Деректің алғы сөзінде



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Комерциялық емес ашық акционерлік қоғам
ҒҰМАРБЕК ДӘУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Семестрлік жұмыс №1
Тақырыбы: XIX ғ. соңы және XX ғ. басындағы Қазақстандағы ғылыми экспедициялар: бағыты және қорытындысы (Ф.Шербина, П.Скрыплева, П.Хворостанский т.б.)
Пән бойынша: Қазақстан қазіргі заман тарихы
Мамандығы 5В071700 - Жылу энергетикасы және басқару жүйелері институті
Орындаған:Еділбай Марғұлан
Тобы:ТЭК 20-1
Тексерген:Раджапов Анарбай Өскенбайұлы
08.10.2020

Алматы 2020

Кіріспе
Отанымыздың егеменді ел болып, тәуелсіздігін жариялауы төл тарихымызды ұлттық мүдде тұрғысынан жаңа концептуалдық негізде қайта зерттеуге мүмкіндіктер беріп отыр. Кез келген халықтың төл тарихының табиғи негізін тарихи деректер құрайды. Бірақта бұл деректің өзін шикі түрінде пайдалану, тарихты бұрмалауға алып келетіні анық. Қазақ халқының толыққанды іргелі тарихын жазу үшін, ең алдымен сол тарихтың негізін құрайтын деректермен жұмыс істей білу қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның табиғи және мәдени тарихын зерттеуге қызығушылық мәселенің тарихнамасы. Жалпы алғанда қандай да болмасын статистикалық зерттеулер алдын ала ұйымдастырылады. Оның ең алдымен арнайы нұсқауы, бағдарламасы қабылданады. Бұл бағдарламада зерттеудің мақсаты мен міндеті, зерттеу қажет объектілер нақты мəселе ретінде қойылады. Осы бағдарламаларға негізделіп арнайы сауалнамалар, анкеталар, карточкалар жасалады. Байқаудың бағдарламасын жасау -- жауапты жəне күрделі іс. Ол байқаудың алдына қойған міндеттің бəріне жауап бере алатындай болуы керек. Мысалы, халық санағының бағдарламасы халық шаруашылығын дамытудың келешегіне керек деректер жиналуын қамтамасыз етуі керек. XIX ғғ. 80-90 жж. Біздің тақырыбымызға қатысты көптеген еңбектерВ.Н. Витевскийдің И.И. Неплюев и Оренбургский край в прежнем А. Алекторованың История Оренбургской губернии [8] зерттеуінде Орынбор экспедициясын Орынбор тарихшысы А.И.Добромысловтың еңбектері назарға тұрарлық. Тақырыптың зерттелу деңгейі; Отандық тарих ғылымында аталмыш тақырыпты зерттеу. Зерттеу объектісі; XIX ғ. соңы және XX ғ. басындағы Қазақстандағы ғылыми экспедициялар. Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері;Тақырыпты толығымен ашып, XIX ғ. соңы және XX ғ. басындағы Қазақстандағы ғылыми экспедициялар жайлы барынша мағлұмат беру.

2

Негізгі бөлім
Қазақ шаруашылығының бюджетін құру 1896 - 1903 жылдар аралығындағы белгілі статист Ф.А.Щербина басқаруымен далалық облыстарды зерттеуге байланысты жүргізілген экспедиция жұмысында көрініс алған. Экспедиция қызметкерлерінің тұжырымдарының барлығы 13-томдық Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей басылымына енген. Соңғы том Свод материалов по киргизскому землепользованию, собранных и разработанных экспедицией по исследованию степных областей бюджет мəселесіне арналды. 1906 жылы Петербургте жарық көрді. Бұл том негізінен кестелерден жəне Ф.А.Щербина жазған кішігірім кіріспе мен қаржы кестелеріне арналған қосымша мəліметтерден тұрған. Бюджеттік кестелер жəне оларға талдау басылымның жекелеген томдарында бар, дегенмен, Ф.А.Щербина пікірі бойынша, көбінесе бір типтегі бюджет алынған. Мұндай бюджеттік көрсеткіштің құндылығының қанша шамада екені, əрине, түсінікті. Ал арнайы томда қазақ шаруашылығына қатысты барлық бюджеттік зерттеуді талдауға мүмкіндік беретін əр типті бюджет берілген. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы біз қарастырып отырған экспедицияның бағдарламасына тоқталар болсақ, 1896 - 1903 жж. Ф.А.Щербина экспедициясының бағдарламасы жалпы 17 тараудан, 93 кішігірім қарастырылатын мəселелерден тұрады. Негізгі 17 тарауында: рулық бастама, шаруашылық ауылдардың тарихы, жерді пайдалану формасы, мал шаруашылығы, пішен шабу, жер өңдеу, бақташылық жəне бау егіп-өсіру, орман жəне тоғайлы жерлер, жерді жалға беру (аренда), өнеркəсіп жəне жалақы, алым салық жəне борышы, қырғыз отбасының ерекшелігі, ортақ шаруашылық істер, сауда, несие (кредит), халықтың қажеттілігі, табиғи-жаратылыс жағдайы қарастырылуы қажет етеді. Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары... негізінде зерттеу жұмысы 1896 ж. мамыр айында басталды деп тұжырымдауға болады. Деректің алғы сөзінде ...экспедиция толығымен 1896 жылдың мамырында құрылды. Мамыр мен маусымның басында Омбы оязында алдын ала зерттеу жұмыстары жүргізіліп, осы жұмыстарда жинақталған тəжірибе мен материалдардың негізінде бағдарлама жасалынып, Көкшетау оязындағы қырғыздардың (қазақтардың) шаруашылығын зерттеуге кірістік делінген .Бұл зерттеулер 1896 ж. маусым-шілде айларында Омбы оязын алдын ала зерттеп көруден басталды. Осы жерлердегі қазақ тұрғындарының жер пайдалану нормасын анықтады, алдын ала зерттелген материалдардың негізінде Ф.А.Щербина басқарған экспедицияның бағдарламасы жасалды жəне соның негізінде
3
кейінгі В.Кузнецов, П.П.Румянцев, В.Скрыплев, П.Хворостанскийлер басқарған экспедициялардың зерттеу бағдарламасы мен əдістемесі жасалды. Экспедицияның құрамына байланысты А.Кауфман: Зерттеу экспедициясының құрамында статистиктер, тіркеушілер жəне аудармашылармен қоса 40 адам болды, -- дейді . Ал зерттеуші Т.П.Петрова мұрағат деректерінің негізінде зерттеуге аудармашыларды қоспағанда 200 адамдай қатысты деген пікірді білдіреді. Бүгінгі күндегі осы мəселемен айналысып жүрген авторлардың бірі Н.Тасилованың пікірі бойынша, Т.П.Петрованың көзқарасымен толық келісуге болады, өйткені бұл зерттеу өте ауыр жəне 40 адамның жұмысы емес еді деп қорытындылайды.Ф.Щербина зерттеуінен кейін жүргізілген қайта зерттеулерге қатысты Əлихан Бөкейханов Қазақ газетінде бұрынғы қазаққа Щербина нормасымен қалған жерді мінеп, неше қайтара кішірейтіп, шұнтитып, көшпелі қазаққа деп жаңа норма шығарды... деп, патша үкіметіне нала болған пікірін білдіреді. Белгілі статист А.А.Кауфман Ə.Н.Бөкейханның экспедициядағы еңбегін ерекше атап өткен болатын жəне зерттеудің əдістемесіне қатысты: ...уақытша комиссияның жергілікті қазақтарға қажетті жер нормасын, олардың шаруашылығына қажетті жер мөлшерін анықтамақ тұрмақ, ол туралы жалпы түсініктері де болған жоқ деп, комиссия мүшелерінің көшпелі қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінен ешбір хабарсыз екендігін тілге тиек етті.Экспедиция өзінің зерттеу жұмысын осы Далалық өлке туралы анықтамалық, энциклопедиялық əдебиеттермен танысып, генерал-губернаторлардың есептері мен жергілікті статистикалық комитеттердің басылымдарын, басқа да заңдық құжаттарды пайдалана отырып, зерттеудің алғашқы схемалық бағдарламасын құрудан бастады. Жалпы зерттеу бағдарламасы алдын ала бақылаудан кейін іс-тəжірибеде жинақталған əдістеме негізінде қайта өңделді. Бағдарламаны Ф.Щербина құрастырды.Кезінде осы бағдарлама мен бланкілермен танысқан А.Кауфман: Бұл бағдарлама мен бланкілерде тек бір ғана теориялық білгіштіктен жазылған дейтіндей бір де бір сұрақ жоқ деуге болады, əрбір рубрика, статистикалық экспедицияның міндетіне жүктелген таза практикалық мəселелерді шешуге тура немесе жанама болсын материал береді, əрбір сұрақ жəне əрбір графа қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану нормасын анықтауға, не олардың шекараларын айқындауға немесе өңірдің табиғи-тарихи сипатын анықтауға қызмет етеді, -- деп жоғары бағалаған болатын.Зерттеушілер əскери-топографиялық бөлімнің осы өңірлерді екі, бес верстік масштабта түсірген карталарына сүйеніп жəне қажетті аудандарды топографтар арқылы схемалық карталарға түсіріп отырды. Бұл материалдар статистерге ояздарды тарихи суреттеу үшін қажет болды.
4
Ф.Щербина бағдарламаға сəйкес өндірісте мынандай іс-шараларды атқарды:
Қырғыз (казақ) халқын жалпы шаруашылық санаққа алды, бұл жаппай тұрғындар мен малды, шаруашылықты есепке алып, соның негізінде қырғыз қауымының əр түрлі жайылымдарының көлемі мен олардың бұл жерлерді қай уақыттан бері пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік берді.
Бюджеттік есеп жасалынды, ол орташа қырғыз (қазақ) отбасына қажетті азық-түлік жəне басқа да керектерін анықтауға жəне оларды қанағаттандыратын тəсілді айқындауға мүмкіндік берді.
Табиғи-тарихи жағдайларын зерттеу: өлкенің рельефін, топырақтың ерекшелігін, су көздері мен орман мен тоғай өсімдіктерін зерттеді.
Бұл шараларды атқаруда:
а) зерттелген əр ояздың жер көлемін бөлек аудандарға бөлді, олар қыстық (қыстау), көктемдік жəне күздік жайылымдар (күзеу) жəне жаздық жайлауды құрады;
ə) аудандарды жалпы сапалық белгілеріне қарай бірнеше топтарға бөлді;
б) əрбір топқа бір жылда бір бірлік (единица) мал басын (жылқы) асырауға қажетті жер мөлшерін анықтады;
в) ояз бойынша қырғыз (қазақ) шаруашылығындағы орташа мал бірлігінің санын бекітті; г) ояздағы орташа шаруашылыққа қажетті жер нормасын бекітті;
д) аудандардың əрбір тобы мен қауымына қажетті жер мөлшерін санаққа алды;
е) қырғыздардың (қазақтардың) экспедиция жұмыстарына дейінгі жəне кейінгі жер мөлшерлерін салыстыру арқылы, нəтижесінде əрбір аудандағы артық жəне қажетті жерлерді анықтап шығарды.
Зерттеу экспедициясының əдіс-тəсіліне, негізгі принциптеріне тоқталар болсақ, бұл ең алдымен алдын ала бір оязды зерттеп, бақылап көруден басталды. Зерттеушілерге алдын ала жиналыс өткізіліп, онда зерттеудің мақсаты мен міндеті, негізгі əдіс-тəсілдер мен нұсқаулары түсіндіріліп, əрқайсысына жұмыс бөліп беріледі. Экспедицияны 3 партияға бөліп, əр партияның басына бір агрономдык білімі бар статист-маманды басшылыққа бөліп береді. Партияның өзі кішігірім партияларға бөлініп, оларға да бөлек меңгерушілер тағайындалды.
5

Əр партияға аудармашы, 2 тіркеуші, есепке алушы, топографтар бөлінді.Олар арнайы бағдарламаның зерттеу бланкілерін жасап, соның негізінде жергілікті тұрғындарға сауалнама жүргізді. Бетпе-бет əрбір адамнан аудармашылар арқылы сұрауларға жауап алды. Топографтар жергілікті аймақты схемалық карталарға түсіріп, алынған мəліметтерді статистер талдап, кестемен салыстырып шынайылық деңгейін анықтап, жинақтады. Ал ботаниктер мен гидротехниктер өңірдің табиғаты мен өсімдіктерін, суы мен топырағын зерттеп табиғатын жəне ауа райын сипаттап берді. Ф.А.Щербина бұл зерттеуде воронеждік іс-тəжірибесін негізге ала отырып, орташа көрсеткіштер базасын жасады. Онда ол малды жылқымен есептейді. Мəселен, Ф.Щербина қазақ шаруашылығына қажетті жер нормасын былайша есептеп шығарды. Ол қазақтардың орташа отбасына, біріншіден, қажетті мал басын 6 қой =1 жылқыға теңестіріледі, екіншіден, əрбір мал басына қажетті əр түрлі жайылымдардағы десятина жердің көлемін анықтап алуды, содан кейін екеуін көбейту арқылы əрбір орташа қазақ отбасына қажетті жер мөлшерін шығаруды ұйғарды.
1896-1908жж. Жер мөлшерін есептеу және өзгерістер жөнінде
Экспедицияға дейінгі жер көлемі
Экспедициядан кейінгі қазақтарға қалдырылған жер
Экспедициядан кейін қоныс аудару қорларына берілген жер
1 орташа шаруашылыққа қажетті жер нормасы
45889000 дес,
100%
1901ж 5 наурыздағы №11 циркулярдан кейін қазақтарға қалдырылған жер 25% өседі 1904-1908 жж қайта зерттеу экспедициясынан кейін
23297000 дес,
51%
23297000+5824000=29121000 дес,
61%
22592000 дес,
49%
22592000-5824000=16168000 дес,
37%
187%
138-261 дес, аралығында
234-555 дес,
70+210 дес,
36-57% азайды

Жоғарыда көрсетілген кестеден екі деректің мəліметін салыстыру арқылы экспедицияның мəліметі шындыққа жақын келеді деп тұжырымдауға болады. Себебі экспедицияның пайдаланған статистикалық əдістемесі, жеке сұрау арқылы жүргізілген, неғұрлым объективті мағлұматтар береді, ал ресми есеп жалпы есептеумен ғана шектелген болатын. Жалпы Ф.Щербина басқарған 7 жылдық зерттеу жұмыстары Ақмола облысының -- Көкшетау, Атбасар, Омбы, Ақмола, Петропавл ояздары, Семей облысының -- Павлодар, Қарқаралы, Зайсан, Өскемен, Семей ояздары жəне Торғай облысының -- Қостанай, Ақтөбе ояздарын қамтыды.
6
Деректанулық зерттеулерде сыныптау проблемасының маңызы зор. Ол зерттеушіге нақты деректің ерекшелігін анықтауға және сол ерекшеліктен шыға отырып зерттеу тәсілдерін тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Осы қағидаға сай ҚЖПМ қазақ қоғамының рулық-тайпалық құрылымының дерек көзі ретінде хронологиялық, аймақтық, тақырыптық, мазмұндық, мақсаттық, формалық принциптерге сай сыныптауға болады. Мысалы, Ф.А. Щербина экспедициясы жинаған ҚЖПМ 1896-1903 жж. қамтыды. Бұл 7 жылдық зерттеудің нәтижесінде 3 облыстың 12 уезі және 149 болыс зерттеу нысанына алынды. Атап айтсақ, 1896 ж. Ақмола облысы Көкшетау уезі: Жыланды, Зеренді, Қотыркөл, Мезгіл, Айыртау, Восточная, Көкшетау, Шалқар болыстары зерттелінді. 1897 ж. Атбасар уезі: Айнакөл, Атбасар, Денгіз, Жарқайын, Жездін, Кенгір, Кентөбек, Қызылкөл, Құмқоңыр, Сарысу, Терісаққан, лытау болыстары, 1901 жылы Омбы уезі: Шерлаковск, Покровск, Омбы, Қорған, Николаевск болыстары зерттелінді. 1896-1900 жж. аралығында Ақмола уезі: Ақмола, Еремен, Қоржынкөл, Қызылтопырақ, Моншақты, Нұрын, Есім, Жыланды, Спасск, Шерубай-Нұрын, Қарағаш, Нелдын, Ортау, Ақтау, Атасу, Мұңлы, Соран болыстары зерттеуге алынды. 1901 ж. Петропавл уезі: Тайыншы, Петропавл, Странов, Преснов, Полуден, Пресногор, Средняя, Құсмұрын барлығы 50 болыс зерттелінді. Бұл материалдар əр жылдары (1898 - 1909) (Во- ронеж, Омск, Чернигов, С.Петербург) 13 том болып жарық көрді. Бюджетті пайдалану əдістемесі экспедицияның арнаулы мақсатына тəуелді болды. Мысалы, Зайсан оязында 29 бюджет құралды, дегенмен тек оның 14-і ғана салыстыруға жəне қорытынды бақылауға алынды. 15 бюджет төмендегі себептерге байланысты қарастыруға алынбады: 10 бюджет, тұрғылықты халықтың айтуы бойынша, ортадан жоғары шаруашылыққа жатады деп есептелінгендіктен алынып тасталды, ал басқа 5-еуі кедей шаруашылығына жатады, себебі өмір сүрудің көзі бұл шаруашылықта балық аулаумен, батырақтық т.б. кəсіптермен байланысты. Осындай жолмен ояз бойынша бюджеттік талдауға тек орта шаруашылыққа қатысты мəліметтер алынған. Осылайша, 1896 - 1903 жж. Ф.Щербина басқарған зерттеу экспедициясының нəтижесінде 13 томнан тұратын Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары... деп аталатын дерек көзі пайда болды. Бұл Ресей Империясының Қазақстан жерін отарлау мақсатында жүргізілген зерттеудің нəтижесінде пайда болған деректен тек қана қазақтардың жерді пайдалануы туралы мəліметтерді ғана емес, басқа да жанама фактілерді де алуға болады. Жалпы, Қырғыздардың (қазақтардың) жерді пайдалану материалдары... XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы бүкіл қазақ қоғамын жан-жақты сипаттауға, нақты сол кезеңдегі тарихи жағдайларды талдауға қомақты үлес қоса алатыны анық.
7
Қазан революциясынан кейін В. В. Бартольд қазақ такырыбын түрік халықтарының тарихы жөніндегі жұмыстардын кең көлемді проблемалық және хронологиялық диапозонына енгізеді. Бұған ұлттық тарихпен ұлттық мәдени дәстүрлерге деген зор ықыластың Қазақстан мен Орта Азияда революциялық окиғалар кезеңінде оянып, 1924 жылғы ұлттык межелену кезінде ерекше күшейе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттік есеп жасалынуы
Барлық зерттелген шаруашылық
Деректану теориясының әлеуметтік табиғатын ашу
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Қазақстан тарихы библиографиясы
Деректердің тарих ғылымындағы табиғатын зерттеу
Ахмет Ясауидің Диуани Хикмет шығармасы
Құран Кәрім - Ислам дінінің негізгі көзі
Қылмыстық процестегі дәлелдеу процесі және оның сатылары
Пәндер