Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы жұмыстарының нәтижелілігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. Жаңартылған білім мазмұны бойынша математика пәнінде әдіс-тәсілдерді
қолданудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..5

1.1 Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты,
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1.2 Математика пәнінде әдіс-тәсілдерді қолданудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... 7
ІІ. Жаңартылған білім беру бойынша жүз көлеміндегі сандарды оқытуда тиімді
тәсілдерді
қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 10
2.1 Жүз көлеміндегі сандарды оқыту
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...10
2.2 Сандар нумерациясы тақырыбына арналган сабақ
жоспары ... ... ... ... ... ..16

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 25

КІРІСПЕ

Бүгінгі ғылым мен техниканың қарыштап даму заманында мектепте дәстүрлі
оқыту оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық
меңгеруіне кепілдік бермей отыр. Бұл оқушылардың білім жетістіктерінің
нәтижелерінен көрінуде. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісін жандандырудың қазіргі
педтехнологияларын жетілдіріп, оны күнделікті сабақтарда тиімді қолдану
арқылы білім сапасын жоғарлатуға болады Елдің білім беру жүйесі терең де
сатылы стратегиялық жаңғырту кезеңін бастан өткеруде. ХХІ ғасырдың жан-
жақты, зерделі, дарынды, талантты адамдарды қалыптастыруда білім беру
мәселесі, оның оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті
туындап, жаңа талаптар қойылуда. Соған орай ұстаздардың алдында тұрған
міндет: табысты және әрекетке дайын қабілетті, әлеуметтік рөлін сезінетін
құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Жалпы құзыреттіліктің сипатына беделді пікір
айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру деген түсіндірме берілген.
Тұлға құзыреттілігін дамыту – ұстаздың құзыретті тәсілдерді меңгертуі,
білім беру мазмұнын жетілдіру. Ол үшін баланы субъект ретінде қарап, оқу
ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу керек.
Оның бастысы – оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушының оқудағы іс-әрекеті
арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу, әрекет ету.
Мақсатқа жету оқушының өзі арқылы іске асады. Мұғалім шығармашылығы – ұшы-
қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы
емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті
үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кез де ғана берген білім сапалы, алған білім
өмірлік болары анық. Курстық жұмыстың өзектілігі. Математика курсының жүз
көлеміндегі сандарды, жазу салыстыру, қосу және азайту, көбейту және бөлу
тәсілдерін оқушыларға үйрету.Жүз көлеміндегі сандарды оқу, жазу, жіктеу,
салыстыру, разрядтардың атауын және нөмірленуін, бірліктер класын қайталап,
пысықтау. Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған
сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі, білім, білік – дағдыларды меңгерту
мен бірге табиғат қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды
шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы. Осы талап
тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-
тәсілдерін іздестіру мен жаңа техналогияларды тиімді пайдаланудың маңызы
ерекше.
Бастауыш білім беруде математика пәні өзге пәндерді оқытудың алғышарты
мен негізін қалайтын және осы пәндерді оқытып-үйретуде қалыптасатын білім,
білік, іс-әрекет тәсілдерін тұтынушы болып табылады. Ал математика негізгі
мектеп математикасының табиғи бір бөлігі. Мектеп математикасын есепсіз құру
мүмкін емес. Математика ғылым ретінде есептен пайда болған және есеп арқылы
дамиды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Жаңартылған білім беру бойынша жүз
көлеміндегі сандарды оқытуда тиімді тәсілдерді қолдану.
Міндеті: Жаңартылған  білім бағдарламасының   мазмұндық
ерекшеліктеріне сай оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге
мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді  тиімді пайдалана
отырып,оқушының білім сапасын арттыруға қол жеткізу

І. Жаңартылған білім мазмұны бойынша математика пәнінде әдіс-тәсілдерді
қолданудың маңызы

1.1 Жаңартылған білім беру мазмұнының мақсаты, мәні

Халқымыздың білімділігі еліміздің байлығының ең маңызды бөлігі десек,
білім-ел қазынасы. Біздің жaн-дүниемізде, oқыту мен білім беpудегі
ұмтылысымыз, өзімізде жетіcпейтін қaжеттілікті тaбуымызғы мүмкіндік
беретініне көз жеткіздік. Жаңартылған білім мазмұнымен тaныcқaннaн ұнaғaны
— oның мәні, мaқcaты, нәтижеcі-бapлығы бaлaғa, тек қaнa бaлaғa
бaғыттaлғaнын аңғардық. Елдің келешегі бүгінгі жастардың қолында, ал жас
ұрпақтың тағдыры-ұстаздың қолында деп тегін айтылмаған. Елбасы бізге үлкен
міндет артып отыр. Тәуелсіз еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі
өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы болатын - ұстаз екендігін
айта келе, біздің басты мақсатымыз-білім сапасына мән беріп, білім сапасын
жақсарту. Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер білім беру
жүйесін қайта қарау қажет керек екенін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан
әлемде білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де,
соның ішінде мұғалімдер үшін де ең басты, маңызды мәселе. Болашақ ұрпақты
сан көрсеткіші емес, сапалы жеміс беретініне мән беріп, тәрбиелеуде барлық
мұғалімдерді ойлантатын мәселе болып отыр. Бүгінгі өмір талабына сай
ұстаздардың біліктілігі мен білімділігін шыңдап отыратын мектептегі
жеткіншектерге білім берудің сапасы мен деңгейін жан-жақты көтеру
жаңаша ойлайтын, оқыту мен тəрбиенің күнделікті жұмысында қолдана білетін
ұстаздардың ғана жұмысы жемісті болмақ. Уақыт алға жылжыған сайын
мұғалімнің оқыту шеберлігі, жаңа әдіс-тәсілдері өзгеруде. Балалардың сапалы
білім алуына, өзгермелі ортаға тез бейімделе отырып, өзіндік көзқарасын
қалыптастыруға және өмірде аяғын нық басып, алдына мақсат қойып оны шешуге
мүмкіндігі бар тұлғаны дамытуға жағдай туғызу біздің басты міндетіміз деп
түсінеміз. Жаңа білім беру жүйесіне енген өзгеріске мойын бұрып, оң
көзқарасты дамытып, алдымызда отырған баланың тереңнен ойлауына, өздері ой
қортынды таңдау құқығына мүмкіндік беру керек деп ойлаймыз. Халқымыздың
ардақты ұлдарының бірі Міржақып Дулатов: Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт –
оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы
орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын
жарқын жұлдыз – оқу. Надан жұрттың күні – қараң, келешегі — тұман,- деп
ғылым, білім, оқудың маңызын қара халыққа көрсеткен. ХХІ ғасыр – ғылым
ғасыры. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында
түбегейлі өзгерістер жүріп жатқандығы баршамызға аян. Жеке тұлға яғни,
дарынды, шығармашылық тұлға қалыптастыру білім мен тәрбие берудегі
мемлекеттік істің ең маңыздысы екені рас. Мақсатты білім беру – тұлға
дамуын жүзеге асырады. Адамзат баласының өз ұрпағын оқыту тәрбиелеудегі ең
озық тиімді ізденістерін, тәжірибелерін жалғастырып, тың жолдар іздеу,
жаңашыл әдіс-тәсілдер, озық үлгілерін дамыту жалғасын табатын ұстаздарымыз
көп болатынына сеніммен қараймыз.
Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық,
психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық
шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап
етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды
қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі
қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы
жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана
педагог қалыптастыра алады. Бастауыш сынып мұғалімі үшін оқушы жазылмаған
тақта секілді таза, пәк. Бастауыш сыныпта оқытудың негізгі міндеті-баланың
жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілеттерін
анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Сонымен
жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшеліктеріне келесілер жатады: білімді
функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану; сын тұрғысынан ойлау
ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану; коммуникативті қарым-
қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану; топпен, жұппен
және жеке жұмыс жасай білу сыни ойлау дағдысы;алгоритмдік ойлау дағдысы;
аритикалық ойлау дағдысы; проблемалық ойлау дағдысы; технологиялық ойлау
дағдысы; тілдік құзіреттілік дағдысы; оқушылардың коммуникативтік
дағдыларын дамыту.
Бастауыш мектеп оқушысы математика және информатика, жаратылыстану,
адам және қоғам, технология және өнер, денешынықтыру сынды білім салалары
аясында білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау және бағалау деңгейлерінде
күтілетін нәтижелерді көре отырып, меңгеруге талаптанады. Білім сапасын
анықтау құралдары ретінде оқуға ынталандыратын және оқушының жеке даму
траекториясын белгілеуге мүмкіндік беретін қалыптастырушы бағалау мен
мектепішілік жиынтық бағалау түрлерімен белгіленеді. Стандарттың осы
бөліктері өз оқуын өз бетімен құруға қабілетті, өмір бойы білім алуға
ұмтылатын оқушы тұлғасын дамытуды көздейді. Бойында қазақстандық патриотизм
мен азаматтық жауапкершілігі жоғары деңгейде қалыптасқан, өзіне және
өзгелерге құрметпен қарай алатын, өзара сыйластыққа негізделген қарым-
қатынас құратын, еңбек пен шығармашылықта өз мүмкіндігін толығымен жүзеге
асыра алатын, ашықтықты бойына сіңірген қоғам азаматы ел дамуына
айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз.
Біліктілікті арттыру жүйесінде мұғалімдердің функционалдық сауаттылығы
– қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға көшу дегенді білдеріді.
Стандартта белгіленген жаңа мазмұн, оқушылардың сыни, шығармашылық
тұрғыда ойлау дәрежесін дамытуды көздейді. Өзі оқытатын пәні аясында
мұғалімнің зерттеуші позициясында болуы тек осы пәнді оқытумен шектеліп
қана қоймай, оның басқа пәндермен байланысын қарастыруды, жаңалықтар қалай
ашылғандығы туралы білімді ұсынумен, пәннің негізін қалаушы ғалымдар туралы
білімді жеткізумен шұғылданғанда ғана мүмкін болмақ. Бұл өз алдына
мұғалімді білімді ұсынушы ғана емес, сол білімді бірге жасап, өзін де оқушы
деп тануына әкеледі. Осындай әрекет өмір бойы білім алу дегенді білдіреді.
Құрамында мұғалім де, оқушы да бар осындай ізденуші топ білім
алушылар қауымдастығына айналады. Жаңартылған білім беру мазмұны аясында
функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың кілті осы қауымдастықтың қолында
болмақ. Өз күшіңмен табылған білім, өз табандылығыңмен дәлелденген шындық
өміріңде пайдалы болатындығы сөзсіз екендігін талай ғұламалар айтып та
кеткен.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды
сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін
өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі
Өмірмен байланыс ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік
міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында
табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз
еңбектену керек. Оқушы бойындағы қабілетті жетілдіріп, оқушыларды болашаққа
жетелеп, жақсы істі бастағалы отырмыз. Жаңартылған білім – болашақтың
кепілі. Отандық іс-тәжірибе негізінде әлемдік тәжірибедегі алдыңғы қатарлы
идеяларды басшылыққа ала отырып, функционалды сауаттылығымызды арттыру үшін
сыни тұрғыда ойлай алатын оқушылар мен ұстаздарымыздың қатары көп
болатынына, жақсы нәтижеге жететінімізге сенімдіміз.

1.2 Математика пәнінде әдіс-тәсілдерді қолданудың маңызы

Қазіргі заман – математика ғылымының өте кең, жан-жақты тараған
кезеңі. Ал, талапқа сай математикалық білім берудің басты шарты –
математикалық мәдениеттіліктің деңгейін көтеру болып табылады. Казіргі
таңда жаңартылған білім мазмұнына сәйкес математика сабағында мұғалім
теориялық ілімдерді меңгертуді, практикалық әдіс- тәсілдермен ұштастыра
отырып, тез, ұтымды есептеулерге жаттықтырады. Оқушы үй тапсырмасы ретінде
өткен тақырыптарды қайталамаса, үй тапсырмасын орындамаса, есеп шығармаса,
белгілі нәтижеге қол жеткізе алмаймыз. Оқушы бұл пәнді тиімді меңгеру үшін,
оқытылатын материалға қызығуы, есеп шығарудан рахаттануы тиіс.
Математикалық есептердің тәрбиелік мәні зор. Есеп шығару кезінде төзімділік
пен табандылық қалыптасады. Жаңартылған білім мазмұны бойынша математика
сабағын жүргізгенде әр түрлі әдіс- тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек.
Математика пәні нәтжелі болу үшін:
• Әдіс-тәсілдердің тиімді таңдалуы;
• Сабақтан алған әсері оқуға қызығушылығын және білімге деген
сұранысты арттыруы;
• Сабақ қарқынының оқушыларға қолайлылығы, мұғалім мен оқушы
жұмыстарының нәтижелілігі;
• Жұмыс барысында мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс
орнату, әр оқушыға сенім білдіру;
Мұғалімдер пайдаланатын әдіс оқудың тиімділігіне елеулі әсерін
тигізеді. Педагогикалық әдістерді жетілдірмей тұрып, оқу бағдарламасын
өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау шараларының
мүмкіндіктерін және нәтижелілігін төмендетеді.
Жаңартылған бағдарлама бойынша әр мұғалім төмендегідей нәтижелерге қол
жеткізді:
• жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымына;
• жаңартылған оқу бағдарламасының мазмұны мен жүйесіне;
• оқу бағдарламасының және оны іске асырумен байланысты
құжаттамалардың мақсаты мен рәсімделуіне;
• білім беру бағдарламасын іске асыруға көмектесетін тиісті
педагогикалық тәсілдерді меңгеруге.
Математика сабағындағы білім беру сапасын арттыру мақсатында
жүргізіліп жатқан жұмыстарымның негізгі бағыты осындай теориялар мен оқыту
мен оқуды жақсатудың жолдарына негізделген. Сындарлы оқытудың теориялық
негіздеріне сүйене отырып әрбір сабағымды сыни ойлана отырып, оқушылардың
білімінің қалыптасуына ықпал ететін әдістерді қолданып өтуімнің
нәтижесінде, оқушыларым айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Олар, ортақ
проблеманы шешуде бірлесіп жұмыс істей алды, әдіс-тәсілдерді қолданып,
ойлау дағдыларын, оны жеткізу дағдылары қалыптасты. Автор орындығында,
Алты қалпақ, Кубизм, Балық қаңқасы, Болжау кестесі, Фрайер,
Темперетура өлшеу т.б әдістер арқылы тапсырмаға логикалық қорытынды,
интерпретациялар жасап, Соңғы бес минут, Тарсия, Сэнгвич, Плюс,
минус, қызықты, Білдім, білгім келеді, үйрендім т.б тәсілдер арқылы
сабақты меңгеру денгейіне кері байланыстар жасап, Блоб ағашы , Табыс
сатысы , Күн, бұлт, жауын т,б кері байланыс түрлеріне дағдыланып,
өздерін өздері бағалай алды.
Білім беру сапасын арттыру бағытында жүргізілген зерттеу жұмысымның
барысында кедергілерге де кезіктім. Соның бірі оқушылар жаңа сабақты игерту
мақсатында жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде сабақ мақсатын өздері қойып,
бұгін не үйренетінін анықтағанмен, жаңа сабақты игеру барысында топтық
жұмыста белгіленген уақыт жетпей қалды. Оның себебі, оқушыларға сабақ
материалының қиындығы мен бұған дейін таныс болмауы әсер етті. Бұл
кедергіден шығар үй тапсырмасын берудегі төңкерілген әдіс түрін қолдану
дұрыс деп таптым. Оқушыға келесі жаңа сабақ матриалы үйден оқуға немесе сол
тақырып пен өткен тақырыпты байланыстыратын тапсырмалар беріледі. Оқушы
ізденіп, оқып келсе жаңа сабақта берілген ресурсты оңай қабылдап және
тобындағы достарына да түсіндіре алып, топ жұмысын сәтті қорғай алады.
Үйден жақсы дайындықпен келген оқушы басқа топтардың да жұмысын ыждақатты
тыңдап, өзіндік сұрақтарын қойып, дұрыс баға бере алады. Екінші кедергі,
оқушылардың математикалық сөйлеу дағдысының төмен болуы. Бір сөзбен
айтқанда математика пәнінің мұғалімдері көп әдісті білуге тырысуы керек.
Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек ,- деп Ахмет
Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол
қоғам мүддесіне сай болуы керек деп ойлаймын. Өз пәнін сүйетін ұстаз ғана,
өз ісінің шебері болып қана қоймай, жоғары жетістіктерге жететініне
сеніммен қараймын.

ІІ. Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі

2.1 Жүз көлеміндегі сандарды оқыту әдістемесі

1.10 көлеміндегі сандарды нөмірлеуді оқытуда сандарды шығарып алу және
оларды цифрдың көмегімен жазу, қосу және азайту амалдарымен таныстыру теріс
емес бүтін сандар нумерациясын оқытудығы алғашқы кезеңі болып табылады.
Сандар нумерациясын оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшелігі тақырып
біртіндеп кеңейеді және төмендегідей ретпен даму арқылы қарастырылады: он
көлеміндегі-нөл саны-жүз көлеміндегі сандар, мың көлеміндегі сандар-миллион
көлеміндегі сандар.
Алғашқы ондық сандарын оқыту. Сан және цифр ұғымын анықтау. Оқытудың
міндеттері:
1. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру: санды әртүрлі тәсілмен
шығарып алу, 10 көлеміндегі сандардың атауын және сол сандарды
цифрлармен белгілеу, меңгерту, цифрларды жазу біліктерін қалыптастыру.
2.1-ден 10-ға дейінгі (және керісінше) сандар ретін еркін меңгеру,
игеру. Сандар қатарындағы 0 санының орнын білу.
3. Сандарды салыстыру және оның нәтижелерін ,, = таңбаларымен
белгілей алу біліктерін қалыптастыру және теңдік пен теңсіздік ұғымдарын
қалыптастыру.
4. 10 көлеміндегі сандар құрамының барлық жағдайларын берік игеру.
5. Бір және екі таңбалы сан ұғымдарын ,бірдің және нөлдің
қасиеттерін меңгерту.
Санды шығарып алудың әр түрлі тәсілдерін (олар үшеу) қарастыру
барысында:
а) кез келген санды заттарды (дыбысты, қозғалысты) санау арқылы
шығарып алуға болады
ә) Санды шамамен өлшеудің нәтижесінде шығарып алу: кесіндінің
ұзындығын сантиметрдің немесе уақытты сағаттың көмегімен өлшеу арқылы;

б) Қосу және азайту амалдарын орындау нәтижесінде санды шығарып алуға
болады:

4 + 1 = 5

5 – 1 = 4
Демек, сан арифметикалық амалдың нәтиесін сипаттайды.
в) Сандардың атауларын игеру жүзеге асырылады: оқушылар санды істиді
және айтады (дыбыс сияқты), сонымен бірге санды таңбалардың, яғни
цифрлардың (әріп сияқты) көмегімен жазумен таныстыру; оқушылар санды
белгілейтін таңба ретінде цифрды көрсетеді және жазады, демек, ауызша және
жазбаша нумерация бір уақытта енгізіледі.
г) Цифрларды жазу біліктері төмендегідей жоспар бойынша
қалыптастырылады:
цифрдың баспа және жазба түрімен таныстыру: оларды ажырата алуға
басқалардың ішінен тани білуге үйрету;
Цифр неге ұқсайды?, Цифрды қайдан көрдіңдер?, Нешеу, көрсет?
(сан – зат және керісінше) балалар ойындарын қолдану:
 
 

цифрды жазу үлгісін талдау: цифр қандай элементтерден тұрады (кесте,
оқулықта, тақтада, дәптерде);
қол қозғалысының бағыт игеруі: ауада жазу, тақтада біртіндеп жазу,
дәптердегі үлгіні бастыру;
цифрды өз бетімен жазу: әлдеқайда әдемі жазылғанын (бір сызықпен
сызады) және сәтсіз жазылғанын (екі сызықпен сызады) таңдату.
2. Бір таңбалы сандар ретін анықтауға және натурал сандар қатары
құруға үйрету.
а) Натурал сандар қатарын құру принциптерімен таныстыру жүзеге
асырылады: санға 1-ді қосу арқылы келесі сан шығады, ал саннан 1-ді азайту
барысында оның тікелей алдында келетін сан шығады, яғни сандар қатарындағы
санға 1-ді қосып, келесі санды, саннан 1-ді азайтып, алдыңғы санды шығарып
алуға болады.
ә) Оқушылар тура және кері бағытта санауға үйренеді, яғни кез келген
саннан бастап, өсу және кему ретімен санайды.
б) Сандар қатарындағы сандардың орнын анықтау оларды салыстыру арқылы
іске асырылады: 54, демек, ол сандар қатарында 4-тен кейін тұрады, ал 45,
яғни ол сандар қатарында 5-тің алдында тұрады, демек, 5 саны 4 және 6
сандардың арасында тұрады.
Алдыңғы санды, кейінгі санды, берілген сандар арасындағы санды,
берілген санның көршілерін атау;
ең кіші таңбалы, ең үлкен бір таңбалы санды атау;
әр жаңа санды белгілі сандармен салыстыру;
Жалғастыра санау, Эстафета, Доп лақтыру, Көршісін ата, және
т.б. ойындарды қолдану.
в) 0 (нөл) санымен таныстыру 1 және 2 сандарын оқытып үйреткеннен
кейін іске асырылады.
Дорбада бір доп бар, мұғалім оны бір балаға береді: Мен не істедім?
Неше доп қалды? жауап: Ешнәрсе қалған жоқ. Егер ештеңе жоқ болса, оны
біз 0 деп түсінеміз. (Екі қарындашпен көрсетуге болады), демек, 1-1=0, 2-
2=0.
1,2 және 0 сандарын салыстыру және сандар қатарындағы 0-дің орнын
анықтау: 02; 01, демек, 1-дің алдында сол жақта бірінші тұрады және ең
кіші сан болады.
Осының нәтижесінде сандар қатары және ондағы әр санның орны туралы
ұғым қалыптасады.
3. Сандарды салыстыруға үйрету.
а) Сандарды салыстыру екі топ заттарын салыстыру арқылы іске
асырылады.

Қайсысы кем: немесе ? Қайсысы артық? Неге?
   
 
 [pi
c]
   [pi
c]

3 және 4 сандары туралы не айтуға болады?
34 және 43.
ә) Кейінірек оқушылар көрнекілікке сүйенбей, сандар қатарындағы реті
туралы білім негізінде сандарды салыстыруға үйренеді:
54, өйткені санағанда бес төрттен кейін айтылады;
35, өйткені санағанда үш бестен бұрын айтылады.
б) Сандарды салыстыру нәтижесі ,, = таңбаларының (бір сабақта бір
уақытта) көмегімен жазылады.
 
 

Сол жақта оң жаққа қарағанда жалаушылар арты;
Жалаушылар санын 1 және 2 цифрларымен белгілейді;
2 саны 1-ден артық екені анықталады. 21;
таңбасын көрсетіп, бұл артық таңбасы деп түсіндіріледі ( және
ұқсас =).
Таңбалардың ерекшеліктерімен танысады: таңбаның төбесі кем санға, ал
сәуле жағы артық санға бағытталады; жазу солдан оңға қарай оқылады; 12
(бір екіден кем).
Таңбаны тап: 4*5, 6*3, 4*4; Қатесін тап: 78, 76, 7=7;

 
Сандарды тап: 1; 5; ;

; = дидактикалық ойындарды қолданылады;
теңдік және теңсіздік ұғымдарымен таныстыру көрсету арқылы іске
асырылады: 21, 12 – бұлар теңсіздіктер, ал 2=2, 1=1 – бұлар теңдіктер.
таңбаларымен жазылған жазу теңсіздіктер деп, ал = таңбасымен
жазылған жазу теңдіктер деп аталатыны хабарланады;
теңдік ұғымы кеңейтіледі; + және -, сондай-ақ = таңбаларымен
жазылған жазу да теңдік болады. 2+1=3, 3-2=1, 3-1=2, 3=2+1.
4. 10 көлеміндегі сандар құрамын меңгерту.
а) 10 көлеміндегі әр санның құрамы сол санмен таныстырылғаннан кейінгі
сабақта оқытылады:
қосылғыштың біреуі 1 болған жағдайда (сандар нумерациясы туралы білім
негізінде) 10 көлеміндегі кез келген санның құрамын анықтай алу, мысалы,
3=2+1, 4=3+1; ...; 10=9+1;
қосу жағдайларындағы білім негізінде сандар құрамын оқып үйрену:
3+2=5, 5=3+2; 6+3=9 9=6+3;
қосудың ауыстырымдылық қасиеті негізінде сандар құрамын есте сақтауға
арналған жағдайларды екі есе қысқарту:
4 және 1, 3 және 2 5 санның құрамын анықтайтынын білсе,
жеткілікті, өйткені, егер 5 4+1 болса, онда 5=1+4, егер 5=3+2 болса, онда
5=2+3.
ә) Сандар құрамын оқытуға және бекітуге арналған жаттығулар
қолданылады.

Төменгі сөреге 1 (2,3,4) дөңгелектерді алып қою, яғнм 5=4+1; 5=3+2;
5=2+3; 5=1+4.

Екі беті екі түске боялған дөңгелектер; алма-кезек аударылып қойылады.

Баспалдақ тік төртбұрышын кезекпен бояу;
сандар құрамының екі түсті кестелері.
Қолымда нешеу екенін тап, Әйнекшелерді толтыр, ; Санды тап,
Құлыптың кілтін тап, Үйлерге қоныстандыр дидактикалық ойындары.
5. Бір таңбалы және екі таңбалы сан ұғымдарын меңгеру.
а) 10 көлеміндегі барлық сандар оқытылғаннан кейін 0 1 2 3 4 5 6 7 8 9
10 сандар қатары ұғымымен таныстырылады.
ә) Мұнда санды жазу үшін бір таңба (цифр) қолданылса, олар – бір
таңбалы сандар.
б) 10 саны – екі таңбалы сан, өйткені оны жазу үшін екі таңба: 1 және
0 цифрлары қолданылады.
в) Тиянақтауға арналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқу жұмысын ұйымдастыру нысандарының тарихы
Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылымы
Сабақ оқытудың ұйымдастырудың негізгі формасы
Оқу жұмысын ұйымдастыру формаларының тарихы
Сабақты ұйымдастыру үдерісі
Интерактивті құралдармен сабақ өткізу әдістемесі
Жалпы білім беретін мектептерде географияны оқыту процесінде оқушылардың оқу қызметін ұйымдастыру формаларының ғылыми – педагогикалық негіздері
Математиканы оқыту методикасы
6-сыныпқа арналған «Өсімдіктану» пәні бойынша танымжорықтар өткізудің әдістемелік негіздері
Оқытуды ұйымдастырудың нысандары
Пәндер