Компьютерлік оқыту технологиясы


Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті
Гуманитарлық ғылымдар факультеті
Білім технологиялары кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы : Компьютерлік оқыту технологиясы
Орындаған: Елеусіз А.
Қабылдаған: Абдуллина Г.
Тобы: ППМ-711
Түркістан қаласы
2018-2019ж.
Жоспары :
I. Кіріспе бөлім
II. Негізгі бөлім
- Компьютерлік оқыту технологиясына түсінік
- Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері
- Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері
III. Қорытынды бөлім
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Оқыту, білім беру тәжірибесі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап етеді. Сол себептен педагогикалық процесті технологияландыру мәселесі маңызды болып саналады.
XXI-ғасыр ақпараттық қоғамда және өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру әлемі де өзінің дамуы үшін жаңа қадамдар жасауда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытуда жаңа технологиялардың пайда болуы күмәнсіз.
Қазіргі ақпараттық қоғамда өндірістің дамуының негізгі құралы болып ақпараттық ресурстардың қажеттілігі көрінеді. Сондықтан білім беру саласы да өзінің дамуы үшін жаңа қадамдарға баруда. Осыған байланысты адамға ақпараттар кеңістігінде дұрыс бағытты таңдауға мүмкіндік жасай алатын оқытудың жаңа технологиялары пайда болуда.
Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды.
Ұрпақ үшін кітаптың маңызы қандай болса, компьютер де оқушы үшін қоршаған әлемді танудың табиғи құралы болып табылады. Олай болса, барлық сабақтарды компьютерлердің қуаттануымен жүргізуді үйрену - бүгінгі күннің кезек күттірмейтін өзекті мәселелерінің бірі.
Бастауыш мектеп кезеңі үздіксіз білім алу жүйесінің құрамды бөлігі, ол адамның жеке басының дамуының бастапқы кезеңі болып табылады. Баланың өзінетән балалық іс-әректінің меңгеруі барысында оның жеке басының себеп-салдарлық құрылысы қалыптасады. Іс-әрекетінің тәжірибесін жалпылау жүреді, қоршаған орта туралы динамикалық дамуы жинақталады. Бұның барлығы өзінің әрекетінде мақсатқа жету шартында баланың бағытына көмек жасайды.
1. Компьютерлік технология ( Компьютерная технология; computer technology ) - компьютерлік өңдеу базасындагы ақпараттық технология. Ақпарат технологиясы (ағылш. information technology , қысқ. IT) - объектінің, процестің немесе құбылыстың күйі туралы жаңа ақпарат алу үшін мәліметтерді жинау, өңдеу, жеткізу тәсілдері мен құралдарының жиынтығын пайдаланатын процесс.
Ақпарат технологиясы дегеніміз компьютерді және телекоммуникациялық жабдықтарды деректерді сақтау, шығару, тасымалдау және өзгертуге арналған технология. «Ақпараттық технологиялар» термині 1958 жылы Гарвард Бизнес шолуында алғаш рет пайда болды; Гарольд Дж. Я. Либет және Томас Л. Висслер былай деп жазды: «Жаңа технология әлі де басқарылмайды. Біз ақпараттық технологиясы (IT) деп атаймыз. ” Анықтамасы үш санатты қамтиды: өңдеу әдістері, шешімдерді енгізу және модельдеудің статистикалық және математикалық әдістері, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудің жоғарғы тәртібін енгізу.
Ақпарат технологиясы - ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық элементтердің, құрылғылардың немесе әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технология (немесе көпшілікке IT атымен танымал ұғым) - қазіргі компьютерлік технология негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өндеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.
Ақпараттық технологиялардың мақсаты - адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өңдіру болып табылады.
Техникалық құралдарға дербес компьютер, байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Техникалық және ақпараттық жабдықтамаларға тікелей тәуелді болып келетін программалық құралдар жинақтау, өңдеу, талдау қызметін атқарады.
Әлем ақпараттық қоғамға ақ басқан қазіргі заманда
ақпараттық мәдениет деңгейі кез келген мемлекеттің дамуының
басты кепілі болып отыр.
Бүгінде біз орта білім беруді одан әрі ақпараттандырудың екінші
кезеңіне көштік, ол мазмұндық тұрғыда болады және комьютерлік
сауаттылықтан жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетінің ілгері
операциялық негіздеріне асуды білдіреді, мұнда әрбір оқушы
ақпаратқа, қазіргі ақпараттық технологияларға назар салып қана
қоймай, оны тиімді қолдана білуі, ғаламдық ақпарат желісін
пайдалана алуы, әрі басқа пән сабақтарымен байланыстыра білуі
керек.
Оқытуды компьютерлендіру, яғни ақпараттандыру қазіргі дидактика мен нақты
әдіс-тәсілді дамыту тенденциясы ретінде қарастырылады. Әлемді компьютер
жайлаған бүгінгі күнде компьютерді тиімді де нәтижелі пайдалану үшін,
біріншіден, жалпы білімдік және кәсіби сауттылық қажет. Олай дейтініміз,
компьютермен жұмыс жасағанда, қандай да болсын сөйлем қателіктерін түсінбейтін
ескеру керек. Машина көмегімен бұл міндеттерді дұрыс шешу үшін көрініс
нобайын не процесін дұрыс құра білу керек.
Оқыту технологиясын оқу процесіне лайықтап ұйымдастыруға ғылыми амал
таппаса болмайды. Сондай-ақ, мектептің, жоғары оқу орнының материалдықтехникалық базасын, ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін ескере, жаңарту-шарт.
Электронды оқыту ғылыми-техникалық прогресс дамуының нәтижесінде туды.
Электронды оқыту жүйесі рецептивті және интерактивті болып 2 бөлінеді.
Интерактивті жүйе жеке компьютерді пайдалану, сондай-ақ бейнемагнитофон,
бейнедискілі құрал және теледидар кешендері негізінде құралады. Мұндай қазіргі
заманғы кешендер интерактивті оқытуда аса қымбат тұрғанымен, көрнекілік пен
кері байланысты қамтамасыз етеді.
2.
Компьютерлік оқытудың ерекшеліктері
-оқушылардың өзіндік реттеу қабілетін дамыту;
-оқушының әлеуметтік пісіп жетілген тұлғалық сапаларын тәрбиелеу арқылы
оқушының өзін өзгертуге бағытталған процесс;
-компьютер оқу процесін іскерлік тұрғыда ұйымдастырудың барынша
адекватты техникалық құралы;
-компьютер белсенді әріптес рөліне еніп, оқушылардың іс-әрекет ынтасын
арттыра түседі;
-компьютердің бағдарламалық оқыту процесінің тұтастығын бұзбастан оны
оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып ұйымдастыруға жол ашады;
«Оқушы компьютер» жүйесіндегі оқушының оқу материалдарын меңгеруге
байланысты шешім қабылдауы - оның санасында барлық жан дүниелік
мүдделер мен талаптар мұқият таразыланатын жеке де күрделі процесс.
Мектептегі, жоғарғы оқу орындарындағы компьютердің
көптігіне қарамастан сабақтағы орталық тұлға «оқушы -
компьютер» жүйесіндегің өзара өарым-қатынасты
реттейтін мұғалім болып қалады. Өйткені ол - жалпы
компьютерлік сауаттылық жағдайындағы оқу процесінің
әдіснамасы мен әдістемесін меңгерген адам.
Компьютерлік оқыту бағдарламалары оқытуды талдау
мүмкіндігін кеңейтеді, яғни ол теориялық негіздерін
құрайтын бағдарланған оқытудың жалпы ұстанымдарын
қолдануға ыңғайлы:
Өзара тығыз байланысты материалдарды үлкен емес
кішкене бөлшектерге бөлу (бөлік, қадам) ;
Бағдарланған мәтіндерді оқып үйренуге оқушылар
белсенділігін арттыру;
Оқушының әрбір жауабына артынша баға беру;
Оқудың қарқыны мен мазмұнын дараландыру;
Компьютерлік технология төменгі 3 нұсқада іске асады:
*Компьютерді жекелеген тақырып, тақырыпшыларға қолдану, яғни «сіңіру»
технологиясы;
*Берілген технологияның ең маңызды негізгі функциясын анықтайтын бөлігі;
*Монотехнология, яғни барлық оқыту, басқару, бақылау тек қана компьютерді
қолдануға сүйенеді.
3. Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктері мынадай :
- Оқытудың компьютерлік технологиялары оқу іс-әрекеттері мен амалдарын ескере отырып танымдық белсенділігінің барлық түрлерін қамтитындай мақсатта құрылу керек. Бұл оқыту үрдісінде компьютерді қолдануда ешқандай кемшілікті болдыртпайды. Компьютерлік технология оқушыларға білім беріп қана қоймай, оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастырып, басқару қызметін де атқаруы керек.
- Оқытудың компьютерлік технологиясы игерілетін объекті ретінде сәйкес білім мен дағды мазмұнына алдын-ала жасалған анализ негізінде құрылуы қажет.
- Әр бағдарлама белгілі бір іс-әрекеттер мен амалдар ретінде берілген мазмұнды игеру үшін қолданысқа түсе алатын жағдайда жасалуы керек, аталған іс-әрекеттің жиынтығы оқу пәндерінің интеграциясына негіз болды.
- Осы технологиямен жұмыс істей отырып, адам оларға үйреніп қана қоймай, бірталай пәндік материалдың қайта жасалуын жүзеге асыра отырып, бірге жұмыс істейді, сондай-ақ қойылған талаптар бойынша осы қайта құруларды бақылайды.
- Компьютерлік технология оқушылар арасындағы, оқушы мен оқытушы арасындағы ортақ іс-әрекетті ұйымдастыру құралы болп табылады, осы іс-әрекеттің келесі түрлерін қамтамасыз етеді:
- Оқу тапсырмасын орындау кезінде оқушылардың іс-әрекеті мен амалдарын бақылау және және бағалау;
- Оқу тапсырмасын орындау кезінде қатысушыларға іс-әрекеттер мен амалдарды бөліп беру;
- Оқытушы таратқан объектіні қайта жасау схемеларын бірігп модельдеу;
- Объектіні бейнелеу және бір оқушының орындаған тапсырмасының шешілу жолымен екінші оқушыны таныстыру.
- Оқу белсенділігін ұйымдастырудың осы түрлері оқытушыға компьютерлік технологияны оқу белсенділігін (коллективтік) ұжымдық полилог ретінде, яғни оқу жағдайын қатысушылардың ынтымақтастығы мен өзара байланысын қамтамасыз ететін динамикалық модельденген коммуникативті-ұйымдасқан орта ретінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- Компьютерлік жүйенің жекелеген түрлері оқу белсенділігінің жеке бөліктері құрылымы дәрежесін білу үшін қолданылуы қажет, сондай-ақ белгілі бір білім және дағды мазмұнын игеру нәтижесін бақылау және бағалау.
- Оқу компьютерлік технологияны адам дамуының өмір жасы аспектілерін ескеруі тиіс; әр түрлі өмір жасына сәйкес мазмұн берудің алуан түрлі әдісі болу керек (кіші жастағы ойын түрлерінен бастап орта және жоғарғы мектеп жасындағы іздену және зерттеу шығармашылық түрлеріне дейін) .
- Оқытудың компьютерлік жүйесінің құрылуы оның әр түрлі оқу жағдайында қолданылу әдістерін кең түрде игеру тәсілі бойынша іске асуы қажет.
Сонымен, компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқу әрекетінің мазмұнына жүргізілген талдау, сондай-ақ қазіргі теория мен практиканың жағдайын зерттеу төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік береді:
- Компьютерлік технологияның педагогикалық мүмкіндіктерін пайдалану негізінде оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру-оқу-таным іс-әрекетінің мотивациялық-тұлғалық, мазмұнды-амалдық, процессуалды-еріктік бөліктерін қамтитын бүтіндей жүйе болып табылады;
- Виртуальды стенд, интернет жүйесі, электрондық оқу құралдары, мультимедиа және т. б. оқушының танымдық белсендігін қалыптастыратын, шығармашылық ізденіске баулитын оқыту ортасы ретінде қарастырылады;
Қорытынды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz