Магнит өрісінің өсімдіктерге әсері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Реферат

Тақырыбы: «Медицинада және ауыл шаруашылығында электр магнитінің өрісін қолдану»

Нұр-Сұлтан, 2020

Жоспары:

  1. Кіріспе.
  2. Негізгі бөлім:
  1. Магнит өрісі туралы және оның адамға әсері туралы жалпы мәлімет.
  2. Магниттік терапия арқылы адамға магнит өрісімен әсер ету.
  3. Магнит өрісінің өсімдіктерге әсері.
  1. Қорытынды.

Кіріспе.

Магнит (грекше magnetіs, Magnetіs lіthos - Магнесия тасы; Магнесия - Кіші Азиядағы көне қала) - магнит өрісін туғызатын дене. Магнит өрісіне ендірілгеннен дененің магниттік қасиетке ие болатын кесегі жасанды магнит деп аталады. Ал алдын-ала магниттелген ферромагнитті не ферримагнитті материалдан жасалған белгілі бір пішіні (таға тәрізді, ұзынша жолақ түрінде, т. б. ) бар магнит тұрақты магнит деп аталады. Ол электроникада, радиотехникада және автоматикада тұрақты магнит өрісінің автономды көзі ретінде кеңінен қолданылады. Магнит - Fe, Co, Nі, Аl, гексогональді ферриттер, т. б. негіздегі қорытпалардан жасалады. Асқын өткізгіш материалдан жасалған орамасы бар соленоидты немесе электрмагнитті асқын өткізгішті магнит деп атайды. Оны заттардың магниттік-электрлік және оптикалық қасиеттерін, плазманы, атомдық ядроларды және элементар бөлшектерді зерттеуге арналған тәжірибелерде қолданады.

Магнит өрісі - қозғалыстағы электр зарядтары мен магниттік моменті бар денелерге (олардың қозғалыстағы күйіне тәуелсіз) әсер ететін күштік өріс. Магнит өрісінің көздері - магниттелген денелер, тогы бар өткізгіштер және қозғалыстағы зарядталған денелер. Бұл көздердің табиғаты бір: Магнит өрісі зарядталған микробөлшектердің (электрон, протон, ион), сондай-ақ, микробөлшектердің меншікті (спиндік) магнит моменті болуының нәтижесінде пайда болады (Магнетизм) . Айнымалы магнит өрісі электр өрісінің, ал электр өрісі магнит өрісінің уақыт бойынша өзгерісі нәтижесінде пайда болады.

Табиғатта магнит өрісінің сан алуан түрі кездеседі. Магнитосфераны түзетін Жердің магнит өрісі Күнге қарай 70 - 80 мың км-ге, ал оған қарама-қарсы бағытта миллиондаған км-ге созылады. Жербетінде магнит өрісі орташа 0, 5 Э-ке тең, ал магнитосфераның шекарасында 10-3 Э. Планета аралық магнит өрісі - негізінен Күн желінің өрісі. Күннің оталуы, ондағы дақтар мен протуберанецтердің байқалуы, Күннен шығатын ғарыштық сәулелердің пайда болуы тәрізді құбылыстарда магнит өрісі елеулі рөл атқарады. Магнит өрісі заттың (ортаның) оптикалық қасиетіне және электр-магниттік сәуле шығару құбылысының затпен әсерлесу процесіне елеулі ықпал жасайды, өткізгіштер мен шала өткізгіштерде гальваномагниттік құбылыстар мен термомагниттік құбылыстарды туғызады. Магнит өрісі әдетте әлсіз (500 Э-ға дейін), орташа (500 Э - 40 кЭ), күшті (40 кЭ - 1МЭ) және аса күшті (1МЭ-ден жоғары) болыпбөлінеді. Іс жүзінде бүкіл электротехника, радиотехника мен электроника әлсіз және орташа магнит өрісін пайдалануға негізделген. Әлсіз және орташа магнит өрісі әдетте тұрақты магнит, электрмагнит, суытылмайтын соленоид, асқын өткізгіш магниттердің көмегімен алынады. Күшті магнит өрісін алуда асқын өткізгіш соленоидтар (150 - 200 кЭ), сумен салқындатылатын соленоидтар (250 кЭ-ға дейін), импульстік соленоидтар (1, 6 МЭ) қолданылады. Аса күшті магнит өрісі бағытталған жарылыс (қопарылыс) әдісімен алынады. Жер магнетизмін системалы түрде өлшеу арқылы теңізде жүргізушілерге, авиаторларға керек болатын магниттік карта жасайды, пайдалы қазбаларды зерттейді және Күннің әрекет қимылының өзгеруін бақылайды. Жер магнетизмінің қалай пайда болғаны әзірше толық шешілмеген.

Жердің магнит өрісінің бар екендігі өте ерте кезде белгілі болған оның жасырын адам біле бермейтін құпияларын көптеген ғалымдар зерттеп, ол өрістің биофизикалық заңдылықтарын түсіндірмек болды. 1600 жылы ағылшын дәрігері Гильберт, "Магнит, магниттік денелер және ең үлкен магнит жер туралы" деген еңбегінде Жердің біртекті магниттелген екі полюстен тұратын ал оның магниттік қасиеттері оның ішінде жинақталатынын атап өткен.

Қазіргі кезде жердің магнит өрісінің атмосфераның жоғары және төмен қабаттарына, жердің ланшафтық зоналарына, климат пен атмосфера айналуына әсер ететіндігі туралы көптеген еңбектер жинақталған. Сонымен қатар геомагниттік өріс тірі организмдерге әсер етіп, оның динамикалық өзгерістерін туғызады.

Геомагниттік өрістің көрсеткішінің өзгеруіне байланысты екіге бөлуге болады: динамикалық өзгеруіне қарай тұрақты магнит өрісі және айнымалы магнит өрісі.

Тұрақты магнит өрісі деп периоды бір жылға дейін әртүрлі өзгерістерге ұшырамайтын өрісті айтады, бірақ ол өріс бір ғасырдың ішінде өзгерістерге ұшырауы мүмкін. Жердің магнит өрісінің өзгеру периоды өте үлкен. Бірнеше жүздеген жылдарға тең.

Жердің айнымалы магнит өрісі деп бір жылдың ішінде әр түрлі периодты өзгерістерге ұшырайтын магнит өрісін айтады. Айнымалы магнит өрісінің шамасы тұрақты магнит өрісінің шамасының 2% -нен аспайды, бірақ оның биологиялық әсері өте зор болады.

Өткен ғасырдың 60-шы жылдарынан техникалық төңкеріс бастау алды. Дәл сол уақытта алғашқы компьютерлер, радиотелефондар ойлап табылды, серіктік байланыс өңделіп, іске қосылды. Осы жаңалықтармен қатар сол уақытта қалыпты болып есептелген магнит өрісінің көздері: радиолокациялық станциялар, радиорелейлік станциялар, теледидарлық мұеаралар саны көбейді. Сол кезеңде дамыған өндірістік елдер магниттік сәулеленудің адам денсаулығына әсерін зерттеуге қызығушылық таныта бастады. Сондықтан электромагниттік өрістердің адам ағзасына әсер ету мәселесі бүгінгі күні өзекті мәселе болып табылады. Электромагниттік экологияның негізгі мәселелерінің бірі әлсіз магнит өрістерінің биологиялық объектілерге әсер ету механизмін түсіндіру болып табылады. Миллиардтаған жылдар бойы жердің табиғи магнит өрісі экожүйелердің күйіне үнемі әсер етіп келеді. Эволоюциялық даму барысында қоршаған орта және тірі ағзалар табиғи жағдайға бейімделіп кетті. Ал кейбір ауытқулар тек күннің белсенділігі артатын кезеңдерде ғана бақыланады. Бұл құбылыс магниттік дауыл деп аталады.

Магниттік дауыл - Жердің магнит өрісінің күшті ұйтқуы салдарынан болатын өте қарқынды ауа ағыны (дауыл) . Дауыл бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады, әрі жер бетінің барлық нүктесінде бір мезгілде өтеді; өте үлкен қарқындылығы (∼5. 10-2 Э-ке дейін) жоғары ендіктерде байқалады. Магниттік дауыл Күннің активті аймағынан бөлінген плазма ағыны (Күн желі) салдарынан пайда болады. Энергиясы орасан зор бөлшектердің Жер атмосферасының жоғары қабатына енуі және олардың жер магнитсферасымен әсерлесуі нәтижесінде ондағы электрлік токтардың күшеюіне және өндірілуіне (генерациялануына) әкеледі. Магниттік дауыл кезінде одан гөрі күрделірек геофизикалық процесс - магнитсфералық дауыл байқалады. Магниттік дауыл салдарынан радиотолқындарды шағылыстыратын және жұтатын ионосфера қабатының параметрлері айтарлықтай өзгереді. Оның барысында қысқа толқынды радиобайланыс едәуір қиындайды. Магниттік ұйытқу кезінде Жер атмосферасының жоғарғы қабаты қызады да, жылу төменгі - тропосфера қабатына беріледі. Нәтижесінде, тропосферада әр түрлі циркуляциялық қозғалыстар мен циклондар пайда болады.

Мұндай магниттік дауылдар зиянды болып келеді: олар радиобайланысты бұзады, электробайланысқа кесел келтіреді, көптеген өлшеуіш құралдар дұрыс көрсетпей қалады. Магниттік дауылдар барлық экожүйелерге және адам ағзасынада кері әсерін тигізеді. Бұл кезеңде жүрек-қантамыр ауруларына, жүйке ауруларына шалдыққан адамдардың жағдайларының нашарлауы байқалады. Ультрақысқа диапазондағы магнит өрістері негізгі физиологиялық ритмдерге - жүрек, ми, тыныс алу жиілігіне жауап береді. Дені сау адам өзгерістерді сезбеуі мүмкін. Науқас адамда адаптивты механизмдері әлсірейтіндіктен, оның ағзасы ауа райының құбылуларына бейімделу қабілеттілігін жоғалтады. Бұл адамдар үшін Күннің белсенділік кезеңі аса қауіпті, созылмалы аурулар күрделене түседі. Магнит өрісі жануарларға да әсер етеді, әсіресе құстарға және жәндіктерге әсері айқын байқалады.

Магнит өрісі көп мөлшерде зиян болғанымен, оның пайдасы да бар.

Магниттік терапия (магниттермен емдеу) тұрақты магнит өрісін генерациялауға негізделген. Ол бұлшық еттерге және тіндерге тереңнен әсер ете отырып, ағзаға емдік және сауықтырушы әсер етеді, әсіресе ауырсынуды басады.

Магниттің адам денсаулығына оң әсерін Ежелгі Римде байқаған. Гален, Авиценна, Парацельс оны емдік дәрі ретінде қолданған, алайда ол кезде магнитің биологиялық әсерінің ғылыми негізделген теориясы болмаған. Тек ХVIІІ ғасырдың соңында зерттеушілер магнитті қолдану кейбір жүйке ауруларының ағымын жеңілдететінің анықтаған. Өткен ғасырдың орта шеңінен бері магнит өрісінің тірі жасушаға әсер ету механизмдерін түсіндіретін ғылыми жұмыстар пайда болды.

Магнит өрісінің әсерінен жасушалық мембрананың өтімділігі өзгеретіні дәлелденді. Осы жағдайда жасушааралық және ұлпааралық сұйықтықтағы зат алмасу жақсарады. Магнит өрісінің параметрлерін сәйкестендіре отырып, мемьрананың жұмысын басқару мүмкін болды, яғни жасушаға толығымен әсер етуге болады. Сырттай магнит өрісі тірі ағзадағы әртүрлі иондардың қозғалысына әсер етеді, олардың концентрациясын, биохимиялық белсенділіктерін өзгертеді, кальций, оттегінің және басқа заттардың белсенделегін арттырады, осының әсерінен зат алмасу жақсарады. Сонымен қатар, магнит өрісі бұлшық етке әсер етеді. Онда ұлпалық опиаттар бөлінеді және олар қанға сіңіп бас миында орналасқан ауырсыну орталығына әсер етеді, әсерінен ауырсыну сезімі басылады. Магнит өрісінің әсер теу аймағында орналасқан қантамырлар кеңейеді де, соның әрінен ұлпаларды қанмен қамтамасыз ету қалпына келеді.

Күнделікті тұрмыста магниттік әшекейлерді және құралдарды қолдану. Магниттік әшекейлерді әрдайым тағып жүретін адамдар шаршағыштық және әлсіздік сезімдерден арылады, қан қысымдары реттеліп, қанайналымдары жақсарады. Осылайша, магниттердің көмегімен емдеу жасушалық магниттік потенциалды үйлестіреді және қалыпқа келтіреді. Жасушалар қоректік заттарды және оттегіні анағұрлым жақсы тұтына бастайды. Нәтижесінде ми қуатын жақсартады және ағзаның шлактан тазаруына септігін тигізеді.

Саусақтағы кішігірім магниттік сақинаның өзі қуатты сауықтыру әсерін тигізеді. Магнитотерапия денсаулығын күтетін және жастығын ұзаққа сақтағысы келетін барлық адамдарға ұсынылған. Әлеуметтік сауалнама жүргізу арқылы магниттік әшекейлерді және құралдарды қолданудың тиімділігін анықтадық. Осындай магниттік әшекейлерді пайдаланатын 10 адамнан сауалнама алып, нәтижесінде олардың 80% оң өзгерісті байқаған, 20% өзгеріс байқамағаны белгілі болды.

Магнит өрісінің өсімдіктерге әсері .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биосфера және адамзат
Ультракүлгін сәуле
Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері
БИОСФЕРА МЕН БИОТА ЭВОЛЮЦИЯЛАРЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ТРИГГЕРЛЕРІ
Биологиялық сағат - бірегей механизм
Магнит өрісін оқытудың әдістемесі
Қоршаған ортаның ластануы дәрістер
ЭЛЕКТРОСТАТИКА БӨЛІМІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Электромагниттік құбылыстарды оқып үйрену әдістері
Токтың әсері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz