Мұхтар Әуезовтың әңгімелерін оқыту


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Мұхтар Әуезовтың педагогикалық мұрасын зерттеу оны оқу тәрбие жұмысында қолдану

Мазмұны

Кіріспе . . . 3 бет

І-тарау.

  1. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы . . . 5 бет
  2. Жазушының драматургия саласындағы еңбектері . . . 9 бет
  3. Әуезов әңгімелерін сыры . . . 10 бет
  4. Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі тартыс . . . 11 бет

ІІ-тарау.

2. 1. Мұхтар Әуезов және дін мәселесі . . . 21 бет

Іс тәжірибе. Мұхтар Әуезовтың әңгімелерін оқыту . . . 38 бет

Қорытынды . . .

Әдебиеттер тізімі . . . 30 бет

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Ұлтымыздың заңғар жазушысы, қазақ әдебиеті мен мәдениетінің XX ғасырдағы биік шыңы - ұлы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің артында қалған ұлан ғайыр мұрасын зерделеп, ой елегінен өткізу үшін де әр дәуірдің, әр ұрпақтың өз айтар сөзі, таным-түсінігі болатыны сөзсіз. Егемен ел жағдайында ұлы жазушы мұрасына деген ілтипатымыз да осындай бір ұмтылыстың көрінісі болмақ. Ғасырлар бойы көшпелі тіршілікті бастан кешіріп, XIX ғасырдың бел ортасында жол айырығына келген қазақ өмірінің барлық әрі мен нәрін, сыны мен сырын, соры мен бағын теңдессіз тарихи тұлға Абай тағдыры арқылы әрі көркем, әрі түпсіз ой көзімен ашып берген суреткер туралы талай-талай ізденістер жалғаса бермек. Олай болатыны М. Әуезов шығармашылығы ғасырлық өлшемдердің аясына әлдеқашан именбей-ақ енген.

Ұлы жазушы, ғалым, қоғам қайраткері М. Әуезовтің көркем мұрасы - біздің төл әдебиетіміздің ғана емес, бүкіл адамзат мәдениетінің де жетістігі. Оның шығармашылық қарымы ауқымды да бай. Романшы, драматург, ғалым, сценаршы, аудармашы - бұл ұлы қаламгер дарынының толық емес тізімі. Мұхтар Әуезов - өзінің энциклопедиялық құлашты білімімен, асқар талантымен рухани өмірдің көптеген салаларында жарқырап көрініп, бүкіл қазақ мәдениетіне ықпал жасады. XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ қоғамы қойған талаптар оны сол кезеңдегі басқа да аса көрнекті қазақ зиялылары сияқты әрі жазушы, әрі ғалым, әрі қоғам қайраткері болуға ұмтылдырды. Сол себепті де Мұхтар Әуезовтің сан қырлы таланты оның өнердің қазақтар үшін бұрын белгісіз болып келген түрлері мен жанрларын тұңғыш қалыптастырушылардың қатарынан көрінуіне айқын жол ашты. Әуезов - тұңғыш кәсіби драматург, ұлттық театрдың тұңғыш режиссері әрі ұйымдастырушысы, тіпті тұңғыш кәсіби әдебиеттанушы да. М. Әуезов сонымен бірге тұңғыш әдеби киносценарийлер мен опера либреттоларының алғашқы авторы болды.

Егерде, ұлылықтың өзін сол адам өмір сүрген қоғамның даму заңдылығы мен қайшылықтарының арасындағы қақтығыстарға деген көзқарасы арқылы бағалар болсақ, онда жиырмасыншы ғасырда әлем таныған суреткерге қолданылатын өлшемдердің бірде-біреуі Мұхтардың таным-тағдырын таразылап бере алмас еді. Бұл ретте ол: «Данышпандар ешқандай ережеге бағынбайды, керісінше, өзгелерді өз ырқына бағындырып, өзіне еліктіретін бейнені дүниеге әкеледі» деген ағылшын ғалымы Эдуард Юнгоның пікірін еске түсіреді. Демек, Мұхтар Әуезовтің тұлғасы өзіне өзі ғана өлшем болады. Басқа тұлғаның көлеңкесімен кесіп-пішуге келмейді, ондай үлгі жоқ.

Кешегі кеңестік идеологияның тұсында үнемі қазақ әдебиетін басқа ұлттар әдебиетінің көлеңкесінде қарау немесе сол әдебиетке теңгере салу белгілі дәрежеде орын алып келді. Кезінде әлемдік деңгейге көтерілген М. Әуезовтің жазушылық шеберлігінен басқа халықтар әдебиетінің өкілдері де үлкен өнеге алып отыр. Қазіргі уақытта әдебиеттің тарихы саласында «Әлем әдебиетіндегі М. Әуезов дәстүрі» тақырыбы өзекті және мазмұнды болып саналады. Себебі М. Әуезовтің сан қырлы дәстүрін басқа ұлт әдебиетінің өкілдері өздеріне әдеби дәстүр тұрғысынан игеруде.

М. Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы бүгінгі таңда Әуезовтану ғылымының нысанына айналып отыр. Сондықтан да оның өмірі мен шығармашылық жолына және көркемдік әлеміне арналған әр саладағы ғалымдар мен сыншылардың, әдебиет зерттеушілерінің 3350-ден астам монографиялары мен мақалаларының жарық көруі заңды.

Бүгінгі таңда дарқан дарын, ғұлама ғалым, тарлан суреткерлер арасындағы достық қарым-қатынастар мен шығармашылық байланыстардың алуан сырларын жан-жақты аша түсіп, олардың бір-біріне тигізген игі ықпалдары мен өзара әсерлеріне көңіл аудара отырып, күн өткен сайын кемелдене, дами түскен мәдени, әдеби байланыстардың негізгі ерекшеліктері мен оның мәнін ашу - әдебиеттану ғылымының алдында тұрған келелі де, соны мәселелердің бірі. Өйткені белгілі суреткер Г. Марков: « . . . әдебиеттердің өзара әсері мен бірін-бірі байытуы, әрқашанда келелі әңгімені керек етеді» деген болатын. Міне, солай екен, халықтар әдебиеттерінің бір-бірінің дамуына тигізген игі әсерлері мен ықпалдарына ой көзін тігіп, барлай назар аударғанда, онда қаламгерлердегі бір-бірінде болған тікелей еліктеуден іздемей, әрбір суреткердің өмірге көзқарасынан, жазушылық позициясы мен концепциясынан, асқар арман, ізгі мұраттарынан іздеу керек.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмысының негізгі мақсаты - шығармалары қазақ әдебиетінің алтын қорынан орын алатын, қазақ халқының заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің әлем әдебиетіндегі тұғырын айқындау. Осыдан келіп зерттеу жұмыстың негізгі міндеттері туындайды:

- Мұхтар Әуезов сусындаған арналарды айқындап, ол нәр алған тамырларды саралау;

- М. Әуезовтің әлемдік туындыларын саралау.

І-тарау.

  1. Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы

Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897 жылы жиырма сегізінші қыркүйекте туған. Алғашқыда 1908 жылы Семейдегі Камалиддин хазірет медресесінде оқып, одан кейін орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы Семей қалалық бес кластық орыс қазына училищесіне оқуға түсіп, соңғы класында оқып жүргенде «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. Училищені 1915 жылы аяқтап, Семей қалалық мұғалімдер семинариясына түседі. Семинарияда оқып жүріп Шәкерім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастанының негізінде «Еңлік - Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде сахнаға шығарады. Ресейдегі саяси төңкерістер Әуезов өміріне үлкен өзгерістер әкеледі. Ол Семейде «Алаш жастары» одағын құрып, түрлі үйірмелердің ашылуына ұйытқы болады. Жүсіпбек Аймауытовпен бірігіп жазған «Қазақтың өзгеше мінездері» аталатын алғашқы мақаласы 1917 жылы 10 наурызда «Алаш» газетінде басылды. 1918 жылы 5 - 13 мамырда Омбы қаласында өткен Жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Әуезов жазушы Аймауытовпен бірлесіп Семейде «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға қатысады. 1919 жылы семинарияны бітіріп, қоғамдық-саяси жұмысқа араласады. 1919 жылы желтоқсанның төртінде Семейде большевиктер билігі орнап, Әуезов Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің меңгерушісі және «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы қараша айында Қазақ АКСР-і Орталық атқару комитетінің (ОАК) төралқа мүшелігіне сайланып, онда кадр мәселесімен айналысады. Сол жылы «Қорғансыздың күні» әңгімесі «Қызыл Қазақстан» журналының №3 - 4 сандарында жарияланды. 1922 жылы күзде Ташкенттегі Орта Азия университетіне тыңдаушы болып оқуға түседі әрі «Шолпан» және «Сана» журналдарына жұмысқа орналасады. Осы басылымдарда «Қыр суреттері», «Қыр әңгімелері», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Кім кінәлі», «Заман еркесі» («Сөніп-жану») әңгімелері жарияланады. 1923 жылы маусым айында Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетінің тіл-әдебиет бөліміне оқуға ауысады. 1924 - 1925 жылы Семейдегі мұғалімдер техникумына оқытушылыққа қалдырылды. Сонда жүріп «Таң» журналын шығарады. Онда «Кінәмшіл бойжеткен», «Қаралы сұлу», «Ескілік көлеңкесінде», «Жуандық» әңгімелері жарияланды. 1925 жылы Ленинградқа қайтып барып, оқуын жалғастырады. 1926 жылы жаз айында Семейге арнайы ғылыми экспедиция ұйымдастырып, оның материалдары негізінде жазылған «Әдебиет тарихы» монографиясы 1927 жылы кітап болып шығады. 1927 жылы жазда Жетісу өңіріне сапармен келіп, Ілияс Жансүгіровпен бірге болашақ шығармаларына материал жинайды. Ленинградқа қайтып оралысымен, осы материалдар негізінде «Қараш-Қараш оқиғасы» повесін, «Қилы заман» романын, «Хан Кене» пьесасын жазады. 1928 жылы Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасына қабылданды әрі Қазақ ағарту институтында сабақ берді. Алаш қозғалысының көсемдерімен бірге 1930 жылы 16 қыркүйекте тұтқындалып, 1932 жылы сәуір айында үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Дегенмен маусым айында түрмеден босатылып, Қазақ педагогика институтының (ҚазПИ-дің) аға оқытушысы болып қызмет істейді. Осы жылдары театр, драматургия, мәдениет пен өнер, әдебиет, фольклор тарихы, орыс әдебиетінің классиктері туралы мақалалары үзбей жарияланып тұрады. Әуезов сценарийі бойынша «Райхан» көркем фильмі (1940) түсіріледі. 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысады. Осы жылдары «Абай» романын жазуға кірісіп, оны 1941 жылы бітіреді. «Абай» романының жарық көруі (1942) Қазақстанның мәдени өміріндегі ерекше оқиға болды. 1943 жылы «Абай» романын талқылау үлкен науқанға айналады. 1946 жылы романның екінші кітабын жазып бітіріп, ол 1947 жылы жарық көреді. 1950 жылы роман-эпопеяның «Ақын аға» аталатын үшінші кітабы жарық көреді. 1943 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақтың мемлекеттік университетінің (ҚазМУ-дің) қазақ әдебиеті кафедрасына профессор болып орналасып, өмірінің соңына дейін сонда дәріс оқыды. 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында «Сын сағатта» (1941), «Намыс гвардиясы» (жазушы Әлжаппар Әбішевпен бірігіп, 1942), «Қынаптан қылыш» (1945) пьесалары мен «Абай» операсының либреттосын (1944), «Абай әндері» фильмінің сценарийін (1945) жазады. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясы құрылғанда, оның толық мүшесі (академик, №1 куәлік) болып сайланады, филология ғылымдарының докторы, профессор атағы берілді. 1951-1954 жылдары Әуезов саяси-идеологиялық тұрғыдан тағы да қыспаққа алынып, 1953 жылы сәуір айында Мәскеуге жасырын аттанып кетуге мәжбүр болады. Мәскеу мемлекеттік университетінде профессор болып орналасып, «КСРО халықтары әдебиетінің тарихы» деген арнайы курс бойынша дәріс берді. 1954 жылы Алматыға қайтып оралып, «Абай жолы» роман-эпопеясын түпкілікті аяқтады. 1955 жылы шет елге сапарға шығып, Герман демократиялық республикасы (ГДР) жазушыларының Берлинде өткен съезіне құрметті қонақ ретінде қатысты. Үндістанға 40 күндік сапармен барып қайтады. 1956 жылы КСРО мәдениет қайраткерлері өкілдерінің қатарында Чехословакияда болды. Жазушының 60 жасқа толу мерейтойы Алматыда, Мәскеуде салтанатпен атап өтіледі. Атом және сутек бомбасын сынауға қарсы халықаралық қозғалыстың Жапонияда өткен 3-конференциясына қатысады. 1958 жылы Ташкентте өткен Азия және Африка елдері жазушыларының 1-конференциясын ұйымдастырушылардың бірі болды. 1960 жылы АҚШ-қа барып қайтып, 1961 жылы Үндістанға екінші рет сапар шегеді. 1955-1957 жылы алты томдық таңдамалы шығармалары басылып шығады. Әуезовтің мұраcының аса қомақты бөлігі - оның ғылыми зерттеулері. Ол қазақ ауыз әдебиетін жинақтап, жүйелеп, қазақ әдебиеті тарихы, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, әдебиеттану мен фольклордың теориялық-проблемалық мәселелері жөнінде іргелі еңбектер жазды. Қоғам және мемлекет қайраткері ретінде Әуезов жиырмадан астам шет елдерде болып, адамзат қоғамының дамуы, рухани ынтымақтастық үшін өз көзқарасын білдірді. Туған жері - бұрынғы Семей уезінің Шыңғыс болысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы) . Әкесі Омархан мен атасы Әуез сауатты кісілер болған. Мұхтар атасының қолында өскен. Атасы Әуез бен әжесі Дінасылдың тәрбиесінде болған бала Мұхтардың алғаш сауатын ашушы да атасы. Соның арқасында ол алты жасынан Абайдың өлеңдерін ауылдастарына жатқа оқып беретіндей дәрежеге жетеді. 1908 жылы хазірет медресесінде оқып, одан орыс мектебінің дайындық курсына ауысады. 1910 жылы бес кластық орыс училищесіне түседі. Осы жерде оқып жүріп «Дауыл» атты алғашқы шығармасын жазады. 1915 жылы Семей қалалық мұғалімдер семинариясына қабылданады. Оқып жүргенде Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жолсыз жаза» дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын жазып, оны 1917 жылы маусым айында Ойқұдық деген жерде тіркестіріп тіккен киіз үй сахнасына шығарады. 1918 жылы М. Әуез Семей қаласының өкілі ретінде Омбы қаласында өткен жалпы қазақ жастарының құрылтайына қатысып, оның орталық атқару комитетінің мүшесі болып сайланады. Құрылтайда «Алашорда» үкіметі мен Алаш қозғалысының бағытын ұстанған «Жас азамат» атты Бүкілқазақстандық жастар ұйымы құрылады. Ұйымның белсенді мүшесі бола жүріп, «Абай» ғылыми-көпшілік журналын шығаруға (Ж. Аймауытовпен бірге) атсалысады. 1919 жылы - Семей губревкомының жанынан ашылған қазақ бөлімінің қызметкері, 1920жылдың ақпанынан бөлім меңгерушісі. «Қазақ тілі» газетінің ресми шығарушысы болып тағайындалады. 1921 жылы Семей облревкомының төралқа мүшесі, атқару комитетінің төрағасы қызметін атқарады. 1921 жылғы қараша айында Қазақ АКСР-і ОАК-нің төралқа мүшелігіне сайланып, онда саяси хатшы міндетін атқарып, кадр мәселесімен айналысады. Мұхаңның «Еңбекші қазақ» газетіне басшылық жасайтын тұсы да осы кезеңмен дәлме-дәл келеді.

Бір қыс Ташкенттегі Орта Азия мемлекеттік университетінде, төрт жыл Ленинград университетінде оқып, филология факультетін бітіреді. Сол жылы Орта Азия университетінің Шығыс факультетінің жанындағы аспирантурада оқиды.

  1. Жазушының драматургия саласындағы еңбектері

Әуезов драматургия саласыңда көп еңбек еткен. Мұның бірнеше себептері бар. Халық әдебиетінде, фольклорда түр жағынан драматургияға жақын нұсқалар көп. Батырлар жырында толғаулар мол. Салт өлеңдері, беташар, сыңсу, жар-жар, жоқтау түрі мазмұны жағынан драмалық шығармалармен ағайындас. 20 ғасырға дейін қазақтың халық әдебиетінде драматургияға өзек болатын мол қазына жиналды. Осы байлықты игерген қаламгер - Әуезов Ол халық әдебиетінен нәр алды. Әрине қазақтың көшпелі өмірі, қаланың болмауы драматургияның дамуына кедергі жасады. Қазақ тұрмысындағы сауық түрлері, қыз ұзату салтанаты, алтыбақан ойындары тұңғыш драмаға енгізілді. Әуезов көп ұлтты театрда істеген. Осы тәжірибе оған сахна сырын жете үйретті. Әуезов қаламынан 30-дан аса драмалық шығарма туды. Жеке пьесалардың варианттарын қоссақ, 50-ден асады. Әуезов драматургиясында жанрлық формалардың бәрін қамтыған. Онда трагедия да, комедия да, драма да бар. Әуезов кейбір шығармаларын бірігіп жазған. Олар: Л. Соболев («Абай»), С. Мұқанов («Ақан - Зайра»), Ғ. Мүсірепов («Қынаптан қылыш»), Ә. Тәжібаев («Ақ қайың»), Ә. Әбішев («Намыс гвардиясы»), «Октябрь үшін» (1933) пьесасының материалдары - Жетісу қазақтарының революцияға келуі. Кейіпкерлері - Д. Фурманов, Ж. Бәрібаев. Кітаптың мұқабасында «Мұны жазуға Қ. Байсейітов, Бековтар қатысты» деген сөздер бар. Әуезовті әдебиетке «Еңлік - Кебек» алып келді. Шығарма өзегі - эпостық материал. Әлемдік әдебиеттегі мұндай тәжірибе енімді дәстурлердің бірі. Әуезовтің «Еңлік - Кебегі» 1922 жылы Орынборда басылды. Кейіпкерлері сахна тілімен сөйлейді. Автор өзінен бұрынғы мотивтерден алыс кетпеген. Билер сахнасы - көркемдік тамаша табыс. Кемшілік, олқылықтарды ескеріп, Әуезов пьесаны 1943 жылы қайта жазды. Бірнеше көрініс қысқарды. Аса терең, мәнді шығарманың бірі - «Түнгі сарын». Бұл - қазақ драматургиясында реализмнің орныққанын көрсеткен туынды. Мұнда көркемдік шешім ақындық идеалмен тығыз байланысты. Таптық тартыс шығармада жай схема түрінде емес, адам тағдырлары арқылы бейнеленеді. «Түнгі сарын» - қазақ драматургиясында жағымды кейіпкерлер проблемасын шешкен туынды. «Октябрь үшін», «Тартыс» пьесаларында Әуезов реалистік драма жасаудың түрлі-түрлі құралдарын пайдаланған. 1934 жылы сахнаға шыққан «Хан Кене»трагедиясы Әуезовтің азаттық идеясын терең бейнелеген, аса көркем тарихи пьесасы. Мұнда Хан Кененің, Наурызбай батырдың, қазақ, қырғыз билерінің реалистік бейнелері жасалып, тарихи шындық пен көркем шындық табиғи бірлік тапқан. «Қарагөз» 1926 жылы бірінші сыйлық алды. 30-жылдардағы белгілі әдебиет сыншысы Ғ. Тоғжанов трагедияда ескі көшпелі өмірді мадақтау бар дейді. Ж. Орманбаевтың да бір мақаласында осындай пікірі айтылғанды. Әуезов бұл пьесаға кейін кайта оралып, жаңа нұсқа жасады. 30-жылдары Әуезов реализмді меңгеруде көп еңбек етті. Әсіресе драматургияда көптеген ізденістерге барды. 1918 жылы Әуезов тұңғыш рет Абай жайлы мақала жазып, Абай заманы туралы білген, естігендерін қағазға түсірген. Л. Соболевпен бірлесіп жазған «Абай» пьесасы кейінгі эпопея тақырыбының барлауы еді. Онда Абай өмірінің соңғы кезеңдері қамтылған. 30-жылдардың аяғында Әуезов білімі жөнінен, рухани толысуы жағынан шыңға көтерілді. Ол Абай тақырыбына осындай шақта келеді. Автор Абайға лайық сөз өрнектерін тапқан. Бұл трагедия қоғамдық мәні бар күрделі жағдайларды көрсетеді. Шығармада тартыс, әрекет бірлігі мықты. Пьесада қақтығыс көп. Осы пьесаның негізінде кейін опера либреттосы, киносценарий жазылды. Трагедияны тұңғыш сахнаға қойған - Асқар Тоқпанов. Абай рөлін Қ. Қуанышбаөв ойнады. Драма формасын Әуезов көп байытты. Әуезов фантастикалық пьеса да жазған. Ол - «Дос - Бедел дос». Пьесада «бір адам әр түрлі формацияда өмір сүрсе қандай болар еді» деген сұрауға жауап іздейді. Әуезов драматургиясында қазақ халқы өмірінің сан алуан қырлары үлкен шеберлікпен көрсетілген. Өмірдің терең қабаттарын қопарып, типтік жағдайлардағы характерлерді дәл тауып, олардың өзара қақтығысынан туған үлкен тартыстарды көрсету - Әуезов пьесаларының басты ерекшеліктерінің бірі. Шығармаларға құбылыстың сырт көрінісі, яки адамдар арасындағы ұсақ интригалар емес, әлеуметтік конфликтілер негізгі арна болады. Әуезов - қазақ драматургиясының жаңашылы. Ол дүниежүзілік драматургияның асыл үлгілерін оқып, аудару арқылы шеберлік мектебінен өтті. Мұның үстіне Әуезов пьесаның еуропалық үлгісіне соны ұлттық бояу, нақыш қосты. Қазақтың ежелгі әдебиетіндегі драматургияға жақын үлгілерді (айтыс, беташар, жар-жар, шешендік дауы) жаңашылдықпен пайдалана білді. [3]

  1. Әуезов әңгімелерінің сыры

Дарын иесі Қазақстанды тұмшалаған феодалдық дәуірдің шымылдығын көтерген сияқты, бізде «Таң алдында» деген атпен шыққан «Абай» романы осылайша жарық көрді. Ағартушы және қазақ әдебиетінің негізін қалаушы Абайдың бейнесі айшықты да әсерлі көрсетіледі . . . Егер Гете мен Гейне, Зегерс пен Бредель алыс Қазақстаннан екінші әдеби отанын тапса, ал М. Әуезов «Таң алдында» романы арқылы біздің жерімізге өзі үшін берік киіз үй тікті», - десе, қытайдың Су Чжоу Сюнь ғалымы өз еліне Мұхтар Әуезовті келесідей түйінімен таныстырады: « Абай» және «Абай жолы» романдары жазушының көп жылдық еңбектерінің нәтижесі болып табылатын аяқталған шығармалар. Романдағы негізгі кейіпкерлер де, сюжеті мен құрылымы да шымыр. Абай туралы осы романды әрі бай, әрі терең мазмұны, оқиғаларды кең қамтуы бойынша нық сеніммен эпикалық шығарма деп атауға болады. Абай туралы романды реалистік роман деп атайды, өйткені жазушы қоғамдық өмірдің ең терең қыр-сырларына үңіліп, адамдар арасындағы қатынастардың күрделі жақтарын ашып, халықтың әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін шынайы көрсете білген. Абай - қазақ халқының ұлы ақыны, Шәкәрім-оның бауыры және ізбасары, ал Мұхтар - абайтанудың негізін қалаушы. Осы үш алып қазақ халқының мақтанышы мен абыройы. Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» романы жарық көргеннен кейін қазақ әдебиеті тарихи заңды құбылыс ретінде Әуезовтің дәстүрлерін дамыта түсті».

Көріп отырғанымыздай, Мұхтар Әуезовті өз еліміз де, өзге елдер де ұлы ақын жайын шертетін туынды арқылы таниды. Бұл шығарманың терең әдеби, әлеуметтік, мәдени мазмұнына үңілетін болсақ, бұл заңды құбылыс та . . . Алайда, халқымызға, әлемге Әуезовтің басқа шығармаларын ұмыттырмаған абзал. Жанры шағын болса да, көп астарлы ой мен тәлім беретін бұл шығармаларды эпопея арқылы көлеңкелеудің қажеті жоқ сияқты. Біз Мұхтар Әуезовтің әңгімелері жайлы айтып отырмыз.

Әдеби қауым «Абай жолын» социалисттік реализм ағымының туындысы десе, оның алғашқы шығармалары сыншыл реализмнің тумалары екенін аңғару қиын емес. Жазушының 20-30 жылдарындағы жазылған шығармаларының барлығына дерлік Кеңес үкіметінің алғашқы дәуіріндегі өмір кезеңі қамтылғанымен, кеңестердің іс-әрекетін көтере дәріптеу, көзсіз мақтау, мадақтау жоқ. «Үйлену», «Оқыған азамат», «Ескілік көлеңкесінде», «Кінәмшіл бойжеткен» сынды әңгімелерінде жаңа қоғамның жаңалықтары бой көрсеткенімен, бұларда кеңестік дәуірдің зор жетістіктеріне сүйсіне қарау жоққа тән. Жазушының бұл уақытта жазған шығармалары ішінде «Жуандық» әңгімесінде ғана Кеңес үкіметіне зор үміт артып, сеніп қарау байқалады. Алайда, шығарма соңы кеңестерді арқау еткен жатақтың о

1. 4. Мұхтар Әуезов әңгімелеріндегі тартыс

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұхтар Әуезовтың педагогикалық көзқарасы
Мұхтар Әуезов шығармаларын интерактивті әдістер арқылы оқыту әдістемесі
Мұхтар Әуезов әңгімелерін орта мектептерде оқыту әдістемесі
М.Әуезов – үлкен ойшыл ғалым, ұлағатты ұстаз
МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ӘҢГІМЕ ЖАНРЫН ОҚЫТУ
Мұхтар Әуезов және балалар әдебиеті
Мұхтар Әуезов шығармаларының ерекшелігі мен орта мектепте оқытылу мәселелері
М.О.Әуезовтың өмірбаяны
М. Әуезовтың өмірі
Мұхтар Әуезовтың аударма туралы ойлары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz