Өлкетану жұмыстарының мақсаттары


Ф. 7. 03-03
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық туризм және сервис кафедрасы
Арапова Гульмира Мамыровна
ТУРИСТІК-ӨЛКЕТАНУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Шымкент - 2017 ж.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық туризм және сервис кафедрасы
Г. М. Арапова
ТУРИСТІК-ӨЛКЕТАНУ ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН
ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
5В090200 - «Туризм» мамандығы студенттеріне арналған
Оқыту формасы: оқытудың барлық формасы
Шымкент, 2017 ж.
УДК
Дайындаған ХТжС кафедрасының аға оқытушысы Арапова Г. М.
Туристік-өлкетану қызметінің негіздері пәнінен лекциялар жинағы
- Шымкент: М. Ауезов атындағы ОҚМУ, 2017. - 120 п.
«Туристік -өлкетану қызметінің негіздері» пәнінен лекциялар жинағы оқу жоспары мен бағдарламасының талаптары бойынша құрылған және студенттердің өздігінен дайындалуға арналған.
5В090200 - «Туризм» мамандығы студенттеріне арналған
Рецензенттер:
ХТжС кафедрасының э. ғ. к., аға оқытушысы Дуйсембекова Г. Р.
Халықаралық туризм және сервис кафедрасының отырысында қаралып басылымға ұсынылған (№5 протокол, 25. 12 2017)
М. Әуезов атындағы ОҚМУ оқу әдістемелік кеңесінде басылымға ұсынылған
(№ протокол, . . 2017)
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
Шығаруға жауапты: аға оқытушы Арапова Г. М.
Мазмұны
Кіріспе
Елбасымыздың Қазақстан халқына арналған дәстүрлі жыл сайынғы Жолдауларында халықтың әл-ауқатын көтеру, ел экономикасын дамыту, ішкі-сыртқы байланысты тұрақтандыру, халық шаруашылығын дамыту, туризм саласын өркендету т. т. күрделі мәселелерді күн тәртібінен түсірген емес. Соның ішінде өлкетарихын танып білу, өлкенің географиялық ерекшелігін ажырату, тономикалық атаулардың анықтамасын жасау, өлкетану аспектілерін нақтылау секілді толып жатқан құндылықтардың мән-мағынасын ашу бұл саладағы кемшін түсіп жатқан жағдайымыздан хабар беретін ақиқат шындық.
Осы мақсатта ұсынылып отырған оқу құралы «Туризм» мамандығының білім алушыларына, туризм саласы кәсіпорындарының мамандары мен жетекшілеріне арналған.
Кітапта өлкетану технологиясы мен функциясы, принциптері айқындалады. Сонымен қоса, бақылау сұрақтары беріліп, әртүрлі тақырыпшалар мен өлкетанудың тарихына шолу жасалынған. Отандық және шетелдік мамандардың еңбектеріне де сілтеме берілген.
Қазақстанның өлкетануына үлкен үлес қосқан қазақтың ағартушы ғалымы Ш. Уалихановтыңда еңбегі зор. Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың (біздің отандық ғылымға сіңірген еңбегі зор) жасаған еңбегі XIX ғасырда өз бағасын алған. Профессор Н. И. Веселовский “шығыстану аспанында Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов аққан жұлдыздай жарқ етті; орыстың ориенталистері (шығыстың тілімен мәдениетін зерттеуші ғалым) бірден мойындап, оны ерекше адам деп бағалады” - деді. Орыстың саяхатшы ғалымы Семенов - Тянь - Шаньский “ұлттық шеттен шыққан ағартушылардың бірі”. Азияны зерттеуші Е. Г. Потанин “Қазақтардың арасында Шоқанға тең келетін адам жоқ” - деп жазды. Уәлихановтың туыстары “данышпан”, “таза да әділ дара тұлға” деп атады.
Қазақстанда туризм саласына мамандар дайындау жаңа және қасиетті іс. Туризм дамуының тиімділігі саланың шешілуге тиісті мәселелерін көріп оны мемлекеттік қоғамдық және жеке - дара деңгейде шеше алатын жоғарғы деңгейдегі мамандарды даярлауды қажет етеді.
Президенттің “Қазақстан - 2030” атты халыққа Жолдауында атап өтілгендей шаруашылық менеджменттерінің нарықтық экономикадағы нашар жұмысы, олардың дайындығының нашар екенін көрсетті. Сондықтан туризм менеджментін жақсарту үшін жаңа бағдарламалар жасап, тиімді жолдар іздеу қажет. Менеджердің шеберлігіне байланысты жұмысты өз дәрежесінде жүргізуге болады. Менеджердің жұмысы көптеген адамдардың тағдырына ғана емес, елдің қоғамдық экономикалық дамуына да әсер етуі мүмкін.
Кәсіпорынның, туристік қызмет көрсететін мекемелердің де, менеджерлердің кәсіби деңгейін көтеріп ең аладымен олар жоғары оқу орнын бітірген кезде қолға алынуы қажет.
Кең таралмаған мамандық иелері өздерінің шеберлігін тез жоғалтады. Шебелрлікті тек нағыз білім болғанда шыңдауға болады. “Кәсіби шебер” деген ұғымды пайдалана отырып, туризм менеджерінің, маманның шеберлік қызметін ескере отырып, жұмысына психологиялық анализ жасау керек. Бұл өз кезегінде туризм менеджерінің шеберлігінің құрылымын анықтауға мүмкіндік береді. Ол туристік қызметті ұйымдастырушы, туристік қызмет көрсетуді белгілеп, ендіреді.
Кез - келген мамандық иелерінің шеберлігін арттыру дегеніміз мамандықты толық меңгеру.
Шеберлік дегеніміз бір облыстағы биік өнер, ал маман - шебер - сол биік өнерге қол жеткізген адам. Бұл түсінік өлкетану саласындада қолданылады.
Кәсіби шеберлік дара адамның кәсіби қызметінен көрінеді, адамсыз кәсіп болмайды. Сондықтан мамандықтың құрылымы емес, кәсіби - маманның құрылымы туралы айту керек.
“Кәсіби мамандық” деген ұғымды анықтау үшін кәсіпке назар аудару керек.
Туризм менеджерінің кәсіби шеберлігін анықтау үшін, оның шеберлігінің мәніне де, нағыз кәсіби маманның жақсы маманнан айырмашылығы неде, кәсіби шеберліктің құрылымы қандай? Бұның бәрін анықтау үшін туристік қызметтің кәсіби шеберліктеріне назар аударайық та, оны талдау негізінде оның бағытын, құрылымын, ерекшелігін, талабын бағдарлайық. Бұлардың бәрі маманға қойылатын талаптар.
Туризм менеджерінің кәсіби жұмысы, барлық жұмыс түрлері сияқты өзінің тапсырмасы, мақсаты, нәтижесі жұмыс пен операциядан тұрады. Кез - келген адамның қызметінің ең жоғары моделі бар, ол қызметті оның нәтижесі алдын - ала мегзеп тұрады. Кез - келген қызметтің тиімділігі, бірінші жағынан дара адамның жеке басының қасиеттері мен тәжрибесіне байланысты және оның ерекшеліктерінен. Екінші жағынан, дәстүрлі түрде “жасырын қасиет” деп атлатын сипат қызметтің жақсы үлгісінде ғана алуға болады. Ал ол оны “оралған” күйінде оның өзінде, нәтижесінде ұсынады.
Тақырып1. Туризм қоғамдық мәдени және қоғамдық экономикалық құбылыс ретінде
Жоспар:
1. Туризм қоғамдық мәдени және қоғамдық экономикалық құбылыс ретінде
2. Өлкетану жұмыстарының мақсаттары
Қолданылған әдебиеттер:
1. Мазбаев О. Б., Асубаев Б. К. Туризм және өлкетану негіздері. Оқу құралы. Астана 2009ж.
2. Айменов Ж. Т., Есенова А. Е., Арапова Г. М. Экскурсиялық қызмет. Оқу құралы. Шымкент, 2016 ж.
3. Ашурков В. Н., Кацюба Д. В., Матюшин Г. Н. Историческое краеведение. М. :Просвещение, 2013;
4. Вуколов В. Н. . Основы туристско-краеведческой работы. -Алматы, 2015;
3. Вуколов В. Н., Назарчук М. К. Основы туристско-краеведческой работы. - Алматы, 2012;
5. Краеведение: учебное пособие // А. В. Даринский и др. - М. : Просвещение 2014
6. Историческое краеведение // Под ред. Г. Н. Матюшина. М. :Просвещение, 2011;
7. Краеведение. Пособие для учителя //Под ред. А. В. Даринского, М. :Просвещение, 2012. ;
8. Краеведение. Учебное пособие // Под ред. А. В. Даринсконого. Л. :ВПШК, 2015. -111С;
9. Ердавлетов С. Р. География туризма. - Алматы, 2016; .
Өзінің кеңдігіне, тереңдігіне, нақтылығына қарағанда қазіргі туған өлкені зерттеуді 20-30 жылдары жүргізілген өлкетану жұмыстарымен салыстыруға да болмайды. Бұл «Өлкетану» ұғымының мазмұнының өзгеруіне әкеп соқты. Өлкетанудың жалпы анықтамасы қазір жоқ.
Ю. С. Саушкин өлкетану жергілікті күштер арқасында өлкені, ауданды, қаланы, селоны жан-жақты зерттеу деп түсінді. Өлкенің аймағын зерттеу деген оның табиғатын, халқын, шаруашылығын, мәдениетін, өнерін, және халықтың қызметінің басқа да жақтарын зерттеу.
И. О. Юнаньев өлкетану елдің белгілі бір шектеулі бөлігін жан- жақты комплексті түрде зерттеу деп түсінді.
А. С. Барков өлкетануды «бұл мазмұны әртүрлі және әдіспен зерттелетін ғылымдар жиынтығы, бірақ ол өзіңнің өлкеңді жан- жақты тануға, білуге жетелейді»- деп санады.
Бұл айтылғандардан өлкетану- жергілікті күштермен өз өлкеңді зерттейтін жұмыс деп анықтап жазуға болады.
Өлкетану жұмыстарының мақсаттары әр түрлі болуы мүмкін. Бір жағдайда - ізденіс, зертеу жұмыстары. Оның мақсаты өлкені сипаттайтын жаңа фактілер табу. Мысалы, архивтен жаңа құжаттар іздеу - өлкедегі айтулы оқиғалар немесе айтулы тұлғалар жайлы; халық ауыз әдебиетін зерттеу, немесе жаңа салт - дәстүрлерді зерттеу, тәжірибе, өнеркәсіп жұмыстарын, жаңа аудандағы мәдени қызмет көрсетуді зертеу т. б. Мұндай өлкетанудың іздеу жұмыстары арнайы сұрақтармен аяқталады (тарихи, экономикалық т. б. ) және олар осы өлкеге байланысты болады. Ал, кейбір жағдада өлкетану жұмысы комплексті сипат алады, ол өлкені жан - жақты зерттеу. Өлкетану жұмысының бұл түріне мыналар жатады: өлкенің табиғаты жайлы түрлі материалдар жинау, тарихы, мәдениеті, экономикасы, өткені, қазіргі жағдайы, болашағы, осы негізгі өлкенің комплексті сипаты жазылады. Мұндай өлкетану жұмысының негізгі мақсаты ол өлкенінің аумағы жайлы, не болмаса жеке нысандары жайлы адамдар мен ұйымдарға арнап жинайды. Мұндай жұмыс түріне өлкені зерттейтін экскурсиялық және курорттық мекемелердің жүргізетін жұмыстары жатады. Оның негізгі мақсаты туристер мен шипажайларда демалушыларға өздері жүрген жердің тарихы, табиғаты, халқының өмірі мен жұмыс жайлы ақпарат беру. Бұл жұмыстың экскурсия нысандарын, маршруттарын тандағанда зор мағынаға ие болады.
Бұл зерттеудің нысандары: өлкенің табиғаты, оның өткен тарихы, халық шаруашылығы, әдебиеті, архитектурасы, өнердің басқа да түрлері, мәдениеті, халық тұрмысы т. б болуы мүмкін. Бұлардың әрқайсысы- әр ғылымның нысандары, сондықтан оларды зерттегенде әр ғылымның әдістері пайдаланылады. Өлкетанудың табиғаты зерттеу саласында- физика- географиялық және басқа қосымша ғылымдардың әдісі; өлкетануды тарих саласында- тарихи ғылымдардың әдісі; өлкетанудың өнер саласында- әдебиет және өнер әдістері; экономикалық өлкетануда- экономикалық география және экономика ғылымдарының әдісі. Нысандардың әр түрлілігі мен мақсат және әдістеріне қарамай, барлық өлкетану іс- әрекетінің бағыттарының бір ғана зерттеу пәні бар, ол өлке пәні.
«Өлке» деген ұғым шартты ұғым. Бұл республиканың аумағының шағын бөлігі ғана, ал оның шекарасын кім және қандай мақсатпен зерттейтігіне қарай белгілейді. Мысалы, облыстық өлкетану мұражайы әкімшілік облысты (өлке, АССР, автономиялы облыс) зерттейтін болса, онда сол жер оларға өлке болады. Аудандық мұражай үщін бір немесе бірнеше әкімшілік аудан өлке бола алады; демалыс мекемесіне, немесе туристтік базаға туристтердің және демалушылардың экскурсияға, саяхатқа шығатын жерлері өлке болып табылады. Мектепке өлке дегеніміз- бұл жергілікті материал ретінде қолданатын мәләметі бар аудан; кей жағдай ол оқушылар жүргізетін және жорыққа шығатын жерлер мен мектеп аумағы болуы мүмкін, немесе мектептік мөлтекацданы; ал кейбір жағдайда география, әдебиет, тарих пәнін оқығанда таныса алатын үлкенірек аймақтар болуы да мүмкін. Өлкетанумен өзінше айналысатын адам өзінің мақсатына, мүмкіндігіне қарай шекараны анықтайды. Оның «өлкесі» мөлтекаудан, әкімшілік аудан, немесе топ: аудандар, қала болуы мүмкін.
Ғылыми тұрғыдан өзінің ерекшелігі бар, басқа аймақтарға ұқсамайтын өлкені зерттеу қызық. Мысалы, облыстық аймаққа кіретін табиғи комплекс, ол аймақтық физика- географиялық аудандарға бөлгенде анықталады, немесе аумақтық- өндіріс комплексі, облыс ішін экономикалық аудандарға бөлгенде бөлгенде белгіленеді; немесе өткен тарихи ортақ аумақ немесе жалпы этнографикалық ерекшеліктері ұқсас аумақтар мен т. б
Өлкетану туған жер жайлы білім болып өте ертеде пайда болды. Барлық халықтарда, барлық уақытта өзін қоршаған жерді, оның табиғатын, халқының өткені мен бүгінгісін жақсы білітін адам болған. Ол бұл мәліметтерін өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізіп отырды ( ауызша, немесе түрлі құжаттар арқылы) . Ресейде осылай болған. Онда өлкетану деректері жылнамалар мен құжаттарда айтылған ( нұсқау немесе түрлі хаттар т. б) . Ал, бұл 15-16 ғасырлар еді. 18 ғасырдың ортасында Ресейдің кейбір облыстарының алғашқы сипаттамалары басылып шықты (мысалы «Топография Оренбургская Ц. И. Рычков»), ал 18 ғасырдың екінші жартвсынан бастап елдің түрлі бөлігін зерттеп сипаттау кең орын алды.
Ресейдің әр жерін зерттеуді 18 ғасырдың 60 жылдары ерікті экономикалық қоғам жүргізді. 1765 жылдан бастап олар жергілікті экономиканың жағдай туралы мақалалар шығара бастады, негізінен ауылшаруашылығы туралы. Ресейде өлкетанудың қалыптасуында М. В. Ломоносовтың еңбегі зор. Ол Ресейдің бірінші атлас картасын шығару үшін барлық губернияларға арнайы сұрақнама жіберді. Онда олардың табиғи байлықтары, тарихы мен халықтың қазіргі өмірі жайлы сұрақтар болды. Бұларға жауап беру үшін үлкендер ғана емес, балалар да міндетті болды.
1977 жылғы губерниялық реформаға байланысты сенат барлық губерниялардың топографиялық сипаттамасын жазуға нұсқау берді. Бұндай сипаттар 18 ғасырдың 80 жылдарында жасалды. Ресейдің әр түрлі жерін зерттеуде 18 ғасырдың 60 жылдары құрылған Ерікті экономикалық қоғам үлкен еңбек етті. 1765 жылдан бастап жергілікті экономика жайындағы еңбектерді шығара бастады, негізінен ауыл шаруашылығы жайында.
Осы кезден бастап Ресей өлкетануында екі бағыт айқындалды: ғылыми (жергілікті күштердің көмегімен елдің көптеген аумақтарын зерттеу) және мектеп (мектепті қоршап жатқан аймақтықзерттеп, жиналған мәліметтерді оқытуда пайдалану)
Ғылымның түрлі салалары дамыған сайын өлкетануда кеңейе берді. Өлкетану жұмыстарын көптеген университеттер, ғылыми қоғамдар (Ерікті экономикалық қоғам, археологиялық қоғам. Орыстың географиялық қоғамы. Тарих қоғамы, жаратылысты сүюшілер қоғамы, антропология мен этнография қоғамдары т. б) губерниялық мұражайдың оқу комиссиялары, м жер мекемелері жүргізді. Сібір мен Солтүстікте өлкетанудан көп жұмыс жүргізген саяси жер аударылғандар (декабристтерден бастап болшевик- революцөнерлерге дейін) . В. И. Лениннің «Ресейде капитализмнің дамуы»қатты белгілі шығармасы, кейін Шушенскоеға жер аударылғанда аяқтаған, жергілікті материал негізінде жазылған. Мектептегі өлкетанудың дамуына әсер еткен 1804 жылы шыққан Устаев, ол бойынша жаратылыстану мұғалімдері мектеп орналасқан жерді зерртеп білуі керек. 1862 жылы халық ағарту министерствосы арнайы циркуляр шығарды. Ол гимназия кітапханашыларын өз өлкелері жайлы әдебиеттік библиографиялық көрсеткіштеріе жасауды міндеттеді.
Мектептегі өлкетану жұмысының дамуына орыстың ұлы педагогтарының бірі К. Д. Ушинский өз үлесін қосты. Ол география, жаратылыстану, тарих пәндерін оқыту отансүйгіштік (өлкетану) негізде жүргізілуі керек деп есептеді. Географияны, мысалы, К. Д. Ушинский мектепті қоршаған ортөмен байланыстырып оқыту керек деп ұсының жасады; бірте- бірте үйден аулаға, одан көшеге, селоға, қалаға, ал бұдан кейін бүкіл отанды зерттеуге, сосын әлемді де деп есептеді. К. Д. Ушинскийдің бұл идеясы сол заманғы озат педагогтардан қолдау тауып, кейін оқулықтарды құрастырғанда пайдаға асты.
Ұлы Октябрь революциясынан кейін өлкетану мектептерге кең тарады және қоғамдық қозғалыс ретінде де іске асырыла бастады.
Совет өлкетануының дамуының алғашқы сатысында елдің, шаруашылықтың дамуы үшін жүйелі түрде табиғи қорлар мен географиялық жағдайды зерттеп отыру мен тарихи- мәдени ескерткіштерді есепке алып, оларды қорғау жолдарын ұйымдастыру болды.
20- жылдардың басында елде көптеген ғылыми- зерттеу институттары мен өлкетану мұражайлары ұйымдастырылды. Олар өз жұмысында көпшіліктің жеке өлкетану қозғалысына сүйенді.
Туристік өлкетанудың табиғи-географиялық құбылысы өлкенің географиялық орналасуы мен оның табиғи ерекшеліктері өлкенің ерекшеліктерін зерттеудің негізі болып табылады.
Табиғат жағдайлары өлкенің мәдениеті мен экономикасының дамуына әсер етеді, ал біздің жағдайда ол туристік демалыс шаруашылығының комплекстерін ұйымдастыруда көмектеседі, себебі табиғи ресурстар демалушылар саяхат орындарын таңдағанда басты мәнге ие болады. Туристер мен демалушылар табиғат көрінісінің ерекшелігін, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің байлығы мен алуан түрін, спортпен шұғылдануға тиімді жағдайды, балық, аң аулау мүмкіндігін т. б. ескереді. Өлкенің табиғи байлығына байланысты демалыс түрлері ұйымдастырылады. Бұл шаруашылығына да байланысты.
Құндылығы әр түрлі қорлар белгілі бір табиғи топқа жатқандықтан, ал екінші жағынан олардың туризмдегі алатын орны әр түрлі болғандықтан олардың арасында айырмашылық бар.
Туризм мен демалысты дамытуға қажетті табиғатты табу үшін аймақтық физика-географиялық картасымен танысу керек. Бұл жағдайда шет елдік және кеңестік географтардың тәжірибесі көмектеседі.
Экономикалық өлкетанудың нысаны болып табылатын аймақтық шаруашылық комплекстерін ұйымдастыру үшін және жеке демалыс нысандары пайда болуына елдің немесе ауданның географиялық орналасуының орны ерекше: теңізге жақындық, таулы жерге, орманға жақындығы, демалушылардың негізгі тобына жақыныңақ орналасу, маңызды көлік жолдарына жақын болу. Кариб теңізі мен Жерорта теңізінің (Қара Теңіз де) жағалауларына көптеген курорттарды орналастыруға олардың географиялық жағдайы себеп болды. Көркем таулар, гүлденген аңғарлар мен көлдер және Еуропанаң ортасына орналасуы Швейцарияға қызығушылықты арттырды: туризм дамуы енді қанат жая бастағанның өзінде 1914 жылы Еуропа туристерінің 80 % баратын. Біздің елде мысалыға Алматы мен Шортанды-Бурабайды айтуға болады. Олардың орны көптеген туристік жолдың бастауы болғандықтан туристік орталыққа айналды.
Демалыс аймақтарын дамытуда берілген аймақтық жер бетінің сипаттамасының мәні зор. Бірақ сонымен қатар бұл керағар мән екенін де мойындауымыз қажет. Бір жағынан жер көрінісі (ландшафт) жиі өзгеретін жер бедері күрделі, ал кей жерлер таулы, туризм назарына іліге қоюы қиын. Туристерді әсем көріністер, таудың таза ауасы, аңшылықпен, альпенизммен, туризммен айналыса алатын жерлер қызықтырады. күрделі жер бедері, түрлі нысандар салғанда көп кедергі келтіреді. Олардың шығыныңда көп (бірақ бұл шығындар тез өндіріледі) .
Осы жерде таулы жерлер көптеген туристік орталықтардың пайда болуына септігін тигізді. Біз Швейцарияны айтып кеттік. Австрияның, Италияның, Францияның альпілік аудандары мен Польшаның, Румынияның және Кеңестер Одағының Карпатқа жақын аймақтарын, Валдай, Солтүстік Кавказ, Алтай, кейінгі жылдары Камчатка туралы да солай айтуға болады.
Табиғи ортаның маңызды элеменеті бөлшек климат. Табиғи ортаны зерттегенде топоклимат пен микроклиқаттың ерекшеліктерінің мәні зор.
Бұл тұрғыдан ауа тазалығы, тиімді жағдайлары, ауа ылғалдылығы мен температураның сәл-пәл ауытқуы, тұманның аз түсуі, бұлыңғыр күндер, желден қорғаныс т. б. мәні зор.
Жер бетіндегі өзендер жиілігі су спортын дамытуға-балық аулау, таза ауада суға түсу, тек бұл емес ландшафтың тартымдылығымен мәнді. Демалуға тиімді гидрологиялық жағдайлар су ағысы, немесе су беті. Олар таза, тиүсті температурасы бар ағысы жақсы. Бұл табиғи жағажайлар, жүзу бассейндерін салуға, немесе түрлі су спорттарын өткізуге қолайлы.
Орманды жерлерде сол жерлерде туристік қызметтің дамуына әсер етеді. Ол өзінің әсем табиғат көрінісінен басқа биоклимат саласында ортаның жағдайын жақсартатын биологиялық фактор болады. Атмосфераны оттегі мен азонға байытады, желдің жылдамдығын шектейді, температура тербелісін жұмсартады. Үлкен орман комплекстері ауа массаларының алмасуын жеңілдетеді, сонымен ол жайсыз топоклиматқа жататын құбылыстарға кедергі келтіреді. Орманның демалыс аймағы ретінде мәні зор, адамның жанын жадыратып, рахат сезімге бөлейді.
Туристік маусымды анықтаудың, әсіресе үлкен аймақтарда мәні зор. Үш туристік маусым белгіленген: жалпы демалыс, шомылу мен қысқы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz