Микробиологияның негізгі даму кезеңдері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Микробиологияның даму тарихы. Микроорганизмдер әлемінің алуантүрлілігі

Нұр-Сұлтан, 2020
Жоспары:
I. Кіріспе.
II. Негізгі бөлім:
1) Микробиологияның негізгі даму кезеңдері.
2) Прокариоттардың негізгі бөлімдері.
I. Қорытынды.

Кіріспе.
Микробиология -- жай көзге көрінбейтін, ұсақ тірі ағзаларды, олардың құрылысы мен биологиялық, биохимиялық қасиетерін, табиғатта жүріп жатқан процестердегі ролін, адам тұрмысы саласындағы пайдасы мен зиянын жан-жақты зерттейтін ғылым. Микроорганизмдердің басым көпшілігі - бактериялар. Сонымен қатар микробиология төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарды, ашытқы саңырауқұлақтарын, ұсақ балдырларды, қарапайым организмдерді, вирустарды зерттейді.Өйткені бұл организмдердің сыртқы пішіні, құрылысы өте ұқсас, әрі сол ортаға тигізетін биохимиялық әсері жағынан да бірлестікте болады. Микробиология ғылымының жетістіктері қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруда, түрлі өсімдіктер мен жануарлар зиянкестеріне қарсы күресте, шырынды азық - сүрлемді даярлауда кеңінен қолданылады. Микроорганизмдерді барлық судан кездестіреміз. Әсіресе олардың басым көпшілігі судың түбіндегі қорыста қоректік заттардың молырақ жерінде тіршілік етеді. Ал өзіміз тыныс алатын ауада да олар жеткілікті. Көбінесе олар ауасы нашар, әсіресе халқы тығыз, өнеркәсіптер жиі орналасқан жерлерде көп тараған. Жалпы микроорганизмдер дүниесінің табиғаттағы маңызы орасан зор. өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарды микробтардың қатысуымен шіріп, ыдырайды. Олардың денесіндегі түрлі химиялық элементтер ауа мен топыраққа тарайды. Осының нәтижесінде қайтадан тіршілікке қажетті заттар пайда болады. Микробиология - микроорганизмдердің биохимиялық әрекеттерін, қоректік заттарды өзгертудегі олардың негізгі ролін қарастырады. Бұл процестердің ішінде кейбір микроорганизмдер әрекеттерінің, мәселен қанттың спиртке дейін ашуының, антибиотиктер мен витаминдер түзілуінің халық шаруашылығында зор маңызы бар.

Негізгі бөлім:
Бірнеше мың жыл бұрын, микробиология ғылым ретінде қалыптаспай тұрып, адамзат микроорганизмдер жайлы білмесе де, ашумен байланысты табиғи процесстерді тұрмыста: қымыз, алкоголь, сірке қышқылын алуда пайдаланды.
Ғылымға дейінгі дамуы: Адамдар ежелден микроорганизмдермен байланысты процесстерді білді, бірақ оның нақты себептерін түсінбеді. Дегенмен бұл процесстердің табиғаты белгісіз болса да, ол тұрмыста кеңінен қолданылды. Өз уақытында Гиппократ(460-337ж б.з.б) жұпалы аурулар көзге көрінбейтін организмдердің әсерінен пайда болуы мүмкін деп айтып кеткен болатын. Бірақ, микроәлемнің ашылуына жақынырақ келген Джироламо Фракасторо(1478-1553) болатын. Оның пайымдауынша, инфекцияны кішкентай денешіктер туғызып, ауру адамға тигенде беріліп және оның киімдерінде сақталады деген. Дегенмен бұл уақытта оның ойына көз жеткізу мүмкін емес болды.
Сипатты түрдегі ғылым: Оптикалық аспаптардың дамуы микроорганизмдердің зерттелуіне жол ашты. Ең бірінші микроскопты 1610 жылы Галилей ойлап тапқан болатын. Ал 1665 жылы Роберт Гук алғаш өсімдік жасушаларын көрді, бірақ оның 30 есе үлкейтейтеін құралы қарапайымдыларды немес бактерияларды көруге мүмкіндік бермеді. В.Л.Омелянскийдің пікірі бойынша микроорганизмдердің әлемін ең алғаш ашқан ғалым Афанасий Кирхер(1601-1680) болып табылады, әдетте микроәлемді ашқан деп Антони ван Левенгукты айтамыз. Антони ван Левенгук өзінің хатында 1676 жылдың 24 сәуірінде бір тамшы судан көрген ағзалар, сонымен қатар бактерияларға сипаттама береді. Ол оларды өте ұсақ жануарлар деп санады. Оның жаналығы әлемдік сенсация болды.
Микробиологияның даму тарихын бес кезеңге бөлуге болады:
* Эвристикалық,
* Морфологиялық,
* Физиологиялық,
* Иммунологиялық
* Молекулярлы-генетикалық.
Эвристикалық кезең келесі ғалымдардың атымен байланысты: Гиппократ, рим жазушысы Варрон, итальяндық дәрігер Д.Фракасторо (contagium vivum - тірі контагия туралы ой). Аурудың көзге көрінбейтін қоздырғыштарының болуы туралы дәлелдеулер тек микроскоп ашылғаннан кейін ғана мүмкін болды. Бұл голланд ғалымы А. Левенгуктың есімімен байланысты. Осы кезеңді морфологиялық кезең деп атайды.
Физиологияльщ кезеңде француз ғалымы Л.Пастердің атқарған еңбегі зор. Атап айтар болсақ, ашыту, шіріту, құтыруға қарсы вакцина, пастеризация, аттенуация процестері. Осы кезеңнің аяғында орыс биологы Д.И.Ивановский Vira патшалығыньщ өкілі - вирусты ашты. Қазіргі кезге дейін ауру туғызатьш 1000-нан астам вирустардың түрлері анықталды. Соның ішінде ЖПИТС (жүре пайда болған иммунды тапшылық синдромы) жаңа вирус болып табылады. Бұл вирусты ашқан ғалымдар Л.Монтанье және Р.Галло,
Вакцинация туралы Л.Пастердің еңбегі микробиологияның жаңа кезеңі - иммунологияның негізін қалады (аттенуация әдісі). Л.Пастерден кейін вакцина қолдану барысында иммунитеттің түзілу себебі мен механизмі туралы көптеген зерттеулер жүргізілді. Бүл турасында еңбегі сіңген ғалымдар И.И.Мечников пен П.Эрлих. П.Эрлих - неміс ғалымы -иммунитеттің гуморальды (латынша һитог - сүйықтык) теориясын үсывды. Ол иммунитет уды бейтараптайтын қандағы антидененің түзілуіне байланысты деп санады. Мүның дәлелі ретівде Э.Беринг пен С.Китазато күл (дифтерия) немесе сіреспе токсинін бейтараптайтын антитоксиндер - антиденені ашты. Бірақ И.И.Мечниковтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микробиология ғылым ретінде қалыптасуы
Микробиология пәні және тапсырмалары. Медициналық микробиологияның даму кезеңдері. Микроорганизмдерді жүйелеу принциптері. Бактериальды клетканың морфологиясы, қүрылысы және химиялық қүрамы
Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологияның мақсаттары және міндеттері
Микробиология аймақтары
Иммунологиялық кезең
Микробиологияның даму кезеңдері
Микробиология және вирусология ғылымдарының даму тарихы
Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері. Отандық ғалымдардың еңбектері
Микробиология тарихы. Микробиологиядағы ғұлама еңбектері. Вирусология тарихы. Вирусологиядағы ғұлама еңбектері
Микробиология ғылымы дамуының негізгі кезендері.
Пәндер