Әкімшілік процестің субъектілері


Шымкент қ ДСБ ШЖҚ “Жоғары медицина колледжі” МКК
Қолданбалы бакалавр біліктілігімен “Мейіргер ісі” бөлімі
БӨЖ
Тақырыбы: Әкімшілік үрдіс және әкімшілік-заңи қызмет. Әкімшілік үрдістің түрлері.
Орындаған: Махан А. Н.
Тобы: ҚБ 18 “A”
Қабылдаған: Абдулла Т. Д.
Шымкент, 2020 жыл.
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Әкімшілік процесс
2. Әкімшілік процесстің қағидалары
3. Әкімшілік-заңи қызмет
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Әкімшілік процесс - бұл мемлекеттік басқару сферасында атқарушы органдармен, ал заңмен көзделген жағдайда өзге де органдармен (лауазымды тұлғаларлмен) де жеке нақты істерді шешудің құқықпен реттелген тәртібі.
Әкімшілік процестің мазмұны - бұл басқару сферасында өз өкілеттілігі мен міндетін атқаратын әкімшілік құқықтың субъектілерінің нақты тәртіпте істелінетін әрекеттері.
Әкімшілік процестің қағидалары. Әкімшілік процесс мемлекеттік басқарудың жалпы қағидаларына сүйенеді:
1) заңдылық қағидасы
ҚР Конституциясының талаптарын қатаң түрде сақтай отырып жүргізу.
Осы қағиданың мәнісі барлық жағдайда құқық нормасын қолдану заңға сәйкес болуы қажет дегенді білдіреді. Ол әкімшілік процеске қатысушылардың барлығының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді. Заңсыз әрекеттер орын алған болса, азамат сотқа осы жайлы шағым беруге құқылы.
2) Объективтілік (әділдік) қағидасы
істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді. Бұл құқық қолданушы нақты істі қарағанда онджағы барлық іске қатысты дәлелдемелер мен айғақтарды пайдалануға және дұрыс бағалауға міндеттейді. Фактілерді бағалауға біржақты келуге және қалай болса солай қарауға жол берілмейді.
3) Азаматтардың заң алдында және істі шешуші (қараушы) органның алдында теңдігі қағидасы.
Әрбір азамат өзінің әлеуметтік немесе қызметтік жағдайына байланыссыз, өзге де жетістіктеріне байланыссыз заң алдында және істі шешетін органның алдында тең. Ал орган өз кезегінде әкімшілік процестің қатысушыларының оларға берілген құқықтарының және оларға жүктелген міндеттерін дұрыс пайдалануларын қадағалаулары қажет;
4) Жариялық қағидасы
ереже бойынша, процесс ашық жүргізіледі. Процеске қатысушылардың кедергісіз процессуалдық құқықтарын пайдалануға толық мүмкіндіктері бар, іс материалдарымен, іс бойынша қабылданған шешімдерімен, құжаттармен танысуға мүмкіндіктері бар. Әкімшілік процесте қоғамдық өкілдер жиі қатысады.
5) Істі ұлттық тілде жүргізу қағидасы.
Процесс жүргізілетін тілді білмейтін тұлғалар ана тілінде аудармашы (тілмаш) арқылы өтініш беруге, түсініктемелер беруіне болады;
6) Тиімділік және үнемділік қағидасы.
Бұл қағида көп мөлшерде материалды шығынды қажет етпейтін, сонымен қатар процестің белгіленген мерзімдерін бұзбайтын, іс бойынша шешім қабылдауды ұзаққа созбайтын процесті қамтамасыз етуге бағытталған.
7) Процестің ақысыз қағидасы
процесті жүргізуге және құжаттарды рәсімдеуге ешқандай ақы төленбейді, процеске қатысушыларға қол жеткізушілік қамтамасыз етілген;
8) Процестің ережесін бұзғаны және қабылдаған актісі үшін жауапкершілік қағидасы.
Процестің ережесін бұзған немесе қылмыстық жауаптылыққа тартылады.
Мазмұны бойынша бөлінген әкімшілік процестің бөлімдері:
1) Әкімшілік құқық шығармашылық процесі;
2) Құқық беруші процесс (мадақтау өндірісі, таратушы өндіріс, рұқсат берушілік өндіріс, жеке құрамды жинақтау бойынша өндірісі) ;
3) Әкімшілік - юрисдикциялық процесс ( азаматтардың шағымдары мен өтініштері бойынша өндіріс, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізушілік, акімшілік бұлтартпау шараларын қолдану бойынша өндіріс, тәртіптік іс жүргізушілік) .
Әкімшілік процесс құрылымында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өндіріс өте маңызды элемент болып табылады. Оны өкілетті субъектілердің әкімшілік жазаны қолдану бойынша қызметі және осы кезде туындап әкімшілік құқық нормаларымен реттелген қатынастардың жиынтығы ретінде де қарастыруға да болады.
Әкімшілік процестің субъектілері:
1) бұл өзінің нақты мүддесін процестің 2-ші жағы бұзған немесе даулаған өз құқығын қорғайтын жақ (тарап) . Бұл кезде әкімшілік процестің тараптарында процессуалдық құқықтар мен міндеттердің жиынтығы болады;
2) бұл әкімшілік процестің қатысушылары куә, сарапшы, маман, аудармашы (тілмаш) ретінде қатысуы мүмкін.
Әкімшілік процестің барлық қатысушылары өздерінің субъективті құқықтарын жүзеге асыру үшін әкімшілік іс жүргізушілік құқық қабілеті болуы керек, яғни мінез-құлық, тәртіптің нақты түрін таңдау мүмкіндігі болуы қажет. Мысалы, ҚР Конституциясы ҚР азаматтарына мемлекеттік және қоғамдық органдардың, олардың лауазымды тұлғаларының заңсыз іс-әрекетіне шағым жасау құқығына кепілдік береді. Осы құқықты әрбір азамат
тікелей немесе өзінің өкілі арқылы субъективті құқығын қорғау үшін құзырлы мемлекеттік органға немесе заңмен қарастырылған жағжайда сотқа барумен жүзеге асырылады.
Әкімшілік процестің субъектілері болып мыналар табылады:
Әкімшілік процесс
1) ҚР азаматтары, шетел азаматтары немесе азаматтығы жоқ тұлғалар
2) Мемлекеттік органдар
3) Мемлекеттік кәіспорындар мен мекемелер
4) Қоғамдық ұйымдар
5) Мемлекеттік қызметкерлер
6) Қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері және қоғамдық ұйымның өкілдері.
Мемлекеттік органдар.
1) әкімшілік істі шешуші орган ретінде;
2) әкімшілік істі қозғаушы орган ретінде;
3) әкімшілік таластың тарабюы ретінде;
4) үшінші тұлға ретінде;
5) басқа тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғайтын орган ретінде қатысулары мүмкін.
Мемлекеттік кәсіпорындар және мекемелер - заңды тұлғалар болып табылады. Олар және олардың құрылымдық бөлімдері (цехтар, бөлімшелер, филиалдары) :
1) істі шешуге құқығы бар орган алдында өз қызметтерін жүзеге асырумен байланысты әкімшілік істі қорғайтын ұйымдар ретінде;
2) әкімшілік даудың тарабы ретінде;
3) үшінші тұлға ретінде;
4) өзге де тұлғалардың құқығы мен мүддесін қорғайтын ұйым ретінде қатысуы мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар:
Қоғамдық ұйымдар және олардың лауазымды тұлғалары әкімшілік-процессуалодық қатынастардың субъектілері ретінде мемлекеттік басқару органдарының іс-әрекетіне шағым жасап оны қарағанда қатысады.
Әрекет етуші заң әкімшілік құқық бұзушылық істі қайта кітаптан қарап ары қарай толықтыру қажет.
Әкімшілік процесс.
істің барлық жағдайларын (мән-жайларын) жан-жақты және әділ тексеруді білдіреді. Бұл құқық қолданушы нақты істі қарағанда онджағы барлық іске қатысты дәлелдемелер мен айғақтарды пайдалануға және дұрыс бағалауға міндеттейді. Фактілерді бағалауға біржақты келуге және қалай болса солай қарауға жол берілмейді.
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК РӘСІМДЕР ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫ
1-бап. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы және Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру ерекшеліктері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
Осы Кодекс Қазақстан Республикасының заңдарында реттелмеген бөлігінде әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді.
3. Қазақстан Республикасының аумағында әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, осы Кодексте айқындалады.
Егер осы Кодексте өзгеше тәртіп көзделмесе, әкімшілік сот ісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің ережелері қолданылады.
Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізуді реттейтін өзге де заңдарының ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады.
- Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары әкімшілік және әкімшілік-процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.
2-бап. Әкімшілік сот ісін жүргізуде артықшылық күші бар құқықтық нормаларды қолдану
Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және ол Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады.
- Осы Кодекстің нормалары мен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының арасында қайшылықтар болған жағдайда, конституциялық заңның ережелері қолданылады.
Осы Кодекстің нормалары мен өзге де заңдардың арасында қайшылықтар болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
- Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкімшілік сот ісін жүргізу туралы заңнамасында көзделгендерден өзгеше қағидалар белгіленген болса, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
Осы Кодекс мемлекеттік органдардың ішкі әкімшілік рәсімдерін, әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды, сондай-ақ әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібін реттейді.
- Мемлекеттік органдар, әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар осы Кодексте реттелетін қатынастардың қатысушылары болып табылады.
2) Мемлекеттік органдардың осы Кодексте көзделген ішкі әкімшілік рәсімдерін жүзеге асыру тәртібі Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде реттелмеген бөлігінде:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің қызметінде, мемлекет басшысының қызметін қамтамасыз ететін мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың;
2) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Кеңсесінің;
3) Қазақстан Республикасының Парламенті Палаталары, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының;
4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты аппараттарының және соттары кеңселерінің;
5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының және олардың құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің;
6) Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді органдары аппараттарының;
7) Қазақстан Республикасының жергілікті атқарушы органдарының қызметінде қолданылады.
- Осы Кодексте белгіленген әкімшілік рәсімдердің тәртібі:
1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында;
2) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі туралы, Жоғары Сот Кеңесі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында;
3) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау түрлерін жүзеге асыру тәртібі бөлігінде Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында;
4) Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қолданысқа енгізу және жариялау тәртібі бөлігінде «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында;
5) Қазақстан Республикасының сайлау және республикалық референдум туралы заңнамасында;
6) Қазақстан Республикасының сыртқы барлау туралы, қарсы барлау,
жедел-іздестіру қызметі туралы, сондай-ақ күзетілетін адамдар мен объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және күзету іс-шараларын жүргізу жөніндегі заңнамасында;
7) нотариаттық әрекеттерді жасау бөлігінде Қазақстан Республикасының нотариат туралы заңнамасында реттелетін қатынастарға қолданылмайды.
- Осы Кодекстің 12, 13, 14 және 15-тарауларын қоспағанда, осы Кодекстің әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне байланысты күшіҚазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдар туралы заңнамасында реттелетін қатынастарға қолданылмайды.
- Осы Кодекстің 1, 2, 12, 13, 14 және 15-тарауларын қоспағанда, осы Кодекстің әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне байланысты күші әкімшілік актіні қабылдауға байланысты емес әкімшілік әрекетті жасау (әрекетсіздік таныту) тәртібіне байланысты қатынастарға қолданылмайды.
- Мыналар:
1) тексерілуі Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің айрықша құзыретіне жатқызылған құқықтық актілер;
2) іс жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік, азаматтық процестік заңнамасында және Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген істер әкімшілік сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жатпайды.
4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Кодексте қамтылған ұғымдар мынадай мағынада қолданылады:
1) арыз - әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін немесе басқа тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға жәрдемдесу туралы өтінішхаты қамтылған жолданым нысандарының бірі;
2) арыз иесі - әкімшілік рәсімді жүзеге асыру үшін әкімшілік органға, лауазымды адамға жолданым берген адам, сондай-ақ өзіне қатысты әкімшілік акт қабылданатын, әкімшілік әрекет жасалатын (әрекетсіздік танылатын) адам (әкімшілік актінің адресаты) ;
3) ауыртпалық салатын әкімшілік акт - әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асырудан бас тартатын, шектейтін, тоқтататын немесе оған міндет жүктейтін, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде нашарлататын акт;
4) әкімшілік акт - жария-құқықтық қатынастарда әкімшілік орган, лауазымды адам қабылдайтын, белгілі бір тұлғаның немесе жеке-дара айқындалған тұлғалар тобының Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын шешім;
5 ) әкімшілік әрекет (әрекетсіздік) - әкімшілік органның, лауазымды адамның жария-құқықтық қатынастардағы, әкімшілік акт болып табылмайтын әрекеті (әрекетсіздігі) ;
6) әкімшілік қалау - әкімшілік органның, лауазымды адамның Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мақсаттарда және шектерде заңдылығын бағалау негізінде ықтимал шешімдердің бірін қабылдау өкілеттігі;
7) әкімшілік орган - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ өзге ұйым;
8) әкімшілік рәсім - әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі, жолданым негізінде немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі, сондай-ақ оңайлатылған әкімшілік рәсім тәртібімен жүзеге асырылатын қызмет;
9) әкімшілік талап қою (талап қою) - жария-құқықтық қатынастардан туындайтын, бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарды, бостандықтарды немесе заңды мүдделерді қорғау және қалпына келтіру мақсатында сотқа берілген талап;
10) әкімшілік іс - әкімшілік рәсімді жүзеге асыру барысы мен нәтижелерін және (немесе) сотта жария-құқықтық даудың қаралуын тіркеп-бекітетін материалдар;
11) бәсекелес орта - квазимемлекеттік сектор субъектілерін қоспағанда, нарық субъектілері;
12) бейнежолданым - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы жүзеге асыратын, әкімшілік органға, лауазымды адамға жіберілген бейнеформаттағы жеке немесе ұжымдық арыз, шағым;
13 ) бейнеконференц-байланыс - өзара қашық бірнеше абоненттің нақты уақыт режимінде аудио- және бейнеақпарат алмасу мүмкіндігі беріліп, интерактивтік өзара іс-қимыл жасауы үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар пайдаланылатын көрсетілетін байланыс қызметі;
14) берілген функциялардың мониторингі (бұдан әрі - мониторинг) - орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларын жүзеге асыру жөніндегі деректерді жүйелі және үздіксіз жинауға, өңдеуге, талдауға және бағалауға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
15) жауапкер - сотта талап қою берілген әкімшілік орган немесе лауазымды адам;
16) жолданым - әкімшілік органға немесе лауазымды адамға жазбаша (қағаз және (немесе) электрондық) немесе ауызша нысанда, сондай-ақ бейнеконференц-байланыс, бейнежолданым нысанында жіберілген арыз немесе шағым;
17) жолданымды есепке алу - жолданымдарды қабылдау және қарау жөніндегі мәліметтерді тіркеп-бекіту және оларды мемлекеттік құқықтық статистикалық есептілікте көрсету;
18) жолданымды қабылдау - әкімшілік органның, лауазымды адамның әкімшілік рәсімге қатысушының жолданымын қабылдау жөніндегі әрекеті;
19) жолданымды қарау - әкімшілік органның, лауазымды адамның өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шешім қабылдауы;
20) жолданымды тіркеу - жолданымның мазмұны бойынша қысқаша деректерді есепке алынатын ақпараттық құжатта тіркеп-бекіту және әрбір келіп түскен жолданымға тіркеу нөмірін беру;
21) қолайлы әкімшілік акт - әкімшілік рәсімге қатысушының құқығын іске асыратын немесе оған жүктелген міндетті тоқтататын, сондай-ақ оның жағдайын өзгеше түрде жақсартатын акт;
22) қызметтік ақпарат - мемлекеттік функцияларды орындау кезінде жасалатын, өңделетін және берілетін, меншік иесі, иеленушісі немесе пайдаланушысы мемлекет болып табылатын ақпарат;
23) лауазымды адам - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау (әрекетсіздік таныту) жөнінде өкілеттіктер берілген адам;
24)
мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті
орган
- орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелес ортаға беру бойынша басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
25) мемлекеттік орган - Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы заңдарының және өзге де нормативтік құқықтық актілерінің негізінде:
жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық қағидаларын айқындайтын актілерді басып шығару;
әлеуметтік маңызы бар қоғамдық қатынастарды басқару және реттеу;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz