Қазақстандағы іскерлік туризм



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Халықаралық туризм және меймандостық университеті
Туризм және спорт факультеті

РЕФЕРАТ

Пән:Туризмология негіздері
Тақырыбы:Іскерлік туризм және оның дамуы жағдайы

Орындаған:Ешманова Гүлсім Сейілбекқызы
Тобы:ХІТ 20-04
Қабылдаған:Гиззатжанова Ажар Гиззатжанқызы

Түркістан қаласы,2020

Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 . Іскерлік туризмнің түсінігі, түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1. Іскерлік тризмнің даму жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Қазақстандағы іскерлік туризм ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Қазақстандағы іскерлік туризмнің мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.4. Қазақстандағы іскерлік туризмнің дамужағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ
Қазақстанда қазіргі кезде туризмге үлкен мән беріліп отыр, соның ішінде ең табысты туризм түрі- іскерлік туризмді дамыту. Себебі, Қазақстан көптеген мемлекеттермен экономикалық тығыз қарым-қатынаста. Сондықтан, жыл сайын елімізге іскерлік мақсаттағы сапармен келушілердің саны көбеюде.
Қазақстанның туристік өнімінің сапасын қамтамасыз етубіздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Біздің дәуірімізге дейінгі үшінші мыңжылдықта басталған Ұлы Жібек жолының құрылуы мен дамуы Қазақстан туризмінің тарихи алғы шарттары болып табылады. Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласындашаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты.
Қазақстанның тәуелсіздік алуы туристік қызметті реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын жаңғырту үшін негіз боп қаланды. Туризмнін тез және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға, экономиканың барлык саласына және қоғамның әл ауқатына күштіықпалын назарға ала отырып, Үкімет туризмді Қазақстан экономикасының маңызды секторы деп анықтады.
Қазақстандық және шетелдік азаматтардың әртүрлі туристік қызметтерге қажеттілігін қанағаттандыру үшін кең мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, саланы дамытудың экономикалық және құқықтық тетіктерін әзірлеу әрі Қазақстанныңтуристік өнімінің сапасын қамтамасыз ету біздің алдымызда тұрған ең маңызды мәселелердің бірі болып табылады.
Туристік қызмет кәсіпорын шаруашылық әрекетімен ғана шектеліп қоймайды, ол әр түрлі қоғамдық және кәсіби ассоциациялар мен бірлестіктердің,аймақтық, ұлттық, халықаралык институттар, мемлекеттік және мемлекет аралық реттеу ұйымдарының қызметімен өте тығыз байланысты болады.Туристік сапардағы адамдар қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған барлық осы элементтер әрекетінің жиынтығы туризмнің әлеуметтік - экономикалық құбылыс ретіндегі түсінігін қалыптастырады. Туризм құрылымдарынын әр қайсысы өзінің нақты функциясын жүзеге асырғанда маркетинг концепциясын қолданады, сол арқылы ғана өз қызметінің тиімділігін арттырып, өзіне және қоғамға белгілі.
"Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында еліміздің келешектігі дамуына айқынды бағдар берілгені мәлім. Осы орайда ел экономикасында өсіп-өркендеуіне айтарлықтай үлес қосатын бір сала туризм екеніне бүгінде көз жеткендей. Жиһангерлік және саяхатшылық-адамның танымдық көкжиегін қеңейтетін, қазіргі замандағы ғаламат мүмкіншілігі бар, пайдасы шаш етектен келетін, біз әлі толық игере алмаған саланың бірі екендігі баршамызға белгілі. Бүгінгі туризм, яғни жиһангерлік және саяхатшылық - бұл мемлекет пен қоғамның экономикалық әлеуметтік дамуының, тұлғаның жан-жақты қалыптасуының маңызды факторы. Сондықтан туристік қызмет көрсету рыногында мүдделі министірліктер мен ведомстволардың, уәкілетті органдардың, туристік компаниялардың, фирмалардың және жеке кәсіпкерлердің күш мүмкіншіліктерін жұмылдыруға, біріктіруге ықпал жасау - Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жұмысының күн тәртібінен берік орын алған. Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік Туристік Ұйымның ДТҰ деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Италия арасындағы іскерлік туризм
Қазақстандағы іскерлік туризмінде италияның үлесі
Іскерлік туризмді ұйымдастырудың ерекшеліктері
Алматы қаласындағы іскерлік туризмнің жағдайы мен даму болашағы
Қазақстандағы ішкі туризмінің қазіргі жағдайы, перспективалары
Қазақстанда туристік фирмалардың қызметтері
Іскерлік туризм туралы
Туризм инновациясы
Iскерлiк туризмнiң қалыптасуы
Қонақ жай туризм басқа қызмет көрсету салалары
Пәндер