Гендік модифицирленген ағзалардың биоқауіпсіздігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Републикасының білім және ғылым министрлігі
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай аймақтық университеті
В.И. Двуреченский атындағы ауылшаруашылық институты
Ветеринарлық санитария кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Гендік модифицирленген ағзалардың биоқауіпсіздігі

Орындаған: Асан Н.Қ.
Тексерген: Орынтаева М.Ж.

Қостанай қаласы, 2020ж

МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.1 Гендік инженерия пайдаланып гендік модификацияланған өнімдерді алу кезеңдерінің дамуы
1.2 Гендік модификацияланған өнім стандарттары және биоқауіпсіздік
1.3 Гендік модификацияланған өнім алу тәсілдері
1.4.1 ГМО әсері мен зияны
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
БҰҰ-ның ауыл шаруашылығы мен тағам өндірісінің статистика мәліметі бойынша, қазіргі таңда әлемдегі адамдардың жартысынан астамы құнды тағаммен толық қамды қамтамасыз етілмесе, 500 млн. адам аштыққа, ал 2 млрд. адамдар дұрыс тамақтанбайды делінген. Биотехнологияның негізгі мақсаты коммерциялық өнімдерді өндіруді дамыту. Сондықтан биотехнология саласының негізінде экономика жатыр. Биотехнология саласын ауыл шаруашылығында, денсаулық сақтау және фармацевтикада, қайта өңдеу, қоршаған ортаны қорғау үшін және тамақ өнеркәсібінде тиімді пайдалану арқылы осы салаларды дамытып және бірқатар проблемаларын шеше аламыз. Өсімдіктер биотехнологиясы - өнімдердің қоректік құндылығын арттыруға, қолайсыз табиғи жағдайларға, әртүрлі зиянкестер мен фитопатогенді микроорганизмдердің әсеріне төзімділігін арттыруға, мәдени өсімдіктердің түрлерін, сорттарын көбейтуге және генетикалық ресурстарын сақтау мәселелеріне негізделген. Өсімдіктер биотехнологиясы гендік инженерия әдістеріне және жасушалардың, ұлпалар мен протопласттардың дақылдарын пайдаланатын жаңа технологияларға сүйенеді. Қазіргі таңда гендік модификацияланған тамақ өнімдерін өндіру қарқынды дамуда және оларға қойылатын талаптардың сақталуы міндет. ГМО тамақ өнімдерінде болу стандартты 0,9% және ол міндетті түрде өнім сыртында таңбалануы қажет. ГМ өнімдер өте көп өндірілуіне байланысты оған заң түрінде шектеу және қатаң тексеріс (азық-түлік құрамындағы ГМО анықтау) қойылуда. 2000 жылы мамырда ВОЗ 53-ші Ассамблеясы генетикалық модификацияланған тамақ өндірісіне байланысты мәселелерді, денсаулық сақтау және қорғауға бағытталған жұмыстар жүргізу базасын құру туралы шешім қабылдады.

1.1 Гендік инженерияны пайдаланып гендік модификацияланған өнімдерді алу кезеңдерінің дамуы
ГМО (гендік модификацияланған организмдер) - гендік инженерия саласының негізгі табысты өнімі. Гендік модификацияланған организм дегеніміз - бөтен ағзаның генін бір ағзаға енгізу арқылы жаңа ген, яғни жаңа табиғатта кездеспеген ағзаны алу. Мысалы картоптың колорадо қоңызын жолатпайтын түрі өндірілген. Алғаш гендік модификацияланған өсімдіктерді 1983 жылы Америка биологиялық қару ретінде жасаған. Ал 1986 жылы гендік модификацияны суыққа төзімді өсімдіктер алуда пайдаланған. Бұл сол кездеңдегі үлкен табыстың бірі болды. 1992 жылы Қытайда осы әдіспен темікі өндірілген, ол зиянкестерге залал келтірмейтіндей өндірілген. 1994 жылы жеткізу кезінде бұзылмай сақталатын қызанақ өндірілген. Сол кезеңдерден бастап ГМО мәдениетінің кезеңі басталған . 2006 жылы 22 елдің 10,3 млн. фермері 102 млн. гектар жерден гендік модификацияланған өсімдіктің әртүрлерін өндіріп алған. Сол кездері осы әдіспен өсіріп алынған өнімдер алма, картоп, жүгері, мақтаға мүлдем құрт түспеген. 2006 жылы 97% гендік модификацияланған өсімдіктер алынған, АҚШ (53%), Аргентина (17%), Бразилия (11%), Канада (6%), Индия (4%),Қытай(3%), Парагвай (2%), Онтүстік Африка (1%). Әлемде ГМО негізгі 8 дақыл кеңінен өндірілген: соя, жүгері, мақта, рапс, асқабақ, папайя, жоңышқа, күріш. Ал 100% егістікте 4 дақыл кеңінен қолданылады: соя, жүгері, мақта, рапс . АҚШ ГМО өндіру, сату нарығында бірінші орынды алады, өнімдері негізгі 2 қасиетке ие : зиянкестерге және гербецидтерге тұрақты. АҚШ-та Monsanto компаниясы шығарған гендік модификацияланған жүгері, соя нарықта көш бастап тұр . ГМО қазіргі таңда кеңінен қолданылуда тек қана өсімдік өндірісінде емес тағы басқа медицина саласында, фармацевтикада, тамақ өнеркәсібінде де кеңінен қолданылады. 1.2 Гендік модификацияланған өнім стандарттары және биоқауіпсіздік ГМО кейінгі 10 жылдағы ғылыми техникалық дамудың жетістігі болып табылады. ГМО Дарвин эволюциясының нәтижесі ретінде көрініс табады, алайда уақыт өте келе өзгеріске ұшырауы мүмкін. Бұл мәселе экономикада ауыл-шаруашылығы маңызды мемлекеттерге қатысты. Биологиялық алуан түрлілік (1992 жылы) жайында БҰҰ конвенциясының даму негізінде БҰҰ елдері 2000 жылы биологиялық қауіпсіздік жайлы хаттама қабылдады. Хаттаманы қабылдаудың себебі - әлемде ГМО-ң бақылаусыз таралуын шектейтін ұйымдардың көптігі болып 11 табылады. ГМО-ң таралуын шектейтін хаттама 2007 жылы шілде айында қол қойылды, әлемнің 141 елдері хаттаманы заңды түрде күшіне ендірді. Бірақ ГМO-ны өндіруші АҚШ, Ресей, Канада сияқты мемлекеттер хаттаманы жақтамады. Еуропалық одақ және құрамына кіретін мемлекеттер хаттаманы заңды күшіне ендірген және белсенді жұмыстарын атқарып жатыр . Қазіргі таңда ГМО өндірісінің технологиясы толық жасалынбаған, себебі: адамға және қоршаған ортаға тигізетін биологиялық және экологиялық зардаптардың негізгі көзі болып табылып отыр. ГМО өнімдерді алу технологиясы күрделі болып келеді және көп құбылысты сондықтан өнімдерін пайдалану кезінде және коммерциялық ГМО өсіру кезінде биологиялық тәуекелдің болуымен сипатталады. 2004 жылы Қазақстан Республикасында ГМО-ны пайдалануда заңды институтционалды және практикалық шаралар негізінде жахандық экологиялық қор және БҰҰ қоршаған орта бағдарламалары қолданылумен Қазақстан үшін биоқауіпсіздік ұлттық стратегиясы ұйымдастырылды. Қазіргі таңда ұйымдастырылған шараларды белсенді түрде мемлекетте жүзеге асырудың екінші кезеңі жасалып жатыр. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі пайдаланушыларды ГМО жасалған тағамдармен, өнімдермен әрдайым хабардар етуі міндетті. Экологиялық кодекс ГМО арқылы алынған өнімдердегі ГМО құрамындағы шегін белгілейді . Мемлекеттік органдар ГМО бар барлық азық-түлік пен өнімдерді таңбалау деген ережелерді ұсынды. Өнімдерді міндетті түрде таңбалау керек. Барлық өнімді таңбалау мақсаты: тұтынушыларды өнімде ГМО бар немесе жоқ екендігін хабардар ету. Азық-түліктің белгілі бір түрлеріне ГМО немесе ГМО көздерден алынған өнімдер немесе өнімде ГМ көздерден алынған компонеттер бар деп таңбалануы. Қазіргі уақытта заңда және ішкі сауданың ережелерінде сандық көрсеткіштер пайда болды. 34 бап бойынша азық-түлік өндірісінде ГМО нысандардың қауіпсіздігінің негізделген растамасы бекітілгенге дейін азықтүлік өнімдеріндегі олардың деңгейі Еуропалық одақта көрсетілген көрсеткіштен жоғары болмауы тиіс. 2007 жылы Қазақстанда ГМО азық-түлік өнімдері, өндіру, өңдеу, қолдану, сату және қоршаған ортаға шығару туралы ақпаратқа кепілдік беретін Қазақстан Республика Экологиялық кодексі күшіне енді. 2006-2007 жыл ГМО- 12 дан бос Қазақстан науқаны шеңберінде экологиялық сараптама, нормативтік-құқық деген мәселелер бойынша жұмыстар жүргізілді . Нормативтік-құқықтық базаны ұсынғаннан кейін, Қазақстанда соңғы жылдары ГМО мәселесіне аса көп назар аударылды. Өкінішке орай заңда кемшіліктер әліде бар. Қазақстан дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі үшін, биоқауіпсіздік жүйесін жетілдіру және осы кемшіліктерді жоюға байланысты жұмыстарды тездетуі қажет.

1 Кесте - Экологиялық кодекс бойынша ГМ-ингредиенттерін таңбалау
Нормативтік - құқықтық акт
ГМ-ингредиенттері бар болған жағдайда таңбалау
Гендік модификацияланған өнімдерді пайдалану
Статусы
ҚР экологиялық кодексі
Барлық өнімдердің санына қарамастан таңбалануы қажет
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы органмен бекітілген тізімнің шегінде ғана
Күші бар
Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы заңы
Міндетті түрде таңбалану қажет
Рұқсат етіледі, егер қауіпсіздік азық-түлік өнімдерінде олардың мазмұнының деңгейінде дәлелденбесе, 0,9%
Күші бар
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің № 447 бұйрығы
Құрамы 5% -дан асқан жағдайда
ҚР аумағында алғаш рет өндірілетін және импортқа мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ғана жол беріледі
Күші бар

1.3 ГМО өнім алу тәсілдері ГМО-ны алу бір ағзаның генінің бөтен ағза жасушасының геніне бөліну, көбею, алмасу және экспрессия әдістерімен байланысқан гендік инженерия ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сүтқоректілер клеткаларының генетикалық трансформациясы. Бөгде ДНҚ-ны жануар клеткаларына енгізу
Генді-модификацияланған организмде сипаттамалары, сынама алу тәртібі мен технологиясы
ДНҚ жасау
Генетикалық модифицирленген өнімдер
ББЗ - Биологиялық белсенді заттар
Иммунитеттің механизмдері. Иммунитеттің гуморальдық, клеткалық, жалпы физиологиялық фактролары
Гендік инженерияның жұмысы
Қазақстандағы қолданыстағы ГМО өнімдеріне көзқарастар
Гендік инженерия мәні
Гендік инженерия туралы
Пәндер