Құндылықтардың жіктелуі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
№1 Дәріс Тақырыбы: Өзін-өзі тану пәнінің ғылым ретіндегі жалпы түсінігі. Жоспары:
1. Өзін-өзі тану ұғымына жалпы түсінік
2. Рухани-адамгершілік құндылықтар жайында жалпы түсінік.
3. Өзін-өзі тану ғылымының обьектісі және пәні.

1. Философиялық көзқарастар тарихындағы тұлғаның өзін-өзі тануының негіздерін Хилон мен Фалес аузынан шыққан дана сөз немесе даналық формуласы "өзіңді-өзің таны" ұғымы ретінде Сократқа дейін пайда болды. Ең алғаш Греция тарихында теориялық ойлаудың жаңа кезеңінде адам проблемасы, философия проблемасын өзін-өзі тану арқылы түсінуге болатындығына көз жеткізілді. Кейін бұл идея кімде-кім өзін -өзі тани білсе ол өзінің не істей алатынын және не істей алмайтынын түсіне біледі. Соның нәтижесінде бақытты өмір сүре отыра өзін қанағаттандыра алады, білмейтін нәрсесінен аулақ болып, өмірде қателікке бой алдырмай бақытсыздықтан айналып өте алады. Осы артықшылығының арқасында біреудің құндылығын көре алады және оны өз қажеттілігіне қолдана алады" - деп, Сократ еңбектерінде өз жалғасын тапты. Өзін-өзі тану философиялық тұрғыда - бүкіл дүниені ойлау, оның шығу тегін білуге ұмтылу, адамның дүниедегі орнына үңілу, адамның ішкі дүниесінің сырын ашу, табиғат пен қоғамның негізгі заңдарын танып білу, адам өмірінің мәнін айқындау т.с.с. жүйе ретінде қарастырылады. Бұдан шығатын қорытынды сол кездегі көзқарастарға тоқтала келе, өзін-өзі тану көзқарастарын зерделей отырып, олардың адамның ішкі дүниесі мен сыртқы дүниенің бірлігі үндестік тапқанда ғана табиғат пен қоғамның талабына сай тұлғаның қалыптасуына көз жеткізуге болады. Өзін-өзі тану арқылы тұлғаның өзіндік дамуына, білімдік және танымдық әрекеттеріне ықпал ету, өзара адамгершілік құндылықтары мен өзіндік бағдарын таңдауға мүмкіндік жасалу идеялары алынатындығы белгілі болды. Аристотель: "Адам өмірінің мақсаты бойындағы рахымшылдық сапаларын дамытса, онда ол мейірімділік мінез танытады"-деп, рақымшылдығы басым адам өзін үнемі дұрыс ұстай білетіндігін, ол табиғатынан мейірімді, сондықтан да өзін адамгершілікке бейім ұстайтындығын сипаттайды. Әбунасыр әл-Фараби өзінің философиялық трактатында ақыл, қайрат, жүрек жайлы егжей-тегжейлі түсінік бере келіп: "Жүрек - басты мүше, мұны тәннің ешқандай мүшесі билемейді. Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ үстемдігі біріншісі емес", -дей келе өзінің әлеуметтік, рухани құндылықтарының негізіне адамның ішкі сана сезімінің даму ерекшеліктерін алады. "Тек қана өзіндік еркін әрекеттене алатын белсенді пенде қоғамдық пайдалы қызметімен жеке бақытын жасай алады- деп, ... "бір халық екінші халықтан табиғи үш қасиетімен ерекшеленеді: болмысы, мінезі және тілі". Ғұлама ғалым әртүлі халықтың музыкасын, мәдениетін, тілін, әдетін, болмысын, мінезін зерттегенде рухани құндылықтарға зор мән бере отырып адам бойындағы осы қасиеттердің дамуына ерекше көңіл қояды. Себебі адамның бойындағы ізгілігі, қайырымдылығы, мейірімділігі ол оның бойындағы өнері мен мәдениетінің дауына тікелей байланысты. Адам мінезге бай, болмысы биік, тілі құдіретті болатын болса оның рухани-адамгершілік даму сатысы өте жоғары болатындығын дәлелдейді.
Өзін-өзі тану ұғымдары: Елімізде 2002 жылы шыққан Педагогика және психология саласының түсіндірме сөздігінде Өзін-өзі тану ұғымына төмендегідей түсінік берілген: Өзін-өзі тану - өзін-өзі бағалау секілді интероспекциядан маңызды өзекшелігі бар өзін-өзі бақылау әдісі секілді, психиканы субъективтілік тұрғыдан танып білу: 1 интроспекцияның әдеттегі актілеріне қарағанда бұл процестер әлдеқайда күрделі және ұзағырақ, жинақталған және өңделген өзін-өзі бақылау мәліметтері бұларға тек бастапқы материал ретінде ғана енеді; 2 адам өзі жайлы мәліметтерді өзін-өзі бақылау арқылы ғана емес, сондай-ақ сыртқы бастау-көздер - өз әрекеттерінің объективті нәтижелері, өзге адамдармен қарымқатынасы арқылы да алады . Өзін-өзі тану ұғымдары арқылы адамның ішкі дүние танымындағы құбылыстарды, олардың өзара байланысын көреміз. Өзін-өзі тануда өзін-өзі тану, өзін-өзі өзектілеу, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі басқару, даму және қалыптасу саналы пайымдау, өзінді талдау сияқты ұғымдар да кездеседі. Педагогика ұғымдарының бірі - өзін-өзі тәрбиелеу. Өзін-өзі тәрбиелеу - жеке тұлға болып қалыптасудың негізгі маңызды бөлігі. Оның нәтижесі қоғамдық талаптарға адамның өзіндік жауап қайтаруы, яғни реакциясы арқылы көрінеді. Өзін-өзі тәрбиелеу - ол моральдық және этикалық нормалардың қалыптасуы және олардың әдетке айналуы. Өзін-өзі тәрбиелеу - адамды дамытуға арналған тәрбие үрдісі. Кез-келген тәрбие жүйесінде адам өзін әлеуметтік тұлға ретінде сезініп, қоғаммен және табиғатпен біртұтас тіршілік етеді. Өзін-өзі тәрбиелемей жеке тұлға қалыптаспайды. Өзін-өзі тәрбиелеу барысында адам өз білімін дамытады. Өздігінен білім алу - мәдени мұраны игерудің өзіндік жүйесін жасау, өзін дамытушы жүйе құру. Өздігінен білім алу білімді дамытушы қозғаушы күш болып табылады. Өздігінен оқу- адамзат тәжірибесін өзінің ынтасымен, өзі таңдаған әдіспен игеру үрдісі. Осы өздігінен білім, тәрбие алу, оқу адамның ішкі жан-дүниесінің қажеттілігінен туындап, өздігінен дамуға өзін-өзі жетілдіруге тұлғаны бағыттайды. Өзін-өзі оқытуды оқу орындарының оқу бағдарламасы мен оқу жоспарынан тыс қоғамдық және өзіндік қажеттіліктер негізінде жүйелі және белгілі бір мақсатқа құрылған жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті деп тануға болады. Өзін-өзі оқыту - жалпы және кәсіби білімнің үздіксіз жалғасы, өйткені білімнің жан-жақты болып кеңеюіне және адамның рухани баюының жетілуіне септігін тигізеді. Сонымен қатар интеллектуальдық арсеналының үнемі жаңалануына, кәсіби шеберлігінің шыңдалуына әсер етеді.
Қазір Республикада жастарды тәрбиелеу мәселесінде адамның ішкі жан дүниесін, рухани әлемін танып, дамыту, жетілдіру бағытында көптеген ғалымдар С.А. Назарбаева, психол.ғ.д. Х.Т. Шерьязданова, п.ғ.к. Т.А. Левченко, п.ғ.д. М.Х. Балтабаев, профессор Б.Қ. Дамитов, п.ғ.к. А.А. Семченко, ф.ғ.д. Е.Е. Бурова, п.ғ.к. Л.К. Көмекбаева, психол. ғ.к. З.Б. Мадалиева т.б. үлкен ізденістер үстінде. Және бұл тұрғыда өзін-өзі тану ілімінің философиялық негізін қалаған ғалымдар А.Н. Нысабаев, Г.Г. Соловьева өз еңбектерінде ұстанған басты қағида - адамның кісілік келбеті мен адам деген атқа лайықты бола білуін қалыптастыру, адамның табиғатпен, әлеммен үйлесуі, халықтық дәстүр, рухани мәдениет негізінде болашақ ұрпақтың рухани-адамгершілік тәрбиесін жаңа сатыға көтеру міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.
Бүгінгі білім жүйесінде, С.А. Назарбаева атап өткендей үлкен өзгерістер басталуда. С.А. Назарбаева оқытушылардың біліктілігін көтеру семинарында сөйлеген сөзінде ...Білім беру жүйесі тұлғаның өзін-өзі тануына Мен кіммін? Шексіз әлемге менің қандай қарым - қатынасым қалыптасуы керек? Маған қалай өмір сүру керек? Кезкелген жағдайда жаман мен жақсыны қалай айыра білу керек? деген сұрақтардың төңірегінің мәнін ашуға бағытталуы тиіс. Білімнің мазмұнын, оның құрылымын тұлға өзіне соншалықты керек екендігін сезінген уақытта ғана білім беру мақсатына жетеді - деп саралап өтті.
Адам өзін-өзі тануға талаптанбаса, оның қолынан өзге адамдарды танып түсіну және оларға нақты көмектесе алу келмейді. Қоғамдық дамудың өзге адамдармен қарым-қатынасқа түсетін әрбір адам өзінөзі тануын тереңдетуі шарт, бірақ Джерсиидтің байқауынша бұған жеткілікті мөлшердегі жүректілік қажет, өз рефлексиясының нәтижелері қандай болса да, оларды әділ түрде қабылдауға мүмкіндік берерлік белгілі мөлшердегі объективтілік қажет. Студент тұлғасының өзін-өзі тануы білім беру жүйесінде жетекші мақсаттардың бірі дәрежесін алуы қажет. Студенттің "Менін" позитивтік өзгерту қазіргі таңда педагогика мен психологияға деген гуманистік көзқарастың бірден-бір маңызды саласы, оқыту мен тәрбиелеу ісіне қатысы бар әр адамның өзін-өзі адамгершілік тұрғыда дамытуын қамтамасыз ететін басты құралы. Болашақ маманның өзінөзі дамыту қағидаларын меңгеруі қажет, әйтпесе ол өзгелерге бұл процесте қажетті көмек бере алмайды. Оқытудың тиімділігі тұлғаның психикалық дүниесінің жалпы үйлесімділігіне, әсіресе оның "Менінің" көтеріңкілігіне, позитивтілігіне тәуелді. Сондықтан студенттің тұлғалық дамуының сипаты мен өз бойындағы рухани-адамгершілік құндылық бағдарының мән-маңызы оның академиялық жетістіктерінің маңызынан кем емес. Қазіргі уақытта жоғары білім берудің кредиттік жүйеге көшірілуі оқытудың дәстүрлі әдістерімен қатар жаңа технологияларын ендіру негізінде білімді шығармашылықпен меңгеруге, өздігінен білім алуға, өзін-өзі тәрбиелеуге, өзін-өзі жетілдіруге қабілетті тұлғаны қалыптастыру мәселесі алдыңғы орынға шығарылып отыр.
2. Бүгінгі таңда қоғам өзгерістерінің шешуші факторы-Адам. Адамның қарым-қатынасының үйлесімділігін қамтамасыз етуде адамгершілік құндылық жетекші орын алады. Жалпы Адам-Қоғам, Адам-Әлем қатынасының адамның дүниеге деген көзқарасы қандай ұстанымдарға, принциптерге арқа сүйетінінен құндылықтарды анықтауда үлкен маңыздылыққа ие болғанын көреміз. Әлемді рухани-адамгершілікті игеру процесі барысында адам болмысты өз құндылықтары арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі заманғы қоғамдағы дәстүрлі құндылықтардың рөлі
Бухгалтерлік шоттары
Тауарлы - материалдық босалқыларды бастапқы құжаттау
Қазақстан Республикасында медициналық препараттарды сертификаттау ерекшеліктері
Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау
Аяқталмаған өндіріс шығындары
ҚҰЖАТТАУ ЖӘНЕ ТҮГЕНДЕУ
ТМҚ түсінігі және оның жіктелуі
Тауарлық-материалдық құндылықтар жөнiнде түсiнiк, олардың жiктелуi мен бағалануы
Бухгалтерлік есепшоттарының жіктелуі мен жоспары
Пәндер