеді. Сөздік құрам неғұрлым бай, әр тарапты болса, тіл де соғұрлым бай, орамды болады. Мысалы; бір бет сөзінің жиырмадан астам синонимі бар. Бет, жүз, түр, түс, келбет, көрік, өң, ажар, шырай, пішін, кейіп, кейін, дидар, нұсқа, рең, рай, әлпет, ұсқын, мүсін, сүрең, сиық, сұрық, тұрпат, сықпыт т. б.
Өзара мәндес сөздердің топтары - синонимдік қатар, немесе синонимдік ұя делінеді. Синонимдік қатардың құрамына өзара мәндес бірнеше сөз енеді. Синонимдік қатар болу үшін кемінде екі сөзден кем болмау керек. Мысалы: ақ, шаңқан, ел, халық, жұрт, әлеумет, халайық т. б.
Синонимдік қатар сөздердің жалпы мағыналық негізіне қарай топтарыстырылады. Сөздердің жалпы сырт көрінісіне бой ұрып жеке сөздерді механикалық түрде бірінен соң бірін синоним деп тізе беруге болмайды.
Мәндес сөздер тобының ішінен мағынасы жағынан айрықша көзге түсіп топтағы сөздердің барлығына бірдей ортақ, күллісіннің жалпылама мағынасын ашық-айқын аңғартатын сөз доминант (тірек сөз) деп аталады. Мысалы: халық, ел, жұрт, әлеумет дегенде, синонимдік ұяның халық дегені доминант синоним болады.
Доминант сөз синонимдік қатарды сөздердің ішіндегі жалпы халықтық тілде ең жиі қолданылатын, стильдік мәні бейтарап сөз болға тиіс. Мысалы: ауру, сырқат, науқас, дерт деген синонимдік қатардың доминант синонимі - ауру сөзі, бұл -жалпы халықтық тілде жиі қолданылатын сөз/11 /
Ә. Болғанбаев «Қазақ тіліндегі синонимдер» деген енбегінде доминант сөздерге лайықты мына сияқты белгілерін атайды:
1. Доминант синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі ең жиі қолданылатын, стильдік мәні бейтарап сөз болуға тиіс. Мысалы: ат-есім, ныспы.
2. Доминант синонимдік қатардағы сөздердің барлығына мағыналық арқау болатындай болу керек. Ерлік - батырлық, қаһармандық, жауынгерлік т. б.
3. Неологизм мен көнерген сөз қатар келгенде, доминатқа жаңа сөзді алу керек. Мысалы: оқушы - шәкірт, жауынгер -сарбаз т. б.
4. Жалпы халықтық сөз бен диалектизм қатар келгенде, доминантқа әдеби тілге бейімі алынады. Мысалы: көйлек - жейде, мата - кездеме.
5. Жеке сөз бан тұрақты сөз тіркестері синоним болып қолданғанда доминантқа көбінесе жеке сөз алынады. Мысалы: лезде- көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, қас қаққанша [3, 14 б. ] .
Жалпы ұғымды білдіретін сөздер синоним бола алмайды. Мысалы: ағаш, қайың, терек, қарағай деген сөздер бір-біріне синоним бола алмайды.
Тіл-тілдің лексикалық қолдануға байланыссыз жеке тұрып та лексикалық единица ретінде бірі-бірімен синоним болып келетін тұрақты синоним сөздер бар. Мысалы: үлкен, зор дегендер. Жеке тұрып та бір-бірімен синоним бола алмайтын, тек қолдануына қарай бір-бірімен мәндес болып келетін сөздер бар. Мысалы: үлкен мен зор деген сөздердің орнына кейде алпамсадай, еңгезердей, соқталдай, абажадай, добалдай деген сөздер қолданылып айтылады. Бірақ солай бола тұрса да, бұл сөздер үлкен, зор сөздеріне тұрақты синоним бола алмайды. Бұлар аталған сөздермен тек қолданылу ыңғайына мәндес болып келеді.
Синонимдік қатарды құрастырушы сыңарлар (сөздер) бір-бірінен белгілі бір стильге икемделіп теліну жағынан ажыратылып шектелсе, қайсыбір синонимдік қатарлардың құрамындағы сыңарлар бір-бірінен басқа сөздермен тіркесу мүмкіншілігі жағынан ажыратылып шектеледі. Енді бір синонимдік қатардың құрамындағы мәндес сөздер бір-бірінен сапа мен белгіні білдіру дәрежесі жағынан ажыратылады. Мысалы, қарт деген сөз бен кәрі деген сөз өзара мәндес, синонимдес сөздер болғанымен, екеуінің өрісі, жұмсалу шеңбері бірдей емес. Қарт деген адам, кісі сөздерімен тіркеседі де, басқа сөздермен мүлдем тіркеспейді. Кәрі деген сөз көптеген сөздермен тіркестіп қолданыла береді. Мысалы: кәрі деген сөзді жоғарыда аталған адам, кісі деген сөздермен де тіркестіріп кәрі адам, кәрі кісі, сөндай ақ, кәрі жылқы, кәрі қой деп айта беруге болады. Ал қарт деген сөзді қарт жылқы, қарт қой деп тіркестіріп айтуға болмайды. Сол сияқты қысқа, келте, шолақ сөздері де бір-біріне белгілі жағдайда ғана синоним бола алады.
Сонымен, белгілі бір синонимдік қатарды құрастырушы сыңарлар (сөздер) қолданылу шеңбері, сөздермен тіркесу мүмкіншілігі жағынан әр түрлі болады. Синонимдік қатарды құрастырушы сыңарлардың кейбіреулері көптеген сөздермен тіркесіп, қолданылу шеңбері кең болады да, қайсыбіреулерінің сөздермен тіркесуі шектеулі болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz