Ойлаудың логикалық формасын үйрету


Сан және санау ұғымын қалыптастыруда логикалық ойындардың маңызы
Мазмұны
Кіріспе бөлім . . . 3 бет.
І-тарау.
- Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын
ойындар арқылы дамыту . . . 5 бет.
- Ойлаудың логикалық формасын үйрету . . . 8 бет.
- Балалардың санау арқылы танымдық логикалық ойлауын
дамыту . . . 11бет.
ІІ-тарау. Іс тәжірибе
2. 1. Санай білуге үйрету тәсілдері . . . 18 бет.
2. 2. Сергіту мен саусақ жаттығулары . . . 27 бет.
2. 3. Математикалық есептер мен тақпақтар және жұмбақтар . . . 31 бет.
Қорытынды . . . 38 бет.
Әдебиеттер тізімі . . . 39 бет.
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Мектепке дейінгі балаларда ойлау қабілетін дамыту мәселесі жалпы білім беру саласында маңызды орынға ие болатын мәселелердің бірі болып табылады, себебі, ойлау қабілетінің даму деңгейі баланың келешекте мектепте оқытудың нәтижелілігіне ықпалын тигізеді. Мектепке дейінгі балаларда өз өмір тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен, сыры ашылмаған нәрселердің көп екендігін көрсетеді. Айналадағы дүниедегі заттар мен құбылыстар еш уақытта жеке-дара ұшырамайды. Олар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста, байланыста болып отырады, бірақ осы байланыс, қарым-қатынастың барлығы бірдей әр уақытта адам санасында сәулелене бермейді. Ал мектепке дейінгі балаларда қабылдауы дүниедегі жеке-жеке нақты заттарды ғана қабылдайтын болса ойлауда кісі олардың арасыңдағы қатынас, байланыстарды танып-білуі керек. Ең алдымен таным көзі - сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды. Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып табылады. Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру, бекіту. Сондай-ақ бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру, орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді. Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдері: геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т. б. ) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйренеді. Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) - жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т. б. ) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады. Жаңа материалдарды бағдарламаның кез келген бөлігінде («Сан және санау, » «Көлем», «Пішін», т. б. ) кезектестіріп 2-5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін 2-ші бөлімінде оқытқан жөн. Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының (программалық) құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі. Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы - сабақ. Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады. Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан - жақты, бағыт - бағдар беріп отырады. Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау, кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.
Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды:
Зерттеу тақырыбы бойынша арнайы әдебиеттермен жұмыс істеу;
Мектепке дейінгі балаларда ойлаудың психологиялық және логикалық ерекшеліктерін ашу;
Мектепке дейінгі балаларда сан және санау ұғымын қалыптастыруда логикалық ойлауын қалыптастыру және дамыту ерекшеліктерін зерттеу;
Тәжірибелік бөлімде мектепке дейінгі балаларда сан және санау ұғымына логикалық ойындардын әдістемесі қарастырылған.
Зерттеу объектісі: мектепке дейінгі балаларда ойлау процессі.
Зерттеу болжамы: адам ақыл-ойының дамып жетілуі мен білімнің өсуі әрбір ұрпақ жасаған білім қорын меңгеріп, оларды әлеуметтік өмір қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға пайдаланады, сондықтан ойлау процесстерін зерттеу өте маңызды болып табыладыБаланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
І -тарау.
1. 1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық ойлауын ойындар арқылы дамыту.
Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды болып саналады. Бала ойында қалай болса, ол өскенде де, жұмыста да сондай адам болады. ( А. С. Макаренко)
Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын - мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын - балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал. Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады. Логикалық ойлау - адамның интелликтуалдық қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше. Ойын балалардың негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиологиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын баланың даму қуралы, та-ным көзі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынды әрбір адам ойнап өседі, ойынды көп ойнаған адамның дүниетанымы кең, жаны таза, жүрегі нәзік, нағыз сезімтал тұлға болмақ. Әрине, ойын адамның дамуына, қалыптасуына әртүрлі әсер береді. Кей бала ойында шынайы өмірді бейнелесе, кей бала ішкі сезімін білдіреді. Ойынның дамуына және баланың ойынға араласуына әсер ететін факторлар өте көп. Мысалы, үлкендердің ойынға басшылық жасауы, ойыншықтар, баланың өсетін ортасы, балалар ұжымы, баланың тәрбиесі т. б. Дегенмен де ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық ермегі, адамды рахат және қанағат сезіміне бөлейтін іс-әрекеті. Балалар тұрмақ, үлкен адамдар да әлі күнге дейін ойнайды, әрине ойынның түрлері өте көп. Балалар ойынына талдау жасайтын болсақ, оның өзгеріп отыруы балалардың жас және жеке дара ерекшеліктеріне бай-ланысты. Мысалы, сюжеттік рөлді, қимыл-қозғалыс, драматизациялық, музыкалық, дидактикалық, құрастыру, ұлттық, спорттық, дамытушы ойындардың түрлері бар. Әрқайсысының өзіндік мәні, ерекшеліктері, мазмұны, ережелері, тәртібі, білімдік, тәрбиелік, дамытушылық функциялары бар. Оның әрқайсысына жеке тоқталатын болсақ, сюжеттік рөлді ойындар ойынның алғашқы танымы десек, артық болмас.
Балалар ойындарының тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А. С. Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады». Мысалы; сюжеттік - рөлді ойындар.
Ойынның негізгі ерекшелігі ол балалардың қоршаған өмірді - адамдардың қимылын, іс-әрекеттерін бейнелеу болып табылады. Ойында бөлме теңіз, аспан кеңістігі де, темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар жағдайға ойынның өздері ойлаған түпкі ниеті мен мазмұнына лайықты маңыз береді.
Ойын іс-әрекетінің тағы бір ерекшелігі - оның әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар болып табылады. Олар ойында өздеріне мәлім өмір құбылыстары мен оқиғалары туралы білімдерін бейнелейді, оларға өзінің қатынасын білдіреді.
Балалар ойынының ерекшелігі сондай-ақ бейненің, ойын әрекеті мен сөздің ұштасуымен өзара байланыстылығында. Бұл оның сыртқы белгісі емес, шын мәні. Ойында бала өзі бейнелеген қаһарманның іс-әрекетімен, сезімімен тыныстайды. Кейде бейненің баланы баурап әкететіні соншалық, ол тіпті өзін әдеттегідей шақырғанға жауап та қатпайды.
Балалар үн-түнсіз ойнамайды. Тіпті бала жалғыз болғанның өзінде ойыншықтармен сөйлесіп жүреді. Ойынға қиялдағы қатысушылармен әңгімелеседі, өзі мен мамасы үшін, науқас кісі мен дәрігер үшін сөйлеседі және т. б. Сөз нақ бір ойын әрекетін сүйемелдеуші болып табылады, бейнені, оған баланың өз қатынасын толығырақ ашады.
Ойын процесінде сөйлесу қарым-қатынасы үлкен рөл атқарады. Сөйлесе жүріп балалар пікірлесіп, әсер алысып, ойынның түпкі ниеті мен мазмұнын анықтайды. Ойында сөзбен уәделесу ұйымдастырушылық қызмет атқарады, балалар арасында өзара түсінісу мен достықтың, қоршаған өмірдің қайсыбір фактілері мен құбылыстарына бірдей көзқарастың пайда болуына және дамуына көмектеседі.
Бейненің, ойын әрекеті мен сөздің өзара байланысы ойын қызметінің өзегі болып табылады, шындықты бейнелеудің құралы қызметін атқарады.
Ойынның негізгі құрылымдық элементтері мыналар: ойынның түпкі ниеті, сюжеті немесе мазмұны; ойын әрекеттері, рөлдер; ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі. Бұл элементтер өзара тығыз байланысты және ойынды балалардың өзінше бір іс - әрекеті ретінде көрсетеді.
Ойынның түпкі ниеті - бұл балалардың нені және қалай ойнайтынының жалпы анықтамасы, мәселен: «дүкен», «аурухана», «әскер», «қызы мен шешесі», «мектеп» және т. с. с. болып ойнау. Ол сөзде тұжырымдалып, ойын әрекеттерінің өзінде бейнеленеді, ойынның мазмұнында қалыптасады және ойынның өзегі болып табылады.
Ойынның түпкі ниетіне қарай ойындарды азды-көпті мынадай типтік топтарға бөлуге болады:
а) тұрмыстық құбылыстарды бейнелейтін ойындар («отбасы», «мектеп», «балабақша» және т. б. болып ойнау) ;
ә) жасампаз еңбекті бейнелейтін ойындар (корабль салу, үйлер, стадиондар тұрғызу және т. б. ) ;
б) қоғамдық оқиғаларды, дәстүрлерді бейнелейтін ойындар (мерекелер, демонстрациялар, қонақтарды қарсы алу, саяхаттар т. т. ) .
Ойындарды бұлай бөлу, әрине, шартты ғана, өйткені ойын өмірдің алуан түрлі құбылыстарын бейнелеуді қамтуы мүмкін.
Ойынның сюжеті, мазмұны - бұл оның жанды тұлғасын құрайтын, ойын әрекеттерінің, балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайтын. Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға деген ықылас пен ынтаны қоздырады.
Ойынның құрылымдық ерекшелігі мен түйіні - бала атқаратын рөл. Ойын процесінде рөлге берілетін маңызына қарай көптеген ойындар рөлді немесе рөлді-сюжетті ойындар деп аталады. Рөл әрқашан адамға немесе жануарға, ол қиялдағы қылықтарға, іс-әрекеттерге, қарым-қатынастарға қатысты болады. Солардың бейнесіне енген бала сол өзі қалап алған нәрсеге айналады, яғни белгілі бір рөлді ойнайды.
Ойын процесінде балалардың өздері (ал кейбір ойындарда - ересектер) ойнаушылардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын анықтайтын және реттейтін ереже белгілейді. Ереже ойынға ұйымшылдық, тұрақтылық сипат береді, оның мазмұнын баянды етеді және қарым-қатынас пен өзара қарым-қатынастардың одан арғы дамуын, күрделене түсуін айқындайды. Сонымен бірге ойын ережесі жасқаншақ, ұялшақ балалардың ойынға белсендірек қатысуына көмектеседі.
Ойынның осы құрылымдық элементтерінің бәрі типтік болып табылады, бірақ олардың түрлі маңызы бар және әртүрлі ойындарда түрліше арақатынаста болады. Әрине ойынның әр түріне сипаттама беруге болады, дегенмен ойынның ішінде дидактикалық ойындардың білімдік, тәрбиелік, дамытушылық мәні зор.
1. 2. Ойлаудың логикалық формасын үйрету
Логикалық ойлауды дамыту үшін іс-әрекеттерді нақтылы заттар мен жағдайлардың орнына белгілер түріндегі сөздер сандар арқылы игерудің алғы шарттары, бұрын айтылғандағыдай, сәбилік шақтың соңында, бала санасының белгілер функциясы қалыптаса басталғанда қаланады. Бұл уақытта бала бір затты белгілеуге өзге бір заттың, суреттің, сөздің көмегімен оның орнын ауыстыруға болатындығын түсіне бастайды. Әйтседе сөз бен белгілердің басқа түрлерін бала өздігінен ойлау міндеттерін шешуге қолдана алмайды. Көрнекі-әсерлі әсіресе көрнекі-бейнелі ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Сөйлеудің үлкендер баланың іс-әрекетіне басшылық жасайды, олардың алдында практикалық және танымдық міндеттер қояды, оларды шешудің тәсілдерін үйретеді. Баланың өзінің сөйлеу арқылы айтып жеткізетіндері, осы әрекеттің өту барысы мен нәтижелерін баланың түсіне білуі жағдай жасайды, міндеттердің жолын іздестіруге көмектеседі. Сөйлеу жоспарлаушы функцияға ие болғанда оның мәні бұрынғыдан да арта түседі. Бұл арада бала естіртіп ойлайтын сияқты. Әйткенмен бала шындығында бұл кезеңде де өзін ойлау іс-әрекетінде сөзбен емес бейнелермен пайдаланады. Бұл балалар алдарынан шығатын көбіне ойлау іс-әрекеттерін орындауды талап ететін міндеттерді шешетіндіктен және өз ойын сөзбен айтып жеткізе алмайтын жағдайларға әдейі бұрын бұзып қойған ойыншықтарды бергенде, көп жағдайда бұзылудың бебін дұрыс анықтап, оларды жөндей білді, бірақ неліктен сол істелгенін сөзбен атып бере алмайды, тек ойыншықтардың болмашы белгілерін көрсетті. Осындай жағдай кнопканы баса отырып қуыршақты ойыншық қаланың ішімен жүргізілетін ойын ойналғанда да болады. Балалар қуыршақтың қимылын басқарады жақсы үйреніп алды, оларды тағайындалған орындар мүлтіксіз дұрыс жеткізеді, бірақ әдеттегінше жеке кнопкалар қуыршақтың қозғалыстарымен қалай байланысқанын айтып алмайды.
Сөз бейнелерді пайдаланбай-ақ ақыл-ой мәселелерін шешуге мүмкіндік беретін дербес ойлау құралы ретінде қолданылып бастауы үшін бала адамзат жасаған ұғымдарды сөз арқылы бекіген заттардың белгілері мен болмыс құбылыстарының жалпы әрі маңызды белгілері жөнінде білімдерді игеру тиіс.
Ұғым өзара бір білімнен екінші білім шығарарлықтай үйлесімді жүйелерге біріккен. Ол жүйе заттардың өзінің не бейнелердің көмегінсіз-ақ ақыл-ой мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Мысалы: барлық сүт қоректілер өкпемен демалатындығы жөнінде жалпы ережені біле отырып және киттің де сүт қоректі екенің түсінгеннен кейін оның да өкпесі бар екендігі жөнінде қорытынды шығарамыз.
Балалар игеретін сөздердің мәні бұл сөздерге үлкендердің беретін мәніне біртіндеп жуықтай бастайды. Баланың ойлауы көрнекі бейнелі болып қалып отырғанда сөздер ол үшін заттар, іс-әрекеттер, қасиеттер, қатынастар жөнінде түсінік білдіреді. Үлкендер балалармен қарым-қатынаста жиі қателеседі, өйткені олар сөздердің үлкендер үшін де, мектеп жасына дейінгі балалар үшін де, мәні бірдей деп шамаламайды. Шындығында балалар, белгілі заттарға, жағдайларға, оқиғаларға қатысты сөздерді дұрыс бағыттай білуді біршама терең тез меңгере де егжей-тегжейлі зерттеу балалардың түсінік сөздері мен үлкендердің ұғым сөздерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар балатынын көрсетті. Түсінік ұғымға қарағанда болмысты қунақы әрі айқын белгілейді, бірақ ұғымға тән айқындыққа, анықтылыққа, жүйелікке ие бола алмайды.
Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды қалыптастыру үшін түсініктерді пайдалануға болады. Ұғымдардың өзінде және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын да балалар ғылыми білімдер негізделген барысында меңгереді.
Ұғымдарды жүйелі меңгеру мектептегі оқу процесінде басталады. Бірақ кейбір ұғымдарды мектепке дейінгі ересек балалар арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайларында үйреніп алатындығын зерттеулер көрсетті. Мұндай оқытуда алдымен оқылатын материалдарға балалардың ерекше сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерінің көмегімен заттардан және олардың қатынастарынан ұғымның мазмұнына кірерліктей басты белгілерді айыра білуге керекті әдістер мен құралдарды алады. Мектепке дейінгі баланы мұндай әдісті дұрыс қолдануға және алынған нәтижені оған түсінікті схемалық формада ұстап қалуға үйретеді.
Мысалы: бұйым сандық қасиеттері мен қатынастары туралы ұғымдарды қалыптастырғанда балаларды өлшемдер сияқты құралдармен пайдалануға үйретеді. Өлшемдер шаманың қабылдау мен түсініктігі бірігіп кеткен көлемнің түрлі параметрлерін - (көрсеткіштерін) ұзындық бір түрлі өлшеммен, аудан екінші түрлі өлшеммен, көлем үшінші түрлі өлшеммен, салмақ төртінші өлшеммен өлшенетіндерін - бір-бірінен бөліп, ажырата білуге мүмкіндік береді. Өлшемнің арқасында сан сыртқы әсердің ықпалсыздығын объективті түрде анықталады. Балалар, өлшеу нәтижесін белгілі бір таңбамен белгілеп бөліп қояды, мысалы, өзара бірдей таяқшаларды қатарға тізеді. Егер баларға берілген көрсеткіш бойынша екі затты өзара өлшеу арқылы салыстыру қажет болса, онда балалар таяқшаларды екі қатарға орналастырады және әр қатардағы таяқшаға екінші қатардың таяқшасы дәл келетіндей етіп тізеді. Шаманың берілген көрсеткіші бойынша (ұзындық, аудан, көлем, салмақ) заттардың қатынастарының схемалық бейнесі шығады. Егер таяқшалардың бір қатары ұзынырақ болып шықса, онда осы қатарға бірдей екендігі байқалады.
Ұғымды бұдан әрі қалыптастырудың барысы баланың сыртқы іс-әрекеттерінен ойша іс-әрекеттерге өтуді ұйымдастырудан тұрады. Мұнда сыртқы құралдар сөздік белгілеулермен алмастырады.
Тиісті міндеттерді ала отырып бала нақтылы өлшемді пайдалануды доғара бастайды, оның орнынан өлшеу мүмкіндігін көздей отырып сан жөнінде пайымдай бастайды.
Бұл пайымдауларда баланы заттардың сыртқы түрінің өзгеруі шатыстыра алмайды, білім тікелей әсерден күштірек болып шығады.
Ұғымдар жасалуда көрнекі-бейнелі ойлауды меңгергенге қарағанда сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің формасы ғана өзгеріп қоймайды, бой үйрену процесі де басқаша сипатта болады. Нақтылы іс-әрекеттің сөз арқылы толықтай ой жүгіртуімен алмастыру, сол іс-әрекеттің көздерін сөз арқылы көз алдында елестету бала үшін міндетті сала бола бастайды. Ақырында, пікір айту есіттіріліп емес, іште жүргізіле бастайды, пікір айту азая келеді де дерексіз логикалық ойлау іс әрекетіне айналады. Мектепке дейінгі шақта баланың дерексіз логикалық ойлау іс-әрекеттерінің ерекше түрлі математикалық сандармен және таңбалармен (+, -, =) жасайтын амалдар жатады. Сөздерді қолдану сияқты балалардың сандармен математикалық таңбаларды қолдану да логикалық ойлаудың тиісті нормаларын меңгергендігін көрсете бермейді. Бала сандар мен математикалық таңбаларды нақтылы заттардың топтарымен немесе сондай заттар жөніндегі түсініктерді орындайтын іс-әрекеттермен байланыстыра, бөле және біріктіре отырып қолдана алады. Бірдей жастағы балалар сандарды қолдану мен есептеудің, қарапайым арифметикалық есептерді шығарудың түрлі тәсілдерін қатар қолданып жүреді.
Бұл мысалда бала бірдей сан қатарлы амалын, екіншіде бейнелерді пайдаланады.
Бірақ бастапқы математикалық білімді бейнелерге сүйене отырып меңгеру кейінірек балалар мектепке математиканы жүйелі түрде үйренуге кіріскенде айтарлықтай қиындықтар туғызады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі баларға кез келген заттардың сандық қатынастарының сипаттамасы ретінде таңбалармен іс-әрекет жасауды бейнелерге сүйенбей үйрету ретінде қалыптастыру, мектепке дейінгі шақта ақыл-ой дамуының маңызды жағы болып саналады. Мектепке дейінгі бұған қоса математикалық ұғымдар мен амалдарды игеру жағдайында толықтай қол жеткізуге болатындығын зерттеулер көрсетіп отыр.
Ойлауды дамытудың оқытуға тікелей байланысы осы дамуды мақсатқа бағыттап басқаруға, оқытудың ойлау іс-әрекеттерінің белгілі типінің қалыптасуына себепкер боларлықтай етіп құруға мүмкіндік береді. Бұл мектепке дейінгі балалық шақта келешек өмірі үшін ең басты мән алатындығы жөніндегі мәселені қоюға түрткі болады.
Психикалық дамудың жалпы заңдылықтары туралы мектепке дейінгі шақ бейнелі ойлаудың дамытуға бағытталған үйретуге ерекше сезімтал, нәзік келетіні, ойлаудың логикалық формаларын меңгерудің шамадан тыс жылдамдату амалдары бұл жаста қолайлы болмайтындығы жөнінде айтылған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz