Өнім өндіру жоспарының орындалу көрсеткіштері


І КІРІСПЕ
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекеттері талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелу үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді. Жасанды көрсеткіш пен жоспар үшін жұмыс істеу келмеске кетеді.
Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы экономикамен тікелей байланысты, бір жағынан - өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан - өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс Сонымен ол шаруашылық процесін жалпы және де жеке кәсіпорынның мүддесі ретіндегі көзқарасты қарайды.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік пен қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті. Өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттігі (жабдықтаушы, сатып алушы, мердігер, банк және т. б. ) қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз таңдауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізу субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік алды. Атап айтқанда, ішкі және сыртқа рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті. Өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагентті өз қалауы бойынша алады. Олардың жұмыстарының тиімділігі, өздеріне тиімді іскер серіктестерді таңдауы нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар табуына тікелей әсер етеді.
Курстық жобаның мақсаты: Кәсіпорын тиімділігінің түсінігін қарастыру, яғни қазақстандық зерттеушілердің осы бағытта жазылған еңбектерін оқып, кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттырудың мәселелері мен дамыту жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеті:
- кәсіпорын қызметінің тиімділігіне түсінік беру;
- кәсіпорын табыстылығын бағалау әдістерін қарастыру;
- кәсіпорынның табыстылығының көрсеткіштерін зерттеу;
- кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жасау;
- кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;
- кәсіпорын қызметінің тиімділігін бағалау;
- кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне талдау жасау;
- жұмысшының жылдық өнім өндіруіне әсер ететін себептерді анықтау.
Курстық жұмысты орындау барысында кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылату мақсатында жазылған отандық және шет елдік ғалымдардың еңбектерін, сондай-ақ заңдылық пен нормативтік актілері, оқулық және тәжірибелік құралдарын қолдандым.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігі жайындағы жалпы түсінік
Кәсіпорын (қызметінің тиімділігі өндірістің нәтижелерін (тиімділігін) шығындар мен қолданылған ресурстарды салыстыру жолымен өлшенеді. Қол жеткізілген тиімділікті (табыс, өнім) авансталған немесе қолданылған ресурстармен (шығындар) салыстыра отырып кәсіпорын қызметінің тиімділігінің бірқатар көрсеткіштерін анықтауға болады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады:
1) қорытындылаушы;
2) техника-экономикалық.
Бірінші топтың көрсеткіштеріне табыстың деңгейі, еңбек өнімділігі (еңбек сыйымдылығы) қор қайтарымдылығы (қор сыйымдылығы), материалдар қайтарымдылығы (материал сыйымдылығы), капитал салудың қайтарымдылығы (капитал сыйымдылығы) жатады. Екінші топқа ресурстарды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорындағы өндіріс процесінің кейбір жақтарын жоспарлау мен нақты талдау, оның өсу себептерін есептеу үшін қолданылады. Бұлар: еңбек құралдарын, агрегат қуатын пайдалану коэффициенті, жеке жұмыс өнімділігі және т. б; энергия, жанар-жағармай, материалдар мен шикізаттың меншікті шығындары; меншікті капитал салымдары, өзін-өзі ақтау мерзімі, келтірілген шығындар.
Өнім динамикасы мен ресурстар динамикасы (шығындары арақатынасы экономикалық өсу сипатын анықтайды. Өндірістің экономикалық өсуіне экстенсивтік немесе интенсивтік тәсілмен қол жеткізуге болады. Өнімнің өсу қаркынының ресурстардың немесе шығындардың өсу қарқынынан артық болуы экономикалық өсудің басым интенсивті екендігін дәлелдейді.
Өндірістің экономикалық тиімділігінің жеткілікгі жоғары қарқынды және бірыңғай өсуін қамтамасыз ету мүмкіншілігі тек дамудың интенсивті түріне өтуге жағдай жасайды. Бұдан шығатын қорытынды, өндірісті жан-жақты интенсивтендіру - оның тиімділігін артгырудың шешуші себебі. Сөз ең алдымен,
әрбір материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының бірлігінің қайтарымын арттыру үшін негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану туралы болып отыр.
Жұмысшының өнім өндіруі - кәсіпорынның негізгі тиімділік көзі. Өз кезегінде, бір жұмысшының жылдық орташа өнім өндіруіне экстенсивті және интенсивті себептер әсер етеді. Экстенсивті себептерге жұмыс уақытының қорын пайдалануға, ал интенсивтіге - уақыт бірлігіндегі еңбек өнімділігіне, яғни орташа сағаттық өнім өндіруге әсер ететін себептер жатады. Бұлайша бөлу тек шартты түрде қажет, өйткені жұмыс уақытын пайдалану негізінен еңбек пен өндірісті ұйымдастыруға, ал сағаттық өнім өндіру - өнімнің еңбек сыйымдылығы деңгейін анықтайтын кәсіпорынның техникалық және жұмысшылардың мамандығы деңгейіне байланысты.
Базистік деңгеймен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне нақты мына себептер ықпалын тигізеді:
1) бір жұмысшының орташа жұмыс күнінің саны;
2) жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
3) бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі.
Бұл жағдайда жұмыс күнінің орташа саны - негізгі сандық көрсеткіш, ал орташа жұмыс күнінің ұзақтығы әр жұмысшының жұмысқа шығуына байланысты болғандықтан - туынды көрсеткіш болып саналады.
Одан туындайтыны, тізбектеп ауыстыру тәсілін пайдаланғанда, көрсеткіштер шамасын алмастыру, олардың бір-біріне тәуелділігін назарға ала отырып жүргізіледі.
1-кесте де осы себептердің базистік шамасымен салыстырғанда бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өнім өндірудің өзгеруіне әсерін есептеу келтірген.
1-кесте. Жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруінің өзгеруіне әсерін есептеу
нақты
244
нақты
7, 2
Кестеден, орташа сағаттық өнім өндірудің артуы нәтижесінде, жоспармен салыстырғанда бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі 2696 теңгеге өскенін көреміз. Алайда жұмыс уақытын ішкі және толық күндік жоғалтулар, жоспардағыға қарағанда оның шамасын 2875 теңгеге кемітті, бұл уақыт бірлігіндегі жұмысшының өнімділігінің оң әсерін жауып тастады.
Талдау есептеулері дұрыс жүргізілген, өйткені жеке көрсеткіштер шамасының өзгеруі әсер етуден болған ауытқулардың алгебралық сомасы қорытындылау көрсеткішінің жоспарынан ауытқуына тең. Ауытқулар балансы:
42136 - 42315 = (- 684) + (- 2191) + 2696 = -179.
Сонымен, еңбек өнімділігі деңгейін сипаттайтын негізгі көрсеткіш бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа өнім өндіру болып табылады.
Талдау мақсатында, осы көрсеткішпен қатар, бір жұмысшыға шаққандағы орташа өнім өндірудің бір жылдағы, адам-күн және адам-сағаттағысын есептеу қажет. Талдауда бұл көрсеткіштердің барлығын пайдалану керек, өйткені олар бір-бірімен байланысты және олардың индекстерін салыстыру, еңбек өнімділігі жоспарын орындауға әр түрлі себептердің алатын орынын анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өнімділігі көрсеткіштерінің өзара байланысы мына формуладан көрінеді:
WR=Wсағат *B*C*a.
Мұнда: WR - бір жұмыс істеушінің орташа жылдық өнім өндіруі;
Wсағат - сағат бір жұмысшының орташа сағаттық өнім өндіруі;
В - жұмыс күнінің орташа ұзақтығы;
Wсағат *В = Wd - бір жұмысшының орташа күндік өнім өндіруі;
С - бір жылдағы жұмысшының орташа күн саны
Wd *C= WR - бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі;
а - жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы;
WR *а = WR - бір жұмыс істеушінің орташа жылдық өнім өндіруі.
Жоспардың орындалу пайызын бір жұмысшы мен бір жұмыс істеушінің орташа жылдық өнім өндіруінің көрсеткіштері бойынша салыстыру, еңбек өнімділігінің деңгейіне өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлерінің құрамы сияқты себептің әсері бар екендігін дәлелдейді.
Өнім өндіруге тікелей қатыспайтын қызметкерлер тобының үлес салмағы төмен болған сайын, өндірісті ұйымдастыру мен технологияның сол деңгейіндегі, бір жұмыс істеушінің еңбек өнімділігі соғұрлым жоғары болады.
Орташа жылдық және орташа күндік өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық, жұмыс уақытының толық күндік жоғалуын немесе есеп беру кезеңіндегі бір жұмысшының істеген жұмыс күні санының өскенін бейнелейді.
Орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру бойынша жоспардың орындалу пайызындағы алшақтық ауысым ішінде жоғалту болуымен немесе керісінше, күні бойғы жұмыс уақытының ұзақтығы артқанымен байланысты болуы мүмкін.
2-кесте. Өнім өндіру жоспарының орындалу көрсеткіштері
Орындалуы,
%-бен
Жылына бір жұмыс істеушіге есептеген
өнім өндіру, теңге
Кестеде келтірілген өнім өндіру көрсеткіштерінен, бір жұмыс істеуші мен жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі бойынша жоспардың орындалмағаны көрініп тұр, бұл жұмыс істеушілердің жалпы санындағы жұмысшылардың үлес салмағының төмендегенін дәлелдейді. Осылай, біздің кәсіпорынымызда оның шамасы 65. 02%-дан 64. 13%-ға дейін төмендеді.
Бір жұмысшының жылына өнім өндіру жоспарының орындалу пайызы бір күндегіге қарағанда аз, бұл жұмыс уақытының толық күндік жоғалтылуы салдарынан болады. Жұмыс уақытының ауысым ішіндегі жоғалтылуын орташа күндік және орташа сағаттық өнім өндіру жоспарлары орындалуы пайыздарындағы алшақтық дәлелдеп тұр. Еңбек өнімділігін орташа сағаттық өнім өндіру анағұрлым дәл сипаттайды, өйткені оған ауысым ішілік және толық күндік жұмыс уақытын жоғалтулар әсер етпейді.
Еңбек өнімділігін талдағанда, істегеніне қарай еңбекақы алатын жұмысшылардың өнім өндіру нормасын орындауы туралы мәселені айналып өтуге болмайды.
- Кәсіпорын қызметінің тиімділігі көрсеткіштерін талдау
Өндірістің тиімділігінің ең басты көрсеткіші жанды еңбек өнімділігі болып саналады, ол өндіріс нәтижесімен, жұмыс істеушілердің орташа тізім санының арақатынасымен немесе еңбек сыйымдылығымен, өнім бірлігіне кеткен жұмыс уақытының шығындарымен өлшенеді. Жапонияда өнімділік кәсіпорынның іскерлік белсенділігін сипаттайтын көрсеткіштер қатарына жатқызылады.
Қазақстанның кәсіпорындарда еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші бір жұмыс істеушіге шаққандағы жылдық орташа өндірілген өнім болып табылады. Оның шамасы бір жұмысшыға шаққандағы орташа өндірілген өнім мен жұмыс істеушілер құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағына байланысты.
Осы себептердің бизнес-жоспармен салыстырғандағы есеп беру жылындағы бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өндірілгенінің өзгеруіне әсерін 1-кестеде келтірілген мәліметтерге сүйеніп қарастырайық.
3 кесте
Басқа барлық жеке көрсеткіштер шамалары жағынан бірдей болып келеді.
Ауыстыру саны есептеу формуласына кіретін жеке көрсеткіштер санына тең, ал жүйемен есептеу бір санға артық болады, өйткені қорытынды көрсеткіштің өзгеруінің жалпы шамасын анықтау үшін барлық көрсеткіштері базистік шамада көрсетілген базистік есептеу жүргізіледі.
Есептеуді тексеру ауытқулар балансын салыстыру жолымен жүргізіледі: кейбір жеке көрсеткіштердің өзгеруі әсер еткен алгебралық соманың ауытқулары, қорытынды көрсеткіштің ауытқуына тең болуы тиіс.
Аталған жеке көрсеткіш әсер еткен қорытынды көрсеткіштің өзгеру шамасы, есептеуде қабылданған ауыстырудың кезегімен жүргізілуіне тәуелді, ол ерікті түрде болмайды, яғни олардың бірлескен қимыл процесіндегі себептердін өзара байланысы, алдын ала сапалық талдаумен негізделген болуы керек.
Жеке көрсекіштердің базистік шамасын нақтысымен алмастырудың кезектілігі туралы мәселені дұрыс шешуге барлық жеке көрсеткіштерді сан, құрылым және сапа көрсеткіштеріне жіктеп бөлу көмектеседі.
Алдымен сан мен құрылымның жеке көрсеткіштері шамасын өзгертеді, сонан соң сапалық көрсеткіштерді ауыстыру жүргізіледі. Алайда көбінесе, бір ғана емес бірнеше сан және сапа көрсеткіштерінің бір мезгілдегі әсерін өлшеуге тура келеді. Онда ауыстырудың кезектілігін анықтау үшін алдын ала, қай көрсеткіштің басқаларға тәуелсіз, қайсысының негізгі, туынды екендігін беигілейді.
Бұл жағдайда ауыстыруды негізгіден бастайды, одан кейін алдыңғыға тәуелді келесі көрсеткішті ауыстыруға көшеді.
Біздің мысалымызда, бір жұмыс істеушіге жылдық орташа өндірілген өнім түріндегі қорытынды көрсеткішке жұмыс істеуші құрамындағы жұмысшылардың үлес салмағы мен бір жұмысшыға шаққандағы орташа жылдық өндірілген сияқты екі жеке көрсеткіш әсер етеді. Тізбекті ауыстыру тәсілін қолданып, олардың әсер ету көлемін анықтаймыз.
4-кесте. Жұмысшылардың үлес салмағы мен жұмысшының еңбек өнімділігінің өзгеруінің бір жұмыс істеушіге шаққандағы орташа жылдық өнім өндірудің жоспардағыдан ауытқуына әсерін есептеу
жоспар
42315
Кестеден көрінгендей, жұмысшыларды жеткіліксіз мөлшерде алғандықган және бір жұмысшыға шаққан орташа жылдық өндірудің төмендеуі нәтижесінде еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіші 493 теңгеге төмендеді ол баланстың ауытқуымен дәлелденеді:
[27020 - 27513 = (-376) +(-117) ] = - 493, соның ішінде сандық көрсеткіштерден (жұмыс істеушілер мен жұмысшылар санынан) туындайтын құрылым көрсеткіштің үлесіне, қорытындылау көрсеткішінің жоспардағы шамасымен салыстырғанда 76. 3%-ға төмендеуі тиеді.
Айта кеткен жөн, кәсіпорынның қаржылық жағдайын - талдау жүргізудің дәйектілігі жөніндегі басылып шығарылған әдістемелік зерттеулердегі авторлардың тыныстары оқырмандардың назарын аударады.
Жалпы редакциясын В. И. Стражева басқарған, Беларусь Республикасының Мемлекттік экономикалық университетінің авторлар ұжымы кәсіпорынның қаржылык жағдайын талдауды алдымен оның активтері мен пассивтерін талдаудан бастау ұсынылады, содан кейін кәсіпорынның төлеу қабілеті мен қаржылық тұрақтылығын, сондай-ақ активтердің қайтарымдылығын талдауға және оның қаржы жағдайын қысқа мерзімді болжауға кеңес беріледі.
О. В. Ефимов өзінің "Қаржылық жағдайды қалай талдау керек" деген еңбегінде талдау әдістемесін, әрбір шаруашылық жүргізушінің маңызды міндетінің бірі болып табылатын және де кәсіпорынның төлеу қабілеті мен өтімділігіне қосымша баға беруге мүмкіндік беретін мұліктік массаның құрылымын бағалаудан бастайды.
И. М. Лоханина мен 3. К. Золкина алдымен есеп беруді құрастырудың сапасын тексереді, содан кейін оны оқуды жүргізіп, соның негізінде кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалайды, одан кейін кәсіпорынның мүліктік жагдайына және оның қалыптасу көздеріне, қаржылық дербестігіне және талдау қабілеттілігіне тереңдетілген талдау жасайды.
Кәсіпорынның қаржы жағдайын талдаудың соңғы ерекше) әдістемесін А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфулин ұсынады. Ол талдаудың келесі бөліктерінен тұрады: қаржылық жағдайдың жалпы бағасы және есепті кезеңдегі оның өзгерісі; кәсіпорынннң қаржылық тұрақтылығын талдау; баланс өтімділігін талдау; кәсіпкерлік скерлік белсенділігін және төлеу. қабілетін талдау.
Қаржылық жағдайды және оның есепті кезеңдегі өзгерісін салыстырмалы аналитикалық баланстың бойынша бағалау, сондай-ақ қаржылық тұрақтылықты абсолюттік көрсеткіштерін талдау, олардың ойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың басты бөліктерін дамытуға тиісті оның негізгі пунктін құрайды. Баланс өтімділігін талдау, тұрақтылықты талдаудан туындап, ағымдағы төлеу қабілетілігін бағалап, болашақтағы төлем қабілеті мен қаржылық тепе-теңдіктің сақталу мүмкіндігі туралы қорытынды жасауға тиіс.
В. А. Андреев және В. В. Ковалев кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалауға байланысты жұмысты екі модульді құрылым түрінде ұйымдастыруды ұсынады: экспресс-талдау және тереңдетіп талдау. Экспресс-талдаудың негізгі мақсаты - бұл шаруашылық субъектісінің даму динамикасын және қаржылық жағдайын бағалау болып табылады. Оның шеңберінде қойылған мақсатқа көрнекті және жай қол жеткізуге мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің аздаған санының динамикасына есеп, бақылау және талдау жүргізіледі.
Тереңдетіліп нақтыланған талдау экспресс-талдауды бөлек төртібін кеңейтеді, толықтырады және дәлелдейді. Оның мақсаты - шаруашылық субъектісінін қаржы жағдайы туралы, оның өткен есепті кезеңдегі қызметінің нәтижесі, сондай-ақ кәсіпорынның болашақтағы даму мүмкіндіктеріне соңғы толық баға беру болып табылады. Осыған байланысты нақтылау дәрежесі аудитордың өзінің ықыласына байланысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz