ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ СПИРАЛЬДІ ҚАҒИДАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚЫТУДЫҢ СПИРАЛЬДІ ҚАҒИДАТЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Орындаған: Қазыбекова Ботагөз Мейрамбекқызы
Тобы: 44
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім»
Біліктілігі : 0111013 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»
Ғылыми жетекшісі: Нурпеисова Еркеш Болатбековна
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің оқытушысы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-6 бет
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА СПИРАЛЬДІ ОҚЫТУ ҚАҒИДАСЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ . . . 7-15 бет
- Спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері . . . 7-13 бет
- Қазақ тілі сабағында жаңа біліммен және алдыңғы сабақта алған білімнің тығыз байланысы . . . 13-15 бет
- ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА СПИРАЛЬДІ ОҚЫТУ ҚАҒИДАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ . . . 16-31 бетОқушылардың қазақ тілі сабағында сыныптан сыныпқа көшуі барысында тақырыптарға байланыс орната алуы . . . 16-18 бет
2. 2 6-сыныпта спиральды білім беру бағдарламасын пайдалана отырып, білім деңгейінің өсуін қадағалау . . . 18-31 бет
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 32-33 бет
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 34 бет
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елбасымыз «Қазақстан-2050» стратегиясында: « Біріншіден, барлық дамыған елдер өзінің бірегей жоғары сапалы білім беру жүйесіне ие. Біз ұлттық білім беру саласының барлық бөлімдерінің сапасын жақсарту үшін көп жұмыс іседік. Біз, 2020 жылға қарай, Қазақстанның 3 - 6 жастағы барлық балалар мектепке дейінгі білімді алатын болатынын болжап отырмыз. Сондықтан, ол балалардың заманауи білім беру әдістемелерімен және білікті қызметкерлермен қамтамасыз етудің маңызы зор. Негізгі мектеп үшін, барлық мектептердегі оқыту стандарттарын Назарбаев Зияткерлік мектептерінің деңгейіне дейін жақсарту қажет. Оқытудың нәтижесі сын тұрғысынан ойлау, өздігімен зерттеу және ақпаратты терең талдау дағдыларын меңгерті тиіс» делінген.
Қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформасына түрлі жаңалықтар енгізілуде, жаңашыл, заманауи жобалар жасалуда. Солардың бірі - «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту» аясындағы жаңартылған білім беру жобасы. Бұл жоба «Спиральді оқыту» бағдарламасы деп те аталады.
Бағдарлама материалдары Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне арнап әзірленген мектеп пәндерінің оқу бағдарламаларына, оқу жоспарларына және бағалау моделіне негізделген. Бұл бағдарлама республикада орта білім мазмұнын жаңарту аясында қайта қаралған оқу бағдарламаларын мектептерге енгізуге септігін тигізеді деген ойдамыз. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз-белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Білім берудің сапасын жақсарту үшін заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелер, білікті мамандар қажет. Білім-қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Болашақтың бүгінгіден нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамы алға апаратын күш тек білімде ғана. Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүиесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.
Курстық жұмысының болжамы: Егер спиральді оқыту қағидатының негізінде ең күрделі деген материалдың өзін дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынатын болсақ, онда оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады.
Курстық жұмысты зерттеудің мақсаты: Қазақ тілі сабағында жаңартылған оқу мазмұнының бірден-бір бағыты - спиральді оқыту қағидасы бойынша оқуышының тақырыпты қайталап оқыған сайын ақпаратты толықтырып бекітілуі арқылы жетелу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Оқушылардың қазақ тілі сабағында сыныптан-сыныпқа көшуі барысында тақырыптарға байланыс орната алуы;
- 6-сыныпта өткен тақырып бойынша ауызекі және ресми стильдегі мәтіндердің тақырыбын, мазмұнын, тілдік ерекшелігін салыстыру;
- Спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктерін ашу;
- Қазақ тілі сабағында жаңа біліммен және алдыңғы сабақта алған білімнің тығыз байланысын бағыттау.
Курстық жұмыстың зерттеу нысаны: Қазақ тілі және әдебиеті сабағы.
Зерттеу пәні: қазақ тілі сабақтарында оқытудың спиральді қағидатын жүзеге асыру үдерісі
Курстық жұмыстың негізгі идеясы: Дaмығaн елдердің білім беру жүйесінде мынaдaй тенденциялaр бaйқaлып отыр: білім беру философиясы мен әдіснaмaсының жaңaруы; білім беру мaзмұнын құру әдістерінің өзгеруі, білім беру жүйесінде жетілдірілген үлгілердің жaсaлуы; білім беруді бaсқaрудың тиімді жолдaрының қaрaстырылуы; оқушылaрдың тaнымдық белсенділігі мен өзіндік ойлaуын қaмтaмaсыз ететін дaмытушы ортaның құрылуы. Әлемдік білім беру жүйесіне негізделген осындaй бaсым бaғыттaр ұрпaқты озық, сaнaлы дaрa тұлғa деңгейінде қaлыптaстырaды деуге болaды. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасы Жолдауындағы «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың негізі мектепте қалануына педагог кадрлардың біліктілігін арттырудағы маңызды да игі істердің бірі болып отыр. Орта білім беру жүйесінде «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру педагогтер үшін жеке тұлғаның дамуына ықпалын тигізетіндей игілікті істер мен қолдаудың қажеттілігі маңызды орын алуда [1, 12 бет] .
Курс жұмысының методологиялық және теориялық негізі: Білім беру жүйесінің негізгі қағидалары, қазіргі білім беру проблемалары, мұғалімдерге арналған нұсқаулық пен отандық және шетелдік ұстаздардың мақалалары мен ғылыми еңбектері құрайды.
Курстық жұмыстың практикалық құндылығы: Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында педагогтің шығармашылығын дамыту үздіксіз үдеріс ретінде қарастырылады. Педaгогикалық білімнің әр кезеңінде жаңа тәсілдерді сапалы игеру, сол сапаларды өз тәжірибесінде тиімді қолдану педагогтің өзіндік кәсіби біліктілігінің шыңдауына бағытталады. Жaлпы педагогтің шығармашылығы жоқтан туындамайды, ол өте кең және өзіндік ерекше сипаты бар даму кезеңдеріне сәйкес жылжу көрсеткіші бар үдеріс: өзіндік түсінігі бар білімді қолданудан білім беру үдерісінде мүлде дәстүрлі үйреншікті көзқарасын өзгертетін жаңаша амалды қолдану. Осы орaйда біліктілікті арттыру барысында педагогтің шығармашылығын дамыту - бұл жинақталған білімді игеруден басталып, тәжірибесін жаңaртып, өзгеріс енгізу және сындарлы оқыту теориясының мәнін түсінудегі үрдіс болып табылады десе де болады [1, 12 бет] .
Жаңа формация мұғалімінің бойында мәселені көре білу, ойлаудың ерекшелігі мен икемділігі, қиялындағы сипaттай білу қабілеттілігі, сыни ойлауға және өзіндік бағалау деңгейі басым болуы керек. Осындaй бірлік компоненттеріне бағытталған біліктілік арттыру жүйесіндегі әрекет мұғалімнің кәсіби дамуындағы міндеттерді шешу үшін қажет деп ойлaймын. Педагогтерге жаңартылған блім беру бағдарламасының басымдықтары мен іске асырудың бірнеше қадамдары айқындалып отыр. Бағдарламаның мақсатында көрсетілгендей мектептердегі пәндер бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру көзделіп отыр.
Сонымен қатар, педагогтер курс барысында оқытудың мақсаты Оқушы нені білуі керек? Оқушы не істеуі керек? Оқушы нені түсінуі керек? Нені қолданатыны жайында білудің маңыздылығын өзара талқылау барысында белгілей алады. Баланың білімі әділ бағалануы үшін критерий құру арқылы бағалау жүргізудің тиімділігін, критерийдің балаға әсерін, критерий кезінде бала ізденетінін, талпынатынын және мұғалімнің бойында ұстамдылықтың болуын өзекті мәселелердің бірі деп санаймыз. Мұғалімдер бағалаудың мақсаттарын, оқушының алға жылжуын қадағалау, өзін-өзі реттеу арқылы оқитынын және дәстүрлі оқыту кезінде бағалауға онша мән бермейтіндіктерін алға тартып отырады.
Жаңартылған білім беру мазмұнының стандарты жиынтығы функционалдық сауаттылықты қамтамасыз ететін дағдылардың кең спектрін дамыту бойынша үздік халықаралық тәжірибеге бағытталатын болады. Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді қамтитын болады.
Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтар мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етуге бірыңғай әдіснамалық тәсілдеме әзірленетін болады [3, 4] .
Курс аясында тыңдаушылар оқу бағдарламысының және оқу жоспарларының құрылымын талдауда факт, идея, әрекет және сұрақ қою арқылы өрбітіп, келесі қадамдарын айқындап отырды. Сонымен қатар, тиімді оқыту мен тиімді оқудың тәсілдерін қарастыруда белсенді оқу, бірлескен әрекет, саралау, оқушылардың қаджеттіліктерін қанағаттандырудың қадамдарын және белсенді оқытудың тиімді жолдарын өзара топтық және жұптық жұмыстар арқылы бірлесе шешіп, шешімін таба алды. Топтық жұмыстар барысында өзара сөйлеу мәнерін, сұрақ қою біліктілігін, жауап беруін, тыңдау мәдениетін сақтауын басқа топтағы әріптесінің пікірін бағалау және бағалау туралы пікірі мен белсенділігін анықтау арқылы жұмысының сәтті кезеңін, тапсырмалардың өзгешелігін, сабақ бойынша пікірін, сабақтан алған әсерлерін білдіріп отырады.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
1. Ғылыми педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерге шолу.
2. Баспасөз беттері, мерзімдік басылымдардан мақалаларды қарастыру.
3. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістерін қолдану.
Зерттеу жұмысының базасы: Семей қаласы №8 ЖОББКММ
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен, іс-тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І НЕГІЗГІ БӨЛІМ. ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА СПИРАЛЬДІ ОҚЫТУ ҚАҒИДАСЫН ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
1. 1 Спиральді оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері
Брунердің оқыту мен оқуға арналған спираль бағдарламасы
Мәселе неге маңызды?
1959 жылы Джером Брунер әлемнің жетекші оқытушыларын жинап, мазмұнды оқу бағдарламасының қандай болуы керектігі туралы ойлады. Оқу бағдарламасына қатысты туындаған идеялар оқыту мен оқу тәжірибесін сынақтан өткізумен байланысты, соның арқасында студенттер жаңа нәрселерді үйреніп қана қоймай, мағыналы түсінік қалыптастыра алады. Бұл «конструктивист» деген атқа ие болған идеялар.
Брунер, білім беру процесінде алға тартылған (1960) көптеген заманауи көзқарастарға негізделеді.
Негізгі хабарлар қандай?
Брунердің пікірінше, балаларға білі «беру» үшін олардың арасындағы байланысты қалай орнатуды білу керек. Тек қана фактілерді игеріп қана қоймай, әртүрлі оқу тәжірибелерін меңгеруі керек. Бұған жету үшін ол жаттығуды жақтады. Сауалнама арқылы, мұғалім балалардың ойлауын тездетуге бағытталған нұсқаулық береді. Ол кез-келген пәнді ертерек оқыту негізгі идеяларды интуитивті түсінуге баса назар аударуды ұсынады. Осыдан кейін ол есептеуді оқушы о толық және егжей-тегжейлі түсінгенге дейін оқу бағдарламасы біртіндеп негізделіп, осы негізгі идеяларға (спиральды оқу бағдарламасы) оралуы керек деп санады. Ол сондай-ақ оның маңызды екенін сезініп, оқушылардың пәннің «іргелі қағидаларын» меңгеруін, тақырып ішіндегі идеялар арасындағы байланысты зерттеді.
Брунер өз идеяларына қалай келді?
Гарвардтағы психология профессоры Брунер 1959 жылы 35-ке қатысқан онкүндік конференцияға төрағалық етті Конференцияға жиналған делегаттар (ғылым, психология және білім саласындағы сарапшылар) бастауыш және орта мектептерде ғылыми білімді жетілдіруге болады деген тақырыпта сөз қозғады. Оқыту және оқыту туралы тұжырымдамалық сұрақтар, мысалы, нені, қашан, қалай және қалай оқыту керек, пәннің құрылымын оқушыларға іргелі сезіну үшін қалай құрылымдау керек. Брунер содан кейін талқыланған пікірлер негізінде баяндама жазды. Брунер оқыту және оқыту теориясының келесі салдарын қарастырып, өзінің «Білім беру процесі» кітабында алға тартты.
Спиральды оқыту моделі:
Бұл модель 11 сатыдан тұрады.
1. Аудио-бейне (клиптер)
2. Мұғалімнің сұрағы
3. Толық жауап
4. Топтастыру
5. Мұғалімнің сұрақ-жауаптары (суреттер мен дыбыстармен бірге)
6. Ақыл-ойды босату
7. Білгендерін жазу
8. Жан-жақты зерттеу
9. Жазбаларды қарап шығу
10. Мұғалімнің қорытындысы
11. Қанағаттану сезімі [5]
Спиральды құрылымдар адамды қоршап тұрған құбылыстардың ең сәтті моделі ретінде танылады және әр айналымды жаңа деңгейге шығаратын циклдік және аудармалы қозғалыстың синтезі болып табылады. Әлемдегі барлық нәрсенің спираль түрінде дамитыны енді күмән тудырмайды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында сананың жеке эволюциясын сипаттайтын көптеген теориялар пайда болды. Табысқа жету үшін спиральды принципті қолдану идеялары кең таралған және қазіргі уақытта бизнесте белсенді қолданылады.
Осыған сүйене отырып, біз болжам жасадық: егер сіз сәттілік пен жеке даму спиральдық принципі теориясын студенттерді сертификаттауға дайындаудың әдіснамасына ұсынсаңыз, бұл математиканы оқытудың жоғары нәтижелеріне және әр түлек үшін емтихандардағы максималды жетістікке әкеледі. Ендігі міндет - сәттілік кезеңдерін анықтау.
Оны шешу үшін біз студенттердің қиыншылықтарын жеңу сатысында қабірлердің спиральды динамикасының деңгейлерін болжадық.
Әзірленген модельдің негізгі мәні - оқушының қабылдау деңгейін біле отырып, сіз оның қажеттіліктерін қанағаттандыра аласыз және қабылдаудың жаңа жоғары деңгейіне көшуді қамтамасыз ету арқылы қиындықтарды жоя аласыз.
Емтихандарда студенттер кездесетін қиындықтарды психологтар оқушының жеке басына байланысты бірнеше түрге бөледі. Қиындықтарды анықтау үшін балаларға емтиханға дайындалуға көмектесетін ұсыныстар қолданылады. (Қосымша 1)
Студент оқытуға спиральды тәсілдің орталығында, сондықтан біз оқудың негізгі кезеңдерін және студенттердің қиындықтарды жеңу үшін спиральды схемасын біріктіретін үлгіні жасадық. Әзірленген оқу моделі 4 кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысында шешуші әмбебап білім беру іс-әрекеті жүзеге асырылады ( мемлекеттік білім стандарттарының міндеттеріне сәйкес) .
Жаңа деңгейге көшу оқуды, диагностиканы, жаттығуды және оқушылардың жеке мәселелерін жеке түзетуді талдаудан кейін жүреді.
Әзірленген модель әмбебап болып табылады және оны оқыту мазмұнына қарамастан кез келген білім беру мәселесін шешуге қолдануға болады.
Математикадағы дидактикалық материалдарды оқушылардың сертификаттауға дайын болу деңгейіне сәйкес жүйелеу үшін біз оқу процесін спиральды негізде ұйымдастырудың схемасын жасадық.
Спиральды динамиканың түс деңгейіне сүйене отырып студенттердің дүниені және олардың проблемаларын түсінуінің негізгі сипаттамаларын, сондай-ақ жеке тұлғалық сапа деңгейлерін және студенттердің проблемаларын шешуге көмектесетін дидактикалық материалдарды қолдану бойынша ұсыныстарды бөлдік. және жаңа деңгейге өту. [4]
Жеке карточкалар, ойын сабақтары.
Нашар уәжделген балалармен жұмыс.
Ауызша жаттығулардың дамыған жүйесі тек құлақтың қабылдауын ғана емес, сонымен бірге визуалды суреттер мен жазбаларды қабылдауды да қамтиды тіпті қытай даналығы былай дейді:
«Мен естимін - ұмытып кетемін
Көремін - есімде
Мен істеймін - игеремін ».
Және бірден үш сезімге (есту, көру, жанасу) әсер ету оқудың максималды нәтижесін береді.
Бұл әлсіз оқшыларға қарапайым дағдыларды игеруге мүмкіндік береді, ал күшті оқушыларға өздігінен диагностика жүргізуге мүмкіндік береді.
Анықталған олқылықтар негізінде карталар бойынша жеке жұмыс.
Топтарда жұмысты ұйымдастыру
Оқушылар коммуникативті мәселелерді оқытушымен бірге жасалған жоспарларға сәйкес шешуге көмектеседі.
Мұндай сабақтар көбінесе қайталау сатысында өтеді.
Жобалық іс-шаралар мен тақырып бойынша сыныптан тыс жұмыстар сонымен қатар өзін-өзі бағалауды, өзіне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі.
- Қазақ тілі сабағында жаңа біліммен және алдыңғы сабақта алған білімнің тығыз байланысы
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілін оқыту үш бағыт бойынша құрылған. Бұл бағыттар ана тілін оқытудың 4 негізгі дағдысын бейнелейді:
1-бағыт: айтылым;
2-бағыт: тыңдалым;
3-бағыт: оқылым;
4-бағыт: жазылым.
Одан əрі негізгі бағыттар дағды немесе тақырып, білім немесе түсінік деңгейіндегі бөлімдерге бөлінеді. Бөлімдер санат бойынша бөлінісін білдіріп, оқу мақсаттарын айқындайды. Оқу мақсаттары əрбір бағыт бойынша ілгерілеуді білдіріп, мұғалімдердің жоспарлауына жəне бағалауына, оқушылармен алдағы қадамдары туралы ойларымен бөлісуіне мүмкіндік береді [4, 87 бет] .
Айтылым жəне тыңдалым бағыты оқушылардың тыңдалатын материалдағы ақпаратты түсіну жəне жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді; негізгі идеяны анықтау, күрделі талдау жəне астыртын ойды аша білу, сондай-ақ өздерінің естігендерін бағалай білуге қабілеттілікті қамтамасыз етеді [4, 87 бет] .
Оқылым бағыты оқушылардың мəтіннің мазмұны мен лексикасын ұғынуға, мəтіннің өзіндік ерекшеліктерін анықтауға, əртүрлі оқылым стратегияларын қолдануға, сондай-ақ əртүрлі мəтіннен қажетті ақпаратты тауып, салыстыруына мүмкіндік береді.
Жазылым бағыты оқушылардың өздерінің жазуын жоспарлай білуіне, əртүрлі стильдер мен жанрларда жаза білулеріне; мəтіндерді салыстыруға; дұрыс грамматика мен пунктуацияны қолдана білуіне, сондай-ақ мəтінді өзгерту жəне түзете білу дағдыларын үйренуіне мүмкіндік береді.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі бойынша оқу бағдарламасының маңызды қағидаты оқу бағдарламасының спиральділік қағидаты болып табылады [4, 87 бет] .
Спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960ж. ) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады [4, 87 бет] .
Брунер адамның танымдық қабілеті үнемі жетіліп отырады жəне оқу бағдарламасы «спиралінің» дамуы туралы ақпарат беру үшін қолданылатын үш дискретті сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:
- белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу) ;
- белгілік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу) ;
- таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен оқу) .
Брунердің жұмысына негізделген, спираль тəрізділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
- оқушы мектептегі оқу үдерісінің барлық кезеңінде тақырыпты немесе пəнді бірнеше рет қайталап оқиды;
- əрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пəннің күрделілігі арта түседі;
- жаңа тақырыпты өту алдыңғы тақырыптармен тығыз байланысты жəне алдыңғы алынған ақпараттың мазмұны аясында қарастырылады.
Спираль тəрізділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей үш басымдығына назар аударады:
2-сызба. Спираль тəрізділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы.
Орта білім мазмұнын жаңарту аясында əзірленген оқу бағдарламалары оқушылардың бір сыныптан екінші сыныпқа өтуі кезінде білімі мен дағдылары қайталанып тексеріліп отыратын спиральділік қағидаты бойынша құрылған оқу бағдарламасы моделіне негізделген. Оқу үдерісінің алға ілгерілеуі айқын көрінуі үшін, оқу мақсаттары өзара тоғысқан бөліктер мен бағыттарға біріктірілген.
Спиральді оқу бағдарламасының құрылымы 5-9-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының оқыту мақсаты 10-11 сыныптарға арналған пəндік бағдарламалармен қатар қойып қарастырған кезде анық көрінеді.
Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшу барысында алға ілгерілеуіне орай, олар өздерінің 4 тілдік дағдыны меңгеріп, түсінуіне анағұрлым сенімді бола түседі.
Мысалы, оқушылардың спиральді оқу бағдарламасының «оқылым» бағыты бойынша алға ілгерілеуі айқын көрінеді, себебі білім алушылар ақпараттың ауқымын барған сайын кеңейтіп, қайта қарап отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz