Мүсіндеу өнерінің даму тарихы


Балабақшада мектеп алды даярлық топтарында сюжет
бойынша тақырыптық мүсіндеуді үйрету
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
І. Мүсіндеу өнері.
1. 1. Мүсіндеу өнерінің даму тарихы4
1. 2. Мүсіндеу өнерінің бөлімдері . . . 6
2. Балабақшада мектеп алды даярлық топтарында сюжет
бойынша тақырыптық мүсіндеуді үйрету.
2. 1. Балабақшада мүсіндеудің әдіс-тәсілін үйрету . . . 10
2. 2. Мектепке жасына дейінгі балаларды мүсін өнеріне үйретудің
негізгі шарттары . . . 15
2. 3. Мектеп алды даярлық топтарында мүсіндеуді үйрету
бағдарлама мазмұны . . . 19
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер . . . 29
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Егеменді еліміздің қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық бет бұрыстарына қарай болашақ ұрпақты тәрбиелеуде басты шығармашыл тұлғаны дайындау мектепке дейінгі ұйымнан басталады. Шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде бейнелеу өнерінің орны ерекше. Қазақстан Республикасының "Білім беру туралы Заңында" жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі деп көрсетілген.
Балалардың бейнелеу шығармашылығы баланың қоршаған ортадағы шынайылықты суреттеуі, мүсіндеуі, құрастыруы, өзінің бақылағандарын, қиялындағыны бейнелеуі. Қоршаған ортамен таныстыру арқылы баланың түсінігі мен білімін кеңейту шығармашылығын дамытудағы негізгі қорек болып табылады. Мектеп жасына дейінгі балаларды зейін қойып бақылауға, қарауға үйрету, нақты және толық түсінік алуға көмектеседі. Мысалы: ағаштың суретін салу үшін, оны қарау, бөліктерін ажырату, атай білуі, жыл мезгілдеріне байланысты өзгерістерін көре алуы және сипаттай білуі керек.
Зерттеудің мақсаты: мүсін және қыш материалдарынан бұйымдар жасату арқылы болашақ маманның кәсіби біліктілігін қалыптастырудың теориялық тұрғыдан негіздеу және тәжірибе жүзінде тексерістен өткізу.
Зерттеудің міндеті:
- Мектеп жасына дейінгі балаларға мүсін жасау туралы түсіндіру.
- Сюжетті мүсін туралы түсінік қалыптастыру, мүсін жасау әдіс-тәсілдерін түсіндіру.
- Бейнелеу өнері мәдениетін қалыптастыру.
Зерттеудің нысаны: «Құлыншақ» тобы
Зерттеу орны: Тараз қаласы, № 5 балабақшасы
Зерттеудің әдісі: тапсырмалар, анықтау, қалыпқа келтіру, тексеру. . көзідері жетіп келешекте жақсы мүсін жасаушы шығуы мүмкін.
Зерттеудің жетекші идеясы. Ермексаз материалдарынан дайындалған мүсін бұйымдарды болашақ мамандарға жаңа технология арқылы жасату, олардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру.
Зерттеу әдістері - зерттеу алдына қойған мәселелерді шешу және ғылыми болжамды тексеру - философиялық, психологиялық-педагогикалық еңбектерге теориялық талдау жасау, салыстыру, нақтылау мен жинақтау, моделдеу, диагностикалау әдістері, тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жасау, арнайы сауал-сұрақ, сұхбат, әңгіме, нәтижелерді графикалық түрде бейнелеу әдістері арқылы қамтамасыз етілді.
Курстық жұмыстың құрылымы: жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
І. Мүсіндеу өнері .
1. 1 . Мүсіндеу өнерінің даму тарихы
Қола ғасыры мен темір ғасыры адамзат дамуындағы асқаралы баспалдақтар болды. Археологтар белгілі дәуірлердегі еңбек құралдары дайындалған негізгі материалдардың өзгеріп отыруына сәйкес алғашқы қауымдық құрылыс тарихын бірнеше сатыларға бөледі:тас, қола және темір дәуірлері.
Тас дәуірі палеолит ерте тас ғасыры және неолит жаңа тас ғасыры болып бөлінді. Палеолит төменгі ертеректегі және жоғарғы кейініректегі болып бөлінеді. Палеолит пен неолиттің арасындағы кезенді энеолит деп атайды. Сексен мың жыл шамасында табиғат жағдайы түбегейлі өзгерді. Жердің жедел салқындауының нәтижесінде мұз дәуірі басталды:мұз Скандинавиядан оңтүстікке қарай Вельнюс-Орша-Вышний Волошок қалаларына созылды. Осындай қатал табиғат жағдайында адамдар өмір сүрді. Полиолит дәуірі мұз дәуірінің соңында аяқталды. Оны б. з. б 14-12 мың жылдықтан 6-5мың жылдыққа созылған мезиолит(орта тас ғасыры) алмастырды. Мұз дәуірінің аяғында ірі жануарлардың үйірі көп болған жоқ. Аң аулаушылыр толық тамақтарын тауып ала алмағандықтан терімшілікке көшті балық аулау кең тарай бастады. Аң аулау шаруашылығы дағдарысқа ұшырады. Жануарларды қолға үйрете бастады: бірінші итті, сосн ұзақ жәнеірі малдарды үйретті. Мезиолит кезінде біздің еліміздің оңтүстігінде қарудығң жаңа түрі жасалды. Жүзі шақпақ тасты, жебемен садақты ойлап тапты. Жоғарғы полиеолит мезиолит кезеңінде өмір сүрген аналық ру неолит дәуірінің өзінің жоғарғы дамуына жетті. Неолит шаруашылығы иемдеу формасынына өндіру формасына бірте бірте көше бастады. Бұл кезенде тас құралдарың жасау техникасы одан әрі жетілдірілді. Адамдар тас балталарды, түрлі сүйек құралдары кең пайдалана бастады. Неолит үшін бұрғылап тесілген және қырнап өндірілген сапты құралдардың қолданылуы, тоқу станогының пайда болуы, балшықтан ыдыс жасай білуі, ағашты алуан түрлі етіп өндеу, қайық жасау, ау тоқу тән болды. Егіншіліктегі табыс отаршылдыққа әкелді. Үйлердің түрлері пайда болды, керамика кең етек алды. Қола ғасырдың бастамасы болып саналатын энеолит кезені басталды. Энеолит адамдарының сыртқы бейнесінде қазіргі адамдарының сыртқы бейнесінде қәзіргі адамдардан айырмашылығы болмады. Мүсін, яғни Скульптура латынша scuiptura сөзі алғашқыда қатты материалдардан фигураларды қашап жасауды білдірген. Кенінен пішіндеу арқылы жасалған шығармалар да осы ұғыммен білдірілген. Мүсіннің басқа бейнелеу өнері түрлерінен айырмашылығы сол, оның басты әсерлік құралы аймақтық форма. Мұның өзі оны жасаған кезде ағаш, металл, тас сияқты ұзақ сақталатын материалдарды пайдалануға мүмкіндік береді. Түрлі халықтар мен дәуірлердің толып жатқан мүсіндік шығармалары бізге дейін жетті. Ежелгі Мысырдың, Үндістан мен Американың мүсіндері мен барельефтері кенінен мәлім. Антиқалық Грекия аса көрнекті мүсіншілер-Фидийдің, Мирон мен Поликлеттің мәңгі өшпейтін шығармаларын әлемге тарту етті. Мүсін жұмыр оны барлық жағынан қарауға болады және бедерлі болып келеді. Жұмыр мүсінді адамды бейнелей отырып тек маскамен, яғни бетпен, баспен ғана шектеліп қала алады, Басты иықпен бірге кеудеге дейін мүсіндеу кеуіт болып табылады. Адамды беліне дейін бейнелеу жартылай фигура, ал бүкіл бойымен бейнелеу мүсінше деп аталады. Көпфигуралы композиция мүсіндік топ немесе ансамбль деп аталады. Рельеф-тек бір жағынан қарағанда жақсы көрінетін, жазық беттегі мүсіндік бейне. Рельеф екі түрге бөлінеді; фигуралар фонның жазықтығынан өз көлемінің жартысынан көбірек шығып тұрса ол горельеф деп аталады. Мүсін шығармалары жанды бейнедегі сияқты, станокты және монументті-сәндік болып бөлінеді. Станокты шығармалар айналадағыларға тәуелсіз өмір сүреді, сондықтан түрлі жағдайларда қоюға болады. Монументті-сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдін, алаңның немесе саябақтын сәулет композициясының құрамдас бөлігі болып табылады. Мүсін өнері қазақ жерінде кең етек алды. Мүсіндер Торғай өзені мен Ұлытау төңірегінен бастап, Сарыарқадан күн шығысқа қарай созылып Алтай, Тарбағатай тауларына дейін, Оңтүстік Қазақстанда Қаратаудың жақ етегінде Буырлтау, Талас тауларында, Алатаудың жазық алаңқайларында ұшырасады. Мүсіндер түркі дәуіріндегі (6-8ғ) және қыпышақ замандарындағы (7-13ғ) мүсін тастар болып екі топқа бөлінеді. Көпшілігі адам бейнесінің нобайын ғана көрсететін дөрекілеу етіп жасалғанмен, ішінара бет-әлпеті мен тұлғасы айқын суреттелген жұмыр мүсіндер де кездеседі. Бұл ескерткіштер жергілікті рулардың рухани мәдениетін, тұрмысын, салт-санасын көрсететін өнер нұсқаларына жатады. Қыпышақ заманындағы мүсін жасау өнері (ата-баба, аруақ, кейелі санлған аңдардың мүсінін қашау, ішінара қасиетті әйел-ананы пішіндейтін қола мүсін құю) кең етек алды. 19-18 ғғ. Тас мүсін қашау өнері жойылып, оның орнына ою-өрнекпен және араб жазуларымен әсемделген құлптастар көптеген жасала береді. Көшпелі шаруашылықтың дамуна байланысты қолөнершілер мал шарушылығына қажетті желі, шылбыр, кісіне, қада, ер-тұрмандар, ноқта, құрық, жүген, бұғалық жасаумен шұғылданады. Олар құмнан, тастан, саздан құмыра мен ыдыс-аяқтар, мүйізден, сүйектен, мал мен аң терілерінен әшекейленген нақышты бұйымдар, домбыра қобыз, сыбызғы, шаңқобыз сияқты музыка аспаптарын жасайды. Мүсіндеу -көркемөнердің бір түрі. Мүсін өнері - латынша кесу, шабу, жону деген мағынаны білдіреді. Мүсіндеудің сызба мен кескіндемеден айырмашылығы-барлық көлемін, пішінін анық көрсетеді. Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам. Мүсін өнері ежелден келе жатқан көне өнердің бір түрі болып табылады. Ол тас дәуірінен бастап қалыптасқан, өңделе келіп классикалық өнерге айналған. Мүсіндеудің түрлері: Монументті мүсіндеу және рельеф. Монментті мүсіндеуде оның барлық жағынан қарауға болады. Рельевті мүсіндеуде жазықтық бетінде орындалады. Қазақ мүсін өнерінің қалыптастырушысы Хакімжан Наурызбаев (1925-2009ж. ж) Парасат кавальер орденінің иегері. 300 ден астам жұмысы бар. Солардың ішінде ен танымал жумыстары: Абай Құнанбаев (1960) ескерткіші, Ш . Уәлиханов (1969) Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының алдында орналасқан биіктігі 8 м, Ж. Жабаев ескерткіштері тұлғалық мүсінге жатады. Астана қаласындағы Есіл өзені арқылы өтетін көпірлерде орналасқан Төлеген Досмағанбетовтың Барыс мүсіндері, бұлар да сәндік монументальды мүсінге жатады. Мүсін тек бір ғана фигурадан емес екі немесе одан да көп фигурадан тұруы мүмкін. Солардын бірі, біздің қаламызда Достоевский мұражайының іргесін де орналасқан қоладан жасалған Ш. Уәлиханов пен Ф. Достоевский мүсіндері . Бұл мүсіндердің авторы Мәскеулік мүсінші Д. Г. Эльбакидзе. Д. Г. Эльбакидзенің Семей қаласындағы тағы бір жұмысы 1972 жылы жасалған Абай көшесінде орналасқан Абай ескерткіші. Келесі рельефті мүсін түріне тоқтала кетейік. Рельефті мүсін жоғарыда айтылып кеткендей белгілі бір жазықтық бетінде орындалады, ғимараттар қабырғаларында, тыйнның бетынде. Мүсін сомдауға көптеген заттар негізгі материял бола алады. Мысалыағаш, түрлі тастар, саз балшықтар, металл, пластилин т. б. Осылардың ішінде мүсіндеуге үйрену үшін оқушыларға ең ыңғайлысы-саз балшық пен пластелин. Олардың жақсы бір қасиеті ырыққа көнгіш, тез иленеді, жасаған мүсін формасын қалай өзгертем десең де ыңғайлы. Мусін жасағанда қолданылатын басты қаолданылатын құралдар: тақтайша, қарқаз, қалақша т. б. Мүсін орындағанда арнайы кйім немесе алжапқыш кию керек. Өйткені олардың мектеп формасыбылғанбауы тиіс. Мүсін кезінде айналмалы станокты пайдалану орынды. Бұл станокпен жұмыс істеу өте қолайлы. Жан-жақты бұрып көруге болады. Мүмкіндігінше бір түсті пластелинді қолданған немесе саз балшықты қолданған дұрыс. Бұл біртұтаскөруге ықпал етеді. Әр түрлі ала-құла болып кеткен пластелин көзді алдайды. Сомдалған мүсін пішінін жоғалтып алады. Жұмысты аяқтағаннан кейін жұмыс орнын жинап, қалған пластелин немесе саз балшық қалдықтарын жинап қорапқа салу керек. Қолды жылы сумен сабындап жуу қажет. Латынның Sculptura - қашау, кесу, шабу, пластика сөзінен шыққан. [2]
1. 2. Мүсіндеу өнерінің бөлімдері
Мүсін дегеніміз- тас, ағаш, металл, саз балшық және ермексаздан сомдалған бейнелер. Мүсін түрлері: жұмыр мүсін, бедерлі мүсін. Мүсіннің барлық жағынан көрінетін түрінжұмыр мүсіндеп атаймыз. Жазықтық бетінен жартылай шығыңқы түрінбедерлі мүсіндеп атаймыз. Барлық кезеңдегі суретшілер хайуанаттарды мүсіндеп, суретін салып бейнеленген. Бейнелеу өнерінің анималистикалық жанры осылай пайда болған. Анималистер құстар, жәндіктер мен жануарлар өмірінен сурет салып, табиғат туралы кітаптарды олардың бейнесімен безендірген. Олар өздері бейнелеп отырған жәндіктер мен жануарлардың, құстардың тіршілігін, мінез - құлқын, түр- тұлғасын жақсы білген. Қазақстан анималист - суретшілер:Бапанов Әлімбай, Телжанов Канафия Темір - Болатұлы, Шаяхметов Кәмил Махмұдұлы, Наурызбаев Хакімжан Исмаханұлы Досмағамбетов Төлегенді айтсақ, Есіл жағасындағы барыс бейнесін және баланың өмірін қасқыр құтқарған қасқыр мүсіндеген мүсіндері бар Анималист - суретшілердің жануарларды, құстарды бейнелеу барысындағы жұмыс кезеңдері:
Дене мүшелерінің негізгі пішінін талдау:
Оларға тән қозғалысты анықтау. Олардың жүріс- тұрысымен, қозғалу қылығымен таныстыру:
Сыртқы түр - тұлғасының ерекшелігі (терісі, түгі, қауырсыны)
Есіңе сақта! Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.
Мүсіндеу жолдары
1. Мүсіндейтін хайуанатымыздың түсіне сәйкес ермексазымызды таңдап аламыз.
2. .
3. , жұмсарту.
4. Алдымен жануарлардың денесін, одан соң басын, аяғын, құлағын, құйрығын дайындап алу.
5. Бөліктерді жапсырып біріктіру. Мысалы: қоянның денесіне басын жапсырамыз, содан кейін құйрығын, аяғын, құлағын жапсыру; Біріккен жерлерін тегістеу.
Мүсіндеу - көркем өнердің бір түрі. Мүсіндеудің графика мен кескіндемеден айырмашылығы кескіннің барлық жағынан анық көрсетілуі. Мүсіншілер өз шығармашылығын тастан қашап (әсіресе мәрмар мен граниттен), ағаштан жонады. Қазіргі уақытта мүсінді болаттан, бетоннан, пластмассадан және т. б материалдан жасауға болады.
Мүсіндеудің негізгі объектісі - адам.
Қазақстан аумағында ежелгі мүсін өнері ескерткіштері тас дәуірінде пайда болған.
Жұмыр мүсінді барлық жағынан қарауға болады.
Мүсіншілер өздерінің шығармаларын жасау барысында адам мен жануарлардың мүсіндерін жан - жақты қарап отырып сомдайды.
Мысалы: Хакімжан Наурызбаев (27. 08. 1925 жылы туған, қазіргі Қостанай облысы, Ленин ауданы) - қазақтың тұңғыш кәсіпқой мүсіншісі, қазақ халқының көрнекті қайраткері. Оның қолынан А. Иманов, Ж. Жабаев, А, Ш. Уалихановтың, А. Құнанбаевтың монументалды бюстері шықты. 2. рельеф. (бедерлі) Монументтік мүсіндеу - бұл ұлы адамдардың немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ, келісті ескерткіштер. Монументті - сәндік шығармалар әдетте жеке ансамбльдің, алаңның немесе демалыс орындарының сәулеттік композициясының жиынтығы болып табылады. Жаңа терминдерге түсінік беру. Анималистік жанр -(лат. Жануар ) хануанаттар дүниесін бейнелеу өнеріАнималист мүсінші - Жануарларды бейнелейтін мүсінші. Мүсіндеме түрлеріМүсіндеме негізінен адамды, кейде жан-жануарды немесе басқа пішіні бар заттарды бейнелейді.
Мүсіндеменің негізгі жанрлары
Мүсіндеменің негізгі жанрларға бөлінеді: 1. портрет 2. тарихи мүсіндер
3. тұрмыстық мүсіндер 4. символикалық мүсіндер 5. аллегориялық фигуралар 6. анималистикалық жанр. Техникасына байланысты түрлері Мүсіндеме негізінен 2 түрге бөлінеді: 1. жұмыр (мүсінді жан-жағынан түгел көрсету) және 2. рельефті (тегіс заттың бетіне бедер түсіру) . 3. барельеф (фигураның жартысынан көбі сыртқа шығып тұрады) ; горельеф(фигураның жартысы сыртқа шығып тұрады) ; 4. контррельеф (фигура сыртқа емес, ішке кіріп тұрады) Рельефті бедермен ойылып жасалған күрделі композициядағы мүсіндерді тек монументтік туындыларда ғана қолданады (мысалы, үйіндегі “Кітап бейнесі” атты монументтік мүсін) . Мүсіндеме мазмұнына қарай: 1. монументтік-декоративті, 2 . қондырғылы немесе шағын пішінді болып екіге бөлінеді. Шағын пішінді Мүсіндеменің әрқайсысы бір-бірімен мазмұндық жағынан тығыз байланыста болғанымен олардың өздеріне тән ерекшеліктері болады. Өңдеу тәсіліне қарай Өңдеу тәсілдері: ою, құю, шеку, т. б. болып келеді. Мүсіндеменің ерекшелігі көп жағдайда жасау техникасы мен пайдаланатын материалдарына (тас, металл, саз, балауыз, ағаш, гипс, тағы басқа) байланысты. Архитектуралық және табиғи ортамен байланысты: монументтік Мүсіндеме(ескерткіштер, монументтер, мемориалды құрылыстар) идеялық мазмұнының мәні мен көлеміне қарай ерекшеленеді. Монументтік-декоративті Мүсіндеме архитектуралық құрылыс пен кешендерде (атланттар, кариатидалар, фриздер, фронтондық, бақ-саяжайлық мүсіндер) қала көшелері мен алаңдарда, тағы басқа мекеме ғимараттарының алды мен интерьерлерінде орналасқан. Архитектурамен тікелей байланысы жоққондырғылы Мүсіндеменіңкөлемі түпнұсқаға сай немесе одан кішілеу болып келеді. Олар негізінен тұрғын үйді көркемдеуге, мұражайлар мен көрмелерге қоюға арналады. Мұндайда ол Мүсіндеменің пластик. мүмкіндігін, көлемін, жанрының ерекшелігін ескеріп, көбінесе декоративтік-сән және қолөнері түрінде қолданады. Мүсіндемеде пайдаланатын материалдар Мүсіндеме жасауда әр түрлі материалдар қолданылады және оларды ұқсату тәсілі де түрліше болып келеді: Мүсіндеме жасауда саз, балауыз, пластилин қолданылады. Бірақ бұлардан жасалған мүсіндемелер тез тозатын болғандықтан, көбінесе гипстен көшірме жасалады. Мүсіндеме жасар алдында темірден, ағаштан, сүйектен болашақ образдың қаңқасы пішінделіп, соған татлған материалдың бәрін жабыстыру арқылы мүсінші ойындағысын орындап шығады. Металдар (қола, мыс, қалайы, шойын, болат т. б. ), гипс, бетон, пластмасса сұйық (ерітілген, араластырған) күйінде алдын ала жасалған қалыпқа құйылады. Металдар қатты күйінде де қақтау, бедерлеу әдістері арқылы өңделеді. Ежелгі Грекияда хрисоэлефантинналық бедерлі алтын қаңылтыр мен ағаш қаңқаға жапсырылған піл сүйегінен жасалды. Тас (мәрмәр, гранит, әк тасы, құмайт тас, базальт, диорит т. б. ), ағаш және сүйектен де жасауға болады. Ол үшін материалдың іші-сыртындағысы образ жасауға қажетсіздерінің бәрі қашау, шеку, егеу, бедерлеу арқылы алынып тасталады. Тас мүсіндеме қашауға саймандар (тескіш, кескіш, балға т, б, ) қолданылады. Ағашты пайдаланғанда қашау, пышақ т. б. өткір құралдар пайдаланады. Керамикадан да мүсіндеме жасалады. Ол үшін саздан істелген мүсінше үлгілерді арнайы пештерде күйдіріліп, оған ақ немесе түрлі түсті жылтырақ (майолика, фаянас, фарфор), кейде жылтырамайтын бояулар (терракота, фарфордың бисквит деген түрі) жалатылады. Мүсіншінің жұмыс тәсілі негізінен төмендегіше: пластилиннен не саздан кішкене нұсқа жасалып, ол одан кейін сазға үлкейтіп көшіріледі. Үлкен мүсіндемелерді жасарда ең алдымен айналмалы қондырғыға металл діңгек бекітіліп, діңгекке сымнан, ағаштан мүсіндеме қаңқасы жасалады. Қаңқаға саз жапсыру арқылы болашақ образ сомдалады. Саздан жасалған үлгі бойынша екіге немесе бірнешеге бөлінген бедерлі гипс қалып алынады. Осы қалып бойынша кейіннен гипс көшірме құйылады. Саз мүсіндеме тасқа көшірілетін жағдайда, қалыптың шығыңқы және ойыңқы жерлері түгел өлшеніп, тас соған қарай қашалады. Мүсіндемені металдан құю өте ұзақ және күрделі жұмыс. Мүсіндеме тарихы ертеден бастау алады. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде жауынгерлерді, балалы ананы бейнелейтін тас мүсіндер кеңінен тараса, біздің заманымыздан бұрын 8 - 2 ғасырларда дамыған “Аң стилі” ежелгі мүсіндеменің көрнекті мысалы бола алады. Көктегі күш пен жердегі билеушілердің құдіретін бейнелеу үшін жасалынған мүсіндеме ежелгі дәуірдегі өркениеттердің (Грекия,, , ) ажырамас бөлігіне айналды. Көлемдері өте үлкен, тылсым күшті сипаттаған және ғұрыптық бағыттағы мүсіндеме тек құдай мен билеушілердің, жеке тұлғалардың, аңыздық кейіпкерлердің (,, ,, тағы басқа) бейнесін жасауға бағытталды. Орта ғасырлардағы мүсіндеменің негізгі бағыттары шіркеулерді, ғибадатханаларды көркемдеуге (Құдай ана ғибадатханасы, ; Буддистік шіркеулер, ) арналды. Қайта өркендеу дәуірінде, мүсіндеме адамзаттың ерлікке, еркіндікке деген ұмтылысын, тұлғалық қасиеттерін, табиғат сұлулығын бейнеледі., , Гужон,, тағы басқа туындылары соңғы орта ғасырларда және жаңа дәуірде Еуропаның көптеген қала-қамалдарының іші-сыртын көркемдеу үшін кеңінен қолданылды. 18 - 19 ғасырларда мүсіндеме адам бейнелері мен ескерткіш тұрғызу бағытында дамыды. Оның құрамында, классик., примитивизм, кубизм (П. Пикассо), конструктивизм (Н. Певзнер), сюрреализм, абстракционизм, тағы басқа бағыттағы мүсіндеме бар. Қазақстан жеріндегі мүсіндеменің пайда болу тарихы 3000 жылға созылады. Ол палеолит дәуірінде пайда болып, сақтар ментұсында кеңінен дамыды. Ата-баба рухына сену, жер, су, от иелеріне табыну (Көк Тәңірі, Жер-Су иесі, өмай ана, балбал тас, тағы басқа) және исламдық сенім (құлпытас, қойтас; кесенедегі бейнелер) мүсіндеменің көптүрлілігіне әкеліп соқты. Кеңес дәуіріндегі мүсіндеме өкілдерінің (Б. Төлеков, Е. Сергебаев, Х. Наурызбаев, Б. Төленов, Т. Досмағамбетов, тағы басқа) еңбектері халық батырлары, еңбек ерлері және соғыс ардагерлерін бейнелеуге арналса, соңғы кезеңдегі мүсіндеме бағыты әлемдік құндылықтар мен жергілікті салт-дәстүр ерекшеліктерімен ұштаса отырып дамып келеді (Е. Рахмадиев, Н., Ш. Төлешев) .
2. Балабақшада мектеп алды даярлық топтарында сюжет бойынша тақырыптық мүсіндеуді үйрету.
2. 1. Балабақшада мүсіндеудің әдіс-тәсілін үйрету.
Мүсіндеу балалардың сезінуін, қабылдауын және көрнекі түсінігін дамыту үшін қажет. Нақты дүние заттарын тануда көру басты деп саналады, бірақ балаларда бейне қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде көрудің тірегі затты түйсіну болып табылады. И. М. Сеченов: «Заттардың денелік пішінін көзге қарағанда қол басқаша айқындайды және де біз қолдың алақанын әрдайым көзден біршама таса заттардың бүйір беттеріне, сондай-ақ көз мүлдем көре алмайтын артқы жақтарына тигізе алудың арқасында, оны толығырақ айқындайды». Мектеп жасына дейінгі балаларға затты білу ұшін оның кейбір жалпы белгілері ғана жеткілікті Мүсіндеу алдында затты белсенді зерттеу - балалардың сезімдік тәжірибесін ұйымдастырудың педогогикалық әдісі. Бұл кезеңді шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz