Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы


Кіріспе.
Тақырыптың көкейтестілігі:
Қазақсан Республикасының тәуелсіздігіне орай елімізде жүріп жатқан реформалау процесі, оның тек экономикалық саласын ғана қамтып қоймай, сонымен бірге әлеуметтік - гуманитарлық салада да зор өзгерістер жасалуда. Қоғамдағы білім беру жүйесін реформалау - соның айқын айғағы. Соған орай жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын нәтижелі іске асыру педагогикалық оқу орындарында білім алып жатқан болашақ жас мамандардың білім, білік және дағды сапаларының дайындық дәрежесіне байланысты болатындығы бәрімізге мәлім. Мектепте аса маңызды міндетті шешуде «Дидактиканың» атқаратын қызметі айрықша.
Білімді игерудегі мектептептің негізгі міндеті - оқушылардың машықтануын, сонымен қатар олардың шығармашылық қақабілеттерін, ізденістерін дамыту. Осы мақсатпен білімнің қандай да бір саласында бар қорытындыға және олардың негізінде жаңа ерекше бұйымдарды, жобаларды, т. б. жасауға байланысты шығармашылық сипаттағы жұмыстардың сан алуан түрлері қолданылады.
Әр пәннің сипатына қарай шығармашылық жұмыстар сан алуан бола алады: баяндап жазу, есеп құрастыру және шығару, конструкциялау, тәжірибиелік жұмыстар, т. б. Оқытудың алғашқы жылдары оқу материалдарын игеруге көп көңіл бөлінеді, бірақ бұл үрдісте де оқушылардың шығармашылықпен келуі едәуір орын алады. Балалардың есепті басқа амалдармен шығаруға, мақалаларды өзінше атауға, материалды өзінше баяндауға, суретке жапсыруда, қайсыбір қолдан жасалған бұйымдарды даярлауда өзіндік элементтерді негізуге тырысуларын мақтаудың өзі - мұның бәрі балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуда оқытудың ықпалын едәуір күшейте түседі.
Мектеп дербес ойлап әрекет жасай алатын жас ұрпақты баулуы тиіс.
Оқушылардың абстракциясын, өзіндік ойлау мүмкіндіктерін арттыру жолдарын іздестіру, қарастыру қажет.
Әр тарауға, әр тақырыпқа әр қырымен келуге болады. Бұл курстық жұмыста ол мәселелердің бәрін қамту қиын, мүмкін емес. Сондықтан да мұғалімнің сабақ өту барысында дидактикалық принциптерді, ережелерді, әр түрлі дидактикалық ойындарды тиімді қолдануда оқушылардың өзіндік ойлауға қалыптастырудың мүмкіндіктерін қарастырамыз.
Оқушыларды ойлай білуге дағдыландыру, білімді, жан-жақты болуға үйрету, еліміздің керекті мүшесі болуды саналарына сіңіру, дарынды болуға тәрбиелеу мақсатымен осы зерттеу жұмысы жазылды.
Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын оқыту принциптерін оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады. Дидактиканың негізінде жеке пәндерді оқыту ерекшеліктері де зерттеледі.
Зерттеудің нысан: Оқыту үрдісі . Я. А. Коменский-дидактиканың негізін слаушы.
Зерттеу пәні: Я. А. Коменскийдің дидактикаға қосқан үлесін негіздеу;
Зерттеудің мақсаты. Жас буынды оқыту және тәрбиелеу процестерін жетілдіру тәсілдерін көрсету, оны іске асыру.
Зерттеудің міндеттері:
- Оқыту мен дамытудың арақатынасын анықтау.
- Дәстүрлі емес оқыту жүйесін дәстүрлі оқыту жүйесімен салыстыру.
- Дамыта оқытудың жай дәстүрлі оқытудан оқыту мазмұнындағы өзгешеліктерін; мақсаттағы айырмашылықтарын; дидактикалық принциптердегі өзгешеліктерін; әдіс-тәсілдеріндегі-тәсілдеріндегі өзгешеліктерін; мұғалім еңбегінің нәтижелілігін анықтаудың жаңа көрсеткіштерін салыстыру.
Зерттеудің болжамы:
Егер мектеп оқушыларына білім беруде дидактика әдістемесі пайдаланылса, онда балалардың білім деңгейін жетілдіруге мүмкіндік туғызуға болады.
Зерттеу әдістері:
- Зерттеу мәселелері бойынша педогогикалық- психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге талдау.
- Педагогикадағы дидактикалық әдістемеге эмпирикалық бақылау жүргізу.
- Қарастырылған мәселе аспектісі бойынша зерттеу материалдарын жүйелеу және жіктеу.
Зерттеудің практикалық мәнділігі:
Жұмыстың тәжірибе түрінде жүруі оның зерттелуі мен әдістемелік қолданылуы орта мектеп базасында ұстаздар мен оқушылардың білім- тәрбие процесі кезінде білімдерін ұштастырып, дамуына зор үлес қосады.
Курстық жұмыстың құрылымы - кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Ян Амос Коменский(1592-1670) - чех елінің белгілі ойшылы, педагог.
Ян Амос Коменский 1592 жылдың 28-і наурызында Мордавия елінің Нивнице деген кішкене қалашығында Мартин Коминский мен Анна Хмелованың жанұясында дүниеге келген. Әкесі Мартин Коминский көрші Комне қыстағында дүниеге келген. Ал Мартиннің әкесі - Ян Сегеш- Моравияға Словакия елінен келіп, өзі қоныстанған қыстақ атауына сай Коменский фамилиясын алды. Мартин мен Анна Коминскийлар діни көзқарасты адамдар болғандықтан жергілікті Чех (Моравиялық) бауырлар қоғамының бесенді мүшелері болатын.
Алғашқы білімін Ян сол бауырлар қауымдастығында алды. 1602- 04 жылдары безгек ауруынан оның әкесі мен анасы және екі апасы дүниеден өтті. 1608-10 жылдары Ян Коменский Пршеров қаласындағы латын мектебінде білімін жалғастырды. Ал, 1611 жылы Ян Коменский католик шіркеу заңына сәйкес діни крищение жоралғысынан өтіп екінші - Амос есімін алды.
Әрі қарай ол Херборн академиясында оқып, Гейдельберг университетінде білімін жалғастырды. Осы жылдар(1614-27) аралығында ол «Барлық нәрселердің театры» атты қилы энциклопедия құрастырумен айналыса бастады және чех тілінде толық түрде словарь(«Чех тілінің қазынасы» 1612-56) жазумен жұмыс жасады. 1614 жылы Коменский Пршеровтағы бауырластық мектебінде сабақ берді. 1618- 21 жылдары Фульнекте тұрып, қайта құру кезеңінің гуманистері - Т. Кампанелла мен Х. Вивес және басқалардың еңбегін оқып, үйренді. Сол Фульнекте тұрған кезінде Коменский «Ежелгі Моравия»(1618-1621) кітабын жазып және туған Моравия елінің дәл картасын жасап шығарды(1618-1627) .
1627 жылдан бастап Ян Амос Коменский Чех тілінде дидактика бойынша еңбегін жазуды бастады. Отызжылдық соғыстың басталуымен (1618-1648), “чех ағайындары” қауымы бүкіл чех халқымен бірге ұлттық тәуелсіздік үшін белсене күресе отырып, реакциялық топтардың тарапынан қуғындала бастады. Осындай қуғын-сүргіннен кейін “чех ағайындары” қауымы және оның жетекшісі Я. А. Коменскийге өз отанын тастап, уақытша Польшаға қоныс аударуға тура келді. Осындай қуғын-сүргіннің салдарынан шума ауруынан жолдасы және балалары қайтыс болды, оның қолжазбалары мен бағалы кітапханасы отқа жағылды. Польшаның Лешно қаласында орын тапқан Я. А. Коменский өз қауымынан қол үзе алмаған ол, гимназия басшысының міндетін өзіне алды. Гимназияда еңбек еткен аралықта ерекше табандылықпен мектеп тәжірибесіне жаңалықты, прогрессивті идеяларды енгізуді одан әрі жалғастырды. Коменский толықтай дене жазалауын және басқа да балаларға ықпал ететін өрескел шараларды, құрғақ жаттауды алып тастады және өзіндік іс-әрекеті, көрнекілікті кеңінен қолдануды және оқытудың төзімді жолдары мен тәсілдерін кеңінен әдістемеге кіргізді. Өзінің тәжірибелік педагогикалық іс-әрекетін ол өткендегі және бүгінгі педагогикалық тәжірибе мен педагогикалық теорияны зерттеумен, педагогикалық еңбектерді жасауда күшейтілген жұмыстармен ұштастыра білді. 1631 жылы Коменский “Тілдер мен барлық ғылымдардың ашық есігі” атты оқулығын басып шығарды. Бұл еңбегі автордың есімін кеңінен танытты. 1632 жылы оның ең негізгі еңбегі “Ұлы дидактика” чех тілінде жарық көрді. 1638 жылы ол еңбек сол кездегі ғылым тілі латын тіліне аударылды. Коменскийдің есімі бүкіл әлемге кеңінен танымал болды. “Ұлы дидактика” педагогика тарихында педагогика ғылымын теориялық тұрғыдан негіздеген, оқыту теориясы - дидактикасының негізін қалаған ғылыми еңбек болды. Осы еңбек жарық көргеннен кейін Коменскийді әлемнің көптеген елдері Англия, Германия, Америка, Швеция және т. б. мектеп ісін қайта ұйымдастыру үшін өз елдеріне шақыруға ұсыныс жасаған болатын-ды. 1641-1654 жылдардың аралығында Коменский Англияда, Швецияда және Венгрияда болды, ол онда барлық ғылымдардың энциклопедиясын жасаумен, мектеп реформасын дайындаумен, оқулықтар және оқытудың әдістемесін жасаумен айналысты. Осы уақыттың ішінде 1648 жылы “Тілдердің жаңа әдісі” деп аталатын еңбегін және негізінен көрнекілік қағидасына негізделіп құрылған атақты “Дүниені суреттер арқылы бейнелеу” атты оқулығын жазып шықты бірақ ол кейіннен 1658 жылы жарық көрді. Бұл атақты оқулығы кейін дүние жүзінің барлық елдердің тіліне аударылып, жарық көрді. Ол еңбек көптеген ғасырлар бойы ең құнды оқулық ретінде есептеліп келді. 1654 жылы Коменский Лешко қаласына қайта оралды, бірақ швед-поляк соғысы кезінде Лешко қаласы 1656 жылы соғыста қиратылды. Коменский екінші рет өзінің қолжазбаларының, кітапханасының, өз мүлкінің көп бөлігінен айырылғаннан кейін, амалсыз Голландияға қайтып кетуге мәжбүр болды, өмірінің соңғы 14 жылын Амстердамда өткізді, онда өз шығармаларын басып шығарды.
2. 1. «Дидактика» ұғымының пайда болуы. Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, didasko- оқыту, түсіндіру, дәлелдеу, оқу деген ұғымды білдіреді.
Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Дидактиканың мәні -адамға білім берудің және тәрбиелеудің құралы ретінде оқыту болады, яғни оқушылардың білім мазмұнын меңгеруді қамтамасыз ететін ұстаз ұйымдастырған сабақ берумен, оқудың бірлігінің өзара байланысы.
Дидактика - теориялық және сонымен қатар нормативті қолданбалы ғылым. Дидактиканың ғылыми -теориялық функциясы оқытудың шынайы процестерін зерттеуді, оқытудың әр түрлі мақсаттарының фактілері мен заңдылықтарының байланыстарын анықтау, олардың мәнін ашу, дамуының үрдістері мен болашағын анықтау болып табылады. Алынған теориялық білімдер оқытуды тәжірибеге бағыттауға мүмкіншілік береді. Оқыту теориясы білім мазмұнын таңдау мәселесін жасап, оқыту ұстанымдарын орнатып, оқыту әдістерін және құралдарын қолданудың нормативтерін белгілеп нормативті -қолданбалы, конструктивті - технологиялық функцияны атқарады. Бұл функциялардың бірлігінде дидактика -бұл оқыту процесінің мәнінің түсінігі, оның білімділік, тәрбиелік және дамытушылық функциясының жүзеге асырылуы.
Білім беру деп - табиғат және қоғам жайында ғылымда жинақталған білім жүйесін жеке адамның меңгеруін және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуін айтады. Дидактиканың міндеті - білім мазмұнын, оқыту әдістерін және оқытуды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыдан негіздеу.
Дидактика “нені оқыту керек”, “қалай оқыту керек” деген екі үлкен сұраққа жауап береді. Осы сұрақтардан басқа сұрақтарда да туындайды.
“Оқыту қалай жүргізіледі, оның заңдылықтары қандай?”, “Кімдерді оқыту керек?”, “Не үшін оқыту керек?” және “Қайда оқыту керек?”. Осы сұрақтарға жауап беру үшін дидактика озат педагогикалық тәжірибені зерттеп, қорытындылап, мектептің практикасына енгізумен айналысады.
Әрбір мұғалім дидактиканы білуі керек, өйткені мектептің алдында тұрған ірі практикалық міндеттерді теориялық білімсіз шешу мүмкін емес. Коменскийдің барлық педагогикалық шығармаларының өне бойына, оның ішінде негізгі педагогикалық шығарма - “Ұлы дидактиканың негізінде дұрыс тәрбие барлық жағынан табиғатқа сәйкес болу керек” деген тұжырым жасалды. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы, Коменскийден бастап, ХҮІІ және ХІХ ғ. ғ педагогикалық жүйелерінде әлденеше рет кездеседі. Әрбір педагогика (Коменский, Руссо, Песталоцци, Дистервег және т. б. ) бұл қағиданы әртүрлі қарастырды. Коменскийдің айтуынша, адам табиғаттың бір бөлігі ретінде өсімдіктер және жануарлар жүйесінде, сонымен қатар адамдарға қатысты іске асатын табиғаттың негізгі, жалпы заңдарына бағынады. Коменский “мектептің жұмыс тәртібін табиғаттан үйрену керек” деді.
2. 2. Я. А. Коменскийдің көзқарасының қалыптасуы. Коменскийдің көзқарасының қалыптасуына кей жағдайда қарама-қарсы факторлардың әсері болды: феодалдық қоғамның дәстүрлері, феодалдық қоғамның өз ішінде қалыптасқан капитализмнің өзімен бірге алып келген жаңалығы, “чех ағайындардың” демократиялық (аяғына дейін бірізді болмағанмен) даму бағыттары және ғылымдағы материалистік лептің әсері зор болды. Сол кезеңдегі материалистік ағымдардың бағыттауы айқындағандай, ең алдымен дүниенің шексіздігі туралы ілімді (Бруно) Беконның философиясын, ағылшын материализмнің негізін салушы ол ғылыми білімнің негізін бақылауды, тәжірибені индукцияны және таным қабылдаудан басталады, біздің ойымызда түйсіктерден басқа ештене болмайды деп үйреткен болатын-ды. Коменскийдің көзқарасына Қайта өрлеу дәуірін табиғаттың алдында бас иію, адамның идеялын күшті жан мен тәнді жоғары қоюды, оның шығармашылық күштерін, қабілеттерін, қызығушылықтарын жан-жақты дамыту идеялары өте күшті әсер етті.
Коменскийдің көзқарасындағы қарама-қайшылықтың екі жақтылығы. Мәселен, Коменский көзқарасында материализм элементтерін аңғаруға болады, сонымен қатар діни шектеушілікті, терең гуманизмді және діни талаптарды орындамағаны үшін қатаң жазалау шараларын қолдануын жатқызуға болады. Коменскийдің көзқарасының ерекшелігі оның педагогикалық еңбектерінде өзіндік із қалдырды. Еңбектерінде өте прогрессивті идеялармен, ережелерімен қатар жекеленген артта қалған діни көзқарастар мен ойлар кездеседі. Мәселен, ол дүниеге даярлықты тәрбиенің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастырды. Бірақ артта қалған көзқарасы емес, алдыңғы қатарлы, прогрессивті озық көзқарасы Коменскийдің педагогикалық теориясының сипатын айқындайды. Ол өзінің мәні жағынан жалпыға бірдей және өте алдыңғы қатарлы озық идея ретінде көптеген елдерде педагогикалық теория мен педагогикалық тәжірибені одан әрі дамытуда ықпалы ерекше болды. Гуманизм және демократизм Коменский педагогикасының басты негіздері болып табылады. Коменскийдің барлық өмірі мен еңбектері адамға деген ерекше сеніммен, сүйіспеншілікпен қарауға негізделді. Адам, оның көзқарасы бойынша, бұл “жетілдірілген, керемет құрылым”, ол табиғаттан қабілеттіктермен сыйланған, білім берудің ең жоғары сатысына көтерілген. Адамның білім алуға құқығы, әрбір адамның табиғи құқығы ретінде қарастырылады. Коменский мектепті “адамгершіліктің шеберханасы” деді. Коменскийдің айтуынша, барлық балалар жынысына және тегіне қарамастан білім алуға құқылы. Балалар өздерінің қабілеттілігіне, дарындылығына қарай әртүрлі болады. Бірақ, қабілеттілігіндегі өзгешелік Коменскийдің түсіндіруінше, балалардың біреулеріне білім беру үшін айналысуға және басқаларымен сабақтан бұлтаруға негіз бола алмайды. Бұл тек ғана тәрбиешілерді бір сарынды емес, белгілі бір үлгі бойынша емес, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай, оқыту мен тәрбиенің нақтылы әдістерін анықтай білуге міндеттейді. Осы қағидаларды басшылыққа ала отырып, Коменский білім алуға барлық балалардың қолы жетуі қажет деп тұжырымдады. Ол былай деп жазды: “Мектептерге тек ғана байлар мен ауқатты адамдардың балаларын беру ғана жеткіліксіз сонымен қатар барлық балалар білім алуға тиісті: атақты және атақсыздардың, байлардың және кедейлердің, ер балалары мен қыздарын барлық қалаларда және жергілікті жерлерде селолар мен деревняларда оқыту керек”. Коменский осылай деп жалпыға бірдей оқыту қағидасын тұжырымдады. Ол қыздарды оқытудың қажеттігі жоқ дейтін дәстүрлі көзқарасқа қарсы шықты. Оқыту үрдісінде жалпыға бірдей демократиялық қағидаларды ұсынды.
Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану. Коменскийдің айтуынша, “интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештеңе жоқ”. Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді. К. Маркстің сипаттауынша, Бекон “ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі экспериментальді ғылымдардың негізін салушы болды”.
- Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы.
Коменскийдің айтуынша, дұрыс тәрбие табиғатқа сәйкес болу керек. Сол кездегі кең тараған оқытудың схоластикалық әдістеріне қарсы күресе отырып, ұлы педагог-гуманист өнерде “бәрін барлық ғылымдарға үйрету” табиғаттың нұсқауларынан, заңдылықтарын басшылыққа алу, баланың дара ерекшеліктерін ескеріп отыру керектігіне ерекше мән берді.
Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасқан адам туралы көзқарастарға сүйене отырып, Коменский адамды табиғаттың бір бөлігі деп есептеді және табиғатта бәрі де, адамды қоса есептегенде, табиғаттың бәріне бірдей, әмбебап заңдарына бағындырылған.
Коменский “жалпыға бірдей табиғи әдісті” жасау тұжырымдады, ол негізінен “заттардың табиғатынан” туындайды және оның айтуынша, “адам табиғатына” негізделеді деген болатынды. Сондықтан да, ол өзінің педагогикалық қағидаларын негіздей келіп, ол табиғат құбылыстарын жиі-жиі сілтеме жасап отырды және адам іс-әрекетінен мысалдар келтірді.
Мысалы, оқытуды жалып пәнмен таныстырудан, балалардың оны тұтас қабылдауынан бастау қажет екендігін, одан кейін оқып-ұйренудің жеке бөліктеріне көшуді дәлелдеу үшін, Коменский табиғат барлығын да жалпыдан бастап, жекемен аяқтайды: мәселен, жұмыртқадан балапан шығарғанда, әуелі оның жалпы белгісі пайда болады, содан кейін барып оның жекелеген мүшелері дамиды. Осы сияқты Коменскийдің айтуынша, суретші де солай әрекет жасайды, ол әуелі бейнелейтін заттың жалпы белгісін жасайды, ал содан кейін оның жеке бөліктерін салады.
Бірақ, мынаны ескере кетуіміз керек, адамдардың табиғаты мен іс-әрекетіне жиі сілтеме жасау Коменскийде өзінің педагогикалық қағидаларының дұрыстығын дәлелдеу үшін қолданылған тек ғана өзіндік тәсіл болып табылады. Осындай мысалдар оған өзінің бай педагогикалық тәжірибесін және сол кезден алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені дәлелдеу үшін көмектесті.
Коменский оқыту үрдісінің табиғатына терең бойлады. Баланың психикасымен санаспаған схоластикалық мектепке қарсы болды, ол оқыту үрдісін адам дамуының заңдылықтарын білуге құруға ұмтылды.
Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарады. Табиғатқа сәйкес деп, Коменский бойынша, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған оқыту үрдісі болып табылады.
Коменскийдің барлық педагогикалық шығармаларының өне бойына, оның ішінде негзігі педагогикалық шығарма - “Ұлы дидактиканың негізіне дұрыс тәрбие барлық жағынан табиғатқа сәйкес болу керек” деген тұжырым жасалды.
Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы, Коменскийден бастап, ХҮІІ және ХІХ ғ. ғ педагогиалық жүйелерінде әлденеше рет кездеседі. Әрбір педагогика (Коменский, Руссо, Песталоцци, Дистервег және т. б. ) бұл қағиданы әртүрлі қарастырды.
Коменскийдің айтуынша, адам табиғаттың бір бөлігі ретінде өсімдіктер және жануарлыар жүйесінде, сонымен қатар адамдарға қатысты іске асатын табиғаттың негізгі, жалпы заңдарына бағынады.
Коменский “мектептің жұмыс тәртібін табиғаттан үйрену керек” деді.
Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары.
Коменскийдің негізгі дидактикалық идеялары сенсуалистік сипатта болды: дүниені қабылдау, реализм, көрнекілік қағидасы негізінде тану. Коменскийдің айтуынша, “интеллектіде ең алдымен түйсіктерден басқа ештеңе жоқ”. Бұл Беконның сенсуалистік философиясына сәйкес келеді. К. Маркстің сипаттауынша, Бекон “ағылшын материализмінің және бүкіл қазіргі экспериментальді ғылымдардың негізін салушы болды”. Табиғатқа сәйкес тәрбиелеу қағидасы. Коменскийдің айтуынша, дұрыс тәрбие табиғатқа сәйкес болу керек. Сол кездегі кең тараған оқытудың схоластикалық әдістеріне қарсы күресе отырып, ұлы педагог-гуманист өнерде “бәрін барлық ғылымдарға үйрету” табиғаттың нұсқауларынан, заңдылықтарын басшылыққа алу, баланың дара ерекшеліктерін ескеріп отыру керектігіне ерекше мән берді. Қайта өрлеу дәуірінде қалыптасқан адам туралы көзқарастарға сүйене отырып, Коменский адамды табиғаттың бір бөлігі деп есептеді және табиғатта бәрі де, адамды қоса есептегенде, табиғаттың бәріне бірдей, әмбебап заңдарына бағындырылған. Коменский “жалпыға бірдей табиғи әдісті” жасап тұжырымдады, ол негізінен “заттардың табиғатынан” туындайды және оның айтуынша, “адам табиғатына” негізделеді деген болатынды. Сондықтан да, ол өзінің педагогикалық қағидаларын негіздей келіп, ол табиғат құбылыстарын жиі-жиі сілтеме жасап отырды және адам іс-әрекетінен мысалдар келтірді. Мысалы: оқытуды жалпы пәнмен таныстырудан, балалардың оны тұтас қабылдауынан бастау қажет екендігін, одан кейін оқып-үйренудің жеке бөліктеріне көшуді дәлелдеу үшін, Коменский табиғат барлығын да жалпыдан бастап, жекемен аяқтайды. Мәселен, жұмыртқадан балапан шығарғанда, әуелі оның жалпы белгісі пайда болады, содан кейін барып оның жекелеген мүшелері дамиды. Осы сияқты Коменскийдің айтуынша, суретші де солай әрекет жасайды, ол әуелі бейнелейтін заттың жалпы белгісін жасайды, ал содан кейін оның жеке бөліктерін салады. Бірақ, мынаны ескере кетуіміз керек, адамдардың табиғаты мен іс-әрекетіне жиі сілтеме жасау Коменскийде өзінің педагогикалық қағидаларының дұрыстығын дәлелдеу үшін қолданылған тек ғана өзіндік тәсіл болып табылады. Осындай мысалдар оған өзінің бай педагогикалық тәжірибесін және сол кезден алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені дәлелдеу үшін көмектесті. Коменский оқыту үрдісінің табиғатына терең бойлады. Баланың психикасымен санаспаған схоластикалық мектепке қарсы болды, ол оқыту үрдісін адам дамуының заңдылықтарын білуге құруға ұмтылды. Ол адамды табиғаттың бір бөлігі ретінде қарады. Табиғатқа сәйкес деп, Коменский бойынша, балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрылған оқыту үрдісі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz