Жастардың жұмыссыз қалуы оңай


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті

Реферат

Дайындаған: Асылбек Нұрай

Қабылдаған: Сайлыбаева Алтынай

Тақырбы: Жастар арасындағы жұмыссыздық

Группа: СР-20-3

2020-2021 оқу жылы

Мазмұны

Кіріспе
І. Жастар және жұмыссыздық мәселесі.
1. 1 Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері
1. 2 Жастар арасындағы жұмыссыздық және онымен күресу шаралары

1. 3 Жұмыссыздық салдары
ІІ. Жұмыссыздықтағы əлеуметтік қорғаудың түрлері .
2. 1 « Жастардың жұмыссыз қалуы оңай»

ІІІ. Еліміздегі жұмыссыздар көрсетіші

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі: Жастарды дамытудағы әлеуметті сұрақтардың
Курстық жұмыстың мақсаты: Жастар және жұмыссыздық мәселесіне
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделіп
- жастар және жұмыссыздық мәселесі және онымен күресу
- жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептерін қарастыру;
- Қазақстандағы жастар саясатының жүргізілу ерекшеліктері талдау жүргізу;
- жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларға шолу жасау;
- жұмыссыз жастармен әлеуметтік жұмыс жүргізудегі технологияларға тоқталу;

Жұмыстың нысаны: Жастар және жұмыссыздық мәселесі

Курстық жұмыс пәні жалпы жұмыссыздық мәселесі және оның
Курстық жұмыс теориялық - әдістемелік негізі Жастар және
Тақырыптың жаңашылдығы: жастар жәнеж жұмыссыздық мәселесіне байланысты

І. Жастар және жұмыссыздық мәселесі.

1. 1 Жұмыссыздықтың мәні, түрлері, себептері.

Нарықтық қатынастартар жағдайларында жұмыспен қамту мен жұмыссыздық проблемалары
· Уақытша жұмыссыздық жұмыспен қамтылғандардың өз ынталары бойынша
· Құрылымдық жұмыссыздық ғылыми техникалық прогрестің, өнеркәсіптің жаңа
· Кезендік жұмсыздық өндірістің құлдырауы, экономикалық дағдарыстар кезінде,
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалын топтарын қамтуда және
экономикалық өсу жетістіктерінің адам дамуына ықпалын азайтатын
еңбек нарығының біртұтас элементі болып табылады.
Жұмыссыздар - республикалық ұлттық заңдар жиынтығында белгiленген жасқа
еңбекпен қамту қызметiнде тiркелген жәрдемақы алатын жұмыссыздар саны.

1. 2 Жастар арасындағы жұмыссыздық және онымен күресу шаралары

Халықаралық еңбек ұйымы әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық «дағдарыс деңгейіне» жетті дейді. Ұйымның баяндамасында әлемде жастардың 13 пайызға жуығы жұмыссыз екені айтылған. Ал Қазақстандықтар елдегі жұмыссыздық туралы әртүрлі пікір айтты.

Женевада (Швейцария) орналасқан Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, әлемде 15 пен 24 жас аралығындағы азаматтардың 13 пайызы - шамамен 75 миллион адам жұмыссыз қалған. Көптеген білікті жастар жарты жалақыға немесе қара жұмыс істеуге мәжбүр. Үйым «Әлемде 6 миллионнан астам азамат жұмыс табудан үмітін үзген» деп жазады.

Жұмыссыздық, соның ішінде жастар жұмыссыздығы, қай елдің болмасын өзекті, шешімін табуды қажет ететін мəселесі болып табылады. Бұл - біздің елде де орын алып отырған басты мəселе. Қазақстандағы жастар арасындағы жұмыссыздық елдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі бойынша жоғары көрсеткіште болып отыр. Экономикалық дағдарыс кезеңінде жастар, көбінесе, халықтың осал тобына қосылады. Расында, экономикалық өсім құлдыраған кезде жастар дағдарыстың əсерін алғашқылардың бірі болып сезеді. Сонымен бірге экономикалық қиын кезеңдерде жалпы жұртшылыққа қарағанда, əсіресе жастардың жұмысқа орналасуы оңайға соқпайды. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі жалпы жұмыссыздық деңгейінің жартысына жуығын құрауда.

Қазіргі кезде еліміздегі жастардың жұмыссыздығы мəселесі біртіндеп шешіліп жатыр. Солардың бірі - жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендету үшін қолданылып жатқан шаралар жəне бұл шаралардың жүзеге асырылуы:

-Қазақстан Республикасындағы «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы аясында нақты шаралар мен міндеттер орындалуы керек.

-Жастардың құқығы қорғалуы керек.

-Жекеменшік секторын қаржыландыру қажет.

-Жастар кəсіпкерлігін қолдау тиіс.

-Жалпы кəсіпкерлік секторды инвестициялау қажет.

2020 жылға дейінгі жастар саясатының тұжырымдамасы, келешек ұрпақтың белсенді өмір сүріп, ел ішіндегі əрбір істен тыс қалмауына жағдай жасайды. Ал, 2020 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясатын дамыту тұжырымдамасы жұмыссыздықты азайтуға бағытталады.

Қазіргі жастарды қолдауға арналған бағдарламалардың барлығы жастардың тұрмысын түзеу үшін қолға алынып отырғаны шындық. Бүгінде жастар саясаты саласында əлеуметтік маңызы бар 76 жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде «Ауыл жастары», «Дипломмен - ауылға!», «Жастар - кадрлық резерві», «Жастар - Отанға» жəне «Жастар тəжірибесі», «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы сияқты жақсы-жақсы жобалар бар.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, жастар арасындағы жұмыссыздықтың ғаламдық деңгейі 12, 7 %-ды құрауда, яғни дүние жүзіндегі жұмыссыз жастар саны 4 млн адамға артқан. Біздің елдегі жағдай əлдеқайда жақсы, 2012 жылдың 4-тоқсанындағы жұмыссыздық деңгейі - 5, 4 %-ды, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3, 9 %-ды құраған.

Жастарды еңбекпен қамтуға «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасында ерекше көңіл бөлінеді. Бағдарламаның шамамен 60 %-на қатысушылары - бұл жастар. Жастар саясатын дамытудың жаңа тұжырымдамасы алдымызға белгілі тапсырмалар қояды, олар келешекте орындалатын болады», - деп атап көрсетті Еңбек министрлігінің басшысы.

Айта кететін жайт, жастардың еңбек етуге құлшынысын жоғалтпау керек, ол жұмыс істеуге белсенді кірісіп, өзіне-өзі жұмыс іздеп, белсенділік таныту керек, жалқаулыққа бой алдырмауы тиіс.

Жастар арасындағы (15-28 жас) жұмыссыздық дүние жүзі елдерінде қобалжулық туғызып отыр. Жастар арасындағы жұмысқа тұру - 15-тен 24 жас аралығында күрделі мəселенің бірі, өйткені бұлар оқу орындарын бітіретін жастағылар болып табылады. 2013 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық көршілес Ресейде 14, 8 % құрады, ал Еуроодақ елдерінде 23, 5 % болды. 2008 жылдан бері жастар арасында жұмыссыздық саны төмендеген жалғыз мемлекет, ол - Германия - 7, 9 %. Португалия мен Италияда бұл көрсеткіш 37 % тақайды, ал Грек жəне Испан елдерінде ол 55 % асады

1. 3 Жұмыссыздық салдары

Жыл сайын әлемдік еңбек нарығына шамамен 40 миллион жаңа күш қосылады. Еңбек нарығы мамандары мен компания жетекшілерінің ойынша, бүкіл әлем баяу іске қосылатын экономикалық және әлеуметтік "бомба" үстінде отырғандай күй кешіп тұр.
Мысалы, жастар күшінің дұрыс қолданылмауы тұрғындары қартайып бара жатқан елдер үшін шешуші рөл атқарады. Жастардың жұмысқа аз қабылдануы - түсетін салық көлемінің де аздығын көрсетеді.
Бұдан бөлек, ұзақ уақыт жұмыссыз болған азаматтардың жұмыс табу мүмкіндігі барған сайын азая түседі, олардың еңбек жолындағы жалақылары да төмен болады.
Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы (Organisation for Economic Co-operation and Development ) ұзақ уақыт жұмыссыз қалу ұғымын «кедейлікке ұшырау қаупі, денсаулық пен балалардың оқу үлгерімінің нашарлауы» сияқты ұғымдармен байланыстырады.

Жастар арасындағы жұмыссыздық, болашақтан күдер үзу әлеуметтік толқуларға себеп болуы ықтимал. Өткен жылы Солтүстік Африка мен Таяу Шығыс елдерін шалып өткен «араб көктеміндегі» толқуларға да осы жағдай себеп болған еді. Таяуда ғана Еуропаның оңтүстік бөлігінде де наразылық шаралары болып өтті.
Халықаралық еңбек ұйымының маманы Матье Когнактың ойынша, қазіргі кезде саясаткерлер қоғамды тұрақсыздандыратын осындай мәселелерді шешуге күш салып отыр.
- Жастарды жұмыспен қамту мәселесі қазіргідей күн тәртібіне бірінші қойылып көрген емес. Көптеген елдерде жастарды жұмыспен қамту бағдарламалары пайда болып жатыр, - дейді Когнак.
Мысалы, Франция үкіметінің үш миллиард долларға есептелген әлеуметтік бағдарламасында алдағы екі жылда 150 мың жаңа орын ашу көзделген.
Халықаралық еңбек ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы әлем үкіметтерін еңбек саясатын жақсартып, жастарға көңіл бөлуге шақырды.

ІІ. Жұмыссыздықтағы əлеуметтік қорғаудың түрлері .

Мемлекет азаматтардың жұмыспен нəтижелі əрі еркін таңдау арқылы қалыптасуына жəрдемдесу саясатының жүргізілуін қамтамасыз етеді. Осыған орай, мемлекет жұмыссыздықтағы əлеуметтік қорғаудың мынадай түрлерін атап көрсетеді:

-жұмысқа орналасуға жəрдемдесу;

-жұмыссыздар үшін кəсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау жəне қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру;

-қоғамдық жұмыстарда істейтін жұмыссыздар еңбегіне ақы төлеу;

-табысы аз азаматтарға жататын жұмыссыздарға атаулы əлеуметтік көмек көрсету;

-Қазақстан республикасында жұмыссыздыққа қарсы əлеуметтік саясатты жетілдіру үшін 2011- 2020 жылдарға арналған жұмыспен қамту бағдарламасы қабылданды;

-бұл бағдарламаның негізгі бағыттары экономика салаларында жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады;

-жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс теңгерімділігі жөніндегі шаралар жүргізу;

-халықтыəлеуметтік қолдауға мұқтаж нысаналы топтардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру;

-қосымша жұмыс орындарын құратын шағын жəне орта кəсіпкерлікті қолдау мен дамыту;

-жұмыспен қамтудың өңірлік мəселелерін шешуде жергілікті атқарушы органдардың рөлі жөніндегі шаралар қабылдау;

-білім беру ұйымдарының түлектерін жұмыспен қамтуға жəрдемдесу жəне т. б.

Халықтың əл-ауқатын жақсартуға бағытталған кедейлікті азайту іс-шаралары жəне жұмыспен қамтылған халық санын көбейтуге жасалып жатқан мемлекеттің оң саясатына қарамастан, кейбір мəселелер əлі де алаңдату туғызуда. Елдегі жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі Қазақстан үшін экономикалық өсуге өз септігін тигізуде, оның үстіне, одан əрі жұмыссыздық деңгейін төмендету, яғни, жұмысбастылықты көтеру мақсатында, халықты жұмыспен қамту саясаты жүзеге асырылуда.

2. 1 «Жастардың жұмыссыз қалуы оңай»

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметі бойынша, қазіргі кезде әлем бойынша 15-24 жас аралығындағы 75 миллионнан астам жастың жұмысы жоқ. Бұл - 2007 жылы әлемдік қаржы дағдарысы басталған кездегі көрсеткіштен төрт миллионға артық. Ал олардың алты миллионнан астамы жұмыс табудан мүлдем үмітін үзген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыссыздық мәселесі
Жұмысссыздық және экономикалық өсуге тигізетін әсері
Жұмысбастылық пен жұмыссыздық: демографиялық әлеуметтік көрсеткіштер
Қазақстандағы жоғарғы оқу орындарындағы білімнің төмен деңгейі
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
ҚР – дағы жұмысыздың жағдайы және шешу жолдары
Жұмыссыздық ұзақтығы
Ауыл балаларының уақытты тиімді пайдалануы
Жастар мен жұмыссыздық мәселесі
Жастар арасында жұмыссыздық проблемасы және оларды шешу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz