Арамшөптердің аттары


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ
Агробиология факультеті
“Агрономия”кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: «Арамшөптер, маманданған және ластаушы арамшөптер туралы түсінік»
Группа: АГ-303
Орындаған: Курмангожаев М.
Қабылдаған: Барлыкова Н.
Алматы 2020
Жоспар:
I. Кіріспе;
II. Негізгі бөлім:
2. 1. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері;
2. 2. Арамшөптерді агробиологиялық топтарға жіктеу;
2. 3. Арамшөптермен күресудің химиялық әдісі ;
2. 4. Арамшөптермен биологиялық әдіспен күрес.
III. Қорытынды
Қолданылған әдебиет
Кіріспе
Егістік жердерде өніп-өсіп, ауыл шаруашылығына зиян келтіретін өсімдіктерді арамшөптер деп атайды. Олар тек егіс алқабында ғана емес, сонымен қатар жайылымдықтар мен шабындықтарда, орман алқаптарында да кездеседі. Егер негізгі ауылшаруашылығы дақылдары егісінде басқа мәдени өсімдіктер кездессе, оларды арамшөп қоспасы дейді. Мысалы, бидай егісінде арпа, сұлы, не болмаса басқа мәдени өсімдіктер өссе олар арамшөп қоспасы болып есептеледі.
Кейбір арамшөптердің мәдени дақылдарға бейімділігі соншалық олардың даму кезеңдері, тұқымдарының көлемдері бірдей болып келеді. Сондықтан, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын осындай арамшөптерден тазалау қиынға түседі. Мысалға сұлы егісіндегі қарасұлы, тары егісіндегі итқонақ арамшөп тұқымдарын келтіруге болады. Мұндай арамшөптерді маманданған, немесе айырылмас серіктес арамшөптер деп атайды.
Кейінгі кезде кеңшарлар мен ұжымшарлардың таратылып, олардың орындарына пайда болған ұсақ шаруашылықтарда агротехникалық шаралардың орындалмауына, ауыспалы егістіктердің жойылыуына, гербицидтердің шамалы қолданылуына, жердің дұрыс және дер кезінде өңделмеуіне байланысты ауылшаруашылық дақылдарының егістерінде арамшөптер етек алып жайылып кетті. Әсіресе, республиканың астықты солтүсітік өңірде қарасұлы және атпатамырлы арамшөптер қайтадан қаулап өсе бастады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймағындағы жағдай дәл осындай. Мәдени егіншіліктің ең басты көрсеткіші танаптың арамшөптерден тазалығы, кері жағдайда олар ауыл шаруашылығына орасан зиян келтіреді.
Негізгі бөлім
Көптеген арамшөптердің тамыр жүйелері өте күшті дамыған. С. А. Воробьевтің деректері бойынша қарасұлының тамыры 2, 0 метр, ал егістік калуендікі бірінші жылы 3, 5 метр, екінші жылы 5, 75 метр, үшінші жылы 7, 2 метр тереңдікке дейін өседі. Сондықтан, олар тіпті топырақтың терең қабатында жатқан ылғалды, коректік заттарды жақсы пайдаланылады.
Тамыр жүйелернің күшті дамуына байланысты арамшөптер мәдени өсімдіктерге қарағанда ылғалды әлдеқайда көп жұмсайды. Бұған арамшөптер мен ауылшаруашылық дақылдарының транспирациялық коэффиценттерін салыстыру арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы, бидай 1 грамм құрғақ зат құруы үшін 400 грамм, тары 250 грамм ылғал жұмсаса, ал осы астық тұқымдастарына жататын қарасұлыға 600 грамм ылғал керек, яғни ол ылғалды бидайға қарағанда 1, 5 есе, ал тарымен салыстырғанда 2, 1 есе көп жұмсайды. Академик А. И. Мальцевтің деректері бойынша жылдық жауын-шашын қорының 20 пайызынан астамы арамшөптердің өніп-өсуіне жұмсалады. Мұның өзі жауын-шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін өте зиян. Міне, сондықтанда арамшөптермен күрес - ылғал үшін күрес.
Арамшөптер өсіп-дамуына тек ылғалды емес, сонымен бірге қоректік заттарды ауылшаруашылық дақылдарына қарағанда жылма-жыл топырақтан әлдеқайда көп әкетеді. Соның салдарынан топырақтың құнарлылығы төмендейді. Мысалы, егістік калуен арамшөбі 36 центнер көк балауса түзу үшін әр гектардан 14 кг азот, 30 кг фосфор және 120 кг клий сіңіріп алады. Осы жұмсалған коректік заттар әрбір гектар жерден 31, 8 центнер күздік бидай, немесе 250 центнер қант қызылшасын өндіріуге жетер еді.
Арамшөптер топырақтың коректік заттарын ғана емес, сонымен бірге танапқа берілген минералдық тыңайтқыштардың 25-30 пайызын пайдаланады.
Ауылшаруашылық дақылдары мен арамшөптердің арасында жарық үшін де күрес жүреді. Биік бойлап өсетін арамшөптер мәдени өсімдіктерді көлеңкелеп, фотосинтез процесін баяулатады, осының салдарынан өсімдіктердің көмір қышқыл газын сіңіруі нашарлайды және оларда органикалық заттардың түзіліуі төмендейді, яғни алынатын өнім азаяды. Биік өскен арамшөптер топырақтың беткі қабатын көлеңкелеп оның температурасын 2-4 0 С-қа төмендетеді, сондықтан себілген тұқым көпке дейін өнбей топырақта жатып шіриді, немесе әртүрлі ауруларға шалдығуы мүмкін және кешігіп шыққан егін дәл уақытында пісіп жетілмей күзгі суыққа ұрынады. Бұл әсіресе жазы қысқа, күзі ерте түсетін Қазақстанның солтүстік облыстары үшін өте қауыпты жағдай.
Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының зиянды организмдерін тарататын мекені болып табылады. Мысалы, қант қызылшасының қауіпті зиянкесі қант қызылшасы бізтұмсығының мекені алабота болса, ал егістік шырмауықта шалғындық көбелек дамып, ол кейіннен мәдени өсімдіктерге зиян келтіреді.
Кейбір арамшөптердің жемістері, тұқымдары улы болып, адамдарды және малдарды уландырады, ал жекелеген арамшөптердің жағымсыз иісі малдардан алынатын өнімдерді бүлдіреді. Мысалы, ермен, жуа сүтке ащы, кермек дәм береді. Жусан жапырақтары ойран шөп тозаңдары адамдарда пішен қыздырмасын қоздырады.
Арамшөптер және олардың тамырлары топырақ өңдегенде ауылшаруашылық машиналары мен құралдарының кедергісін 30 пайызға дейін арттырады. Осының нәтижесінде де еңбек өнімділігі төмендейді, жанар-жағар майдың шығыны көбейеді. Мысалы, арамшөбі басым 1 гектар жерді өңдеуге 29, 6 литр жанармай жұмсалса, ал олар аз жерде бұл көрсеткіш 17 литрге тең.
Паразитті арамшөптер мәдени өсімдіктердің бойындағы шырынын сорып, олардың өніп-өсуіне кедергі жасайды, тіпті опат болуына әкеп соқтырады. Мысалы, күнбағыс сұңғыласы, арамшырмауық көкөніс дақылдарын, темекіні, картопты осындай жағдайға душар етеді.
Арамшөптер тамырынан бөлініп шығатын улы заттар мәдени дақылдардың дамуына кедергі жасайды. Мысалы, итқонақ арамшөбінің тамырынан бөлініп шығатын улы зат жүгерінің биіктігін кемітесе, ал татар ақсүттігені тамырынан бөлінетін зат жазғы бидай тұқымының өнгіштігін кемітеді. Ошаған, қарасұлы сияқты арамшөптер тікенектер, қылқандары, ілгіштері арқылы малдарға зақым келтіріп, олардан алынатын өнімдердің, әсіресе жүннің сапасын төмендетеді.
Арамшөптер басым болған алқапты бірнеше рет өңдеуге тура келеді, ол топырақтан үгітілуіне және ылғалдың жоғалуына әкеліп соғады. Жел эрозиясы қауіпі бар және жауын-шашын мөлшері аз Қазақстан Республикасы үшін бұл өте зиян.
Арамшөптер ауылшаруашылық дақылдарының өнімін күрт төмендетеді. Орыс агрономиясының классигі А. П. Костычевтың айтуынша арамшөптер алынатын өнімнің тең жартысын, қала берсе 30 пайызын төмендетеді екен. П. П. Колмаковтың деректері бойынша республиканың астықты Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында әр жылы орта есеппен тек қарасұлының кесірінен 170 млн. пұттан астам астық кем жиналады екен. Л. Т. Шалдаевтың мәлметі бойынша Солтүстік Қазақстан облысының шаруашылықтарында арамшөптер жаздық бидай өнімін әр гектардан орта есеппен 3, 8 центнерге кемітеді.
Арамшөптердің ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін тигізетін зиянын анықтау үшін республиканың үш аймағында арнайы тәжірибе жүргізіліп төмендегідей нәтиже алынды.
Кесте 1. Ауылшаруашылық дақылдарының түсіміне арамшөптердің тигізетін кері әсері:
8
60
190
14, 0
5, 5
2, 9
-
-
-
0
4
9
20, 0
12, 0
5, 8
-
-
-
5
45
90
-
-
-
17
8
Арамшөптер ауыл шаруашылығы дақылдарының түсімін 79, 3 пайызға (жаздық бидай), ал мақта түсімін 8, 5 есеге дейін төмендетеді. Келтірілген деректерден, тары бидай мен мақтаға қарағанда арамшөптерден көбірек зиян шегетінін байқауға болады. Бұдан басқа арамшөптерден көкөніс дақылдары көп зиян шегеді. Мысалы, А. В. Бешанов пен И. И. Әбілғазиевтің зерттеулері бойынша бір шаршы метр жерде 60-75 дана алабота болса, онда сәбіздің түсімі 80-100 пайызға дейін төмендейді.
Арамшөптерден, зиянкестер мен аурулардан тек жекеленген шаруашылықтар, мемлекеттер емес, сонымен қатар дүние жүзінің ауыл шаруашылығы көптеген зардап шегетініне 2-ші кестеде келтірілген материалдар дәлел бола алады.
Кесте 2. Арамшөптерден, зиянды жәндіктерден және әр түрлі өсімдік ауруларынан ауылшаруашылық дақылдарының өнімінің төмендеуі:
Осы 2-ші кестеде клтірілген деректер дүние жүзіндегі астықтың потенциалдық өнімінің 35 пайызы арамшөптерден, зиянды жәндіктер мен әртүрлі аурулардан жоғалады екен, ал оның ішінде тек арамшөптерден 9, 5 пайыз өнім кеміп, оның құны 20, 4 млрд. долларға жетеді С. А. Котың айтуынша бұл жоғалған өнім 100 млн. халқы бар мемлекетті бір жыл асырауға жетер еді. Арамшөптер тек ғана ауылшаруашылық дақылдарының өнімін азайтып қоймайды, сонымен қатар олардың сапасын төмендетеді. Атап айтқанда, бидай дәніндегі ақуыз, майлы дақылдар дәніндегі майдың мөлшері, талшықты өсімдіктердің талшығының сапасы нашарлайды.
2. 1. Арамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Арамшөптерге қарсы қаншама күрес шараларын қолдансақта, оларды толық жоя алмаймыз, оның себебі кейбір арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінде екен. Арамшөптердің басты биологиялық ерекшелігі - зор тұқым өнімділігі. Мысалы, кәдімгі гүлтәжінің бір өсімдігі 500 мың дана ұрық, алабота-12 мың, ал қарсұлы 600 дана тұқым береді, яғни арамшөптер дәнді дақылдармен салыстырғанда 5 тен 37 есеге дейін өсімтал келеді.
Кесте 3. Кейбір арамшөптердің тұқымдық өсімталдығы: (А. Н. Киселевтің деректері бойынша)
Көптеген арамшөп тұқымдарының әр түрлі икемділігі арқасында олар кеңістікке түрлі жолдар арқылы (жел, су, құстар, малдар, жолкөлігі және басқа) жеңіл және тез тарайды. Мысалы, күрделі гүлдер тұқымдастырна жататын арамшөптер (егістік калуен, бақ-бақ) ұшпа ұрықтары, кәдімгі кәріқыз бен тікенді сарысояу тіркестері мен ілгіштері арқылы таралады.
Т. Клингман мен Ф. Эштонның қабарлауы бойынша егістік шырмауықтың тұқымы ішек жолынан өткеннен кейін бұзауларда 22, 3 пайыз, жылқыларда-6, 2 пайыз, қойларда-9, 0 пайыз, шошқаларда-21, 0 пайыз, балапандарда-0, 0 пайызға дейін тіршілік қабілетін сақтайды екен. Мұндай арамшөп тұқымдары малдың жас қиы арқылы таралуы мүмкін. Сондықтан, жас қиды органикалық тыңайтқыш ретінде қолдануға болмайды. Ал қарсұлының бұратылған иінді қылтанағы топырақ дымқылданғанда жазылады да, құрағанда бұралып шиырылады. Бұл дәншіктің орын ауыстыруына, тұқымның жарықшақтарға, топырақ түйіршігінің астына түсуіне мүмкіндік береді.
Арамшөптердің өте бір ерекшелігі - олардың тұқымдарының бір мезгілде және біркелкі көктеп шықпауы. Сол себепті егін себу алында, тіпті парды өңдеу кезінде де арамшөптер толығымен жойылмайды. Арамшөп тұқымдарының біркелкі өнбеуін көптеген себептермен түсіндіруге болады: тұқым қабағының құрылысының ерекшелігі мен алуан түрлілігі, итқонақ. А. Г. Дояренконың мәліметі бойынша алабота тұқымы жарықта, ал итқонақ тек қараңғыда ғана көктейді. Арамшөп тұқымдарының бір мезгілде тегіс көктеп шықпауы олардың тыныштық кезеңіне байланысты. Кейбір арамшөп тұқымдарының тыныстық кезеңі тым ұзақ болады. Арамшөптердің тұқымдары топырақта өздерінің өнгіштік қабілетін ұзақ мерзімге дейін сақтайды. Кейбір арамшөптердің тұқымдары топырақта өз тіршілігін ондаған жылдар бойы сақтайтындығы тәжірибе жүзінде дәлелденген. Мысалы, егістік қышаның тұқымы топырақта өнгіштік қабілетін 7 жыл, ал бақажапырақ 9 жыл бойы сақтайды. Арамшөптер қоршаған сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларына өте төзімді келеді.
Арамшөптердің биологиялық ерекшелігінің бірі - олардың тұқымдары топырақтың 0-5 см тереңдігінен жақсы көктеп шығатындығы. Оны А. Н. Киселев пен Г. А. Чесалиннің зерттеулері анық дәлелдеді. Олардың зерттеулері бойынша егістік шырмауықтың тұқымы 1, 5 см, ал қарасұлыныкі 5 см тереңдіктен өніп шығады.
Көпжылдық арамшөптер әр түрлі вегетативтік мүшелері арқылы көбейеді. Бұл жолмен көбеюдің потенциалдық мүмкіндігі өте зор, өйткені бір өсімдікте бірнеше жүздеген, тіпті мыңдаған бүршіктер болады. А. И. Мальцевтің деректері бойынша атпатамырлы егістік қалуен арамшөбінің бір түбі 1609 дана бүршік беріп, оның ұзындығы 76 метрге, салмағы 1003 грамға жетеді екен, ал тамырсабақты жатаған бидайықтың осыған сәйкес көрсеткіштері 5997 дана, 170 метр және 690 грамға тең. Осы келтірілген арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерінен олардың егістік жерлерде өніп-өсуге жақсы икемделгенін көрсетеді.
Арамшөптер ауыл шаруашылғына зор зиян келтіретіндіктен оларға қарсы тұрақты күрес жүргізіледі. Ол тиімді болу үшін, арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерін терең білу қажет. Мысалы, азжылдық арамшөптердің көгін бір қабат отау, оларды жоюға әкеп соғады, ал атпатамырлы арамшөптерді бір қабат отау керісінше олардың көбейуін күшейтеді.
2. 2. Арамшөптерді агробиологиялық топтарға жіктеу
Республиканың территориясында 300-ден астам арамшөптер түрлері өседі. Әрине, әр бір арамшөпке қарсы күрес шарасын қолдану мүмкін емес. Сондықтан оларды биологиялық топтарға бөліп жіктеген дұрыс.
Арамшөптер мекендейтін орны бойынша егістік немесе аңыздық, тұрғын үй, қора-қопсы маңында өсетін сыпырынды және шабындықтар мен жайылымдықтарда өсетін арамшөптер болып үш топқа бөлінеді. Алайда, мекендейтін орны бойынша арамшөп өсімдіктерінің осы үш тобының арасында айқын шекара жоқ. Мысалы, түйетікен құлан далада, жайлауда және тіпті аңыздарда да өсе береді. Алабота, гүлтәжі - тұрған үй маңында және ауылшаруашылық дақылдарының егісінде де кездеседі.
Арамшөптер өсімдіктерінің биіктігіне қарай жоғарғы қабаттың, мәдени өсімдіктермен бір биікте орналасқан орта қабаттың арамшөптері және төменгі қабаттың болып үш топқа бөлінеді.
Төменгі қабаттың арамшөптері көлеңкеге төзімді. Кейде даму жағынан қалыс қалған орта қабаттың арамшөптері төменгі қабатта өседі. Олар көлеңкелікке нашар төзеді және тұқымдық өнімділігін күрт төмендетіп, күшті әлсіреген жағдайда болады. Арамшөптерді агробиологиялық топтар бойынша жіктеудің өндірістік мәні бар, сондықтан ол ең көп таралған.
Қоректену тәсілі бойынша барлық арамшөптер паразитті, жартылай паразитті және паразитті емес немесе жасыл арамшөптер болып үш топқа бөлінеді.
Паразитті деп өсімдік иесі арқылы коректеніп өмір сүретін арамшөптерді атайды. Бұлар фотосинтез процесін жүргізуге бейімділігін жоғалтқан, себебі олардың жапырақтары жетілмеген, сондықтанда ограникалық заттар мен суды басқа өсімдік иелерінен сору арқылы алады. Өсімдік иесінің қай мүшесінен коректік заттарды алуы бойынша парзитті арамшөптер екіге бөлінеді. Егер, қоректік заттарды өсімдік иесінің сабағынан алатын болса, онда оларды сабақ арқылы коректенетін паразитті арамшөптер дейді. Бұған жөргемшөптің барлық түрлері жатады. Ал егер арамшөптер қоректік заттарды өсімдік иесінің тамырынан алатын болса, оларды тамыр арқылы қоректенетін паразитті арамшөптер дейді.
2. 3. Арамшөптермен күресудің химиялық әдісі
Ол гербицидтер қолдану арқылы жүзеге асырылады. Қазақстанда гербицидтерді егістердегі арамшөптерді құрту үшін бірінші рет 1954 жылы пайдаланды. Сол жылы гербицид 1300 гектар егіс алқабында, ал 1964 жылы ол 13 млн. гектардан астам егіс көлемінде қолданылды. Бірақта, кейінгі жылдары әр түрлі себептерге байланысты гербицид қолданылатын егіс көлемі азайып кетті. Мұның өзі егістіктердің арамшөптермен қатты ластануына әкеліп соқтырды. Арамшөптерге қарсы қолданылатын гербицидтердің түрлері өте көп, сондықтан оларды жіктеуге тура келді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz