Андронов мәдениетін зерттеу


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары

Кіріспе . . . 31 Қола ғасыры - археологиялық дәуір ретінде . . . 5

1. 1Кезеңдеу және дәуірлеу мәселелері . . . 5

Кіріспе

Курстын өзектілігі. Қазақстан аумағын қола ғасырында мекендеген тайпалар андронов мәдениетіне жататын археологиялық ескерткіштер (қоныстар, қорымдар, кен орындары, жартас суреттері) қалдырды. Бұл атау шартты түрде Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласының жанындағы Андроново селосы маңындағы бірінші рет қазылған қорым орындарына байланысты таңдап алынған. Қазба жұмыстарын 1913 ж. Б. А. Андрианов жүргізген, ал 1927 ж. археолог М. П. Грязнов Батыс Қазақстаннан осындай жерлеу орындарын табады да, андронов мәдениеттерінің ескерткіштері - шығыста Минусиннен батыста Оралға дейінгі орасан зор аймақта таралғандығын анықтайды. Кейін андронов ескерткіштерін Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісудан да табудың сәті түсті.
Андронов мәдениетін зерттеуге байланысты күрделі сауалдардың бірі хронологиясын, оның біртұтас дамуындағы уақыт шеңберін анықтау, сондай-ақ қазба жүргізілген ескерткіштер мерзімін айқындау болып келеді.
Қазір зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің уақытын үш кезеңге бөледі: ерте қола - б. з. б. ХVІІІ-ХVІ ғғ. ; орта - б. з. б. XV-XII ғғ; соңғы - б. з. б. XII - VIII ғ. бас кезі. Ескерткіштердің аталуына байланысты, ерте кезі - федоров; орта - алакөл, соңғысы - замараев аталады. Күні кешеге дейін бұлардан андронов мәдениетінің дамуындағы түрлі кезеңдер көрініс тапты деп есептеліп келді. Соңынан, федоров ескерткіштері ерте емес, орта қоламен мерзімделінетіндігі анықталды және де андронов мәдениетінің үйлесімді даму суреті бұзылған еді. Кейіннен федоров ескерткіштері - ерте және соңғы болып бөлінетіңдігін анықтаудың сәті түсті. Бірінші топ б. з. б. ХV-ХІV ғасырларға, екіншісі - б. з. б. ХІІІ-ХІІ ғасырларға жатады. Егер ерте уақыттағы ескерткіштер Орталық Қазақстан мен Оралдан белгіленсе, кейінгілері - өте кең аумақтан: Батыс Сібірден, Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысынан, Орта Азиядан жиі ұшырасқан. Федоров тайпаларының қоныстанған негізгі орталығы Қазақстан болған сияқты. Бұл жерден оларды Орталық Қазақстанға Батыстан келген алакөл тайпалары ығыстырған.
Сонымен, алакөл және федоров тайпалары бір уақытта өмір сүрді, және де, олар қалдырған ескерткіштері де бұған сәйкес келеді. Тайпалардың араласуы нәтижесінде аралас түрдегі ескерткіштер қалыптасады: Жетісуда - жетісулық тип, батыста - қожамберді.
Андронов мәдениеті біртұтас емес еді деуге болады: онда бұрын өмір сүрген тайпалар мәдениетін сипаттайтын көптеген нұсқалар бар. Сондықтан қазір бір-біріне жақын үнді-иран тайпаларын біріктірген андронов мәдени қауымдастығы жайлы сөз өрбіткен жөн.
Беғазы-Дәндібай мәдениеті өткен кезеңмен генетикалық байланысты сақтай отырып, андронның кеш қола (б. ғ. д. ХІІІ-ХІ ғғ. ) кезеңіндегі өтпелі кезеңінде қалыптасады. Осы кезеңнің ескеркіштері өтпелі адронов кезеңінің кейбір ерекшелітеріне ие, соның өзінде ол жерден жаңа формалардың пайда болғаны анық байқалады, олар өтпелі кезеңінің алдындағылар. Беғазы-Дәндібай ескерткіштерінің ерекшеліктерін тас архитектурасы құрайды.

Курстық жұмыстын мақсаты -Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктерін зертттеу.

Курстық жұмыстын міндеті

  • Қола ғасырдағы кезеңдерді зерттеу;
  • Қоланы алудың тәсілдерін анықтау;
  • Андронов мәдениетін зерттеу;
  • Орталық Қазақстандағы Беғазы-Дәндібай мәдениетін зерттеу.

1 Қола ғасыры - археологиялық дәуір ретінде

1. 1Кезеңдеу және дәуірлеу мәселелері

Қазақстандағы қола дәуірі ірі-ірі үш кезеңге бөлінеді: алдынғы кезең (б. з. б XVIII-XVI ғасырлар), ортаңғы кезең (б. з. б. XV-XII ғасырлар), соңғы кезең (б. з. б. XII ғасыр-VII ғасырдың басы) . Андронов мәдениеті қола дәуірінің алдыңғы және ортанғы кезеңіне, ал Беғазы-Дәндібай мәдениеті соңғы кезеңіне тұтас келеді.

Орталық Қазақстанның қола дәуірін зерттеу ісіне өткен ғасырдың 40-70 ж. Ә. Марғұлан, К. Ақышев, А. Оразбаев, М. Қашырбаев сияқты ғалымдар андронов және беғазы-дәндібай мәдениетінің қоныстары мен зираттарын тауып зерттеп, қазу жұмыстарын жүргізіп көне дәуір тарихына өз үлестерін қосты. Қазақстанның батыс бөлігінде қола дәуірінің ескрткіштерін зерттеген О. А. Кривцова, Солтүстік Қазақстанда О. М. Оразбаев, Шығыс Қазақстанды С. С. Черников, кейіннен оған А. Г. Максимова қосылған, Солтүстік Қазқстан мен Батыс Қазақстанды В. С. Соркин, Жетісуды А. Н. Бернштам, К. А. Ақышев зерттеп, қола дәуіріне қатысты құнды мәліметтер тапқан.

Қазан төнкерісінен кейін Қазақстандағы ежелгі ескрткіштерді зерттеу мақсатында материалдық мәдениет тарихы Академиясынан және жергілікті ғылыми өлкетанулық мекемелерден бірнеше ірі-ірі экспедициялар ұйымдастырылды.

1926-1928 жылдардағы М. П. Грязнов пен Б. Н. Граковтың Батыс Қазақстан мен Оңтүстік өңіріне жүргізген зерттеу жұмыстары қазақстандағы қола дәуірі мен далалық андронов мәдениетіне қатысты мәселелерді зерттеудің бастамасы болды [1, 8б. ] . Зерттеу жұмысының нәтижесінде М. П. Грязнов, I Киргельд пен Киргельд II Қабірлерінен, Оралсай және Кұнанбайсай обаларынан алынған мәліметтер негізінде андронов мәдениетінің екі жергілікті нұсқасын бөле отырып, андронов мәдениеті тек Батыс Сібірге тән деп орныққан пікірді өзгертті.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуірінің тарихнамасы
Қазақстандағы қола дәуірінің ауқымында жазылған ғылыми еңбектер мен мақалалардағы авторлардың ойларын, тұжырымдарын, қорытындыларын тарихнамалық тұрғыдан талдай отырып қола дәуірінің зерттелу деңгейін анықтау
Орталық Қазақстанның қола дәуірінің ескерткіштері
Қазақстандағы қола дәуірінің археологиялық ерекшеліктері
ТМД елдерінің қола дәуірі
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Қола дәуірінің ерекшелігі
Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы ақпарат
Қола дәуіріне тән ескерткіштер
Орталық Қазақстанда Нұра кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz