Философиясы мен теологиясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

МӨЖ

Тақырыбы: Сёрен Кьеркегор

Қабылдаған: Орындаған:

Группа :

Жоспар

I. Кіріспе

II. Негізгі бөлім

  1. Сёрен Кьеркегордің өмір-баяны, мінез-құлқы және өмір салты
  2. Философиясы мен теологиясы
  3. Шығармашылығы

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Серен Кьеркегор өте байсалды, кішпейіл, қарапайым тұлға ретінде саналған. Кьеркегордың ойынша адам - рухтың басшылығымен өмір сүріп жатқан жан мен тәннің бірлігі, ол - рух. Ал рух - ойлаумен тең емес, яғни ой логика заңдарына тәуелді емес.

Философияның негізгі мәселесі адамның өмірі, өзіндік санасы, ішкі рухани өмірі. Кьеркегор бойынша „Шындық - ол ішкі дүние. Менің өз Меніме деген қатынасым". Адамның ішкі өмірі объект бола алмағандықтан танылмайды. Оны тек тебіреністер арқылы ұғынуға болады. Сондықтан Кьеркегор адамның ішкі өмірін бейнелейтін жаңа катигорияларды ендірді. Олар. өмір сүру, үрей, сәт, шешім, шектілік және шексіздік, зардап шегу, қайталау, түңілу, өкіну, кінә және күнә, қайта туылу. Осы ұғымдар арқылы адам ішкі тебіреністерін беруге болады.

I. Негізгі бөлім

1 . Сёрен Кьеркегор (ағылш. Søren Aabye Kierkegaard, 1813-1855) - Дания философы және теологы, ақын, әлеуметтік сыншыл, ол экзистенциализм философиясының негізін салушы ойшыл ретінде құрметтеледі. Серен Кьеркегор Копенгагендегі бай отбасында туған. Анасы Ане Серензаттер Лунд Кьеркегор үйленуден бұрын Сереннің әкесі Майкл Педерсен Кьеркегордың үйінде қызметші әйел болған. Ол өте байсалды, кішпейіл, қарапайым және оқу орнынан ресми білім алмағанымен бірақ немереқызы Генриетта Лундтың жазуынша ол "шаттық таяғын көңілді үйіретін және балаларын (Серен мен Питер) бейне балапанын ерткен тауықтай қорғаштайтын адам еді.

Серен Кьеркегордың әкесі Майкл Педерсен Кьеркегор "өте қатал адам болған, сырттай қарағанда салқын, қобалақ, бірақ қарапайым шапанының астындағы ұшқыр қиялын өзі жасаған ұлы ғасыры мұқалта алмапты. " Ол Х. Вольфтың философиялық кітаптарын көп оқыпты, Людвиг Хольбергтің комедияларын ұнатыпты, Георг Иоганн Хаманн, Лессинг, Эдвард Янг еңбектерін жоғары бағалапты, әсіресе Платон мен Сократтан сілтеме жасап сөйлегенді жақсы көреді екен.

Копенгаген қаласы 1830 және 1840 жылдары қисық көшелерінде машина сирек жүретін ескі қала болатын. Бала Кьеркегор көшеде жаяу серуендегенді жақсы көреді екен. 1848 жылы Кьеркегор былай деп жазған болатын: "Мен нағыз хрисиан ретінде басқа емес, Копенгаген көшелеріндегі әрбір кедейге сәлем беріп, олармен еркін әңгіме дүкен құратын, қандай қоғамдық жіктің адамы болса да бәріне жылы қабақпен қарап, қайыршыдан да жалтармай, әрбір қызметші мен еңбекшіге, әрбір отбасы әйеліне сәлем айтатын біреу болғаныма қанағаттанамын. "

« Бұрын бір әке мен бала болыпты. Олар бір-біріне үнсіз торығумен қарайды екен . . . (С. Кьеркегор) »

С. Керкегордың жарияланбаған жазбаларын басшылыққа алғанда, әсіресе "Жойқын жер сілкінісі" (The Great Earthquake) атты қолжазбаға негізделгенде әкесі Майкл Кьеркегор өзінің жас кезінде өткізген күнәларына бола Құдайдың қарғысына ұшырадым деп есептеп, ешбір балам аман қалмайтын болды деп күйзелгені байқалады. Соны растағандай Питер Кьеркегор мен Серен Кьеркегорға дейін Майклдің 5 баласы шетінеп кеткен. Ол өзін Анеге некесіз араласып күнәға баттым, Құдайға қарсы жаман сөздер айттым деп өкініп, Құдайдың жазасына ұшырадым деп қайғылы көңіл күйде өмір сүрген. Питер Сереннен 7 жас үлкен болатын және ол кейін Ольборгтің епискобы болды. Кейбіреулердің айтуынша әкесінің Moравия шіркеуін жақтауы да оның күнә сезімінің күйреткіштік әсеріне тым қатты ұшырауын туғызған көрінеді.

Сёрен Кьеркегор шығармаларында адам өмірінің үш сатысын анықтайды; адамды рационалды (ақылды) тануға сын айтып, үрей, жалғыздық, еркіндік, таңдау, сенім секілділердің адам өміріндегі маңызына айырықша назар аударады; діни құрылымды, әлеуметтік сенім ретіндегі дінді сынап, христиандыққа қайта анықтама береді.

2 . Кьеркегордың көптеген философиялық еңбектері адамның қалай "жеке тұлға" (single individual) ретінде өмір сүруі мәселесіне қаратылды. Ол нақты адамның нақты шындығына абстракт ой жүгіртуге назар аударады және жеке адамның таңдауы мен міндетіне айырықша сәп салады. Ол өз дәуірінің идеалист оқымыстылары мен философтарын әдеби тілмен аяусыз сынады. Сведенборг, Гегель, Гете, Фихте, Шеллинг, Шлегель және Ханс Кристиан Андерсен қатарлылар бұл "ізденушіге" әлдеқашан "түсінікті" болды.

Кьеркегордың теологиялық жұмысы христиандық этикаға бағытталған болып, шіркеулік сенім мен жеке адамның өз алдына жеке сенімі ортасындағы айырмашылықты анықтап, алдыңғысына аяусыз сын айтып, кейінгісін жалғыздықтан құтылудың жалғыз негізі етіп көрсетеді. Адам мен Тәңірі ортасындағы шексіз мәндік айырмашылыққа анықтама береді, Тәңіріге бейне Ибраһим, не Иса секілді жеке-оқшау берілген сенімді дәріптейді, христиан шіркеулеріне, әсіресе Дания шіркеуіне ауыр сын айтады.

Оның психологиялық еңбегі маңызды таңдау жасау сәтіне бетпе-бет келушінің сезімі мен түйсігінің өзіне тән сипатын суреттеуге арналады.

3. Кьеркегордың алғашқы шығармалары сол кездегі маңызды дүниетанымдық ұстанымдар арасындағы кешенді пікірлесу ретінде түрлі бүркеншік атпен жазылады. Ол күрделі мәселелерді алуан қырынан зерделеп, әр қырын зерттеуді әртүрлі бүркеншік атпен ұсынады. Ол негіздік баяндау (Upbuilding Discourses) шығармаларына өз атын берген және оларды оның жұмысының мағынасына бойлаған жеке тұлғаға( single individual) арнадым деп есептеген. Әсіресе, ол былай деген болатын:

« ғылым мен пән объектке айналдыру жолын үйретуге тырысады. Ал, дін (христиандық) болса бізді субъективизмге және субъектке өзгеру жолын үйретеді »

Ғалымдар дүниені күзетуді үйреткенімен, бірақ Къеркегордың ойынша олар рухани дүниенің ішкі жұмысын көрсетіп бере алмайды.

Кьеркегор идеясын игерудің кілті "субъективті ақиқат", "сенімнің жауынгер серісі" (the knight of faith), естелік пен қайталаудың дихотомиясы, абыржу (angst), Шексіз сапалық айырмашылық, Құмарлық ретіндегі сенім (faith as a passion), өмір жолының үш сатысы қатарлы ұымдарды түсінуде жатыр.

Кьеркегор шығармалары алғашында Дат тілінде және кейбір скандинавия халықтары тілінде жарияланады. ХХ ғасырдың басында оның еңбектері негізгі еуропалық тілдерге - француз және неміс тілдеріне аударылды. ХХ ғасырдың орта шенінде оның еңбектері батыс мәдениетіне, әсіресе философия мен теолоигияға күшті әсер ете бастады.

Ол сыртқы әлемге сілтеу мен таянудағы әрекетке қарсы (мұндай эстетикалық мінез бола алады), ол өз алдындағы ішкі, яғни эстетикалық жауапкершілікке сенбей, индивид өзінің жеке басын тәңірдің еркіне беруді ұсынады. Ол Кьеркегор үшін бұл өмір діни және пародоксальді. Осылай бола тұрып, ол христиан халқының дінін толық теріске шығарды. Оның ойынша экзистенциалды ойлау, яғни абсолюттікке сәйкес өмір сүру, азапты өлім төнетін болса да христиан ақиқатына шексіз сену.

IІI. Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теориялық дінтану
Қазіргі заманғы діни сектандықтар
Әл-Ғазалидің философиялық еңбектері жайлы
Христиан теологиясы
КӨНЕ ҮНДI ФИЛОСОФИЯСЫ ТУРАЛЫ
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Кәлам және Діни ғылымдар
Дiн философиясы мен теологиясы
Дін философиясы мен тиялогияның ара қатнасы.
Поль Анри Гольбах философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz