Жыныстық қылмыстар институты - адамның жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы жасалатын қылмыстық заңнаманың арнайы бөлігі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Д.А.Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясы

Пән: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы (ерекше бөлім)

Тақырып: Адамның жеке бостандығына, жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың нақты құрамдары. Сот-тергеу тәжірибесін қолдану

ҚҚҚ-19-ТҚБ
Орындаған:Кайтбекова А.Р
Тексерген:Қуаналеива Г.А

Адамның жеке бостандығына, жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың нақты құрамдары. Сот-тергеу тәжірибесін қолдану
Адамның жыныстық қол сұғылмаушылығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстың жалпы сипаттамасы Адамның жыныстық еркіндігіне қарсы бағытталған қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі аса жоғары және ол көп кездесетін қылмыс түрі болып табылады. Бұл қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін осындай қылмыстарды жасау адамдардың заңмен қорғалатын жыныстық өмірінің еркіндігіне қасақана қайшы әрекеттер жасау жолымен, жәбірленушілердің имандылық түсінігіне, жан-дүниесіне, адами қасиеттеріне зардап келтіру арқылы, адамдардың өміріне, сондай-ақ денінің саулығына қауіп-қатер туындатады. Адамды жыныстық қатынастар жасауға, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауға баруына немесе басқа да де сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасауға итермелеу дүние жүзінің барша елдеріндегі ең өзекті күн тәртібіндегі мәселел болып қалып отыр. Қазіргі уақытта бқл мәселенің өзектілігі арта түспесе, кеміген жоқ. Еліміздің Ата заңының бірінші бабында - Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады; оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары - деп көрсетілген. Адамның жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеуден, оның құқықтары мен мүдделерін өзінің қамқорлығына алатын іс-шаралардың арасында қылмыстық құқықтық сипаттағы шаралар елеулі орынға ие болады. Қылмыстық мәжбүрлеудің қоғамға қауіптілігін - жапа шегуші адамға үлкен физикалық және моральдық зиян келтіруден тұрады. Жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актілерге баруына болмаса басқа да нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу жыныстық қылмыстардың ішіндегі ең ауырлардың біріне жатады. Адамның жыныстық бостандығына қарсы қылмыстардың бірі - Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 123 бабында қарастырылған жыныстық қатынасқа, әйел мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу қылмысы. Мұндай жағдайларда адамға тек физиологиялық және психикалық зардап қана емес, моральдық та зиян келтіріледі. Жыныстық қатынасқа, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеумен күресу дүние жүзіндегі күрделі және шиеленіскен сұрақтардың бірі болып отыр. Халықаралық деңгейде түрлі маңызды құжаттардың қабылдануы халықаралық қауымдастықтың, мемлекеттердің өз ішіндегі күрделі осы сұрақтың шешімін бірлесіп табуға, шешілмес бұл сұрақты бірлесе шешу және онымен күрес жүргізудің ұтымды бағыттарын табуға бағытталған табанды қадамдарының көрінісі болып отыр. Әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеумен күресуден біздің мемлекетіміз де тыс қалмауда. Өйткені Кеңес Одағы ыдырауы, Қазақстанның нарықтық қатанастарға көшуі қоғамның әлеуметтік жіктелуіне, кейбір әлеуметтік топтардың кедейленуіне, жұмыссыздықтың көбеюіне байланысты қоғамда бір-бірін күштеудің тез арада өсуіне әкелді. Біздің дипломдық жұмысымыздың алдында тұрған мақсат - еліміздің қылмыстық заңнамасының 123 бабы арқылы қылмыстық жауаптылық бекітілген жыныстық қатынас жасауға, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актілерге баруына болмаса өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу қылмысын зерттеу. Қойылған мақсатқа әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу қылмысының құрамын оның объектісін, объективтік жағын, субъектісін, субъективтік жағын және оның элементтерін толық ашу арқылы, жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеудің мазмұнын ашу жолымен, осы тақырыпқа айналасында жазылған қылмыстық құқық саласындағы ғалымдардың пікірлері мен көзқарастарын және қазіргі кездегі осы саладағы Қазақстандық ғалымдардың көзқарастарын келтіре отырып, сот-тергеу тәжірибесінің материалдарын зерделеп сұрыптау арқылы қол жеткіземіз.
Ел Президенті 2009 жылғы 24 тамыздағы N 858 Жарлығымен бекіткен Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылдара арасына арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында еліміздің қылмыстық заңнамасы адам құқықтары мен бостандықтарының ажырамастығын заң қорғауына алынған ең басты әлеуметтік құндылықтар ретінде танудан шығуы тиіс делінген. Ал, жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеудің адамдардың жыныстық бостандығын бұзатындығы белгілі. Аталған тұжырымдама еліміздің жүргізіп отырған қылмыстық-құқықтық саясатының ізгілік бағдары, алдымен қылмыстық құқық бұзушылық жасаған жүкті әйелдерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары бар жалғыз әйелдерге, кәрі жастағы адамдарға бағытталуы керек, тиісінше ізгілік бағдар бірнеше мәрте қылмыстық құқық бұзушылық істеген адамдарға, қайталап қылмыс жасаған адамдарға және ауыр, аса ауыр санаттағы қылмыстарды жасаған тұлғаларға қатысты күшейту керектігіне баса назар аударылған. Осы жұмыстың мақсаттары жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу қылмысының құрамына сипаттама беру жолымен, оларды дәрежелеу сұрақтарын талдау. Көрсетілген мақсатымызға қол жеткізу үшін алға қойылған міндеттерімізді шешуіміз қажет: 1) адамның жыныстық мызғымастығы және жыныстық бостандығына қарсы қылмыстың түсінігін беру; 2) Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасы бойынша жыныстық қатынасқа, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу құрамын заңды талдау; 3) жыныстық қатынасқа, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеудің объектісін, объективті жағын, субъектісін және субъективті жағын қарастыру; 4) жыныстық қатынасқа, әйел мен әйелдің, еркек пен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеуді ұқсас қылмыстық құқы бұзушылықтардан ажырату. Бүгінгі күні жыныстық қатынасқа түсуге, әйел адам мен әйелдің, еркек адам пен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу қылмысына байланысты көптеген ғалымдардың көзқарастары және ой-пікірлері бар. Осы жұмыстың екінші тарауындағы жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса басқа да сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу құрамының объектісіне байланысты ғалымдардыңғ атап айтсақ А.Б.Куриновтың, Н.И.Каржанскийдің, П.П.Осиповтың ұсынған ой-пікірлерінің негізінде жазылды. Жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса басқа да нәпсіқұмарлық әрекеттерге мәжбүрлеу құрамының объективтік жағы Ю.В.Александровтың, Б.А.Блиндердің, Ю.К.Сущенконың, Л.А.Андрееваның, А.Н.Игнатовтың, Г.Б.Елемисовтің еңбектерінде кездеседі, субъектісіне байланысты көзқарастарды Я.М.Яковлевтің, С.П.Молдабаевтың, Р.Орынбаевтың, Л.Я.Мильманның еңбектерінен таптық. Зерттеуге алынған қылмыстық әрекеттің субъективтік жағын П.С.Дагель, Д.П.Котова, Н.И.Трофимов, А.А.Примаченко, И.А.Рарог сынды зерттеушілер өз еңбектерінде қарастырып кетеді. Дипломдық жұмыстың пәнін жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық қатынасқа түсуіне немесе өзге де сексуалдық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлеу әрекеттерінен туындайтын қоғамдық қарым-қатынастар құрайды. Дипломдық жұмыстың объектісін жыныстық қатынасқа, әйел адам мен әйелдің, еркек адам мен еркектің жыныстық актіге баруына болмаса нәпсіқұмарлық сипаттағы әрекеттерге мәжбүрлегені үшін жауаптылық бекітетін қылмыстық заң нормалары, сот қаулылары жасақтайды. Жұмыстың нормативтік базасы негізіне еліміздің Қазақстан Республикасының Конституциясы, еліміздің қылмыстық заңнамасы, Қазақстан Республикасы Жоғары сотының нормативтік қаулылары, сонымен қатар тәжірибе материалдары қолданылды. Дипломдық жұмыс кіріспе бөлімнен, негізгі бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. ҚР жаңа Қылмыстық Кодексінің қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасынан еркек пен еркектің жыныстық қатынас жасауы деген бап алынып тасталған уақыттан бері елдің заңнамасында сексуалды азшылық өкілдеріне қатысты ешқандай қылмыстық-құқықтық шектемелер жоқ; тек зорлық-зомбылық сипатындағы әрекеттер, келісім жасына жетпеген тұлғалармен жыныстық қатынасқа түсу және жыныстық қатынасқа түсуге мәжбүрлеу ғана бар. Қылмыстық Кодекс бойынша топтық объекті тұрғыдан жеке адамға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар маңызды орын алады. Тікелей объектісінің ерекшелектіріне қарай жеке адамға қылмыстық құқық бұзушылықтар мынадай түрлерге бөлінеді: адам өміріне қарсы қылмыстар, денсаулыққа қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, жеке адамның бас бостандығына қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар, жеке адамның ар-намысына және адамгершілігіне қылмыстық құқық бұзушылықтар, жыныстық қылмыстар. Жыныстық қылмыстар институты - адамның жыныстық қол сұғылмаушылығына және жыныстық бостандығына қарсы жасалатын қылмыстық заңнаманың арнайы бөлігі. Адамның еркіндігінің көрінісі ретінде жыныстық қол сұғылмаушылығы мен жыныстық еркіндігі адамның жеке басына тиiспеушiлiк қағиасының бір бөлігі. Бұл қағиданы бұзатын қылмыстар түрлері жыныстық қылмыстарға әкеліп соғады. Адамның жыныстық еркiндiгi жыныстық қажеттіліктерін қанағаттандыруда адамның кіммен және қандай нысанда жүзеге асыратынын өзі таңдау құқығын білдіреді. Жыныстық қол сұқпаушылық - зорлық-зомбылықтың барлық түрлеріне қарсы қорғану құқығын көрсетеді. Жыныстық қатынастарға құштарлық адамдар бойындағы тумысынан тән табиғат берген қасиет. Жыныстық қатынастарды адамгершілік қағидаларымен, тұлғалар арасындағы некелесу және одан тыс жататын қарым-қатынастарды ретке келтіретін заңнамалармен белгілі бір шектеулер қойылады. Адам баласының жеке басының бостандығы мен қол сұғылмаушылығы басқа да құндылықтармен қатар, жыныстық бостандығын да, ересек тұлғаның сексуалдық құштарлығын қалай және кіммен қанағаттандыруға қол жеткізетінін тек өзінің қалауына қалдыратын бостандықты да қалдырады. Еліміздің қылмыстық заңнамасы (ҚК 120-124-баптары) аталған бостандықтарды біздің қоғамымызда қалыптасып қалған жыныстық тәрбие ережелеріне қайшылығы анық болатын іс-әрекеттерді істеуге тиым саолу жолымен өз қорғауына алады.
Адамның жыныстық бостандығына қарсы қылмыстар ұғымын толығырақ түсіну үшін жыныстық қатынас, сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттер ұғымдарын тоқталған жөн. Адамдар арасындағы жыныстық қарым-қатынастар адамдардың нәпсіқұмарлық әрекеттеріне қатысты қоғамда үстемдік етуші көзқарастар мен қағидалар көрсетеді. Жыныстық қатынастардың мазмұнын жыныстық мораль мен өнегелік мәселелерінен бөліп қарастыруға болмайды. Жыныстық мораль мен өнегелік қоғамда қалыптасқан жыныстық қатынастардың негізін құрайды. Жыныстық мораль мен өнегелік жоғары болған сайын жыныстық қатынастардың берік болады және оған қолсұғушылықтар аз жасалады. Адамдардың жыныстық тәрбиесі мен өнегелілігі біздің қоғамымыздың қалыптасып қалған жыныстық тәрбиесі мен өнегелілік дәрежесіне тікелей байланыста, себебі аталған құндылықтар жалпы қоғамымымздағы қарым-қатынастар тізбегіндегі бір жүйе ретінде бағаланады. Адамдардың жыныстық тәрбиесі мен өнегелілігі олардың сексуалдық қарым-қатынастары нормаларымен қатар, біздің қоғамымыздағы сексуалдық қарым-қатынастарды көрсететін пікірлер мен салт-дәстүрлерді де қамтиды. Кез-келген қылмыстық құқық бұзушылықты жасау өнегелікті емес әрекет деп танылады, бірақ барлық қылмыстар бірдей жыныстық тәрбие мен өнегелілік ережелерін бұзумен ерекшеле бермейді. Жыныстық тәрбие мен өнегелілік біздің қоғамымыз дамыған сайын, өзгерістерге ұшырап отырады. Олардың әр уақытта оң өзгермейтінін ескерген жөн. Мысал ретінде қазіргі кездегі қоғамдағы жыныстық тәрбие мен өнегелілік деңгейін Қеңес Одағы уақытындағы деңгейге қарағанда әлдеқайда құлдырауы арқылы көрсетуге болады. Адам баласы жыныстық тәрбие мен өнегеліліктің деңгейіне халықтық салт-дәстүр мен әдеп-ғұрыптары, алдымен өсіп келе жатқан толқынды тәрбиелеуге елеулі түрде көңіл бөлген. Қазіргі кездегі жыныстық мораль мен өнегеліктің төмендеуін біреулері қоғам өмірінің барлық салаларындағы тәртіптің төмендеуімен, экономикалық дағдарыспен түсіндірсе, екіншілері оны отбасылық тәрбиелеудің төмендеуімен, жас өспірімдерді бақылаудың жоғалтылуымен, біздің кино және видео нарығымызға жыныстық тәрбиелеуге кері әсер ететін, жыныстық салада мінез-құлықтар бостандығын құндылықтар ретінде көрсететін қарым-қатынас үлгілерінің кең етек жаюымен түсіндіріп бағыды. Адамдардың жыныстық тәрбиесі мен өнегелілігі тепе-тең түсініктер емес. Жыныстық өнегелілік жыныстық моральға қарағанда кеңірек ұғым. Жыныстық өнегелілік қоғамдағы жыныстардың өзара қатынастарына жалпы қабылданаған көзқарастарды көрсететін және адамдардың сексуалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық сипаттағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы түсінігі
Жыныстық қылмыстардың ұғымы
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ
Жыныстық бостандыққа қарсы қылмыстар
Жыныстық қылмыстар
Кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтардың қылмыстық - құқықтық сипаттамасы
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Зорлаумен күрестің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық сипаттамасы
ЖЫНЫСТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖҮЙЕСІ
Жыныстық бостандыққа және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы өзге де қылмыстар
Пәндер