Басқару ұғымы, қоғамдағы басқару салалары


ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тақырып №1 : "Қоғам өмірінде басқарудың атқаратын рөлі"
Пәні: Басқару психологиясы
Орындаған: Нуржакупова А. К
Екі шетел тілі МДЯ - 001
2020-2021 жж
Жоспар:
I. Кіріспе
1. Басқару ұғымы, қоғамдағы басқару салалары.
II. Негізгі бөлім.
2. Қоғамдағы басқарудың мазмұны, заңдары мен принциптері
III. Қорытынды.
1. Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз - қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғатты, тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф. Энгельс еңбек құралдарын басқаруға “заттарды басқару” деген анықтама берген;
- тірі организмдердегі (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;
- қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері.
“Техникалық жүйелерді басқару дегеніміз” - адамның көрінеу қатысуынсыз өлі табиғаттағы (станоктармен механизмдермен) басқару. Бұл жүйелермен техникалық ғылымдар айналысады.
“Биологиялық жүйелерді басқару” - тірі табиғаттағы, биологиялық дүниедегі басқару. Ол басқару процесіне философиялық сипат береді. Басқарудың бұл саласы - жаратылыстану ғылымы зерттейтін тақырып.
“Әлеуметтік (қоғамдық) жүйелерді басқару” дегеніміз - шын мәнінде келгенде, адамдарды басқару. Қоғамның ең басты “өндіргіш күші” ретінде адамдар табиғат пен қоғам заңдарын танып, оларды материалдық игіліктерді өндіру мен тұтыну процесінде пайдаланады. . Зерттеу объектілері - әлеуметтік - экономикалықжүйелер, алпәні- өндірісті басқару жүйесі болады. Француз экономисі, “саяси экономия” деген терминнің авторы Антуан Монкретьеннің (шамамен 1575 - 1621) өзі де елдің шаруашылығын ең алдымен мемлекеттік басқару объектісі деп ойлаған болатын. Басқарудың бұл жағы - әлеуметтік (қоғамдық) ғылымдар зерттейтін тақырып. Басты ерекшелігі басқарудың нысаналылығында, санаы көзқараста болып саналады.
Бұл жүйе: саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік (әлеуметтік қатынастар) басқару болып бөлінеді - олар қоғам өмрінің тиісті салаларын көрсетеді.
Қоғам өмірінің осы салаларын негізге алғанда, әлеуметтік басқару үш түрге: экономикалық басқару әлеуметтік басқару, қоғам өмірінің рухани саласын басқару, түрлеріне бөлінеді. Әлеуметтік экономикалық - процестердің өздері тұрақты және үздіксіз болғандықтан экономиканы басқару үздіксіз сипат алады.
Бұл жүйелердің факторлары : еңбек бөлінісі, мамандандыру, кооперация, қоғам өмірінің үздіксіздігі, нысаналылық.
Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.
2. Кез - келген қоғамда әлеуметтік басқару жүйесі құрылады. Әлеуметтік басқару ұғымы нені білдіреді? Оның анықтамсы қандай? Жалпы басқару дегеніміз не? Бұл жөнінде ғылыми әдебиеттерде көптеген ғылыми әдебиеттер берілген. Жүйеге келтіріп қарасақ, бұл анықтмалардың мәні - басқару бір жүйенің екінші бір жүйеге мақсатты түрде бағытталған ықпалы, сөйтіп, ол мақсат пен қызметтің белгілерін қанағаттандыру үшін екінші жүйенің бағытын өзгртеді.
Қоғамды басқарудың мазмұны, мақсаты мен мүмкіндіктері ең алдымен қоғамдық құрылысқа байланысты болып келеді. Қоғамды басқару дегеніміз - қоғамды реттеу, тәртіптеу, жетілдіру мен дамыту мақсатында қоғамға жасалған ықпал.
“Әлеуметтік басқару” ұғымы мазмұны жағынан көп жақты болып келеді. Әлеуметтік басқару теориясын кең мағынада алып қарасақ, онда ол өзінің пәніне қоғамдық өмірдің барлық салаларын: экономикалық, мәдени білім беру және т. б. басқару мәселесін сыйғызған. Қоғам өмірінің негізгі салаларына сәйкес әлеуметтік басқару объектілерін сұрыптауды үлкен төрт топқа бөлуге болады:
- материалдық - өндірістік дамытуды басқару;
- әлеуметтік процестерді басқару;
- саяси саланы басқару;
- қоғамның рухани өмірін басқару;
Сонымен қатар, әлеуметтану шеңберінде әлеуметтік басқарудың
жеке теориясы даму үстінде. Ол әлеуметтік басқарудың жалпы теориясының принциптерінен шыққанымен, оны әлеумттік басқарудың жалпы теориясының қолданбалы жағы деп қарауға болмайды, өйткені ол - әлеуметтанудың өз алдына тұрған жеке бір саласы.
Әлеумттік басқару қоғамдық қатынастар мен әлеуметтік процестерді саналы түрде (бағдарламалы), ғылыми тұрғыда реттеу болып табылады. Басқару екі деңгейде жүзеге асады. Оның біріншісі қоғамдық - тарихи процестерді басқаруды қамтамасыз етеді, жалпы әлеуметтік заңдылықтарды көрсетеді және өзі мемлекеттің әлеуметтік саясатынан көрініп тұрады. Ал екінші деңгейі - әлеуметтік процестерге басшылық ету: жұрттың көшіп - қонуына, кәсіптік құрылымына өзгерістер енгізу мен кадрлардың тұрақсыздығын реттеу, оны жою, еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік - психологиялық ахуалды оңалтужәне т. б., яғни нақты әлеуметтік процестерге басшылық жасйды. Басқарудың екінші деңгейіндегі проблемалар әлеуметтік процестрдің жекелген тенденцияларын көрсетеді және көп жағдайда бұл проблемалар кәсіпорындардың күші арқылы шешіледі. Осыған орай екінші деңгей “кәсіпорындардағы әлеуметтік басқару” деген атқа ие болды және әлеуметтануда өз алдына басқарудың жеке бағыты ретінде қалыптасты.
Басқару әлеуметтануы - жалпы әлеумттану ғылымының қоғам мен ұйымдарда орын алған әләуметтік құрылымдар мен процестерге мақсатты түрде ықпал жасайтын формалар мен әдістерді, заңдылықтары зерттейтін саласы. Басқару әлеуметтануының басты назар аударатыны - экономикалық және ғылыми - техникалық саясаттың әлеуметтік проблемаларды басқару щещімдерін дайындауы, оны қабылдауы, іске асыруы, өзін - өзі басқаруы, басшылар мен қол астындағы адамдардың қатынастары, басқарудағы ақпараттың рөлі мен орны туралы мәселелер, т. б. Басқару әлеуметтануы ғылыми пән ретінде әлеуметтану ғылымының, атап айтқанда, ұйымдар әлеуметтануы, еңбек әлеуметтануы, саясат әлеуметтануы, экономикалық әлеуметтану, әлеуметтік жоспарлау секілді тараулармен өзара ұштасып, қиысқан. Өйткені ол тарауларда да басқарудың проблематикалары қарастырылады.
Сонымен, басқару әлеуметтануы әлеуметтану ғылымының бірден бір жетекші саласы болып саналады, оның мәні - қоғамды, еңбек ұйымдарын басқару барысында болатын заңдылықтар мен тенденцияларды зерттеу. Өйткені басқарудың көмегінсіз еңбекті, материалдық және рухани өндірісті, бөлу мен тұтынуды, тәртіпті, еңбек бөлінісін ұйымдастыруды, адамның ұжымдағы орны мен атқаратын міндеттерін анықтауды іске асыру мүмкін емес.
Басқарудың мәні - кез - келген объектінің жақсы әрі максималды жұмысын қамтамасыз ету, оған жұмыс істеу қабілетін толық жұмылдыра алатындай дәрежеде жағдай жасау.
Басқарудың мазмұны, формасы, мақсаты мен принциптері - қоғамдағы үстемдік етуші экономикалық қатынастарға, саяси әлеуметтік құрылыстың сипатына байланысты. Осыған орай әлеуметтанушылар қоғамдағы басқару механизмінің екі типі - стихиялы және саналық типтері қалыптасуда деген пікір айтады.
Стихиялық механизм - автоматты түрде ықпал ету адамдарды басқару жүйесіне араласпауды талап ететін, көп жағдайда қарама - қарсы күштердің қосылуынан, кездейсоқ туындайтын біртекті актілерден тұрады. Стихиялы басқару оған қатысушылардың еркі мен санасынан тыс әлеуметтік іс - әрекет ету үстінде, адамдардың жеке өз басының мүддесіне жету жолында басқалардың мүддесімен санаспауы, кейде тіптен оларды мойындамауы, жоққа шығаруы арқылы жүзеге асады. Сөйтіп бұл әлеуметтік өзара байланыстардың кері байланысынсыз қалыптасады және адамдардың атқаратын қызметі оған қажетті түзетулер енгізбейді. Солай десек те, қоғамды стихиялы басқару кіршіксіз таза жүйе деуге болмайды. К. Маркстің пайымдауынша, капиталистік кәсіпорын көлемінде басқару ісі әр кезде жоспарлы болды және басқару осы капиталистің тұтас алғандағы мүддесіне бағындырылды, яғни басқару саналы түрде жүрді. Ал капиталистік экономиканы алатын болсақ, онда тұрақты және сенімді кері байланыстардың болмауынан экономика тұтас жоспарлар арқылы тұтастай қамтылмайды; сөтіп бұл жағдай өндіріс анархиясына әкеліп соқтырады. Сондықта капиталистік экономиканы басқарудың стихиялы болуы табиғи қажеттілік деп қарастырылады. Әрине, К. Маркстің бұл пікірі XIX ғасырдың орта тұсында айтылған еді, содан бері капиталистік экономика, оны басқару әлдеқайда жетілдірілді. Мемлекеттік аграрлық шаруашылық пен фермерлік шаруашылықтың арасында жасалған жоспар осыған мысал бола алады. Мемлекет оны реттеп басқарып отыр. Ал ТМД елдерінде объективтік және субъективтік себептерге байланыстыэкономиканы басқаруда анархияның бірқатар белгілері бой көрсетуде.
Саналы басқару жоспарланған, тұрақты және сенімді байланыстардың негізінде қалыптасады. Саналы басқаруда адамдар өз қызметінің нәтижесі жөнінде жиі әрі анық мағлұматтар алады, оның қайсысын түзету немесе жақсарту керектігін біледі, сөйтіп жаңа нәтижелер арқылы әлем халықтарының нақты жағдайын барынша ескеруге мүмкіндік туады, соған орай шаралар қолданылады. Мұндай жағдайда кездейсоқтық адамдарға өзі жіберген қолайсыздықтарды жоюға жағдай жасайды, келеңсіз ықпал етпейді және оқиғалардың барысына соншалықты әсер ете қоймайды.
Сайып келгенде, саналы механизм жүйеге өзіндік қоғамдық институттардың - басқару субъектілерінің көмегімен мақсатты түрде ықпал жасайды.
Қоғамды басқарудың субъектісін тар мағынада қарнастыратын болсақ, ол - белгілі нәтижелерге жету мақсатында әлеуметтік жүйеге саналы түрде ықпал етуді қамтамасыз ететін арнайы мемлекеттік жіне қоғамдық органдар, қызметтер.
Әлеуметтік басқарудың объектісін кең мағынада алсақ, ол - халықтың өмір деңгейін арттыру; қоғамда әлеуметтік әділеттілікті бекіту; мәдени деңгейді көтеру; адамдардың еңбек жағдайларын жақсарту т. б. болып есептелінеді.
Әлеуметтануда басқару процесі барысында қалыптасатын қатынастар субъектінің басқару объектісіне тиімді ықпал етуін қамтамасыз ететін, басқарушы мен басқарылушы жүйелер арасындағы қатынастар ретінде қарастырылады. Бұл қатынастар әлеуметтік реттеуші рөлін де қоса атқарып, ол қатынастар ерекше қызметтерін жүжеге асыру процесінде, яғни басқару қызметінде пайда болады.
Көптеген мамандар атқарылатын қызметтерді басқару процесінің сатысы (кезеңі, фазасы) ретінде қарастырылады. Көптеген шығармаларда сәл өзгерістер арқылы қызметтің жалпы немесе негізгі модельдері атап айтқанда, жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру, реттеу, есеп пен бақылау, мәдени - тәрбиелілік сипаттар қайталанып берілген. Бұлар тек өзара байланысқан жағдайда ғана басқару процесін құрайды.
Егер біз әлеуметтік басқарудың функциясын кең мағынада алып қарастыратын болсақ, онда әлеуметтік басқару функциясының классификасына тоқталуымыз қажет. Мұндай классификациялау қоғам өмірінің негізгі салалары - саяси, экономикалық, рухани, әлеуметтік салалар дан туындайды.
Басқару процесі бірнеше кезеңнен тұрады және әр кезең өзіне сәйкес операцияларды жүзеге асырады. Проблемаларды қою мен алдағы мақсатты анықтау кез - келген басқару цикілінің басқару кезеңіне жатады. Басқару шешімін іздестіру қажеттілігінің өзі басқару субъектісін қанағаттандырмайтын белгілі бір проблемалық жағдайдың пайда болуынан туындайды. Мұндай жағдайда ең алдымен кезек күттірмейтін проблеманы анықтаудың маңызы ерекше. Өткені қарама - қайшылық одан әрі тереңдеп, проблеманы шешу бұрынғыдан бетер күрделене түседі. Мәселен, 70 - 80 жылдары КСРО - дағы дағдарысқа ұшырау жағдайының неден болғандығының басты себептері дер кезінде және толық көлемде бағаланбады, оған өзгеріс енгізудің қажеттілігі ескерілмеді, қоғамдағы тоқыраушылық құбылыстарының етек алу қаупі күшейгенімен, оларды жою үшін нақты бағыт ұсталмады, оған баға берілмеді, сөйтіп тоқырау үрдісі басталды.
Проблеманы анықтау алдағы мақсатты белгілеуге мүмкіндік береді, ал оны жүзеге асыру қалыптасқан қолайсз жағдайды түзетуге жол ашады. Мақсатқа жету көптеген жағдайларға байланысты болады, оларды анықтап алмайыншабасқару субъектісі дәлелді шешім қабылдай алмайды. Бұл жағдайларды зерттеу міндеті басқару циклінің екінші сатысында - ақпарат жинау мен талдау кезеңінде шешіледі.
Ақпарат сенімді, объективті, толық және дер кезінде алынған ақпарат болуы шарт. Осыған орай басқару жүйесін ақпарттарға талдау жасайтын және өңдейтін қазіргі таңдағы техникалық құралдармен қамтамасыз етудің маңыздылығы артып отыр
Алынған әлеуметтік ақпарат басқару үшін шешімге келу мен оны қабылдаудың бастапқы базасы болып табылады.
Басқарушы шешімі төмендегідей сұрақтарға жауап беру тиіс:
- белгіленген мақсаттарға жету үшін қандай мінеттерді шешу қажет?
- оларды қандай әдістермен, айлалармен, тәсілдердің көмегімен шешуге болады?
- қойылған міндеттерді кім жүзеге асырады?
- оларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін қандай материалдық техникалық жағдайлар қажет?
- жалпы міндеттерді орындаудың және әрбір нақты тапсырманы орындаудың мерзімі қандай?
- қойылған міндеттердің орындалу барысына кім бақылау жасайды?
Басшылық шешімі басқару бағдарламасын қолдану кезеңінде қабылданып, жүзеге асады. Бұл кезеңде басқару субъектісібасқару объектісін ұйымдастырудыжүзеге асырады, алдыңғысы соңғысымен тікелей және кері байланыс орнатады, атқарушыларды іріктейді, олардың атқаратын міндеттерін бөледі, яғни бағдарламаны орындау үшін әлеуметтік механизмді жасайды. Бұл ретте реттеудің, есеп пен бақылаудың әр түрлі формаларды қолданылады. Бұл күрделі процес бір - біріне қарама - қарсы екі тенденцияның: ұйымдастыру тенденциясы мен дезорганизация тенденциясының әрекет ету жағдайында жүреді.
Басқару бағдарламасын жүзеге асыру оны қорытындылау, нәтижелерін талдау арқылы жүргізіледі және оларға баға беру кезеңінде тәмамдалады. Сонымен, басқару қызметі процес ретінде бірнеше кезеңнен тұрады:
а) проблемаларды алға қою және мақсаттарды анықтау;
б) басқару объектісі жөнінде ақпарат жинау және зерттеу;
в) басқару шешімін жасау және қабылдау;
г) басқару бағдарламасын жүзеге асыру (ұйымдастыру, реттеу, есепке алу, бақылау) ;
д) нәтижесін талдау және оларға интерпретация (түсінік беру) жасау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz