Шахтинск қаласы


«Шахтинск қаласының білім бөлімі»ММ
Мектебі: «Шахтинск қаласы әкімдігінің Ә. Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі»КММ
Ғылыми жұмыстың атауы: « Қоқыс - ғасыр мәселесі»
Жұмыс авторы: 7а - сынып оқушысы Ахметолла Айгауһар
Ғылыми жетекшісі: Сәдуова Ақерке Қайратқызы
Шахтинск қаласы 2020
Тақырыбы: «Қоқыс - ғасыр мәселесі»
Жұмыстың мақсаты:
- Табиғаттың тозуы - экологиялық дағдарыс екенін түсіндіру;
- Экологиялық тәрбие беру;
- Туған ел, туған жерге деген сүйіспеншілікті ояту;
- Өлкеміздің экологиялық жағдайын білу үшін ізденіуге баулу.
Зерттеу кезеңдері:
Ғылыми жұмыстың зертелуі үш кезеңді қамтиды.
Бірінші кезең - бастау(кіріспе) кезеңі. Бұл кезеңде түрлі әдебиеттерді, интернет материалдарын пайдалана отырып, зерттеу мәселесіне жан - жақты талдау жасалды. Екінші кезең - эксперимент жұмыстарының өткізілу кезеңі. Үшінші кезең - алға қойған міндеттерді шешудің бастамасы.
Күтілетін нәтиже:
Рухы мықтының ұнжырғасы түспейді
- Өндіріс орындарында тазалаушы қондырғылар орнату
- Зияны аз деген отын түрлерін пайдалану
- Қалдықсыз технологияға көшу
- Жасыл өсімдіктер санын молайту
- Суды қорғау
- Жерді құнарландырып отыру
Жоспар:
- Қоқыстардың түрлері
- Қоқыстардың айналадағы ортаға әсері
- Менің қаламның экологиясы
- Қаламыздағы қолға алынған жұмыстар
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Жұмыр жерді мекендейтін сан - мыңдаған тіршілік атаулының ішінде Жер - анаға адам баласынан артық қиянат жасайтын жан иесі жоқ екен. Басқасын былай қойғанда, саналы тіршілік иесі саналатын «Homo sapiens» - тің күнделікті өмір қажеттілігінен артылған тұрмыстық қалдықтары мен күл- қоқысы ортақ планетамызды тұншықтырып барады. Қасиетті даласын көзінің қарашығындай аялайтын қазақ «ат аунаған жерде түк қалады» деп қастерлеуші еді. Енді табиғат аясына демалысқа шыққан әрбір адамның артында кемінде 10 келі қатты тұрмыстық қалдықтар қалатын болды. ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сенсек, Қазақстандағы қоқыс полигондарында 125 млн тонна тұрмыстық қалдықтар жиналған. Соған қарамастан қалдықтарды қайта өңдейтін зауыттар толыққанды жұмыс жасамайды. Олардың өндірістік қуаттылығы бар болғаны 40%-ды құрайды. Ал, оған қоқыстардың жетіспеушілігі себеп екен.
Осы арада «Елде қоқыстар қалай жетпейді?» деп қарсы сұрақ қоюыңыз мүмкін. Сұрағыңызға жауап берейін. Бізде қоқыстар мүлдем сұрыпталмайды. Яғни, қағаз да, әйнек те, картон да, пластмасса да… бәрі бір ғана қоқыс жәшігіне тасталады. Әйтпесе, ірі қалаларда түріне қарай бірнеше қоқыс жәшіктері қойылған. Дегенмен, оны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Мәселен, өркениетті елдерде көшені айтпағанда үйдің ішінде қоқыстың түріне қарай бірнеше жәшік қойылады. Үй иесі қоқысты осылай үйде өзі сұрыптайды. Демек, оларда қоқыс тастау мәдениеті қалыптасқан. Сондықтан біздегідей күрделі мәселе оларда болмайды.
Қазақстанда барлығы 210 тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін мекеме бар. Олардың барлығында шикізаттың жетіспеушілігінен қызу жұмыс байқалмайды. Ал, қоқыс полигондарындағы қоқысты сұрыптау үшін қыруар жұмыс күші керек. Жұмыс күшін тартуға қыруар қаржы кетеді. Яғни, экономикалық тұрғыда бұл тиімсіз, шығыны көп шаруа саналады.
Енді қайтпек керек? Мемлекет бұл саладағы зауыттарға түрлі жеңілдік береді. Көбі салықтан босатылған. Шығындарын жабу үшін бюджеттен де қаржы бөлінеді. Әйтсе де, мемлекеттің бұл қолдауы қоқыс мәселесін шеше алмайды.
Қоқыстарды Еуропадағыдай сұрыптау үшін бұл қызмет 500 теңгеден кем болмауы тиіс. Мұндай көлемдегі төлемді алматылықтар (553 теңге) мен елордалықтар (390-411 теңге) ғана жасайды.
Статистика комитетінің мәліметінше, 2019 жылы арнайы орындар 3, 8 млн тонна тұрмыстық қалдықтар жинапты. Соның 622 мың тоннасы ғана (17%) тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттарға жөнелтілген. Ал, олар соның 164 мың тоннасын ғана (4%) кәдеге жарата алған.
Бір қызығы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің ресми мәліметі Статистика комитетімен мүлдем сәйкес келмейді. Бұл саланы бақылайтын министрлік тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыттар 2016 жылы 2%, 2017 жылы 7%, 2018 жылы 11%, 2019 жылы 14% қоқыстарды қайта өңдегенін алға тартады. Статистика комитеті тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін аймақтардың ішінде Маңғыстау (33%), Алматы (23%), Қарағанды (17%) облыстары көштің басында, ал Шығыс Қазақстан (3%), Ақмола (3%), Жамбыл (8%) облыстары көштің соңында екенін хабарлады.
Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ». Табиғат - адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі, баға жетпес байлық. Ол- ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі. Сондықтан халқымыз «табиғат адамзаттың өмір нәрі, қажетіңнің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. ХХ ғасырдың ортасынан бастап жер бетінде адам санының және техниканың, қалалар санының өсуіне байланысты биосфера көп зиян шеге бастады. Ұлан - байтақ Қазақстанның бір бөлшегі - Шахтинск қаласы. Шахтинск қаласы (Тентек) - Қарағанды облысындағы қала . (1961 жылға дейін Тентек қала типті поселкі) . Шерубай - Нұра және Тентек өзендері аралығында . Қарағандыдан батысқа таман 50 шақырым жерде орналасқан. Шахтинск қаласы жері бай, табиғаты әсем, тарихи сырға толы өлке. Қазіргі уақытта туған өлкенің экологиясы мені қатты аландатып отыр. Өзімнің туып - өскен болғандықтан қаламыздың экологиясына мін беріп, жақсартуға кішкене болсын үлесімді қоссам деймін. Соған орай экологиялық проблема ғаламдық проблемаға айналды. Қазіргі уақытта қоқыс зерттеуіне көп көңіл бөлуіміз керек. Ал қоқыстарды зерттейтін сала-Гарбология деп аталады. Гарбология ағылшын тілінен аударғанда «қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты. Ол экология ғылымынан бөлінген жеке бір сала. Егер де бір жыл ішінде жиналған қоқысты жоймай немесе қайта өңдемей, бір жерге төге берсе Еуропадағы ең биік шың - Эльбрустей тау пайда болады.
Қоқыстың түрлері екіге бөлінеді:
Қоқыс- еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып отырған жағдай - табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, бұзылуы. Еліміздің қоқысын тазаламайынша біз дамыған мемлекеттер қатарына қосыла алмаймыз. Менің қаламының да экологиялық жағдайы мәз емес. Себебі, қала халқы санына қарай қоқыс та көбейе береді. Шахтинск қаласында тұратын халық саны соңғы 2019 жылда 37, 8 мың адамнан құралады. Менің зерттеуімше 1 адам тәулігіне 1, 2-1, 4 кг. қоқыс шығарса 1 адам 1 күнде 59938, 2 кг, сонда 1 адам 1 айда 1 858 084, 2 кг, жылына 1 адам жылда 22 297 010, 4 кг қоқыс, 42813 адам 1 жылда 954 601 906 255, 2 кг қоқыс полигонына апарылады екен.
Егер қаланың күндіз -түні бір тынбайтын желін ескерсек, аталған қалдықтар мен қоқыстар ұшып, қаланы ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Қоқыс адамзаттың әсерінен туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар.
Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан біздің көмегімсіз - ақ өзін - өзі тазартып ала алады. Ал адам баласының бөліп шығарған көң-
қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген халық шаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан өздігінен тазалауға табиғатта шама жоқ. Мынаны қараңыз, адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар жер бетінде 500 жылға дейін, кәдімгі полиэтилен пакеттері 200 жылдан астам уақыт бойы шірімей, жатып алады екен. Ал консерві қалбырлары мен шыны сынықтары 1 мың жылға дейін жер қойнын ластап, «жегі құртша» топырақ құнарын жеп жатады. Ағаш жапырақтарын жаққанда ауаға улы заттар таралады . (ангидрид, бензопирен, күкіртті сутек және диоксин) . Оның түтіні 1 м-ге ғана көтерілетіндіктен көбінесе жас балалардың тыныс алу жолдарына және ойлау қабілеттеріне кері әсерін тигізеді.
Қағазды қайта өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады. 1 тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -74%, судың ластануын - 35% үнемдейді екенбіз. Ал пластмассаны өндіргенде құрылыс материал (1000 пластикалық бутылкадан 5 м кв. тротуарлы плитка) жасауға болады екен. Ал тамақ қалдықтары тыңайтқыштар, биогаздар өндіру үшін пайдаланылар еді.
Осыған орай мен сараптама жүргізген едім. Әлеуметтік сараптама сұрақтары мынадай еді:
1. Сіз гарбология сөзін қалай түсінесіз?
2. Сіздің ойыңызша келешекте қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдейтін зауыт салатынына сенесіз бе?
3. Сіз қоқысты арнайы қоқыс жәшігіне саласыз ба?
4. Сіздің үйініздің жанында қоқыс жәшігі бар ма?
5. Сізді Шахтинск қаласының экологиясы қызықтыра ма?
6. Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері бар ма?
Сараптаманың нәтижелері:
- Гарбология терминінің мағынасын қала тұрғындарының 85% нақты білмейді.
- Қала тұрғындарының 48% ҚТҚ қайта өңдейтін зауыт салатынына сенімді.
- Қала тұрғындарының 65 % арнайы қоқыс жәшігіне салады.
- 74 % үйінің жанында қоқыс жәшігі жоқ екені айтылды.
- Қала тұрғындарын 45% қызықтырмайды.
- Шахтинск қаласының 25 % білмейді.
Қазақстандықтардың инновациялық идеясы, өндіріске енгізер жаңа жобасы жоқ па? Бар. «Көрмес түйені де көрмес» дегендей, өз қандастарымыздың шетел технологиясын он орап алатын инновациялық жобалары шағын шеберханаларда шаң қауып жатыр. Осыған орай менің ұсынысым бар. ҚТҚ мен күл-қоқысты химиялық жолмен өңдеу барысында пайда болған метан, пропан, бутан сияқты газдарды жылу энергиясын алуға және су ысыту қондырғыларын қыздыруға пайдалануға болады. Химиялық жолмен қайта өңделген барлық күл- қоқыс қалдықтарынан өндіріске пайдалы 40-тан астам әртүрлі заттар және қымбат импортты алмастыратын бұйымдар жасалады.
ҚТҚ мен күл-қоқыстарды осылай өңдеу технологиясы барысында қала маңайындағы күл-қоқыс полигондарын тазарту жұмыстары тиімділікпен жүргізіледі. Бұл жаңа технологияға негізделген зауытта ҚТҚ мен күл-қоқыстарды қолмен іріктеу жұмыстары болмайды. Бәрі автоматтандырылған және қоршаған ортаға да қауіпсіз. Зауыт өндіретін тауарлар түгелдей дерлік экологиялық таза және оларды пайдалану мерзімі ондаған жылдарға созылады. Бұл жаңа зауыт химиялық өңдеу тәсілдерімен ҚТҚ мен күл-қоқыстан шығаратын сапалы бұйымдар қолданыстан шыққаннан кейін күл-қоқыс күйінде қоршаған ортаға тасталғанда өте зиянсыз болып саналады. Қазіргі кезде жоғары технологиялық құрылғы тұрғанына 18 жыл. Қазіргі таңда қатты тұрмыс қалдықтарды өңдейтін жаңа зауыт салу үшін. 1, 35 млрд тенге тұрады. Табиғатты қорғау, оның байлықтарына аялы алақанмен қамқорлық жасау ісіне ерекше мән беріліп отыр. 1991 жылы 18 маусымда республика тарихында тұңғыш рет Қазақстан Республикасының айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы заңы шықты. Бұл заң адам өмірі, денсаулығы үшін табиғи ортаның қолайлы болуын, адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу, байлығын адам қызметінің табиғатқа зиянды ықпал жасауына жол бермеу, байлығын тепе-теңдікті сақтау мен табиғат байлығын ұтымды пайдалануын ұйымдастыруға бағытталған. Иә, дала желегінен айырылып, құстар сыңсып ән салды, сыңарынан айырылып, қалай көмек көрсетер ең, ей болашақ тұтқасы, жүрегіңнен шыққан сөзді қозғашы-деп осындай экологиясы жан түршігер табиғатты аялауға, ізгілікке, адамгершілікке шақырамын және болашақта мынадай ұсынысты жүзеге асыратыныма сенемін: ҚТҚ қайта өндеу туралы жарнама ретінде жол бойына, аялдама жаңдарына ілу. Менің ұсынысым ҚТҚ салатын арнайы қоқыс жәшіктерін көбейтіп, оны қайта өндірсе экологиямыз тазарып, айнала қоқысқа айналмас еді және айыппұл мөлшерін көбейтсе қоқысты әр жерде тастау тыйылар еді.
Қазақтың жері дархан, киелі, қасиетті. Оны көздің қарашығындай қадірлеу- бүгінгі ұрпақтың басты мақсаты. Осыған орай жұмыр жердің ризығын алып, ауасын жұтып отырып, оған қатыгездік жасау пенденің күнәһарлығы. Қай уақытта да ғұмыр кешіп отырған ортамызды таза ұстау, Жер-Ананың жүрегін жараламау - бізге міндет. 1986 жылы маусым айында Мюнхенде экологияға арналған 11 қағида мен 11 ұстаным қабылданды. Мен осы ұстаным бойынша жұмыс жасап келемін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz