Балалар театрының түрлері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Драмалық іс-әрекет арқылы мектепке дейінгілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
0.1. Драмалық іс-әрекет арқылы мектепке дейінгілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4 бет
0.2. .2 ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4 бет Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9 бет
0.3. Сахналау арқылы балалардың тілін дамыту, жеке тұлға ретінде
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14 бет
ІІ
2.1. Шығармашылық қабілетін театрландырылған ойын түрлерін қолдану арқылы арттыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...18 бет
2.2. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы қолдану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23 бет
2.3. Сахналандырылған әрекетті ұйымдастырудағы тәрбиешінің рөлі...29 бет

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .41 бет
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 42 бет
ГЛОССАРИ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 43 бет
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45 бет

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі: Мектепке дейінгі сахналау жас балалардың эстетикалық қабілетін, бейімділігін және сондай-ақ тілінің дамуына өте оңтайлы кезең. Мектеп жасына дейінгі балалардың театрландырылған іс-әрекеттерін ұйымдастыру балалар шығармашылығын және білім алудың жаңа қабілеттері мен дағдыларды үйренуге жағдай жасаумен қатар, баланың өмірде өзінің тиісті орнын табуға көмектеседі, өзін-өзі көрсете білуге ықпал жасайды.
Әр баланы жеке тұлға ретінде, оның шығармашылық әуелетін, қабілеттілігі мен қызығушылықтарын дамыту мақсатында құрылған перспективтік жоспар барлық топтардағы балаларға арналған.
Зерттеу жұмысының мақсаты:
-- Мектепке дейінгі жастағы балалардың драмалық іс-әрекет түрлері арқылы шығармашылық және парасаттылық қабілеттерін жан-жақты дамыту. Әр түрлі ертегілер балалардың қызығушылықтарын арттырады және олардың тілдерін дамытады, есту, сезіну, мотивациялық қабілеттерін арттырады.
-- Сөз өнерін қастерлей білуге, өз білімін көтеруге, шешендікке баулу;
-- Балалардың сөздік қорларын байытып, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелеу; би қимылдарымен ұштастыру.
-- Театрлық іс-әрекетті ертегілерді пайдалана отырып -- ойын дамытады, музыка сауаттылығын арттырады.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой -- өрісін, дүниетанымын жетілдіріп эмоциялық әсер алғыштығын оятады.
- Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу, дыбыстарды сезіну.
- Баланың қиялын, есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру, ырғақты қимыл жасау.
- Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру;
Мектепке дейінгі жасөспірім баланы тәрбиелеу мен дамыту ісіне байланысты мақсаттарды шешуде театр ерекше рөл атқарады. Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады, характерлік образдарды музыкамен жеткізеді. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады.

І. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМДАРДА
ТЕАТРЛАНДЫРЫЛҒАН ӘРЕКЕТТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

0.4. Драмалық іс-әрекет арқылы мектепке дейінгілердің шығармашылық қабілеттерін дамыту

Бүгінгі таңда балалардың негізгі қабілеттері қалыптасатын және дамитын, мектеп жасына дейінгі кезеңдегі тұлға дамуының ерекше өзектілігіне айрықша назар аударылуда.Оның ішкі мәдениетінің байлығы, зияткерлік еркіндігі,биік шығармашыл әлеуеті,жоғары көркемдік талғамы, тұлғааралық, ұлтаралық және әлеуметтік қарым-қатынаста төзімділік таныта білуі қазіргі заманғы жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға қажетті жағдайлар болып табылады.Осы орайда мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттер - бұл тұлға шығармашылығына бағытталған тәрбие,баланың шығармашылық әлеуетін ашудың мүмкіндігі.Театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыру баланың қызығушылығы мен қабілеттерін дамытуға жәрдемдеседі, жалпы дамуына,білуге құштарлығының айқындалуына, жаңаны тануға деген ұмтылысын,жаңа ақпараттарды және әрекеттердің жаңа әдістерін игеруге, ассоциативті ойлануға;рөлдерді орындау кезіндегі эмоцияның,ақыл-парасатының көрінуіне, мақсатқа жету үшін ұмтылуына, табандылығының дамуына ықпал етеді. Балалар қоршаған әлемдегі қызықты идеяларды байқауға, оларды қолдана білуге,кейіпкердің өзіндік көркем бейнесін құруға үйренеді,оларда балалар шығармашылығының кең тараған түрі шығармашылық қиялы дамиды.
Осы мақсатта мектепке дейінгі білім беру жүйесінің дамуымен қатар мектеп жасына дейінгі балалар өміріне театр мықтап енді.
Театр - балаларға арналған ең қолжетімді және демократиялық өнердің бір түрі және ол:
- балалардың шығармашылық тұрғыда дамуына;
- эстетикалық талғамының қалыптасуына;
- адамгершілік тәрбиесіне;
-тұлғаның коммуникативтік қабілеттерінің (ауызша және ауызша емес тілдесудің түрлеріне оқыту) дамуына;
-ерік-жігерін тәрбиелеуге,зейінін,елестете білуін,бастамашылдығын, қиялын тілін (диалог және монолог) дамытуға;
-оң эмоциялық көңіл-күй құруына,шаршағанды басуына, даулы жағдаяттарды ойын арқылы шешуге ықпал етеді. Театрландырылған әрекеттер мазмұндық-рөлдік ойындармен өте тығыз байланысты және оның бір түрі болып есептеледі. Театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыруға және әдістемесіне байланысты жұмыстар тәжірибесін оқып үйрену отандық және шетелдік ғалым педагогтардың:Д.Элькониннің, А. Запорожецтің, Т.Н. Доронинаның, И.Медведеваның, Т.Шишованың,В.Н . Андросованың, Б.Б.Баймұратованың, Л.А.Давиденконың, А.Б.Қаржаубаевтың, Т.Қолдыбаеваның, А.К.Меңжанованың және басқалардың еңбектерінде кеңінен көрініс тапқан. Отандық және шетелдік әдебиеттерге талдау жасау балалардың қатысуымен болатын театрлық қойылымдар олардың дамуында, өзінің мүмкіндіктері мен ішкі сенімсіздігін жеңуде маңызды роль атқаратынын көрсетті. Қазақстан Республикасының Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламасында балалардың театрландырылған әрекеттері көркем әрекеттердің бір түрі ретінде қарастырылады және Шығармашылық, Әлеуметтік орта, Денсаулық білім беру салаларымен кіріктірілген Қатынас білім беру саласының құрамына енеді. Балалардың дербес және бірлескен әрекеттерінде балаға өз ойын еркін айту мүмкіндігі беріледі. Балалар өздеріне рөл таңдайтын және алмастыратын - заттарды қолдана отырып, әрекеттер мен ересектердің қарым-қатынасын жинақталған түрде жаңғыртатын мазмұндық-рөлдік ойындарды Д. Б. Эльконин шығармашылық сипаттағы әрекеттер деп атайды.
Белгілі балалар психологы А. В. Запорожец баланың қиялындағы жағдаяттарда ойша әрекет ете білу білігін қалыптастыруда театрландырылған ойындардың рөліне маңыз берді.
Мақсаты: Театрландырылған қойылымдар арқылы мектепке дейінгі жастағы балалардың тілін дамыту, байланыстырып сөйлеулерін қалыптастыру, өмірлік оң көзқарастарын тәрбиелеу. Міндеттері: - театрландырылған қойылымдар арқылы балалар тілін дамыту;
- сөздік қорларын байыту;
- ауызша сөйлегенде дыбыстарды анық айтуға үйрету; - кейіпкерлердің іс-әрекеттері мен дауыс ырғақтарын сәйкестендіре дұрыс сөйлеуге баулу;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыландыра отырып, шығарма барысын, мазмұнын ұғынуға, рөлдерді түсініп ойнауға үйрету;
Әдіс-тәсілдер:
- балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты материалдарды жинақтау;
- қойылымдарға қажетті театр түрлерін іріктеп, дайындау;
- қойылымдарға керекті көрнекіліктер мен құрал-жабдықтарды дайындау (ширма, атрибуттар, кастюмдар т.б.)
- ата-аналармен жұмыс: қойылымдарға ата-аналарды қатыстыру, газеттер, жылжымалы папкалар шығару, қажетті жабдықтар дайындауға көмектесу.
Жұмысты жүйелі жүргізу негізінде төмендегі нәтижелерге қол жеткізіледі:
- балалар тілі дамиды;
- сөздік қорлары толығады;
- байланыстырып сөйлеуге дағдыланады;
- дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады;
- театр өнеріне деген қызығушылықтары артады.
Театрландырылған әрекеттер сезімдердің, терең аяушылықтың және
баланың ашылуының қайнар көзі болып табылады, оны рухани құндылықтарға баулиды.Баланың эмоциялық саласының дамуында театрландырылған сабақтардың маңызы зор, кейіпкерлерге жаны ашиды, орындалған ойындағы оқиғаларға аяушылық білдіреді. Осылайша, театрландырылған әрекеттер - адамның мимикасы, ымы, дауыс ырғағы бойынша эмоциялық күйін тану қабілетін, яғни балалар эмпатиясын дамытудың басты тетігі. Басқалардың жетістіктеріне қуана білу
және бөтеннің қайғысына ортақтаса білу үшін, өзін ойша сол адамның орнына қоя білуі қажет.
Бүкіл мектепке дейінгі кезең бойында баланың тілі белсенді түрде: сәби
кезеңдегі еріксіз эмоциядан орта топтағы балалардың дауыс ырғағына және мектепке дейінгі ересек жастың мәнерлі тілі дамиды. Мәнерлеп сөйлеуді дамыту үшін, әрбір бала өзінің эмоциясын, сезімін, қалауын және көзқарастарын, әдеттегі әңгімелерде ғана емес сондай-ақ, жариялы түрде, таныс емес тұлғалардың алдында көрсете алатындай жағдайлар туғызу қажет. Адамның көпшілік аудиторияның алдында мәнерлеп сөйлеу дағдысына ерте балалық шақтан бастап баулып- тәрбиелеуге болады.Театр әр балаға қуаныш, қызық, ұмытылмас әсер сыйлайды. Балалардың эстетикалық талғамын, қиялын дамытады. Қазір балабақшаларда балалармен ертегілер мен әдеби шығармаларды рөлмен ойнау, қойылымдар қою жұмыстары жақсы жүргізілуде. Дегенмен де осы жұмыстарды жүргізуде кездесетін қиындықтар мен қарама-қайшылықтар да жоқ емес. Олардың ең негізгісі қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің қуыршақ театрына арналған қуыршақ киімдерінің жоқтығы. Ертегілердің балалардың жас ерекшеліктеріне қарап іріктелінбегендігі. Қазақ жазушыларының балалар жасына арналған шығармаларының аздығы. Балаларға ертегіні өлең шумақ ретінде берілсе балалар тез түсініп, тез рольімен ойнар еді, тіл байлықтарыда тез молайар еді.Мектепке дейінгі ұйымдарда театрландырылған әрекеттер күннің бірінші
және екінші жартысында - белгіленбеген уақытта ұйымдастырылады, басқа
сабақтарға үйлесімді түрде енгізіледі, сондай-ақ тіл дамыту және қоршаған
ортамен таныстыру бойынша сабақтардың апталық кестесінде арнайы
жоспарланған. Әрбір балаға дербес қарым-қатынас жасауды қамтамасыз ету үшін театрландырылған әрекеттердің барлық ұйымдастырылған түрлерін шағын топтарда өткізу ұсынылады. Сонымен қатар, сабақ мазмұнына байланысты шағын топ әр кезде әртүрлі қалыптасып құрылуы мүмкін. Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттердің негізгі түрлері сабақтарда, жеке жұмыстарда, театрландырылған ойындарда, сауықтарда, мерекелерде, үйірме жұмыстарында ұйымдастырылады. Мектепке дейінгі ұйымдардағы театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыруға тән ерекшеліктері олардың мазмұнының әдеби негізі және
көрермендерінің болуы (Л.В. Артемова, Л.В. Ворошнина, Л.С. Фурмина және басқалар).Сонымен қатар психологиялық-педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми зерттеулерге (О.В. Акулова, А.Г. Гогоберидзе және басқа) жасалған талдаулар мектепке дейінгі ұйымдарда мақсатты түрде дамытуға бағытталған театрландырылған әрекеттерді қолданудың тиімділігін дәлелдеді. Оларды екі негізгі: драмалау және режиссерлік (олардың әрқайсысы өз кезегінде бірнеше түрге бөлінеді) топтарына бөлуге болады.
Драмалық ойындарда әртіс ретінде бала рөлдерді орындайды, ауызша және ауызша емес мәнерлілік құралдар кешенінің көмегімен өзбетімен бейнелерді жасай алады. Жануарлардың, адамдардың, әдеби кейіпкерлердің
бейнесіне ұқсатып қайталап салатын-ойындар; мәтін негізіндегі рөлдік
диалогтар; шығармаларды сахналау; бір немесе бірнеше шығарма бойынша
қойылымдар; алдын ала дайындықсыз мазмұнды ойнайтын (немесе бірнеше
мазмұнды) сол бойда ойдан шығаратын - ойындар драмалаудың түрлеріне жатады.
Режиссерлік ойындарда ойыншықтар немесе оларды алмастырушылар әртіс болып табылады, ал бала сценарист және режиссер ретінде әрекеттерді ұйымдастырады, әртістерді басқарады.Кейіпкерлерді сөйлетеді және мазмұнға түсінік береді, ол ауызша мәнерлеудің түрлі
құралдарын қолданады. Балабақшада қолданылатын режиссерлік ойындардың түрлері театрлардың алуан түрлілігіне: үстелдік, жазықтықтық және көлемдік, қуыршақтық (бибабо, саусақтық, марионетка) және басқаларға байланысты анықталады. Театрландырылған әрекеттерді дамыту бойынша жұмыстар жүйесі үш кезеңге бөлінеді:
І. Әдеби және фольклорлық шығармаларды көркем қабылдау;
ІІ.Негізгі (әртіс, режиссер) және қосымша (сценарист,
көркемдеуші, костюмер) рөлдерді орындаушы болып қалыптасуы үшін
арнайы біліктерді меңгеру;
ІІІ. Дербес шығармашылық әрекет.
Қабылдау, ойлау, қиялдау, тілі бір-бірімен тығыз байланыста және балалардың әртүрлі белсенділіктері (тілдік, қимылдық, музыкалық және басқа) арқылы көрінуіне байланысты педагогикалық міндеттер күрделене түседі. Театрландырылған әрекеттердің бағыттары үш аспекті бойынша: біріншіден, драмалық мазмұн құруда, яғни берілген әдеби мәтіннің мазмұнын немесе вариативтік шығарманы ия өзі құрастырған мазмұнды түсіндіреді, мағынасына қайтадан ой жүгіртеді; екіншіден, өзінің ойға алғандарын орындау кезінде, яғни біліктеріне сәйкес келетін көркем бейнені мәнерліліктің әртүрлі құралдарының: дауыс ырғағы, ымы, ишарасы, қимылы, дыбыстаудың көмегімен жүзеге асырады; үшіншіден, қойылымды көркемдеу - декорация, костюмдер, музыкалық сүйемелдеулер, афиша, бағдарлама (іріктеу, әзірлеу, стандарттан тыс қолданулар) құру арқылы жүзеге асады. Театрландырылған әрекеттерді қамтамасыз ететін заттық-кеңістіктік ортаны ұйымдастыру бойынша, балалардың бірлескен және дербес театрландырылған әрекеттерін қамтамасыз ету үшін топта бала өз рөлінің мазмұнын еске түсіретіндей, шығарма мазмұнының иллюстрациясын қарастыра алатындай театрлық аймақ немесе театрлық бұрыш жабдықталуы қажет. Балалардың дербес қызығушылығын жүзеге асыру мақсатында заттық -кеңістіктік ортаны таңдау еркіндігі қамтамасыз етіледі. Театрландырылған әрекеттер аймағында:
- үстелдік театр, шымылдық, қуыршақтар жиынтығы (саусақтық және жазықтықтық пішіндер, ертегілерді ойнауға арналған қуыршақ-марионеткалар), балалардың өздерінің және тәрбиешілерінің дайындаған театры (басы, саптамасы бар конустар, әртүрлі маскалар, декорациялар), түрлі көңіл күйдегі кейіпкерлер; кейіпкерлер мен декорациялар жасауға арналған материалдар (түрлі -түсті қағаздар, желім, қалдық материалдар, қарындаштар, бояулар, қайшы және басқа материалдар ); дайын костюмдер, ертегілерді ойнауға арналған маскалар, қолдан жасалған костюмдер; сиқырлы заттарды және кеңістікті белгілеуге арналған атрибуттар-алмастырғыштар (түсті шеңберлер, түрлі ұзындықтағы жолақтар) болуы тиіс. Сондай-ақ топта сөйлеу белсенділігін дамытуға арналған әдеби бұрыш құрылуы мүмкін. Ол кітаптарға арналған стеллаж немесе ашық витрина, жұмсақ диван, бағдарлама бойынша және балалардың сүйікті кітаптары, сөйлейтін кітаптар, қолдан жасалған кітаптар, жазушылар мен ақындардың портреттері, ертегілер көрмесі түрінде ұсынылуы мүмкін. Мектеп жасына дейінгі әртүрлі жас кезеңдеріндегі балаларға театрландырылған әрекеттерді ұйымдастыру ІІ кіші топтағы (3 жастан 4 жасқа дейінгі) балалармен театрландырылған әрекеттерді ұйымдастырудың басты ерекшелігі ересектердің театрландырылған қойылымдарын бақылаудан біртіндеп дербес ойын әрекеттеріне көшу болып табылады; топтағы рөлдерді орындайтын, дербес ойындардан және үш-бес құрдасымен қатарласқан ойындар; фольклорлық және әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін салудан драмалық-ойындарда кейіпкердің негізгі эмоциясын бере отырып әрекеттерін орындайтын және қарапайым үлгілік бейнелерді құруды меңгереді.
Орта топтағы балалардың (4 жастан 5 жасқа дейінгі) театрландырылған әрекеттерінің ерекшелігі өзі үшін ойналатын ойыннан біртіндеп көрерменге бағдарланған ойынға көшуден тұрады; үдерістің өзі негізгі болатын ойыннан, үдеріс те, нәтиже де маңызды болатын ойынға ауысады; құрдастарымен шағын топта тәріздес (параллель) рөлдерді орындаудан, бес-жеті құрдасынан тұратын топта әртүрлі рөлдерді орындауға (теңқұқылы, бағынуға, басқаруға) көшеді; драмалық-ойындарда қарапайым үлгілік бейнелерді құрудан, эмоция, көңіл күй, кейіпкердің жағдайы, олардың ауысуы құрамдасатын тұтас бейнелерді сомдайды. Бұл жас кезеңінде театрландырылған ойындарға қызығушылығы артады.
Ересектер тобындағы (5 жастан 6 жасқа дейін) балалармен театрландырылған әрекеттердің басты ерекшелігі бір ғана әдеби немесе фольклорлық мәтіндегі ойындардан бала мазмұнды өзі еркін құратын, әдеби негізді баланың еркін түсінуінен немесе бірнеше шығарманы біріктіруі арқылы жаңа біріккен-ойынға біртіндеп ауысуынан тұрады; кейіпкердің ерекшеліктерін бере білу үшін мәнерлілік құралдары қолданылатын ойындардан кейіпкер бейнесін сомдайтын құрал ретіндегі ойындарға ауысады; әртіс орталық назарда болатын ойыннан әртіс, режиссер, сценарист, көркемдеуші, костюмер орындарының кешені ұсынылатын ойындарға көшеді, алайда әр баланың ыңғайы олардың жеке қабілеттері мен қызығушылықтарына байланысты; театрландырылған ойыннан қабілеттерін жүзеге асыра алатын және тұлғалық ерекшеліктерін байқататын құрал ретіндегі театрлық-ойын әрекеттеріне ауысады.Әрбір жас ерекшілігі бойынша мазмұны мен міндеттері күрделіленіп отырады.
Барлық балалар театрды тамашалағанды жақсы көреді. Бала тәрбиесінде әр түрлі театрдын алатын орны ерекше.Қуыршақ театры баланың дүние танымын қалыптастыруда, үлкен рөл атқарады. Балалар әртістермен бірге күліп бірге жылап отырып, өздерін мазалап жүрген көптеген мәселелердің шешімін табады. Бүгінде бөбектердің дамуына үлкен ықпал ететін қуыршақ театрының құпияларын айтатын болсақ; -Тілін дамытады, себебі балалардың қолдарының саусақтарының жетілуі мен орталық мидың тілдің дамуына жауапты бөлігіне әсер етеді. Балалар театрының бірнеше түрлері бар. Ең көп тараған түрі - қуыршақ театры. Қысқа тақпақтарды жаттап, оны өзіне тән орындау кезіне бастап-ақ кішкене көлемді спетакльдер ойнала бастайтыны белгілі. Театр түрлері: Қуыршақ театры,саусақ театры,көлеңке театры,ойыншықтар театры.
Саусақ театры: театр қуыршақтарының ішіндегі ең жеңілі, қол жетімдісі. Саусақ театрын сабақтан тыс кезде де қолдануға болады.
Ас ішер алдында қолдануға болады. Тамақ ішер кезде саусақ қуыршағы арқылы:
Тамақ ішер кез келді.
Сөйлемейміз, күлмейміз
Астан басқа өзгені,
Көзімізге ілмейміз. астарың дәмді болсын
.Балаларға арналған көркем шығарманы оқыту неғұрлым дұрыс ұйымдастырылса, мектеп жасына дейінгі балалардың эстетикалық талғамын дамыту соғұрлым табысты болады. Тіпті кішкентайлар тобынан тобынан бастап-ақ тақпақпен қысқа өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін үстел үстіндегі театрды, қысқа сахналы қойылымдар көрсетуді қолдана берген жөн.
-Бірінші кезеңде балалар ұжым болып, ертегі мәтінін ауызша айтады.
-Екінші кезеңде ертегінің барлық кейіпкерлері үшін оқып шығу бір балаға ғана ұсынады.
-Үшінші кезеңде балалар бір неше шығармашылық тапсырмаларды орындайды. \қорқыныш, қуаныш сезімдерін көрсете білу және т.с.с
-Төртінші кезеңде рөлдерге бөлініп, ертегіні оқу жүзеге асырылады
Қорыта келгенде, театр балалардың көркем қабілеттіліктерінің жетілдіріп қана қоймай оларды тұлға аралық қарым-қатынасқа, өнерге деген қызығушылықтарын арттырады. Сонымен бірге сахнаға бейімделген балалардың бойында өзіне деген сенім артып, алғашқы қол шапалақтауларды сезіне алады. Қалай десекте театр- балалар үшін мереке, демалыс орны.Ал осындай бақытқа жол ашу біздер үшін үлкен табыс . Табысқа бірге жетейік !

0.5. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту

Білім мен тәрбие бастауын балалар балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие саласы мамандарының алдында жан-жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орыны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді,білікті,саналы болуында ойынның алатын орны ерекше. Н.К Крупская: Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекшемаңызы бар: олар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды түрі.Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, таңымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады.Ойын-баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп,қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың маңызы зор. Театрлық іс-әрекетте ертегілерді пайдалана отырып баланың ой-өрісін дамыту,сонымен бірге тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз. Балаларға театр,әртістік өнер,сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын оятамыз. Көріністерді өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілдімеңгеруіне деген сүйіспеншілікті арттырамыз.Театр әр балаға қуаныш ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан - жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлғаболып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады
Балаларды адамгершілікке баулу, ойын нақты тапқыр сөйлеуге, ақылды, салмақты ой айтуға баулу. Баланың қиялын есте сақтауын шығармашылық қабілетін дамыту, ойдан әңгіме, ертегі шығарып айтуға дағдыландыру. Баланың әлеуметтік және эмоционалдық дамуына жағдай жасап, әр баланың жеке дара әртістік, шығармашылық қасиеттерін ескере отырып, өзін қоршаған ортаға, адамдарға, құрбыларына, өзіне деген қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.
Театрландырылған ойындар ойын-қойылымдары болып саналады, бұл жердебалаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қоймаларға айналдырып,оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы зор. Баланы сахнада кейіпкерретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан - жақты дамыту. Оның бойындаәдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты ояту. Бүлдіршіндер сахнадашағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақыжүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілгендиалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімегеараласуға , спектакль туралы ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлепжеткізуге септігін тигізеді. Сөз мәдениеті және техникасы. Ойындар мен жаттығулар сөйлеу логикасы мен дикциясын дұрыс артикуляциясын меңгере білуге, сөйлеу құрлымын еркін айтуға,тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бейнелеу арқылы сөйлетуін дамыту,шығармашылық фантазиясын дамыту, шағын әңгіме және ертегі құрастыра білугеүйретеді.
Жаттығулар 3-ке бөлінеді:
:: тыныс алу және артикуляция;
:: дикциялық және интонациялық;
:: сөздермен шығармашылық ойындар.
Театр мәдениеті: Балалар театр өнерінің шынайы сезімдерің меңгерту.
Бөлімнің негізгі тақырыптары: театр өнерінің ерекшеліктері, театр өнерініңтүрлері, қойылымның жасалуы, сыртқы және ішкі театр, көрермендер мәдениеттілігі.
Қойылыммен жұмыс - жанама бөлім, авторлық сахналауға негізделген.
Оған кіретін тақырыптар: қойылыммен таныстыру, қойылымды мазмұндап, талдау, кейіпкерлендіру. Қойылымға қажетті құралдарды дайындау. Көріністі безендіру. Қойылымға дайындық, сахналау.
Драматизация түрлері:
:: жануарлар, адамдар, ертегілер бейнесіндегі кейіпкерлер ойыны;
:: мәтін бойынша негізделген диалог, маналог, рөлдік ойындар;
:: шығармашылық көрсетілім;
:: бір немесе бірнеше шығарма арқылы қойылым қою.
Ал драматизация ойынның екі түрін қарастыруға болады. Саусақтар ойын драматизациясы. Балалар атрибуттарды саусақтарына киеді. Ертегінің мәтінін айта отырып саусақтарын қимылдатып сюжет жасайды. Көріністі ширманың сыртында тұрып, немесе топта еркін қозғала жүріп көрсетеді. Қуыршақ бибабомен ойын - драматизациясы. Бұл ойында саусақтарға қуыршақ Бибабоны киеді. Ширмада ойнайды. Бұл қуыршақтарды ескі қуыршақтардан жасауға болады.
Балалар театрының түрлері
Ойыншықтар
театры
саусақ
театры
үстел үсті театры
сурет
театры
стенд-кітапша
театры
Фланелеграф
театры
трафарет
театры
көлеңке
театры
Ең көп тараған түрі - ойыншықтар театры. Бұнда балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемде спектакльдеройнайды. Онда адамдар рөлін ойыншықтар ойнайды.Жіптің көмегімен басқарылатын қуыршақтарды - маринеткалар дейді. Оларды әр түрлі материалдардан жасайды. Жұмсақ ойыншықтарды да қолдануға болады.Мұндай ойыншықтар қозғалысқа ағаш таяқшалары арқылы келтіріледі, яғни екі айқастырылған ағаш арқылы жіп өткізіліп ойыншыққа байланады. Қолменқуыршақтарды басқарады. Театр қуыршағының биіктігі баланың биіктігіндейболады. Бала өзіне кастюм, үлкен бетперде, үлкен алақандар киеді, олар тірі қуыршаққа ұқсайды. Өздеріне қуыршақты жасауға болады. Оның негізі болыпүш бұрышты орамалды алуға болады. Бір бұрышын қуыршақтың басына, екібұрыштарын резинка арқылы баланың саусақтарына бекітіледі. Қуыршақтың басына тесмалар қосады, ол қуыршақпен жүргізушінің мойнына ілінеді. Бұл қуыршақтар балаларға әнмен, бимен, ойынмен көрсету арқылышығармашылықтарын дамытады. Бұл балалардың өздерін еркін сезінуіне, өзкүшіне сене білуге көмектеседі. Саусақ театрында - саусақтардың көмегімен қандайда болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ театры арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашылады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балаларқоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс қимылына қарап, балақуанады, шаттанады, сөз айтуға тырысады және өлеңде үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Үстел үстіндегі театры - сәбилер тобынан бастап-ақ тақпақ пен қысқа өлеңдердіайтқызғанда көркем сөздер әсерлі етілу үшін стол үстіндегі театрдықолданған жөн.Мұнда үстелде құламай тұратын және қозғалтқанда еш кедергісіз жүретін ойыншықтар қолданылады. Үстел үстіндегі қуыршақтартеатрдың бірнеше түрі бар: әр түрлі биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптарданжасалған ойыншықтар; таяқшадан жасалған театр; киндер-театр; магнит театры; мачалка театры; үстел үстіндегі кейіпкерлерді тоқымадан немесе крючокпен тоқуға болады ( олар өздерінің формасын ұстанғандай пластмас бутылкаларға кигізіп қойады); ағаш ойыншықтар, саздан жасалған ойыншықтар. Суреттер театры - декорация мен кейіпкердің - суреттері. Олардың әрекеті шектелген. Ойнаушының дауыс ырғағы арқылы кейіпкердің мінез-құлқы беріледі.Кейіпкер әрекет барысында пайда болады,балалардың қызығушылығын арттырады. Стенд-кітапша театры - бірін-бірі ауыстыратын иллюстрациялық оқиғаларкөрсетіледі.Стенд-кітапшасы ның беттерін ашу арқылы жүргізуші әр түрлі сюжеттерді көрсетеді. Фланелеграф театры - суреттер мен кейіпкерлер экранда көрсетіледі. Оларды фланельдер ұстап тұрады. Мұндағы суреттерді балалар мен бірге ескікітаптардан, журналдардан қиып алуға болады. Трафарет театры - трафарет театры арқылы сөз құрамының байлығын, диалог,монологты дамытуға болады. Балалар дайын трафареттердің көмегімен болашақ кейіпкерлердің суреттерін жасайды. Оларды түрлі-түсті бояулармен бояйды,дайын бейнелерді қайшымен қияды. Бұл жерде балалардың шығармашылық ойлауқабілеттері дамиды. Ұжымдасып жұмыс істеу үрдісінде әрбір бала өзінеберілген бейненің түр-тұлғасын, қимыл-қозғалысын өзгерте алады. Көлеңкелі театр - жарық өте жақсы түскен экранда адамдар, жануарлар және құстардың пішіндерінің қозғалысына қарауды балалар өте жақсы көреді. Ертегі, әңгіме, өлең, әңдері көлеңке театры арқылы айтуға болады. Көлеңке театрдың қойылымын көрсетуге үш тәрбиеші қатысады. Біреу мазмұның оқиды, екуі көріністі көрсетеді. Көлеңке театрдың сахнасы экран болады. Экранды ағаштан немесе калың кардоннан жасайды, ою-өрнекпен өрнектейді. Кейіпкерлерді көрсету үшін - оны экранның арт жағынан ұстайды. Кейіпкерлерді қара түспен жұқа кардоннан жасайды, жіпарқылықозғалтады.Кейіпкерлерді көрсеткенде қол көрінбеу керек.
Бұл көріністер балалардыңшығармашылықтарын арттырады, ой өрістерін дамытады. Сахналық қойылымның алдында педагог балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргізеді.
1. Педагогтар балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі
кейіпкерлердің мінез-құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылады.
2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінеді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады.
3. Сұрақ - жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отыру.
4.Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалау.
Дайындық топтарындағы балалардың театрландырылған ойындары қиындайтүседі. Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып,әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән-күйлер мен билерді кіріктіріп отырады.Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс-тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнау үшін, талмай жаттығулар жасалады. Ойын барысында балалар өзара қарым-қатынасқа түсіп,бір-бірімен тіл табысады, адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіреді. Балалар таныс ертегілерін қазақ тілінде үлкен жауапкершілікпен, қызығушылықпен рөлдерге бөліп сахналайды. Кейіпкерлердің мінез-құлықтарын,дауыс ырғақтарын дәл салып,диалог сөздерді мәнеріне келтіре айта біледі. Қорыта келгенде, педагог балаларды ойын арқылы адамгершілікке тәрбиелейотырып,олардың бойына күнделікті өмірге қажетті әр түрлі машықтардықалыптастырады.Олар мыналар:ұжымдық өмірдің машықтары жолдасы дер кезінде көмек беру,айтқанды тыңдап бағына білу және т.б. Мәдениетті сөйлеу машықтары сыпайы қарым-қатынас жасау, аты-жөнімен атау, байсалды сөйлеу, айтайын деген ойын толық жеткізу, сөйлесіп тұрған екінші адамды тыңдай білу және т.б. Көркемдік машықтар өздігінен ән айтып, би билеу, мәнерлеп ертек, тақпақ айтып беру, әр түрлі материалдардан ойыншықтар, атрибуттар, әсемдік бұйымдар жасай білу. Біздің Алтын сақа балабақшасында балалардың тілін театрлық іс-әрекет арқылы жетілдіруде үйірме жұмысы ұйымдастырылған.

1.3. Сахналау арқылы балалардың тілін дамыту, жеке тұлға ретінде қалыптастыру.

Қазақ ауыз әдебиеті - талай ғасырлардан келе жатқан мұра, сарқылмас бай асыл қазына. Одан халқымыздың өткенін білеміз, сол арқылы бүгінгі заманымыздың ұлылығын танимыз. Қазақтың мақал-мәтелдері болсын, жұмбақ-жаңылтпаштары мен ертегілері болсын - бәрі де балаларды Отанын сүюге, ерлікке, елін қорғауға үндейтіні белгілі. Балалар бақшасының тәрбиеленушілерін ауыз әдебиетінің үлгілерімен таныстырып, олардың өмірін байыта түсу тәрбиешілердің міндеті болып саналады.Мен баланың шығармашылық қабілетін дамытуда ертегінің маңызы зор екендігін және сахналық қойылымдар арқылы ертегі мазмұнын баланың санасына сіңіру, түсіндіру, шығармашылықпен әрекет етуге баулу мәселесіне баса назар аударамын. Театрландырылған көріністер арқылы бала өзін жан - жақты ашады, іс - әрекетке деген қызығушылығы арта түседі. Материалдың мазмұнын ашуда әдіс - тәсілдер мен түрлі -түсті суреттердің берілуді еңбектің құндылығын қуаттай түседі. Ең бастысы ертегіні сахналау -балалардың кейіптендіру дағдыларын қалыптастыруға, танымдық белсенділігі мен іс - әрекетке қызығушылығын арттыруға ықпал ететіндігімен маңызды. Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырған талаптардың бірі-өмір шындығын балаларға халық ауызекі шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балалардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып, олардың халық шығармашылығына сүйіспеншілік, еңбек сүйгіштікке деген көзқарастарын арттыру болып табылады. Егер халық ертегілеріне педоагогикалық-психологиялық тұрғыдан қарайтын болсақ мұның жас өспірімдерге танымдық әсері жоғары. Халық ертегілерінің таңдаулы үлгілері ғасырлар бойы жасалған халық шығармашылығы болғандықтан оның ішінен көркем тіл де, терең ой да, тамаша үздік кейіпкерлер де табылады. Оның осы сияқты аса жоғары идеалық көркем қасиетін балалардың санасына жеткізу үшін бұлардың да өзіне лайық оқып үйрену жолдары әдіс амалдары бар, мысалы ертегілерді алатын болсақ, ол ел аузында ғасырлар бойы сақталып, айтылып, әңгімеленіп келеді. Ал осы ертегілер арқылы бала айналасындағы өмірді, адамдарды кеңірек танып, ұстанымдылыққа еңбек сүйгіштікке ие болады.
Ертегі бала ойында сақталу үшін түрлі жолдар арқылы жүргізуге болады;
1.Ертегі оқу. Мұнда сол ертегі кейіпкерлерінің бейнесіне еніп соның көңіл-күйін образ арқылы бейнелеп беру.
2.Суретпен жұмыс. Бір ертегідегі барлық кейіпкерлер бейнеленген суреттер арқылы көрсету.
Баланың табиғат туралы білімдерін кеңейтіп табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін оятып, қамқорлыққа алуға тәрбиелеу. Ұйымдастырылған оқу қызметінде материалды түсіндіру -үнтаспа, бейнетаспа, суреттер, көрнекілікті пайдалану, әңгімелесу арқылы жүзеге асады
Табиғаттың әсемдігін көріп сезіне білу балалардың өмір тәжрибесін байытып, олардың эстетикалық талғамын дамытады. Туған жерге деген ыстық сүйіспеншілігін күшейтеді. Халық ұғымында табиғат деген сөз Жер - ана,туған жер, атамекен сөздері түрінде көп айтылады.
Мектепке дейінгі жасында балдырғандар шын мағынасындағы оқырмандар емес, олар тек тыңдаушылар, көрушілер ғана. Оларға арналған шығармалар қысқа да ықшам жазылған суретті кітапшалар түрінде беріледі. Бұл жастағы балаларға арналған әдебиет жанры жағынан көбіне жеңіл сюжетке құрылған шағын шығармалар, хайуанаттар жайында жазылған әңгімелер белгілі оқиға не ойын түрлеріне құрылған өлеңдер, ертегілер болып келеді. Бұл жастағы балдырғандарға арналған шығармалардың тақырыбы көбінесе табиғат әлемінен, өзін қоршаған күнде көріп жүрген оқиғалардан алу керек.
Баланы еңбекке тәрбиелеуде отбасы мүшелері үлкендерінің еңбекке деген көзқарасы,еңбек істеу әрекеті әсер етеді. Баланы еңбек сүйгіштікке тәрбиелеуде, өнерге баулуда ауыз әдебиеті күшті құрал болған. Айталық, мерген, мал тапқыш, еңбек сүйгіш өнерлі жандар жайында балаға ертегі, әңгіме, өлең-жыр айтып беру арқылы баланы еңбек ардагерлерін қадірлеуге ал оған қарама-қарсы еңбек сүймейтін арамтамақ жатып ішер жалқау деген жиркенішті сезімге тәрбиелеуге болады.
Өз ұрпақтарының тәрбиесі ерлі-зайыптыларға, ата-әжелерге ортақ іс, жауапты міндет болған. Көбіне ата-әжелер есте жоқ ерте замандағы, ауыздан-ауызға тарап келген ертегілер арқылы бала тәрбиесіне көңіл бөлген.
Балаға адамдық қасиеттің нәрі ертегі арқылы ана сүтімен қоса сіңіріледі. Өйткені, оның жаны күнәдан пәк, таза, көңілінде күдік жоқ. Бәріміз де жақсы жанға жайлы, одан рахат табатын ертегіні тыңдап, сол ертегілерден адам бойына керектінің бәрін сіңіріп өстік. Бала жанын қоректендіретін рухани қор - айналадағы барлық табиғат болмысы, жанды мақлұқтың бәрімен табыстыратын, терең де таң ғажайып сырларға толы ертегілер. Бала бойына тамаша қасиеттер мен адалдықты, мейрімділікті, имандылықты егетінде осы - ертегі.
Ертегі - ауыз әдебиетінің көлемді саласының бірі. Ертегілер -бірнеше ғасырлардың жемісі. Ертегінің негізгі бір саласы қиял-ғажайып ертегілері. Бұларда өмірде болмайтын нәрселер туралы әңгімелер қозғалады. "Ұшқыр кілем","Адам жеңбек Айыртас батыр" т.б қиял-ғажайып ертегілердің де өзінше мәні үлкен. Ертегілерідің ішіндегі көне түрінің бірі - хайуанаттар жайлы ертегілердің балаға берері көп. Адамды қоршаған табиғаттың әрбір бөлшегі соның тыныс-тіршілігі қызықты әрі жұмбақ.
Ұйымдастырылған оқу қызметі үстінде кім хайуанаттар, еңбек және өнер жайында ертегілер біледі деген ойын арқылы балаларға тиянақты мағлұмат,тәлім-тәрбие беруге болады.
Ертегінің бір түрі-тұрмыс салт ертегілері.Бұл ертегіде көбінесе елдің бақташылық тұрмыс - тіршіліктері суреттеледі.
Ал "Мақта қыз бен мысық" және "Қотыр торғай" оқиғалары еңбекпен тікелей байланысты. Балаларды табиғатпен байланыстыратын ертегілердің бірі -"Орманға қар не үшін керек" деген ертегіні алуға болады.Оны оқушыларды рольге бөлу арқылы оындауға болады. Яғни рольге бөлу арқылы олардың жадында жақсы сақтап алып қалады. Ертегі баланың ой-өрісін дамытуда үлкен үлес қосады. Жамандық пен жақсылықты ажырата алады, табиғат жайлы ертегілер баланың табиғатқа қамқор болуға; оны аялап қорғауға үгіттейді.
Қазақ ертегісінің ең мол түрі - шыншыл ертегілер. Мұндағы ертегі кейіпкерлері қиял- ғажайып ертегілердегі сияқты қиялдан туған емес, күнделікті өмірден еңбек адамдарынан алынған. Мысалы: Аяз би, Тазша бала, Ұр тоқпақ, Атымтай Жомарт т.б ертегілер жатады.
Қазақ халқы балаларға табиғат туралы өз білгенін үйретуді мақсат етіп,оны ретті жерде жүзеге асырған. Табиғат адамның ақыл-ойы мен тәрбиесінің сарқылмас қайнар көзі екендігін көре білген. Бар өмір тіршілігі табиғатқа болып, оның аясында өмір сүргеннен соң адам баласы өзі туып өскен жеріне деген сүйіпеншілік пайда болады.
Қазіргі кезеңде білім беру жүйесі заман талабына сай үздіксіз дамып келеді. Сондықтанда мектепке дейінгі білім мекемелерінде былтырғы жылы Жаңартылған Стандарт бойынша Коммунникация саласына драма ұйымдастырылған оқу қызметі енгізілді. Ол арқылы балалардың көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттыруға және шығарма желісін сахналау арқылы балалардың белсенділігін, тілін дамытуға болатынын көрсетті. Мектеп жасына дейінгі балалар ертегіні түсініп қана қоймай, оны рөлдерге бөлініп, ертегі қойылымдарын сахналауды үйреніп келеді. Балалар образға кіріп, оны сомдау кезінде өздерін сахнада тұрған кішкентай әртіс ретінде сезініп, бала көңілі шаттыққа толатынын байқап жүрмін. Драма ұйымдастырылған оқу қызметі әр балаға қуаныш, ұмытылмас әсер сыйлайды, әр баланың көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады.Қазақ өнер жұлдыздарының бірі театр майталманы Ш. Айманов Театр- адамдарды туыстық қарым-қатынасқа тәрбиелейтін орта, сахна өнері-тіл жетпес құдіретті өмір шындығын білу, яғни адамның сахнаны сүймеуі мүмкін емес деп айтқандай, балалар кішкентай кезінен сахнаны көріп, өздері түрлі ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы сахнаны танып біліп қана қоймай, образға кіріп ойнау арқылы сахна құдіретін сезінетінін өзім бақылап жүрмін. Осы драма сабақтары арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың тілі дамып, сөздік қорлары толығады, байланыстырып сөйлеуге дағдыланады, дұрыс дыбыстау, мәнерлеп сөйлеу дағдылары қалыптасады, театр өнеріне деген қызығушылықтары артатынын күнделікті ұйымдастырылған оқу қызметінен байқап жүрмін. Біз шағын орталықта драма ұйымдастырылған оқу қызметінде ертегілерді, музыкалық қойылымдарды топтың тәрбиеленушілері арқылы сахналаймыз. Мұндағы мақсатымыз: мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту болып табылады.Сол арқылы балалардың тіл байлығын арттырып, сөйлеу мәдениеті мен дүниетанымын дамытып, балаларды адамгершілікке тәрбиелейміз. Ертегілерді пайдалана отырып, балалардың ой-өрісін дамытамыз, сонымен бірге көркем шығармаларға деген қызығушылықтарын арттырып, ертегіні тыңдай білуге ,есте сақтауға, түсінуге, рөлге бөліп, қазақша әдемі сөйлей білуге үйретеміз. Балабақшадағы балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, ертегі қойылым, жалпы сахна туралы түсінік беріп қызығушылығын арттырамыз. Ертегі қойылымдарын сахналауға үйрету кезеңдерінде балалардың ертегі кейіпкерлерін ойнау арқылы өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда баланың жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін театрландырылған қойылымдар мен театрландырылған ойындардың пайдасы зор екенін тәжірибеден көріп отырмыз. Қай бала болмасын, әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Сондықтанда әр баланың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуына театрландырылған ойындар арқылы да жетілдіруге болады.

ІІ
2.1. Шығармашылық қабілетін театрландырылған ойын түрлерін қолдану арқылы арттыру

Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театрландырылған ойын түрлерін қолдану арқылы балалардың тілін дамыту, сөйлеу мәдениеті мен ой-өрісін, дүниетанымын жетілдіруде үлкен нәтиже беретіні сөзсіз.
Білім мен тәрбие бастауын жас жеткіншектер ең алдымен балабақшадан алады. Бүгінгі таңда қоғамымыздың даму бағытында мектепке дейінгі тәрбие беру саласы мамандарының алдында жан - жақты дамыған, сауатты, саналы, өзіндік орны бар үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін азаматты тәрбиелеу мәселесі жүктеліп отыр. Бүлдіршіндердің білімді, білікті, саналы болуында ойынның алатын орны ерекше. Н. К. Крупская: Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ойынның ерекше маңызы бар: олар үшін ойын - оқу, олар үшін ойын - еңбек, олар үшін ойын - тәрбиенің маңызды түрі.
Ойын - баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, танымдық қасиеттерін, зейінін, есте сақтау қабілетін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамытады. Ойын-баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы. Ойынның түрлері көп, әсіресе, қазақ тілін үйретуде театрландырылған ойындардың орны ерекше. Театрлық іс-әрекетте ертегілерді, әңгімелерді пайдалана отырып баланың ой-өрісін дамыту, сонымен бірге зер салып тыңдай білуге, есте сақтау, түсіну, рөлге бөліп сомдау, мәнерлеп оқуға, қазақша әдемі сөйлей білу мәнерін арттырамыз.
Балаларға театр, әртістік өнер, сахналау, қойылым, сахна туралы түсінік бере отырып, күнделікті сабағымызда ойын түрлерін, соның ішінде театрландырылған ойын түрлерін сомдау арқылы жасөспірімдердің қызығушылығын оятамыз. Ертегілерді ойнауда, әңгімелерді әңгімелеуде, өлеңді нақышына келтіріп оқу жұмыстарын жүргізгенде, балалардың өзара сөйлесу дағдыларын дамыта отырып, бүлдіршіндердің тілді меңгеруіне деген сүйіспеншілігін арттырамыз. Театр әлемі - әр балаға қуаныш, ұмтылмас әсер сыйлайды, оның көркемдік талғамын, еліктеуі мен қиялын дамытады. Әдетте адамның жеке басының қасиеттері бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтанда да баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала әр нәрсеге құмар, қызыққыш, ол өзінің айналасында болып жатқан өзгерісті, тамаша құбылыстарды сезінуге тырысады. Оның жан-жақты дамып, жеке тұлға болып тәрбиеленуіне, тілінің дамуын театрландырылған ойындар арқылы жетілдіруге болады. Театрландырылған ойындар ойын - қойылымдары болып саналады, бұл жерде балаларға арналған көркемдік шығармаларды сахналық қойылымдарға айналдырып, оларды кейіпкер ретінде қатыстырудың маңызы өте зор. Баланы сахнада болсын, сабақтан тыс іс-шараларда болсын кейіпкер ретінде ойната отырып, оның жеке тұлғасын жан - жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлық сезімдерін ояту. Бүлдіршіндер сахнада шағын рөлдерді ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Өзге ортада өзін еркін ұстай білуге дағдыланады. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепте қуыршақтар театрын жандандыру
БӨЛІМ ҚАЗАҚ ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫНЫҢ КӨРКЕМ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
Театрдың пайда болу сипаты
Театр бала өмірінде
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Жалпы театр өнері мен қазақ театры
Театр арқылы балалардың тілін және шығармашылық қабілеттерін дамыту
ТЕАТР ӨНЕРІ АРТ - МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕІЗДЕРІ
ТЕАТР ӨНЕРІ АРТ - МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Шетелдерде балалар музыкалық тәрбиесінің дамуындағы негізгі бағыттар мен беталысы (тенденциялары) (Австрия, Венгрия, Болгария, Германия, Жапония, АҚШ және т.б)
Пәндер