Бала өмірінде ойыншықтардың атқаратын рөлі
БАЛА ДАМУЫНА ОЙЫНШЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 бет
І.
1.1. Ойыншықтың шығу тарихы, оның бала өміріндегі мәні ... ... ... ... ... ...4 бет
1.2. Ойыншықтың пайдасы мен зияны, оларды таңдай білу ... ... ... ... ... ...6 бет
1.3. Отандық ойыншық өнімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7 бет
1.4. Баланың жас ерекшелігіне сай ойыншықтар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 9 бет
ІІ.Балалар өмірінде ойыншықтардың атқаратын рөлі
2.1. Ойыншықтардың баланың дамуына әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 12 бет
2.2. Ойыншықтың бала өміріндегі маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 14 бет
2.3. Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... .27 бет
2.4. Ойыншықтардың сапасы және олардың балалар ағзасына
келтіретін әсері ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29 бет
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .37 бет
ГЛОССАРИ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38 бет
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40 бет
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі таңда әрбір ата-ана өз баласына қуаныш сыйлау үшін ештеңеден аянбайды. Ал баланың серігі де, ермегі де ойыншық болғандықтан, баласына оның түр-түрін әперуден ата-ана жалықпайды. Өкінішке қарай, көздің жауын алатын ойыншықтың барлығы да көршілес жатқан Қытайдан әкелінеді. Алайда кейбір ата-ана осы ойыншықтардың қаншалықты бала ағзасына қауіпті екенінен хабарсыз болғандықтан, осы жансыз заттың балаға қаншалықты қатерлі екендігін біле бермейді немесе білсе де немқұрайлық танытады. Соның салдарынан бала азап шегеді.
Біздің, яғни балалардың әрқайсысында өзінің сүйікті ойыншығы болады. Мен бүгінгі ғылыми жобамда өзім сияқты балалардың жақсы көретін ойыншығы жайлы сөз етпекпін. Бірақ көп ойыншықтың қатарында балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін, ұлттық нақыштағы ерекшелігімізді, салт-дәстүрімізді насихаттайтын отандық ойыншықтар жоқ. Кейбір ойыншықтардан жағымсыз иіс бөлініп, бала денсаулығына кері әсер етеді. Әрісін айтпағанда, қыруар қаржыға келген бұйым әп-сәтте сынып, жарамсыз боп қалады. Бүлдіршін ойыншығы талғамға сай, сапалы болғаны жөн. Ойыншықты сатып аларда түсіне ғана емес, сапасына, педагогикалық-психологиялық, биологиялық, медициналық қасиеттеріне, санитарлық-гигиеналық, техникалық, механикалық қауіпсіздігіне де назар аудару керек.
Халықтың өткен тарихына зер салсақ, қай кезеңде де ұрпақ тәрбиесі әр елдің ең басты мәселесі.
Өзге халық "бала тәрбиесі жөргектен" десе , дана халқымыз , бала тәрбиесі құрсақтан екенін айтып кеткен.
Өмірге келген нәрестенің, жеке басының дамуына әулеметтік ортаның маңызы зор. Өмірге келген нәресте - әлеуметтік ортаның жемісі .
Сондықтан да балаларға тәрбие беру - қоғамның және балабақша тәрбиешілерінің міндеті .
Зерттеу мақсаты: Бала өмірінде маңызды орын алатын ойыншықтардың шығу тарихын анықтап, пайдасы мен зиянын түсіндіру.
Ғылымилығы:Ойыншықтардың жасалу жолдарын анықтап, олардың адам ағзасына пайдасы мен зиянын дәлелдеп, түсіндіру.
Зерттеудің болжамы: Ата- ананың ойыншық сатып алуда сауаттылығын арттыру.
Зерттеудің әдістері: Талдау, салыстыру және жинақтау, түрлі қызықты ақпараттар қолдану. Осы тақырыпқа қатысты балалар мен ата- аналардан сауалнама алу.
Зерттеудің нәтижесі:Ойыншықты сапасына, балалардың жасына қарап таңдау.
1 Баланың дамуына ойыншықтың қызметі
0.1 ойыншықтың шығу тарихы, оның бала өміріндегі мәні
Ойыншық - әдейі балалар ойынына арналып жасалған зат. Оны пайдалану баланың ой-өрісін кеңейтуге, онда бейнеленген заттар мен өмір кұбылыстарына деген ықыласын тәрбиелеуге, дербестігін дамытуға көмектеседі. Ойыншыктармен ойналатын бірлескен ойындарда балалардың өзара достық қарым-катынастары, өз іс-әрекеттерін үйлестіру қабілеті калыптасады.
Н, К- Крупская ойыншықта өмірдің нақты кұбылыстары, адамдардың, жануарлардың образдары шынайы бейнеленген болуға тиіс деп көрсетті. Ол баланын жас ерекшеліктерін зерттеуге, соларға сәйкес ойыншыктар жасауға және іріктеуге шақырды. Ересек адам баланың жас ерекшеліктерін мұкият зерттеуге тиіс. Ойыншық жасаушылар да осыны істеуге тиіс, өйткені онсыз ойыншық баланы шынымен куантпайды, оның өсуіне, дамуына көмектеспейді.
Ойыншық -- былай алғанда, нәзік зат, оның өмірі де қысқа, сондықтан ойыншыктың пайда болған уақытын, тарихын аныктау өте киын. Ең алғашкы ойыншыктардың бала күшіне лайыкталған еңбек құралы болғаны айдан анық. Кішкене садақ, жебе түп нұскасына үқсас еді. Оны"балалардың мергендігін, дәлдігін, козғалыстарының үйлесімдігін дамыту үшін ересектер жасап беретін. Балалар оны аңға шығу, андар мен кұстарды аулау ойынында пайдаланды. Едәуір кейінірек аңдарды, кұстарды, адам кескінін бейнелейтін ойыншыктар табылды.
Көпке дейін ойыншықты отбасында балалардың көңілін аулау үшін ересектер жасап келді. Ойыншыктар балаларға деген сүйіспеншілікті, оларды куантуға, алдандыруға, бірдеңені үйретуге деген ыкыласты бейнелейді. Ойыншық жасауда творчестволык ой үшқырлығы, балалардың мүддесін, тілегін түсінушілік көрініс тапты. Ойыншық адам еңбегінің сипатты белгілерін, табиғатка деген сүйіспеншілікті, табиғатты тануды, жануарлардың, кұстардың ерекшеліктері мен мінез-құлықтарын белгіледі. Ойыншыктардың бояуы ашык, формасы айкын, мәнерлі және түсінікті болды.
Неғұрлым талантты шеберлер ойыншықтарды өзінің балалары үшін ғана емес, сату үшін де істей бастады. Біртіндеп ойыншык жасау кәсібі пайда болды.
Біздің елімізде ойыншық жасау мемлекеттік іс болып табылады. Ойыншық такырыптарына талдау жасау, оларды көркемдеу балалардың психо-логиясын, ойыншыктың баланы тәрбиелеуші және дамытушы ықпалын ескере отырып, ғылыми негізде жүргізіледі.
Ойыншықтың өмірлік мәні.
Е.А.Аркин ойыншыққа өте көп мән берді:
Баланы сезімге бөлейді
* Айырылмас , тыңдайтын дос.
* Балаға ақыл береді.
Ойыншықтың жасалу жолдары мен сапасы.
Ойыншықтар бөлінеді:
1. материалмен
2. дайындалуы бойынша(халықтық, қолдан жасалған)
3. дайындалуы бойынша(А.С.Макаренко)
4. әр түрлі ойындарда қолданылады:
* сюжетті-бейнелі
* техникалық
* құрылыс
* дидактикалық
* спорттық
* музыкалды
* театр
* ойыншық ермектер
* маскарадтық-шыршалық
Ойыншық икемді болуға, балалардың алуан түрлі әрекеттер жасауына мүмкіндік беретіндей болуы тиіс. Жануарлардың, қуыршақтардың, т. б. сірескен кескініндегі ойыншыктар бұл талапка сай келмейді. Ойыншықтарда түп нүска ақжарқын әзілмен, көңілді, кызғылыкты, бірақ келекеге, каррикатураға айналдырылмай бейнеленуі мүмкін. Ойыншык типтілікті бейнелеуге, жаксы көркемделген болуға тиіс.
Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар оларды пайдаланудың қауіпсіз болуын көздейді. Олар берік және қауіпсіз бояулармен сырланады және гигиеналық өндеуге (жууға, дезинфекцияланған ерітіндімен сүртуге, үтіктеуге) оңай болуы керек.
Ойыншык жасау -- баланы куанышқа бөлейтін еңбек. Ойыншық жасау үшін мата, пласмасса, т. б заттар қолданылады. Қолдан жасалатын ойыншыктар үшін табиғи материал кеңінен пайдаланылады.
Қазіргі заманда балардың ойнайтын ойыншықтары сын көтермейді. Көптеген фирмалар ақша табу мақсатында ойыншықтардың сапасына мән бермейді.Техниканың дамыған заманында ойыншықтардың сапасы мен бет-бейнесі өзгерді. Педагог және психологтардың зерттеу нәтижелері бойынша қазіргі ойыншықтар тек баланың денсаулығына зиян келтіріп қоймай,оның жүйкесіне де әсер етеді. Мысалы: Дүкен сөрелеріндегі толып тұрған неше түрлі құбыжық ойыншықтарды көресің. Бала түгел үлкен адам да ойыншықтарды қолға алуға қорқады.
Біздің елімізде ойыншық сатуда Қытай елінің ойыншықтары жаулап алды десек де болады, Өйткені олар арзан болғандықтан, барлық адамдар осындай ойыншықтар алады.Ал екіншіден ата-аналар балаларына алатын ойыншықтың сапасына көп көңіл аудармайды. Сапалы ойыншықтар әрине, қымбат тұрады. Қазақстанға ойыншықтар 30 жуық елдерден әкелінеді. Соның ішіндегі бірінші орында Қытай ойыншықтары. Өткен жылдың қортындысы бойынша біздің елімізге шет елдерден келген 180 мың ойыншықтардың гигеналық талаптарға сай жасалмағаны анықталды. Соның ішінде 93 мыңның 242 ойыншықтың түрі сауда айналымынан алынып тастады.
Бояуы тым қанық, алыстан мен мұндалап тұрған ойыншықтардан сақтанған жөн. Себебі бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын эелменттері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал.
1.2 Ойыншықтың пайдасы мен зияны, оларды таңдай білу.
Баланың ең алғашқы ойыншығы-сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Осындай сылдырмақпен анасы және күтушісі бесік жырын айтқан. Сонымен бірге ежелгі наным сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын-шайтандарды үркітеді деп сенген.
Бізге белгіле ең ежелгі ойыншық біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда пайда болған.Өкінке орай, көптеген ежелгі ойыншықтар біздің заманымызға дейін жетпеді.Ежелгі ойыншықтарды ағаштан,саздан,сүйектен және металдардан жасаған .
Ойыншықтың пайдасы өте көп, бала ойыншықпен ойнау арқылы өмірді таниды. Ойыншық бала үшін ермек қана емес,сонымен қатар ол оның дамуына да тиімді құрал,қимыл-қозғалысты,сезім ағзаларын,тіл түсінуді жетілдірудің де бастамасы. Ал зиянына келер болсақ, қытайдан әкелінген ойыншықтар жайлы айтар едік.
Қытайдан келетін тауардың, соның ішінде ойыншықтардың бәрі қауіпті деп айта алмаймын. Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі -- зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар. Олар негізінен жүк түрінде әкелініп, сертификация органына зерттеуге жіберіледі.
Бұл ойыншықтардың құжаты болғандықтан кез-келген дүкенге қиындықсыз алады. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды ешқандай дүкен алмайды. Сондықтан ондай тауарлар базарда сатылады. Ал әрбір өнімнің сапасы, қауіпсіздігі жайлы сертификаты не болмаса санитарлық қорытындысы болуы қажет. Бірақ та қара базардағы өнімдерде ондай сертификат болмайды. Арзан болғасын сапасы да нашар. Әрбір ойыншықта маркасы, шығарған зауыт аты, ел коды, мекенжайы туралы ақпарат болу керек. Ал базардағы ойыншықтарда ондай құжат жоқ.
Ересектер балаларға жылтыраған қытай ойыншықтарын әперуге құштар. Бірақ та оның негізі химиялық өндірістің қалдықтарынан жасалынатындықтан баланың миын зақымдап, көру қабілетін төмендетіп, кемтарлыққа ұшырататынынан көп жағдайда хабарсыз.
Қытайдың ойыншықтарынан көп мөлшерде мырыш қосылғаны да анықталыпты. Ал мырыш әсіресе нәрестелер үшін аса қауіпті. Яғни, ағзаға түскен мырыш миды зақымдап, сәбиді мүгедек қылады. Ал кішкентай бүлдіршіндердің кез келген затты ауызға салып, иіскеуге құштар екендігі ешкімге де жасырын емес. Осылай зиянды, улы заттар бала ағзасына түсіп, түрлі ауруға ұшыратады. Сонымен қатар қытайлық ойыншықтар құрамында ася зиянды улы зат -- фенолдың көрсеткіші де бірнеше есе көп екендігі және шығатын дыбыстардың талаптан асып түсетіні де белгілі болды. Тіпті нәрестелерге арналған сыңғырлақтардың келешекте баланы керең, саңырау қылатыны да анықталып отыр. Жұмсақ резеңке ойыншықтарын бояйтын заттар құрамындағы кадмий мен қорғасын мөлшері де қалыпты деңгейден әлдеқайда асып түскен. Мұндай улы ойыншықтар баланы тек қана аллергиялық ауруға ұшыратып қоймайды, онымен қоса асқазан, ішек дерттеріне де ұшыратады екен.
Балалардың ертегілерді ұйып тыңдайтыны белгілі. Ондай болса, қазақ ертегілерінің желісімен Алдар көсе, Тазша бала, батырлар тәрізді ұлттық кейіпкерлер бейнесінде отандық ойыншықтар жасалса, бұл бала үшін баға жетпес сый болар еді.
Ойыншық таңдауда төмендегі гигиеналық талаптарға көп мән беру керекпіз:
* қауіпсіз
* спалы боялған
* жууға қолайлы
Ойыншық - баланы жан-жақты тәрбиелеу мақсатына пайдаланылады. Баланың дүниетанымын кеңейтуге көмектеседі,белгілі бір мақсаттағы, ойластырылған әрекетке үйретеді, қиялын дамытып, еңбекке сүйіспеншілігін, техникаға қызығушылығын, білуге құмарлығын, аңғарғыштығын қалыптастырады, талғампаздыққа тәрбиелейді, өнерге ынталандырады. Ойыншықпен ойнауға белгілі жағдайда педагогикалық, эстетикалық, гигиеналық, техникалық талап қойылады,сондай-ақ ол баланың жас ерекшілігіне қарай өзгеріп отырады.
Ойншықтың түрлері
:: Дидактикалық ойыншықтар
:: Бейнелік ойыншықтар::
Техникалық ойыншықтар
:: Конструкторлық ойыншықтар
1.3 Отандық ойыншық өнімдері
Бүгінгі күні бала тәрбиесіндегі бірден-бір құрал - ойыншықтар. Бір өкініштісі, қазақ балаларына ермек болар ұлттық ойыншықтарымыз көп емес. Бүлдіршіндеріміз түр-сипаты түсініксіз Шрек, Бэтмен, Спанч Боб, Өрмекші-адам, вампир-қанішерлер, түрлі роботтарды жандарына серік етуде. Мұндай шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлері ұрпақ санасын улап қана қоймай, баланың ұлтжанды, адамгершілігі мол азамат болып ер жетуіне кедергі болады. Ал бұған тосқауыл қоятын ата-аналар да тым бейқам. Ойыншық тәрбиенің бастауы болса да, үлкендер оны баланы жұбату мен алдап, көңілін аулаудың құралы ретінде пайдаланып, ойыншық қой деп немқұрайлы қарауын жалғастырып келеді.
Қазақ баласына қазақы ойыншықтың қажеті екендігін түсінетін уақыт әлдеқашан жеткен. Бірақ бұған үкімет те, ата-ана да, кәсіпкерлер де назар аударар емес. Әрине, отандық ойыншықтарды өндіретіндер мүлдем жоқ деп аузымызды құр шөппен сүрте алмаспыз. Алайда олардың арасынан Қыдырәлі Болмановтың Бал-бала ойыншықтарынан өзгесінің атын ести бермейміз. Мәселен, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында тұңғыш рет бүлдіршіндерге арналған ойыншық шығаратын цех іске қосылғанын да айта кету керек. Бүгінде Пластик Наурыз кәсіпорнында түрлі өлшемдегі америкалық МАК ауыр жүк көліктерінің модельдік ойыншықтары, баланың өзі де отырып айдай алатын Талакар ойыншық көлігі, құрастырмалы ойыншықтар және құм жинайтын қалыптар шығарылады.
Айгөлек, Тазша бала, Алдар көсе сияқты отандық өнімдердің өзі кем дегенде 7-8 мың теңге тұрады. Бұл қарапайым отбасы үшін аз ақша емес.
Десек те, кез келген бала сәби күнінен ұлттық құндылықтарды көзбен көріп, қолмен ұстап өсуге тиіс. Бұл орайда, ұлттық идеологиямызды насихаттап, балғындарымыздың бойына ұлттық болмысты сіңіру қажет. Алайда қазақтың ертегілері мен батырлар жырының кейіпкерлерін бейнелейтін отандық ойыншықтар шығару өндірісін қолға алуға асығар емеспіз. Дүкендерде еліміздің ертеңі болар бөбектеріміздің таңдауын көргенде, көңілің қалады. Барлығы бірдей шетелдік мультфильмдердің кейіпкерлеріне құмар. Ал шетелдік ойыншықтар балаларды мәдениетке, өнегелі дүниеге үйретері күмәнді. Сондықтан, қазақы ойыншықтың қаншалықты қажет екенін айтпай-ақ түсінуге болар.
Қазақ бүлдіршіндері аңызға айналған қазақ ертегілеріндегі қазақы мінезді кейіпкерлерді танымайтын да тәрізді. Себебі олардың санасын шетелдік мультфильм кейіпкерлері жаулап алған. Оның үстіне, қазақ мультфильмдері мен ойыншықтар арасында өзара сабақтастық жоқ. Осының салдарынан ұлттық тәрбиенің иісін де сезбеген бүлдіршіндер өсіп келеді. Содан кейін Батыстың ойыншығымен ойнап, мультфильмімен өскен баладан қазақылықты талап етуге құқымыз бар ма екен?! Ұлттық ойыншықтар арқылы жас буын алдындағы тіл мен діл мәселесін де жеңілдетуге, жеделдетуге әбден болады. Балалар ұлттық ойыншықтармен ойнай отырып ойлайды, ойыншық бөлшектерінің атауын білу арқылы қазақы танымы толыса түседі. Қазіргі жастарымыз көз ашқаннан өзгенің ойыншығымен ойнап, өзге атауларды жаттап өскендіктен, кейін өз тіліне шорқақ болмағанда қайтсін?
Ұлттық ойыншықтарға бизнес ретінде емес, ұлттық идеология ретінде қарау қажет. Ұлттық болмысқа тұнып тұрған қазақы ойыншықтарды дамыту, жетілдіру арқылы бүлдіршіндердің бойына қазақылық болмыстың дәнін егер едік. Алайда бізде балаларымыздың көз қуанышына айналған өнімдерді өндіру үшін мемлекеттің қолдауы аз болып тұр. Кеңес үкіметі кезінде Алматыда пластмасса өңдейтін Қызыл Ту зауыты жұмыс істеген. Сол зауыт жанынан бүлдіршіндерге арналған ойыншықтар шығарылатын. Бірақ нарықтың тар соқпағынан өте алмаған бұл өндіріс орны 90-жылдары құрдымға кетті. Бірақ кейінірек оның орнын Сұңқар атты қазақстандық ойыншық зауыты алмастырды. Бұл да өз кезінде елдегі жалғыз ойыншық шығаратын кәсіпорын болған еді. Бірақ өзімізде өндірілді деген аты болмаса, ойыншыққа керекті заттардың бәрін көрші мемлекеттерден тасу зауытқа еш табыс әкелмегендіктен, өз жұмысын тоқтатты. Содан бері отандық ойыншықтарды өндіру ісі елімізде күрмеуі шешілмеген мәселе болып келеді.
Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат 2010 жылы ұлттық нақыштағы Бал-бала ойыншықтарын шығаруды бастады. Әрине, бүгінде қазақы нақыштағы ойыншықтар әр қазақтың үйінде бар деуге келмес. Десе де, отандық өнім өз тұтунышыларын әлдеқашан тапқан.
1.4 Баланың жас ерекшелігіне сай ойыншықтар
Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі. Тек баланың оз еркіне, таңдауына байланысты , көп ойыншықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады. Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрысып, жұбатады. Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады . Ата - аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қаранғыдан қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сейілтеді. Жатарда жарық сөнгенде де дос ойыншығы баланың құшағынан табылады. Кейде бала ашуын ойыншығынан алып, қолын жұлып , бұрышқа қойып қояды. Ашуы басылғаннан кейін ойыншығын қолына алып, жұлып тастаған қолын орнына тігіп қояды . Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға болады . Шынайы өмірден алынған ойыншықтар. Қуыршақтар отбасы (жануарлардың отбасы ) қуыршықтың үйі , жиһаз , ыдыс, көлік, қайық , таразы ,дәрігер мен шаштараздың қуралдары , сағат , темір жол , телефон т.б. Ойыншықты сатып аларда міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды .Балаға керек ойыншықтар олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек. 1-2 жастағы балаларға арналған ойыншықтар Олар пластмассалық пиромидалар . Осы арқылы балалар ойлау қабілетін дамытады . ойыншықтарды ойнайды. Мысалы : ата - ана, - ана т.б.
3-4 жастағы балалардың ойыншықтары әр - түрлі болып келеді .Олар конструкторларды жинайды . Бұл жастағы балалар шын өмірден алынған ойыншықтарды таңдайды. Өз қолдарымен жасалған ойыншықтарды сүйіп ойнайды . Бала өзін мектепке дайындайды. Есте сақтаңыз ойыншықты ауыстыру қажет , себебі бір ойыншықтан бала жалығуы мүмкін . Ал ескі ойыншықтарын тығып қойып , біраз уақыт өткеннен кейін қайта ұсынсаныз , баланың қызығушылығы қайта оянады 5-6 жастағы балалар ойыншықтарынан төсек орындары мен шкафтарға ауысады . Бұл жастағы балалардың ойлау , қиялдау қабілеті жақсы дамыған.
Ойыншықтың бала өміріндегі маңызы
Ойыншық - әдейі балалар ойынына арналып жасалған зат. Ойыншықты пайдалану баланың ой-өрісін кеңейтуге, онда бейнеленген заттар мен өмір құбылыстарына деген ықыласын тәрбиелеуге көмектеседі. Ойыншықтармен ойналатын бірлескен ойындарда балалардың өзара достық қарым-қатынастары қалыптасады. Ойыншықтардың шығу тарихына тоқталар болсақ, баланың ең алғашқы ойыншығы - сылдырмақ. Ежелгі Грецияда және Римде сылдырмақты жаңа туған балаға сыйлаған. Осындай сылдырмақпен анасы және күтушісі бесік жырын айтқан. Сонымен бірге, ежелгі наным сенімдер бойынша сылдырмақты сылдырлату арқылы жын-шайтандарды үркітеді деп сенген. Бізге белгілі ең ежелгі ойыншық біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда пайда болған. Өкінішке орай, көптеген ежелгі ойыншықтар біздің заманымызға дейін жетпеді. Ежелгі ойыншықтарды ағаштан, саздан, сүйектен және металлдардан жасаған. Ежелгі славян халқында көптеген жылдар бойы табиғат анаға құрбандық шалу рәсімі болған. Құрбандыққа тек әйелдерді шалған. Осындай азаптан әйелдерді құтқару үшін бір шебер адам құрбандыққа тірі әйелдің орнына қуыршақ шалуды ұсынады. Сөйтіп ең алғашы славян халқының қуыршағы осылай пайда болған. Алғашқы пүліш аю 1894 жылы пайда болды. Бұл ақпарат оның табанына тігілген жапсырмамен расталады. Таңқаларлық жайт, алайда алғашқы пүліш аю әлі күнге дейін әрбір отбасында өмір сүріп келеді. Кубик Рубикті Венгрияда мүсінші болып жұмыс істейтін Эрно Рубик ойлап шығарған. Әлемде осындай кубиктердің 300 миллионға жуығы сатылған. Егер олардың барлығы бір қатарға тізіп қоятын болсақ, онда олар Солтүстік полюстен Оңтүстік полюске дейін созылады екен. Ең қымбат кейіпкер - Микки Маус, ол 1939 жылы шығарылған. Бұл қуыршақ 1998 жылы бір аукционда 83,5 мың долларға сатылған.
Ойыншықтар неге үйретеді? Ойыншық бала үшін ермек қана емес, сонымен қатар, ол оның дамуына да тиімді құрал, қимыл-қозғалысты, сезім ағзаларын, тіл түсінуді жетілдірудің де бастамасы. Жаңа туған сәбиді үйге әкелісімен, оның кереуеті үстіне ашық боялған, көзге түсетін, дыбыс шығаратын 3-4 ойыншықты іліп қоюға болады. Олар сәбидің кеуде тұсында одан 60-70 см жоғары ілулі тұрса болады. Сәби бұл жасында дәл осы қашықтықтан көре алады. Егер нәресте ілулі шарға, сылдырауыққа көзі түскенін байқасаңыз, жанынан жүріп өткенде біреуін қозғап кетіңіз, сонда оның сазды дауысы, тербелуі және ойыншықтардың орын алмастыруы оны қызықтырып, бұларға ұзақ әрі қадала қарауға үйретеді. Бұл оның өзімен-өзі болуына үйрететін алғашқы нышан, өте қажет қасиет. Сөйтіп, бұл білгенін одан әрі бекітуге тырысу қажет. Сәби керуетінің жанына барып біресе он жағынан, біресе сол жағынан сылдырмақты шылдырлатсаңыз, ол бұрылып дауыс шыққан жаққа қарап қанағаттанып қана қоймайды, сонымен бірге ол мойын етін де жаттықтырады.
Өмірді тану тәсілі. Заттарды қолмен ұстау арқылы баспен ойлауға да жұмыс табылады. Сәби заттарды қолымен ұстап әбден зерттейді. Ол алған затын ұстап қарайды, сілкілейді, лақтырады, аузына салады, жалайды, тістеуге тырысады. Осындай күрделі әрекет кезінде көз, құлақ, қозғалыс, иіс сезімі іске қосылады.
Кеңістікті меңгеру. Сәбиді енді кеңістікті меңгеру қуанышы титықтайды, ол тоқтаусыз еңбектейді. Еңбектеу оның қол-аяғы, арқасы, бұлшық еттерін шынықтырып нығайтады, бел етін қалыптастырады, мұның бәрі мүсіннің бұзылуына жол бермейді. Ең маңыздысы, осылайша кеңістікте бағдарлау қабілетін, өздігінше іс-әрекет қимыл жасауға түрткі болып қалыптастырады. Сәби өз бетімен еңбектеп барып, қалауынша әр жерде тұрған ойыншықтарды алады. 7-8 айлығында оған сылдырмақ, резеңке ойыншықтар, құламайтын пластмасса бұйымдары, әр түрлі доптарды, шығыршықтарды қою қажет. Сәби бір ойыншықтан екінші ойыншыққа жетуге ұмтылады, көп жылжиды. Ойыншықтың пайдасы өте көп, бала ойыншықпен ойнау арқылы өмірді таниды. Ал зиянына келер болсақ, қытайдан әкелінген ойыншықтар жайлы айтар едік. Қытай ойыншықтарының екі түрі бар. Біріншісі -- зауытта жасалып, елімізге ресми түрде әкелініп, тексеруден өтіп, сапасы жөнінде сертификаты бар тауар. Ал заңсыз әкелінген ойыншықтардың сапасы жайлы сертификаты болмағандықтан, оларды алуға сақтану қажет. Бояуы тым қанық, алыстан мен мұндалап тұрған ойыншықтар өзі арзан, өзі сапасыз тауар. Себебі бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын, мырыш элементтері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне, әрі кетсе асқазан-ішек жолдарына кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қарағаныңыз абзал.
2 Бала өмірінде ойыншықтардың атқаратын рөлі
2.1 Ойыншықтардың баланын дамуына әсері
Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады. Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Бала ойыншығын ұрсып, жұбатады. Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата- аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қараңғыдан қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сеилтеді. Жатарда жарық сөнгенде де дос ойыншығы баланың қүшағынан табылады. Кейде бала ашуын ойыншығынан алып, қолын жұлып, бұрышқа қойын қояды. Ашуы басылғаннан кейін ойыншыған қолына алып, жұлып тастаған қалың орнына тігіп қояды. Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға
болады.
Шынайы өмірден алынған ойыншықтар.
Қуыршақтар отбасы (жанаурлардың отбасы) қуыршақтың үйі, жиһаз, ыдыс, көлік, қайық, таразы, дәрігер мен шаштараздың құралдары, сағат, темір жол, телефон т.б.
Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін ойыншықтар.
Сарбаздар, мылтық, доп, жастық т.б.
Сонымен қатар шығармашылық қиялы мен өзін ашуға көмектесетін ойыншықтар бар. Олар конструктор, әліпби, үстел ойындарды, қиылған суреттер, бояу, мозаика, жіп, мата кескендері, желім т.б.
Есте сақтыңыз, ойыншықты ауыстыру қажет, себебі бір ойыншықтан бала жалығуы мүмкін. Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт өткеннен кейін қайта шығарсаңыз, баланың қызығушылып қайта оянды.
Матрёшка Дидактикалық ойыншықтарға жататындар: біртүсті және түрлі түсті сақиналардан жасалған конусты күмбездер, бірінің ішіне бірі салынатын әртүрлі тостағандар, бөшкелер, шарлар,матрёшкалар, әртүрлі серіппелі, бұрандалы ойыншықтар т.б. Бейнелік,ишара ойыншықтардың тәрбиелік маңызы зор. Оған қуыршақтар (киім-кешек, үй жиһазы, ыдыс-аяғымен) ; адамдар мен жануарларды, табиғат элементтерін бейнелейтін фигуралар жатады. Бұл қуаршақтар мен ойнаған балалардың қоршаған орта жайлы түсінігі айқындалып, ұғымы кеңейе түседі, ой-өрісі мен қияли дамып, сөздік қоры артады.Текше пішінді балалар ойыншығы
Техникалық ойыншықтар (транспорттық, құрылыстық т.б). Балалардың ойын барасында көп күш жұмсамай-ақ еңбек процесін бейнелеуіне мүмкіндік береді.Конструкциялық ойыншықтар (құрастырмалы, құрастырмалы - алмалы-салмалы) тақырыптық, схемалық, немесе әмбебеп конструкторлар болып бөлінеді. Құрастырмалы - алмалы-салмалы ойыншықтар мектеп жасына дейінгі балаларға арналады. Олар арнаулы бекіткіштер арқылы құрастылатын аздаған бөлшектерде тұрады.
Мәселен мынадай Скейттегі кісі (басқатырғыш ойыншығы), Кертіктері бар доп, Drawing&writingBoard тақтасы, Басқатырғыш - машина,№8024 скейтборд - басқатырғыш, Фотоаппарат, Суда жүзгіш үйрек, Кубиктер, Музыкалық дабыл, QY-148А үялы телефоны, Қамыр сияқты ойыншықтарда стирол концентратының шамадан көп екені анықталды. Стиролмен улану кезінде бас ауыру, бас айналу, ұйқы басу, жүректің шаншуы, терінің қышуы, мұрын мен ауыз қуысы құрғауы, иіс сезу қабілетінің жоғалуы сияқты симптомдары байқалады.
Сылдырмақтар және қатты дыбыс шығаратын ойыншықтардың кейбір түрлері тексерістен өтпеді. Дисней, Kaili жәнеНеваляшка өте қатты дыбыс шығарады. Дыбыстың деңгейден жоғары болуы есту аппаратының зақымдануына және жүйке ауруларына әкеп соғады.
Есту қабілеті балалар үшін ойыншықтың орны бөлек. Ойынды - балалардың жұмысы деп те айтуға болады. Сырт көзге ойнап жүрген бала ерігіп, еш нәрсе істемей жүрген тәрізді; бірақ шындығында олай емес, ол өзін-өзі жетілдіру үстінде; қиялын шыңдап, жаңа ақпаратты қабылдап үйренуде, сөйлеп және тыңдап жаттығуда. Бірақ ойыншық біткеннің барлығы баланың дамуына септеспейді. Ғалымдар кей ойыншықтың баланың аса сезімтал келетін есту органдары үшін аса зиянды екенін анықтады. Белгіленген нормаға сәйкес - шу деңгейі ересектер үшін 85 децибелден аспауға тиіс, мектеп оқушылары үшін рұқсат етілген шу деңгейі 55 децибел, ал кішкентай балдырғандар үшін 45 децибелден асатын дыбыстар зиян болып табылады. Адамдар әдетте 40-60 децибелден аспайтын мөлшерде сөйлейді. Сондықтан да, қадірлі ата-аналар, балаларыңызға дауыс көтермес бұрын оның салдары жайлы әбден ойлап алған жөн. Ғалымдар бірнеше танымал ойыншықтардың шу шығару деңгейін зерттеп көрді. Нәтижесінде кей машиналар мен лазер қару-жарақтың 100 децибелға дейін шу шығаратыны анықталды. Айта кету керек, 140 децибелден асатын шуға тап болған адамның кенет саңырау болып қалуы мүмкін.
Бала табиғаты қызыққыш, сезімтал. Оларды жастайынан ұлттық үлгідегі ойыншықтармен достастырсақ, тәрбие төңірегіндегі біраз даудың саны азаяр ма еді? Қазақ балалары аудиториясына арналған мультфильмдер саны көбейіп, сапасы да ұмыт қалмай, олардың кейіпкерлерін бала ойыншық ретінде қолына ұстап жүрсе, біздің ұтарымыз көп. Бұл ұлттық тәрбие негізін дамытудың төте жолы емес пе? Қалай десек те, ойыншыққа тек баланы қуанту немесе жұбату құралы ретінде қарауға болмайтынын түсінетін кез келді.
Балаларымыз көркем әдебиетке қызықпайтын болды деп дабыл қаққаннан, оның себебіне үңілгеніміз әлдеқайда пайдалы. Ұлттығымызды танытатын ойыншықтармен достасқан сәби ол ойыншық кейіпкері туралы мультфильмді көру арқылы ой-санасын дамытады. Баланың ой-өрісі ұлттық шеңберімізден алыстамай, ұрпақ пен ұлттық мінез сабақтастығы үзіліп қалмай ма? деген қаупіміз де біраз сейілер еді. Ойыншық пен мультфильм кейіпкері арқылы танылып қалған батырлар жыры мен аңыз-әңгіме кейіпкерлері жайлы ертегілер мен ұзақ жырларды оқуға деген қызығушылыққа жол ашылып, балалық шақта қалыптасқан дағды өмірлік әдетке айналуы да ғажап емес. Осылайша, бүгінгі күнге ауадай қажет баланы тәрбиелеудің жүйеленген баспалдағы құрылмай ма?
Ойыншықты сатып аларда міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды. Балаға керек ойыншықтар, олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек.
2.2 Ойыншықтың бала өміріндегі маңызы
Ойыншық - әдейі балалар ойынына арналып жасалған зат. Ойыншықты пайдалану баланың ой-өрісін кеңейтуге онда бейнеленген заттармен өмір құбылыстарына деген ықылас тәрбиелеуге көмектеседі. Ойыншықтармен ойналатын бірлескен ойындарда балалардың өзара достық қарым-қатынастары қалыптасады.
Ойыншық-былай алғанда нәзік зат. Оның өмірі де қысқа. Сол себептен ойыншықтың пайда болған уақытын анықтау өте қиын. Ойыншықтар балаларға деген сүйіспеншілікті, оларды қуантуға, алдандыруға бірдеңені үйретуге деген ықыласты бейнелейді. Ойыншық адам еңбегінің сипатты белгілерін табиғатқа деген сүйіспеншілікті, табиғатты тануды, жануарлардың, құстардың ерекшеліктерінмен мінез-қылықтарын белгілейді.
Біздің елімізде ойыншық жасау мемлекеттік іс болып табылады. Ойыншық тақырыптарына талдау жасау, оларды көркемдеу, балалардың психологиясын, ойыншықтың баланы тәрбиелеуші және дамытуды ықпалын ескере отырып, ғылыми негізде жүргізіледі. Ойыншық икемді болуға балалардың алуан түрлі әрекеттер жасауына мүмкіндік беретіндей болуға тиіс. Ойыншықтарға қойылатын гигиеналық талаптар оларды пайдаланудың қауіпсіз болуын көздейді. Олар берік қауіпсіз бояулармен сырланады. Гигиеналық өңдеуге жууға, дизинфекцияланған ерітіндімен сүртуге, үтектеуге оңай болуы керек. Ойыншықтың ең айқын көрінетіні оның обрызы. Яғни баланы тартатын нәрсе: ойыншық қуыршақ, аңдар, үйі жануарлары, машиналар, ыдыс-аяқ мебель. Обрызды ойыншықтардың үлкен тобын құрайтында осы ойыншықтар.
Сюжетті-образды ойыншықтар тобында орталық орынды қуыршақ алады.
Ойын кезінде балалар қуыршаққа жан бітіргендей болады, онымен сөйлеседі, өзінің сырын, қуанышын айтады, оған қамқорлық жасайды. Қуыршаққа жан бітіретін себебі - ойынның ақиқатына сенеді. Ойыннан тыс мезгілде олар, әрине қуыршақтың тірі емес, ойыншық екенін біледі.
Қуыршақтар әр түрлі болады, көбінесе олар балаларды бейнелейді. Балалар бақшасында түрлі мамандықтың, түрлі ұлттың ересек адамдарын бейнелейтін қуыршақтар да болуға тиіс.
Аңдарды, үй жануарларын бейнелейтін ойыншықтар да сюжетті-образды ойыншықтарға жатады. Сәбилердің сүйікті ойыншығы - мехтан, пүліштен жасалған аюдың баласы жып-жылы, сүп-сүйкімді. Олар ойыншықты еркелетіп досым-дейді. Балалар аюды, қоянды, мысықты, иттерді, лақты тамақтандырады, әлдилеп ұйықтатады, емдейді, олармен бірге серуенге шығады.
Сюжетті-образды ойыншықтардың ішінде ертегі кейіпкерлерін бейнелейтін ойыншықтар (шалқан, үш аю, жеті лақ) ерекше орын алады.Мұндай ойыншықтармен ойнаған кезде ертегі жанданып кетеді. Олар драматизация ойынның қайнар бұлағы болып табылады.
Техникалық ойыншықтар өмірге барған сайын көбірек еніп келеді. Техникалық ойыншықтар мазмұны жағынан алуан түрлі. Олар қозғалыс құралдарын еңбекте пайдаланатын техниканы байланыс пен информация құралдарын бейнелейді Техникалық ойыншықтар балалардың білім құмарлығын конструкциялық ойлау қабілітін творчествасын дамытуға көмектеседі Ермек ойыншықтары аңдардың жануарлардың адамдардың күлдіргі пішіндері Олар бастауын халық ойыншықтарынан халықтық театр ойындарынан алады Олардың мақсаты балалардың көңілін аулау көңілді күлкі туғызу қуанышқа ренішке бірге әсерлену әзіл қалжың сезімін тәрбиелеу. Маскарад шырша огйыншықтары жаңа жылды мейрамдаумен байланысты Шырша ойыншықтары оларды қуанышқа бөлейді шаттандырады нәзік заттарды абайлап ұстауға үйретеді.Маскарат ойыншықтары қайсыбір кейіпкерді болмашы бір жерімен ғана еске түсіреді. Бірақ балалардың ойнауы үшін образға беріліп кетуі үшін соның өзі-ақ жетіп жатыр. Спорттық маторлы ойыншықтар ерекше тип болып табылады,олар дене шынықтыру міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған. Олар балалардың қимыл белсендігін арттыруға, қимыл үйлесімділігін, кеңістікті бағдарлауын, ептілігін, батылдығын дайындауға көмектеседі.
Балаларға эстетикалық тәрбие беру үшін музыкалы және дыбыс шығаратын ойыншықтардың зор маңызы бар. Олар балалардың дыбысқа, әуенге деген ықыласын қанағаттандырады.
Дидактикалық ойыншықтарға ерекше орын беріледі. Олар баланы сенсорлық және ақыл-ой жағынан дамытуға және үйретуге бағытталған. Бұлар халықтық дидактикалық ойыншықтар түрлі-түсті шарлар, пирамидалар, матрёшкалар, саңырауқұлақтар, кеспекшелер, ұсақ ойыншықтар.
Құрылыс ойын материалдарымен ойнау балаларды ой және іс-әрекет бірлігімен, мақсатқа жету құрылыс салу құштарлығымен біріктіреді.
Қолдан жасалған ойыншықтарды балалардың өздері немесе ата-аналар, тәрбиеші жасайды. Ойыншық жасау баланың шамасы келетін әрі қуанышқа бөлейтін еңбек. Қолдан жасалатын ойыншықтар үшін табиғи материал кеңінен пайдаланылады. Қолдан ойыншықтар жасау үшін аса тәуір материал-саз балшық.
Мектеп жасына дейінгі балаларға ойыншықтарды тәртіппен қалдыруға үйрету, оларды ерте жастан ақылға қонымды ықтияттылыққа , ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, маңайындағылардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу деген сөз.
Сәбидің дүниетанымының бай дамуына ойыншық әсер етеді. Ойыншықтар арқылы бала өз сезімін білдіріп, қоршаған ортаны зерттейді. Ойыншық таңдау баланың ең маңызды ісі болып есептеледі.Тек баланың өз еркіне, таңдауына байланысты, көп ойынышықтың арасынан өзіне тән ойыншық табылады.
Әр баланың ойыншығы болуы тиіс. Ойыншық арқылы бала жалғыздықтан арылады. Ата- аналары бір жаққа кеткенде жалғыз қалған бала қараңғыдан қорықпау үшін ойыншығын құшағына алып, қорқыныш сезімін сейілтеді. Әр баланың сырласатын, ұрсатын, жаза қолданатын, аяп, аймалайтын ойыншығы болуы керек. Ондай ойыншық ата-ана бір жерге кеткенде, жарық сөніп ұйықтау кезіндегі қараңғыдан қорқу сияқты жалғыздық қорқынышын ойыншық - досы жеңуге көмектеседі. Кейде ол ойыншықтарға ызаланады, жазалайды, сындырып көрінбейтін бұрыштарға тығып тастайды, бірақ ренжіген кездерінде естеріне алып, жөндейді, өшіріліп қалған көзін, ернен қайтадан жаңартады, жаңа киімдер, құлағын, құйрығын тігеді.
Баланың ойыншығына қарап, оның не ойлап, не сезініп жүргенін анықтауға болады.
Шынайы өмірден алынған ойыншықтар:

Ашуын сыртқа шығаруға көмектесетін ойыншықтар:

Ойыншықты таңдайтын кезде міндетті түрде баланың көзқарасын есепке алу керек. Автомат немесе жартылай автомат ойыншықтар жарамайды. Балаға қандай ойыншықтар тиәмді десек, олардың жан дүниесін аша алуы тиіс болу керек.
1-2 жастағы балаларға арналған ойыншықтар. Олар пластмассалық пирамидалар. Осы ойыншық арқылы балалар ойлау қабілетің дамытады.
3-4 жастағы балалардың ойыншықтарды әр- түрлі болып келеді. Олар конструкторды жинайды. Бұл жастығы балалар шын өмірден алынған сюжеттерді ойнайды. Мысалы: әке - ана, қыз - ана т.б.
5-6 жастағы ойын орындарынан төсек орындары мен шкафтарға аусады. Бұл жастағы балаларды ойлау, қиялдау қабілеті жақсы дамиды. Өз қолдарымен жасаған ойыншықтарды сүйеді. Бала өзін мектепке дайындайды.
Есте сақтыңыз, ойыншықты ауыстыру қажет, себебі бір ойыншықтан бала жалығуы мүмкін. Ескі ойыншықты алып тастап, уақыт өткеннен кейін қайта шығарылса, баланың қызығушылы қайта оянады.
Кішкентай ұлдар мен қыздар жандарына жақын Барби, қонжық, мысық, қоянды өздеріне дос ретінде қабылдайды, өйткені олар адамдарға жақын және түсінікті.
Дегенмен, баланың таным, ойлау қабілеті, өрісі дамуы үшін, үлкендерге еліктеу, ертегі оқиғаларын қайталау үшін өзіндік ойыншықтар жиынтығы болуы керек
Баланың бай эмоционалды әлемі ойыншықтарсыз дамуы мүмкін емес. Олар баланың өз сезімін білдіруге, қоршаған ортаны зерттеуге, өзін тануға және қатынас жасауға мүмкіндік береді.
Ойыншық -- баланың серігі. Бүлдіршіндер ішкі сырларын ойыншығымен бөлісіп, сырласады. Бірақ сауда айналымындағы ойыншықтардың саны көп болғанымен, сапасы мардымсыз. Қазір базардан балаларға қажетті ойыншықтың түр-түрін табуға болады. Аң бейнесі үлгісінде түрлі-түсті матадан тігілген жұмсақ қуыршақтар, асүйлік бұйымдар, үлкен машиналар, Барбилер бөбектерді ғана емес, үлкендерді де еріксіз қызықтырады. Алдымен ойыншыққа ойыншық деп емес, оны бала тәрбиесіне көрсететін құрат ретінде қарау керек.
Бірақ көп ойыншықтың қатарында балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін, ұлттық нақыштағы ерекшелігімізді, салт-дәстүрімізді насихаттайтын отандық ойыншықтар жоқ. Кейбір ойыншықтардан жағымсыз иіс бөлініп, бала денсаулығына кері әсер етеді. Әрісін айтпағанда, қыруар қаржыға келген бұйым әп-сәтте сынып, жарамсыз боп қалады.
Бүлдіршін ойыншығы талғамға сай, сапалы болғаны жөн. Ойыншықты сатып аларда түсіне ғана емес, сапасына, педагогикалық-психологиялық, биологиялық, медициналық қасиеттеріне, санитарлық-гигиеналық, техникалық, механикалық қауіпсіздігіне де назар аудару керек.
Ойыншықтың материалы неғұрлым қарапайым, солқылдақ болғаны жөн. Мұндай үлгідегі ойыншықтар баланы ешқашан жалықтырмайды. Мәселен, доп, кубик, қуыршақ тәрізді ойыншықтар үнемі бүлдіршіннің қолынан түспейді. Егер ойыншықтың материалы ажарлы болса, ол соғұрлым бала мінезінің жақсы қалыптасуына, жаттығуына дағдыландырады. Және бір ескеретін жайт, кейде балалар жаңа сатып әперген ойыншықты сындырып, ішкі құрылысымен танысқанды жақсы көреді. Бұл ойыншық балаға ұнағанының белгісі. Оны бірден бөліктерге бөліп, ішкі құрылысына үңіледі. Осылайша ол өз ойымен түзетуді, қайта құрастыруды үйренеді. Сәбидің жас ерекшеліктеріне қарай ойыншықтар да түрге бөлінеді. Сондықтан ойыншық сатып аларда бала талғамына, жасына қараған абзал.
Ойыншық таңдарда оның қауіпсіздік ерекшелігін қарау керек. Мәселен, 2-3 жасар бала машина мен қару-жарақты қалай қолдану керектігін білмейді. Әрі механикалық қауіпсіздігі жағынан бұл ойыншықтар баланың денесін жаралап, мінез-құлқына, сана-сезіміне әсер етуі ықтимал. Сондай-ақ ойыншық белгілі мөлшерден артық дыбыс берсе, сәбидің жүйкесі бұзылады. Сондықтан әрбір ата-ана ойыншықты сатып алмас бұрын бұл ойыншықпен қалай ойнайды? деген сауалға жауап іздеген жөн.
Бояуы тым қанық, алыстан менмұндалап тұрған ойыншықтардан сақтанған жөн. Себебі бояудың құрамында фенол, формальдегид, қорғасын элементтері бар. Бұл заттар адамның жүйке жүйесіне, көз бен тыныс алу мүшелеріне кері әсер етеді. Бала кез келген нәрсені алдымен аузына салады, сондықтан ойыншық сатып аларда аса ұқыптылықпен қараған абзал.
Ұлттық өнімдер көбейсе...
Балалар ертегілерді жақсы тыңдайды. Егер қазақ ертегілерінің желісімен ойыншықтар жасалса, бұл таптырмайтын сыйлық болар еді. Бүлдіршіндер үшін батырлар асынған қару-жарақ, мінген арғымақ пен киген дулыға-сауыттары қызықты. Тіпті, ен далада жайылған төрт түлік мал мен жануарлардың өзі сәбилердің бір-бір ойыншығы...
Бүгінде әрбір қазақ баласының қолынан көк көзді, жалбыр сары шашты қуыршақ пен шетелдік жаңа үлгідегі машина, соғысуға бейім пистолет, Терминатор тәрізді ойыншықтар көбейіп кеткен. Отандық ойыншықтар болмағандықтан, ата-аналар тез сынатын қытай ойыншықтарына мұқтаж. Ал егер сол қуыршақтар таза жүннен не мақтадан, машиналар ағаштан не темірден жасалған болса, бала кішкентайынан қоршаған орта туралы дұрыс мәлімет алар еді.
Қазіргі түрлі-түсті маталардан тігілген қуыршақтар, Барбилер көзге сүйкімді көрінгенімен, көңілге қонымсыз. Олар тез жыртылып, сынып қалады. Ал кәдімгі жүн, мақта, маталардан тігілген қуыршақтар, әдемі ойыншықтар балалар үшін тиімді. Әрі ата-аналардың көңіліне қорқыныш ұялатпайды.
Ойыншықтың түріне емес, сапасына үңілу керек!
Қазіргі біздің қолданып жүрген ойыншықтарымыздың түрі әдемі болғанмен, сапасы көңілді қанағаттандырмайды.
Өткір иісті, құрамында хлорсутек пен формальдегиді шамадан тыс көп ойыншықтармен ойнаған балалардың ағзасында аталған заттар аз мөлшерде ұзақ уақыт бойы жиналып, бала денсаулығына кері әсерін тигізеді, яғни, тыныс алу органдарын және теріні тітіркендіріп, түрлі аллергиялық ауруларға әкеліп соқтыруы мүмкін.
Қазіргі таңда ойыншықтарды жасауда тек қана табиғи заттар ғана емес, сонымен бірге, алдын-ала гигиеналық сараптамасыз полимерлі (синтетикалық, қосымша шикізат) заттар пайдаланылады. Мұның өзі оның құрамындағы химиялық заттардың аз мөлшерде әсер етуінің өзі ондағы уыттылық әсері екі еселеніп, бала денсаулығына қауіп тудыруы мүмкін. Сол себепті ойыншықты алған кезде оның сыртқы әдемілігіне ғана қарамай, оның химиялық және уыттылық әсеріне де назар аударған жөн. Алдымен, ойыншыққа ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz