Деректер базасына қойылатын талаптар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1
ЕСЕП БӨЛІМІ

1.1
Есептің қойылуы

1.2
Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы

1.3
Деректер базасына қойылатын талаптар

2
БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ АСПАПТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

2.1
Деректер моделінің қысқаша сипаттамасы

2.2
Қолданылған операциялық жүйенің қысқаша сипаттамасы

2.3
Бағдарламалау тілінің қысқаша сипаттамасы

3
ЖОБАЛАУ БӨЛІМ

3.1
Алгоритм сипаттамасы

3.2
Қолданушы интерфейсі

4
БАҒДАРЛАМАНЫҢ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛУІ

4.1
Аппараттық жабдықтарға қойылатын талаптар

4.2
Бағдарламашыға нұсқау

4.3
Қолданушыға нұсқау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

А ҚОСЫМШАСЫ

Ә ҚОСЫМШАСЫ

КІРІСПЕ

Адам - жер бетіндегі тіршілік иесі, қоғамның басты байлығы. Сол адамның өміріндегі ең бағалы дүние не дейсіз ғой? Қымбат көлік, бағалы дүние, кең сарайдай үй, ақша, өмір бойы қалталы азамат болып өту, мүмкін, мансап шығар...Жоқ, адам өміріндегі басты байлық - оның Өмірі мен Денсаулығы. Өміріңді қалдырып, денсаулығыңды алса, адам болудан қаласың. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Халық айтпай ма, Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деп.
Пенде болған соң ауырмай бола ма. Денсаулығың сыр беріп, басың ауырып, тісің сыздап дегендей түрлі ауруға шалдығасың.Жаның мұрныңның ұшына келіп қысылғаныңда, сол бір азаптан құтқаратын жан іздейсің. Ол- дәрігер. Науқастың жанына желеу болып, ем-домын жасап жататын - дәрігер. Ол - адам өмірінің сақшысы. Дәрігер ажалдан қорықпайды. Қорықпағаны сондай - онымен аяусыз күреседі, адамның қымбат жанын оған бермес үшін барын салады, адамға екінші өмір сыйлайды.
Иә, түсінемін, дәрігер болу оңай емес. Бұл мамандық жайында осы саланың білікті мамандары: Дәрігер мамандығының қыр-сырын қанық біліп, анық сол жолды таңдау үшін үлкен жүрек керек, -дейді екен.Менің ойымша, дәрігер болу үшін жүректілік, шыдамдылық, білім мен біліктілік, аса сақтық, ұқыптылық, жауапкершілік, адалдық, шексіз мейірімділік, адамның тәнін ғана емес, жанын емдей алатын психолог бола білу керек. Ең бастысы, мамандықты сүю керек. Тәжірибе жүзінде біліміңді шыңдаудан жалықпау қажет. Әрдайым ізденісте жүруге дағдылану керек, күресе білу керек. Себебі дәрігер - күрескер адам. Орысша айтқанда, ол - Борец. Ол жұмысын күресумен өткізеді. Қатерлі дертпен күреседі, ажалмен күреседі.
Дәрігер -- маман дәрігер, педиатр, гигиенист, эпидемиолог, стоматологтың жоғары біліктілігі; адам ағзасының қалыпты жұмысын сақтап, аурудың алдын-алу және емдеуде өзінің дағдылары, білімі мен тәжірибесін қолданатын адам. Әлемнің көптеген елдерінде жергілікті билік органдарының дәрігердің қызметіне рұқсаты немесе тиісті біліктілігі талап етіледі.
Дәрiгердiң мiндеттерi: шұғыл дәрiгерлiк көмектi қамтамасыз ету, емдеу және оңалту шараларын тиiстi бiлiктiлiк талабының көлемiнде жүргiзу, пациенттердi уақтылы госпиталдауды және мамандардың консультациясын берудi қамтамасыз ету, жалпы дәрiгерлiк практикаотбасылық медицина жағдайында пациенттердi сапалы тексеру және қажет болған жағдайда тиiстi диагностикалық зерттеуге жiберу, иммундық профилактика жұмыстарын ұйымдастыру және жүргiзу, тiркелген халықтың денсаулығының жай-күйiн динамикалық қадағалау, отбасында баланы тамақтандыру, тәрбиелеу, оларды мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне, мектепке даярлау мәселелерi бойынша, консультативтiк көмек көрсету және бағдарлау жұмыстарын жүргiзу, үй стационарында және күндiзгi стационарда медициналық қызмет қөрсету т.б.
1 ЕСЕП БӨЛІМІ

0.1 Есептің қойылуы

Курстық жоба мақсаты: Әлемнің үздік дәрігерлерінің мәліметтер қорын құру жобасының маңыздылығы мен құндылығын түсіндіру. Мәліметер қорын жалпы түсініктері.
Мәліметтер қоры дегеніміз - мәліметтердің реттелген, өзара байланысты жиынтығы. Ол ақпаратты сақтауға арналған құрылым. Мәліметтер қорына мысал ретінде телефон анықтамалығын, поездар қозғалысының кестесін, кәсіпорын қызметкерлері туралы мәліметтерді, студенттердің сессия тапсыру қорытындыларын және т.б. атауға болады. Электронды мәліметтер қорының басты қасиеті - ақпаратты жылдам іздестіру, сұрыптау және түрлендіру.
Мәліметтер қорының түрлері: реляциялық, иерархиялық, желілік. Мәліметтердің реляциялық қоры кестелерді қолдануға негізделген. Ол екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастырылған. Егер әрбір жазба нақты бір объектіге ғана қатысты ақпараттарды қамтитын болса, онда мәліметтер қоры реляциялық мәліметтер қоры болып табылады.
Реляциялық мәліметтер қорында әрбір тізім кестелерде сақталады. Мысалы: оқу орны туралы мәліметтер бір кестеде, студенттер туралы мәліметтер екінші кестеде сақталуы керек. Иерархиялық және желілік мәліметтер қоры қайсыбір ортақ белгісі бар мәліметтер арасындағы байланыстардың бар болуын көздейді. Иерархиялық мәліметтер қорында мұндай байланыстар бұтақ тәріздес құрылым түрінде бейнеленеді. Мұнда біржақты байланыстардың болуы мүмкін және сұраныс құрылымда бейнеленсе ғана қанағаттандырылады. Желідегі мәліметтер қоры желілік мәліметтер қоры деп аталады.
Мәліметтер қоры орталықтандырылған және үлестірілген болып жіктеледі. Орталықтандырылған мәліметтер қоры бір есептеуіш жүйенің жадында сақталады. Егер бұл есептеуіш жүйе компьютер желісінің құраушысы болса, онда мұндай қорға үлестірілген қатынас құруға мүмкіндік болады. Мәліметтер қорын пайдаланудың мұндай тәсілі дербес компьютердің жергілікті желілерінде жиі пайдаланылады. Үлестірілген мәліметтер қоры есептеу желісінің алуан түрлі компьютерлерінде сақталатын бірнеше бөліктерден, тіпті бірін-бірі қайталайтын бөліктерден тұрады. Мұндай қормен жұмыс істеу үлестірілген мәліметтер қорын басқару жүйесінің көмегімен жүзеге асырылады.
Мәліметтерге қатынас құру тәсілі бойынша мәліметтер қоры жергілікті қатынас құру және желілік қатынас құру болып бөлінеді. Мәліметтер қорымен жұмыс істейтіндерді екі категорияға бөлуге болады. Олар: жобалаушылар және қолданушылар. Жобалаушылар кесте құрылымдарын мәліметтерсіз, тапсырыс берушімен бірге келісіп жасайды. Қолданушылар мәліметтре қорын ақпараттармен толықтырады, өңдейді және нәтижелік кестелер мен есеп берулерді алады.
Мәлiметтер қорынан керегiне қарай қажеттi мәлiметтер алу үшiн сақталады. Басқаша айтсақ, мұнда керектi ақпаратты iздеу ұйымдастырылады. Кесте - мәлiметтердi жазба (жол) және өрiс (бағана) түрiнде сақтауға арналған обьект болып табылады. Мәлiметтер қорында екi өлшемдi кестенiң жолдары жазбалар деп, бағандары өрiстер деп аталады. Дәлiрек айтқанда мәлiметтер қорында, кестедегi әрбiр жол Әрбiр кесте нақты бiр сұрақ бойынша мәлiметтердi сақтауға қолданылады. жазба болып табылады, ал жазба бiрнеше өрiстерге бөлiнедi.Сұрау - бiр немесе бiрнеше дайын кестелердiң негiзiнде құрылады. Форма мен Есеп беру бiр кесте (немесе сұрау) негiзiнде құрылады. Сұрау - қажеттi мәлiметтi бiр немесе бiрнеше кестеден алуға мүмкiндiк бередi.Форма - мәлiметтер енгiзу үшiн қолданылады. Әрбiр формаға енгiзу үшiн, кесте өрiсiндегi мәлiметтердi бейнелеу үшiн немесе өзгерту үшiн қолданылатын басқару элементтерiн орналастыруға болады. Есеп беру - мәлiметтердi баспадан шығаруға арналған. Есеп беру - қағазға басып шығаруға арналған, мәлiметтердi көрудiң ерекше формасы. Мәлiметтер қорын баспаға шығармастан бұрын, қағаз бетiнде қандай түрде бейнеленетiндiгiн және қандай жазбалар мен өрiстер енгiзiлетiндiгiн қарастыру керек. Есеп берудi кез-келген бiр кестеден, сұраудан қарауға болады.
Мәліметтер қоры дегеніміз ақпаратты сақтауға және жинақтауға арналған ұйымдасқан құрылым. Ең алғаш мәліметтер қоры ұғымы жаңадан қалыптасқан кезде онда шындығында мәліметтер сақталатын. Бірақ қазіргі кездегі көптеген мәліметтер қоры басқару жүйелері өздерінің құрылымдарында тек мәліметтерді ғана емес, сонымен қатар олардың тұтынушымен және басқа да ақпараттық - программалық кешендермен қарым - қатынасының әдістерін де қамтиды. Сондықтан біз қазіргі заманғы мәліметтер қорында тек мәліметтер ғана емес, ақпараттар да сақтай аламыз.
Мәліметтер қоры - бұл ең алдымен кестелер жиынтығы, алайда, біз соңынан мәліметтер қорына сондай - ақ процедуралармен бірқатар басқа объектілер жатуы мүмкін екенін көреміз. Таблицаны көптеген объектілердің сипаттамалары бар кәдімгі екі өлшемді таблица түрінде көруге болады. Кестенің идентификатор аты болады. Кесте бағандары объектілердің қандайда бір сипаттамаларына - алаңдарға сәйкес. Әрбір алаң сақталатын мәліметтердің атымен және түрімен сипатталады.
Алаң аты - бұл мәліметтермен пайдалану үшін, әртүрлі бағдарламаларда қолданылатын идентификатор. Ол кез келген идентификатор сияқты латын әріптерімен жазылады, бір сөзден тұрады және т.б. Алаң түрі алаңда сақталатын мәліметтердің түрін сипаттайды. Бұл жолдар, сандар, үлкен мәтіндер (мысалы, қызметкерлердің мінездемелері), суреттер (қызметкерлердің суреттері) және т.с.с. болуы мүмкін.Кестенің әрбір жолы объектілердің біреуіне сәйкес келеді. Ол жазба деп аталады және осы объектіні сипаттайтын барлық алаңдардың мазмұнын құрайды.
Мәліметтер қорының кестелерін құрған кезде ақпараттың қарама - қайшылықсыздығын қамтамасыз ету маңызды. Әдетте бұл негізгі алаңдарды енгізумен жасалады. Негізгі болып бір немесе бірнеше алаң болуы мүмкін. Кестемен жұмыс кезінде пайдаланушы немесе программа жазбалар үстінен курсормен жылжып отыратын сияқты. Әрбір уақыт сәтінде ағымдағы жазба бар, содан жұмыс жүргізіледі.

0.2 Кіріс және шығыс құжаттарының сипаттамасы

Форма аты:
Мағынасы:
Form 1
Кіру
Form 2
Басты бет
Form 3
Дәрігерлер аты-жөні
Form 4
Қазақстанның үздік медециналық университеттері
Form 5
Әлемнің үздік дәрігерлері

1- кесте- C# бағдарламасында көрсетілетін мәліметтер

1.3 Деректер базасына қойылатын талаптар
Деректер базасы- (франц.base, грек. basіs - негіз) - ұзақ мерзімге сақтауға (әдетте, компьютердің жадында), өңдеуге және күнделікті қолдануға арналған деректердің (мәліметтердің) реттелген жиынтығы.
Деректер базасы (ДБ) - бұл қандайда бір пәндік облысқа жататын құрылымдық деректердің аталынған жиынтығы.
Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) - бұл деректер базасын құру үшін, оларды актуалды жағдайда қолдау мен қажетті ақпаратты іздеуді ұйымдастыру үшін қажет программалық және тілдік әдістер кешені.
Деректер базасының құрылымдық элементтер
Деректер базасы түсінігі өріс, жазба, файл (кесте) сияқты құрылымдық элементтер түсінігімен тығыз байланысты.Деректер базасы-бұл, ақпарат, деректер арнайы форматта сақталатын файл.Деректер базасын басқару жүйесі-бұл программа.Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді қажет ақпарат басқа Деректер базасының жұмысы. Ақпараттық базаны басқару жүйесі жұмыс істеудің 2 режимін қамтиды: дизайн және пайдаланушы. Бірінші режим дерекқордың құрылымын жасау және оны жасау және нысандарды жасау болып табылады. Екінші режимде дайын нысандар базаны толтыру немесе қосымша ақпарат алу үшін пайдаланылады.
Суретші кестенің құрылымын ақпаратсыз қолданады және сатып алушымен келіседі және шығу уақытын дайындайды.

2-кесте - Access бағдарламасында жасалып жатқан мәліметтер қорының категориясы.

2 БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ӨНІМДІ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ АСПАПТЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ

2.1 Деректер моделінің қысқаша сипаттамасы

Деректер моделі -- бұл абстрактілі, жеткілікті, логикалық, жалпы пайдаланушы қарым қатынас жасайтын деректерге енудің абстрактілі машинасын құрайтын объектілерді, операторларды және басқа да элементтерді анықтау. Бұл объектіліер деректер құрылымын, ал операторлар -- деректер тәртібін үлгілеуге мүмкіндік береді.Әрбір ДҚ және ДҚБЖ анық немесе анық емес деректер моделдері негізінде құрылады. Бірдей деректер моделінде құрылған барлық ДҚБЖ бір типке жатады. Мысалы: реляциялық ДҚБЖ-нің негізі деректердің реляциялық моделі, желілік ДҚБЖ-нің негізі - деректердің желілік моделі, иерархиялық ДҚБЖ-нің негізі -- деректердің иерархиялық моделі және т.б. болып табылады. Құрылымдық аспектіде деректер қоры өзін логикалық жағынан қалай ұсынатындығын анықтайды, ал түрлендіру аспекті деректер қоры жағдайларының арасынан өту (яғни деректерді түрлендіру) тәсілдерін және деректер қорынан деректерді бөліп алу тәсілдерін анықтайды, бүтіндік аспекті деректер қорының дұрыс жағдайын суреттеу құралдарын анықтайды.
ДҚ-ның классикалық теориясында деректер моделінің ДҚБЖ-де деректерді өңдеу және ұсынудың кем дегенде үш аспектіден тұратын формалды теориясы бар. 1.құрылымның (структура) аспекті: деректер қорындағы деректердің логикалық құрылымын және типтерін сипаттау әдістері; 2.түрлендіру (манипуляциялау) аспекті: деректерді түрлендіру әдістері; 3 .бүтіндік (целостность) аспекті: деректер қорының бүтіндігін қолдайтын және сипаттайтын әдістер. ДҚБЖ-ні қалай құру туралы ғылыми-зерттеу жұмыстары процесінде оны жүзеге асырудың әр түрлі тәсілдері ұсынылған болатын. Олардың ішіндегі ең қолайлысы америкалық стандарттау комитеті ANSI (American National Standards Institute) ұсынған деректер қорын ұйымдастырудың үш деңгейлі нұсқасы болып табылды. ДҚБЖ операциялық жүйенің құралдарын қолдана отырып, операциялық жүйеге керекті деректерді беру туралы сұраныс жібереді. Операциялық жүйе ақпаратты сыртқы сақтау құрылғыларынан жүйелік буферге көшіруді орындайды. Операциялық жүйе ДҚБЖ-не тасымалдың сәтті аяқталғаны жайлы ақпарат береді де, жүйелік буферде орналасатын ақпараттан пайдаланушыға керекті ақпаратты ғана іріктеп алып, осы деректерді ғана пайдаланушының жұмыс аймағына тасымалдауды қамтамасыз етеді. Деректер қорында қолданылатын деректер құрылымдары, деректерді логикалық ұйымдастыру, пайдаланушылардың рұқсат алу деңгейі және деректердің физикалық орналасуы.
MS Access 2000 жалпы сипаттамасы қазіргі уақытта Micro-soft Access-мәліметтер базасын басқарудың үстемдік (дербес) программалық жүйелері арасында ең танымалдарының бірі. Көпшілікке кең тараған танымалдық себептері мыналар:
:: әмбебаптығы мен интерфейстің ойланып істелу деңгейі жоғары, өйткені көбінесе әр түрлі біліктіліктегі пайдаланушылардың жұмысына арналған, негіз құраушы режимінен оларды тікелей пайдалану режиміне икемді және жедел көшуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасының объектілерін басқарудың жүйесі іске асқан;
:: Microsoft Office құрамына кіретін программалық басқа өнімдермен, сондай-ақ технологиясын қолдайтын кез келген программалық өнімдермен бірігіп-кірігу (интеграция) мүмкіндіктерінің терең дамуы;
:: Жасалған жұмыста көрсеткіш құралдардың молдығы.
Есептер - мәліметтер ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, есепті қалыптастыру үшін есептелетін ерістер, топтастырулар, іріктеу шарттарымен бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтыи сұрау салулар жасалады.MS Access 2000 жалпы сипаттамасы қазіргі уақытта Microsoft Access-мәліметтер базасын басқарудың үстемдік (дербес) программалық жүйелері арасында ең танымалдарының бірі. Көпшілікке кең тараған танымалдық себептері мыналар:
:: әмбебаптығы мен интерфейстің ойланып істелу деңгейі жоғары, өйткені көбінесе әр түрлі біліктіліктегі пайдаланушылардың жұмысына арналған, негіз құраушы режимінен оларды тікелей пайдалану режиміне икемді және жедел көшуге мүмкіндік беретін мәліметтер базасының объектілерін басқарудың жүйесі іске асқан;
:: Microsoft Office құрамына кіретін программалық басқа өнімдермен, сондай-ақ технологиясын қолдайтын кез келген программалық өнімдермен бірігіп-кірігу (интеграция) мүмкіндіктерінің терең дамуы;
:: Жасалған жұмыста көрсеткіш құралдардың молдығы.
Есептер - мәліметтер ұсынудың ерекше формасы. Әдетте, есепті қалыптастыру үшін есептелетін ерістер, топтастырулар, іріктеу шарттарымен бірге әр түрлі кестелерден мәліметтер жинайтын сұрақ сауалдар жасалады.

2.2 Қолданылған операциялық жүйенің қысқаша сипаттамасы

Операциялық жүйе ( operating system) -- компьютердің барлық басты әрекеттерін (пернелер тақтасын, экранды, диск- жетектерді пайдалануды), сондай-ақ қатар операциялық жүйенің басқаруымен іске қосылатын басқа программалардың жұмысын басқаратын, көбінесе тұрақты сақтауыш құрылғыда тұратын, машиналық кодта жазылған программа. Алғашқы компьютерлердің операциялық жүйесі болған жоқ, себебі басқару программалары тек компьютердің нақты бір типіне арналып жазылды, бірақ шалғайлық жабдықтарға стандарттардың пайда болуымен, сан алуан компьютерлер үшін осындай жабдықпен әрекеттестіктің бірыңғай программаларын жазуға мүмкіндік туғызды. Операциялық жүйені жазудың екі жүйесі бар -- тұрақты сақтауыш құрылғыға барлық жүйені жазу және қатқыл дискіден операциялық жүйенің қалған бөлігінің тек жүктеу программаларын ғана жазу. Мекемеде пайдаланылатын шағын компьютерлер, әдеттегідей, MS-DOS немесе ең соңғы OS2 операциялық жүйесін пайдаланады. Ықшам машиналарда, дискжетектердің қажеттілігінен аулақ болу үшін, тұрақты сақтауыш құрылғыда жазылған операциялық жүйені пайдаланады. Миникомпьютерлерде UNIX немесе өте танымал емес жүйелер PICK немесе BOS (Ұлыбритания) сияқты операциялық жүйе пайдаланылады; сондай-ақ компьютердің нақты бір типіне арналып әзірленген операциялық жүйелер де кездеседі.
Объектілі-бағыттаушы программалаудың фундаментальды мінездемелері:
* Компьютерлік әлемде объектілермен жұмыс жасайды;
* Компьютердегі есептеу объектілер арасында мәліметтер алмасу жолымен жүзеге асырылады. *Объектілер хабарламаларды жіберу және қабылдау арқылы өзара әрекеттеседі.
* Хабар беру - әрекет орындау үшін берілетін сұраныс. Әр объект басқа объектілерден тұратын байланыссыз жадтан тұрады;
* Әр объект өзіне байланысты объектілердің қасиетін көрсететін класс болып саналады;
* Класта объект тәртібі көрсетіледі, сондықтан осы класқа жататын барлық объектілер бірдей әрекеттерді орындайды;
* Барлық кластар иерархиялық құрылымды құрайды.
Windows жүйелік ортасында әрекеттер тізімін орындау үшін:
* объектіні ерекшелеу керек, яғни экранда осы объект белгісінде тышқанның сол жақ батырмасын шерту;
* объект орындайтын әрекеттер тізбегінен меню көмегімен қажеттісін таңдау.
Файл деп ішкі жадыда белгілі атпен облысты алатын немесе программалар тізбегін айтады.

2.3 Бағдарламалау тілінің қысқаша сипаттамасы

C# (дыбысталуы си-шарп) -- Объектіге-бағытталған бағдарламалау тілі. 1998 -- 2001 жылдары Microsoft компаниясында Андерс Хейлсбергтің басшылығымен бір топ инженерлермен Microsoft .NET Framework платформасына қосымшаларды ққрастырушы тіл ретінде жасалған. Кейіннен ECMA-334 және ISOIEC 23270 тәрізді стандартталған.
C# C-ұқсас синтаксисі бар тілдер отбасына жатады, оның синтаксисі C++ және Java-ға ең жақын. Тіл статикалық типизацияға ие, полиморфизмді, операторлардың шамадан тыс жүктелуін (оның ішінде айқын және айқын емес типті келтіру операторлары), делегаттар, атрибуттар, оқиғалар, қасиеттері, жалпыланған типтері мен әдістері, итераторлар, тұйықталуды қолдайтын анонимдік функциялар, LINQ, ерекшеліктер, XML форматындағы түсініктемелерін қолдайды.
C++, Pascal, Модульдер, Smalltalk және, әсіресе, Java -- С# тілдерінен көп нәрсені қабылдай отырып, оларды пайдалану тәжірибесіне сүйене отырып, бағдарламалық жүйелерді жасау кезінде өзін проблемалы ретінде көрсеткен кейбір модельдерді жоққа шығарады, мысалы, C# C++ және кейбір басқа тілдерге қарағанда, көптеген кластардың мұрагерлігін қолдамайды (сонымен қатар интерфейстердің көптеген мұрагерлеріне жол беріледі).
C# CLR үшін қолданбалы деңгейдегі бағдарламалау тілі ретінде әзірленген және ең алдымен CLR мүмкіндіктеріне байланысты. Бұл, ең алдымен, BCL көрсететін c# типті жүйеге қатысты. Тілдің қандай да бір мәнерлі ерекшеліктерінің болуы немесе болмауы нақты тілдік ерекшелік тиісті CLR конструкцияларына таратылуы мүмкін бе? Осылайша, 1.1-2.0 нұсқасынан CLR дамуымен c өзі де айтарлықтай байытылды; мұндай өзара іс-қимылды одан әрі де күту керек (алайда, бұл заңдылық платформаның кеңеюіне сүйенбейтін тілдің кеңеюін білдіретін С# 3.0 шығуымен бұзылды). CLR C# және өзге де .NET-ке сүйеніп жазылған программаларға, басқалардан артық классикалық мүмкіншіліктер береді. Мысалы, қоқыс жинау әлі де С++-та, С#-тағыдай жүзеге асырылмаған. Атауы " Си шарп "(ағылш. sharp-диез) латын әрпі c нотасына дейін, ал диез белгісі (ағылш. sharp) тиісті дыбыс нотасын жартылай тонға көтеруді білдіреді, бұл C++ тілінің атауына ұқсас, мұнда "++" айнымалы инкрементті білдіреді. Атауы C -- C++ -- C++++(C#) тізбегі бар ойын болып табылады, себебі "#" таңбасын 4 "+"таңбасынан тұратын етіп көрсетуге болады. (Стандартты қаріптер, браузерлер және т.б.) және диез белгісі компьютердің стандартты клавиатурасында ұсынылмауына байланысты, бағдарламалау тілінің атын жазу кезінде (#)[7] тор белгісін қолданады. Бұл келісім c# ECMA-334 тілінің ерекшелігінде көрсетілген. Дегенмен, іс жүзінде (мысалы, жарнаманы орналастыру және қорапты дизайнда[9]) Microsoft диез белгісін пайдаланады. Бағдарламалау тілдерінің атауларын аудару қажет емес, сондықтан тіл транскрипцияны қолдана отырып, "Си шарп"деп аталады.
Бұл тіл барлық программалауға объектілі-бағытталған тәсілді қолданады. Бұл дегеніміз, пән саласы негізінде абстрактілі конструкцияларды сипаттау, содан кейін олардың арасында өзара іс-қимылды жүзеге асыру қажет. Бұл тәсіл үлкен танымалдылыққа ие, өйткені барлық ақпаратты басымызда ұстамауға, қара жәшіктің принципі бойынша жұмыс істеуге мүмкіндік береді: кіріс деректерін берді - Сиқыр - Пайда. Сондай-ақ, тілде артықшылығы мол, ол программистің ауыр өмірін әлсіз етеді. Мыңдаған код жолдарын жазудың орнына, дайын құрылымды ғана пайдаланады, ал компилятор барлық жұмысты өзі жасайды. Бірақ кейбір мұндай құрылымдар өнімділік тұрғысынан ең оңтайлы емес. Бірақ мұның бәрі кодтың ыңғайлы болуы және жоғары даму жылдамдығы есебінен жабылады. Мұның бәрі .NET Framework платформасында жұмыс істейді. Көптеген талғампаз адамдар үшін бұл бағдарлама іске қосылуы үшін компьютерге орнату қажет, бірақ бұл айтарлықтай тереңірек. C# тілінде жазған код аралық тілге (IL) таратылады, ол өз кезегінде, қолданба (JIT) орындау кезінде компьютеріңізде машина кодына айналады. Ал мәні, әр түрлі тілдерде бір жобаны қайта оқытуға тура келмейді. Бірақ оны іс жүзінде қолдануын жоқ. Аралық кодтың соңғы компиляциясы нақты машинада тірі орындалғандықтан, онда процессордың арнайы командаларын пайдалану арқылы өнімділіктің артуы мүмкін.
Бұл тіл .NET JIT-компиляция тұжырымдамасын пайдаланады. Бұл бағдарлама қажет болған жағдайда тікелей бағдарлама жұмыс кезінде машиналық кодтарға жинақталатынын білдіреді. Бір жағынан, бұл әрине күшті, бірақ екінші жағынан, іске қосу кезінде өте ауыр тежегіш болуы мүмкін. C# жаппай таралған тіл емес. Көптеген бағдарламашылар Delphi немесе PHP-ден басқа ештеңе көрген емес, шағын қалаларда жұмыс іздеуге өте елеулі шектеулер қояды коммерциялық Enterprise саласында шоғырланған. Сонымен қатар, C# ең алдымен Windows-пен байланысты. Жақын болашақта бір нәрсе өзгереді және Windows бәрі де нарықта үстем болады, бірақ әлі де аз тәуекел, әсіресе Windows 10 жаңартулары бар соңғы жалған екенін ескере отырып, қалады.

3 ЖОБАЛАУ БӨЛІМІ

3.1 Алгоритм сипаттамасы

Алгоритм- алгорифм (ағылшынша: algorіthm, algorіsmus -- Әл-Хорезмидің атынан шыққан) -- бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы.
Алгоритм -- математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Агоритмді орындау алгоритмдік процесс деп аталады. Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген ұлы өзбек математигі Әл-Хорезмидің атымен аталған жазудың латындық формасы. Әл-Хорезми бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.Алгоритм ұғымы кез-келген программа құру кезінде негізгі орын алады, себебі программа - енгізілген берілгендерді өңдеу үшін арнайы және қатаң түрде қандай да бір программалау тілінде дайындалған алгоритм. Кез-келген алгоритм қандай да бір орындаушыға негізделген. Орындалған командалар жиынтығы орындаушының командалар жүйесі болып табылады. Орындаушы ретінде - адамдар және техникалық құрылғылар, яғни роботтар, компьютерлер және автоматтар болуы мүмкін.
Алгоритмнің қасиеттері және оған қойылатын талаптар:
1.Алгоритмнің дискреттігі (үздіктілігі) - ақпаратты өңдеу процесі ретімен жазылған, аяқталған нұсқаулардан құралған тізбектерден тұруы тиіс, яғни орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғы қадамның аяқталуынан кейін жүзеге асуы керек.
2.Алгоритмнің түсініктілігі - алгоритмді құру барысында оның орындаушыға түсінікті болатындығы ескерілуі керек;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аруна баспасы жұмысының ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Uml диаграммаларын құру
Мәліметтер базасының схемасын құру
Балқаш ауданы салық бюджетінің кірісін бақылаудың ақпараттық жүйесін
«Деканат» - автоматтандырылған ақпараттық жүйе
Деректер қорын құру және оны мысалда қарастыру
Тестілеу бағдарламасы туралы жалпы мағлұмат
Ұялы телефондар дүкені
Дәмхана жұмысын автоматтандыру
Оқу,өндірістік және диплом алдындағы тәжірибе есебі
Пәндер