Болон процесінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢБІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Тақырыбы: " Қазақстан Республикасының жоғары кәсіби білім беру жүйесі"

Пәні: Жоғары мектеп педагогикасы
Орындаған: Нуржакупова А.К
Екі шетел тілі МДЯ - 001

2020-2021 жж
Жоспар:
1.Жоғары мектеп педагогикасының дамуы. Қазақстанда жоғары мектеп педагогикасы мен жоғары оқу орындарының дамуы.
2.Болон процесі және қазіргі әлемдегі білім беру жүйелерінің интеграциясы
3. Қазақстанның Болон процесіне қосылуы
1.Болонья мен Парижде (ХІІ ғ.), Испания мен Португалияда (ХІІІғ.),
Прага мен Краковта (XIV ғ.) алғашқы университеттердің пайда болуымен
қатар жоғары мектептің педагогикалық идеялары дами бастады: дәріс
арқылы оқыту, оқу пікірталастары, тәжірибелік жұмыстар мен тәжірибелер,оқытудың догматикалық және сократтық стильдері және т.б. туралы.
Қайта өрлеу дәуірінде жаңа университеттер ашыла бастады, Витториноде Фельтренің гуманистік педагогика қағидалары туралы, Франсуа Рабленің жан-жақты білім беру, оқудағы схоластиканы жеңу, білім алушылардың дербестігі мен шығармашылығын дамыту туралы, Томас Мордың жаппай білім беру, оның өмірмен байланыстылығы, ғылымилығы, өз бетімен білім алу туралы идеялары қалыптасып дамыды.
Жоғары мектеп педагогикасының қалыптасуында Я.А. Коменскийдің Академия еңбегіндегі оқытудың қағидалары мен әдістері: студенттергеадамзатта бар білімді меңгерту, оларға ғылымның негізін үйрету;студенттерді оқытуға тек ғалымдар мен профессорларға рұқсат беру;Академияда барлығына қол жетімді кітапханалардың болуы туралы
идеялары маңызды роль атқарған.
Дж.Локктың дамыта оқыту, оқытуда жеке-дара тұрғыдан қарау, дербес ойлауды дамыту туралы идеялары, И.Гербарттың оқыту үрдісін басқару, адамгершілік тәрбие, тәрбиелей оқыту, тәрбиедегі талап қоюшылық пен қаталдық туралы идеялары, А.Дистервегтің мұғалімдерді даярлау туралы идеялары ерекше маңызға ие болды.
Ресейде М.В. Ломоносов университетте оқытылатын бірнеше пәннің
оқыту әдістемесін, студенттерді ғылымға қабілеттілігін дамытатын
оқулықтарды жасады.
XIX ғ. Ресейде университеттегі оқу мен ғылыми бастамаларының
тұтастығы туралы, ғылыми мен қолданбалының, білімнің тәжірибе
қажеттілігімен және ӛмірмен байланыстылығы туралы; педагогтың
шығармашылық ойлауының, студенттерді тәрбиелеу ісіне сүйіспеншіліктіңмаңыздылығы туралы; сабақ берудегі проблемалық тәсілді күшейтуқажеттілігі туралы К.Д. Ушинский, НА. Добролюбов, Д.И. Писарев, Н.Г.Чернышевский, Н.И. Пирогов, Д.И. Менделеев, К.А. Тимирязев және т.б.идеялары үлкен беделге ие болды.
1917 жылдан кейін және, әсіресе, Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінжоғары мектеп педагогика саласында Ресейде келесі беделді ғалымдар еңбек етті: Н.Н. Бурденко, В.И. Вернадский, БА. Греков, И.М. Губкин, Н.Е.Жуковский, НА. Зелинский, П. Капица, А.П. Карпинский, А.Н. Крылов, М.Н.Покровский, СА. Чаплыгин және т.б. Әдіснамалық-теориялық бағыттағыжұмыстар (А.М. Арсеньев, СИ. Архангельский, Б.С. Гершунский, МА.Данилов, СИ. Зиновьев), тәрбие мен оқыту теориясы мен тәжірибесін ашатынжұмыстар (ТА. Ильина, И.Я. Лернер, К.Г. Марквардт, М.И. Махмутов, Н.Д.Никандров, Л.И. Рувинский, ВА. Сластенин, Н.Ф. Талызина, Т.И. Шамоважәне т.б.), мұғалімдерді, оқытушыларды даярлау саласындағы зерттеулер(Ю.К. Бабанский, В.В. Краевский, Н.В. Кузьмина, АИ. Пискунов, АИ.Щербаков және т.б.) ерекше назарға ие. Осы жалпы педагогикалықжұмыстардың мазмұны мен қорытындылары жоғары мектеп педагогикалықидеяларының дамуына маңызды әсерін тигізді.
Сөйтіп, ғасырлар бойы дамып келе жатқан педагогикалық идеялар
жалпы және жоғары мектеп педагогикасының негізін қалады. Бірақ қоғам
дамуының өзгерісіне орай жоғары мектеп педагогикасы да ары қарай
зерттеуді және дамытуды қажет етеді.
Қазақстандағы жоғары мектеп тарихы 1917 жылы қазаннан кейінгі
бұрынғы КСРО жерінде болған өзгерістердің көрінісі.Тұрғындардың көпшілігіне ғылымның биік шыңына жетуіне жол ашылды,себебі оқудың барлық сатысында тегін білім алуға мүмкіндік болды. Бір ескеретіні, белгілі тарихи және экономикалық жағдайда кеңестік жоғары мектеп өзінің құрылысы жағынан классикалық жоғары білім беру жүйесінен
ерекшеленді.
Революцияға дейін жоғары білім тек жоғары таптың адамдарына ғанаьқол жетерлік еді. Санақ бойынша, 1880 жылы оқушылардың 85% Ресейдегі дворян, чиновник, купецтердің, құдай адамдары және --белгілі
шетелдіктердің‖ балалары құрады. Қалған негізгі 15 пайыз өндіріс адамдары,саудагерлер, кулактар, ірі үйлері бар адамдардың балалары болған. Егер, 1897 жылғы санақ бойынша Қазақстанның білім деңгейін Богданованың әдістемесі бойынша қарайтын болсақ, ғалым-демограф Н.В. Алексеенконың анықтауынша, 4147 тұрғындардың тек 438 ғана жоғары білімдері болған.
Осылайша жоғары оқу орындары Ресейдің үлкен қалаларында ғана
орналасты. Шекараның үлкен бөліктері солтүстікте, Шығыста, Оңтүстікте,
Ресейдің колониялы аймақтарында бір жоғары оқу орны болмады.
Қазақстанда да осындай жағдай болды. Оның шекарасында бір жоғары оқу
орны болған жоқ. Сондықтан, Ресей алдында бұрынғы колониялы
аймақтарының мәдениет пен экономикалық теңсіздігін жою мақсаты тұрды.
1917 жылы 15-ші қарашадан 22-қарашаға дейінгі уақытта Ташкент
қаласында Түркістанның өлкелік кеңес інің үшінші сьезі өтті, онда осы
ӛлкенің тарихында алғашқы жоғары оқу орнын ашу туралы қаулы
қабылданды. Бұл жобаны кең түрде қарастыру үшін 1918 жылы ақпан
айында Ташкентте жиналыс болып ӛтті. Бұл жиналысқа ғалымдар,
инженерлер, дәрігерлер, заңгерлер мұсылман қоғамы, мұғалімдер және басқа зиялы өкілдер қатысты.
Түркістанның халық университеті сол дәуірдің түсінігінде оқу орны
дәстүрлі емес типке жатты. Бұнда жоғары оқу орындарының
факультеттерімен бірге орта кәсіптік-техникалық мамандықтарды даярлау
үшін курстар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, оның құрамына бастауыш,жалы білім беретін және кәсіби мектептер кірді. Оқу кешенінің жанында балалар алаңы болды. Түркістан халық университетін ұйымдастырушылары өздерінің шешетін міндеттер ін және оның шектен тыс мүдделерді қамтитынын түсінді.
Түркістан халық университеті сол жылдары дәстүрлі емес оқу
орындары болды. Жоғары оқу орындарының факультеттер імен бірге онда
орта техникалық білікті мамандардар үшін курстар ұйымдастырылды.
Сонымен қатар оның құрамына жалпы, жалпы білім беретін және кәс іптік
мектептер кірді. Оқу кешенінің жанында балалар алаңы орналасқан.
Түркістан халық университетінің ұйымдастырушылары олар шешетін
міндеттер локальды мүдделердің шеңберінен алысқа шығатынын түсінді.
Орта Азия және Қазақстанның барлық жерінде халыққа білім беру үшін
нақты және ашық халыққа білім беру міндеті тұрды. Сол кезде белгілі
тәжірибесі бар, Ресейдің жоғары мектептерімен байланысты қажет ететін
жоғары мектептерге маңызды рөлді бөлінді.
1920 жылы 7 қыркүйекте В.И. Лениннің басшылығымен ХКО-ның
--Түркістан Мемлекеттік университетінің мекемелер і туралы‖ декретке қол қойды. Түркістан өлкесінде бұл бірінші жоғары оқу орны еді. Кейінірек Орта-Азиялық Мемлекеттік университеті (САГУ) деп қайта аталды. Орта Азия және Қазақстан жерінде жоғары мектепті құру, жер мәселесінің сұрақтарын күрделендіре түсірді. Орта Азия және Қазақстан
республикасында жоғары мектептің қалыптасуы, сондай-ақ этномәдениет
жағдайларының ерекшеліктерін анықтады. Ұлттық мемлекет құрылысы
тұрғындардың бір деңгейлі құрамы жағдайында өтті. Ғалым-демографтардың мәліметтері бойынша, этникалық келеңсіздік, ең алдымен, тұрғындардың миграциялық белсенділігі және республика тұрғындарының құрамы жағынан жинақталу ерекшеліктері қарастырылды. Сонымен бірге халықтың білім деңгейі де әртүрлі болды. Сӛйтіп, білім беру жүйесінің көп ұлттылыққұрылысының тәжірибесі болмады. Сондықтан, көптеген сұрақтармен бірге, жоғары оқу орнында тілді оқыту мәселесі тұрды. Бұл мәселе әлі күнге дейін назардан қалған жоқ.


2. Болон процесі дегеніміз - Еуропа елдерінің ортақ білім жүйесін құруды
мақсат етіп, Италияның Болонья қаласында Еуропаның 29 мемлекетінің білімминистрлері қол қойған декларация. Аталған құжат қол қойылған қаланың аталуына орай, Болон процесі атауына ие болған.
Жалпы Еуропа елдерінің білім беру жүйесін орталықтандыру мен
үйлестіру іс і 1970 жылдардан бастау алады. Сол кездің өзінде Еуропа ОдағыМинистрлер Кеңесі Білім саласы бойынша бірінші ынтымақтастық
бағдарламасы туралы қарар қабылдаған еді. Болон процесінің алдындағы
тағы бір саты ретінде Университеттердің Ұлы Партиясын (Болонья, 1988
жыл) және Сорбон декларациясын (Париж, 1998 жыл) атауға болады. 1999
жылы ортақ мақсатқа жетуді көздеп, арнайы декларацияға Еуропаның 29
мемлекеті қол қойды. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше
болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында
мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді.
Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық
нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, тандау еркіндігін және ӛзіндік білім жолын игерумен, біл ім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады. Болон процесінің басты мақсаттарының құрамында еуропалық мәдени құндылықтарды дамытудағы университеттердің негізгі басты орнын мойындау; жоғары білімді қоғам талаптарына сай бейімдеу қажеттігі; білім орталықтарына қол жеткізу мақсатындағы азаматтардың жұмылуы; түлектердің кәсібін айқындауда түсінуге жеңіл, салыстыруға боларлықтай дәрежелер мен мамандықтар қабылдау; әртүрлі мәдениеттерге, тілдерге, үлттық жүйелерге сый-құрметпен қарау; университеттік автономияны және академиялық еркіндіктерді дамыту; үздіксіз білім беру; Болон процесі мүшелерінің арасында сенім философиясын орнату жатады. Ресмизаңдық тұрғыда Болон процесі Батыс Еуропа мен Қазақстанда қалыптасқан кәсіби білім деңгейін біркелкі "бакалавр-магистр" формуласымен теңестіріп, қазақстандық жоғары білім құжаттарының Еуропада мойындалуына жол ашып, мүмкіндік береді.
Болон процесі (Болондық қайтақұрылулар) - жоғары білім
министрлерінің Декларациясына сәйкес, еуропалық жоғары білім жүйесін
жақындату процесін белгілеу үшін жиі пайдаланылып жүрген термин.
Болон процесін дамыту және құрылым жӛніндегі барлық сұрақтарға
шешім қабылдайтын жоғары орган, екі жылда бір жиналатын, қатысушы
елдердің министрлер мәжілісі болып табылады.
Министрлер мәжілістері арасында Болон процесінің басқарушы органы болып Болон жұмыс тобы (Bologna Follow-up Group) болып саналады, оның құрамына әр елдің 2-3 өкілі кіреді, әдетте біреуі тиісті министрліктен және біреуі елдің академиялық бірлестігінен. Болон жұмыс тобына сол мерзімде Еуроодақта төрағалық ететін елдің өкілі төрағалық етеді. Топ Болон процесі сұрақтарына қатысты халықаралық тақырыптық семинарлар кестесін бекіту, кезекті министрлер мәжіліс іне ақпарат жинақтау, мәжіліске енгізу алдында қатысушы елдердің баяндамаларын талқылаумен айналысады және т.б. Болон тобының мүшелерінен, келес і министрлер мәжілісі өткізілетін елдің, алдынғы жылы Еуроодақта төрағалық еткен елдің өкілдерінен бір жылға төрағалық ететін Кеңес (Board) сайланады, ол тӛраға және вице-төрағадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Болон процесіне енуі
Еуропада білім беру жүйесі
Болон процессі
Жоғары мектеп педагогикасының дамуы
Қазақстанның Болон процесіне қосылуы
Болон декларациясы контексі аумағында жоғары білімді реформалаудың негізгі құрылымдық элементтері
Болондық процесс туралы
Болон үдерісі аясында әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің әлемдік білім беру жүйесіне интеграциялануы
Қазақстандағы білім беру жүйесін модернизациялау бағыттары
Әл- Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіндегі білім беру жүйесін жетілдіру
Пәндер