Табиғатты қорғаудың тарихи кезеңдері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Оқушыларды табиғатты қорғауға және аялауға тәрбиелеу

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 бет .
І тарау. Табиғатты қорғау және аялау негіздері.
0.1. Табиғатты қорғаудың тарихи кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... 4 бет.
0.2. Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері ... ... ... ... ... 7 бет.
0.3. Қоршаған ортаны қорғау туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... 8 бет.

ІІ-тарау. Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға
және аялауға үйретуде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.
0.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы. ... 11бет.
0.2. Бастауыш сынып оқушыларының бойында
адамгершілік мәдениетін қалыптастыра отырып,
экологиялық тәрбие беру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15 бет.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24 бет.
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25 бет.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі: Қазіргі кезде табиғатты қорғауды жақсарту мақсатында экологиылық баңдарламаны әрі қарай жетілдіру көзделуде. Бұл мақсатты жүзеге асыруда халқымыздың , әсіресе, жамтардың экологияға деген көзқарасын өзгерту шешуші рөл атқарады. Алға қарай табиғатқа тек тұтынушылық жағынан ғана қарап қоймай, оны сақталуына және біреуіне наұтылы жағдай жасау негізге міндет болып табылады. К. Д. Ушинский балай деп жазды: Баланың тәрбиешісі көп, солардың ішіндегі ең жақсысы тәрбиеші табиғат. Табиғат адам баласын азамат ретінде қалыптастыруда таптырмайтын тәрбие құралы.
Табиғатқа қамқорлық бақшасынан басталып, орта және дәрежелері білім беретін оқу орындарында жалғасуы керек. Осы мақсатпен етені республикамыздың көптеген оқу орындарында табиғатты қорғау мәселелерін кеңінен оқыту қолға алына бастады. Еліміздің түпкір түпкірінде өткізілетін конференцияларда экологияның экономикаға ететін әсері кеңірек әңгіме етіледі. Оны ғылыми негізде жүргізу тек қана әрбір семинарда,конференцияда ғылыми техникалық көрмеде ғана емес, күнделікті өмірде табиғат байлығын сақтау мәселесін кеңінен насихаттау керек етеді.
Табиғатқа жаңашыр болу адамзат қоғамына, оның келешегіне жаңашырлық жасау болып табылады. Сондықтан да, табиғат қорғау мәселелерін негізінен мектептен бастап, жоғарғы оқу орындарын бітіріп, халық шаруашылығына жолдама алатын мамандардың өзімен бірге ала жүретін төл ісіне айналдыру қажет.
Ол үшін ең алдымен, оқушыларға мектептерде білім беретін оқу орындарында табиғатты қорғау ғылымы өз алдына сабақ болып жүрсе дейміз.
Мектеп оқушыларының табиғатқа көзқарасын қалыптастыру міндетті. Бұл міндеттер табиғатты қорғауды оқыту арқылы шешіледі.

Зерттеудің мақсаты: Табиғатты сақтау талаптарын ескере отырып, оқушылардың табиғаттағы жеке мінез құлық мәденитін, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныптардағы дүниетану

Зерттеудің міндеттері:
- оқушылардың бойындағы адамгершілік құндылықтарын дамыту.
- экологиялық тәрбие берудің тиімді жолдарын қарастыру.
- экологиялық тәрбие беруді, ұлттық педагогикамен байланыстыра
отырып тәрбие беру.

І тарау. Табиғатты қорғау және аялау негіздері.
0.1. Табиғатты қорғаудың тарихи кезеңдері.
Алғаш рет ғылыми әдебиетте табиғат қорғау мәселесін педагогикалық тұрғыдан профессор В. Н. Скалон қарастырды. Ол : Гүлденген, мол табиғат арман емес , бұл шындық , ал оның мүлтіксіз сақталуы бізге байланысты ... .. Кішкентай кезінен балаға жануар болсын, өсімдік болсын, барлық тірі дүниеге аяушылық сезіммен қарауды үйрету керек, сонда барып адамгершіліктің негізі қаланды, дейді.
Әрбір адамның табиғатқа қарым қатынасы, өзіндік сыртқы ортамен байланыстың қалыптасуы тәрізді, тұлғалық іс әрекеті болып табылады. Профессор А.П.Сиделковскийдің пікірі бойынша: Адам баласының тіршілігінде болатын басқа да қарым қатынас түрлері тәрізді сыртқы ортамен байланысын күрделі де тұтас адамның практикалық іс әрекетінде және психикасында көрінеді., делінген.
Көптеген ғалымдар адам баласының сыртқы ортамен қарым қатынасын қайта қарауды оның технологиясына емес, адамдардың психологиясынан бастауды жөн есептейді.
Белгілі академик В.Соколов экологиялық тәрбиеші имандылыққа тәрбиелеудің бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, психология, педагогика ғылымы адам мен табиғаттың арасындағы қарым қатынасты толықтай реттеп алады деп атап көрсетеді: Адам мееен табиғат тың арасындағы қарым қатынасы өзара түсінушілікпен, сыйластықпен жүруі керек, белгілі бір сәйкестік тауып отыру қажет. Мұндағы басты бағыт адам балысын тәрбиелеудің жоспарлы да үздіксіз жүруі.Қоғам мен табиғаттың арасындағы болатын қарым қатынас туралы білім беру әр адамның практикалық іс әрекеттерінде басшылыққа алатын дағдыларын қалыптасырады. Экологиялық тәрбие деп адамның қоршаған ортаға саналы, табиғатқа ұқыпты түрде қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттігін түсінетін, табиғатты қршауға белсене қатысатын көзқарастарды қалыптастырумызды айтады.
Экологиялық тірбие беру мәселесі барынша күрделі, сан қырлы дәне өте маңызды болғандықтан, соңғы кездері философтардың, педагогтардың және психологтардың назарын аударып отыр.
Адам табиғаттың өзара қатынасындағы пайа болған қарама қайшылықты жою қажеттігі қазіргі кезде бүкіл адамзатты байыпты ойлауға мәжбүр етеді. Бүкіл әлемдік экологиялық мәселені шешуге үлес қосу ғылым сен техниканы міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогикамен мектептіңде басты игілікті борышына айналуда. Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы деп сезініп келген адам бойындағы оған деген тұтынушылық пайдакүнемдік қатынасын психологиялық тұрғыдан қайта құру ақжеттігі туып отыр.
Оқушылаға экологиялық тәрбие берудің басты міндеттері мен өрісін белгілеуде академик И.Д.Зверев еңбектерінің орын ерекше . ол : экологиялық жүйелерінің, көзқарас пен сенімдерді, адамгершілік нормаларына сәйкес қоршаған ортаның хал - жағдаын азаматтық белсенді қатынастарды қамтамасыз ету болып табылады, -деп отырып, оның педагогикалық теориясы мен практикасындағы жаңа сала екендігіне баса назар аударды.
Ғалымдардың негізгі бөлгі экологиялық тәрбие берудің нәтижесін жеке адамның іс-әрекетінде байқалатын, қоршаған ортаның жай күйіне деген моральдік жауапкершіліктің белгілі деңгейінің қалыптасуы, экологиялық сеім мен мәдениеттің болуы табиғатқа қарым-қатынасындағы мұраты мен этикасының қалануы деп атайды.
Оқушылардың экологиялқы білімді игеруі көптеген жағдайларға оқыту әдіс-тәсілдеріне, эмоционалды білім берудің деңгейіне, оларды табиғат қорғауға белсенді қатыстыруға да байланысты. Орта мектепте оқушылардың тұрақты экологиялық сауаты болуы үшін белгілі бір табиғат құбылыстарын түсіндіріп теориялық білмдерін парактикалық жұмыстарымен ұштастырған абзал. Таным ықыласын қалыптастыру мақсатында сабақта эмоционалды материалды, жаңа фактілерді қолданған тиімді. Жаңа материалды түсіндіру алдында проблемалық маңызды сұрақтар қойып, пікірталас тудырудың тиімді екенін тәжірибе көрсетті.
Атақты педагог Б.М. Кудрявцев экологиялық тәрбиенің психологиялық табиғатын қарастырып, оны жүйелік жолмен іске асырудың қажеттілігіне ерекше мән берді. Ол табиғатты қорғауға жұмылдырудағы адам бойындағы икемнің нешгізгі мына бөліктеріне баса назар аударды.
Оларды төмендегіше жіктеді:
l.Интелекттік компоненті: сенім негізіндегі экологиялық білімді дүниетанымдық сипаттағы интеллектіліктілік іскерлікті ойлау тәсілдері арқылы меңгеру.
2. Жеке даралық компоненті: қатынас пен бағалаудың себебі - табиғат қорғау әрекетіне мақсат қою және олардың себептік дәлелі, моральдық бағыттылығы, табиғаты қорғау қажеттілігіне және адамзаттық бұл қажеттілікті ұғыну сенімі.
3. Ішкі дайындығы: ықылас, ниет - субьектінің өзіндегі бар біліміне сәйкес әрекеттенуге талаптылығы ұстанған жолын нақты іске, әрекеттке айналдырудағы дайындығы.
Профессор А.Н. Захлебный жалпы білім беретін орта мектепте экологиялық тәрбие жұмысында екі әлеуметтік сақатқа жетуді өзі ұсынды:
oo Оқушылардың жеке мінез - құлқында және әртүрлі іс-әрекетінде табиғи ортаға жауапкершілік қатынас нормаларын сақтау қажеттігін тәрбиелеу.
oo Қоршаған ортаны жақсарту мен қорғауда оны оқушылардың ұқыптылықпен пайдалану дағдысын, сонмен бірге табиғатқа сырпашылдық сипаттағы барлық көрініске төзе алмайтындай қарым-қатынаста тәрбиелеу.
Алғаш рет l977 жылдың қазан айында Тибилиси қаласындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары өткізген қоршаған ортаны қорғау проблемасына арналған үкіметаралық конференция орта және жоғары мектептерде барлық пәннегізінде табиғат қорғау мәселелерін оқытуды ұсынады.
Қазақстанда алғаш рет l99l жылы тамыз айында Табиғат қорғау туралы жаңа заң қабылданып күшіне енді. Онда экологиялық білім және тәрбие беру мынадай тармақтардан тұрады:
l. Республикалық халыққа білім беру органдары табиғатты қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын тәрбие және білім беру жүйесін іске асырады.
2.Жалпыға бірдей кешенді және үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мектепке дейін, мектептегі білім мен тәрбие берудің, жоғары және арнаулы оқу орындарында болашақ кадрларды, мамандарды кәсіптік жағынан даярлаудың, олардың біліктілігін арттырудың бүкіл процесін қамтиды, 64-бапта білім беретін мекемелерде міндетті түрде экологиялық білім берудің қажеттігі айтылған.
Қазақстан Республикасында экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негізіне өркениетті елдің өзін-өзі қолдап, тұрақты дамуы жатады. Бұл тұжырымның негізгі Біріккен Ұлттар ұйымы ұйымдастырылған қоршаған орта және даму РИО-92 конференциясында қабылданды.
Экологиялық білім берудің ғылыми негізіне ғылым және оқу пәні ретіндегі экологиялық мазмұны, ұғымдары мен заңдары жатады.
Экожүйенің қалыптасуы мен даму принциптері жалпы сипатта болуына экологиялық білім және тәрбие берудің барлық кезеңіне жарай береді. Қазақ орта мектебінің экологиялық білім мазмұнын анықтайтын принциптер мен оған қойылатын негізгі таптарында Экологиялық білім мазмұны оқушының ішкі даму заңдылықтарына, оның сыртқы дүниемен жеке символдық жүйе, адам - қоғам, адам қоршаған орта жүйелері арасындағы қарым - қатынас бір-біріне сәйкес келуі керек, - деп атап көрсетілген.
Экологиялық білім және тәрбие деп адамдардың сыртқы ортаға саналы, табиғатқа ұқыпты қарап, оның байлықтарын үлкен парасаттылықпен пайдаланылатын, табиғи шикізатты байыта түсудің қажеттігін түсінетін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын көзқарас қалыптастыруды, табиғат қорғаудың ғылыми негіздерімен қалыптастыруды айтамыз.
Оқушыларға экологиялық білім бере отырып, бір мезгілде табиғат
қорғауға тәрбиелейміз. Себебі экологиялық білім және тәрбие бір-бірін айыруға болмайтын тұтас процесс.
Жалпы білім беретін орта мектептегі экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық мәселелерін зерттей келе мынадай басты принциптерге тоқталамыз:
l. Оқушының экологиялық білім және тәрбиесін қалыптастырудағы пәнаралық тәсіл.
2. Экологиялық білім берудің жүйелігі мен үздіксіздігі.
3.Оқушылардың қоршаған табиғи ортаны оқып үйренудегі және көркейудегі интелектуалды және эмоциялық негіздегі іс-әрекеттің бірлігі.
4.Экологиялық білім беру мәселесін әлемдік, ұлттық және өлкелік деңгейде қарастыру.
Осы аталған принциптерді сақтайтын болсақ, табиғат қорғауды және соған тәрбиелеу жұмыстары оң нәтиже береді.

0.2. Табиғатты пайдалану мен қорғау негіздері
Біздің еліміздің табиғат байлықтары орасан зор, олар халық қажетін қанағаттандыру әрі шаруашылығы дамыту үшін қажеттің бәрін береді. Дегенмен, бұл байлық қаншалықты мол болғанымен, оны сақтай біліп, дұрыс пайдаланбаса, уақыт өткен сайын ол да сарқылады. Сондықтан табиғат байлықтарын қорғаудың аса зор маңызы бар. Қазақстанның табиғатты қорғау жөніндегі заңдары. Еліміздің табиғат байлықтарын дұрыс пайдалану мәселесіне зор көңіл бөліп, 1918 жылдың өзінде-ақ табиғатты қорғайтын арнаулы комитет ұйымдастырды. Соның нәтежесінде табиғат байлықтарын дұрыс пайдалануға және қорғауға бағытталған алғашқы заңдар белгіленіп қабылданды. 1962 жылғы 16 маусымда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қазақстан табиғатын қорғау туралы жарлығы шықты. Жарлықта пайдалы қазбаларды, суды (жер беті мен жер асты сулары), ормандар мен құстар, атмосфералық ауа, топырақ, сирек ландшафтылар және тағы басқаларды қорғау қарастырылды. Жарлықта қосымша арнайы нұсқау жазылып, онда әр түрлі табиғат байлықтарын пайдалану, орман, топырақтың құнарын сақтау, ауа мен су қоймаларын қорғау, балық аулау мен аңшылық туралы ережелер бар
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы туралы Жарлығы - 2003 жылы 3 желтоқсан күні Астанада қабылданды. Осы жарлықта бүгінгі ғаламдық және Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етумен бірге елдің экологиялық дамуы жөніндегі мемлекеттік шаралардың кешені айқындалды.
Табиғатты қорғау мәселесіне қазірде де зор көңіл бөлінуде. Халықаралық табиғатты қорғау одағының шешімі бойынша әр елде табиғат қорлары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін, құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктердің түрлері есепке алынған. Біздің елде Қызыл кітап 1978 жылы ұйымдастырылған. Мұнда аңның 21 түрі және осы тектес түрдегі кездесетін аңдар мен торғайлардың 8 түрі көрсетілген, оларды сақтап қана қоймай, бұлардың санын көбейтудің барлық шаралары қолданылады. Қалпына келтірілген жануарлар мен өсімдіктердің түрлері Қызыл кітаптан алынған.
Табиғатты қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың екі бағыты бар: мемлекеттік және жалпыхалықтық. Мемлекеттік бағыт тиісті заңдармен, әрі үкіметтің қарарларымен анықталса, ал жалпыхалықтық бағыт өзінің тікелей қатынасуымен және қоғамдық ұйымдар арқылы іске асырылады. Табиғатты қорғау ісіне тікелей қатынасудың қажеттілігі. Республика табиғатын қорғау ісіне барлық азаматтар ат салысуы тиіс. Табиғатты қорғау саласында арнайы кұрылған ұйымдардың ішінде Қазақстанның Табиғат ко-митеті көрнекті орын алады. Бұл комитет табиғатты қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен ұйымдардың жұмысын үйлестіріп, бір мақсатқа бағыттал, республикалары экологиялық дағдарысты шешуге жұртшылықты жұмылдырады. Елімізде Табиғат қорғау қоғамы жұмыс істейді. Табиғат қорғау саласында әсіресе қоғамның жас мүшелерінін белсенділігі ерекше. Олардың көмегімен республикада жыл сайын көптеген бақтар мен саябақтар ірге көтереді, ондаған тонна мәдени өсімдіктердің түқымдары мен дәрі-дәрмектік өсімдіктер жиналады. Құстар күнін, Орман мен бақ айлығын, Сабан той өткізу мектеп өмірінде дәстүрге айналған. Көптеген мектептерде Жас орманшы, Су сақшыларының штабтары құрылды, республикада мектептік орман шаруашылықтары жұмыс істейді. Республика табиғатын корғауға тікелей қатынасып, әр азамат материалдық жөне эстетикалық маңызы бар табиғи ортаны сақтауға, көркейтуге өз үлесін қосады.
0.3. Қоршаған ортаны қорғау туралы түсінік.
Жер планетасының ғасырлар бойғы барлық жануарлар дүниесі мен адамзат баласы үшін тіршілік негізі - таза ауа. Ол тек өсімдіктер дүниесінен бөлініп шығатын оттегі. Бізді қоршаған тропосфералық ауа қабатының 20,9% осы оттегіден тұрады, ол тұрақты ең қажетті газдың бірі. Су оттегін бөліп шығаратын негізгі жасыл фабрика - көпжылдық ағаштар.
Қазақстан аумағының 3,8 %-ын орманды жер алып жатыр. Қазақстан - 2030 стратегиясында бұл көрсеткішті 5,1 %-ға дейін көтеру жоспарланған.
Кейінгі жылдары республикамыздың орман қоры аумағында 2257 орман өрті орын алды. Бұл өрттердің 70 %-ы отты дұрыс пайдаланбаудың салдарынан болған.
Өрт 4 млн. текше метрге жуық ағашты жойды. Ірі орман өрттері Шығыс Қазақстан, Павлодар, Ақмола, Қарағанды, Алматы облыстарында болды.
50 мың гектар орман алқабында зиянкестер мен ағаш аурулары анықталды. Ең ірі орманды аумақтар - Шығыс Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарында. 1997 жылы орман заңын бұзушыларға қарсы 500 іс тіркелді.
Қазақстан солтүстігінде өзенді жағалай өскен ормандары мен оңтүстігіндегі тоғайлары жеке-жеке алқаптар болып есептеледі.
Барлық таулы жерлердегі ормандардың топырақ пен су қорғауға тигізетін әсері көп. Олардың арқасында тау бөктерлерінің шымы қалпында сақталып, су ағысы біркелкі мөлшерде реттеліп отырады.
Қазақстандағы орманның жалпы көлемі Қазорман шаруашылығының мәліметі бойынша 1998 жылы 24568,4 мың гектар болды.
Соңғы жылдары орман шаруашылығын қаржыландырудың қысқаруынан, орманды күтіп ұстаудың жағдайы күрт төмендеп кетті. 1997 жылдың 10-шы айында ірі өрттен 170 мың гектардан астам орман өртенді. Мысалы, Баянауыл ұлттық бағының ерекше қорғалатын аумағының 12,1 гектары өртеніп кеткен.
Бақылау қызметінің қысқаруынан және қазіргі техниканың көптеген орман қорғау кәсіпорындарында іс жүзінде жоқтығынан зиянкестер ошағы мен орман аурулары көбейіп барады.
Орманның азып-тозуы антропогендік және табиғи факторлардан туындайды. Мысалы, Қызылқұм шөлейт даласын суаруға Сырдариядан су алуға байланысты жер асты суларының деңгейі төмендеп, бұталы ағаш өсімдіктерінің жағдайы нашарлап, бұл жер сексеуіл өсіруге жарамсыз болып қалды. Малды жөнсіз бағудан шөлейттегі орман едәуір зардап шекті. Далалық орман, ең алдымен аса бағалы қарағайлы орман ретсіз кесуден таусылған. Өзендердің реттеліп тежелуінен және өрттен тоғай қатты азып-тозып кетті. Оның ішінде сирек кездесетін биогеоценоз - тораңғы да таусылып бітті. Сондықтан Шардара ауданында соңғы онжылдықта осы тұқымның 30 %-ын маңызы шамалы шеңгел тобы ауыстырған. Жоғары табиғи таулы жердегі ерекшелігіне қарай тау орманы өрттен көп зардап шекті.
Республика ормандарында қалыптасқан экологиялық нашар ахуал және тозу процестері орман ресурстарын сақтап, ұтымды пайдалану жөнінде шұғыл және кесімді шараларды қаблдауды талап етеді.
1993 жылы қабылданған жаңа Орман кодексі Қазақстан Республикасының құқықтық және экологиялық жағынан орманды қорғауға, шаруашылықты ұтымды жүргізуге ынталандыруды белгілі шамада арттырды.
Халық шаруашылық маңызы бойынша Қазақстан ормандарын үш топқа бөлуге болады.Бірінші топқа жататын ормандар 18,7 миллион гектарды алып жатыр. Бұларға егістік қорғауға орналған, топырақ қорғау, су қорғауға арналған орман алқаптары, қалалар мен өндіріс орындарының айналасындағы, курорттық ормандар, өзендер, тас жол, темір жол жиегіндегі және мемлекеттік қорықтардың ормандары жатады. Бұл ормандарды кесуге тыйым салынған. Тек күтіпбаптау, тазалық және орманды қалпына келтіру кезіндегі кесулер ғана жүргізіледі. Бірінші топқа жататын ормандарды қорғауда оларды тиімді пайдалану мен өсірудің маңызы зор.
Қазақстан ормандарының басым көпшілігі - Тянь-Шаньнің таулы ормандары, Ертіс маңындағы таспалы тоғай, Қазақстан қатпарлы өлкесінің қарағайлы-қайыңды ормандары, Солтүстік Қазақстанның қайыңды ормандары, тоғайлар мен сексеуіл ормандары.
Екінші топқа су қорғауына алынған ормандар, аз орманды, орташа орманды жерлердің орындары жатады. Бірақ ағашты кесу мөлшері жылдық өсімге сәйкес анықталады. Қазақстанда бұл топқа 591 мың гектар жерді алып жатқан Шығыс Қазақстан облысының жерлері жатады.
Үшінші топқа орманды жерлерде орналасқан барлық ормандар кіреді. Бұл жерлерде өндірістік орман дайындау жұмыстары жүргізіледі. Республикамызда оларға Кенді Алтайдың таулы ормандары, Шығыс Қазақстан облысында - 1,5 миллион гектар жерді алып жатқан ормандар кіреді. Сексеуілдің үлесіне барлық ормандардың аумағының 50 % сәйкес келгенмен, олардағы ағаш қоры бар болғаны 2,1 % ғана. Бағалы қылқанжапырақты ормандар Алтай мен Тянь-Шаньде, Ертіс маңындағы таспалы тоғай мен Қазақстанның қатпарлы өлкесінде өседі. Ағаш қоры мен көлемі бойынша Шығыс Қазақстанның қылқанжапырақты ормандары бірінші орында. Олар самырсын, шырша, кедр ағаштарынан тұрады. Екінші орында шоқ қарағайлы ормандар, үшінші орында - Тянь-Шань шыршасынан тұратын таулы ормандар тұр.Орман шаруашылығының ғылыми-зерттеу институтының есептеулері бойынша Қазақстанның облыстарында болашақ қорғаныштық ормандар отырғызу қажет.
Солтүстік Қазақстан облысында ормандарды егістік жерлердің көлемінен 1,6 %-ға жеткізу, Павлодарда - 4,0 %, Ақмолада - 3,8 %, Ақтөбеде - 3,9 % жеткізу жобаланған.
Егістікті қорғайтын ормандардың көлемін солтүстік және батыс облыстарда 3,3 %-ға дейін көтеру керек.
Оңтүстіктің суармалы егістік жерлері мен оңтүстік шығыста орман белдеуіне 3,5 %-ды жер берілуі қажет. Қазақстанның егістік қорғауға арналған орман белдеуін 3 %-ға дейін жеткізу көзделіп отыр. Қазіргі кездегі табиғи және жасанды ормандар 3,6 % құрайды. Республиканың жалпы орманын шамамен 6-7 %-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл экологиялық тұрғыдан негізделген. Республиканың орман өсіру жұмысын тек белгілі бір экологиялық шектеулі мөлшерде және бұрын орман өскен жерлерде жүргізу қажет.
Барлық нәрсенің өз орны болады: су көп жерлерде - орман мен шалғындық, құрғақ жерлерде - даланың шөптес өсімдіктері басым. Далалы жерлерде орман отырғызу тәжірибесі оның тиімсіз екенін көрсетті. Бұл ағаштар он бес - жиырма жасқа жеткенде өздігінен кеуіп кетеді. Олай болса, адам экология заңдарын танып білуі, дұрыс пайдалануы қажет. Өйткені ешкім бұл заңды өзгерте алмайды. Әлі де болса, Қазақстанның ормандарының экологиясы толық зерттелмеген. Болашақтағы орман өсіру мен қалпына келтіруді экологиялық тұрғыдан қарау керек.
Кейінгі кездерде біз тұрып жатқан Қарағанды қаласының кейбір көшелеріндегі жиырма - отыз жалдан бері жайқалып өсіп тұрған ағаштарымызды ортан белінен аралап кесіп, жапырақсыз қалдырып жатырмыз. Ол - өзімізге өзіміздің жасаған қиянаттың бірі. Отыз-қырық жыл бойы өскен бір түп ағаш он адамға бір жыл бойы дем алатын оттегін бөліп шығаратыны белгілі. Бір автокөлік бір мың шақырым жүріп өткенде бір адамның бір жыл бойы дем алатын оттегін жағатындығы анықталды. Сонда қаламыздың эстетикалық көркемдік жағын әсемдеумен қоса, жылдан-жылға көбейіп келе жатқан автокөліктерден бөлініп шыққан көмірқышқыл газын жұтып, оны оттегіне, яғни таза ауаға айналдырып отырған жайқалған желектердің көлденеңінен кесіліп қалған қысқа ғұмыры адамзат баласының қайсысын болсын толғандырады.Облысымыз бойынша орман-тоғай, көкмайса шабындықтарды қалпына келтіру жағдайы әлі де болса баяу жүріп жатыр. Табиғатты қорғау басшылықтары қоршаған ортаның ластануына мән бермейді. Қаламыздың орталық базарларындағы барлық қоқыстарды, қағаз қалдықтарын өртеу адам тынысын тарылтып, еркін дем алуына кедергі келтіріп отыр. Ондай көк түтін адамның тыныс органдарының ісік ауруына әкеліп соқтыруы да мүмкін.Қала ішінің таза ауасы мол болуы үшін қала көліктері электр қуатымен жүретін трамвай мен троллейбустарға көшірілсе, өте жақсы болар еді.Облыс орталығы әр аудан орталықтарымен жалғасатын күре жолдардың екі жақ беткейі жаз бойы өртеніп жосылған көк түтін мен қара күйеге малынып жатады. Оған тыйым салып, қалай өртеніп жатқанына көңіл бөлетін ешбір жан жоқ. Сонда облысымыздағы табиғат қорғаумен айналысатын адамдар қайда қарап отыр деген сұрақ туады.
Ауылдық жерлерде, ауыл маңында, шабындық өлкелерде жас ағашты ормандарда басталған өрт екі-үш тәулік бойы жанып жатады. Оған ауыл адамдарының шамасы келмейтін уақыттары да бар. Сондықтан олар аудан орталығынан, облыстан көмек сұрайды. Ол көмек жеткенше талай жердің шөбі, орманы қызыл тажалдың құрбаны болып кетеді. Одан бөлінген қаншама улы көмірқышқыл газы түгелдей атмосферадағы озон қабатының жұқаруына әсер етеді. Озон қабатының жұқаруы салдарынан әлемдегі атмосераның жылынып кету қаупі бүгінгі таңдағы ең елеулі мәселелердің бірі болып отыр.
ІІ-тарау. Бастауыш сынып оқушыларын табиғатты қорғауға және аялауға үйретуде тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану.
0.1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің маңыздылығы.

Қазіргі уақытта жас ұрпақтың жеке тұлға болып қалыптасуына ізгілік, ғылымилық, жүйелілік ұстанымдарына негізделген үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құру, оның тәрбиелік мүмкіндіктерін саралау өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Табиғатпен таныстыру - балалардың танымын дамытудың басты құралдардың бірі. Мұнда балалардың қоршаған орта жөніндегі ұғым түсініктерін байытатын жалпы және нақты ғылыми мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында Табиғат - бүкіл тіршілік атаулының алтын ұясы, тал бесігі, өсіп-өнер мекені екендігі жөнінде нақты түсініктер беріледі. Бастауыш сынып балаларының тірі және өлі табиғатқа деген сүйіспеншілік қарым-қатынасын тәрбиелеу мақсатында табиғатпен таныстыру, яғни табиғатты қорғау - экологиялық тәрбие мен білім беру жұмыстары жүргізіледі.
Экологиялық тәрбие жаңа категория, ол экология ғылымымен және оның тармақтарымен тікелей байланысты. Ал классикалық экологиядағы негізгі түсініктер мыналар: а) жеке алынған ағзаның өзінің өмір сүру ортасына ие болған бір аймақтағы экожүйелердің қызметі; ә) өмір сүретін тірі ағзалардың қоғамдастығы және олардың өзара бір-бірімен қарым-қатынаста болуы.
Бұл екі ұғым бастауыш сынып оқушыларының қоршаған орта, табиғат жайындағы түсінігін дамыту арқылы көзқарасын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қоршаған ортаға деген жағымды қарым-қатынасты айқындаудың бір формасы баланың күнделікті іс-әрекеті. Демек, экологиялық тәрбие үрдісінде көрініс табатын іс-әрекеттің мынадай түрлерін атауға болады:
- табиғаттағы әр түрлі оқиғаларды бейнелейтін немесе табиғатты қорғау, көркейту іс-әрекетін білдіретін әңгімелер;
- мектеп алаңында (табиғаттағы еңбек) тіршілік объектілері үшін немесе оларды күтіп-баптауды жүзеге асыру, сондай-ақ, заттарды қайта өңдеу (кітаптарды және т.б. жөндеу) іс-әрекеті;
- табиғаттан алған әсерлерін және адамдардың табиғаттағы іс-әрекеттері негізінде бейнелеу өнерінің туындыларын жасау;
- табиғатпен тілдесу, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің объектілерімен еркін түрде байланыс жасау - бақылау, оларды зерттеу, күтіп-баптау іс-әрекеті, қолға үйрету мен белгілі-бір жағдайға бағындырып үйретуді қамтитын кешенді іс-әрекет;
- тәжірибе жасау - бақылау нәтижесндегі өз пікірін айтумен сабақтасып келген іс жүзіндегі танымдық іс-әрекет;
- сұрақтар, хабарламалар, әңгіме, сурет салу, хат жазу;
- табиғатқа байланысты кейбір мәліметтер мен қызықты да құпия әсерлер жөнінді пікір алмасу, әңгімелесу арқылы табиғат жайындағы түсініктерін айқындау;
- бақылау - өз бетінше дамытумен бірге табиғат туралы және табиғаттағы адамдардың іс-әрекеттері жөнінде мәліметтерді алуды қамтамасыз ету;
- табиғат жайлы мазмұндағы телехабарларды, суреттерді көріп тамашалау, шағын шығармалар оқу балалардың табиғат жөніндегі қалыптасқан түсініктерін айқындайтын және жаңа ықпал ететін іс-әрекет түрлері.
Баланың табиғаттан алған әсерін әңгімелеп, суреттеп беруі оның қиялына қанат бітіріп, табиғат жөніндегі түсінігін айқындауға ықпалын тигізеді. Табиғаттағы әдемілікті сезініп, қабылдау дағдысы өзінен-өзі келе қоймайды, оны дамыту, жағымды іс-әрекет түріне айналдыру ата-аналардың және ұстаздардың көмегімен жүзеге асырылады. Демек, оларды өз бетінше әрекет жасауын бақылау, оның мазмұнын талдау балалардың жеке басы ерекшеліктерінің экологиялық тәрбиелілігінің деңгейін анықтауғы мүмкіндік береді. Мұндай іс-әрекет түрлері арқылы баланың жеке тұлға ретіндегі дамуын оның экологиялық тәрбиесімен тікелей сабақтастықта байланысты руға болады. Балалармен экологиялық бағыттағы іс-әрекет түрлері кезінде нақты нәтижелерге қол жеткізу ұстаздың кәсіби шеберлігін танып, экологиялық тәрбие жұмысы кезінде тиімді әдіс-тәсілдерді игеруін қамтамасыз етеді. Сол себепті балалардың экологиялық тәрбиелілігінң деңгейін көтеруге олардың тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамытуда пайдалануға болатын мынадай әдіс түрлерін ұсынамыз.
Тіршілік иелерінің өміріне қажетті түғызу және қолдау әдісі балаларға экологиялық тәрбие берудегі басты әдіс түрі болып саналады. Ол балалардың тәжірибе жасау дағдыларын, икемділіктерін айқындауға бағытталған. Объектілерді бақылау - өсіп-өндірудің нәтижелері қалыптаса бастаған дағдыларды бағалауға бағыт береді және оларға сипаттама беруді қамтамасыз етеді. Экологиялық тәрбиеде жақсы нәтижеге жету - осы әдіс түрінің тәжірибе мен моделденген іс-әрекетінің бір-бірімен байланыста болуында. Сондай-ақ, заттарды күтіп-баптауда, оларды жөндеуде және жаңартуға қатысу балаларға қажетті тәжірибелік дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.
Бақылау - табиғаттағы сезімдік тұрғыда тану әдісі, мақсатқа бағытталған қабылдау, сезім мен тиімділіктің бірлігі көрінетін танымдық күрделі үрдіс. Ол табиғатпен, тіршілік объектілерімен, қоршаған ортамен тікелей байланыста болуды қамтамасыз етеді. Табиғи объектілер мен табиғат құбылыстарын бақылауды ұйымдастыру балаларды табиғатпен таныстырудың негізгі тәсілі болып табылады. Ұзақ мерзімді бақылаулаларды ұйымдастыру - өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру ортасымен өзара байланыста болу, балалардың сол ортаға деген бейімділігін танудың алғы шарты. Бақылау балаларға табиғат жөніндегі нақты түсініктерді меңгертіп, ойлау қабілетін, тілін дамытады. Өсімдіктерді, жәндіктерді, құстарды бақылау арқылы бала көптеген жаңалықтарға тап болады. Ал жүйелі бақылау баланың жеке басының байқампаздығын аңғартады, осының әсерінен баланың дүниетанымы кеңейіп, қоршаған ортаға деген өзіндік көзқарасы пайда болып, білуге деген ынтасы арта түседі.
Табиғатты бейнелеу әдісі - экологиылқ тәрбие жүйесіндегі өзіндік орны бар әдіс түрі. Мұнда балалар табиғат көрінісін, кәсіби шеберлер дайындаған көркемдік суреттерді, музыкалық және әдеби шығармаларды тамашалап, табиғат күнтізбесімен жұмыс істеп, бейнелеу өнері туындыларымен таныса алады. Табиғатпен тікелей байланыста алынған халқымыздың ұлттық тұмыс бұйымдары балалардың ол жөніндегі түсініктерін кеңейтіп, олармен жақын танысуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл әдіс түрі арқылы табиғат адамдарға жоғары дәрежедегі рухани байлық, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, олардың сезімдеріне әсер ету арқылы әсемдікті сақтай білуге итермелейтіні жөнінде ұғым қалыптастырады.
Тіл дамыту іс-әрекетінде үлкен ерекшелік үлесіне қарай табиғатты бейнелеу әдісінен сөздік әдеби әдісін өз бетінше бөліп қарауға болады. Сөз белгілі бір формада және деңгейде кез келген іс-әрекетті қолдайды және ол экологиялық тәрбиеде үш маңызды қызмет атқарады. Мәселен, диалог түрінде (әңгіме де, пікір алмасуда) үлкен мен баланың қарым-қатынасында табиғат туралы және ондағы адамдардың іс-әрекеті туралы түсініктердің көрініс табуымен нақтыланады. Монолог арқылы (мұғалім әңгімесі, кітап оқуы) балалар білімінің жаңа саласына енеді.
Жоғарыдағы әдістерді саралай келіп, балалардың экологиялық тәрбиелілігінің деңгейі мен тұлға ретіндегі экологиялық білімін дамыту мақсатында жүргізілетін мынадай жұмыс түрін ұсынамын:
- мектептің, туған қаласының орнын картаға белгілеп, ұстаздың көмегімен желімдеу;
- теңіздер мен мұхиттар жөнінде түсініктер беру;
- өздеріне таныс қалаларды үлкен жалаушалармен белгілеу;
- экологиялық таза емес аймақтарды белгілеп, желімдеу.
Картамен жүргізілетін мұндай жұмыс түрлері балалардың алғашқы географиялық танымдарын қалыптастырып және оқу іс-әрекетінің бастапқы дағдыларын игере білуге, өз елінің кейбір экологиялық жағдайларын танып білуге мүмкіндік береді. Осы бағыттағы жұмыс түрлерін балалар үлкен құлшыныспен, қызығумен ынталы атқарады және ересектердің түсіндіргенін, құрдастарының жауаптарын тыңдап, ұжымдық әңгімеде, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоршаған ортаға әсерді басқару, бақылау
Экология және экологиялық мәдениет
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері. қазіргі таңдағы экология ғылымының құрылымы. қоршаған ортаны қорғаумен айналысатын халықаралық ұйымдар туралы
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері жайлы ақпарат
«Қалаларда қоршаған ортаны құқықтық қорғау»
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экология ғылымының қалыптасуы, тарихи кезеңдері
Экологияның қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Тұрақты даму стратегиясының негізі мен мақсаты
Өлкетану
Пәндер