Дүниетану сабақтарында дамыта оқытудың практикалық аспектілері


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

Гуманитарлық ғылымдар факультеті

Білім технологиялары кафедрасы

800px-Yesevi.edu.kz@mail.ru.jpg

ЖОБА

Пәні:Педагогикалық технология және инновация

Тақырыбы : Дамыта оқыту технологиясын пайдалану жолдары

Қабылдаған:Абдуллина. Г

Орындаған:ППМ-611(F) тобының студенті Ташметова. Д

Түркістан-2019

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім

  1. Дүниетану сабақтарында дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздеріОтандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқытуДамыта оқытудың тиімділігі
  2. Дүниетану сабақтарында дамыта оқытудың практикалық аспектілеріДамыта оқыту технологиясын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру. Дамыта оқыту технологиясын дүниетану сабағында қолдану

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Ел дамуының ертеңгі бағыт-бағдарын саралаған елбасының жолдауында білім беру саласына : «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен анықталады». Әлемдік білім кеңістігіне толығымен кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді талап ететіні сөзсіз деп ерекше мән берілген. Алайда жаһандану дәуірінде қатаң бәсекеге төтеп бере алатын мемлекет қана өркениет көшіне ілесе алады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті ең алдымен оның білімділік сипатымен айқындалатынын ескере келе, білім мен тәрбие беру саласының маңызы ерекше екенін мойындауымыз керек.

Адам қазіргі дамуында табиғаты мен ойының мөлшерсіз мүмкіндіктерін игеруге ұмтылуы керек. Қазіргі таңда мұғалімдердің негізгі міндеті-ұлттық тілі жоғары, сана сезімі дамыған, өзіндік көзқарасы бар жеке тұлғаны қалыптастыру және оқушылардың өз бетімен білім алу жолына үйрету. Осыған орай оқушы оқыту үрдісініде, әрбір сабақта өзінің оқу әрекетінің мақсат-міндеттерін анықтап, соларды іске асырудың нақты тәсілдері мен амалдарын қолданып, өзін-өзі бақылап отыруға тиіс. Міне, осындай жағдайда ғана балада білімге деген қажеттілік, талпыныс, қызығу, танымдық белсенділігі қалыптасады. Оқушыны оқу үрдісінің нысаны ретінде ғана санамай, оны сол үрдістің тең құқықты мүшесі ретінде қабылдап, оқушыға бет бұру қазіргі мектеп дамуының негізгі қарқынының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылық пен таным субъектісі ретінде көрінумен бедерленеді делінген. Осыдан білім беру саласында ең алғашқы орында тұрған ол-мектеп мәселесі екенін аңғара аламыз. Себебі, мектеп бүкіл білім жүйесінің бастау алар тұсы, білімділіктің іргетасы қаланар сынақ алаңы. Бүгінгі күннің кезекті мәселесі сапалы білім беру үшін мұғалімдер даярлау. Білімнің сапалы болуы үшін ең алдымен білім бұлағы-кітапта демекші жақсы көңілге қонарлық оқулық және білімді оқушы санасына сіңіре алатын шебер мұғалім қажет.

Зерттеудің мақсаты: Білім беру сатылары арасындағы дамытудағы сабақтастықты талдау және тәжірибие мен теория жүзінде сабақтастықтың тиімділігін қалыптастыру. Оқытудың түрлері және әдіс-тәсілдеріндегі сабақтастықтың дидактикалық шарттарын тұжырымдау, оқушылардың үздіксіз дүниетану дайындығындағы сабақтастықтың теориялық, ғылыми-әдістемелік негізін жасау.

Зерттеудің міндеттері: Оқыту мен тәрбие процесінің диалектикасы оның өзара байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалылығында және қарама-қайшылығында ашылады. Сондықтан қарама-қайшылықты шешіп, сапалы білім беру үшін мектепте дүниетануды дамыта оқытуда сабақтастықты қамтамасыз ету қажет.

  1. Бастауыш білім берудегі дамыта оқыту технологиясының тиімділігін анықтау
  2. Дүниетану пәнінде дамыта оқыту технологиясын қолдану
  3. Дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Зерттеудің тиімділігі:

  • жаңа таным құралдарын пайдалануға және ұйымдастыруға жағдай жасайды;
  • білім беруді ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етеді;
  • білім сапасын арттыруға септігін тигізеді;
  • оқышылардың танымдық қызығушылығын арттырады;
  • оқытудың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтеді;
  • алған білім негізін дамыта отырып оқушының шығармашылық деңгейін шыңдап, жетістіктерге жетуіне көмектеседі;
  • мұғаліммен оқушының арасында құқылы қарым-қатынас болады;
  • ұжымдық үрдіс жүзеге асады;
  • оқушылардың бойында белсенділік, қызығушылық, таным деңгейі жоғарылайды;
  • оқушыны жалықтырмайды, қызығушылық пен құлшыныс пайда болады.
  1. Дүниетану сабақтарында дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздеріОтандық білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту

Дамыта оқыту

Қазіргі кезеңде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі -қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрлармен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми-әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару-еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін ауқымды істер.

Дамыта оқыту -оқыту-күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы : көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үрдісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым-қатынасы сипатында, танып-білу үрдісін ұйымдастыру және ондағы коммуникациялар түрлерінде, т. б.

Дамыта оқыту - білім беру мекемесінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектептен тыс іске асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, қалыптасуына жеткізетін амал.

Даму дегеніміз материалдық және идеялық объективтілердің қайтымысыз, нақты бағытталған, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында ескіден болса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады. (З. Қараев)

Дамыта оқыту идеясы- ТМД елдерінде әжептәуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде “Дамыта оқыту" халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың президенті-академик В. П. Зинченко.

“Эльконин мен Давытовтың дамыта оқыту жүйесі " бойынша Мәскеудің психология институтының зертханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі-дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі Эльконин Данил Борисовичтің ұлы, ізбасары профессор Эльконин Борис Данилович .

Профессор Б. Д. Элькониннің пікірі бойынша “Дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және оны тану үрдісі баланың сол үрдіспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады.

В. С. Лазарев ойы бойынша , дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, педагогтерді ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет.

Орта мектепте дамыта оқыту бағыты мен іргелі түрлендіруді Ю. В. Громыко қолайлы деп санайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкіндік бар.

А. Б. Воронцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.

Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық, әр біреуінің ұтымдылығы әр түрлі. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануғ іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тап болып келеді.

Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан:

1. Оқыту үрдісінде танып-білу арналған материалға және оның игеру уәжіне оқушының қызығуын тудыру.

2. Мұғалім білім беру мазмұнын өңдеп жоспарлағанда оқыту үрдісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үрдісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілетті, білімі жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза сынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.

1. Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының “жеңістің жағдаятын" алдын ала ескеру қажеттігі туралы, яғни оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шығады басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.

2. Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.

3. “Сырттағы” білімді “іштегі" білімге алмастыруға арналған іс-әрекеттер тілектерін алдын ала болжау қажет. Бұл нәтиже топтық талдау, пікірталас және т. б. жеткізеді.

4. Дамыта оқыту үрдісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арқасында жетуі керек.

Дамыта оөту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім-сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағытталуы адам ретінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзіне дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар әр жағдайда дұрыс бола бермек. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесі бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді. Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірімен тығыз байланысты: “Қажеттілікті анықтау, оның активін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету үрдісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару".

Бүгінгі кезде жоғарыда жазылған барлық сипаттаушы қасиеттерін игерген мектеп саны жоққа жуық. Бірақ, бұл мақсатқа ынталанған мектептер бар.

Сонымен, жалпылап айтқанда, оқушы тұлғасының дамуына ықпал жасайтын сабақтар үлгісінің бәріне жүктелетін міндеттер жүйесі төмендегідей:

  • оқушылардың базалық білім, естелік, дағдыларын (білім беру стандарты бойынша) игеру жүйесін жетілдіру;
  • оқыту үрдісінде оқушының теориялық және өнімділік ой құрастыру әрекеттерін, танымдық қабілеттерін белсендіру;
  • оқушылардың танымдық қызығуларын, оқуға деген мотивациясын дамыту;
  • оқу материалын игеруде және іс-әрекеттерінде жете ұғынуға талпындыру;
  • белгілі бір мәселе шешуде оқушылардың ынтымақтастығын, серіктестігін ұйымдастыру ;
  • көбіне оқу жұмысының топтық түрлерін қолдану;
  • оқушылардың өзіндік жұмыстарының ізденісті-зерттеу түрлерін ұйымдастыру;
  • оқу үрдісінде компьютерлік технологияларды қолдану;
  • оқыту барысында әр түрлі шапшаңдықпен және әр түрлі көлемді оқу материалын игерудің мүмкіншілігіне ашу;
  • дамытуды оқытуға арналған ойындарды қолдану;
  • жаттығу сабақтарын сапалы ұйымдастыру.

Осы міндеттерге жүгіне отырып, дәстүрлі білім беру жүйесінде де оқушы дамуына жәрдемдесетін кейбір қажетті қасиеттер бар. Олар:

  • Мектепте және әрбір сыныпта, оқу тобына мұғалім мен оқушылардың күш-жігерлерін біріктіретін оңтайлы жағдай тудыратын тілектестік жұмыс жағдайын қалыптастыру;
  • Оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы ( өзара сайлау, түсінісу, әрекеттестік ұстанымымен жеке тұлғалық түсінушілік негізінде іске асырылуы) ;
  • Оқыту үрдісінде репродуктивтік және шығармашылық іс-әрекеттер оқушылардың жеке бас ерекшеліктерімен, уақытша жағдайымен, оқыту материалының деңгейімен анықталуы;
  • Оқыту деңгейінің анықталған бірізділікті-біртінденушіліктің болуы ( оқыту жылдарына байланысты, нәтижелеріне байланысты, білім беру стандарттарына сәйкес, т. б. ) ;
  • Оқу материалы бөлек-бөлек пәндерге бөлінуі және соған қоса кіріктірілген курстардың да болуы ( табиғаттану, әлеуметтік ғылымдар, қоршаған орта және т. б. ) ;
  • Оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін тудырып, қабілеттерінің жан-жақты дамуына ынталандыруды көздеген әр түрлі әдіс- тәсілдердің кең қолданылуы (диалог-сабақтар, ғылыми жоба қорғау сабақтары, пікірталас, іскерлік ойын сабақтары, т. б. ) ;
  • Оқушылар әжептәуір уақыт аралығында мысалы, ( бір, не бірнеше жыл) белгіленген бір тұрақты топтарда сабақтасуы. Бұл топтардың ішінде аз сынды топтар қалыптасып уақытша (бір, не бірнеше сабаққа) қызметтесуінің мүмкіндігі және жұппенжұмыс, жеке оқушымен жұмыс жүргізілуі;
  • Балалардың эмоционалды-сезімділік және абстрактілі, логикалық ой құрастыруын дамытуға ықпал етілуі;
  • Үкіметтің білім беру саласындағы стандарттары бәріне бірдей екендігін естен шығармай, жалпы білім беруді кемсітпей, оқыту үрдісінде әрбір оқушының қажеттіліктері мен қызығуларының ескерілуі;
  • Оқу жоспарларында міндеттелген және таңдап оқитын пәндердің үйлесімді қосылуы;
  • Оқушылардың танымдық қызығуын арттырып және білім алу нәтижелерін жүйелі талдаудан өткізіп, бағалау;
  • Оқушылардың өздерінің жетістіктерін өздеріне талданып, өздік бағалау әрекеттерінің ұйымдастырылуы.

Қазір біздің елдің мектептерінде осының бірталай баптары игерілу үстінде. Олар: мектептерде өзіндік басқару ұйымдары, топтық жұмыс істеу әдістері мен түрлері, таңдап оқитын курстардың санының көбеюі, т. б.

Балама мектеп идеяларын дәстүрлі мектепке енгізудің қажеттілігінің негізгі дәлелі білім беру мақсатының, бағытының өзгеруіне жатыр, яғни ол таза әлеуметтік бағытталған мақсаттан тұлғалық бағытталған мақсатқа ауысуына.

Осының барлығын іске асыру үшін кәсіби шеберлігін шыңдауға шаршамайтын, ұстаздықтан жалықпайтын, танымгер, өз әсеріне құштар, яғни демократиялық әулеті жете дамыған мұғалім қажет. “Бала ұрпақты баулу, тәрбиелеу-аға ұрпақтың мойнына жүктелетін тарихи парыз, игілікті уәзипа”-де, ақылды ақын М. Әлімбаев айтқандай, әрбір ересек адамның сана-сезіміне салмақты орын алуы тектік қорымызды сақтауға жетелеуші алғышарт болып табылады.

Оқыту процесінде дамыту

Ағымдағы жүзжылдықтың 30 жылдары Л. С Выготский қазіргі замандағы оқытудың концептуалдық қағидаларының бірін тұжырымдады;

“Оқыту дамытудың аяғында сүйретілмей, оны артынан жетелеп келеді ”. Егер осы ереженің бірінші бөлімі психикалық даму мен оқытудың байланысын тіркеп отырса, онда екіншісі -оқытудың осындай рөлін қамтамасыз етуші психологиялық механизмдердің қандай екендігі туралы сұраққа жауап ұйғарады. Бұл жерде Л. С. Выготский бала дамуының < … ішкі сипаты бар, бұл жетілу мен оқытудың әсері бірге қосылатын бірыңғай процесс екнін> атап өтті. Л. C. Выготскийдің, Д. Б. Элькониннің, В. В. Давыдовтың өздерінің зерттеулері баланың өмірге белсенді бейімделуінің барлық жағдайын бейнелейтін дамыта оқытудың отандық тұжырымдамасы әзірлемесінің психологиялық негіздерін салды;

Табиғат әлеміне, жалпы адамзаттық мәдениетке, маңызды басқа әлемдерге ену, сонымен қатар, баланың өзіндік сана -сезімін дамыту . Қазіргі уақытта дамыта оқытудың В. В. Давыдов пен Л. В. Занков ұсынған негізгі екі түрлі жүйелі түрде зерттелген. Егер біріншісі Л. С. Выготский, Д. Б. Эльконин, А. Н. Леонтьевтің
ережелеріне негізделсе, екіншісі Л. В. Занков шығармашылығымен тұтас барлық
психологиялық және педагогикалық жетістіктердің шығармашылық тұрғыда
қайта өнделеген тәжірибесі болып табылады. Соның өзінде Л. В. Занков бұл
тәжірибеге өзінің эксперементалдық жүйесін әзірлемес бұрын және оны
аяқтағаннан соң да біршама сенімсіздікпен бағалаған болатын. Ол педагогика
мен психологияның жетістіктеріне сүйену мүмкіндіктері алдыңғы кезеңмен
салыстырғанда айтарлықтай кеңейген жоқ деп санады.

Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту

Л. В Занков мектеп оқушыларын қарқынды дамыту міндетін қоя отырып. Оның көзқарасы бойынша, оқу материалының заңсыз жеңілдетілуінің, оның қиынсыз баяу оқытылуы және бірсарында қайталануын сын көзбен бағалайды. Л. В Занков бойынша, дамыта оқыту ең алдымен, осы оқудағы жетіспеушіліктерді жоюға бағытталған. Л. В Занковтың зерттеген дамыта оқытудың эксперименталдық жүйесінде келесі принциптер орын алады:

- қиындықты жоғары деңгейінде оқыту. Оны жүзеге асыру қиындық өлшемін сақтау, тосқауылдарды жою, оқылатын құбылыстардың өзара байланысы мен жүйелілігін түсінуді ұйғарады;

- теоретикалық білімдердің жетекші рөлі, принципі, оған сәйкес ұғымдар, қарым-қатынастар, оқу пәні ішіндегі байланыс пен пәндер арасындағы байланыс дағдылар қалыптастыру маңыздылығынан кем емес;

- мектеп оқушыларының өзінің оқуын өзіндік сана-сезімімен ұғынуы. Ол рефлексия, өзін оқу субъектісі ретінде ұғынуы;

- барлық оқушылардың дамуы бойынша жұмыс принципі. Оған сәйкес, жеке ерекшеліктер ескерілуі тиіс, бірақ оқыту барлығын дамытуы тиіс, себебі “дамыту оқытудың нәтижесі”.

Л. В. Занков жүйесінің негізгі ерекшеліктері болып: мектеп оқушыларының жоғары жалпы дамуына бағытталуы; оқытудың жүргізілуінің жоғары деңгейіндегі қиыншылығы; оқу материалын өтудің тез жылдамдылығы, теоретикалық білімдердің үлес салмағының күрт көтерілуі. Оқытудың берілген жүйесі ойлауды, оқушының эмоциялық саласын дамытады, оқығанының негізгі мазмұны мен жалпы мағынасын анықтауға және түсінуге үйретеді.

Давыдов бойынша дамыта оқыту.

В. В. Давыдовтың дамыта оқыту жүйесі оқытудың қазіргі жүйесіне ең алдымен, оқушының танымдық әрекеті, танымның бағыты бойынша қарама-қарсы қойылған. Қазіргі оқыту көп жағдайда жекеден, нақтыдан, жалғыздан- ортаққа, абстрактіліге, тұтастыққа бағытталған, жағдайдан, фактіден-жүйеге; құбылыстан-мәнге бағытталғаны мәлім. Осындай оқытудың барысында дамитын баланың ойлауы В. В. Давыдов бойынша, эмпирикалық деп аталады. Л. С. Выготский мен Д. Б. Элькониннің жұмыстарының жалпы теоретикалық контексінде В. В. Давыдов оқытудың жаңа жүйесінің дәстүрліден гөрі: жалпыдан жекеге, абстрактіден нақтыға, жүйеліден жалғызға бағытталған теоретикалық әзірлемелеу мүмкіндігі туралы мәселе көтерді. Осындай оқытудың процесінде дамитын баланың ойлауын В. В. Давыдов теоретикалық, ал осындай оқытудың өзін- дамытушы деп атады. Бұл жерде В. В. Давыдов ой-еңбегінің дамуында оқытудың жетекші маңыздылығы, ең алдымен меңгерілетін білімдердің мазмұны арқылы көрінеді деген Л. С. Выготский мен Д. Б. Элькониннің негізгі ережелеріне сүйенеді, одан оқытуды ұйымдастырудағы әдістер туады. В. В. Давыдов тек қана оқу пәндерінің мазмұнын ғана емес, оқу әрекетінде осы пәндерді игеру барысында оқушыда қалыптасуға тиіс біліктерді де тұжырымдайды:

- “Жалпы және абстрактілі сипаттағы білімдерді меңгеру”;
- Берілген оқу пәнін немесе оның негізгі тарауларын белгілейтін білімдерді олардың пайда болуының шарттарын талдау процесінде меңгеру;

- Оқушылардың қандай да болмасын білімдерінің заттылық көзін анықтауда оқушылар оқу пәнінде ең алдымен берілген білім объектінің мазмұны мен құрылымын, ортақ қатынасын анықтай алуға қабілетті болулары тиіс.

- Бұл қатынасты оқушылар ерекше заттылық, графикалық немесе әріптік модельдерде қайта жаңғыртады, ол оның қасиетін таза түрде зерттеуге мүмкіндік береді.

- Оқушылардың әрекеттерді орындауда ой-еңбектік тұрғыдан сыртқы тұрғыға және кері орындауға ауыса алу қабілеттері болуы тиіс. [1]

1. 2. Дамыта оқытудың тиімділігі

Дамыта оқытудың тиімділігі

Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.

«Даму» ұғымы сөздікте « . . . мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы, » - деп түсіндіріледі.

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы-жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады.

Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л. С. Выготский.

Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

1. Бала дамуының жақын аймағы - баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.

2. Бала дамуының қол жеткен аймағы - баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Занков жүйесі бойынша дамыта оқыту
Екінші сыныпта дүниетануды оқытудың ерекшеліктері
Құзыреттілік теориясы
Пәнді оқытуда жоспарланған нәтижелер
Өлкетану деректерін жинақтау
Окушыларды сабаққа даярлау
Бастауыш сыныпта дүниетану сабағында оқытудың әдіс тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру
Дүниетану сабақтарында өзіндік жұмыстарды пайдалану мүмкіндіктері
Экологиялық білімін қалыптастыру және тәрбие беру теориялық негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz