Бағаның нарық жағдайына бейімделуі
І КІРІСПЕ
Нарықтық механизмнің негізгі элементтерінің бірі - баға. Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраным мен ұсыным нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр фирманың табысты тұрақталуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында.
Жалпы баға - күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар.
1401000 - Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану
Бет
Өлш.
Бет
Құжат №
Қолы
Күні
Курстық жұмыстың мақсаты - қазіргі нарық жағдайындағы баға қалыптасу ерекшеліктерін, бағаның нарық жағдайына бейімделу әдістерін, баға белгілеудегі жеңілдіктер мен тыйым салынатын іс-әрекеттерді, баға жасаудағы факторларды талқылау болып табылады.
Курстық жұмыстың құрылымы: негізгі 4 бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде - баға түсінігі, бағаның қалыптасу теориялары, бағаның негізгі қызметтері, әртүрлі нарық түрлеріндегі баға жасаудың ерекшеліктеріне тоқталдым.
Екінші бөлімде - бағаның нарық жағдайына бейімделудегі мәселелер мен әдістері анықталды.
Үшінші бөлімде - бағаның түрлері мен оның жүйелері туралы талқыланды.
Төртінші бөлімде - бағаның сұраныс пен ұсынысқа тәуелділігі, бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлер қарастырылды.
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Баға ұғымы, баға жасаудың әртүрлі нарық түрлерінде ерекшеліктері
Баға және баға жасау нарықтық экономиканың өте маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Баға негізінде тауарлар өндірісі, өткізілуі, олардың құнын анықтау мәселесі, ұлттық жалпы өнімді шығару, тарату және қолдану және т.с.с. сұрақтар шешіледі.
Сурет 1

Бағаның екі негізгі теориясы бар. Бірінші теория бойынша тауар бағасы оның құнын (ұсыныс) айқындайды (бағаның шығынды теориясы). Негізін қалаушылар Вильям Петти, Адам Смит, Давид Рикардо. Олардың ойларынша тауар құны оны өңдіруге кеткен еңбек мөлшерімен анықталады. Бұл теорияның әрі қарай дамытқан К.Маркс болатын (абстрактты еңбек), оның ойынша тауардың құны және бағасы болады. Құн - қоғамға пайдалы еңбек шығындары (орташа). Әртүрлі тауарлар құндарының ара-қатысы оларға кеткен абстрактты еңбек мөлшерлерінің ара-қатысы болып табылады. Ал тауар бағасы осы тауар құнының ақшалай көрінісі болып табылады. Ол әртүрлі кездейсоқ нарықтық факторларға байланысты өзгеруі мүмкін.
Басқа теория бойынша тауар бағасы деп өндірістік қорларды ең тиімді пайдалану жағдайында болған ақшалай шығындар мөлшерін айтады. Яғни, бұл жағдайда тауар бағасы өңдірушінің шығындарын сипаттамай, сатып алушының осы тауардың пайдалылығын бағалау деңгейіне (сұраныс) тәуелді болады. Мұнда баға тауар құнынан босатылады және оның қажеті жоқ.
Нарық құрылымы - бұл нарықтың негізгі және ерекше белгілері: фирмалардың саны, өлшемі, әртүрлі фирмалар шығаратын тауарлардың ұқсастығы, айырмашылықтары, нарыққа жаңа сатушыларға кіру немесе жеңілдігі, нарықтық ақпаратты жинау мүмкіндігі.
Нарықтың әртүрлі модельдері болуы мүмкін: жалпы алғанда 4 түрі бар:
Таза бәсеке, монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия. Біріншісі мен төртіншісі абстрактты болады, өйткені іс жүзінде ондай нарықтар болмайды.
Кесте 1
Ерекше белгілері
Таза бәсеке
Монополиялық
Олигополия
Таза монополия
Фирма саны
өте көп
Көп
Бірнеше
Біреу
Өнім түрі
біріңғай
Әртүрлі
әртүрлі немесе біріңғай
Бірегей
ағаларды басқару
Жоқ
Бар, бірақ тар шеңберде
өзара тәуелділікпен шектелген, сыбайлыстықта өте жоғары
өте жоғары
Нарыққа ену мүмкіндігі
Кедергі жоқ
Оңай
өте қиын
Кіру мүмкін емес
Бағадан басқа бәсеке
Жоқ
Негізінен жарнамаға, сауда белгілеріне, маркаларға, т.б. көп көңіл бөлінеді
өте тән болады
Жарнамаға және фирманың қоғамдық ұйымдармен байланысына өте көп көңіл бөлінеді
Мысал
Ауыл шаруашылығы
Бөлшек сауда, киім, аяқ киім өндірісі
Автомобиль, тұрмыстық техника, шойын өңдіру
Қоғамдық пайдаланудағы жергілікті кәсіпорындар

Таза монополист дискриминациялық бағаларды қолдана алады, оның негізгі түрлері: сатып алушылар топтары бойынша, тауарлар, қызметтер варианты бойынша, территория бойынша, уақыт бойынша.
Тарифтер және сауда бойынша генеральды агентство (ГАТТ) қалыпты құнның анықтамасын келесі түрде береді: қалыпты құн деп сауда арқылы орны толтырылатын тауар пайда болған елдегі тауарға кеткен материалдар және жасау құны мен жалпы шығындар және қалыпты пайда мөлшерінің қосындысын атайды.
Орталықтандырылған экономикада өнім бағасы кейде өндірістің басталуына дейін анықталуы мүмкін, яғни баға негізінде шығындарды есептеуге болады.
1. Нарықтық баға жасаудың ең түбегейлі ерекше белгісі ретінде тауар бағасының өндірісте, тіпті кәсіпорында емес, өткізу өрісінде анықталатынын, яғни сұраныс пен ұсыныстың ықпалына тәуелді болатынын атау қажет. Тауар бағасы және оның пайдалылығы тек нарықта ғана тексеріледі және қалыптасады. Біздің елде, өкінішке орай әлі де болса, тауар бағасы негізінен кәсіпорын шығындарына қарай қалыптасады. Оның себебі ретінде біздің еліміздегі сұраныстың ұсыныстан әлдеқайда көп болуын және монополиялардың бар болуын атауға болады.

2. Нарықтық баға жасаудың келесі белгісі ретінде тауар бағасын оны өңдірген тұлға белгілейтінін атауға болады (яғни мемлекет бұл процеске араласпайды). Мемлекет тек шектелген тауар түрлеріне ғана бағаның жасалу процесіне реттеу жүргізе алады. Сонымен қатар, мемлекет баға жасаудың жалпыға бірдей ережелер мен қағидаларды іске қоса алады (мысалы, тиімділіктің шекті деңгейін орнату). Бірақ нақты тауар бағасын бәрібір кәсіпорынның өзі қояды. Сонымен, нарықтық баға жасау мемлекеттік баға реттеу жүйесімен өте икемді үйлесуі керек.
3. Нарықтық экономикада бағалардың динамикасына екі маңызды фактор әсер етеді: стратегиялық және тактикалық. Стратегиялық фактор - бағалар тауарлар құнының негізінде құрылады. Бағалар осы құнның төңірегінде тербеліс жасау мүмкін. Бұл өте күрделі және ұзақ уақытты процесс. Тактикалық фактор - бағалар нарық конънктурасына тәуелді өзгеру мүмкін. Осы екі факторды кез келген кәсіпорын жақсы меңгеріп білу қажет, әйтпесе қосымша шығындарға ұшырау мүмкін. Бірінші фактор өте жақсы ұйымдастырылған фирма, яғни шығындары ең аз кәсіпорын үшін тиімді. Екінші фактор нарық конъюнктурасын әрі тез және икемді қолдана алатын фирмалар үшін тиімді. Мұнда тыңғылықты дайындық және жоғары білікті кадрлардың маңызы зор. Ал ең көп пайданы осы екі факторды пайдалана алатын фирмалар алады.
Осы бағалардың динамикасына және нарық конъюнктурасына мемлекет те экономикалық тұрғыдан әсер ету қажет. Бізде бұл әсер әлі де дұрыс қалыптаспаған.
4. Бәсеке. Ол үшін меншік түрлерінің алуан түрлілігін және заңның бәріне бірдей болуын қамтамасыз ету қажет. (жекешелендіру, мемлекет иелігінен алу мәселесі). Бәсеке нәтижесінде нарықта тек шын мәнінде өндірісті дұрыс ұйымдастырып, шынайы кәсіби біліктілікті көрсете алатын шаруашылық субъектілердің қалуына негіз болады. Тіпті банкроттықтың өзі ел үшін тиімді бола алады.
Бәсекеде ұтысқа жетудің негізі ретінде икемді өндірісті жасау болып табылады, яғни жаңа қажеттіліктерге тез арада ауыса алатын, көп шығынсыз жаңа өнімді шығаруға бейімделген өндірістер.
Директивті баға жасау мен нарықтық баға жасаудың бәсекені өсіруге ықпалын қарастыру. Негізгі міндет келісімдік (еркін) баға жүйесіне ауысу. Ол үшін келесі шарттарды орындау қажет:
А) кәсіпорындардың іс жүзіндегі шаруашылық дербестігі;
Б) тауарлардың дефицитін болдырмау;
В) монополияларды жою;
Г) экономиканы қайта құру, қару-жарақ өнеркәсібінің конверсиясы;
Д) біріңғай экономикалық кеңістікті орнату;

Е) тұтынушыларды және жабдықтаушыларды өз еркімен таңдау мүмкіндігі.
Үлкен мәселе ретінде бағалардың және тауар құндарының территориальдық бөлінуін зерттеу болады, яғни аймақтық және бүкіл мемлекеттік нарықтарды үйлестіру мәселесі. Сонымен қатар, әлемдік бағалардың қозғалысын және үрдістерін зерттеу қажет.
Баға жасау методологиясы - баға жасау тұжырымдамасын құрастырудың, бағаларды анықтау және дәлелдеудің, бағалар жүйесін қалыптастырудың, баға жасауды басқарудың жалпы ережелерінің, қағидаларының, әдістерінің жиынтығы болып табылады. Методология баға белгілеудің барлық деңгейлеріне бірдей болады.
Методология мен әдістемені шатыстырмау керек, өйткені методология бұл баға жасаудың стратегиясы болса, әдістеме нақты баға құрастырудың нақты әдістерін, ұсыныстарын, құралдарын қарастырады. Яғни әдістемелер методологияның құрамдас элементтері болып табылады.
Методологияның екінші құрамдас элементі ретінде баға жасаудың қағидалары болады. Қағидалар мен әдістемелер бір-бірімен тығыз байланыста болады және бірігіп методологияны құрайды. Баға жасау қағидалары деп үздіксіз қызмет ететін негізгі ережелер, бүкіл бағалар жүйесіне тән болып, оның негізінде жатады.
Қағидалар: бағаларды ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, бағалардың мақсатты бағытталуы, баға жасау процесінің үздіксіздігі, баға жасау процесінің және олардың орындалуына бақылау жүргізудің біріктірілуі. Бақылау мақсаты - баға жасау қағидаларын және ережелерін қолдану деңгейін тексеру. Екі түрі бар: мемлекеттік және қоғамдық.
Баға жасау қағидалары сондай-ақ үш заңдылыққа бағынып бөлінеді: сұраныс, ұсыныс заңдары, елдегі бағаның әлемдік бағамен байланысу заңы, барлық салалардағы бағаның өзгеру бірегейлігін сақтау заңы.

Нақты нарықтық жағдайдың өзгерістеріне фирма үнемі бейімделіп отыруы қажет. Әзірленген баға стратегиясы бағалар прейскурантын жасап шығарудың негізі болып келеді. Олар каталогтар, жобалар, дилерлердің тапсырыстар бланкісін жасау үшін негіз болып табылады. Егер бағалар өзгерсе, онда каталогтар мен жобаларға да түзетулер енгізіледі.
Бағалардың бейімделуі мынадай тәсілдерді қолдану негізінде жүргізіледі:
Илімді баға белгілеу -- бағаны саудаласу арқылы қою. Зергерлік дүкендер, автомобиль дилерлері, бүрге базарлар, жылжымайтын мүлік брокерлері, антиквариат сатушылары осы саясатты жиі қолданады. Жасалған мәміленің тиімділігіне қарай сауда қызметкеріне комиссиондық сыйақы төленеді.
Дисконттар. Дисконт - бұл тауар бағасының жеңілдігі. Мысалы, мейрамханада ішілген шараптың алғашқы екі рюмкасын құйылған баға бойынша төленеді, ал үшіншісі -тегін беріледі. Алайда, үшінші рюмканың құны алғашқы екі рюмканың құнына кіруі мүмкін. Дисконттар ақшалай және заттай түрде болады. Заттай дисконтқа сатып алушыға тегін берілетін қосымша тауар жатады.
Бағалық сызықтар. Мұндай бағаларды есептеген кезде өнімнің өзін-өзі өтеу нүктесі анықталып, тауардың сапасы мен бағасының арасындағы байланысты көрсететін бағалық сызықтар түзіледі. Оларды жасап шығарған кезде төмен, орташа және жоғары баға түріндегі диапазон белгіленеді. Бұл бағалар анық болуы және бір-біріне жуық болмауы керек.
Әрбір сызық бойынша фирманың ықтимал табысы есептеліп шығарылады. Бағалық сызықтар бөлшек саудаға барлық бағалар диапазоны бойынша тауарлардың үлгілерін ұсына отырып, олардың ассортиментін көбейтуге, өткізу көлемін ұлғайтуға жәрдемдеседі.

Психологиялық әсерді қолдана отырып, бағаларды жасанды түрде көтеру.
Жеңілдікті бағалар. Олар бағасы кемітілген тауарларды сатуда қолданылады, сондай-ақ клиенттердің назарын аудара отырып, арзандатып сатудың уақытша шарасы ретінде қолданады. Жеңілдікті бағалар негізінен демпингтік бағалар сияқты өндіріс шығындарынан төмен деңгейде белгіленеді. Мұндай бағалар кей кездерде бәсекелестерді ығыстыру және қажет болған жағдайда қоймаларды қорлардан босату үшін қолданылады.
Баға белгілеу стратегиясын тәжірибеде қолдану делдал шешімдерін ескере отырып, оны нарықтық жағдайларға үнемі бейімделуін талап етеді. Бұған жеңілдіктер мен үстеме бағалар жүйесін қолданып жетуге болады. Әлемдік тәжірибеде бағалық жеңілдіктердің 30 түрі танымал. Олардың ішінде жиі қолданылатындары:
"Сконто " немесе қолма-қол ақшамен төлегеніңіз үшін берілетін жеңілдік. Бұл фирмалар арасында жылдам есеп айырысуға ықпалын тигізеді. Мұндай жағдайда, көбіне 210 нетто 30 шарты қолданылады, яғни сатып алушы 30 күннің ішінде есеп айырысатын болса, жеңілдік алмайды, ал егер төлем 10 күн ішінде жасалса, тауар құнынан 2% мөлшерде жеңілдік жасалынады.
Бонустық немесе айналым үшін берілетін жеңілдік тұрақты сатып алушыларға жыл ішінде жасаған айналымдарына қарай беріледі.
Прогрессивті жеңілдіктер. Сатып алушыға сатып алу санына, көлеміне, сериясына (бір типті тауарлар) қарап беріледі. Бұл жеңілдіктер сомасы өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты болады.
Қарапайым жеңілдіктер. Ол әдетте тауардың прейскуранттық немесе анықтама бағасының 20-30%-ын құрайды. Мұндай жеңілдік түрі машина және жабдықтар бойынша мәміле жасағанда кең қолданылады.

Клубтық жеңілдіктер. Бұл жеңілдіктер ұлттық және халықаралық дисконттық клуб мүшелеріне ұсынылады. Олар үшін жеңілдікпен тауар сататын дүкендер жүйесі қызмет етеді. Мұндай жеңілдіктер негізінен жүк тасу, машинаны жалға беру, қонақүй және ресторан қызметтері, сонымен қатар сақтандыру ісінде көп таралған.
Экспорттық жеңілдіктер. Тауарды шетелге сатқанда ішкі нарықтағы жеңілдікпен қатар қолданылатын жеңілдік. Оның мақсаты - тауардың сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Тауар сапасы, оны жеткізу жылдамдығы және сатып алушы талаптарын орындағаны үшін белгіленетін үстеме бағалар кең таралмаған.
Қазақстан Республикасында және басқа да кейбір мемлекеттердің заңдарына сәйкес баға белгілеу үшін мынадай іс-қимылдарға тыйым салынады:
Кесімді бағаларды қолдану. Бәсекелестермен сөз байласып, баға қоюға тыйым салынады.
Әр түрлі сауда кәсіпорындарына қатысты бағалық дискриминация. Өндіруші өзінің тауарын іс-әрекеттері ұқсас сауда кәсіпорындарының бәріне бірдей шарттармен ұсынуға міндетті.
Өндіруші делдалдардан тауардың өзі белгілеген бағамен сатуды талап етпеуі тиіс. Дилердің тәуелсіз баға саясатын жүргізуге құқығы бар.
Бәсекелестерді ығыстыру мақсаты мен тауарды өзіндік құнынан төмен деңгейдегі бағамен сатуға тыйым салынады.
Бағаларды алаяқтықпен көтеруге заң бойынша тыйым салынады. Бұл тұтыну тауарлары нарығында кездеседі, себебі түпкі тұтынушыларда қажетті ақпарат үнемі бола бермейді.
Сурет 2. Баға белгілеу тәртібі

Баға түрлері және оның жүйесі
Бірқатар экономикалық белгілерге қарай бағалардың бірнеше жіктеулері бар:
А) Бағаны қою объектісіне қарай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz