Микробиология аймақтары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Микробиология аймақтары

Нұр-Сұлтан, 2020
Жоспары:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім:
1) Микробиологияның негізгі даму кезеңдері
2) Микробиологияның әртүрлі бағыттарының дамуы
I. Қорытынды.

Кіріспе.
Микробиология -- жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиеттерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым.
Табиғаттағы тірі организмдер мейлінше алуан түрлі болады.
Олардың ішінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен басқа, жай көзге көрінбейтін тірі организмдер -- микроорганизмдер елеулі орын алады. Сыртқы пішініне және тіршілік жағдайларына қарай микроорганизмдер бірнеше топқа бөлінеді. Кейбіреулері ауыл шаруашылығында, медицинада баға жетпес пайда келтірсе, басқа біреулері жануарлар мен өсімдіктерге және адамдарға орасан зор зиянын тигізеді.
Адам баласы микроорганизмдердің тіршілік әрекетін ерте бастан-ақ өздерінің күнделікті тұрмысында пайдалана білген. Олар сүтті ашытып айран, түрлі жеміс-жидектерден шарап, квас және сол сияқты алуан түрлі тағамдарды дайындай алатын болғаи. Ертеде египеттіктер мал азығын әжептәуір сүрлей де білген. Ми-кробтардың пайдалы әрекеттерін қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды, бүлдіруші, зақымдаушы әрекеттеріне қарсы күрескен. Мәселен, Қытайда, Индияда және Кавказда шешек ауруына қарсы адамдарға арнаулы препараттар егетін болған. Жүқпалы аурулармен сырқаттанған адамдар бөлектелініп, жеке күтілген. Ал тамақ заттарын бүлініп кетпес үшін түздау, ашыту, қайнату, салқындату, кептіру арқылы сақтаған. Бұлардың барлығы микроорганизмдердің зиянды әрекеттеріне қарсы күресудің ертеден қолданылып келе жатқан басты шаралары болып саналады.
Бірақ адам баласы табиғатта микробтардың тіршілік ететіндігін жете білмегендіктен жоғарыда айтылған процестердін, сыры қүпия болып қала берді. Сондықтан да микробтар қатысуымен жүретін процестерді басқаруға мүмкіндік болмады.

Микробиология даму тарихын 5 кезеңге бөлуге болады.
1)Эвристикалық (3-4 ғасыр қазіргі б.з.д - 16 ғасыр б.з) - көрінетін әлеммен қатар көрінбейтін де тіршілік етеді. Көзге көрінбейтін жануарлар адамға мұрын, ауыз арқылы түсіп түрлі аурулар қоздырады.
2)Морфологиялық кезең. Бұған оптикалық аспаптардың шығарылуы әсер етті.
3)Физиологиялық кезең - Пастер және Кох кезеңі
4)Имунологиялық - Л. Пастердің вакцинация жұмыстары
5)Молекулярлы - генетикалық кезең микробиология және имунология жылдам түрде дамыды. Антибиотиктердің пайда болуы
Микробтардың пайдалы әрекеттерін тұрмыста қолданып қана қоймай, адам баласы олардың зиянды әрекеттеріне қарсы күресе де білген. Айталық, қытайлықтар, үнділер және біздің ата-бабаларымыз шешек ауруына қарсы екпе қолданып, адам өміріне араша түсе білген. Жұқпалы аурулармен сырқаттанған адамдарды оқшаулап, жеке күткен. Микробтар туралы түсініктері болмаса да, олардың зардаптарынан тағамдарды сақтай білген. Археологиялық зерттеулерге сүйенсек, адамзат тағам өнімдерін сақтауды (қайнату, тоңазыту, қақтау, тұздау, кептіру) сонау неолитика кезінен бастап игерген көрінеді.
Микробиология ғылымының дамуындағы айтулы кезең көзге көрінбейтін тіршілік иелерін зерттеуге арналған құралдың құрастырылуынан басталды. 1590 жылы шыны ажарлаушы Ганс және Захарий Янсендер майда заттарды үлкейтіп көрсететін аспап құрастырды. 1609-1610 жылдары Г. Галилей (1564-1642) ең алғашқы қарапайым микроскоп жасады
Швед ғалымы Карл Линей Табиғат жүйесін жасаған кезінде микроорганизмдерді бұл жүйеге енгізбей хаос яғни адам түсінбейтін, көзге көрінбейтін, құпия сыры бар бей-берекет жәндіктер тобына жатқызды. Дегенмен, микробтар туралы деректер жинала беріп, микробиологияның морфологиялық кезеңінің дамуына жол ашты.
XIX ғасырдың бірінші жартысында жұқпалы ауруларды қоздыратын кейбір микроорганизмдер белгілі бола бастады. Айталық, 1839 жылы И. Шенлейн тазқотыр зардапты саңырауқылақтың әсерінен пайда болатынын дәлелдесе, 1843 жылы Д. Груби бұзаутаздың, сәл кейінірек А. Полендер, К. Давен және Ф. Брауэлл 1849-1854 жылдарда топалаңың қоздырғыштарын ашады. Алайда, аталмыш ғалымдардың және сол кездегі басқа да зерттеушілердің еңбектері табылған микроорганизмдердің сыртқы пішінін жазумен ғана шектеліп отырды. Міне, сондықтан да, бұл уақыт микробиологияның ғылым ретінде қалыптасуындағы морфологиялық кезеңі деп аталып жүр.
Микробиологияның келесі даму сатысының - физиологиялық кезеңнің негізін қалаушы әйгілі француз ғалымы Луи Пастер (1822-1895) болды. Францияның Лилль қаласында химияпрофессоры лауазымында қызмет етіп жүрген Л. Пастер спирт зауыттарының иегерлерінің өтініші бойынша шарап пен сыралардың бұзылу себебін анықтау мақсатында зерттеулер жүргізген. Ізденістерінің нәтижесінде 1857 жылы ол спиртті, сүт қышқылды, май қышқылды ашулар, сонымен қатар сыра даярлау кезіндегі ашу белгілі бір микроорганизмдердің әсерінен туындайтындығы туралы қорытындыға келеді. Микробиология тарихында Л. Пастермен қатар ғылымының негізін қалаған тұлға ретінде неміс ғалымы Роберт Кохтың есімі (1843-1910) заңды түрде аталып жүр. Өз тәжірибелерін ол ауыл дәрігері болып жүріп, сібір жарасын зерттеуден бастаған еді. Кейіннен оның назары сол кезде кең тараған, емі табылмаған аурулардың біріне - туберкулезге ауады. 1882 жылы ол аталмыш аурудың қоздырғышын тапқаны туралы еңбегін жариялайды. Көп ұзамай бұл микроорганизмдерге зерттеушінің құрметіне Кох таяқшалары деген атау беріледі.
1950-1960 жылдары микробиология және иммунология жылдам түрде дамуда - молекулярлы-генетикалық кезең деп аталады. Оның даму себептері: а) молекулярлық биология, генетика, биохимия салаларында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Иммунологиялық кезең
Ауыздың кілегей қабатының жаралы-некротикалық зақымданулары. Бет-жақ аймағының одонтогенді газды гангренасы
Патологиялық анатомиясы
Микроорганизм клеткаларының иммобилизациясы
Бактериялар мен вирустардың генетикасы және өзгергіштік
Топырақ микрофлорасына әр түрлі ластаушылардың әсері
Арал өңірінің түрлі су көздері мен топырақтың ластану деңгейі және оның аймақ тұрғындарының тиреоидты жүйесінің функциялық белсенділігімен түйісуі
Мұнаймен ластанған су қоймалары мен топырақты тазалау шаралары
«Тан» сериясы сусындарының микрофлорасына морфо-биохимиялық сипаттама беру
Ауыз қуысына тұрақты тіршілік ететін стрептококтар
Пәндер