Жараның қабыршақтанып жазылуы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Жара туралы түсінік және оның түрлері.

Оқу тобы: ВМ - 401
Орындаған: Әуелхан Аружан
Қабылдаған: Баймұрза Бекзат

Алматы - 2018ж.
Жоспары:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жараның белгілері
2.2. Жараның түрлері
2.3. Жара процесінің биологиясы
2.4. Жараның жазылуы
2.5. Жараның емі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Жара(Nulnus) - терінің кілегей қабының және терең жатқан ұлпалардың ашық механикалық жарақаттануы. Оның белгілері - ауырсыну, қабырғасының ажырауы, қанағыс және қызметінің бұзылуы. Терінің эпидермисінің жаралануын жырылу немесе тырналу деп атайды. Жараның жиегі, қабырғасы, түбі және қуысы болады. Жиегі тері немесе кілегей қабықтан, қабырғасы - борпылдақ дәнекер ұлпадан, шандырдан және бұлшықеттерден тұрады. Түбі бұлшық еттен немесе сіңірлерден тұрады. Анатомиялық табиғи қуысқа енген жараны қуысқа енген жара, ал жара дененің белгілі бір жерін тесіп өтіп, оның кірер және шығар тесігі болса оны тесіліп өткен жара дейді. Жара асқынып бүкіл денеге әсер еткен жағдайда жара ауруы дамиды.

ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жараның белгілері.
Жараға тән белгілер: ауырсыну, қан ағыс, қабырғасының ажырауы, қызметінің бұзылуы.
Ауырсыну организмінің табиғи қалыптасқан қажетті қасиетінің бірі. Ауырсынған жерін мал қорғанып, сақтанады, ауру процесінің ары қарай дамып, асқынуына кедергі болады. Әрине қатты және ұзаққа созылған ауырсыну зияндығын да тигізеді. Жарада ауырсыну алғашқы кезеңінде қатты білінеді, кейінірек басылыңқырайды, кейде солқылдап ауырсынады. Ауырсыну жараланған жердің жүйкеленуіне байланысты болады, неғұрлым жүйкесі көп жер жараланса соғұрлым ауырсынуы қатты сезіледі. Түлігіне қарай малдың сезімтал реакциясы әр түрлі болады. Ірі қара мал жылқыға қарағанда төзімді келеді, ал иттер, шошқалар, мысықтар өте сезімді болғандықтан, естен тануы да байқалады. Құстардың ауырсыну сезімі өте төмен. Ауырсыну организмге зиян әсерін де тигізеді. Ол қан - лимфа айналасында, жүрек қызметіне, тынысына, ішек - қарын қызметіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан қатты және ұзақ ауырсыну организмге өте қатерлі, мал естен танып, өліп кетуі мүмкін. Осыны ескеріп, алдын - ала шара қолданып, ауырсынудың әсерін төмендеткен жөн.
Жараның негізгі бір белгісі - қанағыс. Оның төмендегідей түрлерін бөлеміз: сыртқы және ішкі, жараланған тамырларына қарай артериалды, венозды, капиялларлы, аралас: уақытына қарай: алғашқы, қайталанған немесе қайта пайда болған қанағыс. Кейде аррозионды қан ағысты бөлек айтады. Мұнда қан тамыры қабырғасынан немесе бір мүшелердің сыртынан қан шым - шым пайда болып ағып тұрады.
Сыртқы қан ағыс жараланған сәтте пайда болып, айқын білінеді. Ішкі қанағыс сыртынан білінбейді, қан ұлпаларға, дененің табиғи қуыстарына жиналады, сондықтан оларды ұлпалардың немесе қан қуыс қан ағысы дейді. Алғашқы қан ағысы - жара пайда болған сәтте болады. Кейде қан бірнеше минуттан немесе сағаттан кейін пайда болуы мүмкін, оны кешігіп болған қан ағысы дейді.
Қайталанған қан ағыс. Алғашқы қан ағысын тоқтатқаннан кейін, ол қайталануы мүмкін. Оның себептері - алғашқы аққан қан жөнді тоқтатылмауында, пайда болған тромб қан ағысымен жұлынып кетуі; қосымша жарақаттануы; жараны таңған дәкені өрескеп сүйек сынықтары мен және басқа бөгде заттармен жарақаттану.
Септикалық қан ағыс. Организм сепсиске ұшыраған жағдайда кездеседі. Оған себеп - қан тамырларының дегенерацияға ұшырауы, организмде тромбокиназа қорытылуының азаюы.
Жара қабырғасының ажырауы. Бұл белгі тері астындағы бұлшық еттердің ұзынынан немесе көлденеңінен жаралануына байланысты болады. Ұзынынан жараланғанда жараның аузы көп ажырамайды, ал көлденеңінде - ажырауы жақсы байқалады. Аузы кең жараларды ластануы көбірек болады, сондықтан ұзаққа созылуы мүмкін. Мұндай жараларды емдегенде жартылай тігіп шеттерін жақындату керек. Аузы тар жағдайда анаэробты инфекцияның даму қаупі бар.
2.2. Жараның түрлері.
Жаралар 3 - ке бөлінеді: 1)Операциялық;
2)Кездейсоқ;
3)Соғыс жаралары;
Операциялық жаралар малға әртүрлі асептикалық операция жасағанда және абсцесс, флегмона т.с.с инфекциялық процесстерді тіліп өңдегенде пайда болады. Кездейсоқ және соғыс жаралары себептеріне қарай тағы да бөлінеді. Олардың түрлері - түйрелген, шабылған, тілінген, соғылған, жыртылған, жаншылған және уланған жаралар.
Түйрелген жаралар. Ол үшкір заттармен жарақатталғанда пайда болады. Бұл заттар денеге ұлпаларды ығыстырып, көп жарақаттамай енеді. Мұнда жараның аузы тар болып, кейде бітеліп тұрады, көп қан ақпайды, бірақ анаэробты инфекция дамуы мүмкін, терең жатқан ірі қан тамырлар жараланып гематома пайда болуы да ықтимал.
Тілінген жара. Өткір заттармен жараланғанда болады. Мұнда жараның аузы ашылып тұрады, қан ағысы жақсы, тілініп пайда болғандықтан жиектері түзу, жара айналасындағы ұлпалар көп жарақатталмаған. Бұл жаралар көбінесе асқынбай уақытында жазылады.
Шабылған жара. Себептері - балта, қылыш т.б заттардың әсерінен пайда болады. Тілінген жараға қарағанда қан аз ағады, ұлпалар көбірек жарақаттанады, тереңдігі сүйекке дейін жетіп, кейде дененің шабылған бөлшегі салбырап тұрады.
Соғылған жара. Бұл жұмыр заттардың әсерінен пайда болады. Мұнда жараның пайда болуымен бірге оның айналасындағы тері мен ұлпалар зақымдалады, сүйек сынуы да мүмкін. Жарадан қан көп ақпайды, жиектері тегіс емес, көбінесе мұнда тері және шел жараланғандықтан жара өте терең болмай қабырғасының ажырауы шектеулі болады.
Жыртылған жара. Бұл кезде тері және оның астындағы ұлпалар созылып жыртылады, жұлынады, сондықтан бұл жаралардың пішіні, тереңдігі бір емес, кейде жыртылған терісі салбырап тұрады, қан көп ақпайды.
Тістелген жара. Малдардың тістерінен пайда болуы, мұнда ұлпалардың соғылуы, жаншылуы, жыртылуы да кездеседі. Тіспен жараға микробтар да енеді, басқа жараларға қарағанда жазылуы ұзаққа созылады және бұл жараларда құтыру вирусынан қауіп бар.
Жаншылған жара. Бұл жара өте ауыр жарақатта, мысалы, мал ауыр машинаның, трактор немесе құрылыс бетон қабырғаларының асытнда қалғанда пайда болады. Бұл кезде жара көлемді, еттері мыжылып жаншылған, шеттері жыртылып, қан ақпайды, айналасы қанталап тұрады. Жараланған жерде инфекция даму қаупі бар, ұсақ мал болмаса ірі малды емдеудің нәтижесі болмайды.
2.3. Жара процесінің биологиясы.
Пайда болғаннан бастап жарада жазылу процесі басталады. Жараның айналасындағы әр түрлі патологиялық өзгерістер пайда болады. Олар сол жердегі қан айналасының, жүйке қызметінің өзгерістері, осыған байланысты биохимия және биофизикалық өзгерістердің әсерімен жара бірте - бірте өлі еттерден тазарып, қуысы ұлпаларға толып жазылады. Осы жараның басынан аяғына дейін болатын процессті жазылу процесінің биологиясы деп атайды. Бұл процесстің белгілері жараның екіншілік жетілуімен жазылғанда айқын байқалады да, ал жара бірінші жетілуімен немесе қабыршақтанып жазылғанда сыртқа белгісіз өтеді.
Жарадағы биофизика - химиялық өзгерістеріне қарай И.Т.Руфанов жара процесін 2 кезеңге бөлді: 1. Гидратация кезеңі немесе жараның биологиялық өздігінен тазаруы; 2. Дегидратация кезеңі немесе регенеративтік қалпына келу кезеңі.
Гидратация. Бұл кезең жарада болатын морфо - функционалдық, биофизика - химиялық, иммуно - биологиялық процесстермен өтеді. Басты өзгерістер қан тамырларының зақымдануларынан басталады, капиллярлардың қабы созылып, қанның белок бөліктері ұлпаның сыртына сүзіліп шығады, тотығу - қалпына келу процесстері нашарлайды. Осы жердегі патологиялық процесстердің үдеуіне жүйке жүйесінің қалыпты қызметінің өзгеруіне байланысты. Осылардың әсерінен жараның оттегімен қоректенуі төмендейді. Жарадағы гистологиялық процесстер физиологиялық белсенді заттардың жиналуына әсер етеді. Осымен қатар ұлпа сұйығында жараланған торшалардан шыққан К йоны көбейді. Ол жараның ауырсынуын өршелендіріп, капилляр қабырғаларының және торша мембраналарының өткізу қабілетін жоғарылатады. Осы жағдай жараға сұйық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды пішу және оның жарақаттанудың алдын алудағы маңызы. Сиырдың жарақаттануы және оның алдын алу
«Қойдың жабық жарақатын емдеуге арналған ауру тарихы»
Жараның секвестрациялық тазаруы
Псориаз созылмалы қайталанбалы ауру
БЕТ КҮЙІКТЕРІ. Термиялық жарақаттар патогенезі
Тері лейшманиозы
Ветеринариялық хирургия
Қан жүйесіне сипаттама
Қан ұюы
Іріңді сепсистік аурулар. Жаңа туылған нәрестенің ОНЖ зақымдануы
Пәндер