Қазақ тіліндегі майдандық басылымдар


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ баспасөзі
Нұр-Сұлтан
2020
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Алғашқы бесжылдықтар мен Бірінші дүниежүзілік және Ұлы
Отан соғысы жылдарындағы қазақ баспасөзі (1928-1945
жылдар)
- Алғашқы бесжылдықтар және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
баспасөз . . . 6
- Республикалық, облыстық және аудандық баспасөз беттеріндегі
майдан мен тылдың бірлігі және ерлік пен елдік туралы жария-
ланған материалдар . . . 15
ІІ. Майдандық баспасөз және майдандық публицистика (1942-
1945 жылдар)
2. 1 Қазақ тіліндегі майдандық басылымдар . . . 26
2. 2 Майдандық газеттердегі публицистика . . . 32
ІІІ. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы әдебиет пен мәдениет және
өнер (1941-1945 жылдар)
3. 1. Майдангер ақын-жазушылардың соғыс тақырыбына жазылған
публицистикалық және көркем шығармалары . . . 39
3. 2. Ұлы Отан соғысының батыры Бауыржан Момышұлының майдан
тақырыбына жазған еңбектері . . . 52
Қорытынды . . . 62
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 65
Кіріспе
Өзектiлiк . Бүгінге күнге дейін тарихта он жеті мыңнан аса әр түрлі соғыстар болған екен. Алайда, соның ішіндегі ең ауқымы кең және адам шығыны көп болғаны, ол - екінші дүниежүзілік соғыс. Еліміздің тарихында Ұлы Отан соғысы кезеңі ерекше орын алады. Шамамен бес жылға жуық уақытқа созылған Ұлы Отан соғысы халқымыздың тарихындағы ең ауыр, қатал кездер еді.
Кеңес Одағының құрамындағы халықтың барлығы жеңіс жолында бар күш-жігерлерін жұмсап, жеңіске жетті. Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бөлігі ретінде қатысты. Соғыс кезеңінде бейбіт мақсаттарға жұмсалатын қаражат мейлінше қысқартылып, көптеген кәсіпорындар соғысқа арналған өнімдер шығара бастады. Жеңіс үшін қазақстандықтардың жасаған еңбегі аз болмады, майданда да, тыл жұмыстарына да еңбек сыбана кірісті. Қатал идеологиялық бақылау жағдайында ғалымдар соғыс тарихының көлеңке тұстарын ашып көрсетпеді. Соның салдарынан тарихтың біршама шындықтары көпшіліктің назарынан тыс қалып отырды. Соның бірі Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі мерзімді басылымдардың орны мен рөлі еді. Осыған орай, менің зерттегелі отырған тақырыбым арнайы ғылыми зерттеу объектісі болуға лайық әрі тарих сахнасындағы өзекті мәселелерердің бірі деуге болады.
Тәуелсіздік жылдарынан кейін қаншама жыл ақиқаты ашылмай, бұрмаланып келген соғыс тақырыбы қайта зерттеліп, оған объективті дәлелденген бағасы беріле бастады. Соның арқасында кеңестік идеология тыйым салған, қатаң бақылауда болған халық тарихы қайта зерттеуден өтті. Зерттеу дерек көздерінің бір парасы - мерзімді баспасөз беттері. Қоғам өмірінде болып жатқан әр түрлі үлкен-кіші оқиғалар туралы уақытылы ақпарат таратып отыратын мерзімді басылымдар уақыт өте келе тарих үшін баға жетпес құнды деректер көзіне айналып, жұмбақ болып тұрған кейбір оқиғалардың қырларын ашуға үлкен көмегін тигізді.
Алғашқы қазақ газет басылымынан бастап, қазіргі күнге дейін жалғасып жатқан баспасөз тарихындағы Ұлы Отан соғысы уақытындағы шыққан газеттердің орны бөлек, себебі олар жеке зерттеудің нысаны бола алады. Соғыстың басталуынан бастап халықтың майданға аттануы, жауынгерлердің ерлік көріністері сынды жағдайлар ғылыми арнадан қайта зертеліп, бұрын соңды айтылмаған халықтың ауыр әлеуметтік-тұрмыс жағдайын мерзімді басылымдардың мәліметі бойынша зерттеудің маңыздылығы артып, бүгінгі тарих үшін өзекті мәселеге айналды.
Дипломдық жұмысымның деректік негізіне әр түрлі жинақтарда жарияланған мәліметтер мен мерзімді басылымдарда жарияланған ақпараттарды пайдаландым.
Зерттеу объектісі . Тақырыбымды зерттеу барысында басты мәліметтерді мерзімді басылым материалдары құрады. Атап айтқанда, 1941, 1942, 1943, 1944, 1945 жылдарда шыққан мерзімді баспасөз беттері жатады. Мысалы: «Социалистік Қазақстан» газетінің жоғарыда аталған жылдарда шыққан нөмірлері. Екінші, «Лениншіл жас» газетінің соғыс жылдарындағы бірнеше нөмірлері. Үшінші, «Большевиктік жол» КК(б) П облыстық, қалалық комитет депутаттарының облыстық советінің газеті.
Сол кездерде шыққан қазақ газеттері «Отан үшін», Қызыләскерлер газеті (Красноармейская газета), «Жауды жоюға» (На разгром врага), «Майдан правдасы» (Фронтовая правда) - Волхов майданының жауынгерлерінің газеті, «Отан қорғауда» («На страже Родины») - майдан кезіндегі қызыл әскерлердің газеті, «Алға жауға қарсы» («Вперед на врага») - бұл да майдан кезінде шыққан газет. Аптасына бір рет шығып тұрған «Сталин туы» (Сталинская знамя) газет-журналдарымен қоса облыстық «Большевиктік жол» мерзімдік басылым мәліметтері зерттеліп, ғылыми жұмысыма қосылды.
Зерттеу құралы . Кез-келген ғылым тарихында қалыптасқан ғылыми-әдістемелік қағидалар мен тұжырымдар болады. Осылардың негізінде тарихилық, шынайылық, нақтылық, жүйелілік, ғылымилық сынды принциптер негізгі орында болады. Осы қасиеттер бізге Ұлы Отан соғысы тарихының негізгі дерегі ретінде қарастырылып отырған мерзімді баспасөздердің барлық қайшылықтарымен қоса комплексті талдауға, басылымдардың шыққан уақытының ерекшеліктерін, сол уақыттағы оқиғаларды шынайы зерттеуге көмектесті. Ал, бұл факторлардың, өз кезегінде, нақты басылым беттерінен алынған мәліметтердің шынайылық дәрежесін анықтауға әсер етері сөзсіз. Сонымен қатар, зерттеу жұмысым нақты орындалуы үшін салыстырмалық, сұрыптау, статистикалық, талдау әдістері кеңінен қолданылды.
Зерттеу мақсаты мен міндеттері . Мерзімді басылымдардағы Ұлы Отан соғысы тарихының дерек көзі ретінде шыққан мәліметтердің орны мен өзгешеліктерін, олардағы ақпараттың шынайылық дәрежесін анықтау. Сондай-ақ, жалпы ғылыми құндылығын, соғыс кезеңіндегі халықтың өмірін басылым бетінде бейнелеу деңгейін анықтау, басылым газеттеріне деректанулық талдау жасау.
Зерттеудің жоғарыдағы мақсатын орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылды:
- Соғыс жылдарында шыққан газеттердің тарихына тоқталып, ерекшеліктерін айқындау;
- Баспасөз беттеріндегі соғыс пен тыл тақырыбына талдау жасай отырып, соғыс жағдайына халық көзқарасын саралау, өңір халқының ел қорғауға аттануына баға беру;
- Майдандық басылым беттеріне шыққан қазақ жауынгерлерінің ерліктерін көрсету әрі ол мәліметтердің деректік маңызын анықтау;
- Ұлы Отан соғысы жылдарындағы көркем әдебиеттің дамуын саралап, ақпараттар іздеп табу және оны талдау;
- Соғыс ардагері әрі қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлының Ұлы Отан соғысы тақырыбында қалдырған құнды мұраларын зерттеу, тың деректермен бөлісі, батыр тұлғасын ашу;
- Соғыс тақырыбындағы пуплицистикалық шығармалардың қоғамға әсерін, ал сол кездегі қоғамның публицистикаға әсерін айқындау, соғыс кезіндегі халықтың жағдайын бейнелеу, ақпараттар іздестіру;
Әдіснамалық зерттеу . Зерттеу жұмысымның негізгі нысаны ретінде Ұлы Отан соғысы кезінде жарық көрген мерзімді басылымдарға жалпылай баға беру, әрқайсысын бөлек талдау, саралау, негізгі мақсаттарын анықтау. Сол замандағы мерзімді баспасөз қызметтерінің заңдылықтарын, шығармалардың идеялық, жанрлық, стильдiк ерекшелiктерiн талдау, анықтау, сондай-ақ, соғыс жылдарындағы басылымдардың жетiстiк-кемшiлiктерiн саралап, эстетикалық баға беру.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады
І. Алғашқы бесжылдықтар мен Бірінші дүниежүзілік және Ұлы
Отан соғысы жылдарындағы қазақ баспасөзі (1928-1945
Жылдар)
- Алғашқы бесжылдықтар және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы
баспасөз.
Мерзімді баспасөз, соның ішінде газеттер мен журналдар белгілі бір уақытпен өткен тарихты өз бетінде бейнелейді. Сол себепті де олар қоғам өмірінің өткені жазылатын күнделік қызметін атқарады. Осыған орай, мерзіммен уақытылы шығып тұрған газеттер өткен тарихтың белгілі бір кезеңдерін қалпына келтіруге зор үлесін тигізе алады. Газетке шығатын ақпарат жанрлары басқа стиль түрлеріне ұқсамайды, сол себепті оларға қойылатын талаптар да бөлек болып келеді. Газеттерде жазылатын ой мен қозғалатын тақырыптар негізінен нақты бір уақыт үшін маңызды. Оның өзіндік себебі де жоқ емес, белгілі зерттеуші ғалым Қ. Есенова былай деп түсіндіреді: «Газет-журналдарда жарияланатын ақпараттарға қойылатын ең басты талаптардың бірі - онда баяндалатын пікірдің бүгінгі күндегі аса өзектілігі. Нақты айтқанда, бір-екі жыл бұрынғы немесе бір ай бұрын орын алған оқиға немесе саяси жағдай бүгін таңертең орын алған оқиғамен салыстырғанда өзінің жаңалық сипатын жоғалтатыны сөзсіз» [1, 59 б. ] . Сол себепті де соғыс кезінде газеттердегі жаңалықтарда соғыс барысын нақты білдірту прагматикасына байланысты «Совет информбюросынан» берілетін хабарлар кешкі және таңертеңгі болып екіге бөлініп берілген. Екінші дүние жүзілік соғыстың басталуына орай Кеңес мемлекеттерінде бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысында елеулі өзгерістер орын алды. Ең бірінші, күш пен қаржыны үнемдеу арқылы әскери газеттердің өрісін кеңейту үшін салалық газеттер мен журналдардың шығарылуын азайтып, бар ынтаны саяси газеттер айналасына топтастырып, оларды тұрақты түрде шығару үшін барлық күш жұмылдырылды.
Қазақ елінде 1941 жылдың шілде айынан бастап, «Лениншіл жас», «Пионер Казахстана», «Октябрь балалары», «Жас большевик», «Ленинская смена», «Коммунист», «Пионер», «Народное хозяйство Казахстана», «Халық мұғалымы», «Әдебиет және искусство» «Сталин жолы», «Литература и искусство Казахстана» секілді газет-журналдар соғыс уақытындағы талапқа сәйкес жұмыс жасауын уақытша тоқтатты. Сондықтан аталған газет-журналдардың міндеттерін республикалық «Социалистік Қазақстан», «Казахстанская правда» басылымдары атқарды.
Тарихы 1919 жылдардан басталатын «Ұшқын», «Еңбекші қазақ» газеттері қазақ еңбекшілеріне күш-жігер беріп, оларды жұмысқа жұмылдыру бағытында орсаң-зор қызмет атқарды, алайда баспа мен мамандар тапшылығына байланысты бұл газеттердің уақытылы шығып тұруға мүмкіндігі аз болды. «Мысалы, 1920 жылдың мамыр және маусым айларында екі аптада бір рет шығарылса, 1920 жылдың қазанында Советтердің құрылтай съезіне байланысты аптасына екі реттен шығарылған» [2, 240 б. ] . Ал, 1920 жылдың қараша, желтоқсан айларында жалпы үш саны ғана жарық көріп, қалған 4, 5, 6 - сандары 1921 жылы жарыққа шыққан.
«Еңбекшіл қазақ» газеті 1921 жылы «Еңбекші қазақ» болып аталып, кейін 1932 жылы «Социалды Қазақстан» болып атауы өзгерген, ал соғыс басталған 1941 жылдары «Социалистік Қазақстан» атауына өзгертілгені тарихтан белгілі.
Бірінші дүниежүзілік және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы сондай-ақ, соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ баспасөзін зерттеген ғалымдар елімізде саусақпен санарлық. Солардың бірі әрі бірегейі «Тарих және Баспасөз» зерттеу кітабын жазған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қырықбай Аллаберген. Ғалым өзінің жазған еңбектерінде ХІХ-ХХ ғасырларда қазақ тілінде жарық көрген газеттердің тарихы мен біз үшін әлі де болса қыры мен сыры толық ашыла қоймаған сол кезеңнің басылымдарынан хабар берген. Аталған кітаптан «Түркістан уəлаяты», «Үш жүз», «Кедей еркі», «Торғай», «Қазақ», «Заря Свободы», «Көмек», «Правда», «Ұшқын», «Бұқара», «Кедей еркі», «ауыл», «Ауыл тілі», «Бірлік туы», «Тілші», «Жетісу әйелі», «Сталин жолы», «Коммунизм таңы» және тағы да басқа көптеген газеттер және «Айқап», «Әйел теңдігі», «Абай», «Ара», «Арай» сынды журналдардың тарихы мен баспасөздің қазақ қоғамындағы ағартушылық, рухани-мəдени өміріндегі орны жайлы оқи аламыз. [3, 7 б. ] .
Ғалым жалпы өзінің «Алты Алаштың ардақтылары», «Қазақ журналистикасының тарихы», «Көне басылымдар. Құнды деректер. Аяулы есімдер», «Әлем баспасөзі тарихынан», «Қазақ мерзімді баспасөзінің тарихы» және тағы сол сияқты оқулықтары мен монографияларында ХІХ ғасырдан бүгінгі күнге дейін шығып келе жатқан 60-қа жуық газет-журналдардың тарихы мен бағытына тоқталып, біз секілді жас зерттеушілерге таптырмас еңбек қалдырды.
Сондай-ақ, аталған «Тарих және Баспасөз» атты кітаптың үшінші тарауынан қазақтың мерзімді баспасөзінің тарихын зерттеген зерттеушілер туралы ақпараттарды да көре аламыз. Айталық, Бейсенбай Кенжебаев, Қайыржан Бекхожин, Темірбек Қожакеев, Үшкүлтай Сұхбанбердина, Медел Арғынбаев, Марат Барманқұлов сынды қазақ баспасөзін терең зерттеген ғалымдардың шығармашылығы мен өміріне шолу жасап, жасаған еңбектеріне жоғары баға берген. Сол кітапта берген сұхбатында Медел Арғынбаев ХХ ғасырдағы қиын-қыстау кезеңдер туралы былай деген: «Ол кездерде қазақстанда өндіріс болған жоқ. 25 пайыз қаржы Ресейден келді. Завод та жоқ. Ең ақыры, мақта өңдейтін фабрика да болған жоқ. Трактор заводтарында тек бөлщектері ғана құрастырылды. Астықтың барлығы орталыққа жіберілді. Бізде тек ет комбинаты мен қант зауыты ғана жұмыс жасады. Патша өкіметі жойылып, Кеңес одағы орнаған күннен бастап жекеменшік деген жойылды. Халқымыз жұмысты қатал басшылардан қорыққанынан жасады. Қызылдар дінді де ауыздықтап тастады. Олар өзіндік пікірі бар адамдарды «халық жауы» деп жапаай жазалады. Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатұлы, Тұрар Рысқұлов, Мүстафа Шоқай және тағы басқа ел азаматтары халқымыздың тәуелсіздік алып, бой жазғанын көре алмай арманда кетті. Бұған сол кездегі азамат соғысы, ашаршылық, репрессия, Отан соғысы, тың көтеру, Желтоқсан оқиғалары куә. Ал, қазақ халқының қазіргі болашағы тек өздерінің қолында. Егер жастар жоғарыда айтылған мәселелерден қорытынды шығара алар болса мемлекетіміздің гүлденіп, алға басатынына дауа жоқ» деп пікір білдірген екен. [4, 101 б. ] .
Ал, Бірінші дүниежүзілік соғыстың соңғы жылы жарық көрген «Заря свободы» газеті 1918 жылдың 3 наурызында жарық көрген болатын. Аталмыш газетте қазақ бөлімі болған. Мұндағы маңызды мәселелер жергілікті халыққа қазақ және орыс тілінде ақпарат беріп отырған. Басылым бетінде Тоқаш Бокинның, Сабыржан Ғаббасовтың хаттары мен мақалалары екі тілде жарияланып, орынды пайдаланылып отырды. Бокинның «Қазақ жолдастарға!» деген мақаласында ол халықты Кеңес жұмысына белсене араласуға, контрреволюцияшыл күштерге қарсы күресуге шақырды, себебі, ол орыс пен қазақ ұлтының қатынасы комиссиясының төрағасы болатын. Сондықтан да рекдакция алқалары мен большевиктер де оны еңбекші халықтың сенімді әрі қайратты жақтаушысы ретінде дәріптеген. [4, 4 б. ] .
Ұлы Отан соғысы кезінде тылда басылып шыққан газеттерден бөлек, бірнеше майдандық басылымдар да жарыққа шығып тұрған. Екінші дүниежүзілік соғыстың қиын кезеңдерінде де «Социалистік Қазақстан» газеті -соғыс жылдары жарыққ көрген басылымдардың ішіндегі ең ірісі әрі орталықтан шығатын іргелі басылым болып саналды.
«Социалистік Қазақстан» газетінің майдан кезінде елге сіңірген еңбегіне белгілі ғалым Б. Кенжебаев былай баға береді: «Ұлы Отан соғысы жылдарында неміс-фашист басқыншылары мен жапон империалистеріне қарсы тартысқа еліміздің еңбекшілерін жаппай жұмылдыру ісінде «Социалистік Қазақстан» газеті белсенді түрде көмектесті, сондай-ақ халықты еңбек етуге және ұрыс майдандарындағыларды батырлыққа, жанаямай қызмет етуге үндеп отырды» [5, 41 б. ] .
Ал белгілі журналист әрі зерттеуші Х. Бекхожинның «Қазақ баспасөзінің даму жолдары» атты еңбегінде ғалымның берген мәліметтерінің хронологиясы 1929 жылмен шектелуіне байланысты «Социалистік Қазақстан», «Лениншіл жас» және тағы басқа соғыс кезіндегі басылымдар туралы еш мәлімет кездеспейтінін айта кеткен жөн [2, 261 б. ] .
Соғыс басталған жылдың аяғына дейін «Лениншіл жас» газетінің бірнеше нөмірі жарық көрген. Сондықтан дипломдық жұмысымда сол майдан кезінде жарық көрген «Лениншіл жас» газетінің жекелеген сандарына талдаулар жасалды.
Майдан шағында жоғарыда аталған «Лениншіл жас», «Социалистік Қазақстан» секілді қазақ тілді басылымдардан басқа да тікелей сол майдан шебінде жарық көрген қазақ тілді газеттердің болғанын айта кету қажет.
Соғыс бастала салысымен-ақ Кеңестер Одағындағы, яғни оның құрамына енген барлық елдің баспасөзіндегі тақырыптың мазмұны уақыт талабына сай «Барлығы майдан үшін! Барлығы жеңіс үшін!» деген ортақ ұранға бағындырылды. Мәселен, 1941 жылы 22-маусымда жарық көрген газеттердің сандары әдетінше бейбітшілік сарынмен шыққанмен, басқа сандары түгел дерлік неміс басқыншыларының елімізге әділетсіз зұлымдықпен жасаған шабуылдарын қаралауға, Герман басқыншыларының жасаған әрекеттері қара халықтың ашу-ызасына тиіп отырғанына арналды. Осылайша, майданның алғашқы күндерінен бастап-ақ Кеңестер Одағындағы басылым атаулының бәрі өз жұмыстарын соғыс жағдайына, сол уақыттың талабына сай көрсетіп, қайта құрды. Бас мақалалардан бастап, газет жаңалықтары, очерктер, мерзімді басылымдардағы фельетондар бәрі де соғыс тақырыбына, соғыс кезеңіндегі мемлекет мүддесіне бағындырылып, майдан тақырыбы мен партиялық идеологияға сай қайта құрылып, шығарылып отырды.
1942 жыл мен 1946 жыл аралығында КСРО Қызыл Армия Саяси Бас Басқармасы соғыстардың, әскерлердің саяси органдары қазақ жауынгерлерін патриотизм мен интернационализм рухына тәрбиелеу мақсатында бірнеше басылымдарды қазақ тілінде шығарды. Атап айтар болсақ, «Қызыл әскерлер ақиқаты», «Дабыл», «Совет жауынгері», «Майдан ақиқаты», «Отан үшін майданға», «Отан намысы үшін», «Қызыл әскерлер туы» газеттерін айтуға болады. Бұл аталған басымыдарды мұрағаттар мен кітапханалардағы сирек кітаптар қорларынан кездестіру өте қиын. Ал, сақталып қалған газеттердің тігінділері толық емес. Кейбір басылысдардан, оның ішінде, «Суворовшы- 1», «Суворовша қыспақ» секілді газеттердің бірнеше сандары ғана сақталып қалған.
Соғыс жылдарында қазақ тілінде шығып тұрған бұл газеттер біздің ел тарихының шежіресі ғана емес, сонымен қатар ұлттық тіліміздің тарихын толықтырып тұратын баға жетпес қазына екені айдан анық. Жыл өткен сайын ел тарихы мен тіл тарихы үшін бұл газеттердің орны одан әрі ерекше бола бермек. Өйткені, аталған басылымд беттерінде соғыстағы қаншама боздақтардың тағдыры мен өмірі, қаһармандығы мен ерлігі баяндалған. [6] .
Аталған жылдарда бас мақалалар мен хабар, үндеу, есеп пен ресми құжаттардың басылымдарда шығуымен қатар сықақ әңгімелер, мысалдар, эпиграммалар, памфлеттер мен саяси сатира жанрлары да белгілі мөлшерде жарық көріп тұрды. Сықақтар мен сатиралар кейде суретпен, каррикатуралармен де бірге жарияланып тұрған.
Соғыстың басталған алғашқы күндерінен бастап «Социалистік Қазақстан» газеті мен қоса облыстық, аудандық газет беттерінде әсем тіл байлығымен көркемделген сатиралық әңгімелер шыға бастады. Мәслең, А. Тоқмағамбетовтың «Есек дәмелі есектер», «Арыстанға еліктеген мысық», «Ауқат пен сауқат» деген тақырыптармен фельетондары мен өлеңдері жарияланды. Автор бұл туындыларында неміс әскерінің сұмпайы бейнесін, зұлымдық әрекеттерін әшкереледі.
Бірақ басылым беттерінің барлық сандарында тек осындай жанрлар жарық көріп отырды деуге болмайды, соғыс кезеңіндегі мерзімді басылымдарда жанрлардың барлық түрі де бой көрсетті.
Зерттеу нысанына алып отырған соғыс газеттерінің құндылығын арттыратын бірнеше себептер бар, соның бірі, нақ осы жылдарда қазақ жазуының латыннан кириллицаға әліпбиіне көшу кезеңін атап өту қажет. Тарихи жағдайлар мен саясаттың, саяси оқиғалардың тілге ықпалы майдан жылдарындағы басылымдарда айқын көрініс тапқан. Соғыс кезеңінен бастап жаппай өріс алған орыс тілінің ықпалы кейіннен кеңестік елдердегі қостілділіктің дамуына негіз болды. Қостілділік саясаты тек қана қазақ тілі емес, Кеңестер Одағының құрамында болған он бес кеңестік социалистік-республикалардың барлығына ортақ құбылыс болды.
Соғыс кездеріндегі баслымдардағы латын жазуындағы қазақша ақпараттар 1942 жылдың қаңтар айына дейін қолданыста болды.
Қалыптасқан жағдайды толық ұғыну үшін, сәл бұрынғы уақытқа, өткен кезеңге шегініс жасап, әліпбиге байланысты туған айтыстардың себептерін білу, түсіну қажет және оған қандай адамдар ой-пікірлерін ортаға салғанын анықтау маңызды. Тіл үшін де және жазу мәдениеті тұрғысынан алғанда да маңызы зор бұл тарихи дискуссияның басталуына саяси себептердің тигізген әсері мол екені байқалады. Тарихи фактілерге сүйенсек бұл жазуға байланысты туған қарама-қайшы пікірлердің және саяси себептің туындауы Ахмет Байтұрсынұлымен және қазақ зиялыларының тағдырымен, Алаш орда тарихи оқиғасымен іштей байланысып, сабақтасып жатқанын аңғарамыз. Себебі, қазақ жазуы мен әліпбиінің тағдыры сол кезде қазақ зиялы қауым өкілдерінің бәрін де ойландырып, уайымдатқан. Алты алашқа мәлім зиялылардың әліпбиге байланысты айтқа ой-пікірлері сол кездегі түрлі басылымдарда жарияланған мәліметтерден көрініс тапқан.
Әліпби айтысы уақытында араб әліппесін жақтаушылар қатарында А. Байтұрсынұлы, Е. Омаров, М. Дулатұлы, А. Байтасұлы, Қ. Кемеңгерұлы, І. Ахметұлы, П. Ғалымжанұлы, М. Бұралқыұлы болса, латынды қолдаушылар тобында Ә. Байділдаұлы, Н. Төреқұлов, О. Жандосұлы Т. Шоқанұлы, , М. Жолдыбаев, І. Қайменұлы жүрді.
Латын әліпбиіне көшуді үкімет белсенділері қолдағандықтан, 1929 жылы 24-қаңтарда Қазақстан Орталық Кеңес комитеті президиумының «Жаңа алфавит туралы» қаулысы жарыққа шықты. Бұл әліпбиде 29 әріп болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz