Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастыру
Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Білім технологиялар кафедрасы
ЖОБА
Тақырыбы:
Қосымша білім беру жүйесінде
Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастыру.
Орындаған : Елеусіз Алтынай
Тобы : ППМ - 711
Түркістан 2018 жыл
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3
I Қосымша білім беру жүйесінде Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастыру теориялық негіздері
1.1 Қосымша білім беру жүйесінде Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастырудың әдебиеттерде талдануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
0.1 Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға баулудың маңызы ... ...
1.2 Балалар әдебиеті әлеміне саяхат ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
II Қосымша білім беру жүйесінде Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастырудың әдістемесі.
2.1 Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастырудың ерекшеліктері ... ... ... ... ..
2.2 Кітаптар әлемінде үйірмесінде әлем ертегілерімен таныстырудың тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі таңдағы Қазақстанда іске асырылып жатқан реформалар барлық оқу орындары мен әлеуметтік тәлім-тәрбие мекемелерінің тәрбие және білім беру мазмұнын жаңа сапалық тұрғыдан дамуы мен жетілуін өткір проблемаға айналдырып отыр. Өйткені дамудағы нарықтық қатынастарға еркін араласуға дайын бүгінгінің және болашақтың адамдарын тұлғалық интеллектуалдық және кәсіби сапалық жағынан әлемдік бәсекеге қабілетті етіп даярлап шығару әсіресе осы білім мен тәрбие мазмұнының сапасына тікелей байланысты. Тәлім- тәрбие қашанда қоғам дамуы мен жетілуінің аса маңызды алғышарттары. Осыған орай қазіргі Қазақстан жағдайында қысқа тарихи уақыт аралығында барлық білім беру жүйесінде оң өзгерістер іске асырылуда. Оның бірі атап айтқанда қосымша білім беруге арналған, оның негізгі субъектісі болып саналатын мектептен тыс мекемелер қызметін жаңа сапада қайтадан ұйымдастыру қолға алынуда. Қосымша білім берудің мән - мағынасының артуы оның балалар мен жасөспірімдердің қолы бос жағдайында еріктілік негізде шығармашылық және танымдық мотивациясын дамыту дербес талаптарын қанағаттандыру, өз еркіне сай мақсатты айналысуына әсіресе кәсіп таңдауына жәрдемдесу, сөйтіп өмірге бейімдеу, салауатты өмір салтына тарту, сайып келгенде бос уақытты мазмұнды өткізуді ұйымдастыруға қажетті жағдай жасауында. Дәстүрлі педагогика ілімі балаларға қарым-қатынас ортасы мен істің кең өрісі арқылы жасалған дамудың әлеуметтік жағдайын қандай да бір болмасын аса қызықты деген сабақтың өзімен де ауыстыру мүмкін еместігін терістемейді. Шындығында да, қосымша білім беру ұйымдары кітаптың адам өмірі мен қоғамдағы рөлін балаларға түсіндіру арқылы олардың білімге, өнерге, мәдениетке деген қызығушылығын, ынтасын оятып, жеке қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұл жағдайда жұмыс субьект, объектілер, яғни бала мен қосымша білім беру мекемесінің өзара ынтымастығы мен шығармашылық қарым-қатынасы арқылы іске асырылады.
Немістің ұлы ақыны Гете: Көкірегі ашық адам оқи білуді үйренудің қаншалықты қиын екенін біледі, мен бұған сексен жыл өмірімді арнадым, бірақ әлі кітап оқуды толық үйрендім деп айта алмаймын деген екен. [1]
Мектептен тыс ұйымдағы жұмыс педагог пен оқушының ортақ іске деген әуестігіне негізделгендіктен, бала ортақ іс-шараның тұтынушысы ғана емес, жасаушысы да болып табылады. Сондықтан да қосымша білім беру ұйымдарына оқытушы- педагогтарды іріктеу табиғи сипатта жүргізіледі, яғни оның балаға деген сүйіспеншілігіне, тәрбие ісіне деген ынта - ықыласына баса назар аударылады. Ендеше, мұнан қосымша білім беру ұйымдарының педагогикалық әлеуметінің айтарлықтай жоғары болуы керек екендігі де аңғарылады. Кітап оқу баланың ой - өрісін кеңейтеді, ойлауға үйретеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық қызметін анықтайды. Баланы кітап оқуға көбірек баулу және пайдалы оқу үшін, ең басты балаларға кітапты сүюге көмектесіп, алдын ала бос уақытында оқитын кітаптарының тізімін белгілеп, оны ата - анасы өздері ұсынуға болады. Баланы жас кезінен кітапты құрметтеуге және оны күтіп ұстауға баулыған жөн. Сондай - ақ, білімнің бір көзі - балалар басылымы. Айгөлек, Балдырған, Мөлдір бұлақ, Ақ желкен журналдарын алып, оқып отырса, баланың білімі мен танымы талабына сай болады.
Кітап - рухани қазына, байлық, өмір айнасы, замана сыры, тарих шежіресі, оқу - тәрбие құралы. Кітапханаға оқушылар келіп, қажетті әдебиеттерін жазғызып алып отырады, білімдерін толықтырады. Біздің жауапкершілікті міндетіміз: кітаптарды насихаттаудың түрлі формалары мен әдістерін ұйымдастыру арқылы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, жан - жақты дамыған баланы тәрбиелеуге жәрдемдесу.
Зерттеудің мақсаты: Қосымша білім беру жүйесінде Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастырудың теориялық және әдістемелік негіздеріне талдау жасау және практикалық маңыздылығын айқындау.
Міндеті:
1 Қосымша білім беру жүйесінде Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін анақтау.
2. Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға баулудың маңыздылығын айқындау.
3. Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастырудың ерекшеліктерін талдау.
4. Кітаптар әлемінде үйірмесінде әлем ертегілерімен таныстырудың тәжірибесіне талдау жасау.
Зерттеу нысаны: Қосымша білім беру жүйесінде Кітаптар әлемінде үйірмесін
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы: зерттеудің теориялық негіздерін айқындау және практикалық маңыздылығына талдау жасау.
Негізгі бөлім
I. Бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға баулудың маңызы.
Адам өмір сүріп отырған қоғамның ықылым заманнан келіп жеткен қазыналары мен кереметтерін кітапханадан, яғни кітап оқу арқылы табады. Кітапты ғылым, білімнің адамзат ақыл-ойының жиынтығы сақталған қазыналы сандық десек болады. Сол сандықтағы байлықты қалай алуға болады? Кітап әлеміне баланы қалай енгізуге болады? Оның бірден- бір жолы кітап көрмелерді ұйымдастыруды әр бөлімге тақырып қойып, дәйек сөз дайындаудан бастауға болады.
Білім сүйсең, кел күн сайын осында, Кітап сенің айналады досыңа. Талаптансаң үйренуге ұмтылып, Келші жас дос, ізденейік қосыла,
- деген өлең шумақтарымен оқушыларды кітап көрмесін көруге шақырған дұрыс. Ғажайып ертегілер елінде, Жаңа кітап - жан азығы, Атаулы даталар күнтізбесі, Конституция- кемел келешектің кепілі, Елбасы мұраты, халық бақыты - гүлденген Қазақстан, Мемлекеттік тіл - тәуелсіздік тірегі, Табиғат тіршілік көзі, Ұстаздарға көмек, Ана мәңгілік жыр, Мағжан-сыршыл ақын, Ақиық ақын - Мұқағали Ұлттық бірыңғай тестілеу, Қазақ хандығына - 550 жыл, Ұлы Отан соғысына - 70 жыл, Қазақстан халқы ассамблеясына - 20 жыл -деген тақырыптармен кітап көрмесі ұйымдастырылған. Оқырмандардың көркем әдебиетті оқып, қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханаға түскен жаңа әдебиеттермен таныстырып, библиографиялық шолу, ұсыныс тізім, әңгімелер өткізіліп тұрады. Әр көрме өзінің ең қызықты мәліметімен құнды. Көрмеге көркем әдебиет өкілдерінің портреттерін қою, көз тартарлық әдемі безендірілген кітаптармен таныстыру, қыры мен сыры мол өмірді бейнелеген шығармаларды ұсыну арқылы оқырмандардың әдеби шығармаларға қызығушылығын оятуға болады. Көрме ұйымдастыруда оқушының жас ерекшелігі де ескеріледі, әсіресе төменгі сынып оқушылары ерекше анық түсті бояулармен көркемделген кітаптарға қызығушылық танытып, кітаптың ішіне көз жүгірте бастайды. Көзі ашық , көкірегі ояу, ізгі ниетті ұрпақ тәрбиелеудегі негізгі құрал - балалардың кітап оқуы. Ертегілер арқылы бала бойында адамдық қасиеттер дәнін егу мақсатында мазмұнын сахналау сияқты рөлдік ойындар бала санасында жақсы сақталады. Оқушы 2-3 сыныптарда мұғалімнің басшылығымен, нұсқауымен кітапты оқудың белгілі жүйесімен, тәртібімен танысады. Оқыған кітабының мазмұнын біршама айтып беруге дағдыланады. Осындай дағдыларды меңгере келе өз бетінше кітап таңдауға, оқи білу дағдысына көшуге бірте-бірте бағыт алады. Кітапханашы әр оқушының жас ерекшелігіне байланысты, білім көлеміне, сондай-ақ не нәрсені ұнатқандығына қарай көркем әдебиеттерді, қазақ жазушыларының шығармаларынан қысқа үзінділер, аңыз - әңгімелер, сондай - ақ Балдырған, Ақ желкен, Ұлан, газет - журналдарын таңдау ұсынады. Оқушыларды іс- шараларға қатыстырып, көркем туындының әсерлі жерінен үзінді қою арқылы бала бойында табиғатты қорғау, жаманшылық жасамау, мейірімділік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты сезімдерін ояту арқылы жақсы қасиеттерін қалыптастыруға болады. Кітапты ұсынбастан бұрын бала бойындағы қызығушылықты ояту қажет. Қызығушылық болған жағдайда ғана балалар өзінің сүйікті кітаптары мен жазушыларын тауып алары сөзсіз. Оқырмандардың сұранысы атты сауалнама жүргізу арқылы оқырманның кітапхананы пайдалану деңгейін, кітапханаға қандай ақпарат алу үшін келетіндігін, келмеген жағдайда не себептен екендігін анықтап көрдік. Сауалнамаға 245 қыз бала , 229 ұл бала, барлығы 474 бала қатысты. 20 % -ы ақпаратты ғаламтордан алып оқитынын, 65%-ы мектеп кітапханасынан табатындықтарын, қалғандары уақыт жоқ деп қайтарған. Аталмыш сауалнаманы басшылыққа ала отырып , ең алдымен кітапхананы әр сынып оқушыларына кіріп жарнамалаудан бастадық. Көп оқылатын көркем әдебиеттерден кітап көрмесін ұйымдастырып, кітаптың қызықты жерін оқып, библиографиялық шолу жасау арқылы оқырманға ой салады. Осыдан кейін оқырмандар саны арта бастайды. Бастауыш 1-4 сынып оқушыларына өздігінен ізденуге көмектесу мақсатында балалардың оқу шеңберін анықтап, талдау бойынша бастауыш сынып оқушылары ертегі, өлеңдерге құмар екендігіне көз жеткізуге болады. Балаға кітап оқуды үйретудің алғы шарттары:
1. Кітаптың құдіретін ұғындыру. Оны жыртпауға, тік отырып оқуға үйрету. Авторының кім, не жайында, қай жылы, қайдан шыққаны туралы білуі шарт.
2. Кітапты түсінбей құр оқудан сақтандыру керек, талғап оқуға, оған көз - қарасын білдіре алуға, қысқаша фабула жазуға үйрету.
3. Оқыған кітабының ішінде түсінбеген сөзді не мақал - мәтелдерді, не дәйек сөздерді теріп жазып алуға арнайы дәптер аштыру керек.
Осыдан келіп ол баланың еңбек етуге құлшынысы туады, зейіні артады, талғамы өседі, көп оқуға тырысады, сөздік қоры молаяды. Кітап оқуға қызығушылық ерте балалық жастан қаланады және осы жерде көбі ата - анаға байланысты болады. Отбасы баланың тұлғасын дамыту ортасы болып табылады, оқуға деген қажеттілік, қызығушылық пен сүйіспеншілік қалыптасады. Сондықтан баланы уақытында оқуға үйретіп қана қоймай, оны оқуды жақсы көруге ұмтылдыра білуіміз керек.
1.1 Кітап-білімнің алтын қақпасы - адам өмірінің таусылмас қазынасы дүниенің айнасы, ғылым - білімнің көзі, өнер мен тәрбие құралы, өмір күресінің ең мықты қаруы болатын ақылшы досың. Кітап - адам баласының ақыл ойынан туған рухани байлықты сақтап қалатын, оны ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отыратын құрал. Кітап - араб сөзі. Ол қазақша жазу, жазба деген мағынаны білдіреді. Кітап - көп ақылдың құйылған көлі, ол ортақ мүлік, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы. Ата бабаларымыз Күш білімде, білім кітапта, Кітап - ғажап дос деп бекер айтпаған.
Кітап - шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Алғашқы кітаптар осыдан бірнеше жыл бұрын пайда болған. Ол біздің қолымыздағыға еш ұқсамайды. Алғаш рет кітап жұмсақ балшықтан жасалған. Жұмсақ балшыққа үшкір нәрсемен жазу жазып, оны кептіріп, кейін күйдірген. Ол кәдімгі кірпіш тас сияқты болған. Бамбук өсімдігінен таяқшалар әзірлеп соған да жазған. Ежелгі Египетте кітапты тасқа қашап жазған. Кейін жануарлардың терісінен пергамент деп аталатын материал жасалып, кітап соған жазылған. Еуропада кітап шығарудың негізгі материалы қағаз XIII ғасырда пайда болды. Кітаптың шығу тарихы мыңдаған жылдар мен ғасырларды артқа тастаған.
Кітап - адал пейіл, асыл дос. Барлық білімді кітаптан аламыз. Кітап бізді қайырымдылыққа, адалдыққа, әділдікке үйретеді. Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің бірі - білім қазынасы. Ал білім сипаты алуан түрлі. Ол ұрпақтан - ұрпаққа ауызша, жазбаша түрде немесе көркем әдебиет арқылы да жеткен. Кітап адам баласының сан ғасырлық ақыл - ойының жемісі, тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап дегеніміз - алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсақ, ой ойлаудан да тиылар едік деген екен Ғабит Мүсірепов. [2] Кітап таңдап талғап оқи білу, оны түсіну мен түйсіну, алған әсеріңді өмір қажетіңе жарата білу - әрбір адамның білігі мен білімін, пайымы мен парасатын айқындайтын алғы шарттардың бірі. Артық ғылым кітапта, Ерінбе оқып көруге - деп, Абай атамыз айтқандай Білімнің қайнар бұлағы - кітап. [3] Сондықтан да мұны адамзаттың баға жетпес құндылығы деп білеміз. Кітап қана дәл мәнді білім береді, себебі ол адамды терең ойлауға жетелейді. Кітап арқылы баланың дүниетанымы кеңейіп, еңбекке деген саналы көзқарасы қалыптасады, сабаққа деген ынтасы артады. Сондықтан біз жас кезімізден - ақ кітапты сүйіп және оны күтіп, ұқыпты ұстауымыз керек. Кітап - күш. Кітап - құдірет. Рухани дүниеңді байытатын, дүниетанымыңды кеңейтетін де кітап. Кітапта ғана шекара жоқ. Алғашқы алланың сөзі де адамзатқа кітап болып түскен. Кітап туралы сөз болғанда міндетті түрде автор мен оқырман арасындағы алтын көпір кітапхананың орны ерекше. Ендеше, рухани байлықтың алтын кені - кітапхана туралы балалардың біліміне құлақ асайық. Білім көзі - кітапта, ал кітаптың мекені - кітапхана, яғни грек тілінен аударғанда кітап сақтайтын орын деген мағынаны білдіреді. Кітапханадан көптеген қызықты қажетті деректерді, ертегілерді таба аламыз, сондай - ақ Балдырған, Асыл сөз сияқты газет - журналдар да бар. Кітапханада әрбір кітаптың тұратын өз орны бар.
Кітапхана - жас оқырмандардың сүйікті мәдени ортасына айналып, сапалы білім мен саналы тәрбие беруде ұстаздардың бірден - бір сенімді серігіне айналуы тиіс. Ата - бабамыздың өткен тамыры терең тарихтарын, тұңғиықтан сыр шертетін әдебиеттерін, таңғажайып ғылым кереметтерін киелі шаңырақ кітапханадан табамыз. Адамның жан-дүниесінің асыл қазынасы, рухани байлықтың өлшемі, адам интеллектісінің көрінісі. Ол - адамзат үшін ғасырдан ғасырларға жалғасып қызмет етіп келе жатқан ғылым мен өнердің, соның ішіндегі сөз өнерінің туындысы, ғалым адам мен қаламгердің жемісі. Әу баста сол рухани өлшем мен адам ақыл-ойының ажырамас тұнығындай болып көрініс тапқан кітап енді өзін оқыған, пайдаланған адамға да қызмет ете отырып, сол жанды да рухани тұрғыдан байытады, білім-білігін ұштайды, сенімді серігі, ажырамас досына айналады. Кітап сонымен бірге ақпарат пен техника дәуірі, жаңа технологиялардың заманында да бірден-бір білім беруші құрал ретінде қала береді. Кітап ғаламтордан уақыт тұрғысынан алғанда ұтылуы мүмкін, бірақ адамға дайын ақпараттарды ұсынушы емес, терең сезімге, өзіндік ойлауға үйрете отырып, білім береді. Адамды ізденімпаздыққа жетелейді, ой-өрісін ұштайды. Ал сонымен бірге кез келген қызметкердің, соның ішінде мемлекеттік қызметкердің шешендік өнеріне де, аудиторияны сыныпты өзіне қарата, тарта білуіне де кітаптың көмегі өте зор. Өйткені ол - тіл байлығын қалыптастырушы құрал. Осымен бірге кітаптың тәлім-тәрбиелік, имани құндылықтарды адам бойына сіңіре алатындай қасиеті теледидар мен интернеттен жоғары тұрмаса, кем тұрмақ емес. Демек, кітап - бүгінгі күн тұрғысынан алғанда да маңызын жоймаған дүние. Ендеше, қоғамның сан - салалы мақсаттарының ішіндегі ажырамас бір мақсаты ол - үнемі жас оқырман тәрбиелеп отыру.
1.2Балалар әдебиеті әлеміне саяхат
Қазақ балалар әдебиеті қазақ әдебиетінің даму кезеңінде өзіндік тарихы бар сала деуімізге болады. Балаларға арналған әдебиет ұлт тарихында сонау ауыз әдебиетінен бастау алып, қазіргі кезеңге дейін өзінің тілдік, стильдік жағынан, мазмұны мен құрылымы жағынан, үлкен белеске көтерілді. Жалпы балалар әдебиеті өзінің негізін ауыз әдебиеті үлгілерінен алады. Қазақ ауыз әдебиетінің шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет той т.б. үлгілерінен бастау алатын балалар тақырыбына арналған шығармаларды сөз еткенде, қазақ ертегілері мен жұмбақтардың, жаңылтпаштардың мазмұны мен тақырыптық жағынан ерекшелігін айта кеткен жөн. Мұның барлығының мазмұнында алғашқы қоғамдастыққа тән өмірдің сарқыншақтары басым болып келетінін ескерсек, оның тілдік ерекшелігі мен танымдық деңгейін арнайы қарастырудың өзіндік мәні бар. Қазақ балалар әдебиеті басқа да көркем шығармалар тәрізді сан ғасырлық тарихи даму кезеңдерді басынан өткеріп келеді. Балалар әдебиетінің атасы деп А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Б.Майлин, С.Сейфуллин, Ж.Жабаев, І.Жансүгіров, С.Бегалин т.б. сынды ақын-жазушыларды атасақ болады. Осы тұста Б.Соқпақбаевтың Менің атым Қожа атты әңгімелері жарық көрді . Осы тұстағы көркем әдебиет пен фольклор жанрында балалар тақырыбына арналған әдебиеттерге жоғарыда аталған қаламгерлердің шығармаларын жатқызуға болады. Балалар тақырыбына жазылған шығармалар өзінің тақырыптық, стильдік, құрылымдық жағынан ерекше дүние. Осындай шығармалардың біршамасы аталған жылдары әдебиетімізге қазақ тіліне аударма жасау арқылы келді. Аударма жасау арқылы әлем әдебиетіндегі балалар тақырыбына жазылған шығармалардың озық үлгілері тәржімаланды. Қазақ тілінде көркем әдебиет тілі мен қаламгердің сөз қолданысын, шеберлігін талдау маңызды мәселелердің бірінен саналады. Себебі көркем шығармаға қойылатын талаптардың қатарында тіл шеберлігі де үлкен рөл атқарады. Балалар әдебиеті - адам психологиясының, дүниетанымы мен қабылдау ерекшелігін ең нәзік тұсын бейнелейтін сала.
Б.Соқпақбаевтың Менің атым - Қожа повесінің балалар әдебиетінен алатын орны өте ерекше. Шығарманың бала санасына әсер етіп, балалар әдебиетінде алтын қорымызға айналғаны дәлел. Бұл повесті жастана жатып оқымаған бала кем де кем. Осы мұраны саралап талдауды құп көрдік.
"Менің атым - Қожа" повесі дүниеге келген кезеңнен күні бүгінге дейінгі аралықта балалар әдебиетіне қалам тартқан жазушыларға да үлкен мектеп болды десек, артық айтқандық емес. Белгілі жазушы Сапарғали Бегалин, Сансызбай Сарғасқаев, балалар ақыны Мұзафар Әлімбаев, Өтебай Тұрманжапов т.б. кезінде зор бағалаған повесть баланың сезім күшін байытуға, жан дүниесін баурап, "өзгеше болуға" итермелеуге бағытталған қазақ балалар әдебиетіндегі өзгеше дүние жабырқағанды жадыратын, қамыққанның қабағын ашатын, адасқанды аялай жолға салып, әлсірегенге күш-қуат сыйлайтын осы бір шағын повесі арқылы Бердібек Соқпақбаев сонау XIX ғасырда іргетасы қаланған балалар жазба әдебиетінің көрнекті өкілдері қатарынан орын тебеді. Жазушының өзі айтқандай,"Қожа ойша өмірден алынған, кей кылығы өзім де, кей іс-әрекеті, характері менің ауылдастарым, замаңдастарым, яғни Қожа - типтік бейне". Әрине, повестің өнбойында бір міні жоқ десек қателесер едік. Автор өз туындысын 1956 жылы Алматыда өңдеп, толықтырады. Сыншылардың пікірлерін, ескермелерін ескере отырып, атын да өзгертеді. Сонымен, "Менің атым Қожа" повесі - адамзат баласымен бірге жасайтын 'Том Сойер", "Робинзон Крузо", "Капитан Гранттың балалары", "Чук пен Гек" сияқты әлемдік деңгейге толық жауап бере алатын қазақ балалар әдебиетінің үлкен табысы. Адам баласы үшін өмірдегі ең қымбат ұрпағы, өмірін жалғастырар бала болғандықтан, балалар әдебиетінің атқарар жүгі де ауыр болмақ. Барлық еңбек, барлық өнер құрметі, алайда балалар еңбегі мен оларға арналған дүниелердің маңызы екі есе жоғары. Осы орайда жазушы Бердібек Соқпақбаевтың "Менің атым Қожа" повесінің, геройларының құндылығы жайлы сөз қозғар болсақ, әдебиет сыншысы Л.Толстой: "Адам өмір сүру үшін-күресу, іздену керек. Шатасу, қателесу, ұрыну, бастап тастап кету, тастап кетіп қайта бастау, ылғи күреспен өмір кешу керек. Тыныштық - жан жауыздығының белгісі," - деген өмір қағидасын ескерсек, Соқпақбаев геройлары да осы қағиданы берік ұстанған. [4] Олар да ұрыншақ, адасып, қателесіп жүріп, шындық жолын іздеп шарқ ұрады, қоғамға пайдалы істер істеуге, еңбек пен адалдыққа ұмтылады, жақсылыққа жандары құштар олар кейде арман жолында қарманып жол іздейді. Осындай өмір арпалысы үстінде кейіпкер мінез - құлқын ашу шеберлігі арқылы жазушы өз мұратына жетпек. Жас адамның қалыптасу жолын қарапайым тілмен - еңбектеген жас баладан еңкейген кәріге дейін түсінікті тілмен - шебер де шынайы көрсете білген, композициялық құрылысы, сюжет, образдар жүйесі, тіл көркемдігі жоғары талапқа сай шығарма, ал автор - балалар әдебиетінің қалыптасу, өсу, дамуына үлкен үлес қосқан майталман қаламгер. Бұдан өзге де автордың басқа тақырыпты қозғайтын Қайдасың, Гауһар?, Өлгендер қайтып келмейді, Жекпе-жек, Бозтөбеде бір қыз бар, Аяжан, Әпенденің айнасы т.б. ірілі-ұсақты көлемді шығармаларынан басқа, қысқа-қысқа әңгімелерінен де Бурыл ат, Ана жүрегі, Әріппай мен көкжал қасқыр, Аяқталмаған мәжіліс, Хат. Әдебиетте өзіндік орны бар, жеке зерттеуді, талдауды, түйіндерді қажетсініп тұрған, сұранып тұрған мол әдеби мұра болып табылады. Біз солардың ішіндегі шоқтығы биік, баланың көңіліне бақыт, ерекше бір қуаныш сезімін ұялатар, бәрімізге ыстық Менің атым Қожа повесін, оның балалар әдебиетіндегі алар орнын сөз еттік. Бүгінгі таңда осы жағына аса мән беріп, шығармашылық табысына жетік көз жіберетін болсақ біраз нәрсені аңғаруға болады екен. Біріншіден, ауыл өмірін басынан өткерген баланың сан соқпақты тағдыры, бала санасын сан саққа жүгіртіп, ақыр аяғында өзінше тұжырым жасауға мәжбүр еткен. Қайда барса да, қандай шаруамен айналысса да, кіммен сөйлессе де, жетім баланың көңіліндегі күпті ойы кінәмшілдік төңірегіңде түлейді. Ол мейлі әкесіз жетім болсын, мейлі ол жетімдік ғұмыр болсын, ауыл өміріндегі сол жетімсіздіктің жұтаң бедерін, жадау ұсқынын көз алдыңа әкеліп, әрбір ортадан көрген қақ - сұқтың елеусіз сәттерін тумысында зерделі бала көкірегіне түйіп, бертін келе көксеген көсегесіне арқау етеді. Рас оны табиғат көркі мен сол кездегі ауылдың аңғалжандары арасындағы әр қилы мінез-қылық, тез еліктегіш баланың ұрпаққа, бір жағы мазақтық дәрежеде, енді бір жағы естен кетпес ызалы шақтар, болашақ жазушы баланың жан жаратылысына жайма-шуақтығымен қатар ыза - кегін күрсінте қоса теккен ортасы оны адам етіп жаратқан. Әр нәрсе әу басында өзіне жарасымды әдемілігімен дүниеге келе бермейтін көрінеді. Бірақ оның жаңды дүние болса өзінің айналасындағы өзі тектес жаратылыстармен соқтығысып барып қашан өз орнын тапқанша өмір ортасы шыңдап, шымырлап, сұңғыла ететін жайы бар. Ал зат болса оны табиғаттың желі бар, суы бар, дауылы бар, әйтеуір осы сияқты табиғат құбылыстары мүсіндейтіні анық. Болмаса бүгінгі қазынамыз деп жатқан түрлі-түсті асыл тастарың да, көмір, темір, газдарың да соның жемісі емес пе. Адамзат та осы құбылыстан әсте кенже қалып көрмеген. Оның үстіне адам үздіксіз қозғалыстың түлеткен жаны болса. Біздің Бердібек ағамыздың шыңдалу мектебі осы тұстан шаң беріп, қарапайым халықтың қарабайыр тұрмысында шындалып келіп, совет заманындағы бүкіл әлем әдебиетінен жаманды-жақсылы хабардар ететін ортада суарылған. Бұл нағыз әкел бері, істе жылдам, еткіз тездің шыдамсыз ордасы еді. Осы мектептің ортасында жүріп, соның орынды ағымына көшіп жүре бермей, өтіп жатқан өмірдің өрісіне байыпты қарап, байсалды әрекет жасаған жазушы. Осы байыпты қараудың арқасында бұл кісінің алған ұлағатты жолдары аз болмаған. Оған мысал, біріншіден, Саттар Ерубаев сияқты ағасының "Менің құрдастарымдағы" жазылу шеберлігі бұл кісіге үлкен әсер еткен. Мұндағы әрбір тараудың қысқа-қысқа қайырылып, автордың айтайын деген ойын тым ауырлатпай жеңіл, елгезек тілмен албырт жастың ықыласын бірден мезі етпей, елпілдетіп алып кететін тәсілін қатты қабылдаған.
Болмаса сіз "Менің атым -- Қожаны" оқып көріңіз. Екіншіден, батыс әдебиетінде романның әрбір тарауына айдар ретінде көне қағидалардан үзінді беріп, оқушы үмітіне үкі тағып үздіксіз жетектейтін тәсіл бар. Мысалы Вольтер Скоттің "Айвенгосын" қараңыз. Бұл тәсіл тағы бір жазушымызда басқаша жолын тапқан, мысалы, Жюль Верннің "Дәрігер Окстің тәжірибесі" сияқты тағы басқа шығармаларда қолданған әрбір тараудың мазмұнын қысқаша баяндап кету нұсқасы, өз дәрежесінде шығарманы өте ұтымды және өте қызғылықты етіп көрсетері анық.
II. Қосымша білім беру жүйесінде Кітаптар әлемінде үйірмесін ұйымдастырудың әдістемесі.
Толыққанды жеке тұлға дайындау жүйесіндегі институттар ішінде мектептен тыс білім беру орындары маңызды рөл аткарады. Осы орындарда көптеген жылдар бойы жастарды мәдениетке тарту, жеке шығармашылық мүмкіндіктері мен дарынын дамыту жолға қойылған.
Бүгінгі танда өздігінен жұмыс істей алатын, білімін терендете білетін, өмірде өз орнын табуға құлшынатын жастарды дайындауға сұраныс өте зор. Осы мақсаттарды іс жүзіне асыру үшін тәрбиелеу мен оқытудың жаңа түрлері мен әдістерін табу қажет. Осындай білім беру үрдісінің негізінде өз мүмкіндіктерімен, қажеттілігімен және мүдделерімен жеке тұлға тұруы керек. Қазақстан Республикасының Білім беру Заңының Дамыту жолындағы оқыту бағдарламасы туралы 12-бабында мектептен тыс оқу орындары жұмыстарының негізгі бағыттары белгіленген. Мектептен тыс білім берудің негізгі мақсаты мыналар: - 6 жас пен 18 жас аралығындағы жастарға жеке тұлға ретінде дамуына, денсаулықтарын шынықтыруына, кәсіби жағынан өз жолдарын дұрыс тандауына, шығармашылықпен еңбектенуіне қажетті жағдайлар жасау; - оларды қоғам өміріне машықтандыру; - жалпы мәдени деңгейлерін қалыптастыру; - бос уақыттарын пайдалы да мағыналы өткізуді ұйымдастыру. Мектептен тыс білім беру орындары баланың ақыл-ой деңгейінің дамуында, мүдделерін қанағатандыруда, кәсіби өзін-өзі анықтау қабілетінің артуында, жасөспірімдерді тәрбиелеуде үлкен орын алады. Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруға педагогтар ұжымының даму стратегиясы мен тактикасында басшылыққа алатын негізгі идеясы -- жастардың шығармашылық өсіп-өркендеуі. Әрбір баланың дарынды болуы үшін педагогтар мен ата-ананың негізгі мақсаты -- баланың қабілетін арттыру. Балалар мектептен тыс білім беру орындарын өздері еркін тандайды. Мектептен тыс білім беру орындары балалардың отбасында, басқа орындарда олардың тәлім-тәрбиесін алдарына қойған мақсаттарына сәйкестендіре, жаңа әдістерді пайдалана отырып терендете түсуі қажет. Мектептен тыс білім беру орындарында үш түрлі мақсат ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz