Жалпы оқыту әдістемесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ ӨҢІРЛІК УНИВЕРСИТЕТІ

Кафедра:

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:
Табиғат аясында танымжорықты ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі.

Курс:
Топ:
Орындаған:
Қабылдаған:
ТАРАЗ 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1Жалпы оқыту әдістемесі. 5
1.2Табиғат аясындағы танымжорықты ұйымдастыру. 8
2 ТӘЖІРИБИЕЛІК БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .10
2.1 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша табиғат аясындағы сабақ өткізу әдістемесі 10
2.2 Танымжорықтың оқыту және тәрбиелеудің маңызы 14
2.3Қоғам мен табиғат арасында сабақ өткізу 20
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Осы курстық жұмыста табиғат аясындағы танымжорықты ұйымдастыру тәсілдері мен жолдары қаралады. Еліміздің әлеуметтік-экономикалық, технологиялық және мәдени жаңару жағдайында мектеп оқушыларының берік химиялық және экологиялық білімдерін қалыптастыру, олардың ойлау қабілеттерін дамыту жалпы білім берудің басым мақсаттарының бірі болып табылады. Жаңа химиялық, экологиялық, өндірістік-техникалық ақпараттардың үнемі ұлғайып отырған көлемі оқушылардан көптеген теориялар мен заңдарды, түсініктерді меңгеруін қажет етеді. Соған қарамастан көптеген бақылаулар мен зерттеулердің көрсеткеніндей, оқушылардың пәнге деген, әсіресе химияны оқуға деген қызығушылығы төмендеп отыр. Оқушылардың химиялық білім деңгейін көтерудің мүмкін жолдарының бірі химия курсында экологиялық компонентті енгізу болып табылады. Білім беруді экологияландыру мәселелері В.М.Назаренко, Д.П.Ерыгина, Г.В.Мисичкина, Л.А.Коробейников, Г.М.Чернобельская, Н.Е.Кузнецова т.б. жұмыстарында қарастырылған. Олар мектеп химия курсының негізгі бөлімдері бойынша экологиялық білім беруді қалыптастыруға мүмкін болатын бөлімдерді көрсеткен болатын. Қоршаған орта, ондағы адамның қызметі нәтижесінде жүретін процестер мен өзгерістер туралы нақты түсініктерді түсіну оқушылардың химиялық білімдерінсіз мүмкін емес. Бұл жұмыстарда экологиялық білім беруді тиімді етудің түрлі әдістері мен формалары қарастырылады. Қазақстан Республикасында экологиялық білім беру мен тәрбие берудің мемлекеттік және қоғамдық жүйесі жасалынып, дамуда. Экологиялық білім беру мен тәрбиелеуді негіздейтін құжаттар мен заңдар қабылданды. Қазақстан Республикасының білім беру орындарында үздіксіз экологиялық білім берудің принциптері, мазмұны мен құрылымын, оларды жүзеге асыру жолдары мен құралдарын анықтайтын экологиялық білім беру концепциясы жасалынды. Орта мектепте және жоғарғы оқу орындарында биология пәнін оқыту кезінде экологиялық білім берудің теориялық және әдіснамалық негіздерін жасауда Қазақстандық ғалымдар айтуға болады. Орта мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру күрделі педагогикалық процесс. Сондықтан оқу процессі кезінде белгілі бір пәннің бағдарламасы сол талаптарды ескере отырып, қарастыру арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі экологиялық білім мен тәрбие беру тұжырымдамасында мектеп пәндерін экологияландыру дегеніміз - дәстүрлі пендерді оқыту барысында тақырыптардың мазмұнына қосымша жаңа экологиялық меліметтерді кірістіру - деп көрсеткен. Мектеп биология курсында оқушылардың биологиялық білімді меңгеруге экологиялық компоненттердің әсерін зерттеу және биологиялық және экологиялық білімдерді бүтіндей біртұтас жүйе ретінде қарастыру проблемасы маңызды да, өзекті болып табылады
Зерттеу пәні: табиғат аясындағы танымжорықты ұйымдастыру жағдайлары.
Зерттеу нысаны: Танымжорықты дамыту үрдісі.
Зерттеу мақсаты: табиғат аясындағы танымжорық деңгейін теориялық айқындау және тәжірибе-эксперимент арқылы тексеру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу мәселесі бойынша биологиялық әдебиетті үйрету.
2. Танымжорықтың ерекшеліктерін анықтау.
3. Табиғат аясындағы танымжорықтың өткізу әдістемесі жағдайларын айқындау.
Зерттеудің болжамы: Зерттеу тақырыбы бойынша биологиялық әдебиетті зерделеу мынадай болжам жасау мүмкіндігін берді.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша биологиялық әдебиетті теориялық талдау және жалпылау, оқу-тәрбие үрдісін бақылау, педагогикалық эксперимент, экспериментті талдау әдісі, мәліметтерді өңдеудің статистикалық әдістері.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Табиғат аясындағы танымжорықта дамыту жүйесімен оқытудың әдістемелік тұғыр арқылы жасалған өзіндік құрылымдық - мазмұндық болмысы мен технологиясы туралы теориялық түйіндер мен дидактикалық ұстанымдар жүйесінің құрамдас бөлшегі ретінде ағылшын тілін жаңаша жаңғыртып оқытуға қосылған үлес ретінде таныла алады.
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспе, қорытынды, екі тараудан турады. Жұмыс соңында әдебиет тізімі берілген.

ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1Жалпы оқыту әдістемесі.
Оқыту кезінде оқуға ынталандыру мәні зор. Әсіресе оқушылардың өзінің ішкі мотивациясы маңызды, ол олардың пәнге деген қызығушылығының дамуына әсер етеді. Оқыту процесі мен оқытылатын курс мазмұны оқушыларда қызығушылық тудырып, әлеуметтік және жеке мәні болуы қажет. Бұған жету үшін химиялық және экологиялық білімдерді біртұтас жүйе ретінде қарастыру арқылы, дәрістік және семинар сабақтарында проблемалық әдіс пайдалану, лабораториялық жұмыстар орындау кезінде кезеңдердің реттілік тәртібімен жүргізу және есептерді шешкенде олардың экологиялық жақтарын талдаудан бастап барып шешу қажет. Жоғары оқу орындарында экологиялық бейінді мамандар даярлау, оның негізгі мәселерін шешу жолдарын көрсету, химиялық пәндерді экологияландырған аспектіде оқытудың әдістемелік тұрғыдан зерделеу, студенттерге экологиялық тәрбие беру жолдары мен ұйымдастыру әдістері көптеген ғылыми еңбектерге түрткі болған. Атап айтқанда, А.Т.Сармурзина химиялық экологиядан бірқатар оқу құралдарын, Т.К.Длимбетова химия ғылымын экологияландыру үрдісінің теориялық - әдістемелік негіздерін, радиоэкологиялық білімдердің дидактикалық жүйесін жасады. Ш.Ш.Хамзина, Қ.О.Шайхисламова, К.Б.Тлебаева болашақ химия мұғалімдерін экологиялық білім беруге даярлау мәселелерімен айналысқан. Экологиялық мазмұндағы есептер мен лабораториялық жұмыстарды пайдалану әдістемесі жаңа білімдерді қалыптастыру сабақтарында алынған оқушылардың экологиялық білімдерінің одан әрі өзектілігін арттыруға мотивациясын жасауға бағыталған. Экологиялық мазмұндағы есептерді шешу есептің экологиялық жақтарын алдын-ала талдаудан, онда көтерілген экологиялық проблеманың мәнін ашудан бастау қажет. Шешуі мен алынған жауабында түсіндіру қажет. Қазіргі кезеңде қоғам мен табиғаттың өзара қарым-қатынасындағы қайшылықтар бастауыш мектеп пен педогогиканың алдына бірқатар жаңа міндеттерді қойып отыр. Оларды шешу қазір мектепте оқып жүрген ұрпаққа, табиғатқа деген теріс әсерлерді жоюға және болашақта бұл қатынасты тиімді ортаға бұруда нақты талап бере алады. Классикалық педагогика табиғат туралы ғылыми білімдердің мазмұны, оларды ашу әдістері, табиғатты тану процесінде көзқарасты қалыптастыру, бастауыш мектеп оқушысын табиғаттың әсерімен адамгершілік-эстетикалық дамыту, баланың табиғатпен өзара қарым-қатынасының оған білім беру жүйесіндегі орны мен маңызы туралы қағидалар тұжырымдалған. Табиғаттың әсерімен балада гуманистік сезімдерді бекітудің педагогикалық құндылығын ұлы педагогтар Ж.Ж.Руссо, И.Г.Песталоцци, Ф.А.Дистерверг ерекше атап көрсеткен 5, 6, 7. Табиғатты және онымен қарым-қатынасты тек сөз жүзінде тар практицизм мен утилитаризм шеңберінде зерттеуге қарсы орыс ағартушылары: В.Г.Белинский, А.И.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев, Н.Г.Чернышевский қарсы болды. Олар мектепте табиғат туралы толыққанды білімдерді енгізуді талап етті. Олар аталған білімдердің жеке адамның адамгершілік моральдық қасиеттерінің қалыптасуына, баланың табиғаттағы мінез-құлқын анықтайтынын атап көрсетті. Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский баланың табиғатпен ара қатынасын кеңейтіп, табиғаттың тәрбиелеушілік әсерінің педагогикада төмен бағаланып отырғанына таңданыс білдірді. Қазіргі кезеңдегі экологиялық білім беру табиғат пен қоғамның біртұтастығы туралы, олардың тарихи өзара байланысы, адамның табиғатқа қатынасының әлеуметтік себептілігі туралы ілім әдістемесі негізінде құрылған. Қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің көпжақтылығы экологиялық білімнің комплекстілігін анықтайды. Жалпы әдістемелік және теориялық қағидалар экологиялық білім берудің төменгі принциптерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 1) Бастауыш мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыруға пәнаралық тұрғыдан қарау, әр пәннің жалпы экологиялық білім беру жүйесіндегі қызметін, пәнаралық байланыстарды анықтау мен оларды қамтамасыз етуді талап етеді. Экологиялық білім берудегі пәнаралық байланыстарды анықтау әр түрлі оқу пәндерінде оқытылатын, экологиялық білімдердің әр түрлі деңгейлеріндегі қоғам мен табиғаттың өзара әсерінің тиімді әдістері мен принциптерін, заңдарын ашу әдістері мен олардың мазмұнының өзара үйлесімділігін қажет етеді. Сонымен қатар қандай да бір оқу пәнінің мазмұнына кіретін идеялар мен ұғымдардың даму логикасын, экологикалық идеялар мен ұғымдарды тұжырымдау мен тереңдетуге пайдалану керек. 2) Кіші мектеп жасындағы оқушыларға экологиялық материалды оқытудың жүйелілігі мен үздіксіздігі. Қоршаған орта мәселелері бойынша білім берудің мақсаты мен міндеттерін орындау мазмұн жүйесін, оқу-тәрбие процесінің әдістерімен ұйымдастыру түрлерін жасауды талап етеді. Осы тұрғыдан қарау кіші мектеп жасындағы оқушылардың экологиялық білімдерінде ақтаңдақтарды болдырмауға экологиялық өзара қарым-қатынастардың әр алуан түрлерінің белгілі бір уақыттың және кеңістік шекараларында бірқалыпты оқытуға, аталған байланыстардың биологиялық жүйелердің әр түрлі деңгейлеріндегі динамикасын оқушыға көрсету мүмкіндік береді. Жүйелеу принципі экологиялық білім беруді алуан түрлі білім беру көздері мен ақпараттық құралдардың үйлесімділігінің негізінде құруды талап етеді. 3) Қоршаған табиғи ортаны зерттеу мен сауықтыруға бағытталған оқушының әрекетіндегі интеллектуалды және сезімдік-қаржылық негіздердің бірлігі. Экологиялық білім мен тәрбие берудің бұл принципі табиғатпен тікелей қатынасы есепке ала отырып рационалды танымды көркемдік-образдық таныммен үйлестіруді талап етеді. Бұл принципті бағаламау не таза интеллектуализмге, не есепке негізделген практизмге әкелуі мүмкін. Практикалық қызметтегі, рационалдық пен эмоционалдықтың арасындағы байланыс динамикалық және көпжақты болып табылады. Егер оқушы тірі және өлі табиғаттағы объектілердің арасындағы заңды байланыстыра білсе, экологиялық жүйелердегі үйлесімдіктің әсемдігін сезіне білсе, онда оның әрекеті де табиғатты сақтау, оны бұзылудан қорғауға бағытталады. 4) Оқу процесінде экологиялық мәселелердің ғаламдық, ұлттық және өлкетану байланыстарының ашылуы. Қазақстан Республикасындағы экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында ортаны қорғауда жергілікті (өлкетану), аймақтық, ұлттық және ғаламдық байланыстар мәселелерінің ашылып көрсетілуіне ерекше назар аударылған. Бұл дегеніміз, мысалы, белгілі бір жердегі адамның табиғатқа әсерінің нақты фактісі, оң және теріс болса да, осы әсердің нәтижелерін бағалау жалпы мемлекеттік тұрғыдан бірлікте қарастырылады. Нәтижеде оқушылардың көзқарасының жүйесінде қоршаған орта мәселелерінің мемлекеттік шекарасы болмайтындығы және қандай-да бір әкімшілік - территориялық бөлуге келмейтіндігі себепті ғаламдық сипат алатыны туралы ұғым қалыптасады. Сондықтан қоршаған ортаның көптеген мәселелерін тек халықаралық бірлескен іс-әрекеттер жолымен ғана тиімді шешуге болады .
Экологиялық білім беру принциптері мектептердің практикасында төменгі міндеттерді шешу жолымен жүзеге асырылады:
1) Адамның табиғатқа әсерінің оның заңдарына сәйкестігін анықтайтын ілімдер, негізгі ұғымдар мен фактілер туралы білімдерді меңгеру;
2) Қоғам мен әрбір адамның материалдық және рухани күшінің көзі ретінде табиғаттың көпжақты бағалылығын түсіну:
3) Қоршаған ортаның жағдайын бағалаудағы қолданбалы білімдер мен практикалық іскерліктерді меңгеру. Оның жағдайын жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдай білу, өзінің іс-әрекетінің мүмкін болатын салдарын болжау және еңбек қызметінде табиғатқа теріс әсерлерді болдырмау:
4) Табиғат пен қарым-қатынасқа деген қажеттілікті дамыту, дүниені тануды адамгершілік - эстетикалық сезімдермен бірлікте қарастыруға талпыну;
5) Табиғатта өзін ұстау ережелерін саналы түрде сақтау арқылы табиғатқа зиян келтірмеу, ластамау не қоршаған ортаны бұзбау;
6) Қоршаған табиғи және өзгертілген ортаны сауықтыруға бағытталған іс-әрекетті активтендіру, қазіргі заманғы табиғат қорғау идеяларын насихаттауға қатысу. ҚР экологиялық білім мен тәрбие беруді дамытудың ұлттық стратегиясында тұжырымдалған мақсат, принцип пен міндеттер оқушыларға білім мен тәрбие беру процесімен байланысты процестерді ұйымдастыру, формаларын, мазмұнын, әдістерін, құралдарын жасауда маңызды рөл атқарады

1.2Табиғат аясындағы танымжорықты ұйымдастыру
Мектеп оқушыларды табиғатты қалай зерттеу мен қорғауға, оның жағдайын бағалауға, экологиялық білімдерді өздерінің жолдастарының және ересектердің арасында насихаттауға үйрету тиіс. Оқушыларда табиғатты қорғау саласындағы қоғамдық пайдалы еңбекке деген қажеттілікті тәрбиелеу керек. Осы қызметке қажетті іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыру мектептегі оқу-тәрбие процесінің құрамды бөлігі болуы тиіс. Оқушыларға экологиялық білім берудің мақсаттарының бірі-әр түлекте әр түрлі іс-әрекетте қоршаған табиғи ортада саналы түрде өзінің мінез-құлқында жауапкершілік ережелерін сақтауға деген қажеттілікті тәрбиелеу болып табылады. Орта білім беретін мектептің түлегінің экологиялық сипаттағы білімі мен іскерлігіне қойылатын талаптарды есепке ала отырып, негізгі іскерліктер мен оны құрайтын дағдыларды сипаттайық. Экологиялық білім беру тұрғысынан алғанда ең маңызды нәрсе оқушының қоршаған орта жағдайын бағалай білуі болып табылады. Ал бұл оқушының гуманитарлық және жаратылыстану - ғылыми циклдағы пәндерді оқу барысында меңгерген іскерліктер мен дағдыларын қаншалықты дәрежеде дұрыс қолдана алуына байланысты. Іскерліктер мен дағдылардың дамуы процесінде өз бетінше зерттеу жүргізу барысында танымның интеллектуалды және эмоционалдық бастамаларының өзара байланысы күшейеді. Нәтижеде жеке адамның маңызды қасиеттері қалыптасады - сенімділік, ол оқушының жеке тәжірибесіне негізделеді. Оқушылардың арнайы бағытталған зерттеу жұмыстарын жүргізуі барысында пайда болған бағалық ойлар контекстіне кірген білімдер тәрбиелік маңызға ие болады. Сондықтан оқушылар адамның қоршаған табиғи ортадағы мінез-құлқының адамгершілік және құқықтық негіздерін ой-санасына тез қабылдайды. Қоршаған орта нәтижелі тәрбие құралы болуы үшін, педагог оқушыны қоршаған орта жағдайын жақсартудың белгілі бір іс-шараларын бағытталған түрде қатыстырып отыруы тиіс. Оқушы табиғат оъектілерін тиімді пайдалану немесе қорғауды үйренеді, олар оқушы үшін еңбек және қамқорлық көрсету заты болады да, ал осы объектілерге қатысты құқықтық және этикалық талаптарды орындау - мәнез-құлық ережесі болып табылады. Өмірде нақты маңызды әскерлікке қоршаған табиғи ортаны ластану мен бұзылудан қорғау жатады. Мұнда үш түрлі іскерліктердің маңызы зор. Іскерліктердің бірінші түрі - жеке мінез-құлқындағы мәдениеттілік (мысалы, қоршаған ортада теріс қылықтарды жасамау, шөптерді таптамау, тұрмыстық қалдықтармен ластамау, шуламау және т.б.). Екіншісі, басқа адамдардың іс-әрекеті нәтижесінде табиғи ортада пайда болған теріс нәтижелердің алдын алу не жоюға бағытталған. Мысалы, броконьерлікті, табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін бұзуға қарсылық жасау. Мұндай іскерліктер белгілі бір сезімдік-жігерлілік сапаларды тәрбиелеуді, адамдармен еркін араласу дағдыларын қажет етеді. Үшінші түрдегі іскерліктер пайда болған теріс, жағымсыз құбылыстарды еңбек іс-әрекеті нәтижесінде жою. Мысалы, басталып келе жатқан өртті өшіру, топырақты эрозиядан қорғау, рекреация аймағындағы қоқыстарды жинау, балықтардың жас шабақтарын және т.б. жануарларды қорғау. Экология мен табиғат қорғаудың қазіргі мәселелерін насихаттаудағы іскерліктер мен дағдылар оқушылардың экологиялық білім беруін қорытындылайды. Себебі, оларды жүзеге асыру тіршілік жағдайларында орта және оны қорғауға кең теориялық білімдерге сүйенуді қажет етеді. Оқушылардың экологиялық білімдерді халық арасына тартудағы рөлі ерекше. Мұнда тек материалды игеру аз, сонымен қатар өзінің көзқарастарын қорғауға эмоционалдың - мотивациялық дайындық, белгілі бір моральдік позиция, жігерлік сапаларды арнайы шынықтыру және әдістемелік өзгерістерді қамту қажет. Оқушы алуан түрлі ақпарат көздерін пайдалана білуі керек, өз ойын айтудың логикасы мен психологиясын, тыңдаушылар үшін тиімді жолмен ақпаратты жеткізу.Бүгінгі таңда жасөспірімдерге үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін жаңаша құру және оны өміршең ету республикамыздың білім беру тұжырымдамасында жан-жақты қарастырылған. Оның үстіне жалпы білім беретін мектептерді 12 жылдық оқу жүйесіне көшіру қалыптасқан оқу үрдісіне көптеген өзгерістер әкелері сөзсіз. Осы тұрғыда бастауыш сыныптарда оқушыларды 6 жастан бастап оқыту көзделіп отыр. Сондықтан оның оқу жоспары мен бағдарламаларын оңтайландыру қажеттігі туары анық. Соңғы жылдары бастауыш сыныптарда Дүниетану пәні оқытылады. Бұл пәннің жасөспірімдердің дүниетанымын қалыптастыруда рөлі зор. Яғни, үздіксіз білім берудің біртұтастық, жүйелендіріп кіріктіре оқыту ұстамдарының бірізділігін жүзеге асырады. Тағы бір жағдай соңғы жылдары үздіксіз экологиялық білім беруді жүзеге асыру барысында кейбір бастауыш мектептерде экология курсы енгізіле бастады. Көптеген мұғалімдер өзінің авторлық бағдарламалары бойынша сабақ жүргізеді. Бастауыш мектепке арналған экологиялық оқу бағдарламаларын бір жүйеге келтіру міндетті тұр. Бастауыш сынып экологиясы бүгінгі талапқа сай Дүниетану курстарына қосымша білім беруге бағытталған. Алдына қойған негізгі мақсаттары:
1. Жасөспірімдерге айнала қоршаған ортаны адам өмірімен байланыстыра отырып білім беру.
2. Жасөспірімдерге қоршаған ортаның бір-бірімен үнемі байланыста болатынын ұғындыру.
3. Оқушыларда алғашқы экологиялық ұғымдарды қалыптастыру және табиғатқа деген жауапкершілік ой-өрісін дамыту. Жоғарыда аталған мәселелерді шешу үшін бағдарламаны құрастыруда 1-4 курстар бойынша қамтылған білім жиынтығы былайша топталған. Мәселен, 1-сыныпта: Қоршаған орта мен адамның арасындағы қарым-қатынастар, табиғи ортаның біртұтастығы және бір-бірімен қатынас түрлері, табиғат нысандары, өсімдіктер мен жануарлар туралы алғашқы оң және теріс көзқарастар туралы білім беріледі.

2 ТӘЖІРИБИЕЛІК БӨЛІМ
2.1 Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша табиғат аясындағы сабақ өткізу әдістемесі
Сабақ - оқытудың басты формасы. Сабақ сапасын арттыру - барлық мұғалімдерді толғандыратын маңызды мәселе. Бұл ретте білім деңгейінің төмендеу себептерінің бірі - күнделікті сабақ өткізудің стандартты, бір мәнді, шаблонды, көптеген мұғалімдердің сабақ үрдісін түгелдей дерлік жаулап алған дәстүрлі бір сарынды сабақтарда деп айтуға болады. Күн сайын өтетін жаңа сабақты түсіндіру, үй тапсырмасын сұрау және қорытындылау сияқты жаттанды кезеңдерден тұратын дәстүрлі сабақ оқушыларды жалықтырары, білімге ынтасын төмендетері сөзсіз. Сондықтан әр мұғалім өз жұмысында сабақты жандандырудың әдіс- тәсілдерін іздестіруі, бұған оқушыларды тарта білуі, олардың белсендішығармашылық жұмыстарын ұйымдастыра білуі - міндет. Ұтымды ұйымдастырылған жаңа әдіс-тәсілдер сабақты жандандырады, оқушылардың білімге қызығушылығын арттырады, оқу үрдісін жетілдіре түседі. Білім берудің негізгі мақсаты - білім сапасын көтеру болса, бұл ретте мақсатқа жетудің басты шарты - өзара белсенді ұйымдастырылған сабақ.
А.Дистервегтің баға беруінше - нашар мұғалім оқушыға ақиқатты өзі береді барлығын өзі айтып, түсіндіріп береді, ал жақсы мұғалім оқушының ақиқатты өзі іздеп табуын үйретеді.
Қазіргі кезде оқушының ой - өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін тәжірибеде қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне айрықша мән беріліп отыр. Себебі мемлекеттік стандартта орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделген.Бұл жағдайда оқыту технологиясын өзгертуді, оқушыларды өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға, ұйымдастыруға үйрету мәселелеріне көп көңіл бөлуді талап етеді.
Оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жасалынған оқыту технологиясы - құрылымы ортақ,бірақ мазмұны әртүрлі үш бөліктен: кіріспе, сөйлесу, қорытынды бөлімдерінен тұрады. Әр оқу модульінің сағат саны оқыту бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Мұғалім оқушыларды оқу модульінің жалпы құрылымы мен және мазмұнымен таныстырады. Оқушылардың осы оқу модульіндегі танымдық қызметінің мақсаттары мен міндеттерін анықтайды, әсіресе бұл мақсаттар мен міндеттерді әрбір оқушының қабылдауына,түсінуіне ерекше көңіл бөледі.
Сөйлесу бөліміндегі оқу материалын меңгеру - тек қажетті құрал ғана, онсыз негізгі мақсаттарға жету,қисынды ойлауды, түрлі құбылыстармен фактілер арасындағы байланысты көру білуді дамыту. Егер бұл бөлім дұрыс ұйымдастырылмаса,оқу модульіндегі оқушылардың барша танымдық қызметінің қорытындысы болып табылатын мақсатқа және оқушылардың дайындық деңгейінің мемлекеттік білім стандартына сай келуіне қатар кол жеткізгелі отыр.Қорытынды бөлім тарауды оқытудың тұтас циклін анықтайтын Рефлекциялық- бағалау кезеңі.Ол оқушылардың сөйлеу бөліміндегі танымдық қызметі барысында жағдай жасалынған дайындық деңгейін бақылауға тексеруге, бағалауға арналған.Білім деңгейін тексеру және бақылау тәсілі ретінде тестілі оқыту нәтижесінің мөлшерлік көрсеткіші болып табылады.Биологияны оқытудың өзінде оқушыларға ауызша(лекция), көрнекті құралдар, тәжірибелік (зертханалық)сабақтардың бірін - бірі толықтыра отырып оқушыға толықтай білім беруге болады. Оның өзінде оқушының күнделікті сабаққа дайындалып, жаңа ғылыми мақалалармен, әдебиеттермен танысып,білімін көтеріп отыруы керек. Неғұрлым оқытушының білімі жан - жақты,терең болса оның оқушылары соншалықты білімді болады.Сонымен қатарокушылардың білім деңгейі олардың өзіндік қабілетіне байланысты.Оларды үш топқа бөлуге болады.
1. Бұл топтағылар берілген материалды толық меңгеріп, оған қосымша материал берсең де меңгере алады, оған өздігінен жұмыс істеуіне мүмкіндік беру керек, яғни оның қабілеті басқа оқушыларға қарағанда жоғары.
2. Бұл топтағылар материалды толық меңгере алады, бірақ кейбір сұрақтарға жеке, талдап түсіндіруді қажет етеді.
3. Бұл топтағы оқушылар материалды баяу меңгереді, оларға бір материалды түсіндіру үшін бір сабақ жеткілікс із . Әр материалды бірнеше сағат және жеке отырып түсіндіру керек. Бұған уақыт аз және де бұлармен жұмыс істеу уақытыңды алады. Бұл кезде 1 - шǐ топтағы оқушылар материалды меңгеріп қойған олар алға жылжығысы келеді. Осыған байланысты жақсы оқитын оқушыларға бөлек топпен оқытса дұрыс болар еді деп ойлайсың.
Оқушылардың білімі төмен болуы көбіне мына факторларға байланысты болады екен.
1. Ойлау қабілетінің және интеллектінің төмен болуы.
2. Сабақтан қалу, сабақты жіберу, сабаққа бармау.
3. Денсаулығының төмен болуы.
4. Сабаққа қалауының болмауы.
5. Жанұяның және құрдастарының кері әсері.
6. Оқушылардың білім деңгейі төмен болуы.
7. Оқулықтардың, көрнекі құралдардың жеткіліксіз болуы.
Білім, білік, дағдыларды тексеруге арналған тапсырмалар екі түрлі өлшем арқылы жүргізіледі. Оның бірі - оқушының сөйлеу қызметі, түсіну, сөйлесу, оқу мен жазуы болса, екіншісі - білім деңгейін анықтау.
Биологиядан білімді қорытындылаудың бастапқы ұғымы - тапсырмалар.
Білім оқыту мен тәрбиелеудің адам,қоғам мемлекет игілігіндегі бір
мақсаттағы үрдіс ретінде танылады.Сондай-ақ білімді өзіңізді және қоршаған әлемді тану жемісі деп те анықтауға болады.Педагогикалық тапсырмалар оқушылардың өзін-өзі танудағы танымдық қызметін жетілдіреді белсенділігін арттырады,оқушылардың білім сапасын көтереді, сондай-ақ педагогикалық еңбектің тиімділігін арттырады.Педагогикалық тапсырмалар тест және тестік емес түрде жасалады. Шет елдік білім беруде тестік түр екі тапсырмадан тұрады.Бірі-білім беруші-оқыту тапсырмалары оқу үрдісінде жеке адамды дамытуда,ал бақылау-білім басқармаларындағы оқу кезеңінің аяқталу барысында дайындықтың құрылымы мен деңгейін анықтау мақсатында
қолданылады.Тапсырмалардың көп бөлігі оқыту мен бақылау үшін қолданылады. Тест тапсырмаларындағы түр- элементтерді орналастыру мен ұйымдастырудың үлгілі принципі, ұстанымы сондай-ақ ол - тәртіптілікті реттейтін, топтастыратын ұстаным анықтамасы.
Әрбір тақырыппен әрбір тарауды өткеннен кейін, оқушылардың ойын, алған білімдерін тиянақтау,қорытындылау үшін тесттің тигізетін көмегі көп.
Оқушының логикалық ойлауын,жалпы жеке бас қабілеттерін дамытудың тетігі ретінде қолдануда тест тапсырмаларының орны ерекше. Білім алу-шылар категориясына қарай дәстүрлі(жалпы білім беру), орта білім алушыға бағытталған, тереңдетілген білім беру, дарынды білім алушылармен жұмыс жүргізу технологиялары тест тапсырмаларын жасауда негізге алынады.
Тест тапсырмалары-Қысқалық:Қажетті сөздерді жан-жақты таңдау (символ,график),максималды нақтылық, қайталау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің ұстанымдары
Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесінің жалпы мәселелері
Қазақ тілін оқыту әдістемесі жайлы
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Қазақ тілін талдау оқыту әдістемесі
Информатиканы оқыту әдістемесі (ИОӘ)
Математикадан логикалық есептер жинағы
Жоғарғы оқу орынныдағы психологияны оқыту әдістемесі
Әдебиетті оқыту әдістемесі пән ретіндегі мақсаты
Пәндер