Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмбақтардың ролі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Оқушылардың қызығушылығын арттыру
мақсатында жұмбақтардың ролі

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3 бет.
І-тарау.
0.1. Ұлы ойшылдардың жұмбақ туралы ой пікірлері ... ... ... ... ...4 бет.
0.2. Жұмбақтың басқа жанрлармен байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7 бет.

ІІ-тарау.
2.1. Бастауыш сыныптарда жұмбақтарды оқыту әдістемесі ... ... ... .10 бет.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24 бет.
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25 бет.

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Тарихқа көз жүгіртсек ата бабаларымыз ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесін, бай рухани қағидасын жас ұрпақта тәрбиелеуде пайдаланған. Бала тәрбиесіне ерекше мән беріп, үміт артып сергек қараған. Жас ұрпақтың алдына мақсат қойып, міндеттер жүктеген. Болашақ қамқоры, Отан қорғаушысы шаңырақ иесі, өмір гүлі деп есептеген. Халықтың өмірлік тәжірибелері, ойға түйгендері, бастан кешкендері, ұстаған қағидалары, тұжырымдары, жинаған әдет ғұрыптары, салт дәстүрлері, ақыл - ойлары, тәрбие шежіресі халық педагогикасы болып саналады. Соның ішінде халықтың ауыз әдебиеті, тәрбие дәстүрлерінде, шығармаларында, отбасы тәрбиесінде, ұлттық ойындарда, музыкалық шығармаларында және қолөнер туындыларында көрініс тауып ұрпаққа беріліп отырған.
Халық дүниеге келген жас нәрестенің жолына бар жақсылықты бағыштаған. Балаларға арнап көркем сөздер, өлеңдер, жұмбақ - жаңылтпаштар, әңгімелер шығарған. Халықтық тәрбиеге сөздердің берері өте мол болған.
Осыған орай менің таңдап алған тақырыбым Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмбақтардың ролі болды. Тақырыпты таңдай отырып бастауыш сыныптағы тіл сабақтарын одан әрі дамытуда жұмбақтарды қолдану арқылы оқушылардың ұшқыр қиялына ой салу менің негізгі ұстанымым болды.
Қазіргі кезде бастауыш сынып оқушыларына білім беру жолын, мазмұнын, формасын өзгерте отырып, оқушыларды жақсы біліммен қамтамасыз ету, халықтық салт - дәстүрлер негізінде тәрбиелеу қолға алынуда. Жұмбақтарды сабақ барысында қолдану оқушылардың біліміне, психикалық процестері мен танымдық қасиеттерінің дамуына өте күшті әсер етеді. Жұмбақтарды орынды қолданып сабақ өткізу, білім беру ұтымды.
Зерттеу мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу үрдісі үстінде психикалық процестері мен танымдық қасиеттерін халық ауыз әдебиеті негізінде жұмбақтар арқылы меңгертіп дамыту.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын дамыту, тілін жаттықтыру.
2. Грамматикалық тапсырмаларды орындау барысында жүзеге асыру.
3. Көркемдiк ойлау мәдениетiнiң жоғарлату, ассоциациялық тұрғыдан байланыстыру, шеберліктерін дамыту.

І-тарау.
3.1. Ұлы ойшылдардың жұмбақ туралы ой пікірлері.

Халықтық - поэзиялық һәм философиялық ойлау жүйесiнiң, көркемдiк логикасының тегеуiрiндi қуаты мен тереңдiгiн, дүниетану даналығы мен ұлттық болмыс даралығын танытатын қазақ сөз өнерiнiң таңғажайып құбылыстарының бiрегей саласы, тапқырлықтың, ойшылдықтың, суретшiлдiктiң, ұшқырлықтың, тамылжыған "ақындықтың ұрығы-дәнi" - жұмбақтар әлемi.
Қазақ халқы рухани тарихында сан ғасырлар мен замандар бойы мұхиттың тоқсан дариясындай қайнап жатқан небiр тамаша үздiк фольклорлық жауһар үлгiлердi туындатқаны мәлiм. Сөз жоқ, халықтың ақыл-ойының, жан сезiмiнiң, берекелi, бейнелi iс-әрекеттерiнiң, тағылым-тәжiрибесiнiң, бiлiмпаздық зердесiнiң көрiнiсi, жемiсi iспеттi осынау көркемдiк сұлулыққа бөленген фольклорлық дүниелер - оның тұрмыс-тiршiлiгiмен, шаруа-кәсiбiмен, ғұрып-дәстүрлерiмен, дүниеге көзқарасымен тамырлас. Жұмбақтанудың өзектi мәселелерiн пайымдауда, тарихи-табиғи тамырларын айқындауда деректiк материалдарды тұтастай жинап, жүйелеу, фольклорлық, этнографиялық айғақтарға жүгiну, сонымен бiрге жұмбақ табиғатын танып тексеруде салыстырмалы типологиялық, диахрондық әрi синхрондық әдiске мықтап сүйену - ғылыми-теориялық тұрғыдан әбден негiздi. Тегiнде, ұлттық фольклортану ғылымында қазақ жұмбағының зерттеу тарихнамасына үңiлетiн болсақ, ұшан-теңiз жұмыстар атқарылғаны аян. Яғни, жиналу, жариялану жағынан алғанда. Жұмбақ табиғатын саралап сипаттауда А.Байтұрсынов, М.Әуезов, Ә.Марғұлан, М.Ғабдуллин сынды оқымыстылырдың ой-пiкiрлерi де әлi күнгеше өмiршеңдiгiмен өзгешеленедi.
Десек те халықпен бiрге жасасқан қазақ жұмбағының беймәлiм қырлары мен сырлары өлшеусiз екендiгiн қадап айтуға болады. Осы орайда әдебиет зерттеушiсi, шығыстанушы, исламтанушы Шәмшәдин Керiмнiң "Қазақ жұмбағы" (Алматы, "Арыс", 2007) атты еңбегiнде аталмыш көне жанрдың табиғаты, түп-негiзi, даму жолдары, көркемдiк әлемi, сөз саптау тәсiлдерi, дәстүр сабақтастығы және ғалам әрi түркiтiлдес халықтардың жұмбақтарымен ортақ сарын-cипаттары жарқын мысалдармен дәйектi дәлелденедi, зерделенедi. Қолжазба қорындағы, түрлi-түрлi жарияланымдардағы, ел аузындағы телегей материалдарды екшеп, сүзiп, салиқалылықпен сараптап, қазақ жұмбағының зерттеу тарихнамасы мен жанрлық сипатын бажайлап түсiндiредi. Арғыдағы қыпшақтың жазба мұрасы "Кодекс Куманикустан" бастап, Ш.Ш.Уәлихановтың, Ы.Алтынсариннiң , М.Ибрагимовтың, Я.Лютштың, М.П.Мелиоранскийдiң, Е.А.Алекторовтың. А.В.Васильевтiң, Г.Н.Потаниннiң, Ә.Диваевтың айтулы жинаушылық, жариялаушылық еңбектерiне тоқталады. Сондай-ақ, жұмбақ мәтiндерi тiркелген қолжазбалардың нөмiрiн атап көрсетедi. Бұл мәлiметтер зерттеудiң ғылымилығын, деректемелердiң шынайылығын айғақтайды.
Жұмбақтанушы Ш.Керiм текстологиялық түзетулер жасап отырады. Түсiп қалған жолдарды қалпына келтiредi. Мысалы,
Дүниеде бiр айдаһар бiлесiң бе?
Жаны жоқ қимылдайтын денесiнде.
Iшiнде бақша-бақша сүйегi бар,
Жарқылдар жалғыз көзi төбесiнде.
Тұрады адам келсе, аузын ашып,
Кетпейдi келген адам одан қашып,
Барады ақырын-ақырын қадам басып (Киiз үй).
Зерттеушi соңғы үш жолын қосқан.
Ш. Керiмнiң зерттеуi ауқымдылығымен, қарымдылығымен ерекшеленедi. Моңғолия мен Қытай қазақтарының жұмбақтары да зерттеменiң нысанасына айналады. Мәселен, венгриялық мадияр профессор Мандоки Қоңыр Иштван (1944-1992) ағылшын тiлiнде "Монғолиялық қазақтардың жұмақтары" деген атпен 1 том әзiрлеген. Ш.Керiмнiң көрсетуiнше, ол жұмбақ мәтiндерiнде қазақтардың ауызекi сөйлеу тiлiне тән фонетикалық, диалектiлiк ерекшелiктерiн, ерiн үндестiгiне байланысты туындайтын заңдылықтарын ескерген дейдi.
Немесе Шыңжан өлкесiнiң "Шалғын", "Мұра" журналдарында қыруар жұмбақтар жарық көрген.
Қазақ жұмбағының жанрлық бiтiмi, жiктемесi, түрлерi, композициялық құрылысы яки "байлауы" мен "шешуi" астарлы, тұспал қасиеттерi, тақырыптық әдет, ұқсастық белгiлерi кеңiнен әңгiмеленедi. Орыс фольклортанушысы С.Г.Лазутиннiң: "Жұмбақты жасыру және жұмбақты шешу - бұл поэтикалық жарыс, метафоралық образдар сайысы, адамның поэтикалық ойлау қабiлетiн сынау. Жұмбақтау және жұмбақты шешу кезеңi, сөз жоқ, эстетикалық ләззат бередi, бiз ондағы халықтың поэтикалық ой жүйесiнiң сұлулығына тамсанамыз, оның өткiр ауыстыруларымен, жұмбақтың тапқырлыққа құрылған поэтикалық-ассоциацияларымен, шымшыма юморымен қанаттанамыз" - деген түйiндi тұжырымы оның таным құралы, көркемдiк-шеберлiк ұстаханасы, сөз меруерттерiнiң алтын құндағы, адамзат ақыл-ойының сұлулық әлемi екендiгiн дәлелдейдi.
Қазақ жұмбағының жып-жинақы керемет келiстi кемел суретшiлдiгiн көрсететiн киiз үйдiң қасиетiн былайша мөлдiрете ыспаттайды:
Бұғы, бұғы ұзын,
Бұғыдан да бойы ұзын.
Алтын қошқар мүйiзi,
Аба киiк терiсi.
Я болмаса:
Қазша қанатын жаяды,
Үйрекше мойнын созады,
Құсша қонады - деп, тастүйiн құрылып, жинақталып жатқан мезетiн бейнелейдi.
Әрi қарай:
Алтынменен аптадым,
Күмiспенен күптедiм.
Бiрiн өрге шығарып,
Бiрiн жерге түптедiм - деп, керегенi көз алдыңа көлбеңдетедi.
Мұндағы салыстырулар мен ұқсастырулар халықтың ақындық ойлау мәдениетiн терең танытады. Профессор Ш.Керiм қазақ жұмбағының тек-төркiнi мен даму тарихын талдап таразылау барысында әлемдiк фольклортанудағы тұжырымды ой-пiкiрлерге жүгiне отырып, өзiндiк ой-пiкiрлерiн, байламдарын ортаға салады. Бағзы заманның мифологиялық, этнографиялық, космогониялық айғақтар, табу мен әдептiлiкке негiзделген эвфемизмдер, тұспал, тыйым сөздер, тотемдiк түсiнiктер мәнiсi тексерiледi. "Халық поэзиясындағы жұмбақтар өздерiнiң алғашқы қауымдық мифтiк сипатын таза сақтаған" (Ф.Н.Буслаев), "Халық жұмбақтары - көне метафоралық тiлдiң жаңғырықтарын бiзге жеткiзушi" (А.Н.Афанасьев) дейтiн түiндеулер ақиқат шындық. Ежелгi заманда аңшылықпен шұғылданушылар аң-құстың, құралдардың тiкелей атын айтпаған. Астарлап, ишараттап жеткiзген. Мәселен, аңды сойды деп төтесiнен айтпаған, майланды; қасқырды - қарақұлақ, ұлыма, серек, ит-құс деген сияқты. "Атекем тәтекемдi қуып барады, оған ауылдағы жәкемдер үрiп жүр." Аю - ата, түлкi - тәте, ит - жәке сөз-ұғымымен алмастырылған. Бұл ретте зерттеушi көптеген жанды мысалдарды жарасымды келтiредi.
Әр елде тарихи-мәдени дәстүрлердiң өзiндiк сипаты болатыны сияқты жұмбақты қолдану, айту да қилы-қилы. Ш.Керiмнiң көрсетуiнше, XVIII ғасырда Ресейде (рождество мен Васильев кешiнде) диханшылардың отбасында ырыздық, егiн егуде молшылық болу үшiн, түрлiше ғұрыптық өлеңдермен қатар жұмбақ айту салты болған. Тарадж тайпасында жұмбақты шешу егiстiктiң өнiмдi болатынына сенген. Татарларда Нардуган мейрамы кезiнде Күн, Ай, Жер, Су, Жыл, Жаңбырды ардақтап, жұмбақ айту дәстүрi болған. Қазақтар Ұлыстың Ұлы күнiнде айтыс, би, жаңылтпаш, жұмбақ айту жарысын ұйымдастырған.
Әр халықта жұмбақ айтудың белгiлi бiр мерзiмi болған. Мұны көптеген мысалдармен дәлелдеп жеткiзедi.
Түркi-монғол тектес халықтарда "жұмбақ" атауының этимологиялық тегiне ой жүгiртедi. Ұлт руханияты тарихында жұмбақтың кең қолданысқа ие болғанын, нешеме алуан түрлерiнiң (тыйым жұмбақ, ертегi жұмбақ, ойын жұмбақ, айтыс жұмбақ, әдеби жұмбақ, таза жұмбақ) пайда болғанын, сан қырлы қызметiн ( магиялық, тұрмыстық, эстетикалық, педагогикалық) айқындап саралайды.
Жұмбақ - соншалықты таңғажайып күрделi құбылыс. Халықтың ғұламалық зердесiнен, дүниенi мейлiнше терең әрi жан-жақты ұшқыр қабылдауынан, суреткерлiк табиғатынан, көркемдiк ойлау мәдениетiнiң жоғарылығынан, ассоциациялық тұрғыдан байланыстыру шеберлiгiнен туған өзгеше бiр тастүйiн байтақ әлем. Мысалы:
Бiр топ қамыс,
Бiр топ қамыс астында қиған қамыс,
Қиған қамыс астында жылтырауық,
Жылтырауық астында пышылдауық,
Пышылдауық астында тебендеуiк,
Тебендеуiк астында қатар-қатар тас,
Ортасында жылмыңдауық. (Шаш, қас, көз, мұрын, ерiн, тiс, тiл)
Осы бiр түйдектiң музыкалық архитектоникасы, стилистикасы, поэтикалық синтаксисi, сөз-образдар мен сөз-символдар жүйесi, поэтикалық қайталаулары бiр-бiрiмен жарасым тауып, көркемдiк сұлулыққа бөленген. Демек, көне мифтiк аңыздармен байланысы, образдық-метафоралық, логикалық құрылымы сан алуан жарқын, дәйектi мысалдармен дәлелдi зерделенген деуге болады. Сонымен бiрге жұмбақтың мақал-мәтелдермен, өлең-жырмен, қара сөзбен, шешен сөзбен, ертегiмен ара қатынасы да арнайы қарастырылады.
Көркемдiк дәстүрдiң жалғастық табуы және оны шығармашылықпен меңгеру, ақындық дербестiкке ұмтылыс, құлшыныс жасау, суреткерлiк қолтаңба қалдыру - айтыс ақындарына тән қасиет. Зерттеушi Ш.Керiм айтыс ақындарының өнернамасына, шеберлiк қабiлетiне, фольклор жұмбақтарына, қалайша ұтымды пайдаланғанына, жаңаша тыныс, рух берiп жырлағанына зейiн аударады.
Нақтылы келгенде, ұлттық поэзия тарихындағы классикалық жұмбақ айтыстарына (Әсет пен Ырысжанның, Сапарғали мен Нұржанның), сондай-ақ Бармақ Мұқамбаевтың, Қарасақал Ерiмбеттiң, Мәшһүр Жүсiптiң, Молда Бәйiмнiң, Малыбай Рақымжанның, Мәлике мен Данышпанның, Нұралы Нысанбайұлының, Шораяқтың Омарының, Сәттiғұл Жанғабылұлының, Кердерi Әбубәкiрдiң жұмбақтарындағы жаңалықты құбылыстарды, таңдамалы сөз-образдарды ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап таразылайды.
Жинақтап айтқанда, әдебиет зерттеушiсi Шамшәдин Керiмнiң "Қазақ жұмбағы" дейтiн iргелi зерттеуiнде жұмбақтың мейлiнше көнелiгi, тыйым сөздер - табумен төркiндестiгi, сан алуан көркемдiк қызметi, жанрлық түрлерi, типологиясы, логикалық құрылымы, поэтикасы, стилистикасы, көркемдiк дәстүр сабақтастығы, позиялық сипаттамалар жүйесi терең пайымдалған, байыпты түсiндiрiлген.

3.2. Жұмбақтың басқа жанрлармен байланысы.

Жұмбақ ертегі, айтыс, аңыз, шешендік сөздермен тығыз байланысты.
Айтыс пен жұмбақтың тоғысуынан жұмбақ айтыс деген айтыс түрі туған. Жұмбақ айтыс - айтыстың ең күрделі түрі. Айтыс тарихында әсет пен Рысжанның, Нұржан мен Сапарғалидың есімдері жұмбақ айтыспен қалған. Сондай-ақ жиын-тойда жастар жағы жұмбақ жасырып, тапқырлықтарын сынасқан. Жұмбақтың шешуін таппағандар күлкі мен әжуаның нысанасына айналып, жазаланып отырған.

М.Әуезов жұмбақтың аңыз, ертегілермен, жырлармен байланысы жайында: Кейде бүкіл бір ертек жұмбақтан туады. әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының талайының жұмбаққа соғып кететіні болады (1.4б.), - деп жазады. Қазақтың танымал ертегілері Аяз би, Қарт пен тапқыр жігіт, Қарттың ұлына айтқан өсиеті т.б. сюжет жұмбақтың айналасында өрбиді.
Екі ошаққа бір көсеу (Сиырдың танауы мен тілі), Қисық ағашқа қар жұқпас (Сиырдың мүйізі), Ашамайды арта салдым, Айыл-жібін тарта салдым т.б. тұлғалық жағынан мақал - мәтелдерге ұқсастықты байқаймыз.

Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркем бейнелеу тәсілдері

Жұмбақ - көрікті ой мен сұлу сөздің жемісі, сөз өнері туындысы. Сондықтан халық оның ішкі мәніне сыртқы мүсінінің сай келуіне ерекше көңіл аударған. Жұмбақтар талай заманның сынынан өткен туындылары, сондықтан оның құрамындағы әрбір сөз дәл мақал мен мәтелдердегідей әбден екшеліп, сұрыпталған. Талай ұрпақтың өңдеуінен өткен. Жұмбақта жасырылған заттың немесе құбылыстың сыртқы - ішкі қасиеттерін айқын әрі нақты берумен қатар, жұмбақтың құлаққа жағымды, әуезді, үнді болуы қадағаланады. Сол үшін жұмбақтарда ойды айшықтаудың аллитерация, ассонанс тәрізді тәсілдері жиі қолданылады:

Өлсең де өлмейді,
Өлмесең де өлмейді (Адамның есімі).
Немесе:
Қара таудың басында,
Қаншай деген құс отыр.
Қанатына мұз қатып,
Қайырыла алмай ол отыр (Түндіктің бауы).

Жұмбақта қолданылатын тағы бір айшықтау түрі - қайталау.

Буда, буда, буда жүн...
Не:

Жол, жол, жол жатыр,
Жол айнала қол жатыр...
Не:
Белең, белең, белең ат,
Белі нәзік күрең ат,
Тауға мінсе таймас ат,
Талау тисе өлмес ат.

Жұмбақ жасауда қолданылатын ең өнімді тәсіл - метафора. Көне дүние ойшылы Аристотель: Метафораның бойында жұмбақтылық бар, жұмбақтар жақсы құрастырылған метафоралар екені айқын... , - деген ой айтқан (6, 114б.). Расында да, жұмбақта салыстырылған екі нәрсе екі бөлек көрінбей, біртұтастықта танылуы немес біреу айтылып, екіншісі емеуірін арқылы айқындалуы жағынан метафораға ұқсас. Мәселен,

Екі бала қатар тұрса да,
Бірін-бірі көрмейді (Көз), деген мақалда екі көз қатар тұрған екі баламен алмастырылып тұр.
Айдалада ақ отау,
Аузы, мұрны жоқ отау (Жұмыртқа),
деген жұмбақта жұмыртқа ақ отаумен баламалану арқылы танылады.
Жұмбақтардың ұйқас, ырғағына ерекше мән беріледі. Жұмбақтар көбіне қара өлең ұйқасына, егіз және шалыс ұйқасқа құрылады. Мәселен:

Қара өлең ұйқасына:
Қырымда бір құдық бар суы батпан, - А
Сол суы шілде күні мұз боп қатқан. - А
Сіресіп бауырдай боп қатқан мұздың, - Б
Бетіне бетегесі шығып жатқан - А (Айран).

Егіз ұйқасқа:
Таптым, таптым, тап жорға, - А
Табаны жалпақ боз жорға - А (Түйе).

Жұмбақтардың құрылысына келсек, қос тармақты үш тармақты, төрт және одан да көп тармақты шумақтар кездеседі:

Қос тармақты:

От басында құмған,
Екі көзін жұмған.

Үш тармақты:
Өзі шұбар,
Тамағына таққаны
Екі тұмар (Шортан),

Төрт тармақты:
Буда, буда, буда жүн,
Будаланған шуда жүн.
Сыдырып қойған сұр таспа,
Қоңыр шолақ құнажын (Тышқан).

ІІ-тарау.
2.1. Бастауыш сыныптарда жұмбақтарды оқыту әдістемесі.
Жұмбақ - халық шығармаларының ең көне түрінің бірі және барлық жұрттың фольклоріне ортақ тұр. Ерте заманда пайда болғанымен жұмбақ бергі заманда да, тіпті, бүгінгі біздің дәуірімізде де маңызын жойған жоқ.
Қай кезді алсақ та жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде халық арасында бағалы болған. Жұмбақты халықтың өзге тапқырлың сөздері мен бірге саяси құрал есебінде жауға қарсы қолданған.
Сырт қарағанда, соңғы уақыттарда жазба әдебиеттің күшейуімен "Жұмбақ азайған шығар. Жаңадан жасалмайтын шығар" деген ойлар болушы еді. Анығында бұл теріс боп шықты. Жұмбақ қазақ халқы мен қатар басқа халықтардың арасында да әлі күнге, өмір сүріп, дамып келеді. Олай болса халықтың жұмбақ қорын жинап, зерттеу қажет.
Жалпы, жұмбақты сөз образының кілті есебінде тануға болады. Жұмбақ ақындықтың ұрығы - дәні тәрізді.
Біздің уақытымызда жұмбақ өз бағасын жойған жоқ, оны мектеп балалары тілді ұстарту мақсатымен оқып, жаттайды.
Халық жұмбақтарының тақырыбы өте көп. Жаратылыс дүниесі, табиғат жайы, еңбек - кәсіп құралдары, хайуанаттар мен өсімдіктер, адам және оның өмірі, өнер -білім, техника, т.б. жұмбақтардың басты тақырыбы болуымен қатар, мазмұнына айналды. Бұл тақырыптардың бәрі жұмбақ әлеміне енгенде, әрқайсысы жалпылама емес, бөлшектене, жекелене алынады.
Жұмбақтың түрлері.
1. Аспан әлемi мен табиғат құбылыстары жайлы
2 Жан-жануарлар жайлы
3 Тұрмысқа қажеттi бұйымдар мен жабдықтар жайлы
4 Егiс пен өсiмдiктер өлкесiнде
5 Техника мен шеберхана құралдары
6 Метеграммалар
7 Оқу-бiлiм және оның құралдары
8 Құстар туралы
9 Ыдыс-аяқ және басқа да үй жабдықтары туралы
10 Киiм-кешек хақында
11 Киiз үй және оның жабдықтары жайында
12 Кәсiби мамандық иелерi
13 Адам және оның дене мүшелерi жайлы
14 От пен жарық жайлы
15 Ұйқасын тап
16 Тұңғиықтың тұрғындары туралы
17 Спорт бұйымдары мен ойын-сауық құралдары туралы
18 Азық-түлiк және тамақ түрлерi туралы
19 Ұқсас атаулар жайлы
Бастауыш сынып оқулықтары бойынша талдау жасай келе жұмбақтың төмендегідей түрлерін кездестіруге болады.

Қазақ тілі оқулығы бойынша



1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып
1.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабақтарында халық педагогикасының озық үлгілерін қолданудың әдістемесі мен тәжірибесі
Биология сабақтарында дидактикалық ойындарды қолдану
Мақал - сөз анасы
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға экологиялық тәрбие берудың экологиялық шарттары
ХАЛЫҚ ТӘРБИЕСІНДЕГІ ЖҰМБАҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
ОҚУШЫЛАРҒА ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әңгіме - ойынның негізінде ұстаз балалармен қатынасуы жатады, балалардың ұстазбен және балалардың дос доспен қатынасуы
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Қазақ тілі сабағында оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда дидактикалық ойындардың ролі
Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру.
Пәндер