Шалғынның өсімдіктері
Тақырыбы: Шалғындықтағы көп жылдық бұршақ тұқымдас шөптердің өркендері мен тамыр жүйелері
Орындаған: Кеңес А
Тобы: АГ-301
Қабылдаған: Әбілдашев Н.
Жоспар
1. Шалқындықта өсетін өсімдік түрлеріне сипаттама
2. Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің морфобиологиялық ерекшеліктері
3. Көпжылдық астық тұқымдас шөптердің сорттары
4. Пайдаланылған әдебиеттер
ШАЛҚЫНДЫҚТА ӨСЕТІН ӨСІМДІК ТҮРЛЕРІНЕ СИПАТТАМА
Рельефі әртүрлі шалғындықтар өсімдіктердің ботаникалық әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Шалғындықтағы фитоценоз әдетте бірнеше ассоциациядан тұрады. Ассоциациялар сыртқы ортаның белгілі бір жағдайында қалыптасады. Сондықтан әрбір шалғындықтың өзіне тән ассоциациялары болады. Жағалық шалғындықта сыртқы ортаның жағдайының әр түрлі болуына байланысты кішігірім учаске көлемінде әр түрлі ассоцияциялар кездеседі. Оларға ең көп болып, кездесетін түрінің немесе түрлердің атауы беріледі. Мысалы арпабасты немесе бұршақты - бетегелі ассоциация. Құрғақ жердің және ойпат жердің шалғындықтары көп түрлілігімен ерекшеленбейді.
Шалғындықтың ассоцияцияларының сыртқы көрінісі, түрлік құрамы, басқа да ерекшеліктері басқа өсімдіктер бірлестіктеріндегі сияқты жоғарғы ярустағы доминантты түр эдификаторына байланысты. Аспектісі яғни, сыртқы көрінісі маусымға байланысты өзгеріп отырады. Шалғындықтың аспектісінің өзгеруі оны түзіп тұрған түрлердің әртүрлі фенологиялық фазасына байланысты болады. Мысалы, бір шалғындықтағы сарғалдақтардың гүлдеуі кезінде аспектісі сары түсті болса, қазтамақтардың гүлдеу кезінде қызғылт, астықтардың масақтарының түзілуі кезінде сұр-жасыл түсті болып өзгереді т.с.с. Ассоциацияның құрылысындағы басты роль шалғындықтың доминантты өсімдіктері астықтарға байланысты болады.
Астықты өсімдіктердің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне байланысты шалғындық бірлестіктер дамиды. Астықтар өсу және түптену ерекшеліктеріне байланысты шым түзу арқылы, әртүрлі шөптердің құрамынан қосжарнақты өсімдіктерді ығыстырады. Яғни астықтар шалғындықтың ассоциациялырының ауысуына қарқынды ықпал етеді.
Бос, ылғалы мол топырақта басым болып қосжарнақты өсімдіктері де бар, тамырсабақты астықтар (арпабас, бидайық, қосбас (двукисточник) т.б.) бар ассоциациялары кездеседі. Топырақтың біртіндеп тығыздалуына байланысты бұл учаскедегі тамырсабақты астықтар бостүпті астықтармен (атқонақ, шалғын бетеге т.б.) ауысады. Бұлар тығыз шым түзіп әртүрлі шөптерді ығыстырады. Біртіндеп топырақ тығыздала түсіп, ауаның өтуі қиындайды. Өсімдіктердің өлі бөліктерінің ыдырап топыраққа қосылуы да баяулайды. Топырақ құнарсызданады, қышқылданады. Бұл учаскеде бос түпті астықтарды тығыз түпті астықтар ауыстырады. Тығыз түпті астықтардың арасына су жиналады. Мүктің түрлері өсе бастайды, топырақтан судың булануы азайып, шалғындық батпаққа айналады да қияқөлеңдер ассоциациялары өсіп дами бастайды. Ассоциациялардың ауысуы шалғындықтың ескіргенін көрсетеді. Сондықтан олардың шаруашылық маңызы төмендейді. Шалғындықтың ассоциацияларын зерттеу арқылы тек қана шаруашылыққа тиімділігін анықтап қоймай, келешек оны қалай жақсартуға болатындығы туралы қорытынды жасауға болады.
Ассоцияның сипаттамасын беру үшін оның түрлік құрамын нақтылап, әрбір түрдің маңызын анықтау қажет болады. Ол үшін шалғындықтың өсімдіктерінің ярустылығын, молшылығын, түрлерінің санын, мүк жабынын зерттеу қажет.
Сол шалғындыққа тән уческелер бөлініп алынуы қажет. Әрқайсысындағы ассоциацияларды анықтап, сипаттап жазу. Ассоцияциялардың сипаттамасын беру үшін әр учаскеден бір немесе бірнеше м² ауданды алып, оларды төрт метрлік жіппен қағылған төрт қазыққа керіп бекіту қажет. Әр ауданды ұқыптылықпен зерттеп алынған мәліметтерді жинақтайды.
Зерттеуге алынған аудандағы өсімдіктердің ярустылығын және түрлерінің құрамын анықтаудан бастайды. Өсімдіктердің түрлерін жоғарғы ярустағы доминанты түрлерден бастап ретімен жазады. Әрбір өсімдік түрінің орташа биіктігін анықтайды.
Шалғындықтағы өсімдіктерге қысқаша сипаттама
Шалғынның өсімдіктері. Шалғынның өсімдіктері көпжылдық шөптесін мезофиттер қалыпты жағдайда өсуіне көп ылғалды қажет етеді. Шалғын табиғи шалғын және жасанды шалғын болып екіге бөлінеді. Табиғи шалғынның өсімдіктері жабайы өсетін шөптің түрлері болса, жасанды шалғын арнайы егілген жем - шөптік көпжылдық өсімдіктер. Пайдалану мақсатына байланысты шөп орылатын және жайылымдық шалғын болып бөлінеді. Кейде бір шалғынды кезектесіп әрі шөп ору үшін, әрі жайылымдық мақсатта кезектесіп пайдаланады. Астықтар тұқымдасы (Poaceae). Табиғи шалғындықтарда көбіне астықтар тұқымдасына жататын көпжылдық өсімдіктер түрлері өседі. Біржылдық жабайы өсетін астықтар көбіне шөл, шөлейт аймақтарда кездеседі. Шалғындықтарда көбіне көпжылдық астықтардың көп болып өсуі олардың вегетативті көбеюіне байланысты болады. Шөп ору және жайылым есебінде шалғындықты пайдалану көбіне өсімдіктердің тұқымдары пісіп жетілгенше жүреді. Сондықтан шалғындықтың өсімдіктерінің өсіп қайта қалпына келуі вегетативті жолмен жүреді. Шалғындықтың көпжылдық шөптесін өсімдіктері тығыз шым түзіп өседі. Сол арқылы топырақтың беткі қабатын өсімдіктердің тірі және өлі тамырлары, тамырсабақтары, өркендері тұтасып жауып өседі.
Шалғындықта көпжылдық астықтардың барлық вегетациясының ұзақтығы әртүрлі болады. Ұзақ жылдар бойы вегетациясы сақталатын астықтар тұқымдасына қылтанақсыз арпабас (костер безостый), су бетеге (овсяница луговая), қызыл бетеге(овсяница красная), шалғын түлкі құйрық (лисохвост луговой), жатаған бидайық (пырей ползучий), шалғындық қоңырбас (мятлик луговой) т.б. жатады.
Бұл түрлер бір орында 6-8 жыл өседі. Барлық вегетациясы қысқа өсімдіктерге шалғын атқонақ (тимофеевка луговая), кәдімгі тарғақшөп (ежа сборная) т.б. жатады.
Көпжылдық астықтар топырақ беткі және топырақ асты өркендер (бұтақтануы) түзуімен ерекшеленеді. Көпжылдық астықтардың сабағының төменгі бөлімінде топырақ бетінде немесе оның жоғарғы қабатында түптену буындарының жиынтығы болады. Әрбір буыныныда жапырақтың бастамасы бар бүршігі болады. Олардан топырақ бетіне өркендер өсіп түп түзеді. Сөйтіп барлығы тұтасып шым пайда болады.
Түп түзу әр түрлі астық тұқымдасына жататын өсімдіктерде әртүрлі болады. Оларды төрт топқа бөледі: тамырсабақтылар, бостүптілер, тығызтүптілер, тамырсабақты- бос түптілер деп (В.Р.Вильямс бойынша).
1 Тамырсабақтылар. Топырақ астындағы түптену буындарынан ұзын бүйірлік өркендері - тамырсабақтары жетіледі. Оның буындарынанм қосалқы тамырлары өседі. Шым түзілмейді. Бұларға жатаған бидайық (пырей ползучий), қош иісті тілқияр (зубровка душистая), қылтанақсыз арпабас (костер безостый) т.б. жатады. Бұлар өте бос түп түзетін өсімдіктер.
1 Бос түп түзетіндер. Түп түзетін буындары топырақта болады. Көбею түп түзетін буындарындағы өсімтал бүршіктері арқылы жүреді.Бүйір өркендері доға тәрізді болып жоғары бағытталып өседі. Бос түп түзетін астықтар тұқымдасына жататын өсімдіктерге шалғындық бетеге, кәдімгі тарғақшөп, шалғындық атқонақ т.б. жатады.
2 Тығыз түптілер. Түп түзетін буындары топырақ бетінде немесе топырақ бетіне жақын. Негізгі сабақтың төменгі бөлімінде жетіледі. Түп түзетін буындарындағы өсімтал бүршіктерінен бүйірлік өркендері тік болып өсіп, тығыз түп түзеді. Шалғындықтарда олар көбіне төмпешіктер түзеді. Тығыз түпті астықтарға көде селдіре (луговик дернистый, или щучка), ақ қылтан (белоусник),бетеге (овсяница) т.б. жатады.
3 Тамырсабақты - бостүптілер. Бұл топқа жататын жабайы өсетін астықтарда тамырсабақ және бос түп түзу түрі бір уақытта қатар жүреді. Бұл топқа шалғын түлкі құйрық (лисохвост луговой), шалғын қоңырбас (мятлик луговой), қызыл бетеге (овсяница красная), т.б. жатады. Тамырсабақты - бостүпті астықтардың тамырсабағы қысқа да, түп түзетін буындарында өсімтал бүршіктері болады.
.
Бұршақтар тұқымдасы түрлерінің тамыр түйнектері: А - беде; Б - үрме бұршақ; В - соя; Г- люпин;
Қияқөлеңдер (Carex). Ылғалды шалғындықта мол болып өседі. Көпшілігі астықтар сияқты шым түзіп өседі [3]. Жалпы көрінісі астықтарға ұқсайды. Бірақ олардан айта қаларлықтай айырмашылығы болады (1-кесте).
Әртүрлі шөптер. Астықтар, қияқөлеңдер, бұршақтар тұқымдастарына жатпайтын шалғындықтың шөптесін өсімдіктері. Бұл шалғындықта әртүрлі шөптер күрделігүлділер (жұлдызгүлділер), ерінгүлділер, сарғалдақтар, сабынкөктер, шатыргүлділер, қалампырлар т.б. тұқымдастардың түрлері өседі. Кейбір шалғындықтарда мүктердің түрлері мол болып өседі.
Жемшөптік астықтардың өркендерінің биіктігі әртүрлі болады. Өркендерінің биіктігіне байланысты аласа, биік және жартылай биік деп шартты түрде үш топқа бөлінеді. Аласа өркенділердің биіктігі 30 - 60 см аспайды. Өркендеріндегі жапырақтары майда, аз төменгі бөлімінде болады. Шалғындықтағы бірліестіктер де бұл топтағы өсімдіктер төменгі ярусты түзеді. Оларға шалғын қоңырбас (мятлик луговой), су оты (полевица), қызыл бетеге (овсяница красная) жатады. Биік өркенділердің өркендері биік (80 - 150 см), жапырақтары көп болып жетілетін өркендері бар түрлер жатады. Бұларға шалғын атқонақ, кәдімгі тарғақшөп, қылтанақсыз арпабас, жатаған бидайық т.б. жатады. Бұлар шалғындықта жоғарғы ярусты түзеді.
Жартылай биік өркенділердің өркендерінің биіктігі аласа және биік өркенділердің арасында болады. Шалғын бетеге, шалғын түлкіқұйрық т.б. жатады.
Бұршақтар (Fabaceае). Шалғындық өсімдіктердің ішінде жемшөптік маңызы жоғары өсімдіктер бұршақтар тұқымдасына жататын беде (клевер), сиыржоңышқа (вика), айкен (чина) және басқа туыстарының түрлері. Олар жабайы өсетін астықтармен қосылып жақсы өседі. Себебі терең батып өсетін тамыр жүйесі суда еріген минералдық тұздарды топырақтың терең қабатынан сіңіреді. Тамырларында кездесетін түйнек бактерияларының атмосфералық азотты сіңіруіне байланысты азоттың тапшылығы байқалмайды. Бұршақтар тұқымдасына жататын өсімдіктердің тіршілігі тоқтаған кезде вегетативті мүшелері ыдырап азоттың табиғи тұздары топырақты байытады. Бұршақтардың астықтармен бірігіп өсуі топырақтың құрылымын жақсартады. Құнарлығын арттырады.
Қазақстан территориясында ботаникалық құрамы, құрылысы, жемшөптік сапасы және басқа көрсеткіштері арқылы бір-бірінен айырмашылығы бар шалғындықтар кездеседі.
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптердің морфобиологиялық ерекшеліктері
Жоңышқа (Medicago Sativa) жоғары сапалы пішендер, витаминдік шөп ұны және витаминдік үстеме жем алу үшін қолданылады. Жоңышқаның 1 кг пішенінде 0,50-0,62 а.ө., 120-175 г сіңімді протеин, 9,4-15,2 г кальций, 1,3-2,2 г фосфор және 17-29 мг каротин болады. Сонымен қатар жоңышқа топырақты азотпен байытады.
ТМД-де жоңышқаның мәдени және жабайы жағдайдағы 30 дан астам түрлері кездеседі. Бірақ, барынша көп тарағаны тек екі түрі - егістік және сары жоңышқа.
Жоңышқа - биіктілігі 50-150 см, тамыр мойнынан таралған мол сабақты көпжылдық өсімдік. Жапырақтары күрделі, үштік. Гүлшоғыры - бұтабас, 12-16 гүлден тұрады. Гүлдері қосжынысты, гүлдерінің түрлері әр түрлі: көгілдір, ақ, сары. Жемісі - көп тұқымды бұршақ, спираль немесе орақ тәрізді. 1000 дәннің массасы 1,0-2,7 г. Тамыр жүйесі кіндік тамырлар, топырақтың 5-7 м тереңдіктеріне дейін өседі.
Жоңышқа - энтомофильді айқас тозаңданатын өсімдік. Көбінесе олардың гүлдерін жабайы жәндіктер тозаңдандырады - аралар және түкті аралар, олардың гүлшырынын және тозаңдарын алады. Мәдени аралар жоңышқаға қонып жүріп, олардың гүлдерін аштырмай және тозаңдандырмай, тек гүлшырынын ғана алады.
Жоңышқаның дақыл есебінде көп тарағаны, егістік және сары түрлері. Жоңышқаның осы түрлерінің негізгі морфологиялық айырмашылықтары - гүлдерінің түрлері және жемісінің формасы. Егістік жоңышқаның желектерінің түрлері көгілдір, ақ-қызғылт немесе ақ түрлі, ал жемістері 2-5 айналым спираль сияқты бұратылған. Сары жоңышқаның гүл күлтелері сары түсті, жемістері орақ тәрізді немесе түзу болады.
Көпжылдық жоңышқаның барлық түрлері өсімдіктердің жаздық тектеріне жатады. Егістік жоңышқаның өсуі тез, 2-3 рет шабуға болады, ал суармалы жерлерде 5-7 дейін шауып алуға болады. Сары жоңышқа тапал бойлы, өсуі шабан, бір кейде екі щабуға ғана болады және егістіліктен өнімділігі де көп есе аз, бірақ қысқа, қуаңшылыққа, тұзға төзімділігі, аурулар және зиянкестермен зақымдануы бойынша, сондай ақ көп жыл жасауымен ерекшелінеді.
Эспарцет (Onobrychis) бағалы мал азықтық өсімдік, жоңышқадан айырмашылығы, малдарда тимпания ауруын туғызбайды, көп мөлшерде сіңімді протеин, С витаминінін және кальцийді құрастырады. Ол сол сияқты жақсы азотжинағыш және астық дақылдары үшін таптырмайтын алғыегіс.
Эспарцет сабақтарының биіктілігі 50-120 см, түктері бар, күшті бұтақталған өсімдік. Жапырақтары дарақос қауырсынды, 7-12 қос жапырақшасы болады. Жемістері - жартылай шеңберлі жұмыртқа тәрізді - бұрышты формалы бұршақ, бір тұқымды жарылмайтын торлы болып келеді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz