Ашаршылық нәтижесі
Реферат
Тақырыбы: "Қазақстандағы 1921-1922 жж., 1931-1933 жж. ашаршылықтар"
Орындаған: Салыбек Айкен
Қабылдаған: Дауытбекова Маржан
Жоспар:
1. Кіріспе
Қазақ неге аштыққа ұрынды?
2. Негізгі бөлім
Ашаршылықтың басталуы және сол кездегі халықтың жағдайы.
3. Қорытынды
Ашаршылық нәтижесі
Қазақстан - Еуразия материгінде соның ішінде Орта Азиядағы орналасқан,географиялық аумағы үлкен ,яғни әлем бойынша 9-шы орынды тұратын,бірақ халқының саны аз мемлекет.Тарихтағы отаршылыдықтың зардаптары - бүгінгі күнде Қазақстан халқының санының аз болуының басты себебі болып табылады. Бірнеше тарихи қателіктер әсерінен қазіргі күні Қазақстан жерінде 18 млн халық өмір сүру үстінде.Әрине қазақ халқының тарихы сонау сақ тайпаларынан бастау алып , Шыңғыс хан шапқыншылығын көріп , өз мемлекетін тек 15-ші ғасырда құра біліп, қазіргі күнге дейін өмір сүріп келе жатқан мемлекет.Тек тарихтағы кейбір шешімдердің салдарынан 250 жылдан астам бір мемлекетке тәуелді болғанымыз болмаса,ел негізінде қалыптаса білдік.
Өз көршімізге бодан ел болып, соның отаршылдық саясатымен, зардаптарын 250 жылдан астам уақыт сезіндік. Өз ұлтымыздың тарихына біліми тұрғыдан сауаттылық енгізгенімізбен де, рухани тұрғыдан әлсіз едік. Әрине Ресейдің қолданылған патша үкіметтік саясаты кей адамдарға ұнамаған салдарынан, оның ішінде де революция орын алды.
Барлық адам тең деген Карл Маркс ұсынған кеңестік саясат салдарынан әлі отырықшы түрде өмір сүре бастамаған қазақ халқы өте үлкен зардаптар шекті.Осыған нақты дәлел ретінде кеңестік биліктің алғашқы 15 жылында болған қолдан құрылған ашаршылық болатын. Бұл әрине біздің елге өте қатты орны толмас, өз зардаптарын тигізді. Осы ашаршылық салдарынан еліміздегі қаншама адам бозып,көрші елдерге босқын ретінде кетіп, біздің даму көрсеткішіміздегі адам шығынын 50 жылда әрең дегенде толтыратын жағдайға мәжбүр болдық.
1921-1922 жж. ашаршылық
1921-1922 жылдардағы ашаршылық - бұл ашаршылық Азамат соғысынан кейін Кеңестер елі үшін тағы да бір ауыр сынақ болатын. Осы ашаршылық ұзаққа созылған қарсыз қыс , жауынсыз жазға ұласты. Қыста қардың, көктем мен жазда жауынның болмауы қатты құрғақшылықты, оның салдары ашаршылық нәубетін әкелді. 1921 жылдың жазында ол елдің көптеген өңірлерін, әсіресе Еділ бойы аудандарын жайлады. 1921 жылдың күзіне қарай бүкіл ел бойынша 20 млн астам адам аштыққа ұшырады.
Етек алған ашаршылыққа байланысты РК(б)П Орталық Комитеті 1921жылғы 17 шілдеде партияның барлық мүшелеріне арнайы үндеу жолдады. Ашаршылық, -- делінді үндеуде, -- тек құрғақшылықтың нәтижесі емес, оның себебі аграрлық сектордың артта қалуында, ауыл шаруашылық білімі денгейінің төмендігінде, ауыспалы егіс нысандарының ескілігінде, бұл және соғыс пен әскери қоршаудың, сондай-ақ помещиктер мен капиталистердің және олардың итаршыларының бізге қарсы күресінің бәсеңсімей отырғанынын да салдары. [1]. Партия құжаттарында көрсетілген себептермен бірге, жаппай ашаршылық Кеңес өкіметі қатаң жүргізген, халық шаруашылығына, әсіресе ауыл шаруашылығы саласына қатты соққы болып тиген әскери коммунизм саясатының нәтижесіндегі төтенше экономикалық жағдайларға да байланысты туындады.
Қазақстандағы 1921 - 1922 жылдардағы аштықтың тағы да маңызды себептерінің бірі бұл елдің бірнеше аймақтарында егіннің шықпай қалуы болатын. Бұл жағдайға байланысты Кеңес билігі азық-түлікті тәркілеу саясатын жүргізді. Қазақстанда егіншілік шаруашылығымен айналысушылардың көп болмауына байланысты большевиктер қазақтың малын кәмпескелеуі мақсат етіп қойды. 1921 - 1922 жылдардағы аштық жаңа айтып өткеніміздей Қазақстанның оңтүстік аумақтарында кеңінен етек алды.
Осы аштыққа қатты ұшыраған губерниялардың арасында Орал мен Бөкей губерниялары да болды. Орал, Бөкей губернияларында себілген астық қатты құрғақшылықтан шықпай қалды, шыққандары жазғы ыстықта қурап калды. Сонымен қатар жергілікті өлкеден Самара мен Саратов секілді губернияларға бір миллион пұт астық жөнелтілді. 1921 жылғы тамыз айынан бастап Орал және Бөкей губерниялары аштықтан зардап шеккен аймақтардың тізіміне ресми түрде енгізілді. Бұл себілген астықтың шықпай қалуы Орынбор, Қостанай, Ақтөбе губернияларында да болды, және мал өсірумен айналысатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардағы жайылымдар мен шабындықтар толықтай күйіп кетті. Бұл әрине өз кезегінде мал басының тағы да төмендеуіне себеп болды. Оның үстіне 1920-1921 жылдардағы ұзаққа созылған қатал қыс Торғай уезінде малдың жаппай қырылуына әкеп соқты. Шұбалаң, Майқара, Сарықопа және басқа болыстар да зардап шекті. Ашаршылық құрбандарының, аштан өлгендердің саны күн сайын көбейе берді. Бұл ашаршылық еліміздің отырықшы өмір сүретін аймақтарын да қамтыды. Қостанай губерниясындағы Исаев-Дедов аудандық кеңесі атқару комитеті 1921 жылы ақпан-наурыз айларында АКСР Халық Комиссарлары Кеңесіне аудан есебін жіберген болатын, ол есепте жекелеген ауылдардың наразылық білдіріп жатқаны туралы және олардың аш екендігі айтылған болатын. Және де осы есепте бірнеше аймақтарда шаруалар арасынан мемлекеттік тапсырыс бойынша жиналған астықты рұқсатсыз бөліп алған фактілері атап көрсетілген. Мысалы Дмитриев селосының екі жүзге жуық әйелі көршілес кенттерден қосылған әйелдермен бірге жиналған астықты Орынбор астық қоймасына тапсыруға ашық қарсылық білдірген, егер сіздер жиналған астықты әкететін болсаңыздар біз аштан қырыламыз деген ұранмен шыққан. Ал Васильев селосының тұрғындары кәдімгі күн сайынғы таңғы жиында шіркеу қоңырауымен бір мезгілде бір үзім нан мен мал азығы төңірегінде қызу айтыс ұйымдастырды. Олар кеңестердін жергілікті өкілдерін: бізге астық беріңіздер, әйтпесе біз аштан қырыламыз деген айқаймен қарсы алды. Одан соң есе Никольск селосының тұрғындары, сол кезде көктемгі дән себу науқанына әзірленген тұқымдық астықты рұқсатсыз өзара бөліп алған болатын.
1921-22 жылдардағы ашаршылықтан Қазақстан экономикасы біршама құлдырауларға ұшырады. Әсіресе Орталық,Батыс обылыстар,атап айтқанда, Орынбор, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Бөкей губерниялары , Адай уезі ашаршылық тырнағына ілінді, соның салдарынан мыңдаған адамдар аш жалаңаш қалып қойды.
Жаңа айтқанымыздай аптап ыстық және қара шегірткенің қаптауы егістік пен шөпті толықтай жойып жібірді. Қызыл Қазақстан журналында бұл жөнінде : Астықтың жоқтығынан малдың көбі пышаққа ілініп, біразы жұтқа ұшырап, құруға айналды. Астық тұқымы тағы да жоқ. Егіннің шықпай қалуы да, мал өсіруші шаруаға көп зиянын тигізіп отыр,-деп жазды.
Ашаршылықтың шығу себебі негізі біріншіден, Азамат соғысы кезінде халық шаруашылығының күйзелуінен, ал екіншіден егіс пен мал шаруашылығының кері кетуіне деп тұсіндіріледі. Шынымен де Азамат соғысы кезі қазақ шаруашылығына көп зиянын тигізді. Мыңдаған гектар жерлерге егін себілмей қалды. Бұдан соң халық бидай алу үшін малдарын айырбастауға тура келді, яғни мәжбүр болды. Бұл жағдай есе мал басының тағы да азаюына алып келді. Жаңа айтқанымыздай 1921 жылғы аптақ ыстықтан малға азық болатын шөптер күйіп кетті.
1920 жылы егіс көлемі 20 пайызға , мал басы есе 67 пайызға , ал 1921 жылы есе егіс көлемі 47 пайызға , мал басы 83 пайызға азайды, одан соң бұл көрсеткіш 1922 жылы бірнеше есеге көбейді. Міне осы көрсеткіштерден ақ қазақ халқы қандай қиын жағдайға түскенін байқаймыз.
Ал осы жағдайлардын үстіне тағы жығылғанға жұдырық секілді ел арасында жұқпалы (эпидемиялық) аурулар кең етек жая бастады. Әсіресе тырысқақ, іш безегі сияқты аурулар ашыққан адамдардың арасында тез тарай бастады. Басқарушы билік орындарының бұл ауруларды ауыздықтауға дәрмені жетпеді. Себебі : ауылды жерлерде арнайы дәрігерлік бөлімшелер болмауы мен медициналық дәрілердің жетіспеушілігі болды. Ал 1921 жылы Сібірдегі ашыққандар Семей губерниясы арқылы қазақ жеріне еніп, Лепсі өзеніне қарай жылжыды. Ашыққан босқындар өздерімен бірге оба ауруын ала келді . Оба ауруы Лепсі уезінің барлық ауылдарына тарап ,Талдықорған уезіне де жетіп барды. Бұл өлкеде аз уақыттың ішінде 2152 оба ауруна шалдығып , 1294 адам қайтыс болған , бұл есе өз кезегінде 55 пайызды көрсетеді.
Республиканың Денсаулық сақтау халық комиссариатының деректері бойынша Орынбор, Орал, Ақмола және Ақтөбе губернияларында 1921 жылдың 1 қарашасы мен 1922 жылдың 1 шілдесі арасында 37 657 адам ашаршылық құрбаны болды.[2]. Ашаршылық Қазақстанның басқа аймақтарын да айналып өткен жоқ.[3]. Сол кезде Тарғын-Бөкей губерниялы кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарған Х.Д. Чурин өз естелігінде: 1921 -- 1922 жылдардың қысында уезд орталығы болған кенттің көшелерінде біз таңғы сағат 5-6-ларда кейде ондаған адам өліктерін жинайтынбыз деп жазды. Ата-анасы көз жұмып, қараусыз қалған балалардың күн сайын 50-60-ын жергілікті өкімет органдары балалар үйлеріне бөлді. Егер 1921 жылғы 1 желтоқсандағы деректер бойынша қараусыз қалған аш-жаланаш балалар саны Қазақ АКСР-і бойынша 128 000 болса, осы жылдың соңында бұл көрсеткіш 158 000-ға, ал 1923 жылғы 1 наурызға қарай 408 022-ге жетті.[4]. 1922 жылғы наурыз-сәуір айларында Қазақстанды қысқан ашаршылық мүлде асқынып кетті. КазОАК-нің Төрағасы С. Мендешевтің 1922 жылғы 8 шілдеде КазОАК-нің III сессиясында жасаған баяндамасында осы жылдың көктемінде алынған толық емес деректер бойынша Қазақстан бойынша аштыққа ұрынғандар саны 2 832 000 адамды құраған.[5]. Ал 1920 жылдың соңында республиканың барлық тұрғындарының саны 4 781 263 адам еді. Оның 50,3%-ы -- қазақтар, 31,2%-ы - орыстар, 14,4%-ы - украиндар болатын.
1922 жылы КазАКСР-інің партия ұйымдары мен кеңес органдарының барлық күш-жігері ашаршылықпен күреске бағытталды. Ашыққан халыққа көмек көрсету жөніндегі Орталық комиссия мен жергілікті кеңес органдары жүргізген жұмыстардың нәтижесінде 1922 жылдың ортасына қарай 777 192 адамды тегін тамақтандыру мүмкіндігі туды.[8]
Елдің орталық аудандарындағы ауыр жағдайларға қарамастан РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақстандағы ашаршылық құрбандарына дәрі-дәрмек, азық-түлік, астық түрінде айтарлықтай көмек көрсетті.
1922 жылдың көктемгі тұқым себу жұмыстары қарсаңында Қазақстанның аудандары тегін көмек ретінде 907 501 пұт тұқымдық астық алды. Олардың тұқым сепкен алқабы 957 224 десятинаға жетті. Тұтас алғанда, барлық тұқымдық астық 1922 жылдың өзінде-ақ Қазақстанда себіліп болды.[16].
Қаңғып қалған балаларға ерекше назар аударылды. Балалардың тұрмысы мен өмірін жақсарту жөніндегі комиссия Ашыққандарға көмек көрсететін республикалық Орталық комиссияның балалар арасындағы аштықпен күрес жөніндегі арнаулы бөлімі болып қайта құрылды. Республиканың аштық жайлаған барлық губернияларында бөлімнің жергілікті органдары ұйымдастырылды. Осы ұйымдардың жұмысы нәтижесінде 1922 жылдың бірінші жартысында республиканың 5 губерниясында аш және қараусыз балаларды тамақпен және киіммен тегін қамтамасыз ететін 575 балалар үйі мен 9 станция пайда болды. Ресей Федерациясының жағдайы қанағаттанарлық деп есептелген кейбір губернияларына 18 496 қаңғып қалған балалар мен жетім балаларды тиеген 16 әскери-санитарлық поезд жөнелтілді.[10].
Толық емес деректер бойынша, тек 1922 жылы ғана ҚазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына елдің әр түрлі аудандарынан 66 790 пұт астық пен азық-түліктін басқа да түрлері, 161 567 паек, жарты миллион сомға жуық ақшалай көмек, 100 пұттан астам сабын, бірнеше мың метр мата, бірнеше жүздеген пар аяқ киім, көптеген дәрі-дәрмек берілді.[17].
Қазақстанның аштық жайлаған губернияларына Семей губерниясы айтарлықтай көмек көрсетті: өз губерниясында дайындаған азық-түлікке қоса, республиканың және Еділ бойынын ашыққан тұрғындары үшін кршілес Моңғолиядан 1922 жылы 77 000 қой және 5 000 ірі қара сатып алды.[7].
Кейбір халықаралық ұйымдар (Қызыл Крест, балаларға көмек көрсету жөніндегі Халықаралық Одақ және басқалары) мен жекелеген белгілі тұлғалар да көмек көрсетті. Мәселен, Норвегияның әлемге танымал ғалымы және қоғам қайраткері Ф. Нансен КазОАК жанындағы Орталық балалар комиссиясына 4 052 жәшік консерві, 20 жәшік кептірілген нан, 30 пұт медикаменттері бар екі жылжымалы амбулатория берді.[18].
Ашыққан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz