МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

МҰҒАЛІМ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І тарау ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 1. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі . . . 5

1. 2. Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде . . . 12

1. 3. Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар . . . 15

ІІ тарау МҰҒАЛІМНІҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНЕ ЫҚПАЛЫ

2. 1. Жеке тұлғаны қалыптастыру бағыттары . . . 25

2. 1. Тұлғаның белсенділігін арттыру . . . 36

Қорытынды . . . 41

Әдебиеттер тізімі . . . 43

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі : Қазақстан Республикасы білім саласы қызметкерлерінің ІІІ съезінде Елбасы Н. Ә. Назарбаев “Құрылымдық өзгерістер мұғалімдер кадрлерін әзірлеу жүйесін оздыра отырып дамытумен қамтамасыз етілуі тиіс. Жаңаформациядағы педагог қажет. Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен жоғары болуы тиіс -бұл уақыт талабы”, -деп атап көрсетті. Қазіргі кезде білімберудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудіңәдіс-тәсілдерін, инновациялық , педагогикалық жұмыста қалыптасқан нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жолсалуға икемді, шығармашыл педагог-зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.

Жаңа формациядағы педагог даярлау барысында төмендегідей қарама-қайшылықтар туындай бастайды:

  • Кейбір оқытушылардың өзіне қолайлы педагогикалық технологияны пайдалануда қиындықтарға тап болуы;
  • Педагогикалық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуге колледж басшылары тарапынан әдістемелік көмектің жеткіліксіздігі;
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды меңгертуге материалдық базаның әлсіздігі;
  • Педагогикалық технология негіздерін болашақ оқытушының жоғары оқу орнында толықтай меңгермеуінен жас маманның педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ұға алмауы;
  • Оқытушылардың қысқа арнайы курстардада оқып келген технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіруде білім алушының даярлық деңгейін ескермеуі. [3. 10]

Зерттеудің мақсаты: Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастырудың теориялық-әдіснамалық негіздерін анықтау

Зерттеудің міндеттері:

  • Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру бойынша жүргізілген педагогикалық зерттеулерге талдау жасау;
  • “ Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығын қалыптастыру” ұғымының мәнін ашу;
  • Оқытушының инновациялық іс-әрекетке педагогикалық принциптерін ашып, айқындау;
  • Оқытушының инновациялық іс-әрекетке әдіс-тәсілдерін, формаларын, құралдарын, жолдарын айқындау;
  • Оқытушының инновациялық іс-әрекетке даярлығынқалыптастыру бойынша ғылыми-әдістемелік ұсыныстар әзірлеу.

І тарау ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

1. 2. Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі

Қазіргі заман мұғалімнің тұлғалық белгісі - ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет.

Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры - шәкіртпен қарым - қатынастың, шәкірттің іс-әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.

Педагогикалық шеберліктің қалыптасу мәселесі, оның мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастағы рөлі жайында педагогика мен психология саласында Ю. П. Азаров, Ю. К. Бабанский, Н. В. Кузьмин, С. Д. Смирнов, В. А. Сластенин, Н. Д. Хмель, Шкутин Л. А, Н. В. Александров жұмыстары, Н. В. Кухарев, А. В. Мудрик, А. В. Петровский, В. И. Слуцкий, П. И. Пидкасистый, Л. И. Рувинский, А. А. Гин, А. П. Чернявская, А. А. Калюжний, Н. В. Мирза, Т. П. Смолькина және басқа да ғалымдардың еңбектерінде педагогикалық шеберлікті жетілдірудің жолдары ашылып, зерттелді.

Жаңашыл-ұстаздардың Ш. А. Амонашвили, В. Ф. Шаталов, Ю. П. Фокин, Е. Н. Ильин, С. Н. Лысенковая және де басқалардың үлкен жаттығу тәжiрибесi «мұғалім-тәрбиеленуші» жүйесінде қарым-қатынастың тиімді болуына жоғарғы педагогикалық шеберлік әсер ететіндігі туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді[1. 5] .

Қазіргі таңда жасөспірімдер мен ұстаздар арасындағы өзара қарым-қатынас жасау мәселесі-психология ғылымындағы және тәлім-тәрбие ісіндегі әрі маңызды, әрі күрделі проблемалардың қатарына жатады. Бұл салада жүргізілген бірсыпыра зерттеулер мен осы бағытта жинақталған тәжірибелердің нәтижелері жасөспірімдер мен ұстаздар, оқушылар мен тәлімгерлер арасындағы қарым-қатынас орнатуда айтарлықтай ерекшеліктер мен сипаттар түрліше түсініктер бар екендігін көрсетті. Міне, мұндай мәселедегі елеулі жәйттің бірі-мұғалім мен шәкірттер арасындағы қарым-қатынас жасауда әрқилы қиыншылықтардың үнемі кездесіп отыратындығы.

  • Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл кеңесіне, өзге адамдармен қарым-қатынасына, оқушылардың қоятын түрлі талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Осы мәселені анықтау бағытында арнайы жүргізілген психологиялық және педагогикалық зерттеулер төменгі сынып оқушыларынан гөрі ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздеріне құлақ аспау және айтқанынан қайтпайтын мінез көріністерінде әрқилы кедергілер мен себептер болатындығын анықтады. Әрине, мұндай мәселенің түпкі себептерін психологиялық жағынан тереңірек зерттеу-тәлім-тәрбие ісінде маңызды мәселе болып саналады. Бізде, атап айтқанда, Қазақстанда, әсіресе қазақ мектептері мен арнаулы білім беретін орта дәрежелі оқу орындарында мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас орнату, олардың арасында кездесіп қалатын қиыншылықтар психологиялық тұрғыдан әлі де қызу қолға алынып, тиянақты іздестірілмеген мәселелердің қатарына жатады. Ал, мұғалім мен оқушылар арасындағы қатынасты іздестірудегі ғылыми-педагогикалық бірең-сараң әдебиет пен мақалаларда тек ұстазға қажетті сапаларды сөз етумен шектеледі. Осы кезде тәлім-тәрбие ісіндегі жасөспірімдермен қарым-қатынас жасауда мұғалімнің өзіндік сапа ерекшеліктерімен қатар, оның өзге адамдармен, әсіресе шәкірттердің даралық ерекшеліктерімен санасып отыру қажеттігіне баса мән беріледі. Осындай талапты анықтап оны жүзеге асыру жолында мұғалімнің бойында өзіндік сапа, ұстаздық қасиет және арнайы білімі болу керек деген міндет қойылады. . [4. 120]

Мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қарым-қатынастың бірсыпыра жәйттерін психологиялық тұрғыдан анықтау мақсатымен Қарағанды қаласындағы бірнеше мектептерде арнайы тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп, онда мақсат етіп қойылған мәселенің жай-жапсары іздестірілді. Бұл зерттеуде негізгі мәселе - мұғалімдік мамандыққа қойылатын жасөспірімдердің талабын психологиялық тұрғыдан негіздеп, ұстазға тән сапалар мен ерекшеліктердің сырын ашып көрсету және оны педагогикалық және әдістемелік жағынан алып талдау.

Жастардың мінез-құлқындағы жағымсыз қылықтарын жөндеуге күш жұмсап, әрбір оқушының даралық ерекшеліктеріне баса көңіл аударады. Мұғалім мен оқушылар арасында кейде бірін-бірі жете түсінбей өзара келіспеушілік сияқты қолайсыз жәйттер кездеседі. Мұндайда баланың даралық ерекшеліктері мен жан дүниесінің сырына терең бойлап, олардың мінез-құлық ерекшеліктерімен санасқан тиімді. Бала психикасының қарқынды дамып отыруына орай түрлі тілек талаптары мен қажеттіліктері, әрбір нәрсенің сырын білуге құштарлығы арта түседі. Тәлім-тәрбие ісінде баланың санасы мен ақыл-ойының дамуындағы саналы өзгерістерді ескеру керек[2. 24] .

Зерттеу барысында арқылы іздестірілетін мәселенің түйінін шешу үшін мынадай тәсіл қолданылды. Мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі барлық іс-әрекеттерін оқушылардың ой-пікірлері бойынша қалайша бағаланатынын анықтау ниетімен ұнамды және ұнамсыз жақтары деп екі топқа бөлінді. Осы сапалар мен ерекшеліктерден мұғалімнің ұстаздық қызметіндегі даралық қасиеттері мен мамандық біліктілігіне қойылатын талаптар айқындала түсер деген жорамал жасалды.

Соның нәтижесінде оқушылар тарапынан мұғалімге қойылатын талаптар мен тілектердің мән-жайын қарастырып мынадай төрт топқа бөліп іздестірілді де, олардан тиісті қорытындылар жасалды.

:
:

Төртінші топтағы оқушылардың ұстаз бойындағы сапалары мен ерекшеліктері туралы көзқарастары мен өзіндік пайым-түсініктерін мынадай төрт топқа бөліп анықтап көрсетейік:

1. Мұғалімнің адамгершілік сапалары мен өзіндік қасиеттері; оқушыларға деген қатынасы;

2. Мұғалімнің өз пәнін жетік меңгеруі мен ұстаздық шеберлігі;

3. Мұғалімнің класс ұжымын басқарып, оған жетекшілік ете алуы;

4. Мұғалімнің мінез-құлқындағы даралық сапалары, бойындағы қасиет ерекшеліктері.

Арнайы зерттеу нәтижелерін талдай отырып, мұғалім жайындағы оқушылардың пікірлерін топтастыра отырып қарастырылғанда мұғалімге тән 27 ұнамды сапалармен бірге 27 ұнамсыз ерекшеліктердің бар екендігін атап көрсетуге болады. Сол оқушылардың мұғалімнің мінез-құлқы жайындағы ұнататын сапалары мен қарым-қатынас жасауда талап етілетін жағымды сипаттар мынадай:

Бірінші топқа жататын сапалық ерекшеліктер:

а) шәкірттердің адами қасиеттерін ескеріп онымен үнемі санасып отыруы;

ә) жасөспірімдер мен ересек адамдарға бірдей деңгейде қарым-қатынас жасап, олардың пікірлерімен санасу;

б) оқушыларға сенім білдіру;

в) шәкірттердің бойындағы кемшіліктерді көпшілік талқысына салмай, жеке өзіне оңаша айтуы;

г) шәкірттермен сөйлескенде үнемі сыпайылық пен әдептілік үлгісін көрсету;

ғ) кімге де болса игі тілекпен ықыласты көмек көрсету;

д) шәкірттердің жан дүниесін (психикасын) айтпай-ақ түсініп, үнемі сезімталдық көрсетуі; е) әрбір істе үнемі әділетті болуы;

ж) шәкірттердің табысы мен ықылас-ынтасын тез аңғарғыштығы;

з) әркімге лайықты орынды талап қоюы.

Екінші топтағы сапаларға:

а) өз пәнін жетік біліп, бағдарламалардан тыс материалдарды қамти алатындығы;

ә) өзінің мамандығын өзге ғылымдармен ұштастыра білуі мен білімінің әр тараптығы;

б) сабақты түсінікті әрі нақты жүргізуі;

в) өз ынтасымен қосымша әдебиет оқыған шәкірттерді тез аңғарып, оларды көтермелеп отыруы;

г) өз пәніне деген оқушылардың ықылас-ынтасын арттыра білуі;

ғ) сабақты шебер ұйымдастырып, әрбір оқушының дербес жұмыс істеуін, сабаққа кластың түгел қатысып отыруын қамтамасыз еру.

Үшінші топтағы сапалар:

а) қоғамдық ұйымдар мен кластан тыс жүргізілетін жұмыстарды қызықты әрі тартымды етіп өткізуі;

ә) оқушылардың белсенділігі мен дербестігін бағалап, балалардың бастамасын үнемі қолдауы;

б) балалардың пікірлерімен санасып, оған мән беруі және олардың талап-тілектерін ылғи ескеріп отыратындығы;

в) оқушыларға берген уәдесін қалайда орындайтындығы;

г) балалардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салуы, тату болуға бағыттай білетіндігі;

ғ) ұлдар ммен қыздар арасындағы достық қатынастарды дұрыс қалыптастырып, қамқорлық жасауы;

д) әрбір нәрсені істей білетін шебер ұстаз шәкірттеріне де көп нәрсе алатындығы.

Төртінші топтағы сапалар:

а) әрбір істі көңілді орындап сөзді тапқыр сөйлейтіндігі;

ә) мінез-құлқының қарапайымдылығы;

б) өзін-өзі меңгеріп, ұстамдық үлгісін көрсететіндігі.

Осындай топтастырып көрсетілген сапалар оқушылардың мұғалімдер жайындағы шынайы ой-пікірлерін білдіреді. Мұндай ұнамды сапалармен қатар, оқушылар өз ұстаздарының іс-әрекеті мен мінез-құлқындағы және шәкірттермен қарым-қатынасындағы ұнамсыз ерекшеліктері мен жағымсыз сипаттарын атап көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда ұстаздың ұнамсыз ерекшеліктерін де мынадай төрт топқа бөліп жіктеп көрсетуге болады.

Бірінші топтағы ерекшеліктер:

-шәкірттерге немқұрайлы қарап, дара ерекшеліктермен санаспай, оларды балаға санайды;

-ақыл-есі жетілмеген деп санап, оқушыларға көбінесе ақыл айтады;

-оқушыларға сенімсіздікпен қарап, олардан тек өз айтқандарын ғана бұлжытпай орындауды талап етеді;

-оқушылардың ағат сөздері мен кемшіліктеріне мысқыл күлкімен ескертулер жасайды;

-шәкірттерге дауыс көтере зекіп сөйлеп, олардың айтайын деген сөзі мен жауабын толық тыңдамай, бөліп тастайды;

-оқушылардың қиыншылықтары мен мұңын жете түсінгісі келмей, атүсті жауап береді;

-шәкірттерінің көпшілік арасында ұялатын құпия сырларын ішінде сақтамайды;

-кейбір оқушыларды ғана бөлектей көрсетіп, алалап, әділетсіздік білдіреді;

оқушылар бойындағы ұнамды қасиеттерді аңғармай, олардың қабілеті мен күш-жігерін жете бағаламайды;

-оқушылардың мінез-құлқынан үнемі мін іздеп, оның әрбір жаза басқандығын жазалап отыруды қолдайды.

Екінші топқа жататын кемшіліктер:

-оқу материалдарын оқулық шеңберінде ғана түсіндірумен шектеледі: ә) оқушылардың бағдарламадан тыс қойған сұрақтарына көмескі және шала жауап береді;

-сабақты нақты түсіндіре алмайды;

-сабақты қызықсыз әрі жалаң өткізеді;

-оқу материалының түйінді мәселелеріне көңіл аудармай, оны түрлендіре отырып түсіндіруге жете мән бермейді;

-оқушыларға бір талабын орындатпай жатып екіншісін қойып, сабақтың берекесін алады.

Үшінші топқа жататын кемшіліктер:

-мектептегі және кластағы қоғамдық жұмыстардың жүргізілуіне жеткілікті көңіл аудармайды, олармен қоян-қолтық араласып кетпейді;

-балалардың әлі жетерлік қоғамдық жұмыстарды өзі істеп, оқушыларға сенімсіздік білдіреді;

-оқушылардан тек өзінің ғана айтқанын орындауды талап етеді;

-класс ұжымына берген уәдесін дер кезінде орындамайды; г) балалардың көкейтесті мәселелеріне мән бермейді, олардың жеке басының істеріне араласпайды, өйткені мұндай істер оқушылардың өз жұмыстары деп санайды;

-ұлдар мен қыздар арасындағы жолдастық, достық қарым-қатынастың дұрыс қалыптасу мерзімі ерте деген пікірде болады;

-қоғамдық жұмыстарды орындаудың жолын жете түсіне бермейді.

Төртінші топқа жатын кемшіліктер:

-ашуланшақ, күйгелек;

-тұйық, оқушылармен қарым-қатынасы салқын;

  • -жүріс-тұрысының бәрі асығыс, үнемі өз жұмыстарымен ғана шұғылданады. . [5. 19]

Оқушылардың мұғалімдерге қойылатын мұндай талаптарын ұстаздар үнемі ескеретін болуға тиіс. Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қарым-қатынасты күнделікті тәлім-тәрбиенің нақтылы фактілерінен алынып, оларды салыстыра отырып, өзара топтастырып көрсетілді. Осындай аталған ұнамды, ұнамсыз деген сапалар мен ерекшеліктер шәкірттер тарапынан көрсетілген өз пікірлері.

  • Солай дегенмен де бұл қасиеттердің бәрі оқу-тәрбие ісінде жиі кездесіп отырады. Мұндай жәйттердің бәрі шәкірттердің жүрегін жарып шыққан пікірлері мен жанашырлық ниетімен айтылған олардың жан дүниесін тебіренткен мәселелер екенін әрбір ұстаз, тәлім-тәрбиеші ақыл-ойға салып, өз қабырғасымен кеңесіп, таразылап көруі қажет. . [3. 10]

1. 2. Мұғалім педагогикалық іс-әрекеттің субъектісі ретінде

Педагогтардың әлеуметтік және кәсіби позицияларының позицияларының нақты болуы педагогикалық мамандыққа қойылатын маңызды талаптардың бірі. Білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру міндеттері әдетте мұғалімге қойылатын талаптардың өсуімен және сапасын дамытумен байланысты. Көп жылдар бойы педагог іс-әрекетінің объектісі ретінде оқушы саналды. Ал, мұғалім педагогикалық іс-әрекетінің объектісі ретінде көрінеді.

Педагог позициясы - интеллектуальды, ерік, эмоционалды-бағалы қатынастардың қоршаған ортаға, педагогикалық шындыққа, педагогикалық іс-әрекетке қатынастарының жүйесі. Ол бір жағынан, қоғам қоятын талаптардан көрінсе, екінші жағынан, белсенділік сапаларынан - педагогтың мотив, мақсат, бағалы құндылықтары, дүниеге көзқарасы, мұраты арқылы көрінеді.

Педагог позициясынан оның жеке басы, әлеуметтік бағалы сапасы, азаматтық мінез-құлқы, әрекеті көрініс береді.

Педагогтың әлеуметтік позициясы жалпы білім беретін мектепте қалыптасқан пікір, түсінік, бағалы құндылықтары жүйесінен туындайды. Кәсіби даярлық негізінде оларда педагогикалық мамандыққа, мақсатқа, педагогикалық іс-әрекет құралдарына деген мотивациялық-бағалы қатынас қалыптасады. Педагогикалық іс-әрекетке деген мотивациялық-бағалы қатынас мұғалім бағыттылығынан көрінеді.

Педагогтың әлеуметтік позициясы кәсіби позицияны да анықтайды. Педагогтың кәсіби позициясының таңдауына көптеген факторлар әсер етеді. Бірақ олардың арасында жеке тұлғаның кәсіби бағдары, дара типологиялық ерекшелік, темперамент, мінез көп әсер етеді.

Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар

Педагогтың жеке тұлғасына қойылатын кәсіби талаптар жиынтығы педагогикалық іс-әрекетке кәсіби даярлық ретінде анықталады. Оның құрамында бір жағынан психологиялық, психофизиологиялық, дене даярлығы болса, екінші жағынан ғылыми-теориялық, практикалық жан-жақтылықты атауға болады.

Кәсіби даярлық мазмұны педагогикалық білім беру мақсаты ретінде профессиограммада беріледі, онда жеке бас параметрлері мен мұғалімнің кәсіби іс-әрекеті көрсетіледі.

Қазіргі кезде мұғалімнің профессиограммасын құрастырудың бай тәжірибесі жинақталған. Бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтыра алатын үш кешенді атап көрсетуге болады:

жалпы азаматтық сапа,

мұғалім мамандығын анықтайтын сапалар,

мамандық немесе пән бойынша арнайы білім, іскерлік, дағды.

Психологтар профессиограмманы құрғанда педагогикалық

қабілеттерге тоқталуды ұсынады. В. А. Крутецкий дидактикалық, академиялық, коммуникативті қабілеттерді, педагогикалық шығармашылықты және зейінді бөле алу қабіліттілігін көрсетеді.

А. И. Щербаков маңызды педагогикалық қабілеттерге дидактикалық, құрылымдық, перцептивті, экспрессивті, коммуникативті, ұйымдастырушылықты көрсетеді. Сонымен қатар ол мұғалімнің жеке басының психологиялық құрылымында жалпы адамзаттық сапаны, адамгершілік-психологиялық, әлеуметтік-перцептивті, дара психологиялық ерекшеліктер және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бөледі. Практикалық іскерліктер мен дағдыларға:

жалпы педагогикалық (ақпараттық, мобилизациялық, дамытушы, бағдарлаушы),

жалпы еңбек (құрылымдық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік),

коммуникативті (әр түрлі жастағы адамдармен қарым-қатынас),

өздігінен білім алу (білімді жүйелеу және қорытындылау, оларды педагогикалық есептерді шешуде, жаңа ақпарат қабылдағанда қолдана алу) .

  • Мұғалімнің профессиограммасында оның жеке басының бағыттылығы маңызды орын алады. Оның бағыттылығының сипаттамасына: әлеуметтік-адамгершілік, кәсіби-педагогикалық, танымдық бағыттылығы жатады. [15, 20]

Педагогикалық бағыттылық негізі мұғалім мамандығына қызығушылық болып табылады. Оның өзі балаға, ата-анаға, педагогикалық іс-әрекетке дұрыс қатынасынан көрінеді. Педагогикалық атағының педагогикалық қызығушылықтан айырмашылығы, ол педагогикалық іске деген қабілеттілік.

Педагогикалық атақ (презвание) болашақ педагогтың теориялық және практикалық тәжірибесінің толықтырылу және педагогикалық қабілетін өзін-өзі бағалау процесінде қалыптасады.

Педагогикалық атақ негізіне балаларға деген сүйіспеншілік жатады. Бұл сапа мұғалімнің кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайды.

Осындай сапалар ішінен педагогикалық борыш пен жауапкершілікті атап кетуге болады. Педагогикалық борышты біле отырып, мұғалім балаларға, ересектерге көмек жасай отырып, өз-өзіне жауап береді, педагогикалық мораль кодексіне сүйенеді.

  • Мұғалімнің әріптестерімен, ата-аналармен, балалармен өзара қатынастары педагогикалық такт мәнін түсіндіруге тырысады. Педагогикалық такт көбінесе педгогтың жеке бас сапаларынан көрінеді, атап айтқанда, мәдениетіне, еркінен, азаматтық позициясы мен кәсіби шеберлігінен. Ол мұғалім мен оқушы арасындағы дұрыс қарым-қатынастың негізі болып табылады. Педагогикалық такт, әсіресе, педагогтың бақылау-бағалы әрекетінен көрінеді, ал оның өзіне ерекше зейінділік пен шындық қажет. . [13. 26]

Педагогикалық шындық мұғалімнің объективтілігін, адамгершілік тәрбиесінің деңгейін өлшейтін сапа.

Педагогтың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын жеке бас сапасы оның беделінен көрінеді.

Жеке тұлғаның танымдық бағыттылығының деңгейінің негізі рухани қажеттіліктер мен қызығушылықта.

Жеке тұлғаның рухани және мәдени қажеттіліктері білімге деген қажеттіліктен туады. Педагогикалық өзіндік білім алудың үздіксіздігі - кәсіби дамудың қажетті жағдайы. Танымдық қызығушылықтың негізгі факторларының бірі - өз пәніне деген қызығушылық. Қазіргі мұғалім ғылымның әр түрлі саласынан хабардар болу керек, ол өз пәнін жақсы біліп, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік, мәдени міндеттерді шешу мүмкіндіктерін білуі керек. Сонымен қатар жаңа зерттеулерді, жаңалықтарды, болжамдарды біліп, ғылымның жақын және алыс перспективаларын білуі керек.

Мұғалімнің танымдық бағыттылығының бірі ғылыми-педагогикалық ойлау мәдениеті . Оның негізгі көрінісі - ол диалектикалық бірлікте. Ол кез келген педагогикалық құбылыстың қарама-қайшылықтарынан тұрады. Педагогикалық құбылыстарға диалектикалық көзқарас мұғалімге оны процесс ретінде қабылдауға көмектесіп, жаңа мен ескінің күресі негізінде үздіксіз даму болады.

1. 3. Мұғалім тұлғасына заман талабына сай қойылатын талаптар

Халықтың бай тарихын, мәдени құбылыстарының сан қилы ерекшеліктерін білмей, бүгінгі тәрбие жүйесін қалыптастыру мүмкін емес. Сондықтан болашақ мамандарды кәсіби даярлауда жоғарғы оқу орындарының оқу-тәрбие үрдісіне тарихи-педагогикалық және мәдени мұраларды пайдалану барынша қажет болып отыр. Себебі, ол болашақ мамандардың рухани дүниесіне белсенді ықпал етіп, олардың эстетикалық талғамы мен адамгершілік, тұлғалық және сапалық қасиеттерінің қалыптасып дамуына игі әсер етеді. Олай болса, бүгінгі білім жүйесіндегі өнердің басты мақсаты - адам баласының барлық іс-әрекетіндегі сергек сезімталдықты, әдемілік пен әсемдікті тәрбиелеу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушы тәрбиесіне ықпалы
Ата ананың тұлғасын сипаттау
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Мұғалім мен оқушының тығыз қарым - қатынасқа түсуіне педагогикалық шеберліктің тигізетін әсері
Оқушыларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы
Сынып жетекшісі
Мұғалімнің жеке және кәсіби сапалары
Мектеп педагогикалық ұжымының оқушы отбасымен байланыс орнатудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Мұғалімнің, сынып жетекшісінің оқу-тәрбие жүйесіндегі өзіндік ұстанымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz